Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

Мои результаты по ЕНТ:
2009-2010гг. – 92%
2011-2012гг. – 89%
2012-2013гг. – 86%
Качество знаний по русскому языку:
2008-2009гг. – 42%
2009-2010гг. – 46%
2010-2011гг. – 52%
2011-2012гг. – 56%
       Современный педагог обязательно должен научиться работать с новыми средствами обучения хотя бы для 
того,   чтобы   обеспечить   одно   из   главнейших   прав   ученика   –   право   на   качественное   образование.   Девизом 
каждого учителя сегодня пусть станут слова Конфуций: « Кто постигает новое, лелея старое, тот может быть 
учителем ».
                           Список использованной литературы:

Л.С.Выготский « Мышление и речь » // Собр.соч. – М. 1982.

О.А.Любимова «Уровневая дифференциация обучения русскому языку». 9 класс. Барнаул, 2002.

Н.Н.Соловьёва «Карточки для дифференцированного контроля знаний по русскому языку». 6 класс. М. 
2004.

Т.В.Селевко «Современные образовательные технологии» М. 1998.

И.М.Осмоловская « Организация дифференцированного обучения в современной школе ». // М. 1998.

А.В.Хуторский «Методика личностно – ориентированного обучения. Как обучать всех по – разному? 
Пособие для учителя. // М. 2005.
* * * * *
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ   ПӘНДЕРІНДЕГІ   ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ТӘРБИЕНІҢ    
ТЕОРИЯЛЫҚ  МӘСЕЛЕСІ
М.С.Сейтен,  Ақтөбе  гуманитарлық  колледжі,  
Ақтөбе  қаласы, Қазақстан  республикасы
Экология  ғылымының  негізгі  салаларының   бірі  ретінде  экологиялық педагогика  көпшілікке  білім мен 
тәрбие беру барысында   дами түсуде. Бұл бүгінгі өмір талабы. Өйткені, биосферадағы   тіршіліктің тұрақты  
сақталуы – адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түсті.  Сондықтан   ХХІ   ғасыр  адамзаттың  
ақыл-ойы   кемелденген    этно-экология кезеңі  болмақ. Жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы   адам 
баласының   ақыл-ойының   деңгейіне     байланысты болып табылады. Экологиялық   білім   мен   тәрбие беру 
жүйесінің  міндеттерін шешуде орта  білім беретін  мектептің алатын орны ерекше. 
Қазіргі   кезде   ғылыми техникалық     прогресстің   қарқынды дамуы табиғатқа кері   әсерін   тигізіп отыр. 
Осыған   орай  жас  ұрпақтардың бойына табиғат  тағдырына    деген    жауапкершілік   сезімін қалыптастыру, 
экологиялық  білім   мен  тәрбие  беру, оны  ғылыми  түрде талдап шешу-педогогика  ғылымының  алдындағы 
негізгі  міндеттердің  бірі.
Бүгінгі  таңда  педогогика  ғылымының  салалары   экологиялық  білім мен тәрбиенің  ғылыми  негіздерін , 
ұстанымдары  мен  міндеттерін толық анықтауға  ұмтылуда.  Білім  ордаларындағы  экологиялық  білім беру 
әдістемелік  және теориялық  тұрғыдан  зерттеліп  зерделенуде.
Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беруді  барлық  пәндердің соның ішінде жаратылыстану   пәндерінің  
(химия, биология  және т.б.)  нақтылы мазмұнына   сүйене   отырып   жүргізу   мүмкіндіктерін  зерттеу- 
мәселенің негізі  болып  табылады.   Ал, пәндерді  әсіресе  химия,  биология, география   және т. б. пәндерін   
экологияандыруда   студенттерге  табиғат жайлы  білім  негіздерін   беріп   қана  қоймай , әр пәннің   
студенттерді   қоршаған  ортасын   сүюге  баулудағы   тәрбиелік орнын ,  қуатын  аша отырып оқыту ,сол  
арқылы  студенттердің   дүниетанымын , эстетикалық сезімін,  мейрімділік , адамгершілік ,  жауапкершілік   
қасиеттерін дамытуға,  ягни   қоршаған   ортасына  қиянат   жасамауға , оның заңдылықтарын  ескере  отырып, 
жаңартуға,  қорғауға  атсалысуына  басты назар  аударылады. Табиғатқа  антропогендік  факторлардың  әсерінің  
103

күшеюі  бұрыннан  бар  экологиялық   мәселелерді   одан  әрі шиеленістіріп   жіберді. Ал  оған  теориялық   
және  іс- жүзінде  мән берілуі - табиғат  пен  практиканы   дамытудың   қажеттілігі . Жалпы теориялық   және  
жеке  әдістемелік  бағыттағы  зерттеулерді  кеңейту және   тереңдету  қажет.  Бірақ   қазіргі  оқу орындарындағы 
практика шын   мәнінде уақыт  талабына  сай емес.  Сол  себепті   экологиялық сауатты,  тәрбиелі  жастарды   
дайындауды   толықтай   қамтамасыз ете алмай отыр.  Қазіргі   зерттеуші   ғалымдардың   пікірінше , мұндай 
жағдайлардың   туындауындағы   басты   себептердің  бірі- гуманитарлық циклді  пәндер   мазмұнында  
әлеуметтік   экология   идеясын ұғындырудың   жеткіліксіздігі . Сондай- ақ   экологиялық   мазмұндағы 
гуманитарлық   және   жаратылыстану   ғылымдарының   бір- бірімен байланыстылығының   болмауы   деп   
түсіндіріледі.
Экологиялық  білім  беру  мен   тәрбиелеу  мәселесінің   қандай да болмасын  бір  ғана  оқу орындарындағы  
жүргізілетін  пәндер  арқылы шешілуі  мүмкін  еместігі  түсінікті.  Шын  мәнінде  қоршаған ортаны қорғау  
идеяларының  мазмұнын   ашатын бірде-бір   пән   жоқ деседе болады.  Оқу  орындарындағы  экологиялық    
білім   беру мен  тәрбиелеу мәселесінің   жеке пәндерде   біріктірілген   мазмұны   болуының мүмкіндігі  оны   
әрбір   пәннің  өз тұрғысынан   қарастыруын , жан-жақты зерттелуінің  қажеттігін  туындатады.
Қазіргі  заман талабына  сай  оқу  орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын  жүзеге 
асыруға байланысты мынадай міндеттерді   шешу  талап етіледі:
1.  Студенттердің  психологиялық , физиологиялық  ерекшеліктерімен санасу.
2.  Экологиялық  тәрбиені  пәнаралық   байланыстар  негізінде  іске асыру.
3.  Оқу курстарының жүйесі  мен өзіндік құрылымы , оны оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін   
басшылыққа  алу.
4.  Оқулықтағы  экологиялық  сипаты  бар  материалды   іріктей  білу .
Студенттердің   қоршаған  ортаға   деген  жауапкершілігін  қалыптастыруда  табиғи  ортадағы   әсемдікті , 
үйлесімділікті тану білу шарт.  Педагог  И. Д . Зверев (1983ж.)  тәрбиеленушіге  педагогикалық  әсердің  бірінші 
кезеңі  ретінде  ең алдымен  студенттің   табиғат  сұлулығын  түйсінуі,  осы сұлулықты  сақтау   үшін   
адамгершілік , азаматтық   борышты  ұғынуын   қамтамасыз ету керектігіне  көңіл аударады.  Сондықтан да  
экологиялық  күйзелістердің  болуы не  болмауы антропогендік  факторға , жастардың   экологиялық 
мәдениетіне , сауаттылығына ,  экологиялық   білімінің  жоғары деңгейде болуына байланысты.
Студенттердің    экологиялық  тәрбиесін   бағалауда    іс-тәжірибеде қолданылып  жүрген  мынадай  
мотивтерді  жіктеп  көрсетуге   болады:
1.  Азаматтық  патриоттық  себеп –табиғат  байлығын  байыта түсуге  
ынталануы ,  табиғатты  қорғауды  қоғам  алдындағы  борышы  деп ұғынуы .
2 .  Эстетикалық   себеп -табиғат  сұлулығын  ұғынып , ол  арқылы  рухани күш алуы.
3.  Гуманистік   себеп- студенттердің   іс- әрекеттері  мен қылықтарында барлық  тіршілікті   қорғауға  
ынталануы,  жақсылық  жасау ,  жамандыққа күйіну  сезімінің  көрінісі.
4.  Ғылым  танымдық  себеп-табиғатты тану , адамның  табиғатқа  әсерінің саздары  мен  табиғат  
заңдылықтарын  білуге  ұмтылу.
5.  Экономикалық  практикалық  себеп  табиғи  ресурстары   адамның тұрмыс  тіршілігінің  көзі екенін, 
оның маңыздылығын  бағалай білу.
6. Гигиеналық  себеп табиғаттың  адам   денсаулығына  пайдасын ұғыну және зиян  келтірмеуге   
тырысу.
Бірақ   қазіргі  оқу орындарында    студенттерге   экологиялық тәрбие  беруге   толық  мүнкіндіктер   болмай 
отыр . Бұл   мәселеге төмендегідей   фактілер   қиыншылықтар   келтіруде:
1.  Оқу  үрдісінде экологиялық  тәрбие   беру  міндеттерін   іске асыру үшін пән  мұғалімдерінен  қажетті 
ұсыныс , бағдарламалардың   жеткіліксіздігі .
 2.  Арнайы   әдістемелік   нұсқаулардың  болмауы.
 3.  Сабақтан  экологиялық   материалдардың  көпшілік  жағдайда сыныптан   және оқу орындарынан  тыс 
жұмыстармен   байланыстың жетімсіздігі .
Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше 
ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған мәселе. Дархан табиғат  
қаншама   бай   болғанымен,   оның   сан   алуан   ресурстарының   қай-қайсысы   болмасын   шексiз   емес   екендiгiн 
күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен 
қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой алдырмай, 
көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз. Ал, бұл тәжірибе 
халықтың   жаппай   экологиялық мәдениетiн көрсететiн белсендiлiк   қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да 
экологиялық  бiлiм мен тәрбие қоғамның  әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен  қарамауды 
үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейдi.
Жаратылыстану   пәндеріндегі   экологиялық тәрбиенің    теориялық  мәселесін  қарастыру  
барысында мынадай қорытынды жасауға болады:

Жаратылыстану пәндерін оқыту барысында әрбір тақырыптан экологиялық білім және тәрбие берудің халық 
педагогикасы   элементтерін   және   экологиялық   білімді   қалыптастырудың   педагогикалық   принциптерін 
пайдаланған дұрыс.
104


Студенттердің   экологиялық   көзқарасын   қалыптастыру   үшін   әрбір   сабақтың   және   сыныптан   тыс 
жұмыстардың мүмкіншіліктерін тұрақты түрде пайдалану керек.

Жаратылыстану заңдылықтары мен заңдарының орындалуын көрсету барысында, оларға сәйкес келетін 
ғылыми-техникалық прогрестің бағыттарының  мысалдары  көрсетілуі қажет.

Студенттердің   экологиялық   білімін   қалыптастыру  үшін,  жаңа   материалды   өту   барысында   экологиялық 
мазмұнды мысалдар, есептер, тәжірибелер және тест сұрақтары кең көлемде кешенді түрде пайдаланған 
дұрыс.

Экологиялық   материалдарды   жаратылыстану   пәндерін   оқыту   барысында   ғана   емес,   сыныптан   тыс 
сабақтарында тиімді пайдалануы керек.
Қазіргі  кезде студеттердің экологиялық білімдерін жетілдіру бойынша мынадай ұсыныстар  беруге  
болады:

Студенттердің,   жалпы   әртүрлі   мамандықтар   бойынша   экологиялық   білімдерін   дамытуды   ғылыми-
педагогикалық тұрғыда сипаттайтын оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар жазу;

Оқу   орындарында   мамандықтар   бойынша   элективті   курстар   есебінде   экологиялық   тақырыптарға 
байланысты пәндер берілсе;

Экологиялық білімді арттыру бойынша студенттерге ұлттық педагогика идеялары бойынша  зерттеулер 
қажет.
Пайдаланылған  әдебиеттер
1.
Зверев И.Д. и др. Концепция и программа деятельности общеобразовательной  школы по 
экологическому образованию-М., 1991.
2.
Бейсенова Ә.С, Шілдебаева  Ж.Б. Экология -Алматы: АлМУ,1999.
3.
Жайсаңбаев Т.Р. Ғылыми-техникалық  прогресс және оның экологиялық   зардаптары//Ізденіс-поиск.-
2002.-№2.  −94-99б.
4.
Байкенжеева   А.Т.,   Изимова   Ж.  Использование   активных   методов   обучения   на   уроках   экологии 
Materiały   IX   Międzynarodowej   naukowi-praktycznej   konferencji   «Strategiczne   pytania   światowej   nauki   - 
2013» Volume 16. 61-65 с
* * * * *
 ОТАНЫМ МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАН
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық № 376 бастауыш 
мектептің мұғалімі Манабаева Набат Тұрсынбайқызы
            Отаным менің Қазақстан
Қазақстаным – Отаным гүлдей жайнаған,
Төсінде оның  тасқындап еңбек қайнаған.
Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,
Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы.
Әнұран,Туы, Елтаңбасы бар азат ел!
Әлемге мәлім, өркендеп өскен ғажап ел!
Бой тікті қала Есілдің қос қапталынан,
Мақтанышыма мұрагер ұрпақ бола көр! 
Көшбасшы өзі, тұтқасы елдің Нұр аға,
Қиялын баптап қондыра білген қияға.
Күн санап менің құлпырып жатса бай далам,
Қуанышы шіркін  кеудеме менің сия ма?
Мәңгілік  болсын тәуелсіздіктің тұғыры,
Күлкімен өтсін, бейбіт күнімнің ғұмыры.
Татулық пенен бірліктің туын көтеріп,
Арманшыл елдің лайланбасын тұнығы.
                            
                                ***
Отаным менің  сен қандай көркем,
Бұлбұлың болып сайрасам ба екен?
Бейбіт күн жаса мәңгіге деймін,
Нұрымен күннің мен де гүлдейін!
Тәуелсіз елге тілеулес менмін бүгінде,
Ырыс құт дарып, бақыт кеп қонсын еліме.
Молшылық тойдың куәсі болып әрдайым,
Ынтымақ  болсын Қазақтың шалқар жерінде.
Жиырма жыл міне,, жұлдызды күндер өтіпті.
Тарихта өшпес іздерін тастап кетіпті.
Шыдамды қазақ, өз бейнетінің арқасы,
Аңсаған  талай  бақытты күнге жетіпті.
                           ***
                     
  Мен Қазақстандықпын!
Барлық есік ашық деймін,
Өз елімде мен үшін.
Ата-бабам қорғап қалған,
Ұрпақтары, елі үшін.
Тәуелсіздік төрімізде,
Желбірейді туымыз.
Қазақпын деп мақтанады,
Қызымыз бен ұлымыз.
Еңсемізді тік ұстап,
Мақтанатын кез келді.
Қазақстан таң қалдырды,
Туысқан, дос, өзге елді.
105

Елу елдің қатарына,
Жетеміз деп сенемін.
Жастар адал Отанына ,
Көркейтетін өз елін.
Туған жерім - Қазақстан!
Өскен елім - Қазақстан!
Ән жырым да - Қазақстан!
Байлығым да – Қазақстан! 07.10.2013жыл.
                  ***
                    
Тәуелсіздік  таңы
Өзің жайлы жазылар-ау мың дастан,
Қасиетті, қасіретті желтоқсан.
Рухы биік еліміздің жастары,
«Тәуелсіздік таңы» үшін айқасқан.
Желтоқсанды айтып өту парызым,
Сайрап жатыр тарихымда әр ізің.
Дүр сілкінтіп қазақ халқын танытты,
Сыпырып ап бұғауланған қамытты.
«Отаным» деп жалындаған жастары,
Намыс кернеп, азат шеру бастады.
Қазағымның мақтанышы ұл-қызы,
Ел намысын бір оятып  тастады.
Сол жастардың қаныменен қол жеткен,
Тәуелсіздік қымбат едің сен неткен?
Осы күнді армандаған боздақтар,
Қайрат, Ләззат, Ербол өтті өмірден.
Тағзым етіп басымды мен иемін,
Арыстарым, аруларым, киелім!
Әрбір айтқан сөздеріңді үлгі етіп,
Сағынышпен еске алып жүр елің.
                          ***
Қазағымның тарихы жатқан аңыз,
Ел болдық егеменді мақтанамыз.
Төбеміз көкке жетті  қуаныштан,
Жаңғырды ата дәстүр, салт-санамыз.
Жиырма жыл егеменді елімізге,
Тәуелсіздік шықты енді төрімізде.
Әлемнің тыныштығын ойлап жүрген,
Ел тізгіні Елбасы өзіңізде.
Әрбір күн ала келсін жақсылықты,
Көп көрді халқым менің тапшылықты.
Тойымыз тойға ұласқан заман болсын,
Еліміз әрқашан да аман болсын.
                                ***
   «Туған жер - тұғырым»
Туған жердің тау тасы,
Көркем қандай жартасы.
Өсіп келеді жастарым,
Туған өлкем арқасы!
Иісі жұпар, таза ауа,
Қанша жұтсақ тоймаймыз.
Арысымның туған күнін,
Қуанышпен тойлаймыз!
                             ***
Тоғысқан тоғыз жолдың торабында,
Батыр да әнші де бар қаламызда.
Киелі туған жердің топырағы,
Төрт түлік малға толы атырабы.
Туған жер тұғырымсың, мекен еткен,
Қыс пен жаз, көктем, күзім сенде өткен.
Самал жел самайымнан сипап мені,
Мұңайған сәттерімде еркелеткен.
Қонағын құшақ жайып, қарсы алады,
Той жасап, таң атқанша ән салады.
Осындай кең пейілді халқым менің,
Көргендер риза боп тамсанады.
 Елу бес жыл толыпты  қаламызға,
Тойлауда ауыл-аймақ, даламыз да.
Татулықты, бірлік туын  көтереді,
 Шаттықтың құйып нұрын санамызға.
Осындай қос мереке қарсаңында,
Ақындар жиналыпты бүгін мұнда.
Жүректен шыққан ыстық лебізімен,
Ортаны толтырайық өлең жырға!
                       ***
          
Аналарды  ардақтайық!
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Шын жүректен ана дейміз жарқылдап.
Анамыздың алдындағы борышты,
Ақтай алмай келеміз-ау біз бірақ.
Сәбиі үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
Көз ілместен талай түнді өткерген.
Аналардың төзімі мен пейіліне,
Дүниеде ешбір нәрсе жетпеген.
Бұл өмірде ұл-қызым деп өтеді,
Жеткізем деп тыным таппай жүреді.
      Білім алсын, адам болсын деп жүріп,
Өзі жайлы ұмытып та кетеді.
Сондай асыл аналарды ардақтап,
Бар кезінде бағалайық мадақтап.
Сенің әрбір жылы сөзің ол үшін,
Дүниедегі ең әдемі сая бақ!
Әр сөзіне құлақ салып жауап бер,
Біздер үшін төкші ана маңдай тер.
Сәл нәрседен көңілі қалып ананың,
Жүрегінен орын алар мұң мен шер.
                         ***
Не істесең анаңа, алдыңа сол келеді,
Қадірлеп төрден  орын бер, сол ғана оған керегі.
Бақытты болсын аналар, анасыз тірлік не оңар,
Берекесі әр үйдің жасай бер мәңгі аналар!
                        ***
                        
106

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІК
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық
«Балдырған» бала бақшасының тәрбиешісі 
Алипбекова Алмагүл Жақсыбекқызы
Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллионнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс 
даласында қаза тапты. Қаншама жауынгер хабар-ошарсыз кетті. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең 
қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 дивизия жауынгерлерінің есімдері Ұлы Отан 
соғысының тарихына алтын әріппен жазылған.
Қымбатты бауырлар 1941 жылы 22-ші маусымда фашистік Германия тұтқиылдан айырып, жерімізді топтамақ 
болды, бірақ олай болмақ емес. Біз жеңеміз, әділет әрқашанда жеңбек. Фашистерге өлім келсін! Ұлы Отан  
соғысында  жеңіспен  оралған  батырларды  еске алуға арналған, және  Жеңіс күніне  арналған  ертеңгілігімізді 
бастаймыз.
«балалар кіріп келеді» 
5.
Ән-ұран  (ескерткіш, алауға гүл шоқтарын қою.)
Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына биыл 68-жыл!
Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар, Кеудесін отқа төсеп лаулағандар. Бір сәтке сол ерлерді еске алайық. Жеңіс 
тойын бүгінде тойлағандар - деп сонау сұрапыл жылдары жеңіс күшін жақындатуға атсалысқан жандарды 1 
минут үнсіздікпн еске алайық.
«Ешкім   де   ұмытылмайды,   еш   нәрсе   де   ұмытылмақ   емес!»   Осынау   сөздер   Жеңіс   күшін   мерекелеу 
кезінде жиі айтылады. Бұл сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне тастан қамалып жазылған.
2) Катюша биі  
3) «Мақта қыз» тобы тақпақтар.
Маржан
Тоғызыншы мамырда 
Гүл қоямын алау қабырға
Еске алып отанды, 
Үн қосамын дабырға.
Әсел
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар!
Ұмытпайды ешқашанда 
Жауынгерді балалар.
Бағдәулет
Жеңіс келді далама 
Жеңіс келді ән болып 
Жеңіс келді қалама 
Келді ауылға сән көрік.
Ақниет
Батыр Атам-анам да 
Батыр үлкен ағам да 
Ал үйдегі әжеміз 
Алғыс айтар заманға
Самат
Атам отан қорғаған 
Алтын жүлдыз кеудеде 
Нағыз батыр ол маған.!
Али
Жеңіс келді, алақай!
Жетім қалған балаға 
Тоя жейтін нан болып.
Қасиет
Қосылған соң қатарға,
Еңбек етем отанға! 
«Болмасаңда ұқсап бақ» 
Деген Абай атам да!
Ақбота:
Үстінде сүр шинелі 
Дулығасы болаттан 
Мәншүк әпке күн - түні 
Жауға оқты боратқан.
«Кішкентай солдат» хор
Қызыл телпек тақпақтар.
Айна
Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге 
Соғыс елді түсірді - ау ауыр күйге 
Жүрт күйзелді, төгілді қанша көз жас 
Түнерді қайғы бұлтты талай үйде.
Айдос:
Ұлы отан қамы үшін 
Өткен суды кешеміз 
Жіберместен намысты 
Солдат болып өсеміз.
Арман:
Солдат болған атамда 
Солдат болған папамда 
Солдат бүгін ағамда 
Кезек келді мағанда 
Баламын еліме ардақты 
Тәуелсіз ел солдаты
Жібек:
Нұр тұнсыне қырымыз 
Құлпырсын гүліміз 
Жайқалсын гүліміз 
Жайнасын күніміз.
Бағдәулет
Біздер болсақ елімнің 
Ел қорғаған ұланы 
Көк байрағы желбіреп 
Мәңгі көкте тұрады
Наргиза
Жауынгер біздің саңлақтар 
Жауды жеңген солдаттар 
Ардақта Отан ел үшін 
Бақытты туған жер үшін
Нариман
Жеңіс күні құтты болсын 
107

Құтты болсын аталар! 
Ұмытпайды ешқашанда 
Жауынгерді балалар.
Саят
Жер мен көктің арасын 
Шарпығанда қалың өрт 
Әлия орыс қомасын 
Азат етіп болды мерт.
Сұлтан
Әлия Мәншүк анамыз, 
Бауыржандай атамыз. 
Фашистерден Отанды 
Қорғап батыр атанды.
Сағыныш
Біз еліктеп өсеміз, 
Батырларың десе кім 
Әлия Мәншүк анамыз 
Бауыржан біздің атамыз.
Қасиет
Жамылды жер тұманда 
Өрт ішінде қалды бақ 
Жиырма сегіз қыранды 
Жеңе алмады жау бірақ
Сұлтанғазин
Әлияны бұл күнде 
Барлық болса біледі 
Әлия атты көңілде 
Әпкеміз деп жүреді
Анелья
Нурислам
Қосамыз біз өлеңге
Айтамыз біз ән қылып 
Мәншүк әпке ерлігі 
Ұмытылмас мәңгілік
Нұрғазы
Жеңіс деген жақсылықтың сұңқары 
Жігер менен құштарлықтың құралы 
Жүректердің арманы мен ұраны 
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
Аяжан
Ақ көгершін қалықтап 
Аспанда ашық самғасын 
Тыныштық болып елімде 
Қанаты оның талмасын
Еларыс
Тастар көкке атылды 
Орман шулап тау құлап 
Жиырма сегіз батырды 
Жеңе алмады жау бірақ
Димаш
Біз балдырған тең басқан 
Дос құшағын елге ашқан 
Тілегіміз бейбіт күн 
Ашық болсын кең аспан.
Нұрдияр
Жау жеңілді ақыры
Атты бейбіт таң күліп
Жиырма сегіз батырды
Ұмытпайды ел мәңгілік 
- Бейбіт күннің әрбір арайлап атқан таңы үшін біз майдангерлерге қарыздармыз. Осы апа - аталарына ұқсауды 
армандайтын балаларымыз, қазір сіздерге өз өнерлерін көрсетеді.
4) Көрініс.  1945 жылы 30 сәуірде сағат 6,30-да жеңіс туы тігілді. Ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев. Төрт жылға 
созылған қан төгіс аяқталды. Соғыс әскерлері Германияны құлатып Ұлы отан соғысында жеңіске жетті.  Жеңіс 
құтты болсын!
    Бір   ғана   жеңіс   деген   сөзді   естігенде   сол   кездегі   адамдардың   қуанышында   шек   болмады,   жан-жақтан 
айқайлаған дауыстар, әрине бұл үлкен қуаныш жасы еді. Ержүрек батыр ата-апаларымыз сыйлаған бақытты 
таңдар, бейбіт күндер үшін, ол кісілердің алдарында біздер әрқашан бас иеміз. Ендігі жерде жыл сайын саны  
азайып бара жатқан батырларымыздың қалғандарына Алла тағала ұзақ ғұмыр берсін деп тілейміз, Кешімізді әрі 
қарай көңілді бимен жалғастырамыз.
5) «қызыл телпек» тобы «Морячка» биі
6. Айзере «Балдәурен» Ақбота «Айгөлек»
7. Айна «Қошақаным»
8. Атамекен хор.
9. День победы музыка.
* * * * *
БАТЫРЛАР АЛЛЕЯСЫНДА ЖЕҢІСТІҢ 69 ЖЫЛДЫҒЫ 
ҚҰРМЕТІНЕ ОТАН ЖӘНЕ АУҒАН СОҒЫСЫ  АРДАГЕРЛЕРІНЕ 
АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШТІҢ СЦЕНАРИЙІ
                                                      
   Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, Ж. Байгуттиева атындағы 
өнер мектебі домбыра бөлімінің ұстазы Шалабаева Нұржамал Сайрамбайқызы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет