ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
718
719
Егеменді ел болғаннан кейінгі кездегі Жамбыл облысы ойконимдеріндегі қазақ
тіліндегі, яғни көне түркі тілінің негізіндегілеріне мысал келтіреміз.
Абай – Т. Рысқұлов, Шу, Байзақ ауданы. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев
есімімен мəңгі есте қалдыру мақсатында қойылған елді мекен аттары. Қазақтың
ұлы ақыны Абай есімі туралы бұл жерде түсіндіріп, айтып жату артық болар деп
ойлаймыз.
Бұл көрсеткіштерден басқа да көптеген ойконимдер белгілі. Мысалы: Алға,
Еңбек, Қайрат, Қазақ, Шоқпар, Жайсаң, Ұйым, Ынтымақ, Тəтті, Қайыңды,
Шығанақ, Сарқырама, Ерназар, Бүргенді, Жақсылық, Тегістік, Жиделі, Талапты,
Үл гілі, Екпінді, Жастар т.б.
Сонымен көне лексикалық қабаттардағы ойконимдердің аталуы, əсіресе
физикалық-географиялық атаулар ана тіліміздің төл, байырғы сөздерінен
қойылып отырған. Олардың көнелері көне түркі, ескі ру, тайпа тілдеріне тəн бо-
лып келетіндігін жұмысты зерттеу барысында анықтап, дəлелдеуге тырыстық.
Біз бірнеше рет түркі ойконимдік қабатты көрсеткендей, негізгі ойконимдік
материалдардың өзін мынандай шағын қабаттарға бөлуге болады. 1. Көне түркі
(огуз) тілдік қабат. 2. Нақты қазақ тілдік қабат; а) архаистік формадағы қазақ
ойконимдері; б) қазіргі заман қазақ ойконимдері.
БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН КІРМЕ ҚАБАТТАР
а) араб, парсы лексикалық қабат
Зерттеушілердің пікірінше, «Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер
негізінен төрт халықтың тілінен келіп енген: 1. араб тілі. 2. парсы тілі. 3. монғол
тілі. 4. орыс тілі» [20. 88б.].
Түркі тілдеріне араб, парсы тілдерінен сөз ауысу процесі қазақтың біртұтас
халық тілі қалыптасуынан көп бұрын, ортағасырлардың алғашқы кезінен баста-
лады. Əрине, бұл жерде сөз ауысу процесі заңдылықтарының тарихи астарына
мəн беріледі. «VІІ-VІІІ ғғ. Түркістан өлкесіндегі қалыптасқан топонимикалық
атаулар қабатының аса бір күрделісі де, əрі тарихи астарының сыры молы да
исламиятты еріксіз зорлықпен ендірген Араб халифатының алысты көздеген
басқыншылық саясатында жатыр» [29. 199б.].
«Түркі халықтарын ислам дініне табындыру жолында Қутайба ибн-Муслим
(660-715 жж.) олардың ата-бабадан қалған тарихын, жазуын, салт-сана, əдет-
ғұрпын, тіпті елді мекен атауларына дейін арабшамен алмастырып өзгертуді –
жергілікті халықты рухын сындырып өткенін ізсіз жоғалтудың бірден – бір тəсілі
ретінде қараған» [29. 99б.] Араб, парсы сөздері қазақ тіліндегі кірме сөздердің ең
мол қорын жасайды. Олар тұлғасы жағынан да, семантикалық топтары жағынан
да қазақ тілінде игерілуі жағынан да əр түрлі дəрежеде.
Араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік
қорына енбегенімен, оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ
өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп
табылады. Бұл сөздер кірмелігіне қарамастан, ұзақ өмір сүріп, сөздік қордағы
сөздерге тəн барлық қасиетке ие болған. Араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер
атқаратын қызметі жағынан өзара бірдей деуге болмайды. Оларды негізінен
4 топқа бөліп қарауға болады:
1. Тілге əбден сіңісіп, қазақтың байырғы төл сөзіндей жымдасып кеткен ак-
тив сөз дер. Бұлар қазақ тілінің сөздік қорына басы бүтін еніп, əбден тұрақтанған.
Бұндай сөздер қатарына жалқы есімдер (антропонимдер, ойконимдер, ороним-
дер, гидронимдер) жəне ас, бақыт, ар, дүние, кітап, қалам, рахат, т.б. сөздер жата-
ды.
2. Жалпы халыққа таныс əрі түсінікті бола отырып, əлеуметтік өмірдің, шар-
уа шылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында жұмсалатын
тер миндік сипаты бар арнаулы сөздер: нарық, базар, емтихан, ғалым т.б.
3. Əр түрлі экспрессивті-эмоциялық мəні бар, ерекше стильдік реңк тудыратын
сөздер. Мысалы: махаббат, нұр, сапар, сахара, шапақ т.б.
4. Əдеби тілдің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жақын жүрген
сөз дер. Мысалы: уалаят, ғазал, шайыр, жарапазан т.б.
Араб-парсы сөздері тілімізге негізінен 3 сала бойынша енген: 1. Ғылым мен
мə дениетке, əлеуметтік өмірге байланысты; 2. Үй тұрмысы мен шаруашылыққа,
саудаға байланысты; 3. Дінге байланысты [20. 137б.]. Сондай-ақ адам аттарына
байланысты сөздер де көптеп енген.
Қазақ тіліне бұл сияқты кейбір сөздер тікелей келіп енбеген, тəжік, өзбек, татар
тілдері арқылы жəне тарихи оқиғаларға, кезеңдерге байланысты келіп сіңіскен.
Сондай-ақ араб, парсы тілінің сөз байлығы негізінде тікелей жасалған немесе
ол тілдерден тілімізге енген ономастикалық лексикалар бары аян.
Араб, парсы тілдерінен енген ойконимдер тіліміздің заңына бағынып, алуан
түрлі фоно-морфологиялық өзгерістерге ұшырап отырды. Олардың аббревиату-
ра, ассимиляция, аккомодация, апокопа, гаплология жолдарымен субституцияға
түсетінін байқау қиын емес.
Алайда, араб, парсы тілдерінен енген сөздермен кісі аттарының, этно ним дер-
дің, ойконимдердің фонетикалық сəйкестігін өз алдына зерттеуді қа жет ететін
сия қ ты.
Дыбыстық өзгерістер, алмасу заңдылықтары кісі есімдерінде басым болса, ой-
конимдерде əлдеқайда сирек кездеседі. Өйткені араб, парсы тілдерінен қой ыл ған
жер аттары өте аз кездеседі.
Осымен қатар, ондай фонетикалық өзгерістерінің бірі көне этнонимдік матер-
иал дарға яки, тілдік құбылыстарға байланысты болса, екінші бір ұшы араб, пар-
сы тілдерінен басқа да тілдерден жасалған ойконимдерге, олардың дыбысталуы-
на сөйлеу тілдегі қолдану ерекшелігіне де сəйкес болып отырады.
Ономастикалық лексиканың фонетикалық өзгерістері болсын немесе басқаша
тұлғада айтылуымен байланысты жағдаят болсын, ерекше наза аударатын
мəселенің бірі – олардың морфологиялық құрылымы болып саналады.
Араб, парсы тілдерінен енген ойконимдер құрамы жағынан əртүрлі ұғымды,
алуан түрлі мағынаны білдіреді. Араб, парсы тілдерінен тікелей енген неме-
се қойылған тілдік негізде жаңаша жасалған Жамбыл облысы ойконимдерінен
бірнеше мысалдар келтіріп, талдау жасаймыз.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
720
721
Айдарлы – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Шу өзені мен Құрағаты
өзенінің қосылатын сағасындағы жер аты. Бұл атау А. Əбдірахмановтың
еңбегінде [3] төмендегіше талданған. Сырттай қарағанда «айдар» (төбедегі бір
тұлым шаш) сөзінен қойылған сияқты болып көрінгенімен, бұл атаудың оған
қатысы жоқ сияқты. Шынында, бұл Иранда жиі кездесетін Абдарлы атауымен
байланысты. Парсы тіліндегі «абдар» сөзінің түбірі аб – «су» деген сөз, осыған
«дар» жұрнағы қосылып, «сулы» деген мағынаны білдіреді. Иран семьясына жа-
татын парсы тіліндегі де «аб – дар» сөзі «водянистый, сочный» деген мағынаны
біл діреді.
Сонда топонимнің этимологиясы былай: Аб (парсыша – су) +дар (парсыша
«лы» қосымшасы сияқты жұрнақ) +лы (түрікшеде туынды сын есім жасайтын
жұр нақ): Абдарлы >Айдарлы.
Дарбаза – елді мекен, Жуалы ауданы. Парсы тіліндегі дарбаза (қақпа) деген
сөз ден қойылған атау. Дəлірек айтқанда, бұл иран тобына жататын тəжік тілінен
ен ген. Мағынасы: «қақпалы мекен» дегенді білдіреді. Оңтүстік Қазақстан облы-
сы, Сарыағаш ауданында «Дарбаза» елді мекені жəне темір жол стансасы бар.
Жуантөбе – орта ғасырлық қалашық. Жамбыл ауд., Шөлтөбе ауылының сол-
түстік батысында Аса өзенінің оңтүстік батысында орналасқан. Төбе, елді мекен
аттары. Оғұз, йұван жəне төпе сөздерінен қалыптасқан атау. Оғұз топонимдерінің
осы йұвмақ (жуу, «шаю» етістіктерімен келетін) топонимдерімен салыстырыңыз:
йұванқала (су əкеткен қала), йұвандере (су орған сай). Келтірілген салыстырулар
Жуантөбе атауының шыққан төркіні «жуылған» (су орған, су қаптаған) етістігіне
«төбе» (зат) атау тұлғасын қосу негізінде қалыптасқан ойконим екенін көреміз.
Шалдуар – елді мекен, əуелде ескі қорған аты (Жамбыл облысы). А. Бернштам
бұл атаудың аяққы (əуелгі) – вар форманты ескі иран – авест тілдерінен кезігетін
тау шатқалдарына тəн элемент [9. 34б.] дейді. М. А. Мамедов сир. – иран тілдеріне
тəн бар//вар//пар элементтері Орта Азия, Арғы Кавказ топонимдерінен Гаджи-
вар, Махмудвар, Мұсавар түрлерінде көрініс беретінін жəне олардың «мекен,
орын – жай, киіз үй, тіпті семья, тайпа» мəндеріне де қатысты кең мағыналы фор-
манттар екенін ескертіпті. Бұл деректерден біз, сөз боп отырған атаудың бірінші
компонентінің де иран тілдес этникалық мəні болуы талассыз деп айта аламыз.
Сондай-ақ бұл атау сөздің мағынасы өзбек жəне қырғыз тілдерінде сақталған.
Өзбекше «чалдивар» – разг. «заброшенный», «запущенный двор», «развалины».
Қырғызша «чалыбар» – зат. «қандай да бір бүтін нəрсенің қирап, бү лінгендігі»,
«қирап бүлінген қалдығы». Чалдыбары чьгуу – «бұзылу, тамтығы шығу», «керек-
тен шығу». Бұл үй чалдыбары шыққан ескі үй екен. /Бөкенбаев. / [Қырғыз ті лінің
түсіндірме сөздігі, Фрунзе, 1969, 678б.].
Академик К.К. Юдахин бұл сөзді былай түсіндіреді: «Чалдыбар» ир. 1.
«старые развалины», «руины» (остатки древних поселений), «қаланың чалды-
бары» – «развалины города»; «үйдүн чалдыбары» – «развалины строения»
[42. 839б.]. Атау орысша «Чалдовар» деп бұрмаланып айтылып жүр.
Жұма – елді мекен, Жамбыл ауданы. Кісі есімімен қойылған. Көбінесе
мұсылман дініндегі адамдар жұма күнді «жақсы күн» деп санайтын ғұрып, ұғым
бар. Сондықтан жұма күні дүниеге келген нəрестенінің есімін -Жұма деп қояды.
Адахмет – Ад [ат] – түркі тілінде есім мағынасын, ахмет – парсы тіліндегі
«мадақталған» [31] деген ұғымды білдіреді, яғни Ахметтің атымен аталған қала.
Артқы қаси, Алдыңғы қаси ортағасырлық қалалар құрамындағы қаси сөзінің
парсы тіліндегі мағынасы [31. 182б.]: «шөпшек, шырпы»; «арам», «оңбаған».
Біздің ойымызша, бұл парсы тіліндегі қаси сөзі артқы, алдыңғы деген сөздермен
тіркесіп, сол жердің табиғаты мен қоршаған ортаның географиялық орналасуы-
на байланысты «артқы» шөпшек, шырпы», «алдыңғы шөпшек, шырпы» ма ғы на-
сын білдірген деп ойлаймыз.
Дех-Нуджикост – парсы тілінде дех екі түрлі мағынаны білдіреді. 1. ауыл; 2. ол.
[31. 207б.]. Бұл ойконимнің бірінші сыңарындағы дех сөзі «ауыл» мағынасына
ие болса, Дех Нуджикост атауы «Нуджикост ауылы» деген мағынаны білдіреді.
Осымен қатар Дех-нади деген қала атауы да кездеседі.
Кірме қабаттардағы араб-парсы тілінен енген ойконимдерді анықтау бары-
сында Наршахидің «Тарихи Бұқара» (Теһран, 1984) атты еңбегін пайдаландық.
Наршахидің айтуынша, Жамуқат қаласының атауы ертедегі Жүсіп ибн Мұса ибн
Абдулла ибн Хамид ибн Жамуқ Абу Иақуб Мəрвру деген ғалымның есімімен
аталған [30. 156 б.].
Жувикат ойкониміндегі жу сөзінің парсы тілінде бірнеше мағынасы бар:
1. жу – «арық»; 2. жу-» арна»; 3. жу- «кеңістік», «жер аумағы» деген мағынаны
білдіреді [31-157б.]. Бұл ойконим сан ғасырларды басынан кешіп бізге
жеткендіктен, оның орфографиясының дұрыстығына шек келтіреміз, себебі пар-
сы тіліндегі сөз деп талдап отырған атауымыз тура осы Жувикат емес, Жу+кент
= Жуикент болуы мүмкін. Парсы тілінің «уау» дыбысы дауысты дыбыспен қатар
тұрса, біздің тіліміздегі орфоэпиясы «в» болып айтылады. Тіпті бұл «в» дауыс-
сыз дыбысының өзі қазақ тіліне тəн дыбыстар қатарына жатпайтыны белгілі.
Кент – «қала, қалашық» ұғымындағы көне термин.
Байқап отырсақ, көптеген атаулардың түп мағынасы «су», «өзен» деген ұғымға
саяды. Сондықтан біз бұл атаулардың бірінші сыңарындағы жу пар сы ның «арық»
ұғымындағы сөзі деп алып, сулы жер болғандықтан сол елді мекен «суы мол
қала» деп аталуы мүмкін деп қараймыз. Тағы бір айта кететін жайт, сулы жерде,
кеңістікте мекен ететін халық күнкөріс мақсатында арпа егіп, ша руа шылықпен
айналысатындығын білдіреді деп болжаймыз.
Кушан – ойконимі туралы ғалымдардың (Фрай) пікірінше, кушк – «сарай»;
кушан – «сарайда тұратын тұрғындар» деген мағынаны білдіреді. «Шаршфел»
кітабында кушан – «үлкен ғимарат» деген мағынаны білдіреді. [30. 220-221 б.].
Науакент – парсы тілінің сөздігінде нау – «құбыр, суағар» [104. 408б.], кент
– «қала» деген мағынаны білдіреді. Біздің ойымызша, бұл мекенде құбыр шы-
ғаратын орын болып, соған байланысты аталса керек. Бұл пікіріміз дəлелді бо лу
үшін, Жамбыл облысындағы 130 жылдан бері зерттеліп келе жатқан Ақыртас
құбырларының табылуы ерте дəуірде құбырлардың жасалғандығын ай ғақ-
тайды. Сондай-ақ тілімізде науа сөзі – «су құйып қоятын ыдыс» түрі ретінде қол-
данылады.
Шар – парсы тілінде «төрт» деген сандық ұғымды білдіреді. Бұл атаудың
се мантикасы «төрт қалашық» дегенге саяды. Себебі бұрынғы кезде қаланың
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
722
723
ішкі құрылысында өзіндік өмір салтына, қауымдастықтың қауіпсіздігін сақ-
тауға, тұрмыс-тіршілігіне жəне т.б. ерекшеліктеріне байланысты орналасатын
болған. Мəселен, билік басындағы адамдар сарайы; олардың уəзірлерінің тұ-
рағы; сардарларының тұрағы жəне хатшылар тұрағы болып, қала төрт бөлікке
бө лінгендіктен Шар деп аталған болу мүмкін.
Шараб – парсының шар – «төрт», аб – «су» деген сөзінен жасалған. Бұл атау-
дың мəні «төрт тарабы су, суы мол мекен» деген ұғымды береді.
Сиямақа – парсының сиям – «қамал» деген сөзі. [31. 279б.]. Бұл ойконим «қа-
малды қала» мағынасындағы атау деп ойлаймыз.
Сус – араб сөзі. Беретін ұғымы «бізтұмсық» деген құс атауы [104. 255б.]. Біздің
ойы мызша, сол жерді мекендейтін құстардың ішінде бізтұмсықтың көп болуы-
мен байланысты аталса керек.
Аспара – ауылдық округ аты Меркі ауданы.
Зерттеу жұмысымыздың барысында, Аспара туралы тарихи дерек Ə. Бай-
батшаның «Қазақстанның антропогендік тарихы» атты еңбегінен кездестірдік.
Ол былайша баяндалады: «Естемес ханнан кейін біртұтас Батыс Түрік хан дығы
бөлшектеніп, жеке мемлекеттерге айнала бастады. Еділ өзенінің атырабына келіп
қоныстанды.
Елін басқарып келіп, жаңа жерге қоныс тепкен Бұлғар ханы Аспарух (Испе-
рих, Испор) еді. Аспарух хан билеген 681-701 жж. Бұлғар хандығы мемлекеттігін
нығайтып, көршілес елдермен қарым-қатынас орнатты. Қазақ халқының та-
рихын зертеуші, белгілі жазушы Қ. Салғараұлы (1992) Аспарух ханды Дулат
тайпасының Ботбай руынан дейді. Атына қарасақ, Аспарух деген ханның лақап
атына, яғни аспаралық дегенге келеді.
Меркі ауданындағы Аспара таулы – өзен алқабы. Бұл хандық та тұтастығын
ұс тап, өмірде ұзақ тұра алмады. Араб əскерлерінің тықсыруымен Батысқа қарай
қоныс аударып, Алтайды басып алған Тұрманнан келген, Ботбай ру тайпасының
мекені. Аспарадан соғыс жортуылымен кеткен ботбайлар Бұлғар хандығының
билеуші тобына кірген. Хан болған тұлға лақап аты шыққан жеріне байланыста
Аспараларын немес тарихи деректерге сəйкес Аспарух хан аталғанын көреміз»
[5. 157 б.].
Аспара – бұл да кірме қабаттар қатарына жататын атау. Аспара, Айпара деген
атаулардың пара сыңарынын қосымша емес пе екен деген оймен іздендік. Парсы
тілінің сөздігінде пара – (парс. «баре») сөзіннің басқа сөзбен тіркесіп келгенде,
«қадірлеуші, жақтаушы» мағынасында қолданылып отырған [31. 77б.]. Сонымен
«асп» (парс. əсб) жылқы, пара – (парс. баре) деген сөздердің қосылуы арқылы
жасалып, «жылқы малын ұнатушы» яғни «шабандоз» мағынасын білдіреді деп
ойлаймыз.
Ойконимдер құрамындағы араб, парсы тілдерінен енген кент (варианты:
кат) қала, шаһар, қышлак, рабат терминдері ортағасырлық заманнан бері бар
екендігі белгілі. Құрамындағы бір сыңары басқа тілден, ал екінші сыңары көне
түркі тілінен жасалған: Саудакент, Құмкент, Түймекент жəне т.б. ойконимдер де
кездеседі.
ə) орыс тілдік қабат
Патшалық империя əкімшілігі қазақ ойконимдерін өзгерту мəселесін жоспарлы
түрде жүргізді. Белгілі ғалым М. Мырзахметұлы төңкеріске дейінгі Қазақстанда
жүргізілген осы процестің үш кезеңін бөліп зерттеген:
а) 1731-1822 ж. аралығында патша үкіметі қазақ хандықтарын сырттан билеп,
протекторат есебінде ұстанған кезінде жер атауларын өзгертуді өте сақтықпен,
қазақ даласының қас-қабағына қарай жүргізді;
ə) 1822-1867 ж. аралығында хандық жойылып, аға сұлтандық ел билеу жүйесі
енген соң, қазақ жерін бөлшектеп, отаршылдық принцип негізінде көптеген
əкімшілік территорияларға жіліктеді. Бұл тұста да ру басшыларын бір-біріне ай-
дап салып, отаршылдық саясатын оңай жолмен жүзеге асыру кезеңінде жер атау-
ларын өзгерту əрекеті жиілеп толыға түсті;
б) үшінші кезеңдегі отаршылдық күшейген тұста, яғни 1868 ж. Жаңа Ни-
зам ережесі мен 1917 ж. аралығында отарланған Қазақ жері мемлекет меншігі
ретінде ресми түрде жарияланған соң, отаршылдық мазмұндағы географиялық
жер атаулары мүлде күшейіп, барынша қаулай дамыды. Қазақтардың ұлан-асар
өлкесіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи атауларын отаршыл өкімет сана-
лы түрде өзгертуді шындап қолға алды» [29].
Орыс тіліндегі географиялық атаулардың қазақ жерінде пайда бола бастауы
ХVІІІ ғ. І жартысынан басталып, ХІХ ғ. аяғына дейін орыс шаруаларының қазақ
жеріне қоныс аударып, тұрақтануымен тікелей байланысты болып, ХХ ғ. аяғына
дейін жалғасты. Бұл кезеңдерде қазақ жерін тұтастай отарлаған патшалық Ресей
тарапынан мыңдаған елді мекен аттары орыс сөздерінен, не орыс есімдерінен
қойылып отырды. Бұл əсіресе, Кеңестік дəуірде кеңінен етек алып, үдей түсті.
Қазақ жеріне орыс келімсектерінің ағыла келуі салдарынан жүздеген, мыңдаған
тарихи ұлттық атаулар жойылып, олардың орындарын орысша атаулар басып
алды. Əсіресе, 1954 ж. тың жəне тыңайған жерді игеру саясатына байланысты
Ресей, Украина, Белоруссия жерінен көшіп келген, түрмеден арнайы амнистия-
мен босатылған əртүрлі ұлттардың өкілдері қоныстанып, мекендеген жерлерге
жаңадан жаппай ат қою дəстүрі кеңінен етек алды.
Басқа ел мəдениетінің екінші бір халықтың мəдениетінің дамуына кері əсер
етіп, жағымсыз ықпал жасауына ойконимдік материалдар да толық айғақ бола
алады. Бұған тілімізге енген орыс тілі грамматикалық терминдері мен кейбір
ойконимдік атаулар толық дəлел. Əсіресе, арнайы Орталық жүргізген орыс тілінің
негізінде қойылған Жамбыл облысы ойконимдері Қазақстан топонимдерінің
ажырамас бөлігі болып саналды. Жалпы Қазақстан топонимдері республикада
қазақ-орыс, орыс-қазақ тілдерінде қолданумен қатар тұрақты қоғамдық қызмет
атқарды. Ономастикалық лексика құрамындағы осындай лексикалық қат-
қабаттар мен сырға толы қалың қатпарларды ғылыми жүйеде жіктеп, толық та
жан-жақты талдау барысында ғана олардың құпия жайын аша аламыз.
«Республикамыздағы 83 қаланың – 28-і, 222 ауданның – 107-і, 35 қала, аудан-
ның – 31-і, 222 аудан орталығының – 126-сы, 204 жұмысшы поселкесінің – 72-сі,
2418 селолық советтің – 1197-сі, 8369 елді мекеннің – 3567-сі жаңадан қойылып,
тек ғана орыс тілінде аталады екен» деген М. Мырзахметұлының деректері бар
[29. 209б.].
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
724
725
Жамбыл облысы бойынша 1992 жылға дейінгі мəлімет бойынша 131 ойконим
ресми түрде орыс тілінде аталған болса, ал қазіргі кезде 31 ойконим орыс тілінде
аталады.
Кісі фамилиясынан қойылған ойконимдер: Юсуповка, Зыковка, Самсоновка,
Петровка, Кременовка, Алексеевка, Гродиково (Жуалы ауд.); Головочевка (Жам-
был ауд.); Каменка (Т. Рысқұлов ауд.); Буденовка, Ново-Ивановка, Михайловка
(Байзақ ауд.), Кузьминка (Меркі ауд.) жəне т.б.
Жұмысымызға облыстық архивтен материалдар жинау барысында тек ғана
Жуалы ауданы бойынша (1911жыл 03. ХІІ) төмендегі №2 кестеде (қосымшаны
қа раңыз) көрсетілгендей мəліметтің куəсі болдық. Сонда келтірілген бір мə-
ліметтің өзінен-ақ ХХ ғасырдың басындағы қазақ жеріндегі ойконимдердің қан-
дай көріністе болғандығын аңғарамыз. Сонымен бірге ойконимдерді яғни елді
мекен атауларын номірлеп атаған. Біз ойконимдердің бұрынғы атауына, сонымен
қоса тарихына, ұлттық санамызды жадымыздан шығару саясатының астары на
кезінде мəн бермегенбіз.
Осы орайда ақын Ж. Нəжімеденовтың мына өлең жолдары еріксіз есіңе ора-
лады: «Мəн бермеппін жер атына бұрын мен, жерлерім көп мəн бермеуден
сүрінген».
Бұрмаланған атауларға мысал келтірсек:
Юбилейное – елді мекен, Т. Рысқұлов ауданы. Белгілі бір мерейтойды атап өту,
датаны мерекелеу кезінде соның құрметіне қойылған атау.
Победа – елді мекен, Байзақ ауданы. Орыс тіліндегі победа – жеңіс деген сөз-
ден алынған. 1941-1945 жылдарда Ұлы Отан соғысында неміс фашистерін жеңу
құр метіне қойылған атау.
Пригородное – елді мекен, Жамбыл ауданы. Пригородное «қала маңындағы
се ло» деген мағынаны білдіреді.
Славное – ауыл, Қордай ауданы. Орысша слава – «даңқ» деген сөзден алынып,
«даң қты» деген мағынаны білдіретін атау.
Коммунар – елді мекен, Сарысу ауданы. Революциядан кейін алғашқы құ рыл-
ған серіктестіктер коммуна деп аталып, оған мүше болғандар «коммунар» деп
атал ған. Атау солардың құрметіне қойылған.
Каменка – елді мекен, Т. Рысқұлов ауданы. Орыс тіліндегі камень – «тас» деген
сөзден қойылған атау. Жері тасты болған соң осылай аталған болу керек.
Маяк – елді мекені, Жуалы ауданы. Өзенде, теңізде жөн сілтеп, хабар беріп
тұ ратын мұнараға орнатылған жарықты орысша маяк дейді. Сонда атаудың
мағынасы «басқаларға үлгі болатындай елді мекен болсын» деген тілекпен қой-
ылған атау. Красная звезда (Жамбыл ауд.), Политотдел жəне т.б.
Ойконимдерге (елді мекендерге) кісі аттарын қоюдың төркіні қайда жа-
тыр? Ғы лыми тілмен айтсақ, антропонимдердің принципі неге өзгерді?
Өркениетті ел дердегі топонимиканы ескерсек, Лондонда Шекспир, Нью-Йоркте
Э. Хемингуэйдің аттарына қойылған көшелер жоқ. Олай болса, империяның
орыс тандыру саясатының астарында, сол елдің көрнекті адамдарының аттарын
жиі еске салу арқылы, төл тарихымызды халық жадынан шығарып, үлкен ха-
лық тың құрамына сіңіріп жіберу мақсаты жатқан-ды. Антропонимдер туралы,
оның ішінде, əсіресе, макротопонимдер туралы ғалымдарымыздың арасын-
да да əртүрлі пікірлер бар. Мысалы, ғалымдар: Ə. Қайдаров, Т. Жанұзақ, [18]
М. Мырзахметұлы [29] «макротопонимдерді кісі аттарынан, яғни антропоним-
дер ден қоюға болмайды», – дейді.
Нақтыласақ, Ə. Қайдаров пен Т. Жанұзақ: «Орыс тілінің сөз құрамы арқылы
не месе өз қалпында қабылданған есімдер Кеңес дəуірінде ерекше етек алды»
[18].
Мұндай қайшылықтармен күресу Кеңес дəуірінде мүлдем мүмкін емес еді.
Өйткені сыңаржақты интернационализм (бұл ұлтшылдықты мүлдем қол да ныс-
тан шығарып тастаған кез) қағидасы негізіндегі идеология орыстандыру сая-
са тын алға қойған-ды. Тек 1990 ж. тəуелсіздіктің алдында Қазақстан Үкіметі
жа нынан Мемлекеттік ономастикалық комиссия құру барысында күшпенен ен гі-
зілген атауларды қайта реттеу, өзгерту, тарихи қалпына келтірудің мүмкіндігі туа
бастады.
Отаршылдық топонимиканың бір көрінісі жайында проФ.М. Мырзахметұлы
«Оңтүстік Қазақстан» газетінде (1983 ж. , 11 январь) жарияланған «Ваннов-
ка атауының сыры неде?» деген мақаласында арнайы сөз етеді. Ванновка ау-
ылы (Түлкібас ауданының орталығы) 1881-1897 жж. аралығында Россия им-
пе риясының соғыс министрі болған П. С. Ванновский (1822-1907) атымен
атал ған. Ванновскийді Николай патша 1902 ж. Халық Ағарту министрі етіп
та ғайындайды. Осы қызметте реакцияшыл П. С. Ванновский оқу орындарын-
да кертартпа реформаны ендіреді. В.И. Ленин «Банкроттық белгілері» деген ма-
қаласында Халық Ағарту министрінің кертартпа əрекетін аяусыз əш ке ре легені.
М. Мырзахметұлы өзінің «Түркістанда туған ойлар» [29] атты еңбегінде:
«Пат шалар, князьдар, қандыбалақ генерал-губернаторлар, священниктер мен
поп тардың атына қойылған кейбір елді мекен атаулары бүгінгі жаңа дүние та-
ным дағы қазақ халқының рухани ар-ожданына мүлде сəйкес келмейді. Бұл елді
мекендерге байырғы тарихи түрде қалыптасқан халықтық ұғымдағы атаулары
қайтарылып, одан да дұрыс совет өкіметін орнату жолында қан төгіп, алысқан
халықтың ұл-қыздарының, бесжылдықтар озаттарының, айтулы мəдениет, өнер
қайраткерлерінің аты мəңгілік ескерткіш ретінде қойылса, тарихи əрі таптық
мүдде тұрғысынан қарағанда дұрыс шешім болар еді», – деп түйіндейді.
Мұндай жағдай бүкіл қазақ жерінде жаппай орын алған. Жамбыл облысындағы
ойконимдердің көбі кілең Ресейден ХІХ-ХХ ғғ. келген орыс кулактары мен
мұжықтарының атымен аталғанын жергілікті халық əлі ұмыта қойған жоқ.
Ретіне қарай айта кетсек, тек ғана Жамбыл облысындағы елді мекендер,
яғни макро жəне микроойконимдерден нақтылы мысалдар келтіруге болады.
Олар: Гродиков, Головановка, Михайловка, Белашов, Евгеньевка, Гагарино,
Самсоновка, Казанка, Благовещенка жəне т.б. осылай жалғаса береді.
Бұлар бүгінде құлағымызға əбден сіңісті болып кеткен атаулар. Бір
қарағанда, мұның ешқандай сөкеттігі жоқ болып көрінгенімен, осы есімдердің
иелері кімдер, олар халық алдында еңбегі сіңген адамдар ма? Сараптасақ,
əңгіменің мəні бұдан тереңірек жатқан сияқты. Мұндай атаулардың
қалыптасуы, біздіңше, өткен ғасырлардағы патшалы Ресейдің көршілес
жатқан бұратана халықтарды күшпен отарлау саясатын жүргізу арқылы қазақ
халқын өзінің тарихи жадынан адастыру саясатымен астарлап жатыр. Бұған
|