Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

* * *

Бұл фəниде не нəрсе бар нық сенер,

Қазынасын жер қойнына тықса егер,

Кемелерді су құрдымға жұтса егер,

Адал пиғыл арамзаны жықса егер,

Күші кемдер күштілерді ұтса егер,

Айтар сөзді емеуріннен ұқса егер,

Лас жерде тəтті жеміс шықса егер –

Сыры мəлім – Жаратушы нақ шебер.

* * *


Құранның əр сөзінің маңызы бар,

Өтейтін мұсылманның парызы бар,

Өмірді босқа өткізбе далбалақтап,

Пенденің Алла алдында қарызы бар.

Тілегің бірде естілсе, бірде естілмей,

Болсаң да ілдебайлап күн кешкендей,

Құранның бетін ашсаң қайғың қашар,

Алланың өзі келіп тілдескендей.

* * *

Сопайып жұртта қалса ел көшкенде,



Немесе мықтылармен белдескенде,

Жазықсыз жапа шексе жалғыздықтан,

Бəрібір, күні бітпей өлмес пенде.

Болғанмен бір күн бие, бір күн түйе,

Көрінер аққа əдейі жаққан күйе.

Болады жыртық үйдің бір Құдайы,

Жалғызға жəрдем қылар Жаппар ие.

* * *


Ібіліске ғазиз деп ат қойғандар,

Келісе ме есімі, қатты ойлаңдар.

Аты басқа болғанмен, заты басқа,

Табасына тарихтың қап қоймаңдар!

Барам деме пейішке, құр қаласың,

Жатқан қиға тиіспе, былғанасың.

Жалғаншы кім фəниде, алдамшы кім,

Қап қоймасын түбінде құмда басың?

* * *

Ғафілдің екі көзін бақырайтып,



Ойлашы, керегі не ақыл айтып.

Айтылған ақиқатқа сенбеген соң,

Жолама жанына оның енді қайтып.

Болғандар асып-тасып, өзі дүрдей,

Мансұқтар қолмен ұстап, көзі көрмей.

Бəрібір бұл фəнидің қайшылығын

Түсінбес демі бітіп, көрге кірмей.

* * *


Пейіш, жəннат, жұмақтан дəме қылған,

Фəнидегі қызықты жəне қуған,

Суға батып кетпес деп үміт етіп,

Бала-сынды қағазды кеме қылған.

ЖаҺаннамға барам деп жиналғандар,

Күнəларын мойындап, иланғандар,

Бір жақсылық түбінде болмай қоймас,

Мейірім бар Алладан, қиналмаңдар!

* * *

Періштелер жаралғанда жарықтан,



Жын жаралған шыққан оттан тамұқтан.

Жынның да бар мұсылманы, кəпірі,

Өз бағасын алған олар халықтан.

Сапар шексең, шайтанды ертсең жолдасқа,

Түзу жолдан бұрылады жол басқа.

Періштенің бəрі Аллаға иланған,

Ібілісті періште деп алжаспа.

* * *


Христиандар Христосты пір тұтып,

Буддашылар тек Будданы зор тұтып,

Иудашылар көне еврей елінде

Өз дінімен жүрген жұртты қорқытып.

Діннің аты – пірдің аты дегендер

Ғылым таппай, жан-жағыңа елеңдер.

Ислам ғана Алла еркінен шықпаған,

Нұр-Мұхамбет болған нағыз кемеңгер.

* * *


Кісі көп жолдастарын қарақтайтын,

Түсіме əк кіріпті үй ақтайтын.

Осы түстен айырылғым келмей отыр,

Бір сабақ жіптей ине сабақтайтын.

Мешітте жатқан шақта азан айтып,

Ой да көп жанды еріксіз мазалайтын.

Жарық нұр, əппақ қар да əкке ұқсайды,

Шаң басқан жердің бетін тазалайтын.

* * *

Қысылғанда шығар шақта қиыннан,



Бір Тəңірге ата-бабам сыйынған.

Жарылқады Тəңірім деп түсінген

Алған кезде несібесін бұйырған.

Тəңір десем – табылғанда қорегім,

Тəңір десем – сұрап оның көмегін,

Тəңір десем – туған кезде өлеңім,

Тəңір десем – жалғыз Алла дегенім.

* * *


«Бісімілла!» – деп жазсам сөз басына,

Көп нəрсе қажет емес өз басыма.

Қасырет шеккендердің жүзін көрсем

Болады құс жүзгендей көз жасына.

Сол көлде масайраған қайықпенен

Жандарды күнде көріп «тойып» келем.

Қайықтың ескегі жоқ, түбі тесік,

Қарайық осы жайға байыппенен.

* * *

Не табады жалғаннан қаңғып адам,



Құтыла ма пенделер бар күнəдан?!

Түскен кезде тағдырдың тəлкегіне,

Құдіретті Иса да зар жылаған.

Адамзаттан қашады қадір неге,

Көнгенменен илеуге қамыр-дене,

Қиянаттан қамкөңіл қиналмасын,

Əлсіздерді ешқашан жəбірлеме.

* * *

Қара мысық екі көзі жайнаған



Қараңғыда тышқанды да көреді.

Пенделер де қарын қамын ойлаған

Ырза болар табылғанға қорегі.

Жеген асы халал ма, əлде харам ба?

Байқап тұрсаң – толып жатыр себебі.

Қараңғыға көзі үйренген адамға

Жарық шамның болмайды екен керегі.

* * *


Жарық нұрдан жаратып періштені,

Жаратыпты шайтанды жанған оттан,

Хайуан мен жануардың ең үстемі

Жаратыпты адамды топырақтан.

Жер басқанда жаратқан Алланы ойға,

Айырмаң не есірген ақымақтан?!

Жасыл ағаш түбінде сарғаймай ма,

Ғибрат ал үзілген жапырақтан...

* * *

Диқан баптап өсіреді егінді,



Жылқы тауып жайылады тебінді.

Жібек, торқа жамылса да тірлікте,

Қайтқан кісі таңдай алмас кебінді.

Табыстарын күннен күнге еселер

О,Жаратқан!

Бай пиғылын кеше көр!

Бұйым, киім жер астында шіриді,

Тек топырақ жамбасыңа төселер.

* * *

Уақыттың мыңнан бір бөлігінде



Ғажайыптар болады өміріңде.

Уақыттың жүзден бір бөлігінде

Өзгерістер туады көңіліңде.

Тіршіліктің сан қилы тегі, күнде

Көріп жүрміз ауырын, жеңілін де.

Жүрегіңді кірлетпей сақтай білсең,

Өміріңді жалғайды өлімің де...

* * *


Жаудан қорқып, сасқаны білінбеген,

Алланы айтса, жүрегі дірілдеген,

Шүкір деген адымын басқан сайын,

Имандылар жығылып, сүрінбеген.

Аттары үркіп, кездейсоқ жығылғандар,

Түлен түртіп, оң жолдан бұрылғандар.

Өзін емес, өзгені кінəлі қып,

Тыныш тұрмай, пəлеге ұрынғандар.

* * *


Мұқтажбыз киер киім, ішер асқа,

Қажетпіз от басына, туыс, досқа.

Бес күндік ғұмыр үшін мал жинаймыз,

Жалғанда не қызық бар бұдан басқа.

Болған соң ұпай түгел, қиналмаймыз,

Алланы қуанғанда ойға алмаймыз.

Төрінен көрі жақын қалған шақта,

Түсінер ақиқатты сормаңдаймыз.

* * *

Ойлағаның бола бермес ойдағы,



Еске түсер қайдағы мен жайдағы,

Шаруа бітер, сай келсе егер сайманы,

Пышақ өтер, дайын тұрса қайрағы,

Сорпа қатса, майы қалқып алынса,

Сүт қатқанда, бетке шығар қаймағы.

Жиған дəнің салдыр-салақ қойылса,

Тышқан мен құрт жайлайды екен қойманы,

Тартқан арқан ағытылмас түбінен,

Өрімі нық, берік болса байламы,

Нағыз аңшы алып шығар інінен

Түлкіні де алпыс екі айлалы,

Ауыртпалық сала ала ма арқаға

Жер бетінің келіп-кетер мейманы,

Ақыреттің азабынан қорқа ма

Бітпей тұрса жанбағыс пен үй қамы,

Ойлай ма əлде қалады деп байқалмай

Момындарға салып кеткен ойраны.

Қыл көпірден өте ала ма шайқалмай,

Көзін жұмып, тура жолдан тайғаны,

Дəм таусылса, өмір туы жайқалмай,

Жаназаға жұмсалмай ма той малы,

Айт десе де, айтар сөзін айта алмай,

Қирамай ма тастан қалап қойғаны?!

Іштің кірін тазаламай жүргенде,

Кіріп алса, шайтан шықпас мидағы,

Естен шығып кетер сонда бір демде

Жаратқанның тоқтамы мен тыйғаны,

Тек мəз болар аузын ашып күлгенде

Жадыратып Хақтың берген сыйлары.

Күн шыққанда жасырынар ай-дағы,

Күн ысыса еріп кетер май-дағы,

Таудың тасы шеттерінен ірі емес,

Ұсақ емес тастың бəрі сайдағы,

Абыройға жеткізе ме құр егес,

Болған кезде ғарасаттың майданы,


Алыпсатар саудагердің өмірін

Сақтап қалмас тергені мен жиғаны,

Адамзаттың орнықтырар көңілін

Жүрегіне серік болса иманы.

* * *

Шыдап келген сел мен тасқын, жасынға,



Тасты да Алла жаратқан əу басында.

Қолға ұстадым, көзім көрді демесең,

Артықшылық бар ма таудың тасында?

Тасы жүріп тұрса-дағы базарда,

Талай мықты айналғанда тозаңға,

Ақырында жермен-жексен болатын

Артықшылық бар ма салған мазарда?

Киелі деп атағанда мекенін,

Ұмытамыз жер киелі екенін.

Адам болып өсіп-өніп жүрген соң,

Барлық жерді киелі деп өтемін.

* * *


Бірі шығып, бірі батып, күн мен түн

Итжығыс боп жағаласып келеді.

Адамзаттың тауыспайтын үмітін,

Ол Алланың құдіреті – себебі.

Тіршілікте нəсіл, ұлтын таңдамай,

Жер де, көк те ырыздығын береді.

Бірдей емес туған ай мен толған ай,

Ол Алланың құдіреті – себебі.

Жер бетінде момын менен жауызға

Ай да, күн де нұрын бірдей төгеді.

Бар əлемді сиғыза алар қауызға,

Ол Алланың құдіреті – себебі.

Кейде сені құшаққа алса қуаныш,

Кейде тосын қайғы бұлты төнеді.

Екеуі де бір біріне жұбаныш,

Ол Алланың құдіреті – себебі.

* * *

Қызық дəурен баста мəңгі тұрмайды,



Көп күніңді уақыт келіп ұрлайды.

Жыр бағында қоңыс тапқан бұлбұл да

Гүл қауызын ашқан шақта жырлайды.

Би түсетін үй жоқ болса, жолаушы

Аттың басын ауылға да бұрмайды,

Мағынасыз мылжың сөзді тыңдаушы

Айтушының қабағы үшін тыңдайды.

Жағымпазға болғанымен кім қарсы,

Жағымды сөз айтқаны үшін қумайды,


Бір ауыз сөз алжастырса адамды,

Қарын майды бір құмалақ улайды.

Ақылға сап, ұмытпағын тобаңды,

Бір жағыңнан жетіп келсе бір қайғы,

Үміт үзбе, жіпке тізбе жаманды,

Хаққа сыйын!

Сонда сағың сынбайды.

* * *


Ата-бабам сыйынған Тəңіріне,

Бағыт берген сол сенім өміріне.

Құран сөзі нұр құйып көңіліме,

Мен сенемін Алланың əміріне.

Жаңа туған сəби де алғашқыда

«Іңгə!» десе, дегейсің: «Хал жақсы ма?»

Бісімілланы айт ол көзін ашқан кезде,

Алла десең – сол бөгет албастыға.

Нышанына көрсеткен сенесің бе?

Мұсылман боп туғанды жебесін де.

Құйрығынан періште ұрған кезде

Ізі қалған көгерген денесінде.

* * *

Көлік жоқта жүк тасисың дорбалап,



Ет аз болса, ас жасайсың салмалап,

Шам жоқ болса, жүре алмайсың сұрамай,

Қараңғыда жан-жағыңды қармалап.

Таңдамаса, түбі тесік ұрадай

Бірте-бірте батып кетер сорға бақ,

Дос көп болса, қарғып кетер жырадай

Арғы бетке өткізбейтін жарқабақ,

Қанып ішкен шайдан артық тағам жоқ,

Еңбек етсең маңдай терің сорғалап,

Қарап тұрсаң, кір жұқпайтын адам жоқ,

Судан мөлдір, сүттен таза, қардан ақ,

Оның бəрін болдырмайтын шамаң жоқ,

Жұқтырмасаң болды жалғыз арға дақ.

* * *


Екі қолды қосқанда он болады,

Он саусағың қос бірдей қол болады.

Қос қолыңның арасын қосып қой да,

Тілек тіле Алладан, жол болады.

Алланы алсаң аузыңа, құр қалмайсың,

Сенбегендер Құдайға қор болады.

* * *

Көріп жүрміз неше түрлі пішінді,



Көріп жүрміз неше түрлі мүсінді,

Мұның бəрі, бірақ, сыртқы көрініс,

Кім көріп тұр ішіңді?

Қабат-қабат, бұдыр-бұдыр қыртысың

Білген жанға – осы өмірдің сұрқы шын.

Көп адамның ішіндегі жықпылы

Жасырады түр-түсін.

Кей адамның түсі бұжыр, іші əппақ,

Күлген кезде көрінеді тісі əппақ.

Тілегімен қараңғыда шам жағып,

Жүрегімен тұрар сені құшақтап.

* * *

Қазанда бүлк-бүлк етіп тамақ қайнап,



Балалар құлын-тайдай күліп-ойнап,

Дəм татып берекелі дастарханнан,

Атасы бата берсе жүзі жайнап,

Отырсаң ойың шалқып, бойың балқып,

Фəниде қызық бар ма бұдан артық?!

Торғайлар ұшып-қонып тал басында,

Ағын су толқып жатса арнасында,

Құдайдың бергеніне шүкір қылып,

Жымиып жарың тұрса дəл қасыңда,

Отырсаң ойың шалқып, бойың балқып,

Фəниде қызық бар ма бұдан артық?!

Сақталып бабамыздың мол мұрасы,

Қазақтың күмбірлесе домбырасы,

Жарық қып қараңғыны шұғыласы,

Алланың ауса саған ықыласы,

Отырсаң ойың шалқып, бойың балқып,

Фəниде қызық бар ма бұдан артық?!

* * *


Алла, сенің өзгермейді қалыбың,

Төккен нұрың, бізге берген жарығың,

Бейнет көрсем – жақсылықтың өтеуі,

Саған ғана беріп келген салығым.

Өткен сайын өмірдің əр бекетін,

Ұмытылмас көрген қызық жететін.

Айтқан сөзім көрген көздің əсерін

Саған ғана төлеп келген зекетім.

Дүния қамын көп ойласа кір сезім,

Фəни менен Бақи деген қол созым,

Құлағына жетсе болды пенденің

Жиған малым, өскен талым – сол сөзім.

* * *

Не нəрсе адамдарды сүйікті еткен,



Немесе мəртебесін биіктеткен,

Барлығы бір қамырдан жасалса да,

Ыстықтан кейбіреулер күйіп кеткен.

Ешкімді, шамаң келсе, іренжітпей,

Істеп қал тірлігіңді қыну кетпей.

Кейбіреу сырты қатты, іші шикі,

Кейбіреу шала піскен жылу жетпей.

Наубайшы сырттай ғана бақылаған,

Тұзы да кейбірінің татымаған,

Болса да тəтті тоқаш, майлы шелпек,

Иленген қамыр деген аты жаман.

* * *

Тамырларын жайласа да мың қайғы,



Жас шыбықтар майысса да, сынбайды.

Күні бітіп, қурап қалған ағаштың

Өсиетін кімдер барып тыңдайды?!

Жауын жауса жас өскінді суарар,

Қатқан мұзды көз жасындай қуалар.

Жылдың барлық мезгілінде адамдар

Тірлік үшін ойлап табар бір амал.

Жайнап тұрған жапырақты көргенде,

Күрсінеді шемені бар шерменде.

Қайта көктеп шығарына сенеді ел,

Қара жерге ұрықтарын көмгенде.

Қырға біреу көшет ексе апарып,

Жатыр біреу бəйтеректі қопарып.

Əрқайсысы өзімдікі жөн дейді,

Менде де бар, сенде де бар қаталық.

Əр пенденің кезі келер бақ сынар,

Сəті түссе, қанат жаяр жақсылар.

Шын жыласа, соқыр көзден жас шығар,

Құдай берсе, тақыр жерге шөп шығар.

* * *


Екі аяқпен, төрт аяқпен жүргендер,

Жылжығандар, су ішінде жүзгендер,

Көк жүзінде қос қанатпен ұшқандар,

Жаратқаннан күдеріңді үзбеңдер.

Қиын емес қанаттардың қайырылуы,

Қиын емес тұяқтардың майырылуы,

Қиын емес жұп боп жүзген аққудың

Қапияда сыңарынан айырылуы.

Бастап жатқан іс орайы келмесе,

Шара бар ма қалауыңды бермесе?!

Таң атқаннан кешке дейін ниет қыл,

Бір Алладан жəрдем сұра ендеше.

* * *


Алладан сый мен құрмет дəметкенге

Дер едім: «Бостан босқа əлектенбе!»

Бұлдама бола қалса жақсылығың,

Түсінсе керек мұны зерек пенде.

Бір Алла оны солай зор еткен де,

Қаласа – қатарынан кем еткен де.

Жаратқан мүлкінің бір бөлшегісің,

Бүлініп, бөле жарып, бөлектенбе.

* * *

Шаш өссе де қас пен кірпік өспейді,



Бұйрық болмай жан денеден көшпейді.

Тіршілікте таңдап қонған бақ құсын

Біреу ерте, енді біреу кеш дейді.

Жиғаныңды ағыл-тегіл төк, мейлі,

Несібеңді Тəңір өзі реттейді.

Елге істеген жақсылығың мол болса,

Қартайсаң да жүректен нұр кетпейді.

* * *


Оң қолыммен бастаған ісім менің

Сол қолды да жұмсарын түсінемін.

Əр жұмыстың болғаны қандай жақсы

Тірегі нық, сəні мен түсі керім.

Жақсы менен жаманды күрестіріп,

Білектерді жүрсек те тірестіріп,

Оң аяғым ілгері басқан сайын

Сол аяқты əкетер ілестіріп.

Оң-терісі кей істің байқалмайды,

Оңды жауап кейбіреу қайтармайды.

Оң көзбенен қарасаң дүнияға,

Онбаған деп ешкім де айта алмайды.

Көріп жүрміз қоғамның көп шылығын,

Қанағат пен қайырым тапшы бүгін.

Оң жағымнан жазылып тұрса болды

Аз да болса жасаған жақсылығым.

* * *

Пенделердің алуан түрлі тілегі,



Кездеседі балықтың да сан түрі.

Бал ара мен көбелектер біледі,

Гүлдің иісі, шөптің түсі əртүрлі.

Əр адамның жарық күнді көргені,

Жауын суы, найзағайдың жарқылы,

Терезеге түскен аяз өрнегі,

Жауған қардың түйіршігі əртүрлі.

Саусақтардан түскен таңба секілді,

Жұмыртқаның жаралуы əртүрлі.


Жақсылыққа бұрған болсаң бетіңді,

Ақиқатты таны Алла арқылы.

* * *

Жақсы көрдім сөзі сұлу ақынды,



Жақсы көрдім бітік шыққан дақылды.

Жақсы көрдім былжыраған сөздердің

Арасынан шығып жатқан ақылды.

Жамандықтан жақсылықты кім күтті?

Жақсы жемді жайын балық қылғыпты.

Жақсы көрдім суайт айтқан өсектің

Арасынан шығып тұрған шындықты.

Көрген сайын сұм-тірліктің ортасын,

Жек көремін деп айтуға қорқасың.

Жақсылардың болғанымен жүзі игі,

Жақсы көрем кей адамның арқасын.

Жайын біліп арып-ашқан халықтың,

Іргесінде жүргендеймін тамұқтың.

Сүттің өзі ірігенін көрдім де,

Жақсы көрем дей бергеннен жалықтым.

* * *


Жер мен көктің арасында тақ болса,

Тақтағы орын періштеге шақ болса,

Жаратқанның жарылқауы емес пе,

Жебірейіл Мұхамбетке тап болса,

Жебегені Жебірейіл періште,

Пайғамбардың үмбетіне бақ қонса.

* * *

Ұлым-ау, кіріп тұр ма бүгін есің?



Шындыққа, қайда барсаң, жүгінесің.

Тұсауы кесілмеген жас баладай

Кей кезде тегіс жерде сүрінесің.

Үстіңді қағып-сілкіп, абыржисың,

Алақтап жан-жағыңа, кідіресің,

Жұбату айтса біреу ашып жаны,

Арқаңнан сипағандай семіресің.

Қапастан кең дүнияға шыққандайын,

Тұп-тұнық таза ауаны сіміресің,

Тексеріп болған істің ақ-қарасын,

Түбіне жүрегіңнің үңілесің.

Көргенде ата-анаңды арсалаңдап,

Сəбидей алға ұмтылып, жүгіресің,

Оң-солын əлі танып үлгермеген

Алданғыш жеткіншектей көрінесің.

Алдыңда бөгет болса – бөгелесің,

Амалсыз кері қарай шегінесің,


Жалғанда жаза баспас пенде бар ма,

Несібең Алла берген кемімесін.

* * *

Пенде бар ма фəниде мəңгі қалар,



Қазған ордан өте ме қарғып адам?

Шөп секілді киімге жабысатын

Жақсыларды жамандар аңдып алар.

Ескерткіштің бетіне таңба салып,

Ойда жоқта кетіпті қарға саңғып.

Төңірегін еріксіз былғамай ма

Тірі жəндік қойсаң да торға салып.

Ісіміз көп, əйтеуір, келіспеген,

Адамдар аз қылығың теріс деген.

Аквариумнан балықты алу оңай,

Ау, қармақсыз, жай ғана шөмішпенен.

Жайнап тұрса бөлмеде жасанды гүл,

Алдар дейсің көзіңді қашанғы бұл?

Нағыз гүлдің ғұмыры қысқа болса,

Қайғыменен өтер ме Асан-ғұмыр.

Ақиқат пен өтірік салғыласып,

Иықтағы басыңды жарға ұрасың.

Қорқыт баба секілді болар істен

Құтыласың шынында қайда қашып?

Бірте-бірте өмірде кіреді есің,

Жаяу жүрген кісіні кім елесін.

Тайбурылдың үстінде отырғандай,

Қобыланды батырдай шіренесің.

Күздің күні сарғайған ормандайсың,

Алдаркөсе секілді байды алдайсың.

Үйге түскен ұрылар мүлік таппас

Қожанасыр секілді сормаңдайсың.

Қалдырам деп көп жүктің жолда қайсың,

Абай-сынды қартайып, қайғы ойлайсың.

Тілін алсаң кей кезде періштенің,

Шайтанға еріп кей кезде ойбайлайсың.

Кейде достық көресің, кейде қастық,

Бірде жалшы боласың, бірде бастық.

«Бері жүріп, əрі отыр, мұнда жат?» – деп

Жазып қойған заң бар ма бұлжымас қып?

Талай күнім босқа өтті желікпенен,

Болған шығар кездерім еліктеген.

Бабам мен атам тартқан мехнаттың

Бұйырғанын мен-дағы көріп келем...

* * *


Жаратушы жанды əкеп тəнге салар,

Дем біткенде қараңғы көрге салар,

Кейде төмен, кей кезде өрге салар,

Бұдан басқа бола ма өзгеше амал?!

Пенде көп пе көргенін тəуба санар,

Тапқаны мен баққанын алға салар.

Ақынның да қиналып айтқан сөзін

Жүрегіңе əкеліп Алла салар.

* * *


Жаратса да жауырынын бүкір қып,

Аз емес қой жүрген жандар шүкір қып.

Маңырайды ақсақ қозы секілді

Енесінен қалып қойған бұл тірлік.

Көздері ашық, көңілі соқыр пенделік

Жер бетінде адасып жүр сенделіп.

Шайтан кіріп, алжастырған дертінен

Шыққандар аз құлан-таза емделіп.

Əрбір жолдың табылғандай ұйқасы,

Əрбір дерттің болады екен шипасы.

Бірақ, соны түсінбейді көп адам,

Əбден тозып, шыққанша ұйпа-тұйпасы.

* * *

Жапырақтар тербелгенде самалдан,



Бұтақтарым тамырлардан нəр алған.

Өсімдіктей жауын суын ішетін

Мен адаммын топырақтан жаралған.

Сен шайтансың өзегінде тұрған от,

Тілдің өзі күйдіретін қызыл шоқ.

Ағыл-тегіл суға, бірақ, жолықсаң,

Өшпейтұғын, сөнбейтұғын шамаң жоқ.

Көп қорқытып, үрейді алып келді дер,

От пен судың мықтылығын ел білер.

Ақырзаман болғанда да топан су

Жердің жүзін басқан өртті сөндірер.

* * *


Қайсысы оң ісіңнің, қайсы теріс,

Түсінбейсің тірлікте бəрін тегіс.

Төңірегін телегей су қылмай ма,

Еріп кетсе жүректен кішкене мұз.

Мезгілінде жемесе пайдасы жоқ,

Іріп-шіріп кетпей ме піскен жеміс?

Ібіліске бой берме айласы көп,

Ізгілікке арналсын істелген іс.

* * *

Зор тынысты,



Жасап берген жалықпай жарқын істі,

Бар əлемді жарылқап, нұрын берген,

Жер мен суды толтырып тірілермен,

Көк аспанға ұшырған көркем құсты,

Шындық сүйгіш, қаҺарлы əрі күшті,

Жүрегімде туғызған толқынысты,

Құдіреттің алдында есеп беру –

Қорқынышты.

* * *


Адамға танытатын асқан жігер,

Əйтеуір, бір ерегес бастап жүрер,

Дейді жұрт: «Қолдан келсе, жарқыным-ау,

Аспанның бір бөлігін тастап жібер!»

Тұрғындар күнін кешсе өлмешінің,

Жасайды Жаратушы елге сынын.

Қара жер қақ айырылып кетсе-дағы,

Қолынан түк те келмес пендесінің.

Мəн бермей келе жатқан ажалына,

Мəз болса ас түскенге қазанына,

Сол пенде қайтер еді қапелімде

Кез болса ұлы күннің азабына.

* * *

Өлген жердің құлпырғанын көргенбіз,



Семген жерде гүл тұрғанын көргенбіз,

Батқан кеме ішіндегі бейбақтар

Жағалауға ұмтылғанын көргенбіз.

Бұлтты қалай аудырғанын көргенбіз,

Қалай жауын жаудырғанын көргенбіз,

Сап-сау жанның аяқ асты дертті боп,

Дел-сал болып ауырғанын көргенбіз.

Жапырақтың сарғайғанын көргенбіз,

Адамдардың қартайғанын көргенбіз,

Қамбаларды толтырғанын көргенбіз,

Несібенің ортайғанын көргенбіз.

Тағы-тағы көрдік десек, кім сенер,

Жасалған іс маңызымен өлшенер.

Соның бəрін бақылаушы бар десем,

Ақылға сал – түсінігің болса егер.

* * *


Биік таулар, жасыл баулар, қызыл гүл,

Ащы тұз бен тəтті суы жүзімнің,

Шыбын-шіркей мекен қылған көк шалғын,

Құлағыңа естілуі ызыңның –

Бір Алланың белгісі!

Шалқар көлдер жалтыраған айнадай,

Күнге бойлап тіп-тік өскен қарағай,


Аспандағы жалтылдаған найзағай,

Жайдың оты жерге түскен найзадай –

Бір Алланың белгісі!

Ара ұясы, құмырсқаның илеуі,

Өрмекшінің өз жемтігін сүйреуі,

Мемлекеттің жермен-жексен күйреуі,

Əрбір ұлттың өз тілінде сөйлеуі –

Бір Алланың белгісі!

Ұшқан ұшақ, жүзген кеме, ескен жел,

Жер бетімен бір тоқтамай көшкен ел,

Кейде адамның болатыны көрсоқыр,

Кейде адамның болатыны таскерең –

Бір Алланың белгісі!

* * *


Хабар беріп мыңдаған шақырымнан,

Жерді кілем, аспанды шатыр қылған,

Қаһарынан жақпар тас жапырылған,

Мұхит суы қымыздай сапырылған.

Қар мен суды көтерген бұлтты қуған,

Жер бетіне қонатын шаңды жуған,

Жел жіберіп сілкілеп текеметтей,

Көкке буды апарған ағын судан.

Жерге көмген тұқымнан дəн шығарған,

Жұмыртқадан тірілтіп жан шығарған,

Нəрестеге дем салып құрсақтағы,

Несібесі ұсынған таусылмаған.

Жанды, жансыз – барлығын үйлестірген,

Имандыға саналы күй кештірген,

Тілі басқа болса да табыстырып,

Адам менен адамды сөйлестірген

Құдіретке қалай шəк келтіресің?!

* * *


Су ішсең де, тұз түспейді көзіңе,

Сүт ішсең де, май түспейді көзіңе,

Жарқын жүзін көрмедім деп Алланың,

Қалай ғана иланбайсың сөзіне?!

Қабыл болса деп ойласаң тілегің,

Неге сонша лүпілдейді жүрегің.

Ел, деп, жер деп соғып тұрса, кеудеде

Алла нұры бар екенін білемін.

Боркемік боп үгілсе де сүйегің,

Болуы анық жанды қорғар Киенің.

Өзгеде жоқ талант болса бойыңда,

Cыйы емес пе қайырымды Иенің?!

* * *


Түнгі ұйқыдан оянсаң мазаң болмай,

Таң намазын оқырсың қаза қылмай.

Кешу тілеп Алладан, рақым күт,

Дəме қылма кетем деп жазаланбай.

Азғындарға кеткенде тілің тиіп,

Қиналасың ел үшін жаның күйіп,

«Алла берсін жазаңды!» деген сөзді

Айта аласың болса егер арың биік.

Тілі тəтті болса да, діні қатты

Пəле жапқан жалақор тірі қапты.

Шайтандарға тас атқан шəйіт болса,

Кəпірлердің қауымы құрымапты.

* * *

Жолаушымыз ішінде бір кеменің,



Сауап болар көптің қамын жегенін.

Бірақ, менің миыма еш қонбайды

«Бар күнəні кешіреді!» – дегенің.

Садақаны көп бергендер күнəні

Шаяды деп айтушы да кінəлі.

Кей дүмшенің жасағаны көзбояу,

Айтқан сөзі өтірік болып шығады.

Кедей айтып тауысады қай мұңын,

Құрбан шалса, түгел жұмсар айлығын.

Таныстарын жинап алып, ас беріп,

Байпатшалар көрсетеді байлығын.

Тойындырсаң – көзіңді сал аштарға,

Қайырым қыл халі мүшкіл достарға.

Ас берсең де, «көп бердім» – деп сөз қылма,

Күнəлі деп айтып жатса, жасқанба.

Үстіңдегі көрпең жетсе басқа əрең,

Келер күннен үмітіңді тос дер ем.

Жуылмайды күнə деген аспенен,

Қуылмайды киім жəне ақшамен.

* * *


Теріс көрген істерін қате десе,

Жақсылыққа тек қана жетелесе,

Бағыт берсе шындық пен тура жолға,

Көкірегін біржола бітемесе,

Ақыл менен көңілдің нұры болған,

Рақат қой Алланың құлы болған.

Бір атадан таратып адамзатты,

Жаратпа деп үйретсе жаман затты,

Аттатпаса адамды ала жіптен,

Жасатпаса адалға арам затты.

Ақыл менен көңілдің нұры болған,


Рақат қой Алланың құлы болған.

Жағынады көп адам патшаға да,

Бағынады мүлік пен ақшаға да,

Нағыз пенде Аллаға бас иеді,

Мағынаны иманнан тапса ғана.

Ақыл менен көңілдің нұры болған,

Рақат қой Алланың құлы болған.

* * *


Екі көз бен екі қолдың арасын

Өлшей білсең – таба аласың жарасым.

Екі жақ пен екі аяқтың арасын

Ұстай білсең – абыройлы боласың.

Екі ерін мен отыз тістің арасын

Жұмсай білсең – халық берер бағасын.

Екі қолдың қосып көрсең арасын,

«Əумин!» – дегін.

Жақсы бата аласың.

* * *


Аң мен құсты адамдарға азық қып,

Тауды жерге қағып қойған қазық қып,

Құдіреттің қайран қылған қауымды

Қасиетін неге біздер аз ұқтық?!

Малдың жүнін, аң терісін киім қып,

Сүтін ішіп, етін жедік, сүйіндік.

Неге сонша қызығамыз ендеше

Боқтышаққа небəрі бір тиындық.

Жоғалтпаған ешқашан да сенімін,

Пайғамбардың зерттеп көрші өмірін.

Жайламаған тəкəппарлық көңілін,

Таңдамаған жұмыстың да жеңілін.

Алла біреу, пайғамбар шын, ол рас,

Сенбеген жұрт жалғанда да жарымас.

Құдай бар деп шын көңілден зар қылсаң,

Тоның тозып, мінген атың арымас.

* * *

Бажайлап, жіті қара жан-жағыңа,



Кір емес, сия жұқсын бармағыңа.

Құлақ сал Ыбырай, Ахмет сөздеріне:

«Аллалап!» ал кітапты қолдарыңа.

Кітаптың бетін ашсаң «Бісімілла!» – деп,

Жол болып, миың толып, ісің өңбек.

Өтетін дариядан құстай ұшып,

Көзі ашық білімді адам бəрін жеңбек.

* * *


Үлкендердің кейбірі дал қып көпті,

Дəстүрімді «күні өткен қалдық» – депті.

Жас кезінде үлкенсіп жүретіндер

Жасы келмей қартайып алжып кетті.

Шалдың көбі сөзінде пəтуа жоқ,

Шыға кепті құдайшыл, тақуа боп.

Сахна бар – ойлайтын адамы жоқ,

Адамы бар – ойнайтын сахна жоқ.

Молданы да мақтаса ысылған деп,

Момынмын деп айтуға қысылған көп.

Мұсылман бар – кіретін мешіті жоқ,

Мешіті бар – кіретін мұсылман жоқ.

Қыңыр шалдан не пайда жата берер,

Бұл сөзімді шауқандар қата көрер.

Етті жейтін ауыздар көбейсе де,

Аз қалыпты ақсақал бата берер.

* * *


Қой – жəннаттың малы екені белгілі,

Жылқы – елшінің пырағы, Һəм дүлдүлі.

Сиыр сүтін қанып ішкен пайғамбар

Түйе мініп жүргендігі белгілі.

Тыңдағандар уəжіме қосылар,

Дос көбейтер сүйіп жейтін асы бар.

Сүт пен айран, қымыз, шұбат, ірімшік –

Мұсылманның адал асы осылар.

* * *

Берілгенде күдік пенен күмəнға,



Қайта-қайта үнілемін Құранға.

Удан,


судан,

қудан сақта,

о,Алла,

Сөзден,


көзден,

безден сақта,

о, Алла!

Ордан,


тордан,

сордан сақта,

о,Алла,

Оттан,


оқтан,

соттан сақта,

о, Алла!

Таңға қарай періште кеп оятты:

«Сақтанып жүр, – деді ол, – жолға шығарда».


* * *

«Құлағына шалынсын, – деп, – Алланың»,–

Кейде сөзін сөйлейміз біз жалғанның.

Періштенің құлағына естілсе,

Алдағы істің Алла білер қалғанын.

«Көзі түзу болсын дейміз Алланың!»

Бұл сөздің де сезінбейміз салмағын.

Түзу іске Алла тура қарайды,

Түсіндіріп жатпасақ та ар жағын.

Ескі айға да есірке деп жатамыз,

Жаңа айға да жарылқа деп жатамыз.

Есіркейтін, жарылқайтын бір Алла,

Бүгінгі күн түзететін қатамыз.

Анық-қанық айтылған жай Құранда:

Адассаң да қараңғыда, тұманда,

Тазалайтын,

Өсіретін бір Алла!

Жазалайтын,

Кешіретін бір Алла!

* * *


Мекке менен Мəдинаға жол салған,

Сахабалар, мухаджирлар, аңсарлар.

Шейіт болып дін ислам жолында,

Алла бір деп жаҺанға олар жар салған.

Жатқа біліп, дəріптеген Құранды,

Іс жасаған мұсылманға ұнамды.

Əбубəкір, Омар, Оспан жəне Əли

Хақ жолында болған құлдар шыдамды.

Миыңдағы қыртысыңды жаза алар,

Хазіреттер, имамдар мен қожалар

Аяттар мен сүрелерге сүйеніп,

Насихатпен іштің дертін тазалар.

Құл Қожахмет өткен өмір сынағын,

Тапқан ақыр мінəжаттан мұрадын.

Алла деген аз болмаған ақындар,

Ал, əлеумет, соларға бір дұға қыл!

* * *

Адам болсаң парасатты, байыпты,



Алла жолы адалдарға лайықты.

Арғы бетке өткел таппай қиналса,

Жаратушы жібереді қайықты.

Алға бастап қанағатшыл қауымын,

Ұсынғанда көлігі мен сауынын,

Қара жердің кетсе беті жарылып,

Əмірімен жібереді жауынын.


Адал дос па, ғашық жар ма аңсаған,

Жарық шам ба көшелерде самсаған.

Түйір дəн бе, тілім нан ба, сусын ба,

Бəрін, бəрін жібереді ол саған.

Жаратқанда он сегіз мың ғаламды,

Барлығынан артық қылған адамды.

Мойыныңды кезек бұрып, сəлем қыл,

Шайтан билеп кетпеуі үшін санаңды.

* * *

Ата-бабам жаралғаннан мұсылман,



Бақыт құсын қолдарынан ұшырған.

Дұға жасап, бет сипаймын əлбетте,

Өткен кезде мазарлардың тұсынан.

Амал жоқтан өткен күнге кінə арттық,

Таусылмайтын уəдені ұзарттық.

Кім біледі, қашан, қайда, қай жерде

Сол сенімді қалай, қайтіп жоғалттық?!

Адамзаттың атасы деп маймылды,

Босқа өткізген Алла берген ай, күнді,

Ақ-қараны ажырата алмаған

Əлі күнге əспеттейміз Дарвинді.

Құдай жоқ деп тəрік қылған сенімді,

Құдайсызға қарық қылған елімді,

Қолын созған ескерткішін пұт қылып,

Əлі күнге дəріптейміз Ленинді.

Албасты мен Ібіліске құрметті

Көрсеткендер елді де əбден індетті.

Мінін айтпай, қалай ғана жүреміз

Қырын қарап, қап-қара қып бір бетті.

Құдайсыздар жайлап алған жер-көкті,

Қашан болсын елге теңдік бермепті.

Қалай жуып тазартамын, білмеймін,

Ұн жақса да ағармайтын сол бетті.

* * *


Белді будың, мақсат қудың, көкседің,

Жидың-тердің, күйдің, түйдің, екшедің,

Жетпей қалған ойың емес тек сенің!

Құрмет көрдің, басты мұжып, жамбас жеп,

Бата да алдың еш жамандық болмас деп.

Өткен күннің орны толық толмас тек.

Тұнық судан, кəусар, зəмзəм, шəрбаттан,

Кезің болған шөлің қанып, дəм татқан.

Тірлігіңе болмас, бірақ, ол мақтан.

Ойлап қара, қандай едің сен кеше,

Түнде ұйқың, күндіз күлкің келмесе,


Жүрегіңде ауыр мұң бар ендеше.

Бұл фəниде басылса да желігің,

Қанша қызық болса-дағы өмірің,

Келешекке жетелейді сенімің.

* * *

Айтар сыры мəлім болған хатынан,



Адамдар бар ат үркетін атынан,

Жамандар бар жалмауыздай жабысып,

Айырылмайтын ұсақ-түйек затынан.

Ес кірмесе естияр боп жүргенше,

Сескенбесе мүлде тамұқ отынан,

Өтірікке əбден еті үйренсе,

Өте алар ма қияметтің сотынан?!

* * *


Ұйқы қашты, басты келіп албасты,

Күдік-күмəн жағама кеп жармасты.

Бұл жалғанда көп керек пе адамға,

Сақтау үшін, ақтау үшін бір басты.

Жастық дəурен құйрығындай түлкінің

Бір-ақ сəтте көтерілген кірпігің,

Көз алдыңнан жай отындай жалт етіп,

Жоқ болмай ма талындай боп шырпының.

Өткен өмір қызып жатқан қырмандай,

Қызық бітпей мəңгі-бақи тұрғандай.

Бағалап та үлгермейсің сен оны,

Қас-қағым сəт




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет