170
Бұдан ӛзге Қасым Аманжоловтың 8 сыныпта оқылатын «Ӛзім туралы»
ӛлеңі – кӛп қырлы, терең мағыналы шығарма. Ақын бұл ӛлеңді
шығарма-
шылығының кемелденген тұсында жазған. Белгілі сыншы-ғалым Бекен
Ыбырайым ӛлеңнің 1948 жылдардан бастап жазылғанын, оған дейін ақын
үнемі ӛз шығармашылық жолына сын кӛзімен қарап, жетілдіру үстінде
болғандығын жазады. Кӛрнекті әдебиетші Есмағамбет Ысмайловтың «Ӛзім
туралы» аяқталмаған ӛлең, ақынның философиялық поэма жазу мақсатынан
туған шығарма екендігі туралы ойларын келтіреді.
«Ӛзім туралы» ӛлеңі автордың ӛз тағдыры туралы ойларынан басталып,
кең арналы тақырыптарды кӛтереді. Олар: аға ұрпақ аманаты,
келер ұрпақ
парызы, адам тіршілігінің мәні, адамгершілік жайы, адамзат тіршілігіндегі
жеке тұлғаның мән-мұраты, адамның болмыстағы орны, ӛткінші ӛмір, уақыт
мәселесі, ӛшпес ӛнер табиғаты, ұрпақ пен дәстүр жалғастығы,
ақынның келер
ұрпаққа аманаты терең философиялық толғамдарда кӛркем сӛз образдары-
мен шебер ӛрілген.
Ал Фариза Оңғарсынованың
«Оюлар» ӛлеңінің табиғаты ӛзгеше.
Оқушыларды кӛбірек ұлттық ӛнерге бағыттайды. Қазақ халқының рухани-
эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен қол ӛнері, ою-ӛрнегі ұлттық
құндылықтың бірі. «Әжелер мектебінің» ӛрнекті,
зерлі сабағы болып
ұрпақтан ұрпаққа жалғасты болған түскиіз, сырмақ, текемет сияқты бұйым-
дардың күнделік тұрмысымыздан алшақтауына бүгінгі тұрмыс-тіршіліктің
тынысы да себепкер.
Ұлт мәдениетін айқындайтын қазақтың осындай қолӛнері ақын шығар-
масына ӛзек болған. Ӛлеңнің ӛн бойынан ұлттық ӛнерге деген құрмет пен
ақынның әжесіне деген ыстық сезімі, махаббаты да айқын танылады. Әр
ғасырдағы сан түрлі талап, талғамдардан сүрінбей ӛткен
қазақы асыл
ӛрнектің астарына ақын үлкен мән береді. «Сүрінбей ӛте алар ма
ғасырлардан, Әжемнің оюындай жыр-ӛрнегім!» – деп нағыз асыл ғана уақыт
сынынан сүрінбей ӛте алатынын мойындайды, ақын ӛз шығармашылығына
биік талап қояды. Ақынның қиялына қанат бітіретін,
шабыт сыйлайтын
бабалар жолы, ұлттық құндылықтар. Ақын ӛлеңінде нағыз ұлттық нақышты
жыр, халқын, елін сүйген жаннан ғана туады деген де астарлы мағына бар.
Алты шумақты, қара ӛлең ұйқасымен жазылған ӛлеңнің тілі жеңіл, ақын ойы
кӛркем айшықты.
Орта мектеп бағдарламасында ӛнер тақырыбын, соның ішінде қазақтың
ұлттық қол ӛнері, саят ӛнерін қамтыған шығармалар енген. Абайдың
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» ӛлеңі де ӛнер тақырыбына арналған.
Достарыңызбен бөлісу: