2
, я Ит жоқта шошқа үредi
қораға, Ер жоқта құл жүредi жораға сияқты тiркестер мен мақалдарда қол-
данылып келедi.
2 Жұрт сөзi – Жұрағат < Жорағат тұлғасының ықшамдалған түрi
172
Осыған байланысты көне қазақ салты бойынша жаңа туған нәрес-
тенiң есiмiн Жорай деп қойып, ата-анасы оған «бұрын туған балаларыммен
жора болып, қатар өссiн!» деген тiлек-арманын түюi мүмкiн. Бұл жағдайда
есiмжасау моделiн Жора+й тұлғасында деп қарастыруға болады.
Сол сияқты қазақ қауымында Жабай деген де есiм бар. Жүз жасаған
Жамбылдың әкесi – Жабай. Осы есiмнiң негiзi екi түрлi түбiр болуы мүмкiн
деп жобалауға болады. Бiрiншiсi – бiр буынды *жап түбiрi: жап+ай>жаб+ай.
Сонда бұл түбiрдiң қазақ тiлiндегi мағынасын *жап- етiстiгi («закрывать,
покрывать» мағынасында) бiлдiрсе, екiншi мағынасын көне түркi тiлiндегi
– jap- «строить, делать» (ДРС, 235) – бiлдiрiп тұр; jap//уар етiстiгiнiң бұл
мағынасы қазiргi түрiк тiлiнде де сақталған.
Есiмнiң негiзiн *Жаба<Жаба+й деп жорамалдасақ, онда ондай сөздi
бiз қазiргi қазақ тiлiнен емес, көне түркi жазба ескерткiштер тiлiнен ғана
таба аламыз: jaba I «мокрый, влажный» (МК III, 24); jaba II «дикий» (ДТС,
221). Кейiнгi jaba сөзiнен қазақ т.б. түркi тiлдерiндегi жабайы, жабайылық
сөздерi туындаған.
Сонымен, Жабай есiмiнiң негiзi – *жабай сөзi деп жобалайтын болсақ,
онда бұл сөздiң о баста есiм болып қойылуы «ылғалды, дымқыл, сулы»,
не «жабайы», «тарпаң», «қолға үйренбеген» деген ұғымдарға байланысты
болғаны. Бұл шындыққа жанасама, жоқ па? – оны зерттеу керек. Ал, бiрақ
одан басқа дерек түркi тiлдерiнде байқалмайды.
Жоғарыдағы тiзiмде келтiрiлген жүздеген есiмдердiң (бәрiнiң десе де
болады) «тағдыры» осы мысалдарға ұқсас: мағыналары анық емес, шығу
төркiнi беймәлiм.
Қазақ халқының өзiндiк бiр ерекшелiгi – антропонимиялық және
этнонимиялық қорының өте бай, сан жағынан ғана емес, сапа жағынан
да сан алуан болып келуi. Бiрақ осыншама көп атау-есiмнiң iшiнде
өзiнiң құпия сырымен көзге ұрып тұрған осы топ, сондықтан да оны
жан-жақты зерттеудiң қажеттiгi баршаға аян. Олар өлi құбылыс болып,
тарих қойнауында қалып қойған дүние емес, көненiң көзiндей бүгiнгi
ұрпақ өкiлдерiнiң ата-тегi ретiнде де «жұмбақ» болып алдымыздан шыға
беретiн есiмдер мен атаулар. Олардың төркiнiн анықтау көпшiлiк болып,
пiкiр алысуды талап ететiн күрделi құбылыс.
Сайып келгенде, жұмбақтың сыры түркi тiлдерiнiң өз iшiнде.
Олар анығырақ айтсақ, бүгiнде өлi-тiрi түркi тiлдерiнiң бәрiнде бiрдей
сақталмаған, сақталса да, мағына-мәнi күңгiрттенген томаға-тұйық
қалпында, бiр буынды, не екi буынды өлi түбiр қалпында сақталған көне
элементтер. Мәселе, соларды дәл тауып, сөйлете бiлуде.
«Тілтаным», 2005. № 1. 53-66 б
173
Ясауи ме, жоқ Иассауи ме?
Қазақ археологтары Оңтүстік өлкедегі ірілі-кішілі 30-дай қаланың
орны белгілі екендігін көптен бері-ақ айтып келеді. Отырар, Сауран, Карнақ,
Шағылжан, Карашық, Шұр, т. б. Осылардың қатарында пайда болған қала-
лардың бірі – Шауғардағы Ясы қаласы деп көрсетіледі «Қазақстан тарихы-
ның» 1-томында (Алматы, 1996, 454-6.).
Бұл атаудың о баста, түпнұсқада дәл осылай жазылуын қандай бұлақтарға
сүйеніп алғандығы туралы жауапты археолог-тарихшы ғалымдардың өздері
бере жатар.
Бұл атау көбінесе Әзірет Сұлтан Қожа Ахметтің есіміне қосылып, кейін-
гі жылдарға дейін Қожа Ахмет Ясави түрінде жазылып келді. Алайда, соңғы
жылдары бұл атауды жазуда бірізділік байқалмай жүр. Ол: Ясауи, Яссауи,
Йасау, Йассауи, Иасауи, Иассауи т. б. жазыла бастады. Мәселен, Түркістан
қаласында шыққан бір ғылыми жинақта «Яссауи тағылымы» (1996 ж.) деп
дұрыс жазылса, жақында Түркияда басылып шыққан Кожа Ахметтің хикмет-
тері «Қожа Ахмет Исауи» деп беріліпті; Түркістан қаласындағы университет
өз атын «Қожа Ахмет Яассауи» атындағы Халықаралық қазақ-түрік универ-
ситеті деп жазады. Жоғарыда аталған «Қазақстан тарихы» (Алм., 1996) бірде
Ясы (454 б ), бірде Иассауи (14 т. б.б.) деп жазады т. т.
Міне, бұл жағдай қолайсыздық туғызып, тіл-жазу мәдениетіміздің
төмендеп бара жатқандығын көрсетіп отыр.
Не істеу керек?
Менімше, ең алдымен тіл заңдылығына жүгінген дұрыс қой деймін. Енді
біз осыны түсіндіріп көрейік.
1. Археологтардың ресми қолданып, барлық тарихи бұлақтарда жазылып
келген бұл қаланың аты – Ясы. Олай болса, екінші «С» дыбысының бұл сөзде
пайда болуы заңсыз.
2. Сөздің басындағы қосарлы дыбыс [й-йот және ашық дауысты дыбыс
-а] белгісі кириллицада «Я» әрібі (таңбасы) арқылы берілетінін мойындасақ,
онда қолданып жүрген ережеміз бойынша Йаса, Йасса, Иасса, Иаса емес, яса
түрінде жазғанымыз жөн. Ескерте кетейік: Егер бұл атауды латынша жазатын
болсақ, әрине Yasavi деп, қазақшалауда да, Yesevi деп түрікшелеуге де болар
еді. Бірақ қазақ тілі латын әліпбиін қабылдағанша «Я» арқылы жазуға мін-
деттіміз.
3. Ал, енді сөз басындағы «Я» қосарлы дыбысты «и» және «а» дыбыста-
ры ретінде жіліктеп (екіге бөліп) Иасауи, не Иассауи деп таңбалау ешбір заңға
симайды, өйткені сөз басында екі дауысты дыбыс [и+а] қатар тұра алмайды.
4. Яса қаласының Қожа Ахмет есіміне Ясауи түрінде телінуі орта ға-
сырлардағы мұсылман дүниесіне тән дәстүрге байланысты екені баршаға
174
мәлім. Бұл арада = , u – араб, парсы тілдеріндегі «тәуелділікті», «қатыстылықты»,
«иегерлікті» білдіретін грамматикалық тұлға (формант). Ол сол араб, парсы тіл-
дерінде бір ғана [и] таңбасымен берілсе де, оқылуы, естілуі = ый//іи, =уй//үй,
=ви қосарлы дыбыстарға жақын. Бұлар кісі есіміне, ру-тайпа аттары мен жер-
су атауларына жалғанғанда олардың соңғы ды-бысының (дауысты, дауыссыз)
ауанына қарай өзгеріп отыратындығы белгілі. Мәселен, дауыссыз дыбыстарға
аяқталатын есім-атаулар «и»-ді ғана қабылдаса (Дұғлат+и, Хорезм+и, Фараб+и
т. т.) дауысты дыбыстарға (а, о, е, и, у) аяқталатындар (екі дауысты дыбысты
қатар айтуға болмағандықтан) бір дауыссыз дыбысты (у, в, й) сыналап қосып
алады. Мысалы: Яса+у-и, Тақа+у-и, Ата+й-и, Маға+у-и т. б.
Осы заңдылықты ескерсек. Ясауи (арабшада: Ясави) деп жазу дұрыс.
Қорыта келгенде айтарымыз: тарихи тұлғалар, ұлы адамдар есімін сан
саққа жүгіртіп, әркім өз білгенінше жазудан арылатын уақыт жетті, өркениетті
қоғам одан ұтылмаса, ұтпайды. Бұл жерде тіл заңдылығынан басқа да, зиялы
қауым болып өзара келісіп, пәтуалауы баспалардың тіл мәдениетін сақтауға аса
зор мән беру де аса қажетті мәселе. Мамандар бас қосып, ақылдаса отырып,
әсіресе, тарихи тұлғалар есімдерін ру-тайпа, ұлыс, халық аттарын, жер-су атау-
ларын бір ізге салатын уақыт жеткен сияқты.
«Егемен Қазақстан», 1998. 15 тамыз
Есік пе, Ысық па?
Түркі халықтарымен дүниеге бірге келіп, ғасырлар бойы бірге жа-
сасып, қалыптасқан сөз байлығымыздың бір саласын жер-су атаулары
құрайды. Жер-су атауларын «жер тарихы деп, ал ол – «ел тарихы» деп ма-
дақтаудың да өзіндік мәні жоқ емес. Өйткені, алғашқы қауымнан басталған
даму барысында ру-тайпа, ұлыс, халық болып қалыптасқан әрбір этностың
көптеген шартты белгілерінің біріне тұрақты ғұмыр кешіп, тіршілік етуі-
не қажетті табиғи орта мен географиялық аумақ жатады. Міне, сол әрбір
этностың ең бастапқы дүниетанымы, саналы өміріндегі алғашқы «шығар-
машылық өнері» өзін қоршаған табиғи орта мен географиялық нысандар-
ды өз сөздері арқылы сипаттап, белгілеуден, яғни, ат қойып, айдар тағудан
басталады.
Міне, осылайша дүниеге келіп, қалыптасқан мыңдаған жер-су атау-
лары сол халықтың өз тілінде сөйлеп, тылсым тарихтан сыр шертетін, кө-
ненің көзіндей айтары мол тарихи бұлаққа айналады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бүгінгі қазақ халқы да түркі әлемінде
тек өзінің ұлан-ғайыр жерімен ғана емес, сол жердің бет-бедеріне небір
ғажайып сөз өрнегін түсірген, бір тұтам жерін бос қалдырмай, мәнді де
маңызды, көне де байырғы атаулармен нысандауы арқылы, рухани бай ха-
лықтардың санатына жатады.
175
Қазақтың кең жазира даласынан жанды табиғаттың барша құбылысын,
құрлықтың құрамдық көрінісін түгел кездестіруге болады. Қазақ жерінің
бетіне бейнелі де айшықты атаулармен «жазылған» тарихтан саналы қауым
өзінің өткен тарихын, ата-бабаларының өз ұрпағына қалдырған қасиетті де
қастерлеуге тұратын құндылықтарын танып-білуіне әбден болады. Әрине,
ол құндылықтардың көбісін тарих шаңы басып, уақыттың құдіретті күші
өзгертіп, замана талабы өз еркіне көндіргені де белгілі. Олардың көбісі
кейінгі ұрпақ жадынан шығып, ұмыт бола бастаса да, бірақ тарих жады
түгел ұмыта қойған жоқ.
Міне, халқымыздың өткен өмірінен дерек беретін, оның тарихи-
мәдени болмысына тән рухани жүгін арқалап келе жатқан талай
ғасырларды аттап, мағынасы мұнарланып, тұлғасы өзгеріп бізге жеткен
жер-су атаулардың біріне Есік-Есікті (орысша – Иссык) атауы жатады.
Есік көлі, Есік өзені, Есік қалашығы, Есік қорғаны – бұлардың бәрі әр
түрлі географиялық тарихи-әкімшілік нысандарға қатысты бір Есік түрінен
туындаған атаулар. Алайда, бұл атауды о баста Іле Алатауының қазіргі
Еңбекшіқазақ ауданы аумағына жататын таулардың қойнау-шатқалында
теңіз деңгейінен биіктікте табиғи түрде пайда болған (уақытын айту қиын)
тау көлінің атынан туындаған деп жобалауға болады. Жетісу өңіріндегі
ғажайып табиғаттың көз тартар көркем суретіндей болып, өз еліміздің
ғана емес, шетелдердің де азаматтарын өзіне қызықтырып келген бұл көл,
өкінішке орай, табиғи апаттан (сел тасқынынан) төмен қарай құлай ағып,
жоқ болды (Қазірше қалпына келтірілген жоқ).
Бұл көлдің тарихы әлі толық зерттеле қойған жоқ. Алайда Алатаудың
арғы күншығыс жағындағы Қырғыз жерінде орналасқан Ыстық көлмен
(орысша: Иссыкуль) оның табиғи байланысы бар екендігі көптен сөз болып
келеді. Тянь-Шань тауының (Хан Тәңірінің) арғы-бергі беттерін алып
жатқан ғажайып таулы өлке сонау сақ заманынан белгілі, сақ, түрік хандары
жайлаған, хан ұрпағын жерлеп, қорғандар орнатқан қасиетті аймақ болып
саналған. Күлтегінге арналған ескерткіште (VIII ғ. ) айтылатын «түрк ыдуқ
субы» (орысша «священная тюркская страна») деген ұғымының да осы өлкеге
тікелей қатысы бар.
Енді көл, өзен, қала, қорған атаулары болып тұрған Есік сөзінің өзіне ке-
лейік. Бұл біздің айқындауымыз бойынша, Есік те, Есікті де (орысша Иссык та,
қырғызша Иссик-куль де) емес, оның о бастағы төркіні – көне түркі тілінде кең
тараған «қасиетті, киелі» (орысша: «священный, сокральный») деген мағына
беретін Ысық сөзі. Тәңірге, табиғаттың тылсым күшіне табынған дәуірде сон-
шама биіктікте пайда болған көлдің осылай аталуы – заңды құбылыс. Сонда:
қазақ жеріндегі Есік көлі – Есікті көлі де, Қырғыздың Ыстықкөлі де – көне
Ысық сөзінің дыбыстық жағынан өзгерген, көне мағынасының, ұмыт бо-
176
лып, бірде «үйде, ғимаратта, қорада т.б. нысандарда болатын, ашып-жабы-
латын есік» мағынасында, енді бірде «көл суының ыстықтығын» білдіретін
мағынада қолданылуы шындыққа жатпайды: қазақ көлінде есік жоқ та, қы-
рғыз көлінде де ыстықтың белгісі жоқ. Бірақ екі атау – бір сөз.
Сондықтан да, белгілі мәскеулік түрколог-ғалым, профессор Э.Р.Те-
нишев қырғыз Ыссық көлінің атауын (топонимін) «з» дыбысымен келетін
редиктілі (сирек) формада қалыптасқан ертедегі Ызық көл («священное озе-
ро») тіркесінен таратады (Э.Р.Тенишев. Древнекыргызский язык, Бишкек,
«Кыргызстан», 1977. 26 б.). Автор қырғыз жерінде басқа да Ызық//Ысық
(мыс. Ызық Ата «святой отец» т.б.) атаулары сақталған деп көрсетеді.
Біздің сөз етіп отырған Есік атауы да көне «Ысық» («қасиетті», «игілік-
ті» мағынасындағы) сөзінің өзгерген түрі. Бұл сөз түркі тілдерінің даму заң-
дылығы бойынша түркі әлемінде: ысық-ызық-ыдық-ыйық-ысыах-ыһыах т.б.
тұлғалық (олардың арғы түбі қазақ тіліндегі игі//ізгі сөздерінде сақталған)
және мағыналық нұсқа түрінде қолданылған, қолданылып та келеді. Бір мы-
сал келтірейік. Мәселен, саха (якут) тілінде Ысыах// Ыһыах – көктем ба-
сында ойын-тамаша, қымыз ішумен өткізілетін қасиетті де дәстүрлі ұлттық
мейрам-мереке. Ол туралы әдебиеттерде (қараңыз. Памятники фольклора
народов Сибири и Дального Востока. Якутский героический эпос «Могу-
чий эр Соготох». Новосибирск, 1996, с.400): «В прошлом ысыах устраивали
по случаю свадьбы и других важных событий. В «Олонхо» устраивают по
поводу всех важнейших событий (победа героя, женитьбы богатырей и т.п
), но обязательно приуроченных к лету. В настоящее время ысыах является
всенародным национальным праздником», – деп көрсетеді.
Бұл ысық сөзінің көп мағыналарының біреуі ғана. Жер-су атаулары-
на байланысты көбінесе «қасиетті, киелі, игілікті» (орысша «священный,
сокральный, обетованный») деген мағынасы қалыптасқан. Демек, Есік
көлінің, сондай-ақ, осыдан туындаған Есік өзені, Есік қалашығы, Есік
қорғаны атауларының о бастағы тұлғасы – Ысық, мағынасы «қасиетті, ки-
елі, игілікті» болған.
Бейнесі Мемлекетіміздің рәмізіне айналып отырған әлемге әйгілі
«Алтын адамның» мәйіті табылған, кезінде талай сақ, түркі хандары жер-
леніп, қаншама қорған салынған Жер жаннаты Жетісудағы басы сонау
Хан Тәңірінде жатқан апай төс Алатаудың төрінен орын тепкен Ысық-Есік
жерінің кезінде «қасиетті, киелі, игілікті» деп аталғандығына ешкімнің де
күмәні болмаса керек.
Әрине, әр алуан себептермен Есік-Есікті болып өзгеріп кеткен бұл атаудың
көне атын қайтадан жаңғыртып, Ысық деп айтуға да болар еді. Бірақ ол әрекеттің
әурешілігі көп болатындығы да баршаға белгілі. Ысық атаулының тарихын
қарастырып, төркінін анықтаудағы біздің мақсатымыз, түптеп келгенде: ата-
177
бабаларымыз сонау көне заманның өзінде бүгінде «Алтын Адамның» мәйіті
табылуымен әлемге белгілі болған осы бір құтты мекеннің қастерлеген атауы
– Ысық («Қасиетті көл», «Игі өзен», «Киелі жер») болғанын бүгінгі жас ұрпақ
біліп жүрсе деген игі тілекке байланысты. Ал, осы өлкеден табылған «Алтын
Адамды» сол қасиетті елі мен жері үшін қыршынынан қиылған, хан әулетінен
шыққан жас ұлан» деп танып, бүгінгі ұрпақ оның басына ескерткіш орнатып,
көне дәуірдің көрінісін көзге елестетер белгі-нышандар қоя алса, саналы
ұрпақтың бабалар алдындағы перзенттік парызын орындағаны болар еді.
«Қазақ әдебиеті», 2003. № 32.
Алма - Ата емес, Алматы...
Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсап келген егемендікке қолы жетіп, тәуелсіз
мемлекет болғанына да Құдайға шүкір, біраз уақыт өтті.
Егеменді еліміздің алғашқы қадамы ұлттық болмысымызды, бұрмаланған
тарихымызды, бағасы жойылған рухани құндылықтарымызды қалпына
келтіруден басталғаны досқа да, дұшпанға да аян. Өткен он жыл ішінде он
ғасырда істелінбей келген оң өзгерістер жүзеге асты. Әлі де талай өзгерістер
алдымызда. Бүгінгі қарбалас, қайта құру кезеңінде қарапайым халықтың
«өлгені тіріліп, өшкені жанғандай болған» бір қуанышы – сол бұрмаланған
тарихи шындықты қалпына келтіру.
Алайда, адам баласынан пендешілік қалған ба? Кейбір Қазақстандық
азаматтар егемендік арқасында еңсесі көтеріліп, мерейі өссе де, күн сайын көз
алдында өтіп жатқан заңды да ауқымды тарихи өзгерістерге көңілі толмай,
ескіні аңсауы, өткенге деген өксігін баса алмай жүргендігі байқалып қалады.
Осындай, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар бұл құбылыстың бір көрінісін біз
кейінгі кезде қолға алынып, қарбалас шешіліп жатқан жер-су, қала-село, мекеме
атауларын өзгерту әрекетінен де айқын көреміз. Бұл мәселе бір жерлерде дұрыс
шешімін тауып жатса, екінші бір жерде асығыстық, науқаншылық, біліксіздік,
асыра сілтеушілік те байқатып қалады.
Бірақ, қалай болғанда да, бұның бәрін егеменді ел болудың ізгі ниетінен
туындаған, ғасырлар бойы отаршыл, өктем, үстем саясаттың, небір сұрқия-
сұмдық нәубеттердің зардабынан халқымыздың бойына сіңіп қалған ауыр
дерт пен құлшылық әдеттен құтылудың, біржола арылудың алғашқы заңды
қам-қарекеті деп қараған жөн.
Өктемдігін жүргізіп, билеп-төстеуші империяның өз кезінде ұстанған
түпкі мақсаты қазақ сияқты аз халықтың жерін иеленіп, өзін құл-құтанға
айналдыру болса, оны орындаудың алғышарты – сол халықтың тілін жою,
дінінен адастырып, шоқындыру, жер-су, мекен-жайларының атын өзгерту
болып саналады. Қазақ жерінде бұл саясат түпкі мақсатын түгелдей орындай
алмаса да, қазақ қауымының бетіне шіркеу, сүйегіне таңба болып қалған
178
небір жағымсыз жағдаяттарды жүзеге асырып үлгергендігі айдай әлемге аян.
Басқасын былай қойғанның өзінде, халқымызды «қазақ» деген өз атынан
айырып, 20-жылдарға дейін «қырғыз», «қайсақ» деп алдаусыратуының өзі
тарих алдында қандай күнә еді. Осы өктемдік саясаттың салдарынан жүздеген,
тіпті мыңдаған қазақша жер-су, қала-село, аттары жер бетінен өшіріліп, не
өзгертіліп, бұрмаланып, басқаша аталып кеткендігін қалай жасыра аламыз.
Сол тауқіметті басынан кешірген қасиетті мекеннің бірі – көп жылдар
еліміздің ел ордасы болған Алматы қаласы. Барша қазақ қауымы үшін Алматы
қаласының бұл атауы ешқашанда басқаша аталған емес. Өйткені, ол сонау,
IХ ғасырдың өзінде-ақ Ұлы Жібек жолының бойындағы қазіргі қала тұрған
жерде сауда орталығы болды. Алматы ХIV ғ. (1339ж) Шағатай ұлысының
бір орталығы болғандығы, қаланың орнынан алтын-күміс теңгелердің,
тайқазанның шыққандығы, оның З.Бабыр мен М.Хайдар Дулатидің
жылнамаларында аталғандығы бізге тарихтан белгілі.
Міне, тарих жадында сақталған, жергілікті халық жүрегінде Алматы
болып жатталған көне қаланың тағдыры қалайша тәлкекке түсе берді?
Қазақстанды отарлаған Ресей империясы ХVIII ғасырдың 50-жылдары
(1834ж) Алматының орнына әскери қамал орнатып, «бұл Ресейдің шығыстағы
ең сенімді қорғаны болсын!» деген оймен оны «Верный» деп атады. Сөйтіп,
Алматы 67 жыл «Верный» болып келді. Одан соң әртүрлі себептермен
(атап айтқанда: Қазақстан картасын жасаушы, бірақ, қазақ тілі мен оның
болмысынан мүлдем хабарсыз топографтар мен гейодезистердің еркімен,
қазақ жерінде Алматы сияқты көне қалалардың болғанын суқаны сүймейтін
саясаткерлердің «Алматы» деп айтуға тілі келмейтін, қаламы жүрмейтін
тәлпіш әкімдердің қалауымен, сондай-ақ табиғатына жағымпаздық тән
жергілікті басшылардың принціпсіздігінен т.т.). Алматы көп жылдар бойы
(1921ж бері, Жетісу рефкомының №12 Жарлығы бойынша) бұрмаланып,
ресми түрде Алма-Ата болып аталып, шеттен келген тосын жұртқа, бет-
аузымыз қызармай-ақ бұл «алманың атасы» деген сөз деп түсіндіріп келдік.
Қылышынан қан тамып тұрған тоталитаризм кезеңінде «бұл олай емес» деп
қарсылық айту мүмкіншілігі болмады.
Қарапайым халықтың қалауын ескеріп, тарихи шындықты қалпына
келтіру мүмкіншілігіне егемендіктің игілікті нышаны ретінде тек кейінгі
жылдары қолымыз жетті. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті
Н.Ә.Назарбаевтң «Қазақстан республикасының астанасы туралы» 1995 жылы
5 қыркүйегіндегі Жарлығында (1-пункт): «Қазақстан Республикасының
астанасы – Алматы» деп жазылып, астана ауысса да, бұл атау мәңгі бақи
ресмиленді.
Бірақ, өкініштісі, Алматы туралы әңгіме мұнымен аяқтала қойған жоқ.
Байқап қарасақ, өткенді (дұрысы: өткендегі қазақтың мүшкіл күйін) аңсап,
179
өктемдікті сағынып, өксігін баса алмай жүргендер арамызда әлі де бар екен.
«Алматыны ресми түрде Алма-Атаға айналдыру» қарбалас науқаны қайтадан
басталды. Бұған бұл жолы мұрындық болып, жол сілтеп, қолтығына су бүркіп
отырған, көп жорналшылардың бірі емес, баршаға абыройын асырып, беделін
арттырып жүрген қала әкімі В.Храпунов мырзаның дәл өзі болып отыр.
Демек, бұл – «әңгіменің күрделене түскені» деген сөз. Алматыдай
1,5 милионға жуық тұрғыны бар қаланың әкімі, қазақшалап айтқанда,
– «жарты патша» ғой. Сондықтан да болар «Алматыны Алма-Ата
қалу керек» деген әкім идеясын қала қарауындағы «АиФ – Қазақстан»
апталығы мен «Вечерняя Алматы» газеті кейінгі кезде қарбалас
науқанға айналдырып, ушықтырып жіберген сияқты. Газеттердің
мүмкіншілігі мол, әрине. Сондықтан да болар, бірінен кейін (Айф,
№ 22, май, 2003) бірі («Веч.Алматы», 18.Х. 2003) әкім атына ашық
хаттар ұйымдастырып, еліміздің атақ-даңқы жер жарған, маңдайалды
азаматтарының қолын қойғызып, өкіметке «енді шешпей көр!» деп
қыр көрсететін сияқты.
Ал енді сонда қарбалас науқанды ұйымдастырушы және қолдаушы
қауымның «Алматы атауына тағар айыбы не, ол несімен ұнамайды?
Оған қарсы айтар дәлелі не?» деген сауалға келейік. Аталған екі
газеттің бетінде орысша жарияланған пікірлердің біразын санамалап
шығайық: «Это – досадная ошибка» («Алма-Атаның», «Алматы»
болып өзгеруін айтып, өкініш білдіріп тұр); «Алма-Ата мне нравится
больше»: «Я – за старое название: Алма-Ата. В моем понимании
Алма-Ата звучит по русски, а Алматы по-казахски»; «Ой, Алма-Ата
легче выговаривать. Алматы сложнее воспринимать. Мне кажеться,
город Алма-Ата душевнее звучить»; «Я больше склоняюсь к Алматы»;
«Я почему-то никогда над этим не задумывалась какая разница, как
называется город?» (Айф-Казахстан, №22, май, 2003).
«Вечерняя Алматы» газетінде жарияланған ашық хат: «Обращаясь
к Вам (т.е. В.В.Храпунову) с предложением вернуть газете старое
название, мы ни в коей мере не преследуем каких-либо популистских
или иных целей. Нами движет прежде всего желание вновь держать
в руках любимую газету с привычным ласковым именем «Вечерняя
Алма-Ата» – деп қорытады өтінішін.
Арнайы ұйымдастырылған осы хаттар мен басқа да жеке
мақалаларда айтылған пікірлер мен уәждерді зерделеп қарасақ,
көріп отырғанымыздай, «Алматы ұнамайды?», «Алматы ұнамайды?»,
«Алма-Ата ұнайды» дегенге ғана барып саяды екен. Бұл «соншалық
жауапты іске соншама жауапсыздықпен қарау» деген осы емес пе?
Ал енді Алматы атауының өз басына келетін болсақ, ол қазақ
180
халқының жүрегінен қайнап шыққан, өз тілінің сөзжасам үлгісі
бойынша дүниеге келген көне де байырғы қазақы атаулардың бірі.
Тек Қазақстанның өзінде ғана жүзге тарта Алматы, Алмалы, Алмалық
атауы бар екен. Алматы – «алма» сөзіне -ты//-ті қатысты сын есім
журнағының ең көне қатаң нұсқасы жалғануы арқылы жасалған атау.
Бұл атау құрамында ешқандай «ата» деген сөз жоқ. Демек, Алма-Ата
– «отец яблоки» деп түсіндіру сыпайылап айтқанда, бос сөз.
Бұл ғана емес, қазақ жерінде осы аталған сөзжасам үлгісі бойынша
пайда болып, қалыптасып, ғасырлар бойы қолданып келе жатқан:
Мойынты, Бұланты, Бұғыты, Қадаты, Шідерті, Сөгеті т.б. осы сияқты
жүздеген топонимдерді атауға болады. Алматыны («алмасы көп жер»)
орыс құлағына жағымды естіледі деп, «Алма Атаға» бұзып, өзгертіп
айтумен ғана тұрмай, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «Алманың
атасы» деп түсіндіру, тіл мәдениетінде бұдан артық сорақылық
болмаса керек.
Рас, қазақ топонимикасында ата, баба, бап, ана, ене сөздерімен
тіркесіп жасалған топонимдер мен этнотопонимдер баршылық. Бірақ
бұлардың баршасы адамға қасиетті, көріпкел, әулие-әмбие пір деп
сыйынатын ел ішіндегі ұлы да ұлағатты тұлғалардың есімдерімен
ғана тіркесе алатын аппелятивтер: Әулие ата, Шопан ата, Қамбар ата,
Арыстан бап, Қанға баба, Гауһар ана, Домалақ ене, т.б.
Бұл аппелятивтердің бірде-біреуі алма, өрік, сөгеті, қайың
сияқты өсімдіктермен, бұлан, бұғы, қарсақ, т.б. жан-жануарлармен еш
уақытта тіркеспейді. Сондықтан тосын құлақ үшін қаншама жағымды
естілсе де, алма («яблоко») мен ата («отец») қатар тұра алмайды, бұл
– алогизм.
Сонымен, қорыта келгенде айтарымыз:
Алматы атауы, тарихи тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да атақ-
лауазымды адамдардың, не көпшіліктің қалауы бойынша да, заң
(юриспруденция) бойынша да «Алма-Ата» деп ресми түрде өзгертуге
болмайды.
Себебі:
1) Алматы – көп бұрмаланып, өзінің табиғи қалпына келген ресми
түрде (Президент жарлығымен) бекітілген тарихи атау;
2) Егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған ел өз тағдырына
қатысты ішкі проблемаларының баршасын ешкімге алаңдамай-
ақ көрші мемлекеттердің мемлекетте жасайтын диаспоралардың
ықпалынсыз, өз өкіметінің жарлығымен өзі шеше алады;
3) Ономастика (топонимика, антропонимика, этнонимика т.б.)
проблемалары республика аумағындағы қабылданған заңдар мен
181
«Қазақстан географиялық атауларының мемлекеттік каталогының»
ережелері негізінде ғана жүзеге асады;
4) Географиялық атаулардың ұлттық нұсқасымен қатар, басқа
тілдік нұсқалары болған жағдайда, ішкі де сыртқы (халықаралық)
қарым-қатынастарда тек ұлттық нұсқасы ғана қолданылады деген
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) деклорациясы негізге алынуы тиіс.
5) Қазақстан республикасы аумағында Алматы атауы да және сол
сияқты басқада атаулар да, бұрылмай, бұрмаланбай, өзінің ұлттық
тұлғасын сақтап қолдануы керек.
Қазақстанда Алматы атауының транелитерициясы қабылданған
ереже бойынша Алматы болып қана жазылуы тиіс.
Алматы атауының тамаша қаламыздың тарихи да байырғы атауы
ретінде ресмиленуі, ол туралы кім, не ойласа да, егемендіктің тағы бір
игі жемісі деп қараған жөн.
«Ана тілі», 2003. № 44. 6 қараша
ЭТИМОЛОГИЯ
Жалпы лексикологияға қатысты, бірақ зерттеу нысаны мен тәсіліне,
мақсат-міндетіне байланысты өзіндік ерекшелігі бар оның тағы бір үлкен
де күрделі саласы – этимология десек, ол өзінің бір бастауын Ә.Қайдар
еңбектеріндегі бір буынды түбір сөздерден алады. Ғалымның ғылыми
принципті пікірі бойынша қазақ (сондай-ақ байырғы түркі) сөзінің төркіні,
түптеп келгенде, тек бір буынды (моносиллаб) деңгейінде ғана анықтауға
тиіс.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, сөз төркінін анықтау
ға әркімнің-ақ жаны құмар. Алайда, этимология жөнді-жөнсіз долбар
айтып, сөз табиғатын өзінше түсіндіріп машықтанудың нысаны емес,
ол, керісінше, тіл білімінің биік талабына сай тілдің даму заңын толық
меңгерген адамдардың ғана шұғылданатын күрделі кәсібі. Этимология,
біле білсек, сөз тарихының ең өзекті, қиын да күрделі мәселесі.
Академик Ә.Қайдар қазақ, ұйғыр, т.б. түркі сөздерінің
этимологиясымен көптен (1955 ж.) бері шұғылданып келеді және бұл
ізденістерінде ол осы принципті ұстануда. Ол этимологияға қатысты бір
үйір мақала, этюдтер жариялап, университеттерде этимология бойынша
көп жылдардан бері арнайы курс оқып, сол курстың программасы
ретінде өзінің ғылыми принциптері мен этимологиялық концепциясын
(тұжырымдамасын) ұсынып отыр. Онда түркі этимологиясының мақсат-
міндеті, зерттеу объектісі мен тәсіл-тетігі, тілдік заңдылықтар мен
экстралингвистикалық факторлары сөз болады. Бұлар туралы аталмыш
182
бағдарламада: «Түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне қатысты
этимологиялық ізденістердің негізгі мақсаты: а) түркі тілдерінің өте көне
дәуіріне тән ортақ түбірлерін анықтау; ә) түркі тілдерінің ішінде өзара
жақын топтарға ортақ лексикалық элементтердің сыр-сыйпатын ашу;
б) әрбір тілдің, мәселен, қазақ тілінің сөздік қорындағы жалпы түркі
тілдеріне, оның ішінде қыпшақ тобына жататын тілдерге ортақ, сондай-ақ
тек қазақ тілінің өзіне ғана тән, әсіресе, бір буынды түбірлер мен туынды
түбірлердің табиғатын ашу; в) қазақ тіліне әртүрлі тарихи, мәдени, саяси,
географиялық себептерге байланысты сырттан (араб, парсы, моңғол,
қытай, орыс т.б. тілдерден) енген лексика-грамматикалық элементтерді
анықтау, олардың дыбыстық, тұлғалық және мағыналық өзгерістерін
белгілеу; 2) лексикалық элементтердің өзара қатыстығы мен алшақтығы
тілдің даму процесіне байланысты заңды құбылыс екенін дәлелдеу,
т.б.», – делінеді.
Сөз төркінін айқындауға байланысты: «Мағынасы айқын дербес
сөздерге этимологиялық талдаудың қажеті бар ма, жоқ, әлде ол тек
мағынасы күңгірттенген, қолданыстан қалған, не сирек қолданылатын,
тек біріккен, кіріккен, қос сөздер мен тұрақты тіркестердің
(фразеологизм, мақал-мәтел, теңеу, жұмбақ, т.б.) құрамында кездесетін
лексемаларға ғана, не грамматикалық тұлғалар мен көненің көзіндей
реликтілік құбылыстарға ғана жасала ма?»– деген сұрақтар туындайды.
Осыған орай ғалымның өз пікірі бар. Ол сөздік қорымыздағы
қолданылып жүрген лексикалық единицалардың (бірліктердің) барлығы
бүгінгі таңның жемісі емес, олардың басым көпшілігі ғасырлар бойы
қалыптасып, әртүрлі деңгейдегі қолданыста болып келе жатқан
элементтер. Олардың біразы тіл иелерінің жадынан шығып, мүлдем
ұмыт болып, байырғы рудиментке айналады, енді бір тобы о бастағы
мағынасынан ажыраса да, басқа сөздермен селбесіп, қолданыстан
қалмайды, т.т. Міне, сөз табиғатының осы ерекшеліктеріне қарай
Ә.Қайдар этимологиялық зерттеулерді тілдің сөздік қорын құраушы
лексика-грамматикалық единицалар мен тұлғалардың барлығына да
қолдануға болады, бірақ практикалық қажеттілікке және зерттеушілердің
бұл іске дайындығына байланысты этимологияның да ұстанған өзіндік
принциптері, әртүрлі деңгейі, жүйелі рет тәртібі, мақсат-міндеті болуға
тиіс деп қарайды. Осылардың арасына этимологиялық сұранымы мол
лексикалық категорияға ең алдымен мағынасы күңгірттенген сөздер
жатады. Кез келген сөздің «құлағынан тартып шығарып, оған қалаған
қалпағын кигізу» немесе өз тіліндегі сөздің төркінін екінші бір тілде
кездесетін ұқсас кездейсоқ сөзге қарап анықтау, сөз қолданылған
контекске қарап, тон пішу, не «бұл осылай» деп белінен бір-ақ басу, т.б.
183
осы сияқты «тәсілдердің» бәрін ғалым ғылыми этимологияға жатпайтын
машықтар деп қарайды.
Әрине, ана тілінің табиғатын тереңірек білуге талпыныс, сөз
маржанының сыры мен сыйпатын ашып, төркінін анықтауға құлшыныс
ертеден-ақ келе жатқан игілікті іс екені белгілі. Алайда, жоғарыда
көрсетілген этимологиялық дайындықтың, мақсат-міндетті әртүрлі
сезінудің, деңгейді білудің әр алуан болуына байланысты сөз төркінін
анықтаудың қоғам өмірінде үш түрлі дәстүрі қалыптасқаны да белгілі.
Олар:
1) Ғылыми этимология,
2) «Қызықты» этимология,
3) «Халықтық» этимология деп аталады, әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері бар. Олардың біріншісі – тілдің өзіндік қатал да жүйелі
заңдылығына сүйенсе, екіншісі – таным көкжиегін кеңейте түсетін,
шындық пен болжам аралығынан туындайтын «қызықты» топшылар
болса, үшіншісі – халық қиялынан туған шындықтан алыстау «жасанды»
жорамалдар.
Ә.Қайдардың этимологиялық зерттеулері мен сөз талдау тәсілдері
тек ғылыми этимологияның үштік – фонетикалық, морфологиялық,
семантикалық – принципі мен экстралингвистикалық (тарихи, мәдени
фоны және этнолингвистикалық) факторларына ғана сүйенеді деп айта
аламыз. Көп жылдардан бері жарияланып келе жатқан ғылыми мақалалары
мен этюдтерінде (Кайдаров А.Т. О критериях определения синкретических
слов в тюркских языках // Изв. АН КазССР, Серия филол. 1977, №3, c. 51-
57; Кайдаров А.Т. Некоторые аспекты синкретизма первичных основ в
тюркских языках // Проблемы современной тюркской этимологии. Алма-
Ата, 1980, с. 85-93; Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілі этимологиясынан этюдтер
// Сөз өнері. Алматы, 1978, 62-71 б; Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің тарихи
лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері // Қазақ тілі тарихи
лексикологиясының мәселелері. Алматы, «Ғылым», 1988, 7-39 б., т.б.)
ғалым осы принциптерді ұстанып, оны әрбір сөздің төркінін моносиллаб
(бір буынды синкретизм, омонимия, еліктеуіш т.б.) деңгейінде таратуды
уағыздаумен келеді, оның бұл салада қолданып жүрген талдау (тарихи-
салыстырма, морфемалық жіктеу, түбірлестік, ұқсастық, сәйкестік
заңдылықтарын анықтау т.б.) тәсілдерді тиімді нәтиже беруде. Бір мысал.
Мәселен, автор өзінің бір этимологиялық этюдінде шар деген сөзді
қарастырады. Бір шар сөзінің мағынасын анықтау үшін ол тіліміздегі
«шар» тұлғасының 20-дан астам қолданысының – шар салу, шар ұшыру,
Достарыңызбен бөлісу: |