ЖОТАЙ – Ұлы жүз Шапырашты > Қуат ұрпағы (ШСШ, 941).
ЖҰБАЙ – 1. Кiшi жүз Тәукеден тараған ұрпақ – Қожан батырдың шөбе-
ресi (ҚазШ-1, 131). 2. Ұлы жүз Шапырашты > Шегебай ұрпағы (ШСШ, 795).
ЖҰМАЙ – 1. Кiшi жүз Қожагелдi Тебеген баласы (ҚазШ-1, 136). 2.
Әбiлхайырдан тараған Ақарыстың ұлы (Б.Қожабеков. Тарихи таным, 33).
ЖҮЗЕЙ – 1. Орта жүз Қаракесек ұрпағы > Шақшақ балаларының бiрi
(ҚазШ-1, 71). 2. Ұлы жүз Сарыүйсiн аталары – Қырық батыр ұрпағы (ШСШ,
72).
ЖЫЛАЙ – 1. Кiшi жүз Торыбай тұқымы (ҚазШ-1, 119).
КӘТЕЙ – Кiшi жүз Жетi арыс Берiшке жататын Жайықтың баласы
(КЖШ, 61).
КЕДЕЙ – 1. Кiшi жүз Аспан > Жәнiбек баласы (ҚазШ-1, 104). 2. Кiшi
жүз руының бiрi. «...Кедей – Жомарт емес» дегенде кедейлер өзiн Жомарт-
пыз дейдi». Мәселен, Жеменей болысына Ақша Кедей, Қара Кедей ауылдары
кiредi (КЖШ, 80). 3. Ұлы жүз Дулат > Жаныс ұрпағы – Шегiр баласы (ҚазШ-
1, 120).
КЕНЕЙ – ХIХ ғ. дейiн өмiр сүрген қазақ даласының саңлақ компози-
тор-домбырашыларының бiрi (О.Хаймуллин әңгiмесiнен). 2. Ұлы жүз Асыл
руының бiр ұрпағы... Теке, Төлемiс, Әжiке, Орынбет, Кеней, – Асылдың бес
баласы туған саңлақ... (ҚазШ, 28).
КЕРЕЙ – 1. Қазақ хандығының iргесiн қалап, оны орнықтырушы қазақ
хандарының (1456-1477) бiрi. Ол – Барақ ханның туған ағасы Болат сұлтан-
ның баласы, Жәнiбекпен немере. 2. Қазақ халқының этникалық негiзi болып
саналатын Орта жүз iрi тайпаларының бiрi:
160
Асыл тусаң, Керей бол,
Үш қазаққа мерей бол... (Төле би).
КӨБЕЙ – Кiшi жүз Алаша руынан шыққан ақындардың бiрi (КЖШ,
30).
КӨЗЕЙ – Орта жүз Сәкен Сейфуллинмен рулас аталардың бiрi.
КӨКЕЙ – 1. Қазақтың жас эстрада әншiсi – Ерлан Көкей (Көкеев). 2.
Орта жүз Жәнiбек, Шақшақ аталарының бiрi. 3. Ұлы жүз Шапырашты ата-
ларының бiрi – Еребай ұрпағы (ШСШ, 312).
КӨНЕЙ – Кiшi жүз Байбаәты аталарының бiрi (КЖШ, 42).
КӨПЕЙ – 1. Қазақтың атақты фольклорист ғалымы, көрнектi ақын, эт-
нограф Мәшһүр Жүсiптiң әкесiнiң аты.
КӨТЕЙ – 1. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Қуат балалары
(ШСШ, 247). 2. Орта жүз > Қоңырат > Құдайберген (Көтеншi) ұрпағы (ҚШ,
11).
КӨШЕЙ – 1. Орта жүз Қаракесек > Шақшақ балаларының бiрi (қалған-
дары: Бақай, Жүзей, Тамай) (ҚазШ-1, 71). 2. Кiшi жүз Табын аталарының
бiрi (ҚазШ-1, 80). 3. «Баласы Есембайдың бесеу едi, Бiрi ұзын, бiрi қысқа
мешеу едi; Тоқалдың бес баласы тұра тұрсын, үлкенi бәйбiшенiң Көшей
едi» делiнедi (ШШ).
КҮЖЕЙ – Орта жүз > Арғын > Момын ұрпағы.
КҮЛЕЙ – Орта жүз > Қоңырат > Бекмырза ұрпағы (ҚШ, 27).
КҮТЕЙ – Кiшi жүз Байбақты руы Қарадан тараған ұрпақтың бiрi
(КЖШ, 42).
ҚАБАЙ – 1. Райымбек батырдың жаужүрек сарбаздарының бiрi (М.
Болысұлы. Райымбек батыр. Алматы, 1991, 12). 2. Ұлы жүз Суан iшiндегi
Одыр аталығынан тараған белгiлi адамның есiмi (ҚазШ-1, 67). 3. Кiшi
жүз Дөсек әулетiнен шыққан атақты бай (ҚазШ-1, 127). 4. Ұлы жүз Шапы-
рашты > Бейсен әулетi (ШСШ, 1138).
ҚАДАЙ – 1. 92 атадан таралған, көне түркiлердiң бiрi (Ә.Диваев. 219).
ҚАЗЕЙ – Кiшi жүз > Жағалбайлы > Мырзадан тараған аталардың бiрi
(ҚазШ-1, 156).
ҚАМАЙ – 1. Кiшi жүз Адайдың Мұңал руына жататын Бектеместiң
балалары: Қамай, Самай, Мамай, Сүйiрбас (КЖШ, 75). 2. Ұлы жүз Шапы-
рашты > Баба ұрпағы (ШСШ, 964).
ҚАНАЙ – 1. Кiшi жүз Төртқара Қаратамыр ұрпағы (КЖШ, 131). 2.
Ұлы жүз Сарыүйсiн аталарынан Дауылбайдың ұрпағы (ШСШ, 39). 3. Ұлы
жүз Шапырашты аталарының бiрi – Төртек ұрпағы (ШСШ, 130).
ҚАПАЙ – Кiшi жүз алаша руы аталарының бiрi (КЖШ, 44).
ҚАсАЙ – 1. Кiшi жүз аталарының бiрi (ҚазШ-1, 125). 2. Кiшi жүз Кел-
дiбай ұрпағы – Сейiннiң баласы (КЖШ, 134).
161
ҚОЖАЙ – 1. Ұлы жүз Дулат > Ботпай балаларының бiрi (ҚазШ-1,
120). 2. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Өтегеннiң бiр баласы
(ШСШ, 404).
ҚОҚАЙ – 1. Кiшi жүз Қошқаралы аталарының бiрi (ҚазШ-1, 123).
ҚОНАЙ – 1. Кiшi жүз «Алты Өтебай» әулетi Майлыбайдың баласы
(ҚазШ-1, 137). 2. Қазақ халқының бiртуар ұлы, көп жылдар Қазақстанды
басқарып келген Дiнмұхамет Ахметұлының бабасы. 3. Ұлы жүз
Шапырашты аталарының бiрi – Аба балалары: Қонай, Қанай (ШСШ, 175).
ҚОПАЙ – Ұлы жүз Шапырашты > Есенқұл әулетi (ШСШ, 1027).
ҚОсАЙ – 1. Ұлы жүз Ысты тайпасына тән аталықтардың бiрi (ҚазШ-
1, 64). 2. Кiшi жүз Әйтеке бидiң бiр баласы (ҚазШ-1, 102).
ҚОШАЙ – Қаратегiн қырғыздарының бiр атасы (А.Абышкаев.
Каратегинские киргизы. Фрунзе, 1965, 15).
ҚҰБАЙ – 1. Кiшi жүз > Балқы әулетi (ҚазШ-1, 140).
ҚҰЛАЙ – Сунақ > Шаммәмбет ата ұрпағы (СШ-1, 120).
ҚҰНАЙ – 1. Орта жүз > Қыпшақ > Қарабалықтан тараған ұрпақ
(ҚазШ-1, 124). 2. Ұлы жүз Шапырашты > Құдайберген ұрпағы (ШСШ, 483).
ҚҰРАЙ – «Алты ата Ансариден тараған ұрпақтың бiрi» (ҚШШ). 2.
Кiшi жүз Шеркеш > Жауғашты балаларының бiрi (КЖШ, 35).
ҚҰсАЙ – 1. Орта жүз Керей > Тастабанның баласы (ҚазШ-1, 76). 2.
Ұлы жүз Шапырашты > Лепсiбай әулетi (ШСШ, 940).
ҚЫЗАЙ – 1. Үйсiн Бәйдiбектiң тоқалы Домалақ анадан туған үш қыздың
бiреуi – Күнбүбiнiң лақап аты; 2. Кейiн Найман > Матайдың шөбересi –
шағырдың Күнбүбiден тараған ұрпағы «Қызай» елi атанып кеткен (Мәкен
Болысұлы. Райымбек батыр. Алматы, 1991, 7). Этим.: Күнбаланың атын
атамай, еркелетiп «қыз-ай», «әй, қыз» деп айтудан қалыптасса керек.
ҚЫсАЙ – Кiшi жүз Алаша руына тән Сарбас ұрпақтарының бiрi
(КЖШ, 51).
ҚЫТАЙ – 1. Қытай Халық Республикасының негiзгi халқы (ханзулар,
хандар). 2. Кiшi жүз руларына жататын ұрпақ. 3. Орта жүз Уақ тайпасы
Жусан руынан тараған ұрпақтардың (Тоқай, Самай, Қытай, Құрай) бiрi
(ҚазШ-1, 153).
МАҚАЙ – Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi, Есенаманның
ұрпағы (ШСШ, 197).
МАЛАЙ – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлiк көрсеткен
Жетiсу (албан, суан, дулат т.б.) батырларының бiрi. 2. Кiшi жүз Алаша руына
жататын аталардың бiрi (КЖШ, 29). 3. Ұлы жүз Шапырашты аталарының
бiрi – Байшұқыр ұрпағы (ШСШ, 111).
МАМАЙ – 1. Орта жүз Қаракесек > Бошанның баласы (ҚазШ-1, 72) 2.
Едiге бидiң нәсiлi ХVI ғ. өмiр сүрген Ноғайлының ағайынды қос батырының
162
кiшiсi – Мамай батыр. Оның анасы: Қараүлектiң жоқтауында: «Өлдiң,
Мамай қор болдың, Тiрлiкте зор болдың...» дептi деген сөз бар.
МАНАЙ – 1723-1731 жж. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес кен
кезде билiгiн жүргiзген Ұлы жүздiң биi – Манай би (Ә.Әлiмжанов. Жаушы,
9).
МАсАЙ – Кiшi жүз Тана > Жиенбет атадан тараған ұрпақтың бiрi
(КЖШ, 33).
МАТАЙ – 1. Орта жүз Найманның туажаты – Қаракерей Матай елi
делiнедi (Райымбек батыр. Дастан. 1991, 8). 2. Кiшi жүз Көтiбар батыр
балаларының бiрi – Матай. (ҚазШ-1, 97). 3. Кiшi жүз Әлiм > Төртқара
Сейiтқұлдан тарайтын балалардың бiрi (КЖШ, 127). 4. Ұлы жүз Шапырашты
аталарының бiрi – Құттымбет балалары (ШСШ, 143).
МАШАЙ – 1. Кiшi жүз Керейiт руына жататын Бексанның бiр баласы
(КЖШ, 109). 2. Орта жүз Арғын > Мейрамсопы > Болаттан тараған ұрпақ
(ҚазШ-1, 121).
МЕДЕЙ – 1. Кiшi жүз Жағалбайлы аталарының бiрi (Шежiре...).
МЕНЕЙ – 1. Ұлы жүз үйсiн аталықтардың бiрi – Бозекеден тараған
ұрпақ (ҚазШ-1, 63).
МЕҢЕЙ – Кiшi жүз Торытайдың немересi (ҚазШ-1, 119). 2. Кiшi жүз
Төртқара ұрпағы – Торыбай > Тасболат баласы (КЖШ, 133).
МЕРЕЙ – Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Қойшыман ұрпағы
(ШСШ, 226).
МЕТЕЙ – 1. Кiшi жүз Әлдеберген (Сарқасқа) ұрпағы (ҚазШ-1, 136).
МОНАЙ – 1916 ж. Қарқара-Албан көтерiлiсiне қатысып, ерлiк
көрсеткен кедей жiгiттiң есiмi (С.Тәнекеев. 1916. Қарқара-Албан көтерiлiсi.
Алматы, 2002, 133).
МӨКЕЙ – Орта жүз Керей > Құтбердiден тарайтын әулеттiң (Қосай,
Мөкей, Жабай, Қанай) бiрi (ҚазШ-1, 130).
МҰҚАЙ – Белгiлi қазақ жазушысы, драматург, «Парасат»
журналының бас редакторы Мұқай Баққожа.
НАТАЙ – 1. Кенесары ханның екiншi ұлы Ахметтiң баласы (ҚазШ-1,
21).
НОҒАЙ – 1. Қазақтарға өте жақын түркi халықтарының бiрi. 2. Орта
жүз Қоңырат iшiндегi Жетiмдердiң бiр атасы (ҚазШ-1, 75). 2. Алтын
Орданы Едiгеге дейiн басқарған, Ноғай хандығының негiзiн құрған тарихи
тұлға. 3. «Атардан Естек, Башқұрт туған егiз, Татардан Ноғай жалғыз туған
дарақ...» (Шәкәрiм). 4. Едiл мен Жайық, Жем аралығындағы ел, ол Ноғай
Ордасын құрып, туын көтердi (М.Мағауин. Қазақ тарихының әлiппесi,
191). 5. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Мыр залы ұрпағы (ШСШ,
92).
163
НҰРАЙ – Ұлы жүз Шапырашты > Тәттiқадам әулетi (ШСШ, 1029).
ОБАЙ – ҚР Мәдениет министрiнiң орынбасары Есмұқан Обай (Оба-
ев).
ОТАЙ – 1. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Мұсабек баласы
(ШСШ, 293).
ӨТЕЙ – 1. Ұлы жүз Албан iшiндегi Қызылбөрiк Еспердiң баласы
(ҚазШ-1, 66). 2. Кiшi жүз Табыннан тараған Тоқай ұрпағы (ҚазШ-1, 80). 3.
Кiшi жүз Төртқара Қаратамыр Құттыбайдың немересi (КЖШ, 132).
РЕТАЙ – Сунақ тайпасы > Сиық ата ұрпағы (СШ-2, 132)
РЫсАЙ – Кiшi жүз Адай > Мұңал > Бәйiмбет баласы (КЖШ, 75).
сАБАЙ – 1. Кiшi жүз > Балқы Бұқардың баласы (ҚазШ-1, 140).
сАҚАЙ – 1. Ұлы жүз Қаңлы тайпасына жататын аталардың бiрi. 2.
Кiшi жүз Жағалбайлы аталарының бiрi (Шежiре...).
сАЛАЙ – 1. Өзбек шежiресiне қатысты бiр риуаятта: «Түркiлердiң
арғы бабалары саналатын Төлеш бабаның екi ұлының бiрi – Салай да, екiн-
шiсi – Қабай аталған» деп көрсетiледi (Ә.Диваев... 219).
сАМАЙ – 1. Кiшi жүз Адай > Мұңал > Бектемiс баласы (КЖШ, 75). 2.
Ұлы жүз Шапырашты > Қалша атаның ұрпағы (ШСШ, 480).
сАНАЙ – 1. Орта жүз Арғын тайпасына тән Мейрамсопы > Қуандық
ұрпағы (ҚазШ-1, 121). 2. Ұлы жүз Шапырашты > Құдайберген ұрпағы
(ШСШ, 483).
сАҢАЙ – Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi (ШСШ, 1028).
сАРАЙ – Кiшi жүз > Жетiру > Рамаданнан тараған ұрпақтың бiрi
(ҚазШ-1, 152).
ТОҒАЙ – 1. Орта жүз Қаракесек > Таздың баласы (ҚазШ-1, 72). 2.
Кiшi жүз Алаша руы – Малайдың бiр баласы (КЖШ, 45).
ТОҚАЙ – 1. Кiшi жүз Берiш арасындағы ру. 2. Шыңғыс хан баласы
Жошыдан тараған әулетке жататын ханның (Тоқай Темiрдiң) есiмi (ШХШ).
3. Ұлы жүз Сары қаңлының бiр атасы (ҚазШ-1, 67). 2. Кiшi жүз Табыннан
тарайтын аталардың бiрi (ҚазШ-1, 80). 3. Қазақтың белгiлi жазушысы Ке-
мел Тоқай (Тоқаев), оның баласы ҚР сыртқы iстер министрi – Қасымжо-
март Тоқай (Тоқаев).
ТОМАЙ – 1. Кiшi жүз Қожагелдiден – Тебеген, одан – Томай (ҚазШ-1,
136).
ТОПАЙ – Кiшi жүз Байбақты > Сұлтан – Сыйық > Тоқсоба балала-
рының бiрi (КЖШ, 42). 2. Орта жүз Тобықты руының бiр атасы, Абайдың
кедей туыстары. 3. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Райымбек ұр-
пағы (ШСШ, 257).
ТОТАЙ – 1. Кiшi жүз «Төрт сейiн» Бекеттен тараған ұрпақ (ҚазШ-1,
133). 2. Сунақ тайпасы > Сиық ата ұрпағы (СШ-2, 134).
164
ТӨБЕЙ – 1. Ұлы жүз Ақарыстан тараған аталардың бiрi (Б.Қожабекұлы.
Тарихи таным, 33). 2. Ақарыстан – Тұманбай, одан – Кейкi би, одан – Төбей
(ҚазШ-1, 62). Төбейден – Қоғам, одан – Қаңлы. 3. Ұлы жүз Шапырашты
аталарының бiрi – Ерсары ұрпағы (ШСШ, 423).
ТӨКЕЙ – 1. Кiшi жүз Сары руынан тараған аталардың бiрi (ҚазШ-1,
89). 2. Кiшi жүз Табын руынан тарайтын Қарпық атаның баласы (КЖШ,
113).
ТӨЛЕЙ – «Төлейден қырық туып таралады, Шежiре ата жолын
саралады...» делiнедi (ШШ).
ТӨТАЙ – Ұлы жүз Шапырашты атасы – Сәрiмбеттен тараған ұрпақ
(ШСШ, 466).
ТҰБАЙ – 1. Көне түркiлер 92 атадан таралған; олардың әрқайсысы
өз таңбасы бар ру болып дамыған. Солардың бiр руының аты – Тұбай
(қалғандары – Қадай, Жамбай т.б. аталған) (Ә.Диваев. 219).
ТҮгЕЙ – Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Қалбас ұрпағы
(ШСШ, 524).
ТҮКЕЙ – 1. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Тайторы ұрпағы
(ШСШ, 27). 2. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Төбеттiң 2-шi әйелi
(ШСШ, 391). 3. Орта жүз > Қоңырат > Тұрланның баласы (ҚШ, 62).
ТIНЕЙ – 1. Орта жүз Қоңырат руларының бiрi. 2. Орта жүз Қаракесек
Көней балаларының бiрi (ҚазШ-1, 71). 3. Кiшi жүз Сегiз арыс Адайдан
тараған Қосайдың бiр баласы – Тiней, екiншi баласы Бөгей (КЖШ, 71).
УАТАЙ – Кiшi жүз > Шөмекей > Тоқадан тараған ұрпақ (ҚазШ-1, 143).
УДАЙ – Саадам Хусейiннiң үлкен ұлының аты («АТ», № 496 1997).
УТАЙ – Қаратегiн қырғыздары құрамындағы ичкилик руының бiр атасы
(А.Абышкаев. Каратегинские киргизы... Фрунзе, 1965, 15).
ҮБӘЙ – 1. Кiшi жүз Тәукеден тараған ұрпақ – Шайқының баласы – Үбәй
(ҚазШ-1, 131). 2. Қожан батырдың қалмақ әйелiнен тараған балаларының бiрi –
Үбәй, ендi бiрi – Жұбай (КЖШ, 146).
ШАБАЙ – 1. Хиуа басқыншыларына қарсы сан-сапат жорықтарға
қатысып, ерлiк көрсеткен Кiшi жүз Адайдың батыры – Шабай Қонысұлы
(Қ.Сыдиықұлы // «ЕҚ», 4.02.98). Екiншi бiр деректе: адайдың Мықтыбай – Сары
деген ауылын шауып кеткен түрiкпен аламандарының артынан қуған 80-дегi
Қармыс деген қарт батырдың соңынан ерген жас батырлардың бiрi – Шабай.
Қармыс батыр жырында: «Белгiлi елден Бегей бар; жүйрiк атты Кедей бар; Сегiз
арыс Адай бар, он бес жасар Шабай бар...» деп көрсетiледi (Х.Досмұхамедұлы.
Аламан, 154).
ШАҒАЙ – 1. Ұлы жүз Дулаттан тараған ұрпақ – Ботпай руына жататын 6
арыс Шағай аталығы. (ҚазШ-1, 65).
ШАДАЙ – Ұлы жүз Шапырашты ұрпағы (ШСШ, 347).
165
ШАҚАЙ – 1. Кiшi жүз Берiш руына жататын аталардың бiрi (КЖШ, 59).
2. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Сүйiндiк ұрпағы – Шақай, Абай
(ШСШ, 156).
ШАЛАЙ – Орта жүз > Қоңырат > Жандабай ұрпағы (ҚШ, 33).
ШАМАЙ – Ұлы жүз Шапырашты > Күнтуар ұрпағы (ШСШ, 1174).
ШАПАЙ – Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Есiмнiң ұрпағы
(ШСШ, 319).
ШӘКЕЙ – 1. Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданында тұратын азамат –
Керейбай Шәкей (Шәкеев). 2. Ұлы жүз Орынбет аталарының ұрпақтары.
ШОБАЙ – Монғолия қазағы, «Қазақ-Ұранхай халықтарының ұлттық
қолөнерi» (Баян-Өлгей, 1980) атты кiтаптың авторы.
ШОЖАЙ – Кiшi жүз Әлiм > Шектi > Баубек ұрпағы (Шожай, Қожай)
(ҚазШ-1, 135).
ШОҚАЙ – 1. Кiшi жүз Дөсектен Көбек, одан Тоқай мен Шоқай (ҚазШ-
1, 129). 2. Қазақ халқының ұлы перзенттерiнiң бiрi – Мұстафа Шоқай. 3. Кiшi
жүз Адай > Мұңал > Байбоз балаларының бiрi (КЖШ, 76). 4. Ұлы жүз Дулат >
Шымыр аталарының бiрi (ҚазШ-1, 120). 5. Орта жүз > Қоңырат > Қожаембердi
әулетi (ҚШ, 14).
ШОМАЙ – 1. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Сарыбайдың
баласы (ШСШ, 328). 2. Ұлы жүз Шапырашты > Меңдеке ұрпағы (ШСШ, 567).
ШОНАЙ – 1. Қазақтың атақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың бiр
атасы. («Түркiстан», 14-20. 01. 1998). 2. «Қазақ» газетiне кезiнде үзбей хат
жазып тұрған қазақ зиялыларының бiрi («Әдеби мұра», Алматы, 1970, 160).
3. Кiшi жүз Адайдың Мұңал руынан (КЖШ, 75). 4. Ұлы жүз Шапырашты
тайпасының туын көтерген (1536-1621) батыр (ШСШ, 1184).
ШОҢАЙ – Ұлы жүз Қаңлы Келдiбектен тараған аталардың бiрi. 2.
Кiшi жүз Адай > Тобыштан тараған балалардың бiрi (КЖШ, 77).
ШОПАЙ – 1. Ж.Тұрлыбаевтың «Тамыз таңы» романындағы қалмақ
қонтайшысы (43).
ШОТАЙ – 1. Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – Қара ұрпағы
(ШСШ, 181). 2. Ұлы жүз Шапырашты > Құлмырза ұрпағы (ШСШ, 539).
ШОШАЙ – Ұлы жүз Қаңлы Келдiбектiң оныншы ұлы Еңкенiң
баласы (Н.Әжiметұлы. Қазығұрттың мен де бiр перзентiмiн. 11). 2. Кiшi
жүз руларының бiрi – Саңқайдың немересi (ҚазШ-1, 129).
ШӨБАЙ – Ұлы жүз Шапырашты > Түктiбай ұрпағы (ШСШ, 1112).
ШӨКЕЙ – Ұлы жүз Шапырашты аталарының бiрi – төре тұқымы
Қасым ұрпағы (ШСШ, 336).
ШӨБАЙ – Ұлы жүз Сарыүйсiн аталары – Даңның ұрпағы (ШСШ, 32).
ШӨКЕЙ – Кезiнде ақын Жүсiпбек Қожамен айтысқан Жетiсудың
дарынды ақын қызы... > * «Қолға икемдi, әрi ұнасымды елiктiң асығын
166
қазақ шүкейт дейдi. Өзi оқыған, сауатты ақын қыздың шын аты Уәзипа екен
де, тұрпаты кiшкентай, сүйкiмдi болғасын ел-жұрт еркелетiп, Шүкей деп
атап кетiптi...» (Әсiмхан Қосбасаров. Жамбылдан алып батаны... 199).
ШҮҢЕЙ – Орта жүз > Қыпшақ > Қарақыпшақтан тараған Алтыс
ұрпағы (ҚазШ-1, 123).
ШЫҒАЙ – 1. Ақназар ханнан кейiн хан болған (1500-1582) Жәдiктiң
баласы (Т.Ақселеу. ҚТ, 52). 2. Тарихта белгiлi Орыс ханның баласы
Құйыршық ханнан – Барақ хан, одан – Жәнiбек хан, соның баласы – Шығай
хан (ШХШ).
ЫРАЙ – Ұлы жүз Шапырашты > Едiге ұрпағы (ШСШ, 527).
Қысқартылып алынған дереккөздер
АШ – Арғын шежiресi
БсШ – Бағыс Суан шежiресi. Алматы, 1996.
КЖШ – Х.Маданов. Кiшi жүз шежiресi. Алматы, 1994.
ҚазШ-1 – Толыбеков С. Қазақ шежiресi. Алматы, «Қазақстан», 1992.
ҚазШ-2 – Қазақ шежiресi. «Ана тiлi» газ.редакторы Ж.Бейсенбайұлы
түзген. Алматы, 1994.
ҚазШ-3 – М.Ж.Көпейұлы. Қазақ шежiресi. Алматы, 1993.
ҚазШ-4 – Арғынбаев Х., Мүқанов М., Востров В. Қазақ шежiресi
хақында. Алматы, «Атамұра», 2000.
ҚсЭ – Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1964-1978.
ҚШ – Қоңырат шежiресi. Алматы, 1992.
ҚШШ – Құдайбердiұлы Шәкәрiм. Түрк, қырғыз-қазақ һәм хандар
шежiресi. Алматы, 1991.
сШ-1 – С.Құдияров. Сунақ шежiресi. Алматы, 1995.
сШ-2 – Ж.Е.Ержанов. Сунақтар және Сунақ қаласы. Алматы, 1996.
ШсШ – Шапырашты, Сарыүйсiн шежiресi: Бәйдiбек баба – Алтын
Бәйтерек: ұрпақтар шежiресi. Алматы, 2000.
ШХШ – «Шыңғыс хан шежiресi»: Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.
Хандар, сұлтандар һәм төрелер шежiресi // «Ана тiлi», қазан, тауық жылы.
Пайдаланған бұлақтар
Атаныязов С. Шежере (Түркмениң несил дарагты). Ашгабат, 1994.
Әжметұлы Н. Қазғұрттың мен де бір перзентімін. Алматы, «Тоқанай-Т»,
2001.
Әлімжанов Ә. Жаушы. Алматы: «Жазушы», 1961.
Болысұлы М. Райымбек батыр. Дастан. Алматы, 1991.
Досмұхамедұлы Х. Аламан. Алматы, 1991.
Жолдасбеков М. Асыл сөздiң атасы. Алматы, 1996.
167
Закиров С. Кыргыз санжырасы. Бишкек, 1991.
Кекiлбаев Ә. Үркер. Алматы, 1996.
Қожабеков Б. Тарихи таным. Алматы, 1994.
Қосбасаров Ә. Жамбылдан алып батаны. Алматы, 1991.
Құдайбердiұлы Ш. Қалқаман-Мамыр. Алматы, 1988.
Мағауин М. Қазақ тарихының әлiппесi. Алматы, 1994.
Сейдiмбеков А. Қазақ әлемi. Алматы, 1997.
Тәнекеев С. 1916. Қарқара-Албан көтерiлiсi. Алматы, 2002.
Көрiп отырғанымыздай, бұл тiзiмге енген есiмдер тобы (антропоним-
дер мен этнонимдер) – қазақ есiмнамасының бай қорына жататын байырғы
да құнарлы құрамдық бөлшегi. Оның өзiндiк ерекшелiгi – мән-мағынасы
күңгiрттенiп, даму үрдiсi тежелiп, тiлдiң архаикалық элементтерiне айна-
лып кетуi. Сондықтан да, бұл топқа жататын есiмдердiң табиғаты бүгiнгi
ұрпақ өкiлдерi үшiн жұмбақ. Оның себебi, бiрiншiден, сөзжасам форманты
үш варианттан – -*ай//-*ей//-*й – тұратын модельге құрылуына байланысты
болса, екiншiден, соған орай есiмдер негiзiн құрушы түбiрлердiң не бiр, не
екi буынды болып, алма-кезек ауысып отыруына байланысты.
Бiр-бiрiн қайталамайтын сан алуан түбiрлерден тұратын антропоним-
дер мен этнонимдердiң халық жадында, тiлiмiзде көненiң көзiндей сақта-
луы да, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, кейбiр бүгiнгi ұрпақ өкiлдерiнiң ата-тегi
(фамилиясы) ретiнде қолданылуы да (мыс.: Бағай > Бағаев, Тоқай > Тоқаев,
Қатай > Қатаев, Шығай > Шығаева, Сығай > Сығаев, Мұстафа Шоқай, Есей
Жүнiсов т.б.), сайып келгенде, бұл құбылыстың өмiршеңдiгiн танытады.
Бұл топқа жататын есiмдердiң тағы бiр ерекшелiгi – негiзiнен ер
адамдарға тән екендiгi. Әйелдерге қатысты бұл модельдiң сирек қолда-
нылуының (мыс.: Нұрай, Бопай, Қызай, Күләй, Мiнәй т.б.) себебiн айқын-
дай түсу керек сияқты.
«Абай», «Шығай» тұлғалы байырғы да көне есiмдер, ру-тайпа атаулары
«өлi» құбылыс санатына жатса да, тарихи санамыздан бiржола өшiрiлiп кет-
кен жоқ. Әсiресе, егемендiк алып, еңсесiн көтерiп, тарихи санасын жаңғы-
рта бастаған халқымыз өткен өмiрiн, ата-бабалар дәстүрiн саралап, ата-ба-
балар аттарын айқындайтын көптеген шежiре-аңыздар мен тарихи шығар-
малардың дүниеге келуi осының айғағы. Әйгiлi халық жазушысы Әбiш
Кекiлбаев өзiнiң «Үркер» атты романында бiр оқиғаны: «Шақшақтан Боқай,
Көшей, Дүзей, Тоғай, Есназар, Ақназар – алтау туғанда, әлгi сөздер соның
жылқышы Дүзейiнен боп шықты. Бiрақ айтып отырған әңгiмесi өзiнiң Дү-
зейi емес, Күшей тұқымы жайында. Алты Шақшақтың ең етi пысығы Дүзей
болғанда, ең үйден шықпас момыны Көшей көрiнедi...» – деп баяндайды
(«Үркер», 106).
168
Бiрақ романды оқыған бiрде-бiр оқырман осы әңгiмеде аты аталған
төрт бiрдей тарихи есiмнiң (Боқай, Көшей, Дүзей, Тоғай) мән-жайын
танып-бiлуге талпына қоймайтын шығар, өйткенi бәрiмiз де солай
үйренгенбiз.
Ал, ендi дәл осы тәрiздi бiр қалыптан шыққандай, бiр-бiрiне ұқсас,
ұйқас жүздеген есiмдер әр түрлi шежiрелер мен тарихи бұлақтарда,
көркем шығармаларда мыңдап қайталанып жатса, әсiресе тiл маманы
оларға қалайша назар аудармасын? Бiздiң де көптен берi көңiлiмiздi күптi
қылып жүрген, өзiнiң ерекше болмысымен қызықтырып, «жұмбақ» болып
келген де, мiне, осы «Абай» мен «Шығай» тұлғалы есiмдер.
«Жұмбақ есiмдер» деп ат қойып, айдар тағып, отыруымыздың басты
себебi – олардың табиғаты, көптеген басәа есiмдер сияқты, айқын емес,
бiзге беймәлiм сырларының болуында. Ол құпияны анықтағысы келетiн
адамдардың алдынан бiрден бiрнеше сауал көлденеңдей бередi. Атап
айтқанда олар мыналар:
1) «Абай», «Шығай» тұлғалы антропонимдер менен этнонимдердiң
бүгiнгi ұрпақ үшiн мән-мағынасының беймәлiм болып қалуының себебi
неде?
2) Оның себебi есiм негiзiндегi түбiрлердiң шығу тегiне, яғни қазақ
тiлiне тән емес шеттен енген ауыс-түйiстер болуына, не болмауына байла-
нысты емес пе екен?
3) Есiм жасау моделi, жоғарыда ескерткенiмiздей, үш вариантты – -ай
//-ей//-й - форманттан тұруына және оның негiзiн құрушы түбiрлердiң кей-
де бiр буынды (мыс.: *Шоқ+ай, *Тоқ+ай, *Боз+ай т.б.), кейде екi буынды
(мыс.: *Мата+й, *Сақа+й, *Тоқа+й т.б.) болуына байланысты қиындықтың
әсерi байқала ма?
4) Бұл есiмдердiң қалыптасуы қазақ тiлiнiң өз заңдылығы мен
табиғатына тән құбылыс па, жоқ әлде басқа туыс (қырғыз, өзбек, ноғай,
татар, түрiкмен т.б.), туыстас (моңғол, угра-фин, тұңғыс-манжүр т.б.),
көршiлес (қытай, орыс, араб, иран, санскрит т.б.) тiлдердiң әсерiнен емес пе?
Мiне, осы сауалдарға берiлуге тиiстi жауаптар бiз қарастырып
отырған құбылыстың бәрiн болмаса да, бiразын айқындай түсерi сөзсiз.
Ендi сол жауаптарды тыңдап көрейiк.
1. «Абай» мен «Шығай» тұлғалы антропонимдер мен этнонимдердiң
бүгiнгi ұрпаққа беймәлiм, «жұмбақ» болып қалуын бұл құбылыстың
тек көнелiгiне байланысты десек, сауалға үстiрт жауап бергенiмiз. Бiздiң
пiкiрiмiз бойынша, бұл сауалдың жауабы – «көптеген факторлардың
жиынтығы» деп қараған жөн. Атап айтқанда, «Абай», «Шығай» тұлғалы
есiмдердiң ерте замандарға тән тым көнелiгi. Басқаша айтқанда, бұл құ-
былыс тарихи лексиканың заңдылығына сәйкес даму үрдiсi тежелiп, кө-
169
нелену (архаизация) процесiне ұшыраған. Бiрақ ол тiлден мүлдем жоғалып
кетпей, есiм белгiсi ретiнде сақталып келедi.
Даму үрдiсiнiң тоқырауға ұшырап, тежелуiн бiз, мысалы, мына бiр де-
ректен анық көремiз. Бiр кезде өнiмдi болған бұл есiм үлгiсi бүгiнде жас
ұрпаққа ат етiп берiлмейдi десе де болады. Мысалы, проф. Т.Жанұзақтың
жақында жарияланған «Есiмдер сыры. Тайн имен» (Алматы, «Парасат»,
2004) атты еңбегiнде қазiргi жасөспiрiмдерге берiлiп жүрген 2 мыңдай
есiмнiң тек 22-i ғана -ай//-ей//-й үлгiсi бойынша жасалыпты. Онда да, бұлар-
дың бiразы (Абай, Бөжей, Бөкей, Данай, Есей т.б.) көне дәстүрдiң жалғасы
ретiнде ауысып келе жатқан есiмдер.
2. «Абай», «Шығай» тұлғалы есiмдер негiзiндегi түбiрлердiң шығу те-
гiн (этимологиясын) дәл айту мүмкiн емес. Себебi үш вариантты – -ай//-ей
//-й есiмжасау моделi сол есiмнiң мағынасына ұйытқы болып саналатын
түбiрдiң тұлғасын анықтауға жар бермейдi: ол бiр буын (моносиллаб) болып
та, екi буын болыпта танылуына «еркiндiк» берiп тұр. Мысалы, Тоқай деген
есiмнiң түбiрлiк морфемасын бiрде *тоқ>тоғ
1
- деген бiр буынды түбiр деп
қарауға болса, бiрде *тоқа>Тоқа+й деп, екi буынды түбiр ретiнде де тануға
мүмкiндiк бар. Ал, мұндай жағдаятта (ситуацияда) этимологиялық ориента-
ция бұзылады, қайсысы шындыққа жататынын анықтау қиынға соғады. Ал
бұл негiздер қазақ тiлiнiң өзiне тән емес, шет тiлдер элементi болып келсе,
оның төркiнiн анықтау одан да қиын.
3. Есiм жасау форманты (жұрнағы) үш вариантты – -*ай//-*ей//-й – мо-
дельдiң түбiрдi анықтауға әсерi бар екендiгi айтылды. Бiрақ ол түбiр тұлға-
сын анықтауға қажеттi оң әсер емес, бейберекеттiк тудыратын терiс әсер.
Сондықтан да, қарастырып отырған есiмдер тобының зерттеушiлер үшiн
сыры ашылмай, күңгiрт болып қалуының себебi де, мiне, осында.
Мәселенiң екiншi ұшы модель формантының үштiк санында ғана емес,
оның сапасына да, яғни грамматикалық мағынасына да, үлгiсiне де байла-
нысты. Осыған орай -ай//-ей//-й форманты түбiрге қандай мағына артады
деген заңды сұрақ туады.
Бiздiң жобалауымыз бойынша: -ай//-ей//-й сөзжасам форманты – қа-
зақ тiлiнiң өз табиғатына тән есiмжасау моделi (антропоформа, этнофор-
ма) ретiнде қалыптасқан, есiм негiзiндегi түбiрдiң заттық (өзiндiк) қасиетiн
бiлдiретiн грамматикалық көрсеткiш. Тұлға жағынан да, мағына жағынан
да -ай//-ей//-й форманты сирек те болса, туыстық, жақындық қатысты бiл-
дiретiн ата > атай, әке > әкей, шеше > шешей, аға > ағай, баба > бабай, тәте >
тәтей, (басқа тiлдерде: мама > мамай, бова > бовай, деде > дедей атауларына
жалғанатын -*й көрсеткiшiнiң өзi мен соның варианттары болуы ықтимал.
1 Екi дауысты дыбыс (интервокальды позицияда) аралығында тұрған қатаң дыбыс (қ)
ұяң дыбысқа (ғ) айналады деген заң бойынша өзгерiп тұр.
170
4. Төртiншi сауалға бiз: «Абай», «Шығай» тұлғалы антропонимдер
мен этнонимдер барша түркi-моңғол тiлдерiне тән құбылыс, бiрақ оның
таралу шеңберi мен қолданысы бұл тiлдердiң барлығында бiрдей емес.
Салыстыра айтқанда, бұл топтың ең кең таралған және мол да жиi
қолданылатындарына түркi тiлдерi iшiнде қазақ тiлi жатады. Ал, сол
тiлдiк қауымның өз iшiнде бәрiнен жиi қолданылатыны – Кiшi жүз ру-
тайпаларының есiмнамасында.
Мұның заңдылығын анықтау, әрине, тарихшы-этнологтардың iсi. Бұл
есiмдердiң қазақтардан кейiн тұрған туыс тiлдер деп, қырғыз тiлiн атаған
болар едiк. Қырғыздар тiлiнде де қазақ тiлiндегi мынандай есiм-атаулар
қайталанады: Сабай, Сарай, Тоғай, Тағай, Қаней, Үчей, Қытай т.т.
Демек, бiз арнайы сөз етiп отырған «Абай», «Шығай» тұлғалы қазақтың
байырғы есiмдерi мен ру-тайпа атауларының төркiнiн, шығу тегiн анықтаудың
бiр бұлағы қазақ тiлiнiң өз деректерi болмақшы. Олардың негiзi сөзжасам
модельдерiне – -ай//-ей/-й - сәйкес екi бағытта: 1) бiр буынды iлкi түбiр (мыс.:
Жанай > *Жан+ай, Кеней > *Кен+ей) және 2) екi буынды түбiр (мыс.: Тоғай >
*тоға+й, Жекей > *жеке+й) ретiнде қарастырылуы да мүмкiн (Кайдаров А.Т.
Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-ата, 1986,
180-320).
Алайда, тiлiмiздегi бұл тәрiздi «жұмбақ» есiмдер мен атаулардың шығу
төркiнiн әркiмнiң өзiнше жобалап, сан саққа жүгiртiп жүргенi немесе ол
туралы үндемей қалу – мәселенiң шешiмi емес.
Әрине, бұл есiмдер туралы жүрдiм-бардым айтылып жүрген пiкiрлер
баршылық. Оларға пайымдап қарасақ, үш топтан тұратын сияқты. Оның
бiрiншi тобына есiмдердiң негiзiндегi түбiрлердi қазақ тiлiнiң сөздiк қорындағы
өзiне сәйкес гетерогендi омонимдерге балап қараушылар жатса, екiншi тобына
– сөздiк қордағы ұқсас бiр түбiрмен салыстырушылар, үшiншi топқа – есiмдер
мен атаулар негiзiнен етiстiк түбiрiн iздеушiлер жатады. Мысалы, бiрiншi топқа
жататындар пiкiрiн тiзiмде көрсетiлген кiсi аттары мен ру-тайпа атауларын
сол тұлғада (-ай//-ей//-й) қалыптасқан тiлдегi сәйкес сөздермен төркiндес деп
қарау десек, оған, мысалы: Атай, Апай, Бақай, Башай, Жұбай, Кедей, Кеней,
Қытай, Самай, Сарай, Тоғай, Тотай, Ұдай, Шоқай, Шығай т.б. осы сияқты
есiмдердiң өзiн дәл қайталайтын баламалары – атай («ата» cөзiнiң еркелету,
құрметтеу тұлғасы), апай («апа» сөзiнiң еркелету, құрметтеу тұлғасы), бақай
мен башай (аяқ-қол саусақтарының майда сүйектерi), жұбай (ерлi-зайыптылар,
иран сөзi), кедей (жарлы-жалшы, иран сөзi), кеней (асыәтың қарапайым түрi),
қытай (халық аты), самай (жаққа өсетiн шаш), сарай (ғимарат, иран сөзi), тоғай
(өзен, көл бойындағы орман), тотай (ерке), ұдай (ылғый, әрқашан), шоқай (шикi
көн терiден жасалатын аяқ киiм), шығай (сiңiрi шыққан кедей) деген сөздердi
жатқызуға болады.
171
Екiншi топқа, есiмдер мен атаулар негiзiндегi бiр буынды, не екi буынды
түбiрлердi тiлдегi соларға ұқсас түбiрлермен, мысалы: *ат>Атай, *боз>Бозай,
*боқ>Боқай, *дос>Досай, *ес>Есей, *жақ>Жақай, *жан>Жанай, *көз>Көзей,
*қан>Қанай, *қос>Қосай, *мең>Меңей т.б. салыстыра қараушыларды
жатқызуға болады.
Үшiншi топқа, есiмдер мен атаулар негiзiнен тiлдегi етiстiктерге
ұқсас етiстiк түбiрiн, не етiстiктiң өзiн, мысалы:*ақ->Ақай, *ал->Алай,
*бөге->Бөгей, *еге->Егей, *көш->Көшей, *қон->Қонай, *қос->Қосай, *мас-
>Масай, *сақ->Сақай, *шоң->Шоңай- т.б. iздеушiлер жатады.
Бұлардың барлығы iзденiстiң түрлерi ғана, ал олардың iшiнде
шындықты тап басып, дәл көрсетiп тұрғандарын анықтау – болашақ
зерттеулердiң iсi. Мәселенiң қиындығы да осында.
Бiздiң пiкiрiмiзше бұл – көне құбылыс. Сондықтан да, оның табиға-
тын танып-бiлуде бүгiнгi түркi тiлдерiнiң (соның iшiнде қазақ тiлiнiң де)
деректерi жеткiлiксiз, ол үшiн көне түркi жазба ескерткiштер тiлiнiң бай
мағлұматтарын салыстыра қарау қажет. Тұлға жағынан да, мағына жағынан
да «жұмбақ» есiм-атаулармен сәйкес келетiн гомогендi және гетерогендi омо-
ним түбiрлерiнiң көне түркi жазба ескерткiштерiнде көптеп кездесуiн бүгiнгi
жанды тiлдерде (соның бiрi – қазақ тiлi ғой) күңгiрттенiп, архаизмге айналған
өлi түбiрлердi «тiрiлтудiң» бiрден-бiр өнiмдi де сенiмдi жолы деп қараған жөн.
Бiрнеше мысал келтiрiп көрейiк. Мысалы, Жорай деген есiмдi алатын
болсақ, оның негiзiн *жор деп те, *жора деп те жобалауға болады. Мысалы,
бүгiнгi түркi тiлдерiне ортақ көне түркi ескерткiштер тiлiнде жор [jor] // жөр
[jör] iлкi түбiрiнiң үш түрлi мағынасы көрсетiлiптi: 1) jor- «идти, ходить»; 2) jor-
«обяснять толковать»; 3) jor-//jör- «отвязывать, распутывать» (ДТС, 274, 276).
Егер бiз Жорай деген есiмнiң негiзi осы үш түрлi мағынадағы *жор етiстiгiнiң
бiреуi деп жорамалдасақ, онда осыған сәйкес оның мағынасы да үш түрлi бо-
луы мүмкiн: 1) «жортушы»; «жүрушi, қимылдаушы адам»; 2) «түсiндiрушi
жорушы»; 3) «байланған нәрсенi шешушi». Жалпы түркi, қазақ салт-дәстүрiн-
де жаңа туған нәрестеге осындай мағынадағы есiм беруi мүмкiн бе? Оны айту
қиын. Сондықтан да, Жорай тұлғалы есiмнiң төркiнiн бiр буынды *жор iлкi
түбiрлерiнен iздеудiң ретi жоқ сияқты.
Жорай есiмiнiң төркiнiн iздестiрудiң екiншi мүмкiншiлiгi Жора+й мо-
делiндегi *Жора түбiрiнiң мағынасына байланысты. Ол сөз көне түркi жазба
ескерткiштер тiлiнде кездеспесе де, қазақ т.б. түркi тiлдерiнде қолданылып
жүрген сөз. Жора қазақ тiлiнде «қатар өскен замандас, тең құрбы» (ҚТТС,
4, 165) мағынасында жора-жолдас, жекжат-жұрат
Достарыңызбен бөлісу: |