Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

көзіңді ашып-жұмғандай.

* * *

Осы неге құмармыз біз егеске,



Бас қой дейміз сақтау үшін ел есте.

Алма-кезек алмаспаса тіршілік,

Шыға алатын адам бар ма белеске.

Айдың соңы айдың басы емес пе,

Айдың басы айдың соңы емес пе?!

Жақсы-жаман, адал-арам арбасар,

Досың көп пе жан сырыңды дəл басар.

Жолдың ұшы шорт қиылмас, сау болсаң,

Жолдың басы жол шетіне жалғасар.

Тығырыққа тірелдім деп тұрғанда,

Жол шегінен соны соқпақ алға асар.

Адамның да басы менен аяғы

Бір денеге қызмет қылса жарады.

Олай болса, бас болғанды бос мақтап,

Көңіліңді көтерме құр жоғары.

Бас шалқайып, аяқ жатса еңкейіп,

Қатар жүрер обалы мен сауабы.


* * *

Құдық қазып, үй салып, дəн еккен де,

Кеудесінде жандары бөлек пенде.

Алдан тосып тұратын жақсылығы

Даяр бола бермейді дəметкенге.

Бітсе мұрын сорайып көз қасына,

Мұрны барда сіңбірген аз ба, сірə?!

Болмай қоймас дейтұғын жамандық та

Сақтана алсаң, жоламас өз басыңа.

Қолдан келсе, басатын қонышынан,

Жалғасатын немесе жең ұшынан,

«Астым-тастым, байлықты шаштым»



десе,


Құтыла алмас, бəрібір, борышынан.

Мал мен дəулет, бақ тайса, құралмаған,

Жақсылық пен кеңшілік бір Алладан.

Құдайға да келеді кінə артқысы

Тау басына талпынып шыға алмаған.

* * *


Кедей жүр бағым жанса бай болам деп,

Байлар жүр Құдайға да сай болам деп,

Тұқым жоқ, тұқым болса, күтімі жоқ,

Жер үшін жаға жыртар байбалам көп.

Шамасы аз болса да егін сеппек,

Қазақты кім айтады еріншек деп?!

Қалтада ақшасы бар, басқасы бар,

Жеріңді игермей ме келімсек кеп.

Қара жер қазына ғой баға жетпес,

Жер үшін төккен терің текке кетпес.

Сол жерді ту-талақай қылғандарға

Қанша айқай салсаң-дағы, сөзің өтпес.

Менің де басылмайтын бар-ау шөлім,

Даламның ұлымын деп санаушы едім.

Саудагер бидай сатқан толып жатыр,

Алқаптың кім жұлады арам шөбін?!

Жайқалған гүлдері де, орманы да,

Жеміс пен жусаны да, қаңбағы да,

Жас күннен көзге жылы ұшырайтын

Жер


бізге бабамыздан қалған мұра.

Өмірдің құжынаған илеуіндей,

Тірліктің шеше алмайсың күрмеуін кей.

Қарағым!

Қара жерді жамандама,

Қадірін түсінбейсің көрге кірмей...

* * *


Бар тілекті айтсақ біздер тілменен,

Ат қоямыз бұйымға д а білмеген.

Құлын-тайлар кісінесе шұрқырап,

Сақаулар д а ұғысад ы ымменен.

Бар тілекті айтсақ бізд ер сөзбенен,

Жетіп жүрміз нысанаға көзд еген.

Ад амд ар бар – ықыласын д о сына

Сөйлемей-ақ, көрсететін көзбенен.

Біреу зорд ы басып тұрса мыспенен,

Тіл ашпай ма ерінд ерд і тістеген?

Ад амд ар бар – жақсылығын кісіге,

Сөйлемей-ақ, көрсететін іспенен.

* * *


Үлгіліден қалмайды ғой із бекер,

Əдепті адам айта қоймас сөз бөтен.

Аздап қоссаң, астың дəмін келтірген

Тілдегі əзіл тамақтағы тұзбен тең.

Жақсы сөзге естіген жан семірер,

Көңілдері көмекейден көрінер.

Əзіл түбі зіл боп жатса, сол асты

Ешкім жемей, ысырап болып, төгілер.

* * *

Талай кісі қайтып кетті Бақиға,



Қарақшы да, қайыршы да, сахи да.

Фəнидегі көрген қызық, сайраны

Жұмақтағы жалғыз күнге тати ма?!

Қарынбайлар мал мен мүлкін жинаған,

Кедейлерге тышқақ лағын қимаған,

Жер бетіне келсе қайта тіріліп,

Сарайларын көрер еді қираған.

Патшалар да алжаспаған ақылдан,

Ажыраған тірліктегі қоқымнан,

Жер бетіне келсе қайта тіріліп,

Ескерткішін көрер еді шашылған.

Ойламаған қара бастың құр қамын,

Құлшылықпен қарсы алатын нұр-таңын,

Жер бетіне келсе қайта тіріліп,

Көрер еді өсіп-өнген ұрпағын.

Тоқал ешкі дəметкенде жұмақтан,

Мүйіз сұрап, айырылған құлақтан.

Иманды бол!

Сабырлы бол!

Берік бол!

Тіршілікте өту үшін сынақтан.

* * *


Арып-ашып жүдеген ел тілегі,

Əділетті қалпына келтіреді.

Сол асудан асарда зымияндар,

Талай жанды жазықсыз өлтіреді.

Асқынғаннан ұлғайған дерт бораны,

Қорғансызды тағы да мерт қылады.

Жағаласқан жалғандық ақиқатты

Аяғынан шалсам-ау деп тұрады.

Шайтан менен бейкүнə періштенің,

Көрген жоқпын табысып, келіскенін.

Итжығыс боп жататын бұл өмірде,

Туар ма екен жететін жеңіске күн?!

Өтіріктің шылбыры қылғындырып,

Жасап жатыр біреулер қырғын бүлік.

Абыл – Қабыл дəуірі басталғалы,

Жердің бетін кетті екен кім бүлдіріп?

Біреу түсіп жауыздың пышағына,

Шыдай алмай біреулер құса-мұңға,

Бармақ шайнап жақсылар кетіп жатыр,

Қара жердің тойымсыз құшағына.

Екі дүния қызығын көрсем дейтін,

Ақ тілекпен тек қана өлсем дейтін,

Жаны жайсаң адамның ниеті пəк,

Бір өмір бар...

Бірақ, көп ел сенбейтін.



* * *

Жаратушы тарту қылған көрікті

Əркім қалай түсінсе де ерікті.

Сұлу қыздың сымбатынан не пайда,

Баса алмаса бойындағы желікті.

Өмірінің сақтау үшін шаттығын,

Қара түннен қорғау керек ақ күнін.

Жас жігіттің қайратынан не пайда,

Баса алмаса бойындағы аптығын.

Іске аспаса – ақылыңнан не пайда,

Жаман болса – жақыныңнан не пайда,

Бұл өмірдің қызығынан шет қалсаң –

Ғұмыр-жіптің ақырынан не пайда?!

Абайла, дос!

Алды-артыңды абайла,

Өмір сүру түспейді əсте оңайға.

Жақсылыққа жақсы қызмет етпесе,

Жамандықты өңмеңінен теппесе,

Жер басқаннан не пайда бар?

Соны ойла!

* * *


Аң мен құсты жер жүзіне таратқан

Жаратушы түгел жұптап жаратқан.

Біреу сүйіп, біреу тіпті сүймесін,

Табиғатта бар ғажайып үйлесім.

Жұп болмаса тірлік оты жанбайды,

Жыртқыштар да сыңарларын қорғайды.

Балапанға жем тасыған торғайды

Көрген кезде көңіл көкке самғайды.

Ғашығынан айырылған шерменде

Аққу құс та тебірентер көргенде.

Жерде қоңыз, суда жүзген балық та,

Жұптаспаса шыға алмайды жарыққа.

Үйіріне ие болған айғырды

Жаратушы байталдарға сай қылды.

Жұмыртқасын жат ұяға тастаған

Көкек неге қаймықпайды басқадан?

Отыз қатын алып жүрген қоразға

Осы күні еліктейтін жан аз ба?!

Мұның бəрі пенделерге ескерту,

Аң мен құстың қылығымен сескенту.

Көкті, жерді, суды көр де – тəлім ал,

Тəлім алсаң – маңдайыңның бағы бар.

* * *

Азуына сенген болса тістілер,



Қанаттылар тырнағымыз күшті дер.

Домаланған кірпікшешен дұшпанын

Инесімен піскілер.

Тұяқтылар аяғына сенсе егер,

Мүйізділер басын қорғап теңселер.

Ал сен, адам, айтшы, кімге сенесің,

Күн туғанда жол шегер?

Ақыл, қайрат қатар біткен адамға

Жаратушы жар болады ғаламда.

Біреу миға, біреу күшке сенеді,

Сенсе біреу табанға.

Бұл жалғанда екі аяқпен тік тұрып,

Тістілер мен күштілерді ықтырып,

Адамдықтың шын сипатын ұқтырып,

Тіке жүру – мықтылық!

* * *


Ия, Алла, қажет деп жиған жүгім,

Тисе болды қолына имандының.

Түсінсе екен ұрпағым қанағатқа

Төрт бұрышы əлемнің сиғандығын.

Кең əлемді шарлаған сөзім дара,


Алды-артымды барлаған өзім дана.

Қызығуын қоймайтын көңіл арсыз,

Құмартқанға тоймайтын көзім ғана.

Көз ашқан соң əлемді көрсе жақсы,

Жер басқан соң алшаңдап жүрсе жақсы,

Тіршіліктің ғажабын ұққан адам

Ақыреттің азабын білсе жақсы.

* * *

Көбінесе еңбекшінің ақын жер,

Ел алдында есеп берсе əкімдер,

Тілге тиек жүзеге асып жатқаны

Жұғымы жоқ жарлықтар мен өкімдер.

Тауқіметін тартып жүрген қамыттың,

Жайын ұққын арып-ашқан халықтың.

Халық деген бір есімі Алланың,

Жүзін қалай жаба аласың жарықтың.

Берген уəде бос сөз емес ұмытылар,

Өтіріктің перделері жыртылар.

Саналарын жауласа да мың күмəн,

Хақ алдында есеп берер күн туар.

* * *

Көкжиектен келе жатса күн шығып,

Бой көтерсе жатқан шөптер тұншығып,

Жел тербетіп иілсе егер бір шыбық,

Мəнін білмей, жүре берме қырсығып.

Алла берген тіршілік!

Азан айтса, жалбарынған үн шығып,

Күнəні ойлап, өкіне алсақ күрсініп,

Таза жүрсек кетпей бойға кір сіңіп.

Ұятты істен тұрар болсақ қымсынып,

Алла берген тіршілік!

* * *


Үйлеспейтін зат бар ма икемдесе,

Шықпайды ғой ұшқын да үйкелмесе.

Құбыла түгел, барлығы бар секілді,

Көңіліңді алдамшы күй тербесе.

Адамдардың кейбірі мал секілді,

Жүре алмайды кездейсоқ сүйкенбесе.

Түнеретін тосыннан «сый» келмесе,

Сенбейді олар тозақта үйтер десе.

Əзəзіл кеп килігіп, азғырса егер,

Шыдамайды біреуді итермесе,

Қорықпасаң, қайтпасаң райыңнан,

Шайтанға ер де, сен-дағы сүйт ендеше.

* * *


Тас төбемде тұрған шақта күн күлген,

Қуанып та, мұңайып та үлгергем.

Көрер көзге жиіркенішті соншалық

Күштілерге жалбақтаумен күн көрген.

Қасарысқан қас дұшпанның алдында

Тілім тартпай тұрдым мен,

Патшалардың бетін шайған суына

Аяғымды жудым мен.

Талай пəле, қуғын менен сүргіннен

Алла жар боп, аман қалып жүрдім мен,

Жаратушы бір Аллаға тек қана

Құлақ кесті құлмын мен!

* * *

«Атыңнан айналайын, пəруəрдігер,



Күлген мен ойнағанды кешіре көр.

Бар дейді қияметте қиын тозақ,

Су сеуіп біз барғанша өшіре көр!»

Есімде осы жолдар шалдар айтқан,

Шамасы, барар жерін барлап айтқан.

Арнайы діни білім алмаса да,

Хабардар болғаны ғой барлық жайттан.

Сол шалдар байлап жүрген белді бекем,

Көрсек деп құмартпаған жерді бөтен.

Қорықса Қияметтің азабынан,

Өшер деп тозақ оты сенді ме екен?!

Атыңнан айналайын, пəруəрдігер,

Сана бер, түзу болса есім егер,

Жүретін тіршілікте алданыш қып,

Пендеңе жетерліктей несібе бер!

* * *


Жүгінбесе қу түлкі айласына,

Айналмай ма аңшының пайдасына.

Ұртын көрсең, жолама қабағанға,

Бара көрме арт жақтан тай қасына.

Көмегіңді аяма жаралыдан,

Нас адамның ас алма табағынан.

Саусағыңа кетпесін тікен кіріп,

Гүлді алам деп ұстама сабағынан.

Құлаш ұрма өткелсіз айдындарға,

Ыржақтама қатігез қайғың барда.

Ұқтырам деп сөз айтпа надандарға,

Қуамын деп тас атпа маймылдарға.

Елсіз жерге түнеме жайлы екен деп,

Берген асты көп жеме майлы екен деп.

Аңдып жүрген Ібіліс адамдарды


«Қуанышты, – айтпай ма, – қайғы етем!» – деп.

Аман жүрген болсаң да оттаң қайсың,

Не де болса, адамзат, сақтанғайсың.

Соның бəрін бір өзім білдім демей,

Алланы айтып, тек қана мақтанғайсың.

* * *

Сақина тілеп алса сау басына,

Батады жұмсақ төсек жамбасына.

Адал жеп, өсек айтпай, таза жүрсе,

Түседі қалыпты өмір арнасына.

Нəжісі ішіндегі сыртқа шықса,

Ауыздан сасық нəрсе бар ма, сірə?

Көлемі кетеді екен кішірейіп,

Шаққанда жақсылықты жан басына.

Өзіңе өзің қарап қойған дұрыс,

Көргенде мін таққанша жолдасыңа.

* * *


Жақсылық аса алмаған өз басынан,

Аяйды қайырымын жолдасынан,

Көрсе тек танауының астын ғана,

Еркектің айбыны аспас ұрғашыдан.

Ағайын толып жатыр астамсынған,

Қышыған жерін көріп, құр қасыған,

Жаңалық, не болса да, жастан шығар,

Олардың табылады кім қасынан?

Сондықтан жан аямай құрдасыңнан,

Сескенбей ірілердің тұлғасынан,

Кедей мен кемтарларға жəрдем жасап,

Қанып іш ізгіліктің тұнбасынан.

* * *

Көз тастасаң шыққан кезде кезеңге,



Менікі емес тау да, тас та, өзен де,

Менікі емес ит пен құс та, балық та,

Сонда қалай,

Бұл тірліктен безем бе?!

Менікі ме көкейдегі тілегім,

Менікі ме соғып тұрған жүрегім?

Менікі деп меншіктеген мүліктің

Барлығының иесі бар, білемін.

Артық айтқан жерім болса, кеш, елім,

Менікі ме астымдағы төсегім?

Менікі ме елдің айтқан өсегі,

Тек Жаратқан біледі оның есебін.

Менікі тек аялаған арманым,

Менікі ме қолымдағы бармағым?!



«Сенікімін!» деген сүйген жарым да

Мына маған тартқан сыйы Алланың.

* * *

Қазағымның сөзі қызық, қалайда



Ғұмыр жетсе, жердің жүзін көр дейді.

Жер үстінде жүрген пенде, алайда,

Көре алмайды, көп нəрсені көрмейді.

Қазағымның сөзі қызық, осы елде

Жердің астын, қабірді де көр дейді.

Жатқан жері жарық болсын десең де,

Қараңғы деп жұрттың көбі сенбейді.

Туған жердің ойы менен қырында

Көргенді де, көргенсіз де жүр дейді.

Екі дүния жақсылығын, шынында,

Көрер болсақ, қайғы бұлты төнбейді.

* * *


«Мешіт салған – Алладан алғыс алған»

Деген сөздің, меніңше, көбі жалған.

Нəпақаңды адалмен тапқан болсаң,

Мың есе артық иыққа салған дорбаң.

Жанын салып Алла үйі – мешіт десе,

Бес намаздан еш уақыт кешікпесе,

Мұсылман сол – Жаратқан ерік берсе,

Қаражатын игі іске көсіп берсе.

Алып шығар баттасқан батпақ-сордан,

Құтқаратын құрған тор, қазған ордан,

Бұрылмайтын еш жаққа тура жолдан,

Дін Ислам – жүрекке болған қорған.

* * *

Тізе қосса жалғаншы мен алдамшы,



Өтпейді екен міскіндерге ар-қамшы,

Өтіріктің ұшы найза болса егер,

Қалқан болар ақиқатпен қорғаншы.

Десе біреу: «Не көрсем де, шыдайын!»

Дейді біреу: «Молдаларға ұнайын».

Елге көз қып міңгірлесе мүлəйім,

Мінəжатын місе тұтпас Құдайым.

Тауқіметті мойындағы қамыттай

Көтерсе де, қияметтен қорықпай,

Жүргендердің құлшылығы, шынында,

Өлімсіреп жанып тұрған жарықтай.

* * *

Жар басында жарбияды жапалақ,

Құй сен, сенбе, онда да бар махаббат.


Бəдəуилер мекені үшін соғысқан,

Ыстық құмды сүйеді екен жата қап.

Жұмыртқасын шоқып жеген тауықты

Асыраған мына заман қауіпті.

Адам қалай аулайды екен ұялмай,

Уылдырық шашып жүрген балықты.

Ұялмайтын, жиі алдайтын пенде көп,

Бақ пен байлық сенде бар да, менде жоқ.

Көрсеқызар, инабатсыз жалғандық

Екі ортада тұрған-сынды перде боп.

* * *

Омартада – ұясында араның,



Қалың шөпте – арасында даланың,

Биік өскен ағашында орманның

Қой жүнінде – ақ малында адамның

Нышаны бар Алланың!

Алма ішінде – жемісінде жұмақтың,

Су бетінде – толқынында бұлақтың,

Жүрек пенен қалқанында құлақтың,

Жанып тұрған жалынында шырақтың

Нышаны бар Алланың!

Арыстанның «Алла!» деген үнінде,

Балықтың да жүзген судың түбінде,

Суырдың да тыныш жатқан інінде,

Тіпті кескен ағаштың да тінінде

Нышаны бар Алланың!

Алла ұлы!

Жан-тəніңмен сезін де,

Алланы айтпай іс жасама, көз ілме.

Алла есімі айдай анық жазылған

Дөңгеленген жұмыр жердің өзінде.

* * *


Алла адамға көрсетті жол даңғылын,

Тəлкегіне тастаған жоқ тағдырдың.

Ел көркейді теріп еңбек жемісін,

Жер көгерді суыменен жаңбырдың.

Бірақ, адам көрсе көзі тоймаған,

Хақтың сыйын өз мүлкім деп ойлаған.

«Дүнияда не көрдің?» деп кемсіткен

Мұсылманды тура жолдан таймаған.

Тірлігінде бəрін жиып, қарманған,

Осы опасыз дүнияға алданған.

Табыт тесіп, қолын жайған Ескендір

Дəлелдеген бос қайтқанын жалғаннан.

Алтын аптап, күміс күптеп талайлар,


Жермен-жексен тастан салған сарайлар,

Сен де ендеше кеуде керме, ей, адам,

Кезің келді алды-артыңа қарайлар.

* * *

Өсиетті өнеге етер өскен ел,

Шоқ басқандар от басудан сескенер.

Тайыз судан балақ түріп өте алмас

Дəті жетіп терең суға түспеген.

Тұщы судың қасиетін білмейді

Шөлдегенде ащы суды ішпеген.

Жаяулардың шаршағанын көрмейді

Ғұмыр бойы ат үстінен түспеген.

Сырты тозып, асты озып тұрса да,

Астар бірдей бола ала ма тыспенен,

Тірлігінде сəн-салтанат құрса да,

Бақа-шаян теңесе ме құспенен.

Тіл мен ерін көмекке егер келмесе,

Тамақты да жей алмайсың тіспенен,

Жүрегіңді ашу-ыза кернесе,

Мақсатыңа жете алмайсың күшпенен.

Қысты өткерген мезгілдің де жазы бар,

Алтын бірдей бағаланбас мыспенен,

Түбі, бірақ, сауап болып жазылар

Титтей ғана жақсылығың істеген.

* * *

Тірі адамға көп нəрселер жетпейді,

Өліге де жетпейтін зат көп дейді,

Көр үстіне орнатса да көк күмбез,

Көрдің іші жарық болып кетпейді.

Жатқан жерде бой көтерсе кесене,

Одан ердің атақ-даңқы өсе ме?!

Өзгере ме қалыбынан бастапқы

Маңдайыңа жазылатын пешене.

Құл-құтанның арасында күн көрген,

Сайран салып, думандатып үлгерген.

«Өлдің, Мамай, қор болдың!»



деп хан айтса,

Қарашының не дейтінін кім білген?!

* * *

Жыл мезгілін көбінесе танимыз

Көктем мен жаз, күз бенен қыс арқылы.

Тіні берік, сауабы мол, жаны игі

Əрбір күннің бояулары əртүрлі.

Ұлы Ұрымға, қызы кетіп Қырымға

Жүрсе де адам келмейді ғой өлгісі.

Күн қызуы, мұз суығы, шынында,



Жұмақ пенен тозақтың бір белгісі.

Тіршілікте қимылдап қал, қалайда,

Болар талай жеңіс пенен жеңіліс.

Аққан су мен соққан жел де, алайда,

Фəни менен Бақиға ортақ көрініс.

Көрген түстей көрдің өмір ғажабын,

Шүкірлік қыл, аман жетсең бүгінге.

Тəнін сезген рақаттың азабын

Көтеретін жан қиналар түбінде.

* * *

Жатқанда жарыс қызып, бақ сыналып,

Адам аз көрсететін жақсы қалып.

Жақсы істі жан-тəнімен қылғанға да

Қояды жаман деген ат шығарып.

Мұңайып оған, бірақ, керегі не,

Барлығын бір Аллаға тапсыралық.

* * *

Əр мүліктің, əр заттың орны басқа,

Қызмет қылар бірі түз, біреуі аста.

Белгіленген белгілі міндеті бар,

Серт еткендей адамға айнымасқа.

Тұрмаса да көп мүлік өсім тілеп,

Бола ала ма адамға тосын тірек?!

Шып-шып етіп самайдан тер шығады,

Кеткен кезде бөкебай бөсіңкіреп.

Өзгелерге менсінбей қараса да,

Майлық болу сулыққа жараса ма,

Су құятын қонаққа құманменен

Қол сүртетін орамал таласа ма?!

Жайлы болар қонаққа бөстек неге,

Су болмаған ескекті ескек деме.

Іліп қойған сəн үшін, текке тұрған

Беті жылтыр бұйымды əспеттеме.

Кірген затқа үйіңнің есігінен,

Тозғанынша қарайсың кешіріммен.

Алтын-күміс ыдыстан пайда бар ма,

Өтпеген соң тамақтың тесігінен.

Есің болса жолама жаман затқа,

Кір-қоқысты үйіңе маңайлатпа,

Жаратқанның тек қана жарлығымен

Қызмет етер бұйымдар адамзатқа.

* * *

Отырып тіршіліктің күймесіне,

Біреу мəз жалтылдаған түймесіне.

Біреу мəз сыртта жүріп құрмет көрсе,



Алмайды туып-өскен үйді есіне.

Қол созып қайта-қайта табағына,

Біреу мəз алдындағы тамағына.

Бай менен бағыланды қонақ қылып,

Салмайды, бірақ, көзін шамалыға.

Өткізіп сауықпенен кешті күнде,

Біреу мəз мақтау сөзді естігенге.

У-шудан, ашымалдан басы айналған

Адамға ажал жетпей ес кірер ме?!

Біреу мəз елді қойдай иіргенге,

Біреу мəз əлем-жəлем киінгенге.

Бабамыз: «Ер жігітті кебенектен

Таны»

деп айтса керек күйінгенде.

Фəниден татар дəмі аз қалғанда,

Он екі мүшесі əзер қозғалғанда,

Сөз қылып киген киім, ішкен асын,

Тірлікке таң қаламын мəз болғанға.



* * *

Аздан көпті шығаратын кім дейсің,

Жан сырыңды ұға алатын кім дейсің,

Азғырғанға еріп кеткен адамның

Кінаратын жоя алатын кім дейсің?

Бар тізгінін ұстап тұрған ғаламның

Кім екенін білмейсің ғой, білмейсің...

О, ғажайып!

Жерде туған көкке ұшып,

Көкте ұшқандар жерге кірген өлгенде.

Биік таулар аласарса шөккесін,

Өнім шыққан түйір дəнді көмгенде.

Қатты қызса балқиды екен құрыш та,

Қатал қыста үсіп қалған көбелек,

Шыбын-шіркей, қыбырлаған құмырсқа

Күн жылынса, тіріледі – не керек?!

Келбетіне таң қалсам да, сеземін,

Кейде тіпті биік өскен қарағай

Өртте қалса, не құрт шалса өзегін,

Қалуы анық тіс шұқуға жарамай.

Табиғат та от пен суда шыныққан,

Өрттен кейін күл орнына гүл шығып,

Жұмыртқадан, уылдырық, ұрықтан

Жер бетіне тарап жатыр тіршілік.

Аздан көпті шығаратын кім дейсің,

Жан сырыңды ұға алатын кім дейсің,

Азғырғанға еріп кеткен адамның

Кінаратын жоя алатын кім дейсің?



Бар тізгінін ұстап тұрған ғаламның

Кім екенін білмейсің ғой, білмейсің...



* * *

Ақымаққа тойып алса жоқ қайғы,

Кейбіреудің ішіне май жақпайды,

Кеңкелеске кеңес беріп, сөз айтсаң,

Көргенсіздер түгін қоймай боқтайды.

Кеуек басты көбік ауыз мақтайды,

Жағымпазды жатыпішер жақтайды,

Жануарлар шүйгін шөпке жайылса,

Көзі тоймай, тоқ болса да оттайды.

Ағын сулар теріс қарай ақпайды,

Жеңіл бұйым су түбіне батпайды.

Тізгінге ие болған адам асау ат

Қай жаққа алып қашса-дағы, тоқтайды.

Азаматтар жақсылығын сатпайды,

Адал адам арам астан татпайды.

Қолда барда қадірі жоқ алтынды

Шетте жүрген шаммен іздеп таппайды.

Лас жерге пəле, қырсық қаптайды,

Жаманат та жерде ұзақ жатпайды.

Ар ұялар, абырой бермес қылықтан

Қысылғанда ақыл ғана сақтайды.

* * *

Жаман əдет-қылығымды тастадым,

Кір-қоқысқа толған жерді баспадым,

Құдай айдап келген жаннан қашпадым,

Есерсоққа есігімді ашпадым.

Жақсылыққа құмарланып жас жаным,

Шайдай ашық болды зеңгір аспаным,

Ізгілердің ізіне еріп, қоштадым,

Өлең жазсам өтірікті қоспадым.

Жүріп өткен əп-əдемі жолыма

Əлдекім кеп, басып, құсып...

ластады.


Бəрінен де осы батты жаныма,

Енді маған не дейсіңдер, достарым?!



* * *

Тақ санынан жұп санына құт қонған,

Алла жалғыз.

Басқалары жұп болған.

Өсімдікті, жануарды, адамды

Жалғастырар көрінбейтін жіп болған.

Адамзаттың болып келген жақтасы

Жіп дегенім – Жаратқанның ноқтасы.



Жіптің ұшын келістіріп байласа,

Сол бір жіптің нық түйіні – отбасы.

Алланы айтып таңда жəне кешқұрым,

Ала жібін аттамаған ешкімнің,

Саған қарап қысыламын кейде мен,

Ренжіткен жерім болса, кеш, күнім!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет