Атамекен атауындағы «Ақтаңдақтар»
Одан арылар жол қайсы, өткеннің өкіндірген
қатесін қалай түзейміз?
Бүгінгі Қазақстан картасына бажайлап қарасаңыз, алабажақ «ақтаңдақтар-
дан» – шұбарланған атаулардан көзің тұнады. Өткенге ой жүгіртсек, қаси-
етті атамекенімізді сонау Шыңғысхан шабуылынан кейін тапап өткен жау,
қанқұйлы Жоңғар басқыншыларынан кейін «ақтабан шұбырындыға» салған
ылаңшылар болмаған сияқты. Одан кейінгі ең ірі тарихи оқиға — Қазақстан-
ның Ресейге қосылуы. Одан кейін қазақ даласына Ұлы Қазан революциясы
бостандық әкелді. Жаңа өмірге қолы жетіп, шат-шадыман болған халқымыз
20-шы жылдары:
Егемен болмай ел болмас,
Етек-жеңі кең болмас,
Терезесі тең болмас.
Ленин туы астында
Енді қазақ кем болмас...
15 Осыған орай Е.Жұбановтың жариялаған мақаласында («Аңыздағы есімдер») //
Қазақстан мұғалімі, 1985, 18 қаңтар) келтірілген Алпамыс, Алдар көсе, Қозы Көрпеш, Қарабай,
Сарыбай, Қыз Құртқа жайындағы этимологиясын әлі де жетілдіре түсу қажет-ау деп білеміз.
100
деп жырлап, жаңа өмірді егемендікке балап, болашағынан үлкен үміт
күтті. Олай болса, қазақ халқы ғасырлар бойы жасап келген құтты мекен-
нің өзіне тән атауларын тарихи аз уақыттың ішінде шұбарландырған, бө-
тендендіре бұрмалаған, адам танғысыз күйге ұшыратқан қандай құдірет,
қандай күш?
Шынында да, «ел аман жұрт тынышта» өз атамекенінде отырған
жұрттың әлімсақтан бері қалыптасқан елдік сана, ұлттық дәстүрінің аяққа
басылып тапталуына, тағдырдың тәлкегіне ұшырауына, оның бедеріне
айғыздандыра дақ салып, алабажақ «ақтаңдақ» түсіруіне нендей себептер
болды, бұған кім кінәлі?» деген сұрақтың тууы заңды.
Ойлап қарайықшы: ғасырлар бойы тіршілік етіп, өмір сүріп келген
ата-бабаларымыздың кең аспан астындағы құтты мекені, кірін жуып, кін-
дігін кескен ана-жұрты, малын өргізіп, жыл он екі ай көшіп-қонған өрісі,
өсіп-өнген өлкесі мұрагер ұрпағы үшін өзіндік бар болмысымен ғана емес,
оның аты-жөні, атауымен де етене жақын, ерекше ыстық емес пе? Өскен
жердің кәусар бұлағы мен салқын самалы, орманды тоғайы мен жазира да-
ласы, асқар тауы мен айдынды шалқар көлі – бәрі де әркімнің жанымен
сезінетін табиғи ортасы болса, оның атаулары мәңгі бақи жадында сақтала-
тын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына, тари-
хи жәдігер. Халқымыздың асқақ поэзиясы мен ақындық шабыты да, дүние
танымы мен пәлсапасы да осында. Тіліміздің тарихы мен барша заңдылығы
да осы атаулардың бойынан табылады. Бұл қасиеттердің бәрі өсіп-өнген
өлкемізбен бірге туып, біте қайнасқан біртұтас дүние оны бөліп-жарып қа-
рауға болмайды. Ол осы тұтастығымен де ұлттық мәдениетіміздің үлкен
арнасына барып саяды.
Осыған орай күн тәртібіне қойылып отырған ономастика проблемасы
тек тілдің аясымен ғана шектелмей, саяси-әлеуметтік, тарихи, мәдени мәні
зор, ұлттық, құқылық, идеологиялық, моральдық шешімді талап ететін өте
күрделі құбылыс болып саналады.
Бұл мәселенің замана талабына сай дұрыс шешілуіне қажетті алғы
шарттардың бірнешеуін атап шығайық. Біріншіден, проблемаға «айналып
отырған ономастикалық құрылымдардың ауқымын, түрлерін, жалпы даму
заңдылығын анықтау қажет. Екіншіден, Қазақстан топырағындағы геогра-
фиялық атаулардың «дертке» ұшырауының себеп-салдарын, таралу шең-
берін айқындаған жөн. Үшіншіден, атамекен топырағын «ақтаңдақтардан»
арылтудың саяси-идеологиялық, моральдық, құқылық, экономикалық тіл-
дік тұжырымдамасын және оны іске асырудың нақтылы шараларын бел-
гілеу. Проблеманың дұрыс шешілуі де міне, осыларға байланысты.
Біздің жобалауымыз бойынша кейінгі екі ғасыр беделінде қазақ
топонимдерінің үштен бірі өзгерген, ауыстырылған, не жаңадан пайда
101
болған. Біз олардың санын, құрамын, өзгеру дәрежесін қазірше нақтылап
дәл айта алмаймыз. Бірақ, бұлардың көпшілігі алабажақ «ақтаңдаққа»
айналған табиғаты жасанды, тіліміз бен рухани болмысымызға жат, шығу
тегі, қойылу принципі күмәнді атаулар.
Бұл, әрине тым алыста жатқан құбылыс. Егер біз ащы болса да,
шындықты ашық айтқымыз келсе, оның себебін ХІХ ғасырдың аяғынан бері
емін-еркін жүзеге асырыла бастаған патшалық Россияның отаршылдық
саясатынан іздегеніміз жөн. Россияның ішкі губернияларынан Қазақстанға
көшірілген жерсіз-күйсіз жүрген миллионнан астам орыстың мұжық-
шаруалары өздеріне тартып әперген ең шұрайлы (тау алқабы, шөбі шүйгін
өзен-су бойы) 47 миллион гектар қазақ жерін ғана иелеп қойған жоқ, ол
жерлерге өз елінің (хутор, деревня, поместье т.б.) атауларын да ала келген
еді. Ол атаулар ертеден келе жатқан жергілікті атауларды ығыстырып
барып, зорлықпен «қалыптасты».
Сөзімізді жандандыру үшін айтылып жүрген фактілерден мысал
келтірейік. Мәселен, ертедегі Туақала, Тұзқала (архив деректерінде солай)
аталған жердің алдымен Коряковке, одан кейін Павлодарға ауысуының
қысқаша тарихы бар. Ертіс өзеніне таяу жердегі көлден 1613 жылдан
бастап тұз өндіріліп, соған орай 1697 жылдан кейін Сібір орыстары мен
жергілікті қазақтар арасында айырбас сауда өрістей бастайды. Сол кездегі
тұз өндіруші көпес Коряков көлді түгел иемденіп, оған алдымен өз есімін
береді, ал ол 1720 жылы сол жерге салынған бекіністің атына ауысады.
Коряковтың қазақ тіліне бейімделген нұсқасы – Кереку тұрғындар
жадында осы күнге дейін сақталған. 1861 жылы сәуір айында император
II Александрдың баласы Павел дүниеге келгенде жергілікті орыс әкімдері
патшаға жағымпазданып, Кереку бекінісін Павелға «сыйға» тартады (не
деген жомарттық). Осыдан келіп отаршыл әулеттің біреуі екіншісімен
ауыстырылып, Коряков Павлодарға айналады.
Дәл осыған ұқсас отаршылдық принциппен көне Үйшік (Жайық)
қалаларының аты 1640 жылы орыс көпесі (қазақ балықшыларын аяусыз
қанаған алпауыт) Гурийдің есіміне ауысады. Тарихтан белгілі Қызылжарда
1752 жылы әскери бекініс салынып, ол 1807 жылы Петропавловск болып
өзгереді. Патша әулетінен кейінгі қазақ жеріне есімі көп қойылғандар
– отаршылдық саясатты білектің күшімен, қылыштың жүзімен іске
асырушы генералдар мен оның сатраптары. Жерімізде күні бүгінге
дейін қаптап тұрған Ванновка, Черняевка, Романовка, Николаевка,
Фогелово, Корниловка, Столыпинка сияқты т.б. жүздеген атаулардың
иесі, міне, солар. «Ақиқат айтылмай қалмайды» дегендей, солардың бірі
– қазіргі Целиноград облысындағы Балқашин ауданы мен оның орталығы
Балқашино. «Бұл кім еді?» десеңіз, ол туралы белгілі орыс ғалымы,
102
демократ, өзіміздің Шоқан Уәлихановтың досы Г. Н. Потаниннің берген
мінездемесін тыңдап көріңіздер. «Это был тишичный шовинист. Киргизи
(казахи) были для него ордой, с которой нечего было церемониться. Земли,
которые они занимают, доля государства выгоднее отдавать русским
крестьянам, а киргизы, пусть убираются куда хотят». Осындай адамның
есімін де қайран қазақ жері әлі әлпештеп отыр-ау!
Топонимикалық атаулар да – тарихи жәдігер. Олар кейіннен пайда
болған атаулардың қалқасында қалмауы керек. Мәселен: Шевченко –
бұрынғы Ақтау, Уральск – Теке, Луговой – Құланды, Құлан, Ванковка
– Майлыкент, Корниловка – Жаскешу, Успенка – Нілді, Дмитриевка
– Арқабай, Маловодкое – Атамқұл, Орденка – Жырауық, Николаевка
– Күнту, Столипинка – Қосбөлтек, Черкасское – Нияз, Антоновка
– Машат, Алексеевка – Ортатеректі, Михайловка – Сарыкемер,
Вознесеновка – Тастұмсық, т. т.
Қазақстан картасына елеулі «өзгеріс» енгізген кезең – тың және
тыңайған жерлерді игеру жылдары мен тоқырау дәуірі. Тың жерлерге
жасалған «шабуыл» миллиондаған гектар жердің қыртысын айландырып,
қопарумен ғана, Совет Одағының барлық жерінен миллиондаған
«тыңгерлерді» әкелумен ғана тынған жоқ. Бұл өлкені толық «иелену» үшін
оның аты-жөнін де түгел өзгертіп үлгерді. Жаңадан құрылған 2 мың совхоз
аты тыңгер басшыларының қиялы жетуінше орысшаланды. «Хрущевтің
он жылдығы» деп аталған (1954 – 1964ж.ж.) кезеңде басқа жерлерді
атамағанда, тек 5 облыстың (Көкшетау, Қостанай, Целиноград, Павлодар
және Солтүстік Қазақстан) өзінде 302 ауылдық және селолық Советтің
атауы орысша болып өзгертілді. Ал, тың игерудің 25 жылдығында бұл
өлкедегі «жаңа атаулардың» саны 3500-ге жеткені үлкен мақтанышпен
аталып жатты. Тың өңірін қаптап кеткен Талбухинский, Чеховский,
Кантемировский,
Даниловский,
Ломоносовский
атауларындағы
адамдардың, «немесе Одесский, Белогорский, Севастогюльский,
Западный, Южный, Восточный, Лесной, Степной, Озерный сияқты
Россия мекен-жайларының, географиялық атаулардың тайлы-таяғымен
Қазақстанға көшіп келуін қалай түсіндіреміз? СССР Советтік мәдени
қорының Топонимикалық қоғамдық советінің төрағасы үлкен ғалым В. П.
Нерознак бұл «тәсілді»: «Тоқырау заманында ұлттық атауларды өзгерту
сол жерді мекендеген халықтың құқын аяққа басып, дербестігіне қол
сұғумен жүзеге асты...» деп түсіндірді. («Неделя». № 31, 1989).
Қазақ халқын, Қазақстан географиясын жетік білмейтін кейбіреулер
«бұл құлазыған қу медиен дала, оған өмір әкелген, мәдениетін гүлдендірген
жандар өзінше ат қойып, айдар тағуға ерікті емес пе?» деп те ойлауы мүмкін.
Бұл – мүлдем қате пікір. Біріншіден, бұл халықтың «қала академиясы»
103
болмаса да, «дала академиясы» бұрыннан-ақ бар. Екіншіден, қазақ халқы
өмір сүріп келе жатқан ұлан-ғайыр бұл өлкеден ат қойылмай, атаусыз
қалған алақан аясындай жер табудың өзі қиын. Ал жағдайымен көшпелі
тірліктің күйін күйттеген ата-бабаларымыздың ат тұяғы тимеген сай-сала,
орман-тоғай, өзен-көлдерді былай қойғанда, ата жұрттың бірде-бір түпкірі,
бұлтарыс-қалтарыстары жоқ десе де болады.
Осыдан кейін қазақ жерінен ат қою үшін «қу медиен қаланы» іздеу дің
қажеті болмаса керек. Бірақ, көріп отырғандай, процесс әлі жүріп жатыр.
Жаңа қойылған мекен-жай атауларының бәрі де жергілікті халықпен емес,
«орталықпен» келісу арқылы немесе кейбір лауазымды жеке адамдардың
кеудемсоқтығымен-ақ шешіліп келеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін бір мысал
келтірейік. Бүгінде соғыс, еңбек, партия ардагері Сейітқасым Боранқұлұлы
өзінің Қазақ СССР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың атына жазған хатында
былай депті: «Қостанай облысындағы тыңда құрылған Камышный
ауданының ұйымдастырушысы болдым. Сол кездегі кейбір жағдайлар осы
күнге дейін естен кетпейді. Тыңда ұйымдасқан жаңа совхоздардың аттарын
аудандық партия комитетінің бюросында қарап, оларға жақсы, сүйкімді
жер-су қоныстардың, республикадағы қайраткерлердің аттарын беруге
тырыстық. Бірақ, Москвадағы бастықтар біздердің ұсыныстарымызды
өзгертіп, халқымызға еш байланысы жоқ аттар берді. Мысалы, Қостанай
облысы Орджоникидзе ауданындағы Аят өзені бойында ұйымдасқан
совхозға «Аятский» деп (орысшаға жуықтатып) жіберген ұсынысымыз
«Комаровский» болып өзгеріпті. Кейін білсек, орталықта патша өкіметі
тұсында жасалған бір картада сол жерге Столыпин реформасы кезінде жер
аударылған Комаров деген адам үй салған екен...»
Көріп отырсыздар, не деген «тәсіл», нендей «ыждағаттық?». Сонда Аят
өзенінің бойындағы жаңа совхозға жергілікті халыққа етене жақын және
ресми қалап отырған аттан да, қайдағы бір архивтен қазып тауып алған
Комаровтың есімі біреулерге сүйкімдірек болғаны ғой?!
Әлімсақтан келе жатқан Ақмола қаласының (демек облысының
да) бір сәтте Целиноград болып шыға келуі халықтың қалауымен емес,
Н.С.Хрущевтің бірауыз сөзімен тынды. Рас, тың көтеруді еліміздің
тарихындағы елеулі оқиға деп қарап, қазақ жерінен оған ат беру қажет еді
және ол берілді де. Мәселен, Целина және Целинное деп аталатын елді
мекен дәл қазір республиканың 6 облысында (Шымкент – 9, Қостанай
– 7, Целиноград – 4, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау – 3-тен,
Ақтөбе – 1 рет) 30 рет қайталанып, оның сыртында республикада
Целинный және Целиноградский деп аталатын 2 аудан, 10 ауылдық
Советі бар екен. Тың көтеру эпопеясын осыншама марапаттап, атауын
40-тан асырып тираждап жатқанда Целина деген ұғымның қазақ
104
жерінде қазақша (ең болмаса, Тың, Тың жер, Тың қала, Тың өлке
түрінде) бір рет кездеспеуі, бұл «эпопеяның» біздің жерге қатысы жоқ»
дегенін аңғартатын сияқты.
Осыншама тираждау аз болғандай, Ақмола қаласы мен облысын
Целиноград деп атау өз кезінде, қазірде де жергілікті халықтың
наразылығын туғызуда. Енді бұл мәселе, яғни заңсыз түрде жер бетінен
сырып тасталған атамекен атауларын қалпына келтіру мәселесі, күн
тәртібіне қойылып отырғанда, кейбіреулер оны тарихи контексте
қараудың орнына әртүрлі себеп-сылтау іздейтін көрінеді. Мәселен,
осы мәселе туралы болған бір басқосуда біреулер Ақмоланың мәнісі
(«Белая могила» деген) жаман ұғым екен десе, енді біреулер «бұл тарихи
эпопеяның символына қол көтеру болып саналады» деп қорқытса, тағы
біреулері, «сабын мен ұнтақ қат болып отырғанда қала атын өзгертуге
шығынданудың қажеті жоқ» деп басалқалық айтты.
Ескерте кетейік: Ақмола кейбіреулердің таяз түсінуіндей құбыжық
атау емес, қазақ даласында кеңінен тараған Ақтөбе, Аққала, Ақкент,
Ақсу, Ақкөл, Аққұдық, Аққұм тәрізді топонимнің бірі. Бұл арадағы ақ
сөзі тек түр-түстік мағынасын ғана емес, әлеуметтік символикамен
шектелетін ауқымы кең, «ақ», «таза», «адал», «қасиетті-қастерлі»,
«әулиелі» деген ауыспалы метафоралық бейнелеу мағынасында да
қолданылады. Ақмола сөзі болса, бұл да «қабырстан» мәнінде ғана
емес, «көне мекен-жайдың орны, ата-бабалардың сүйегі жатқан
қасиетті белгі, нышан» дегенді де аңғартады. Сондықтан біз
Ақмоладан «құбыжық» емес, қазақтың қасиетті жерінің байырғы
атауын аңғарамыз. Халықтың өзі қалап отырған ата-мекен атауын
оның тілін, дәстүрін түсінбейтіндердің мансұқ етуіне қарсымыз.
«Атамекен атауларын қалпына келтіру» деген жалпылама ұран,
шақыру емес, ономастика проблемасын шешудің ғылыми-практикалық
принципі болып саналады. Ол алдына «қайткен күнде де бөтен-бөгде»
атаулардан түгел арылу, жер бетін тап-таза ұлттық топонимдерге
айналдыру» деген мақсат та қоймайды. Бұл принциптің тағы бір
алғышарты – атамекенді халқымыздың тарихында жауыздығымен аты
шыққан, елдің ар-намысын таптаған адамдардың есімінен тазарту.
Осыған орай, Ермактың есімі де қанша сөз болып келеді. Тіпті
патшалық Россияның отаршылдық саясаты дәуірлеп тұрған кезде қазақ
жеріне Ермак есімі қойылмай келсе де, 1961 жылы Павлодар облысындағы
бұрынғы Ақсу орнына Ермак қаласы бой көрсетіп, қазақ халқының мәңгі
есінде қалсын деп оған зәулім биік ескерткіш орнатылды. Ал Ермактың
(Жармақтың) кім екенін әсіресе академик М. Қ. Қозыбаевтың жариялаған
еңбегінен кейін қалың жұртшылық жақсы біледі. Голощекин де осы
105
қатарда тұратын адам. Бұларды Павлодар, Қостанай жерінен аластау тарих
алдындағы парызымыз. Россия жерінде Шыңғысханға арналған ескерткіш
жоқ. Ал Ермак пен Голощекин болса қай бетімен, қазақ халқына жасаған
қандай «жақсылығымен» оның жерінде жәдігер бола алады?
Қазақстан картасындағы «жаңа типтегі» кейбір географиялық атау
лардың халықтың намысына тиетін, зығырданын қайнататын тағы
бір «себебі» бар. Ол қазақтың байырғы атауларын орысшаға толық не
жартылай аударып немесе орыс тілі «мәнеріне» салып өзгертіп қолдануға
байланысты. Бұл да бір ономастика мәдениетіміздегі дауасы табылмай
келе жатқан қасірет. Мәселен, оған бір Көкшетаудың Кокчетав, Синегорье,
Синюха деп үш түрлі құбылуы, Аққукөлді – Лебяжье, Ақсуды – Беловодск,
Белые воды, Ақжарды – Белый яр, Шортандыны – Щучье, Жетісуды –
Семиречье сияқты сөзбе-сөз немесе тұспалдап аударудан (мәселен, Май
ауданындағы Көктөбе – Белогорье) туған көптеген атаулар халықты әрі-
сәрі етумен келеді.
Қай заманда, қай елде өз жерінің атауының өзге тілге аударып
қолданылғанын көрдіңіздер? Егер біз бұл принципті қатал сақтасақ,
онда тіліміздегі дәл осы тәрізді мыңдаған басқа атауларды да орысшаға
аударуымыз керек. Мәселен, онда Алматы – «Яблоневый», Алатау –
«Пестрая гора», Қаратау – «Черная гора», немесе «Черногорье» деп...
Олай болса, жоғарыдағы «тәжірибені» тоқтату керек, тоқтатып қана
қоймай, орысшаланған атауларды картадан, құжаттан, жадымыздан
өшіріп, біржола қоштасуымыз керек. Сонда ғана Көкшетау орысшасы
Кокшетау (Кокчетав, Синегорье, Синюха емес), Жетісу орысшасы Жетису
(Семиречье, Джетису емес), Шортанды, орысшасы да Шортанды (Щучье
емес) болып дұрысына реттеледі.
Осы тәріздес атаулар санатына жататын не қазақша емес, не орысша
емес дүбәра «жасандылар» да тілімізде аз емес. Мәселен, Ерейментаудың
ең биік шоқысы ертеден-ақ Ақдің деп аталатын. Бұл «ақ бағана», «ақ
шоқы» дегенді аңғартады. Осы атау алдымен Белая сапка деп, одан кейін
қазақша «дің», орысша «дым»-ға айналып, Ақдым болып өзгертілді. Енді
осы жасанды Ақдым атауы қайтадан орысшаға айналып Белодым түрінде
қолданылып жүр. Қазақшаға қайтадан аударсақ, «Ақ түтін» болып
шығады. Бұл арада түтіннің өзі тұрмақ, иісі де жоқ. Бірақ, «қазаншының
өз еркі қайдан құлақ шығарса» дегендей, тілдік дәстүрмен санаспай,
атауларды емін-еркін, «кесіп-пішіп» қалғандар үшін «діңі» де, «дымы» да
бәрі бір ғой.
Дәл осы сияқты «жасандыларға», мәселен, Боровое (Бурабай), Бузачи
(Бозашы), Ялта (Алтыүй), Уруль (Ұрулы ел), Бурное (Боранды) тәрізді
«орыстанған» атаулар жатады, Боровое көлін орыстар өздерінше тергеп,
106
бор «жыныс», «тоғай» дегеннен шығарады. Сонда біздің «Бурабайымыз»
қайда қалғаны? Бузачи атауын біреулер мүмкін «бозаға» жақындатып,
бозашы («боза ашытушы») дейтін шығар. Ал, ол болса о баста сол
жерде өсетін боз шөбінің ащы, кермек дәміне байланысты «бозы-ащы»
тіркемесінен жасалмағанына кім кепіл.
Кейбір орыс жолдастар атаулардың осылайша бұзылуы жайында
әңгіме бола қалса, бізге Өскеменді (Устькаменогорскіден өзгерген)
Семейді (Семипалатинск), Орынборды (Оренбург), Омбыны (Омск),
Оралды (Уральск) т.б. алдымызға тартады. Рас, бұлардың бәр орыс тілінен,
сол тілдің заңына сай енген, бірақ «қазақтанған» атаулар. Сондықтан да
олар нұсқа ретінде қатар жүруге құқылы. Бұлар Бурабай – Боровое тәрізді
жасанды атаулармен үш қайнаса, сорпасы қосылмайды.
Реттеуді қажет ететін географиялық атаулардың тағы бір түрлі,
орысша екінші түрлі жазылатындары: қазақша Көкшетау – орысша
Кокчетав, сол сияқты Имантау – Имантав, Сораң – Сарань, Медеу –
Медео, Бескөл – Бишкуль, Кеңөткел – Кинейкуль, Алматы – Алма-Ата,
Оразай – Рузаев, Алтыүй – Ялта, Ұрулы ел – Урүль, Шолақаша – Челгачи
т.б. «Басын жарып, көзін шығару» деп осыны айтуға болады.
Транскрипция принципі – сөздерді бір тілден екінші тілге дәл,
түпнұсқаға жақын етіп жазу. Олай болса, Алматы мен Алма-Атаның
жазылуында 1923 жылдан бастап бұл принцип бұзылған. Соның
салдарынан ол орыс тілінде ұлттық мәнін жойып, «алмалы жер» емес,
«алманың әкесі» (отец яблока) болып жалпақ елге таралып кетті,
құлағымыз да үйреніп кетті. Бірақ, дұрысына көшу керек.
Ал Қазақстан картасында орысша жазылуы шаласауат, дүбәра мұндай
жер-су атауларынан аяқ алып жүре алмайсыз. «Орысша жазуға келмейді,
басқа ұлттардың айтуына қиын» деген жай сылтау. Патша заманынан
келе жатқан «дәстүрдің» жалғасын көреміз. Жергілікті халықтың тілін
білмейтін топографтар, жаманшылық ниеті болмаса да, оларды өз білгеніне
жазып картаға түсірді. Сол замандағы карталарды қарасаңыз, екі-үш сөзден
тұратын жергілікті атаулардың бәрін (айтуға жеңіл болсын деді ме екен?)
сызықша арқылы бөлшектеп жаза берген. Біз одан біртіндеп арылып келе
жатырмыз. Дегенмен, Кзыл-Орда, Талды-Курган, Катон-Карагай, Жаксы-
Жандыадыр, Булакты-Шилик, Жаңа-Киима, Жаркент-Арасан, Калам-
Карасу, Куль-Аул, Мамай-Каинды, Огиз-Урели, Чулак-Каинды, Аксу-Аюлы
түрінде қазақ тілінің қабырғасын сөгіп, топонимика заңын таптап жазып
жүрген географиялық атаулар әлі де көп. Демек, принципті аяғына дейін
сақтай отырып, бұларды да бір ізге түсіруіміз керек.
Қазақ халқы өз жерінде 7 жыл айдауда болған ұлы украин ақыны Тарас
Шевченко есімін өте құрметтейді. Оның есімі 1939 жылы Форт-Шевченко
107
қаласына қойылды. Сол жерде оның музейі, Арал теңізінің бойында
Шевченко бұғазы бар. 1964 жылы бұрынғы Ақтау қаласы Шевченко
есімімен тағы аталды. Қостанай облысында – 2, Ақтөбе облысында – 4
елді мекен және оның сыртында көптеген оқу-мәдени орындары мен көше,
парк, кітапхана, т.б. құрылымдардың аты Шевченко есімімен аталған. Ал
ақынның өз отаны –Украинада оның есімі екі-ақ поселкеге (Шевченко,
Шевченково) ғана беріліпті. Бұл есіммен аталған қала қазірше жоқ. Бұл
елді табалау емес, өзіміздің артықша емексуімізді мойындау.
Жалқы есім түріндегі ономастикалық құрылымдардың ең көбі көше,
алаң аттары. Алматы қаласын алып қарайық. Мәселен, мұндағы 2500-
ден астам көше, проспект, алаң және басқа спорт, көпшілік орындары мен
мәдени орындар атының басым көпшілігі кісі аттары екен. Соның 15-16
проценті ғана қазақ сөздері мен есімдерінің үлесіне тиген екен. Мәселенің
моральдық-этикалық жағын жылы жауып қойып немесе сыртқы белгісіне
қарап-ақ, Алматы қаласын «қазақ қаласы» немесе Қазақ республикасының
астанасы деп атау да қиын.
Жер-су, мекен-жай атаулары сияқты қала көшелері мен алаңдарының
аттары да ұлттық мәдениеттің көрнекі саласы. Олай болса, бұл мәселеге ел-
жұрт болып атсалысу керек. Бірақ Қазақстан, әсіресе Алматы сияқты қала
жағдайында ат қоюды референдум арқылы шешуге болмайды. Әлеуметтік
пікірмен есептесе отырып, ең алдымен жергілікті халық мүддесі ескерілуі
тиіс. Оны талап етуге қазақ халқының да моральдық құқы бар... Ол
парасаттылықпен, ұлт өкілдерінің өзара түсінісуімен, келісуімен істелетін
жауапты шаруа. «Оларды кіммен ауыстырамыз? Лайықты есім табыла
ма?» деп қиналудың реті жоқ. Қазақ жері елдің ар-намысын қорғаған
батыр-бағландарға (Бөгенбай батыр, Қабанбай, Райымбек), хандық құрып
елдің бірлігін сақтаған (Тәуке хан, Қасымхан, Есімхан, Абылайхан сияқты)
елбасыларын, әділеттіктің туын тігіп, елге жол сілтеген би-қазыларға
(Төле би, Қазыбек, Әйтеке би), рухани өміріміздің тұлғасы болған ақын-
жырауларға (Асан қайғы, Бұқар жырау, Қазтуған), күй атасы, ән құдіреті
(Қорқыт, Құрманғазы, Мұхит, Әміре), сал-серілерге (Ақан, Біржан) бай
жер. Дәріптегіміз келсе, соларды дәріптеп соларды қадір тұтайық. «Ата-
бабаларының аруағын тірілтіп жатыр» дейтіндер де табылар. Дей берсін.
Бүгінгі рухани жұтаңдық та, мәңгүрттік те соны қадірлемеушіліктен емес
пе? «Жердің аты – тарихтың хаты» деген сөз бар. Тарихымызды жасап,
дүние кешкен ұрпақты да ұмытпағанымыз жөн. Елдің елдігі де сонда.
Осы тәрізді ала-құлалыққа біз «Ж»-дан басталатын атауларды
орысшадан «Дж» арқылы жазуды жатқызған болар едік. «Орыстар сөз
басында ұяң «Ж» дауыссызын айта алмайды» деген де жай қауесет.
Железново, Жерновка, Жиляково, Ждановка тәрізді атаулардың
108
қатарында Жанаарык, Жанажол, Жандосово, Жарсуатский,
Жетыгенский сияқты жүздеген, мыңдаған топонимдер «Ж»-мен
жазылып, ономастика сауатымыз ашылып келе жатқанда, Джамбул,
Джезказган, Джездинский, Джезды, Джаныбек, Джамбейты,
Джалагаш, Джангала, Джетыгара, Джетысу сияқты атаулардың
сіресіп тұруын немен ақтауға болады?
Қазақша жер-су атауларының орыс тіліндегі «өмірі» мен
қолданыс тәсілінде бұдан басқа да небір сорақылықтар бар. Ол, әрине,
жер-су атаулары тағдырына, немқұрайдылықпен қарау салдары.
Әйтпесе, о заманда бұ заман қазақ топонимдерінен орыс тілінің
жалғау-жұрнақтары арқылы жаңа атау жасағанды кім көрген? Ал
біздің тәжірибемізде бұл «тәсіл» өзін емін-еркін сезінеді. Мәселен,
Актюбинск, Уральск, Иртышск, Козалинск, Каркаралинск, Чарск,
Каргалинка, Тургеневка, Алмаатинка, Айсарынское, Жандосово,
Шемонаиха, Кайманачиха, Карагужиха, т.б. толып жатқан осы сияқты
атаулардың «ск», «нка», «нское», «ка», «о», «ово», «ха»-ларын сыпырып
тастасаң, ар жағынан тап-таза қазақ сөздері шыға келеді. Гор. Актюбе,
речка Каргалы, село Жандосова десе де болады ғой. Ал орыс тіліндегі
род категориясымен анықтайтын «ский», «ская», «ское» жұрнақтары
жөнінде әңгіме басқаша. Мәселен, Урдинский (район) Кустанайская
(область), Ишимское (село) тұлғаларында айтылатын атаулар, әдетте,
анықтауыштың қызмет атқарып тұрады.
Бірақ, анықтауыш қатынастағы күрделі атауларды жазуда
қазақ тілінің заңына томпақ келетін де «тәсілдер» аз емес. Мәселен,
Большая Алмаатинка, Малый Аксу, Старая Тузды, Новый Узень,
Белый Аул, Красный яр сияқты «жартылай аудармалар» қазақ тілінің
өз мүмкіншілігінің тапшылығынан емес, «Қазаншының еркі бар...»
принципінен туындаған еркіндіктер. Ал, дәл осы «принциппен» кете
берсек, онда Кзыл-Орда емес, Красная Орда деуіміз керек, ұзын, қысқа,
жаңа, көне, үлкен, кіші, ақ, қызыл, қара сөздерінен жасалған (Ұзынбұлақ,
Қысқаарық, Жаңабазар, Үлкен Қаратал, Кішікөл, Ұлытау, Аршатау,
Қарашеңгел, Қызылжар т.б.) мыңдаған атаулардың анықтамаларын
орысшаға аударуымыз керек. Ешқашан да мұндай «еркіндікке» баруға
болмайды. Олай болса, кеткен қатемізді кешіктірмей түзетейік.
Қазақстан картасында бүгінгі таңда 19 облыс атауының 12-сі, 230
аудан атауының 63-і, 84 қаланың 26-сы, 210 жұмысшы поселкесінің 49-
ы, сондай-ақ 2400 селолық Советтер мен 8400 ірілі-кішілі елді мекен-
жайлардың, колхоз, совхоздардың атаулары орысша қате жазылып келеді.
«Оларды кім қойды, қалай қойды» деп тергеп жатудың дәл қазір қажеті
жоқ. Дегенмен, Жаңаарқа, Жаңатұрмыс, Жаңауыл сияқты «жасанды»
109
атауларды тоғыта бермей, шек қойып, ретіне қарай ауыстыру да қажет сияқты.
Бұл арада табиғат құбылысына, жер бедеріне байланысты (Ақсу, Ақжар,
Ақтоғай, Ақши, Ақдала, Талдыбұлақ, Ұзынбұлақ, Терісбұлақ, Тасбұлақ
т.б.) әр өлкеде қайталанып, көптеп кездесетін жер-су атауларын
олармен шатастырмау керек. Ондай қайталаулар қанша болса заңды.
Бірақ, қайталаудың да шегі, реті және табиғи заңдылығы болады.
Әсіресе, бұл кісі есімдеріне байланысты қатаң сақталуы керек.
Өйткені, біздің елдегі соншама етек жайған кісі есімдері есебінен
географиялық атау жасау, мемориал-жәдігер қалдыру дәстүрі басқа
бірде-бір мәдениетті елде кездеспейді екен.
Әрине, жалпы елімізде, Қазақстанда Совет өкіметін орнатуға
белсене араласқан, оның мәдени-ағартушылық өміріне еңбегі
сіңген партия, совет, соғыс ардагерлерін, мемлекет, ғылым-білім
қайраткерлерін құрметтеу, есімін есте сақтау – халықтың, кейінгі
ұрпақтың парызы. Бірақ, оларды бір республиканың өзінде 10 рет, 100
рет қайталап, елді мезі етудің қажеті бар ма? Мәселен, Киров есімі
елімізде 700 рет қайталанса, ірілі-кішілі мекен жай атауы ретінде
республикамызда 65 рет кездеседі екен. Сондай-ақ, Калинин есімі
70 рет, Жданов есімін 27 рет қайталаған. Дәл осы жағдайды Фрунзе,
Свердлов, Ворошилов, Буденный, Куйбышев, Дзержинский т.б.
адамдардың есімдері жөнінде де айтуға болады. Осының қажеті бар
ма?
Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңында ономастика проблемасы-
на ерекше көңіл бөлінді. Ал, Қазақ ССР Министрлер Советі қабыл-
даған тіл туралы мемлекеттік бағдарламада бұл проблеманы шешудің
нақтылы шаралары белгіленіп, қаржыландыру мәселесі көзделген.
Демек, мәселе көбіне-көп өзімізге байланысты. Атамекен
атауларын реттеуді халық болып қаласақ, қаулы қабылдауға да, қаржы
табуға да мүмкіндік жетеді.
«Социалистік Қазақстан», 1990. 9 қыркүйек.
(Т.Жанұзақовпен бірге)
Достарыңызбен бөлісу: |