Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Мектептегі тәрбие жұмыстары.2008ж
2. Бастауыш мектеп.2007ж
3. Бала тәрбиесі 2009ж
* * * * *
ТАРАУДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Қызылорда қаласы Шиелі ауданы №219 Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің  информатика пән мұғалімі Дәрібаева Нұргүл Қонысбекқызы
Оқушылардың білім сапасын арттыруда модульдік технологияның көмегі көп. Бұл технологиямен өткен 
дәрістер   оқушылардың   сабақ   үстінде   еркін   сөйлесуіне,   жолдастарымен   бірігіп   жұмыс   істеуіне,   өзіне   деген 
сенімін тудыруына, өзін-өзі басқаруына ұмтылуына, өзін-өзі сыйлауына құрметтеуіне мүмкіндік аша түседі. 
Модульдік   сабақтарда   оқушылар   мұғалім   басқарымен   бір-біріне   көмектесіп,   ортақ   тапсырмалар,   деңгейлік 
тапсырмалар   орындайды.   Осы   мақсатта   7-сыныпта   информатика   пәнінен   «Windows   операциялық 
жүйе»тарауынан модульді оқытудың жоспарын төмендегіше құрдым.
Сыныбы: 7 «А».        Сағат саны: 5 Пәні: информатика Пән мұғалімі: Дәрібаева Н
Тараудың тақырыбы: Windows операциялық жүйе
Бөлімі
Сағат 
саны
Мазмұны 
Уақыты 
Кіріспе
1-ші сабақ
5.
Модульге кіру
6.
Лекция: Файлдар, қапшықтар таңбашалар 
туралы түсінік
7.
Тірек сызбалар. Объектілерді іздеу, көшіру. 
Себет. Өшірілген файлдар мен қапшықтарды орнына 
келтіру.
8.
Ақпаратты тасымалдау. Иілгіш, компакт 
дискілер.
9.
Қорытынды. Үйге тапсырма
5 мин
15 мин
10 мин
10 мин
5 мин
115

Сөйлесу
2-ші сабақ
1.
«Өз жартыңды тап» оқыта үйрену ойыны.
2.
«Алгоритм» оқыта үйрену ойыны.
3.
Компьютермен жұмыс.
4.
Қорытынды. Үйге тапсырма.
15 мин
15 мин
10 мин
5 мин
3-ші сабақ
1.«Домино» оқыта үйрену ойыны.
2. «Даналық ағаш» оқыта үйрену     ойыны.
3.Қорытынды. Үйге тапсырма
20 мин
20 мин
5 мин
4-ші сабақ
1.
«Бренг-ринг» оқыта үйрену ойыны.
2.
Қорытынды Үйге тапсырма 
40 мин
5 мин
Қорытынды
5-ші сабақ
1.
Тест.
2.
Сынақ
20 мин
25 мин
Білімділік мақсаты:Объектілермен жұмыс жасауды, объектілерді көшіруге, іздеуге, өшіруге, өшірілген 
қапшықтарды қалпына келтіруге, дискілермен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық мақсаты: тапсырмалар бере отырып, олардың тиянақты орындалуын ұйымдастыру, 
шығармашылыққа баулу, өз бетінше жұмыс жасауға, алғырлыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, еңбек қорлыққа, білімділікке, шыдамдылықпен 
төзімділікке тәрбиелеу.
І. Оқушы не білуі керек:
- файлдар, қапшықтар деген не екенін;
- қапшықтар құрылымы;
- қапшық құру ережелері;
- таңбаша деген не екенін;
- таңбаша құру ережелерін;
ІІ. Оқушы нені меңгеруі керек:
-
Файлдар мен қапшықтарды құруды;
-
Таңбаша жасауды;
-
Объектілерді көшіруді, жылжытуды, атын өзгертіді;
-
Дискеттерді пішімдеуді;
-
Объектілерді дискіге көшіруді;
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер:
«Информатика» оқыту әдістемесі Н. Ермеков
«Информатика» Н. Ермеков
VІ. Шығармашыллыққа  арналған тапсырмалар
1.
Әр оқушы жеке қапшықтарын құру.
2.
Сөзжұмбақ дайындау.
Сөйлесу бөлімі. 2-ші сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы «өз жартыңды тап» ойыны арқылы сұралады.
Ойынның мақсаты: оқушыларды жұппен жұмыс жасауға баулу.
Ойынның шарты: Фигуралар екіге бөлініп, қоржынға салынады.  Фигураның жартысына  екі сұрақ жазылады, 
екінші жартысы бос қалады. Оған жауап жазылады. Әр оқушы бір кеспе қағаздан алады. Оқушылар қолындағы 
фигураның жартысын тауып, бірге отырып жұмыс істейді.
1.
Объектілер нешеге  бөлінеді? Оларға тоқталып кет.
2.
Таңбашаларды қалай жасайды?
3.
Файл деген не?
4.
Таңбашаның негізгі міндеті қандай?
5.
Жұмыс қапшығы мен жүйелік қапшықтың айырмашығы неде?
6.
Таңбашаны жойғанда не болады?
7.
Жаңа  қапшық құру жолдарын көрсет.
8.
Қапшықтан таңбаша белгісінің айырмашылығы
«Алгоритм» оқыта үйрену ойыны. 
Ойынның мақсаты: өзгенің жұмысын бағалауға, әділдікке дағдыландыру.
Ойынның шарты: 1 топта 4 оқушыдан бөлінеді. Алдарына 3 сұрақ тасталады. Сұрақтарды кітаптан іздеп 
жауабын жазады. Әр сұраққа уақыт беріледі. І-ші  сұрақты жазып болғасын дәптерін келесі оқушыға береді. 
Сөйтіп, әр сұраққа жауап жазғасын, шеңбер бойынша дәптерлерін ауыстырып отырады. Алдарына берілген 
жауап бойынша жолдастарының жауаптарын тексеріп бағалайды.
Сұрақ: Себет дегеніміз не?
Жауабы: Себет – бұл өшірілген объектілер  (қапшықтар, файлдар, таңбашалар) уақытша сақталатын арнайы 
қапшық. 
2.Сұрақ: Операцияны қалай болдырмауға болады?
116

Жауабы: Правка   Отменить (түзету орындатпау)командасын орындау арқылы.
11.
Құрал-саймандар тақтасындағы Отменить (Орындатпау) батырмасын шертіңдер.
3.Сұрақ: Файлдың атын адам атымен салыстырып көрсет. Атаудың оң жақ және сол жақ бөлігі нені көрсетеді?
Жауабы: Адамның толық аты-жөні, атынан және тегінен тұрады. Адам атты ата-анасы өздерінің қалауы 
бойынша қояды. Тегі оның қандай жанұядан екенін білдіреді және оған автоматты түрде беріледі. Файлдың сол 
жақ бөлігі, пайдаланушы өзі берсе, оң жақ бөлігі автоматты түрде меншіктеледі. 
«Сергіту сәті». Қауіпсіздік ережесіне тоқталып кету.Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.
ІІІ. Компьютермен жұмыс: 
ІІІ деңгей сұрақтары:
1.
Жұмыс үстеліне «7 А сынып» деген атпен қапшық құрыңыз.
2.
Осы қапшықтың ішіне екі  қапшық құрыңыз.
3.
Оның біреуіне өз аттыңызды беріңіз, екіншісіне «Желтоқсан» деген ат беріңіз.
ІІ деңгей
1.
Өз аттарың берілген қапшыққа таңбаша жасаңыз.
2.
Ол таңбашаны жұмыс үстеліне қойыңыз.
3.
«Желтоқсан» қапшығының атын «Астана» деп өзгертіңіз
І деңгей
1.
 «Астана»қапшығын көшірудің  үш жолымен  көшірмесін жаса.
2.
Жұмыс үстеліндегі «7 А сынып» қапшығын жой
3.
Себетті тазала.
ІV. Бағалау. Жауап берген оқушыға компьютердің және калькулятордың суреті бейнеленген фишкалар беріледі.
Сол арқылы оқушылар бағаланады.
V. Үйге тапсырма.3.4  3.5 – тақырыпты оқып келу. «Сөзжұмбақ» дайындап келу.
Бұл сабақта сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз еттім, әрбір оқушының белсенді түрде 
қатысуын қадағаладым, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізді. Оқушылар 
жолдастарының  жұмыс нәтижелерін  әділ бағалай білді. Сонымен  қатар тәртібі мен     мінез-құлқына әсерін 
тигізді. Бұл сабақта уақыт ұтымды пайдаланып, оқушылар  толық бағаланды.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: ЗАТТЫҢ СЫНЫН  БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕР
Ақтөбе облысы. Шалқар ауданы. Қауылжыр ауылы
ГКС-12 орта мектебі. Класы: 2 Мұғалімі:   Бертагина А.А
Тақырыбы: Заттың сынын  білдіретін сөздер
Мақсаты:
Білімділігі:Заттың сынын білдіретін сөздер  туралы толық мағлұмат  беру. Ойлануға, ізденуге жетелеу.
Дамытушылығы:оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын арттыру
Тәрбиелігі: бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
20.
Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлері?
-- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Дара және кұрделі 
2.Дара және күрделі етісітік дегеніміз не?
3. Дара және күрделі етістікке мысал келтір.
ІІІ Жаңа сабақ
1-жаттығу. Тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқы.Өлеңдегі түсті білдіретін сөздерді ата.Ол сөздерге сұрақ 
қой.Суреттен осы түстерді көрсет.Бұл түстермен тағы нелерді бейнелеуге  болады?
Түрлі түстер
Қызыл, жасыл, көк...
Түрлі түстер көп.
Ақ түсім – сүт
Бозғылт бояу - бұлт
Жасыл бояу –шөп
2-жаттығу. Тапсырма: Өлеңді көшіріп жаз.Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап.Ол сөздер нені 
білдіреді?Тағы қандай түстерді білесің?
Көкшіл бояу әкелші,
Көк теңізді салайын.
Ақшыл бояу әперші,
117

Ақ теңізді салайын..  Ө.Оралбаев
3-жаттығу. Тапсырма: Сол бағандағы және оң бағандағы сөздерді оқы.Заттың атын білдіретін сөзге сәйкес 
сынын білдіретін сөзді тауып жаз.
          қалың                                аю
         жирен                              қант
          қоңыр                             айран    
тәтті                               ат
         қышқыл                          киім
ІV Сәл демалайық.Сергіту сәті
Жаңбыр, жаңбыр себелеп,
Тырс - тырс етіп төбеме
Күркіре күн тарсылда
Найзағайым жарқылда,
4-жаттығу. Тапсырма: Жаңылтпашты жатқа айт. Ала сөзі неше рет кездеседі?Ол сөздердің қайсысы заттың 
сынын білдіріп тұр?Жауабыңды дәлелде.
Құр  қайтпасын ала қабыңыз,
Шөлін бассын балаларыңыз.
Ала қарбыз ала барыңыз,
Қара қарбыз ала барыңыз.
  Б.Қастек
V«Адасқан сөздер» дидактикалық ойын
Тапсырма:Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.
1. Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.
2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.
3. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.
4. Қалаларда, метро, болады, үлкен.
Қорытынды: Не үйрендік, не білдік?!
Үйге тапсырма: Төмендегі сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастыр:
Қызыл, көк, жасыл, қара, сары. Ереже жаттау.
* * * * *
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ 
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Бериккалиева Лидия Куанышбековна 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
М. Б. Ықсанов атындағы ОЖББМ-балабақша
          Қазақ   тілі     сабақтарында   жаңа   технологияларды   қолданудың   тиімділігі   өте   зор.   XXI   көшбасшысы   – 
жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге 
реалистік  тұрғыдан  қарайтын, терең   біліммен   қаруланған  оқушы  тұлғасын  сомдау  үшін  өзі  де  шеберліктің 
шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім 
беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы сабақ барысында 
оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор. Заман талабына сай оқушыларға 
сапалы,   тиянақты   білім   беру-мұғалімдер   алдындағы   үлкен   міндет.Бұл   әрбір   мұғалімге   тынымсыз 
ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
   Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

шыңдалған ойлау. кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген 
құрылым.
    «Сын тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
     Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты 
мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер 
қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, 
балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта 
оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс 
жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей 
отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.
     Мына бір сызбаға назар аударайық.  
118

 Күнделікті  д ә с т ү р л і с а б а қ т а р
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме береді
Мәтіннің идеясын анықтайды. Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді. Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, 
дәптерлеріне жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады. Шығарма жазады
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді
 Сто  технологиясы с а б а қ т а р ы
Мұғалімнің әдістері  Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды. Мәтінмен өздері танысады
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады. Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді.
      Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды. Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына 
қойып, қарайды, салыстырады.
       Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын 
анықтайды.
       Өз ойларын жазуды ұсынады. Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.Ойларын қорытуға бағыттайды. 
Өз тұжырымдамасын жасайды.  Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге 
тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау 
арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді  де   оңтайлы  жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.  Шығыс 
даналығы  “Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде” демей ме?  Сондықтан  мақсат пен мазмұн  мемлекеттік 
бағдарламаларда айқын беріліп отырған  қазіргі жағдайда  бұл стартегиялардың маңызы зор.  Сабақта оқушыға 
білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын 
ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына 
жол көрсетеді.
  Мен өз сабақтарымда, көбінесе қазақ  тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі 
түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның 
бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
       СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1.Психологиялық дайындық.
2.Ой ашар.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
4.Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1.Топпен жұмыс.
2.Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1.Венн диаграммасы.
2.Бағалау.
3.Үйге тапсырма.
    Соның ішінде толғануды тиімді  етуге  лайықталған “Венн  кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы 
баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты  стратегиялар   әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай 
лайықтала  қолданылады. Мәселен:  “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты 
салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы  сөз ойлап табу  оқушы үшін үлкен  ойды қажет етеді. Бұл 
стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше 
көзқарас қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау 
бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.
   Осы стратегияларды қолданудың  тиімділігінің 
дәлелі ретінде оқушылардың  жұмыстарын 
ұсынамын:
1. 6 класта  «Сын есімнен өткенді қайталау» 
тақырыбында  СТО технологиясына негізделген 
сынақ сабақ өтті.   “Көрнекілік арқылы баяндау” 
стартегиясы бойынша 6 класс оқушыларының 
топтық жұмысы:  (оқушылар үш топқа бөлініп, әр 
топқа үш түрлі өлең шумақтары таратылды, 
оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен 
ақылдасып, сурет салып  қорғады).
119

  
I топтың жұмысы : 
А) Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп
Бәйшешектер  дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Көктем  күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жағалап суатты,
Сай-саламен су ақты. 
IІ топтың жұмысы : 
Б) Көктем кереметі.
Көктем келді.Көктемде жаңбыр жауады.Ауа райы жылына бастайды.Мұз,қар еріді.Жер күндіз жібіп,кешке 
қарай тоңазиды.Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды.Өзендерде сең жүре бастады.Көктемде 
бәйшешектер өседі.Құстар ұшып келеді.Наурыз мейрамы болады.Маған көктем мезгілі ұнайды.
     ІІ. Мағынаны таны
Ережелер мен мағыналарды ажырату үшін «Сынақ бетін» пайдаландым.
Реті
Түрі
Ұпайы
І
Сұраққа жауап бер:
-
Сын есім деген не?
-
Туынды сын есім дегеніміз не?
-
Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
-
Қатыстық сын есім деген не?
1 жауапқа 
1 ұпай
ІІ.
Тест
1....  батыр алдырмас
а) ақылды;    ә) айлалы;    б) өжет;
2. Негізгі сын есімді тап
а) жүйрік ат; ә) гүлді көйлек;  б) әдепті оқушы;
3. Заттың түр- түсін, сын сапасын тікелей анықтайтын сын есімді ... сын есім дейміз.
 а) қатыстық;    ә) сапалық;   б) негізгі
4. Қатыстық сын есімді тап.
а) өнерлі жігіт; ә) көк шөп;  б) әдемі гүл; 1 жауапқа 
1 ұпай
ІІІ.
Сын есімді теріп жазып, сөйлем құра.
Бұл аймақтың жері жазық. Мұнда көк аспанмен таласып тұрған биік тауда жоқ. Ағыны тежеусіз ақ жалды асау 
өзен де жоқ. Көлеміне көз жеткісіз көлкіп жатқан көгілдір  көл де жоқ. Солай бола тұра, осы аймақтың әдемілігі 
көзіңізді бірден үйіріп алатыны бар екен. Тергенге 1 ұпай, сөйлем құрағанға 5 ұпай
ІІІ. Ой толғаныс 
«Түртіп алу стратегиясы»  бойынша мен оқушыларға мәтін оқып тұрамын, ал оқушылар сол мәтіннің ішінен 
сын есімдерді тез- тез жазып алады.
Ақтайдың ағаш үйінің іші- тысы салтанатты, өте көрікті. Оның сұлу көздерінің ақ- қарасы әлі де тап- таза. 
Көгілдір өзен жай ғана толқып ағып жатыр. Аспалы бесік өзінің екпінімен тербеліп тұра берді. Бірі сұлу, бірі 
мықты, бірі жүйрік. Адам тастай берік, гүлдей нәзік.
IV. Рұқсат етілмейтін түстер ойыны
Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жуаптарын баған бойына 
жазып отырасыздар және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені сақтауымыз керек:
1.
Ойын барысында ақ  және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді.
2.
Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.
Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық.
Сұрақтар: 
1.
Шөптің  түсі қандай?
2.
Аспан түсі қандай?
3.
Күнбағыстың жапырақтарының түсі қандай?
4.
Күзде жапырақтың түсі қандай болады?
5.
Күннің түсі қандай болады?
6.
Қардың түсі қандай?
7.
Теңіздің түсі қандай?
8.
Құрбақаның түсі қандай?
Жауаптары:
1.
Жасыл;
2.
Көк;
3.
Шөптің түсі сияқты;
4.
Сары;
5.
Қызыл, күрең қызыл;
6.
Жарқыраған;
7.
Қайың түстес немесе теңіз толқындарының 
түстерімен бірдей;
8.
Баптақ түстес;
V. Дөңгелек үстел «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға сын есім туралы 
білетіндерін қорытып жазады, соңғы жазған оқушы оқиды.
120

2.Немесе оқушылардың берілген мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектесетін INSEPT стратегиясы,ол бойынша 
оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында
     V  - білемін
              -   - білгеніме сәйкес  келмеді
     +   - жаңа ақпарат
     ?   - тереңірек білгім келеді,зерттегім келеді,белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
       INSEPT оқығанын түсінуге,өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылар 
білетіндерін  анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Жалпы сын тұрғысынан ойлау,оқыту 
мақсатына жетудің нақты жолдарын көрсетеді.
    Қорыта   айтқанда,     оқыту   технологиясының   ең   лайық   деген   технологияны   таңдау   ұстаз   еркінде.   Елбасы 
Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбелеу»- деген ойын қолдай отырып, саналы, 
білімді, ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.
     Болашақтың бәсекесіне қабілетті  ХХІ ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс  
қалған емес. Соған сай ұстаз- ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болғанда ғана  
қоғамның   мықты   да   шығармашылығы   жоғары   жеке   тұлғаны   қалыптастырып,   тәрбиелейтінімізге   нық 
сенімдімін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік 
құжаттар, Астана 2006ж.
2.
«Құзырлылық ұғымдарының эволюциялық дамуы». Құдайбергенова К.С. «Білім берудегі менеджмент» 
2007ж. №1.
3.
Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.
4.
С. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2006ж.
5.
С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 
2009ж №4
6.
Интернет жүйесі
* * * * *
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ САБАҚТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ШҚО. Аякөз қаласы. Аягөз аудандық білім бөлімінің 
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі. Мусабаева Багдат Мухтаровна
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның  
жүрегі   -   мұғалім.   Ізденімпаз   мұғалімнің   шығармашылығындағы   ерекше   тұс   -   оның   сабақты   түрлендіріп, 
тұлғаның   жүрегіне   жол   таба   білуі.   Ұстаз   атана   білу,   оны   қадір   тұту,   қастерлеу,   арындай   таза   ұстау   -   әр 
мұғалімнің   борышы.   Ол   өз   кәсібін,   өз   пәнін   ,   барлық   шәкіртін,   мектебін   шексіз   сүйетін   адам.   Өзгермелі 
қоғамдағы   жаңа   формация   мұғалімі   –   педагогикалық   құралдардың   барлығын   меңгерген,   тұрақты   өзін-өзі 
жетілдіруге   талпынған,   рухани   дамыған,   толысқан   шығармашыл   тұлға   құзыреті.Жаңа   формация   мұғалімі 
табысы,   біліктері   арқылы   қалыптасады,   дамиды.   Нарық   жағдайындағы   мұғалімге   қойылатын   талаптар   : 
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға 
талпынған   әдіснамалық   ,   зерттеушілік,   дидактикалық   -   әдістемелік,   әлеуметтік   тұлғалы,коммуникативтілік, 
ақпараттық   және   тағы   басқа   құдыреттіліктердің   жоғары   деңгейімен   сипатталатын   рухани-   адамгершілікті, 
азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет