Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет29/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

67- 
сурақ.  Ж уректің  систолалық  және минут т ы қ  сиымдылыгы 
деген не,  оны қалай анықтауга болады?
Жүрек етгері жиырылған кезде қолқа мен өкпе артериясына белгілі 
мөлшерде қан қуылады.  Қарыншадан систола кезінде шығатын қан- 
ньщ мөлшерін систолалық сиымдылық деп атайды. Ол қарынша қуысы- 
ның  көлеміне,  жүрекке  оралган  қан   мөлшеріне,  қары нш а  етінің 
жиырылу күшіне, жүрек жұмысының жиілігіне, мал түлігінің түріне 
қарай озгереді. Адамда систолалық сиымдылық 65-70 мл, қой-ешкі- 
де -  70  мл,  жылқы мен ірі қарада  -  500-600 мл.
Жүректен бір минутта өтетін қан  мөлшерін жүректің минуттық 
сиымдылыгы  дейді.  Оның  мөлшері  ж асқа,  организмнің  шынығу 
деңгейіне,  жүрек  жүмысының  жиілігіне,  түлік  түріне  т.б.  қарай 
өзгереді. Жүректің минугтық сиымдылығын оның систолалық сиым- 
дылық мөлшерін жүректің бір минутгағы соғу жылдамдытына көбей- 
ту арқылы анықтайды. Адамда орта есеппен оның мөлшері 4,5-5 л, 
жылқыда  -  20-30 л,  ірі қарада  -  40-50 л.
Дене жұмысы кезінде жүректің минуттық сиымдылыгы көбейеді. 
Жаттықпаған, шынықпаған организмде ол жүрек соғуының жиілеуі, 
ал  ж атты ққан  организмде  -  систолалы қ  сиы мды лы қты ң  көбеюі 
арқылы өседі. Жүректің согу жиілігінің белгілі шегі болады, ол шексіз 
өсе  алмайды,  сондықтан  бұл  механизм  онша сенімді,  тиімді меха­
низм емес. Ал жақсы шыныққан организмде жүмыс үстінде жүректің 
систолалық сиымдылыгы өседі де, соңынан организм мұқтаждығына 
қарай оның соғу жиілілігі артады.
Жүректің минутгық сиымдылығьш анықтау үшін белгілі бір уақыт 
аралығында  қабылданған оттегі мөлшерін жөне  оны ң артерия  мен 
вена қанындағы деңгейін зерттейді. Мысалы, бір минут ішінде орга­
низм  400  мл  оттегі  қабылдап,  артерия  мен  вена  қанындағы  оттегі 
мөлшерінің айырмасы  8  колем пайыз болды дейік. Демек,  қанны ң 
өрбір  100 мл 8 мл оттегі сіңірген, ал оттегінің бүл мөлшерін (400 мл)
сіңіру  үшін  өкпе  арқылы  ---------- = 500 мл  қан   өту  керек.  Осыдан
8
бұл мысалда жүректің минуттық сиымдылыгы 5 л тең.  Систолалық 
сиымдылық мөлшерін минутгық сиымдылықты жүректің бір минут- 
тағы жиырылу санына бөлу арқылы анықтайды.
68- 
сурақ. Журек жумысы ыргагының қатаң сақталуының биология- 
лык, м әні неде?
Биологиялық жүйелер  өзінің  сенімділігімен  ерекшеленеді.  Бұл 
жағдайды  қалыптастырудың  бір  жолы  -  тіршілікгік  маңызы  зор 
мүшелердің  жүпталуы  (мысалы,  қос  бүйрек,  қос  өкпе  т.с.с.).  Ал
53


организмге ең қаж ет ағзаның бірі - жүрек,  - жалғыз ғана.  Сондық- 
тан да ағылшын ғалымы Дж.Баркрофт кезіңце  “Мені организмде жал- 
гыз гана жүрек болуы таңдандырады ”  - деп жазған. Табиғаттың бұл 
“кемістігі” осы ағза қызметін реттеу тетіктерінің күрделенуімен то- 
лықтырылған.  Қазіргі  кезде  жинақталған  мағлүматтарға  сөйкес 
жүрекгің көп қырлы қызметі үш түрлі реттеу механизмдері арқылы 
- торшалық, ағзалық (қабырғалық, интракардиалық) жөне сыртқы - 
экстракардиалық, - жүзеге асырылады.
Торшалық реттеу механизмы миокардтың өрбір торшаларының 
генетикалық  аппараттары,  органеллалары,  иондық-мембраналық 
тетіктер, ферментгік жүйелер түзеді. Бұл механизм миокард торша- 
ларында қозу жөне жиырылу процестерінің қалыпты жүруін, олар- 
ды ң ара  байланыстарын,  энергия  мен  құралымдық  (пластикалық) 
алмасуды қамтамасыз етеді.
Агзалық pemmey механизмдері миокардтьщ синцитий түрінде құры- 
луымен, жүректің өткізгіш жүйесімен, қабырғалық нерв аппараты- 
мен, торша аралық иондық жөне гуморальдық затгармен бейнеленеді. 
Б ү л   м еханизм   ж ү р ек тің   біртұтасты ғы н,  он ы ң   ж үмысындағы 
үйлесімдікгі қамтамасыз етеді, жүрекке өз жүмысын сыртқы өсерге 
(нервті, гуморальды) төуелсіз өзін-өзі басқаруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет