Мақалалар, баяндамалар жинағы



Pdf көрінісі
бет27/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49

Қаңлы

Қаңлы – ерте замандардан бері Қазақстанды мекендеп келе жатқан, 

қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ірі де көне түркі тайпаларының 

бірі.  Октябрь  революциясына  дейін  Қаңлылар  Қазақстанның  оңтүстік 

облыстары мен Жетісу аймағын мекендеп, Ұлы жүз бірлестігінің құрамына 

кірді.


Қазақ шежіресі бойынша, Қаңлы Шыңғысханның замандасы Майқы 

биден  таратылады.  Майқыдан:  Бақтияр,  Қаңлы,  Қырықжүз,  Мыңжүз. 

Бұл шежірені орыс ғалымы Н. Аристов 19 ғ-да Ұлы жүз Ботпай руының 

биі  Диқанбай  батырдан  жазып  алған.  Ал  Южаковтың  1867  жылғы 

жазбасында  Бақтиярдан  бөлінеді.  Бақтиярдан:  Абақ,  Тарақ,  Қаңлы. 

Сырдария  бойындагы  Қаңлылар  мен  Жетісу  өлкесіндегі  Қаңлылар 

негізінен  Қара  Қаңлы  Сары  Қаңлы  болып,  екі  арыс  елге  бөлінеді.  Олар 

ұлы  жүз  Төбейдің  немересі  Байтеректен  таратылады.  Байтеректен 

Қаңлы, Қаңлыдан Қанкөжек, одан Келдібек, Келдібектің бірінші әйелі – 

Сары бәйбішеден Сары Қаңлы, екінші әйелі – хан қызынан Қара Қаңлы 

ұрпақтары тарайды. Сыр бойындағы Қаңлылар өздерін Сары Қаңлының 

5  баласы  (Ақбота,  Ақынқожа,  Телқожа,  Омыртқа,  Миям)  мен  Қара 

Қаңлының 6 баласынан (Тоғызбай, Онбай, Тоғанай, Бақа, Бадырақ, Қара) 

өрбіген әулет деп есептесе, Жетісу Қаңлылары өздерін Сары Қаңлының 

5  баласы  (Әлсейіт,  Түрке,  Шоқпар,  Құйысқансыз,  Шанышқылы)  мен 

Қара Қаңлының 6 баласынан (Ерезен, Қаспан, Еңке, Танта, Оразымбет, 

Бақа)  таратады.  Шежіре  деректерін  салыстырып  көрсек,  Сыр  бойы 

Қаңлыларының  әулеттері  Жетісу  Қаңлыларының  арғы  аталары  болып 

шығады.  1889  жылғы  дерек  бойынша,  Қаңлылар  Верный  уезінде  300, 

Әулиеатада  350,  Шымкентте  478,  Ташкент  уезінде  1650  түтін  болған. 

Соңғы уезде Шанышқылымен қоса есептегенде 10 мың түтін. 1885 ж. 

Құрама  24  мың  400  түтін  бол ған,  соның  14  мың  түтіні  –  Ұлы  жүздің 

Қаңлы, Шанышқылы тайпасы.

15–16 ғ-да қазақ халқының құрамында үш этнографиялық топ – үш 

жүз (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) пайда бол ған кезде көне Қаңлы ру-

тайпасының Қазақстан жерінде мекендейтіндері Ұлы жүздің құрамына 

енді де, олар негізінен өздерінің ата мекені Сырдарияның орта шенінен 

Ташкентке  дейінгі  аймақтарда  тұрып  қалды.  Жоңғар  басқыншылығы, 

яғни «Ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезеңінде бірнеше Қаңлы 



280

руы жауын қуа көшіп, Жетісу өңіріне (Алматы, Талдықорған облыстары) 

келіп,  осында  тұрақтап  қалды.  Қаңлылардың  «сары»  «қара»,  кейде 

«ақ»,  «қызыл»  (кейінгісі  Сары  Қаңлы  Телқожадан  таратылады)  болып 

бөлінуі,  әрине,  олардың  түр-түсіне  немесе  аталарының  есімдеріне 

байланысты  емес.  Ру-тайпа  аттарында  кездесе  беретін  бұл  сын 

есімдер түркі тілдерінде сындық сипатпен қатар, «оң», «сол», «батыс», 

«шығыс» тәрізді географиялық ұғымдарды да аңғартқаны мәлім. Демек, 

Қаңлылардың «қара», «сары» болып бөлінуі олардың о бастағы қоныс-

мекен  ыңғайына  қарай  (мыс.,  қырғыздардың  «оң  қанат»,  «сол  қанат» 

болып бөлінетіні сияқты) айтылып, кейін аталас екі арыс елдің рулық 

этнониміне айналған.

Тарихи-генеалогиялық  зерттеулерде  Қаңлылардың  шығу  тегі, 

олардың  таралу  өрісі,  даму-өрбу  кезеңдері,  түркі  халықтарының 

тарихындағы  рөлі  туралы  талас  пікірлер  көп.  Алайда  Қаңлы  тарихын 

зерттеушілердің  көпшілігі-ақ  қытай  жылнамалары  мен  Авеста 

тарихынан  белгілі  б.  з.  б.  3–1  ғ-да  Сыр  бойы  мен  Қаратау  алқабын 

мекендеген,  өзінің  дербес  мемлекеті  болған  Кангюй,  Кангха  тайпалар 

бірлестігі  мен  одан  кейінгі  дәуірлерде  де  дәл  сол  өлкені  қоныстанып, 

көрші  түркі  тайпаларының  саяси-әлеуметтік  өміріне  әр  кезде  әр  түрлі 

ықпал  жасап  келген  Қаңлылар,  сайып  келгенде,  бір  тұтас  этностық 

қауымның  негізі  екенін  мойындайды.  Басқаша  айтқанда,  сонау  көне 

замандарда пайда болып, бүгінге дейін тарихта аты сақталып келе жат-

қан Кангюй мен Қаңлының шығу тегі (эт ногенезі) жағынан бір, тарихи 

дамуы  жағынан  бірінің  бірі  тікелей  жалғасы,  елдің  аттары  (этнонимі) 

түбірлес  болып  саналады.  Осыған  орай  Кангюй  Қаңлы  этнонимдерін 

тарихи даму кезеңдеріне байланысты бірінің орнына бірін немесе қатар 

қолдана беруге болады.

Кангюй,  Қаңлы  этнонимдерінің  этимологиясына  байланысты 

айтылып жүрген пікірлерде әлі күнге дейін бір ізділік жоқ (Н.А.Аристов, 

А.Н.Бернштам  т.  б.).  Ғылым  дүниесіне  көбірек  таралған  пікірдің  бірі 

(Рашид  ад-Дин,  Әбілғазы  т.  б.)  –  Қаңлы  атауы  көне  түркі  тілдеріндегі 

арбаның  атына  («Қаң»,  «қаңлы»)  байланысты  деген  пікір.  Бұл  тарихи 

шындыққа  онша  жанаспайды.  Қаңлы  атауының  тохар,  сақ  тілдеріндегі 

«тас»  немесе  «тон  кигендер»  мағынасындағы  канк,  канга  сөздерімен  де

 

(Б. Пулейблянк) байланысы жоқ. Кангюй Қаңлы терминдерінің төркінін 



тек этнотопоним негізінде ғана анықтауға болады деген пікірді ғалымдар 

(Н.  Ф.  Катанов,  А.Н.Бернштам,  С.  Г.  Кляшторный,  В.  Мурзаев  т.  б.) 

көбірек  қолдап  жүр.  Шынында  да  тарихи  еңбектерде  кездесетін  түркі 

тайпаларының  сан  алуан  этнонимдері  мен  топонимдерінің  (мыс.,  Кан, 

Канга,  Кангха,  Кангу,  Кэнгу,  Кангар,  Кангарас,  Кенгерес,  Кангакиш, 


281

Кангадария,  Кангадез  т.  б.)  түбірлес  болып  келуі  кездейсоқ  нәрсе  емес. 

Бұл  аталған  этнотопонимдердің  түп  төркінін  бір  деп  қараған  дұрыс. 

Тілдік,  мағыналық  жағын  тексере  келгенде,  олар  сонау  санскрит,  үнді-

европа  тілдерінде  кеңінен  тараған  «өзен»,  «су»,  «канал»,  «өзен  арнасы» 

т. б. мағыналарды білдіретін кан (түркі тілдері негізінде қан, кең болып 

қалыптасқан)  сөзімен  түбірлес  екенін  көрсетіп  отыр.  Бір  заманда 

Сырдарияның орта шені Канга, Кангар болып аталуының тарихи сыры да, 

міне, осы «өзен», «су», «су арна сы», «канал» мағынасындағы жалпы есім 

– қан (<кан) сөзімен тікелей байланысты. Тарихи даму барысында бұл сөз 

алдымен Сырдың көне ресми атына (топониміне), одан кейін сол өзеннің 

бойын  мекен  еткен  этностық  қауымның  елдік  атына  (этнониміне),  одан 

барып сол жердегі мемлекет, қала-қамал аттарына ауысуы ықтимал. Көне 

қытай деректерінде кездесетін кангюй (канцзюй) мемлекеті, Авестадағы 

Кангха елі, Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі Кэңү – Тарбан, Птолемейдің 

Қаңағайы, Фирдаусидың «Шахнама» дастанында айтылатын Тұран елінің 

астанасы – Каң Қаңлысы т. б

.

 сайып келгенде Қаң (<Кан) өзенінің атына 



және онымен түбірлес Кангюй, Қаңлы Кангар, Кенгерес, Хангакиш тәрізді 

этнонимдерге байланысты пайда болған. Сондықтан бұл этнонимдердің 

этимологиясын  шешкенде  олардың  бір  түбірден  өрбіген,  тектес  екенін 

ескерген жөн. Мыс., византия деректеріндегі Кангар этнонимі, Маркварт 

пікіріне сүйеніп, Қаң+ері (яғни «Қаң өзенінің адамдары») немесе Қаң+ғар 

(«Қаң  бойындағы  ел»,  болғар,  тохор  тәрізді)  деп  түсіндірілсе,  орхон 

жазуындағы Кенгерес (8 ғ-да Сыр бойын мекендеген тайпа атын) этнонимін, 

К.  Менгес  Кең+ерес  («Қаң  бойындағы  арыс  ел»,  «Қаңлықтар»)  деп 

топшылап, мұндағы -ерес(-арас) формантын көне түркі тайпа тілдеріндегі 

көптікті,  қауымды,  бірлестікті  білдіретін  қосарлы  жалғау  дейді.  Мұны 

қазақ тіліндегі (алты арыс ел дегендегі) арыс сөзімен де жақындастыруға 

болатын тәрізді. Араб деректеріндегі Хангакиш этнонимі де (әл-Идриси) 

Қаң өзеніне байланысты Қан+ы+кіші «Қаң кісісі») деп түсіндіріліп жүр.

Қаңлы  этнонимі  де  Қаң  (<Қан)  топониміне  тікелей  байланысты. 

Оны  С.П.Толстов  Сыр  бойындағы  печенегтер  мен  қыпшақтардың 

тоғысуынан  пай да  болған  Кангар,  Кенгерес  этнонимдерінің  өзгерген 

варианты  деп  қараса,  С.  Г.  Кляшторный  печенег-оғыздардың  Сыр  мен 

Арал  жағасындағы  жерін  қышпақ-қимақ  тайпаларының  жаулап  алуына 

байланысты  шыққан  деп  есептейді.  Осыған  орай  олар  Қаңлы  этнонимі 

қан+оғлы  (>қан–ұлы>қаң+лы)  сөздерінің  негізінде  қысқарып  барып 

жасалған деп жорамалдайды, яғни қан түбірін этностың аты деп қарайды. 

Қаңлы  этнонимінің  қалыптасу  дәуірі  жоғарыдағы  тарихи  себептерге 

байла нысты  болуы  да  мүмкін.  Бірақ  Қаңлы  тіл  заңдылығы  тұрғысынан 

Қаңғар  мен  Кенгерестен  келіп  шығуы  мүмкін  емес.  Қаңлыларды  этнос 



282

ретінде Сыр бойының негізгі тұрғыны, бағы замандардан бері жасап келе 

жатқан  бұл  өлкенің  абориген  тайпаларының  бірі  деп  қараған  жөн.  Осы 

негізде Қаңлы (кейбір тілдерде Қаңны, Қаңды) Қаң өзенінің атына «-лы» 

жұрнағын  («лық»  формасының  қыпшақ  тобына  тән  вариантын)  жалғау 

арқылы  жасалып,  «Қаң  бойындағылар»,  «Қаң  өзенін  мекендеушілер» 

немесе «өзенді ел» деген ұғымды аңғартқан.

Тарихи-этнографиялық,  археологиялық  тілдік  деректерге  сүйеніп, 

Кангюй-Қаңгха-Қаңлы  топонимдерінің  негізін  қалаушы  бір  этностық 

қауым  біреу  деп  қарайтын  болсақ,  Қаңлы  тарихының  бағы  замандардан 

басталатыны сөзсіз. Қытай жылнамалары мен саяхатшыларының қалдырған 

деректерінде б. з. б. 3–1 ғ-да Кангюй мемлекеті болған деп көрсетіледі. Ал 

шындығында бұл дәуір Кан гюй мемлекетінің кемеліне келген, өзін көрші 

елдерге  таныта  білген,  тіпті  Қытай  мемлекетіне  арнайы  елші  жіберіп, 

қарым-қатынас жасап тұрған дәуірі еді. Тарихшылар Кангюйді Ку шаннан 

кейінгі ірі мемлекет еді және ол халқының жартылай отырықшы, жартылай 

көпшелі болуына байланыс ты қалалар салын, өрісін де кең жайған ел еді деп 

көрсетеді. Оның ата мекені Қаратау алқаптары мен Сырдың орта шенінен 

басталып, жоғарғы саласындағы Шаш өлкесінің көгалды ойпаттарына дейін 

барған.  Олар  қыста  Сырдың  төменгі  бойындағы  ықтырма  қыстауларына, 

жазда Арыс, Талас, Шу, тіпті жеті күндік Сарысу бойындағы шөбі шүйгін 

жайылымдарына көшіп баратын болған (Ә.Марғұлан). Қытай деректерінде 

(Чжан-цянь, Цянь-хань-шу т. б.) Кангюй мемлекетінің орталығы Даваннан 

(Ферғанадан)  1510  ли  қашықтықтагы  Битянь  Қаңлысы  деп  көрсетілсе, 

археологиялық деректер негізінде (К. Ақышев т. б.) Кангюй – Қаңлының 

1 ғ-дағы саяси орталығы Отырар (Фараб), яғни Орхон ескерткіштеріндегі 

Кäнгу – Тарбан (С. Г. Кляш торный) болып есептеледі. Кейбір ғалымдардың 

(Б.Ғ.Ғафуров)  Кангюй  –  Қаңлы  ұлықтарының  ордасы  Шаш  (Таш кент) 

маңында болды деуі де шындыққа жанасады. Сөйтіп, Кангюй мемлекетінің 

бір замандағы территориясы, оған бағынышты болған бес иелікті (қытай 

деректері бойынша Сусе, Фуму, Юенн, Ги, Юегянь, – бұлардың қай жер 

екендігі  әлі  дәл  анықталған  жоқ)  қоса  есептегенде,  А.  Н.  Бернштамның 

топшылауы  бойынша,  Шаш  түбінен  басталып,  сонау  Хорезм  жері  Арал 

жағалауларына  дейін  800–900  км-гe  (яғни  1650  ли)  созылып  жатқан 

Сырдың екі жақ өңірін түгел қамтыған. Н. Я. Бичурин жинаған деректер 

бойынша, б. з. б. 1 б. з. 3 ғ-ында, 120 мың кангюй түтінінде 600 мың адам 

болған, олар 90 мың әскер, 120 мың атты әскер ұстаған.

Кангюй-Қаңлылардың  шығысындағы  көршісі  –  Шу  өзенінен  Тянь-

Шаньның  шығыс  сілемдеріне  дейін,  Балқаш  көлінен  Ыстықкөлдің 

жағалауына дейінгі жерді алып жатқан Жетісу өлкесін мекендеуші Үйсін 

тайпасы болса, солтүстік-батысында – Арал теңізі бойындағы (яғни «биік 


283

жары жоқ, жағасы жайдақ үлкен көлдің жағалауындағы») Сармат-Аландар 

(яньцайлар), оңтүстігінде – Хорезм, оңтүстік-шығысында Даван (Ферғана), 

Кан  (Соғды)  деп  көрсетіледі.  Тарихи  деректерге  қарағанда,  Қаңлылар 

қабырғасы  биік  дуалдан  соғылған  үйлерде  тұрған,  зороастризм  діни 

ұгымына  ғибадат  қылып,  Күнге,  Айға,  хайуанаттарға  табынған,  өлген 

адамдарының  басын  батысқа  қаратып  жерлеген  (Б.  А.  Литвинский,    Г. 

В.  Григорьев).  Антропологиялық  ерекшеліктері  жағынан  олар  Андронов 



мәдениеті  дәуірінің  адамдары  тұрпаттас,  өңі  аққұба  сары,  көзі  көкшіл 

болып  келген.  Кангюй-Қаңлыларда  қол  өнері,  ғимарат  т.  б.  мәдениеттің 

дамығандығын  Қауыншы  –  жун  молаларынан,  Отырар  қаласының 

төменгі археологиялық қабатынан т. б. жерлерден табылған заттар толық 

дәлелдейді.  Қытай  саяхатшылары  Кангюй-Қаңлылардың  әдет-ғұрыпы 

аландарға, тілі үйсіндерге жақын еді деп көрсетеді. Кангюйлерде ертеде 

жазу-сызу  дәстүрі  де  болған,  олар  айыпкерлерді  жазалау  үшін  хаи 

сарайында  сақталатын  заңдар  жинағына  сүйеніп  отырған  (Я.  Бичурин). 

Бірақ бұл жазудың нұсқалары тарихта сақталмаған.

Кангюй-Қаңлылар  өзінің  ұзақ  тарихи  даму  барысында  көптеген  ру-

тайпалармен,  этностық  қауымдармен  араласып,  тығыз  қарым-қатынас 

жасап келген. Солардың бірі – қазақ жерін өте ерте замандарда мекендеген 



сaқтар. Олар Кангюй-Қаңлы, Үйсін, Арғын тәрізді көне түркі тайпаларының 

қалыптасуына әсер етті. Осы орайда «қазақ» этнонимінде «сақ» компонентінің 

болуы  тарихи  тұрғыдан  даусыз  нәрсе.  Кангюй-Қаңлылар  Сырдың  үстін 

басып,  1  ғ-дан  бастап  батысқа  қоныс  аударып,  шұбыра  көшкен  ғұндармен, 

Амудария алқабы мен Арал жағалауын жайлаған Оғыз тайпаларымен, Алан-

сарматтармен, хазарлармен, соғдылармен, ежелгі көршісі – үйсіндермен, осы 

өл кені жаулап алып, бірінен кейін бірі мекендеген эвталиттермен («ақ ғұндар», 

5–6 ғ.), Батыс түрік қағандығындағы тайпалармен (6–7 ғ.). арабтармен (8–9 

ғ.),  Қарахан  мемлекетінің  түркі  тайпаларымен  (11–12  ғ.),  қышпақтармен  (9 

ғ-дан  кейін),  монғолдармен  (13–14  ғ.)  т.  б.  этностық  қауымдармен  де  жіті 

араласып келген. Бұл жағдай олардың мәдени-әлеуметтік өміріне, тіліне әсер 

етпей тұра алмады. Әсіресе бұл факторлар Кангюй-Қаңлылардың этностық 

компоненті жағынан өзгеріп отыруына себепші болды. Мыс., Қаңлылармен 

сонау  9  ғ-дан  бері  аралас-құралас  бірге  тұрып,  біте  қайнасып  кеткен  түркі 

тайпаларының бірі – қыпшақтар. Ертіс жағалауларынан Дешті Қыпшақтың 

жалпақ даласын басып, Сырдария бойына, Арал теңізінің солтүстік-батысына, 

одан  әрі  Шығыс  Русь  жеріне  тарап,  қоныстана  бастаған  қалың  қышпақ  елі 

Шыңғысхан жорығынан бұрын да (9–12 ғ.), кейін де (13–16 ғ.) осы өлкелердегі 

байырғы түркі тайпаларының, оның ішінде Қаңлылардың саяси-әлеуметтік 

өміріне,  мәдениетіне,  этнолингвистикалық  процесіне  үлкен  ықпал  жасады. 

Қыпшақтардың  үстемдігінің  күшеюіне  байланысты  9  ғ-дан  кейін  Қаңлы 


284

тайпасы өзінің бұрынғы дербестігін жоғалтып, Қышпақ тайпалар бірлестігінің 

құрамына  енді.  Сондықтан  осы  дәуірдегі  араб-иран  тарихшыларының 

еңбектерінде  Қаңлы

,

  Қышпақ  этнонимдері  көбінесе  синоним  ретінде 



қолданылып  келді  (С.Г.Кляшторный).  Қаңлы,  Қыпшақ  тілдерінің  ортақ 

ерекшеліктері  осы  дәуірде  қалыптасқаны  сөзсіз.  Осыған  орай  түркі  тілдер 

жүйесінде  қалыптасқан  «қышпақ  тобына»  негіз  болған  компоненттің  бірі 

Қыпшақ тайпаларының көне тілі болса, екіншісі – Қаңлы тайпасының көне 

тілі. Бұған бір дәлел 14 ғ-да көне қыпшақ тілі негізінде әлемге белгілі «Кодекс 

Куманикус» сөздігі жасалса, дәл сол дәуірде көне қаңлы тілі негізінде «Қаңлы 

тілінің сөздігі» (арабша «Тиббийун әл-луғат ат-турки әла-лисан әл-кангли») 

жасалған.  Түрік  ғалымы  М.  Ф.  Көпрүлүнің  мәліметіне  қарағанда,  сөздіктің 

авторы  –  хорезмшах  дәуіріндегі  Рей  оғыздарынан  шыққан  филолог-ғалым 

Мұһаммед бин Кайс (толық аты Шемс-ад-дин Муһаммед ибн Кайс ар-Рази). 

Қаңлылар тек қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ басқа түркі халықтарының 

қалыптасу  процесіне  де  тікелей  араласқан.  Қаңлы  элементі  қазірде  жеке 

ру  немесе  этностық  топ  ретінде  қырғыз,  қарақалпақ,  өзбек,  түрікмен, 

башқұрт,  алтай,  якут,  ноғай  халықтарының  генеологиялық  құрамынан  да 

кездеседі. Қаңлылардың осылайша кең тарауы әр түрлі тарихи, географиялық, 

демографиялық,  миграциялық  жағдайларға  байланысты.  Мысалы,  башқұрт 

халқының этностық құрамындағы қаңлылар, тарихшылардың пікірі бойынша 

(Р.Г.Кузеев), бұл өлкеге Шыңғысханның Қазақстан жерін жаулап алуына байла-

нысты «қыпшақ миграциялық толқынымен» 13 ғ-да келген. Башқұртстанның 

Бурзян ауданындағы Қаңлы-Түркәй деген шағын қала да осы Қаңлылардың 

келуіне  байланысты  пайда  болған  то поним.  Шежірелерде  айтылатын 

92 баулы өзбектің белді руының бірі Қаңлы болған. Бірақ бұлар өзбек 

халқының  этностық  құрамына  Қыпшақ,  Қоңырат,  Найман,  Қатаған 

тәрізді  кейіннен  қосылған  ру-тайпалардай  емес,  бұл  өлкеде  көне 

заманнан бері жасап келе жатқан аборигендер болып саналады. Өйткені 

тарихшы Бенаидің «Шайбанинама» атты еңбегінде Әбілхайыр ханның 

немересі  Шайбани  ханды  қолдап,  15  ғ-да  Дешті  Қыпшақтан  Орта 

Азияға  (қазіргі  өзбек  жеріне)  қоныс  аударған  40  рудың  ішінде  Қаңлы 

аталмайды (С. Ибрагимов). Қаңлының Ташкент өңірінің отырықшы елі 

екенін, мәселен Ташкенттің өзіндегі, Сырдария облысы, Жизақ, Замин 

аудандарындағы  Канги  (<Канлы),  Катта  кангли,  Кичик  кангли  тәрізді 

топонимдер  (С.  Кара ев),  Ангрен  өзендерінің  төменгі  құйылысындағы 

(Сырдың оқ жағасында) Аққорғанның жанындағы Канга немесе Канка 

деп  аталатын  қаланың  орны  (Е.  Смирнов)  т.  б.  толық  дәлелдейді.  С. 

М. Абрамзон Қаңды (<Қанлы), Қыпшақ т. б. рулардың қырғыз этносы 

негізінде қалыптасуы Шыңғысхан заманынан ертеректе, сонау Оңтүстік 

Ал тай мен Ертіс жағалауында басталған деп тошпыласа, В.В.Бартольд 


285

якут халқының этностық құрамындағы кангарастарды ерте замандардағы 

Кангюй-Қаңлылардан  бөлініп,  шығысқа  қоныс  аударған  этностық 

топ  деп  қараса,  Н.  А.  Аристов,  Рашид  ад-Дин  т.  б.  тарихшылардың 

деректеріне  сүйене  отырып,  Осман  түріктерінің  (салжұқтардың) 

арасындағы  Қайы-Қаңлылар  11  ғ-да  Сыр  бойынан  оғыздармен  бірге 

кеткен  Кангюй-Қаңлылар  еді  дейді.  Ал  П.В.  Голубовский  Сырдария 

бойындағы  оғыздардан  бөлініп,  Киев  Русінің  жеріне  қоныс  аударған 

печенегтермен  бірге  қаңлылар  да  кеткен  еді  десе,  оны,  сірә,  қазіргі 

Минеральные воды қаласынан шамамен 100 км жердегі Кума өзенінің 

бойында шағын Қаңлы қаласының сақталуы дәлелдесе керек. Сондай-

ақ  қарақалпақ  (Т.  А.  Жданко),  ноғай,  түрікмендердің  ішіндегі  Қаңлы, 

Кенегес  рулары  (А.  Сергеев),  Шығыс  Түр кістан  тұрғындарының 

этностық құрамындағы Қаң-қыпшақ (С. М. Абрам аон), 19 ғ-да Кавказдың 

Қалаусажембұлақ тайпасындағы үш рудың бірі болған Қаңлы [олардың 

жалпы саны 13 мың 639 адам (1894 ж.)] – осының бәрі көне заманнан 

бері тарихи-генеологиялық желісі үзілмей келе жатқан Кангюй-Қаңлы 

ру-тайпасының  бүкіл  Азия,  Европа  жеріне  кең  тарап,  тамырын  терең 

жайғандығының  толық  дәлелі  бола  алады.  Кейбір  тарихи  деректерге 

қарағанда, 1219 ж. Шыңғысханның әскері Орта Азияны шауып, ойран 

салғанда,  дұшпанның  қорлығына  шыдай  алмай  Қаңлының  Қайыхан 

деген ханы қарамағындағы 50 мың үй Қаңлыны бастап, Рум (Византия) 

жеріне өтіп кетеді де, сонда қалып қояды. Шыңғысхан әулетінен шыққан 

Ғазанхан (Тебриздің ханы) Румға шабуыл жасап, оны бөлшектеген кезде 

Қайыханның  шөбересі  –  Осман  хан  Қаңлы  хандығының  дербестігін 

сақтап қалды («Қазақ, қырғыз, түрік және хандар шежіресі», Орынбор, 

1911,  92-6.).  Халық  арасында  сақталған  «Кәделі  елде  қаңлы  бар, 

қаңлыдан  хан  сайла»,  «Қаңлы  тұрғанда  басқа  хан  болмайды»  деген 

қанатты сөздер, сайып келгенде, қаңлы тайпасының осылайша кеңінен 

тарап, мұрагерлік, аталық дәстүрге ие болғандығын көрсетеді. 8 ғ-дағы 

Орхон  жазуларында  Түрік  қағанатының  билеп-төстеушілерін  «каң  ата 

келті» деп дәріптесе, 11 ғ-да М. Қашғари «Қыпшақ тайпасының жақсы-

жайсаң ұлықтары қаңлылар еді» деп жазады. Қаңлы тайпасының негізгі 

ұраны  –  Айрылмас,  Бақтияр,  Байтерек  (қазақ  шежіресі  бойынша,  ол 

Ұлы  жүз  Төбейдің  немересі),  таңбасы  –  /  (шылбыр  таңба,  Ниязовтың 

айтуы  бойынша  Гродеков  жазып  алған),  (таяқша,  әліп  таңба  немесе 

көсеу таңба).

Әдеб.:  Қазақ  ССР  тарихы,  1-т.,  А.,  1958;  Аристов  Н.  А.,  Заметки 

об  этническом  составе  тюркских  племен  и  народностей  и  сведения 

об  их  численности,  «Живая  старина»,  в.  3–4.  СПБ,  1896,  с.  351,  402; 

Катанов  Н.Ф.,  Этнический  обзор  ту рецко-татарских  племён,  Казань, 


286

1894,  с.  13;  Толстов  С.П.,  По  следам  древнехорезмийской  цивилизации, 

М.–Л.,  1948,  с.  145;  его  же,  Древний  Хорезм,  М.,  1948;  Бартольд  В.  В.,  К 

истории культур ной жизни Туркестана, Л., 1927; Якубовский А. Ю., К вопросу 

об этногенезе узбекского народа, Таш., 1941, с. 4; Мурзаев Э. и В., Словарь 

местных географических терминов, М., 1959; Кляшторный С. Г., Кангюйская 

этнотопонимика в орхонских текстах, «Советская эт нография», 1951, № 3, с. 

54–83; Акишев К. А., Байпаков К. М., Ерзакович Л. Б., Древний Отрар, А.-А., 

1972; Проник новение тюркских племён в. Малую Азию, М., 1894; Гумилев Л. 

Н., Древние тюр ки, М., 1969; Голубовский П. В., Пе ченеги, тюрки и половцы 

до нашествия та тар, К., 1884; Гафуров Б. Г., Таджики, М., 1972.



ҚСЭ. Алматы, 1975. 6-т. 455-457 б.

Қаңлы тілі мен жазуы

 «Адамзат қауымы бар жерде тіл бар да, тіл бар жерде қауым бар» деген 

қағида «тіл мен адам бірінсіз бірінің күні жоқ» дегенді аңғартады. Демек, бұл 

– «Қаңлы қауымы болған жерде оның төл тілі де болды» деген сөз. 

«Қаңлы  тілі  қандай  тіл  еді?»  деген  сауалға  дәл  қазір  нақтылы  жауап 

беру қиын. Өйткені 25-30 ғасырлық тарихының сұлбасы ғана белгілі болып 

отырған бүгінгі қаңлылар осынша ғасыр бойы бір текті тілде ғана сөйледі ме, 

жоқ, әр тілде сөйледі ме, оны жан-жақты зерттеп алып айтпаса, үзілді-кесілді 

айта салу оңай болмаса керек. Себебі «көне қаңлылар түркі тілдес тайпа еді» 

деген пікірмен қатар «көне қаңлылар сақтардың тікелей жалғасы, мұрагері 



еді, ал сақтар болса, иран тілдес тайпа болатын» деген жобалар да бар.

Қаңлылардың шығу тегі мен тілі туралы Б.Ғ.Ғафуров: 

«Этническая  принадлежность  кангюйцев  вызывают  споры  ученых. 

Существует точка зрения, что они тюрки. Другие доказывают, что кангюйцы 

принадлежат  к  числу  носителей  тохарских  языков.  Вероятнее,  однако,  что 

они были ираноязычным народом, потомками и наследниками сырдарьинских 

саков»


1

 деп жазады.

Қалай болғанда да, мемлекет салтанатын құрып отырған көне қаңлы//



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет