Мақалалар, баяндамалар жинағы


Берен.  Қазақ тіліндегі байырғы сөздердің



Pdf көрінісі
бет23/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49

Берен

Қазақ тіліндегі байырғы сөздердің 

контекстегі мағынасы жайлы

Берен  –  қазіргі  тілде  сиректеу  қолданылатын,  ал  эпикалық 

шығармалар  тілінде  жиі  кездесетін  байырғы  сөздердің  бірі.  Белгілі  бір 

контекстегі  мағынасына  мән  берсек,  онда  бұл  сөздің  өзара  байланысты 

екі  түрлі  лексикалық  элементтен  тұратындығын  байқаймыз.  Бiрақ  бұл 

байланыс өте көмескі, оны бірден түсіндіре қою мүмкін емес. Өйткені бұл 

сөз түркі тілдерінің төл тумасы емес, сондықтан да бұл сөздің контекстік 

колданыстарындағы  мағыналық  ауытқуларын  (ауыспалы  мағыналарын) 

айқындауға  септігін  тигізетіндей  тұрақты  (тірек)  семантикасы  түркі 

тілдерінде кездеспейді.

Туыстас  тілдер  дерегін  салыстырудан  берен  сөзінің  (фонетикалық 

варианттары  бараң,  пәрең,  фаранг  т.  б.)  салғырт  лексикалық  элемент 

ретінде  жұмсалатындығын,  тіпті  түркі  тілдерінің  көпшілігінде  кездес- 

пейтіндігін байқаймыз. Бұл – оның даусыз өзге тілдік эле мент екендігін 

көрсетеді. Кейбір түркі тілдері берен сөзіне лексикографиялык сипаттама 

бергенде, әр түрлі белгілермен (мысалы, ұйғыр тілі сөздігінде ир – «иран», 

өзбек  тілі  сөздігінде  п-т-а,  парсы-тәжік-араб,  қазақ  тілі  сөздігінде  п  – 

«парсы») оның өзге тілдік сөз екендігін көрсетіп отырады. Ал кейбір түркі 

тілдерінің  сөздігінде,  этимологиясы  көмескі  деп  танылғандықтан  болу 

керек,  мұндай  белгілер  көрсетілмеген.  Бұл  жерде  әңгіме  береннің  өзге 

тілдік түп төркінін, я болмаса түркі тілдеріне қандай жолдармен енгендігін 

көрсету жөнінде емес (бұл өз алдына арнайы сөз болатын нәрсе), біздің 

ден қойып отырған мәселеміз – қабыл сөздің кабылдаушы тіл (қазақ тілі) 

топырағындағы семантикалық дамуының өзіндік эволюциясы; әрине, бұл 

мәселе өзге түркі тілдерінің деректерін салыстыру арқылы айқындалады.

Қазіргі қазақ тіліндегі берен сөзінің, негізінен, семантика лық қыз метінің 

екі аспектісі оны қалайда омоним сөз ретінде қарауға себеп болады.

БЕРЕН  I  п.  1)  болаттың  ең  сапалы  түрі,  құрыш,  болат  мағынасында, 

одан соң болаттан жасалған батырдың қару-жарағын (сауыт, семсер, қылыш, 

мылтық  т.б.)  білдіре  келіп,  кейіннен  сол  қару-жарақтың  өз  атауы  ретінде 

жұмсала бастаған: а) берен сауыт (болаттың сапа лы түрінен жасалған сауыт); 



235

жеңсіз берен; жауға кисең берен ки (фольк.); ә) берен немесе берен мылтық 

(болат тың  ең  сапалысынан  жасалған  мылтықтың  байырғы  бір  түрі);  берен 



қанжар:  балдағы  алтын  ақ  берен  (фольк.);  2)  ауыспалы,  поэтикалық  «ер 

жүрек, жігіт», «батыр». Сансызбай аттас жас перен (фо льк.)



БЕРЕН  II  п.  қымбат  ма та,  барқыттың  таңдаулы  түpi.  Қазақ  тіліндегі 

берен  сөзінің  жалпы  сипаты  осылайша  берілгенде,  оның  басқа  мағынасы 

әзірше тіркеле қоймаған. 

Алайда берен сөзінің берен гүл тіркесіндегі беренге, сондай-ақ «Алдыңғы 

ат  баран  болмай,  кылаң  болды,  жығылмаса  құлагер  қайда  деймін?»  (Ақан 

сері) дегендегі жылқының «қара қоңыр», «қара кер» түсін білдіретін баран 

сөзіне  немесе  «Бұлтсыз  аспан  күн  кеткен  соң,  тұңғиық  терең  барқытқа 

айналып баранданып барады» (І.Жансүгіров) дегендегі «күреңіту», «қызыл 

күрең  түске  ену»  дегенді  білдіретін  бараңдану  етістігіне  қатысы  бар  ма, 

жоқ па деген мәселенің де басы ашылмаған, тіпті оны айқындауға назар да 

аударыла қойған жоқ деуге болады.

Алайда туыстас тілдер дерегін салғастыра зерттеу өзге тілден енген қабыл 

сөздердің, әсіресе құрылымдық өзгеріске ұшыраған кезде, қабылдаушы тіл 

топырағында қаншалықты семантикалық өзгерістерді басынан өткеретіндігін 

көрсететін қызықты жайтты айқындай түседі.

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» мен «Қазақша-орысша сөздікте» (1983) 

берілген сипаттамаға қарағанда берен сөзін өзара белгілі бір семантикалык 

нәзік  байланысы  бар  омонимдес  екі  сөз  деп  тұжырымдауға  болады,  бірақ 

бұл  байланыс  бойынша  олардың  гомогенділігі  қазақ  тіліндегі  игерілуінен 

айқындала қоймайды.

Сонымен,  берен  сөзінің  құрылымының  әрі  семантикасының 

эволюциялық даму іздері былайша бейнеленеді: I. Қазақ эпосында берен I сөзі 

I) «сауыт» (бұл затты білдіретін сауыт деген арнайы сөз болса да), 2) «қанжар» 

немесе «семсер» (қанжар, семсер сөздері бола тұра), 3) «мылтық» (мылтық сөзі 

бола тұ ра) деген мағыналарда қолданылады. Дегенмен, солай бо ла тұра, қазақ 

тілінде сөйлеушілер берен сөзін бұл заттардың тікелей атауы екендігінен гөрі 

ең алдымен сол құрал-қарулар (сауыт, семсер, қанжар, мылтық) әзірленетін 

заттардың атауын білдіретінін айқын түйсінеді. Олай болмаған жағдайда бір 

сөздің осыншама әрқилы заттар мен ұғымдарды білдіруі мүмкін болмас та 

еді. Бұл жерде берен сөзінің қандай қасиеті жоғарыда аталған «ер қаруы – бес 

қарудың» бәріне ортақ болып тұр?



Берен сөзінің мылтық, сауыт тәрізді атаулардың анықтауышы ретінде 

қолданылу фактісіне қарағанда, шындығында, ол бастапқыда «бес қарудың» 

бәріне бірдей қатысты ортақ нәрсені білдіргенге ұқсайды.

Қазақ лексикографтары бе рен сөзінің мағынасына тән бұл ортақ белгіні 

үзілді-кесілді болмаса да «Жоғары сапалы болат, болаттың ең жақсы түрі» 


236

деген  мағынада  деп  көрсетеді.  Сонымен,  жоғарыда  байқағанымыздай, 

«сауыт» мағынасындағы берен сөзіне «ең жоғары сапалы болаттан жасалған» 

деген  түсінік  ілесе  жүреді,  «байырғы  мылтықтың  түрі»  деген  мағынаны 

білдіретін берен (ең жоғарғы сапалы болаттан жасалған) сөзі де осы тәрізді. 

Бұл  түсініктердің  бәрі  де  қазақ  тіліндегі  берен  сөзінің  номинативті 

мағынаның дұрыс берілмеуіне өзінше түсінік болады. Демек, қазақ тіліндегі 

берен сөзінің сол кезеңдегі қолданылуынан «сапалы болат» (болаттың бұл 

түрінен  ертеректе  жауынгердің  ең  таңдаулы  жау  жарақтары  жасалатын 

болған) немесе соған ұқсастау бір номинациялық мағынаны бөліп көрсетуге 

болады. Осындай негізде берен сөзінің «ер жүрек жауынгер», «шыныққан», 

«төзімді»  (жауынгер  туралы)  деген  ауыспалы  мағынасының  өріс  алуы 

әбден-ақ мүмкін.

2.  Ендігі  сөз  берен  II  жөнінде.  Жұмсалу  ортасы  мен  қолданылу 

ерекшелігіне карағанда, Берен II сөзі «қымбат мата», «барқыттың таңдаулы 

түрі»  дегенге  меңзейді:  Мысалы,  берен  бешпет  тіркесі  «барқыттың  ең 

жақсы  түрінен  тігілген  бешпет»  дегенді  білдіреді.  Н.  И.  Ильминскийдің 

көрсетуінше берен – «барқыттың ең таңдаулы түрі». 

3.  Ал  енді  басқа  да  түркі  тілдерінің  дерегіне  назар  аударсақ,  берен 

сөзінің әр түрлі тұлғада, әр қилы мағынада кездесетінін байқаймыз. Мысалы, 

туыстығы жағынан қа зақ тіліне жақын тілдердің бірі қырғыз тіліндегі бараң 

сөзіне  лексикографиялық  еңбектердің  бірінде  (К.  К.  Юдахин.  Қырғызша-

орысша сөздік. М., 19) омоним сөз ретінде сипаттама берілген:



БАРАҢ  I  иp.  (эпос  тілінде)  пистонды  мылтық  (шақпақпен  от 

алатын  пілтелі  мылтықтан  басқа;  әр  түрлі  тұрақты  анықтауыштармен 

қолданылады:  ақ  бараң,  көк  бараң,  қара  бараң,  сыр  бараң  –  мұндай 

тұрақты  анықтауыштар  мылтықтың  сырт  тұрпатына  байланысты  аталуы 

ықтимал; бараң эмес, милтелүч қара мылтық – пистонды емес, пілтелі жай 

мылтық; Алмамбеттин сыр бараң айдалыға илди эми. фольк. Алмамбеттің 

мылтығын, иығына асады.

БАРАҢ II ир. көне матаның жұқа түрі; бараңдан кылган көк чепкен. 

фольк.  бараннан  жасалған  көк  шекпен;  кашгардың  бараң  чепкени  тығыз 

етіп қолдан тоқылған мақта мата (Юд. II Кр. РС 109). Бірінші және екінші 

жағдайда да «иран тілдерінен енген» және «көне» деген белгімен берілген 

баран  сөздерінің  екі  түрлі  омоноим  ретінде  сипатталып  тұрғандығы  осы 

мысалдардың өзінен-ақ байқалып тұр. Бұлардың мағыналарында ортақ бір 

арнаға саятындай ұқсастық жоқ. 

Алайда бірінші және екінші омонимдерде оларды қазақ тіліндегі берен 

I (мысалы. «мылтық» мағынасы) және берен II («матаның түрі», «қымбат 

мата» мағынасы) сөздерімен жақындастыратын және басын біріктіретіндей 

ортақ мағына сақталған.


237

Берен-бараң сөзінің семантикалық дамуы мен игерілуінің тағы бір қырын 

оның өзбек тілінде қолданылуын қарастыру арқылы да айқындауға болады.



ФАРАНг (п. – т-а) көне 1. Француз; 2. Француздық немесе европалық

фаранг  милтик  ескі  білтелі  мылтық;  Фаранг  румал  –  жұқа,  жеңіл  әрі 

жылтырағы бар opамал, 3 ауыс. шебер (аударма – біздікі). Бұл жерде де берен 

сөзіне «көне» деген түсінік беріліп, әуелде арабтардан тәжік-парсы тіліне енген 

сөз ретінде қарастырылады. 



Фаранг  «мылтық»,  әрі  «орамал»  сөздерінің  тұрақты  анықтауышы 

ретінде жұмсала отырып, сонымен бірге сол заттардың шығу тегі, жасалуы 

«француздық» (еуропалық) дегенге меңзейді. Сөз болып отырған омонимдер 

семантикасындағы  қайшы  құбылысты  ұйғыр  тілінің  фактісі  де  айқындай 

түседі. Қазіргі ұйғыр тіліндегі пәрәң өзара байланыссыз екі түрлі мағынаны 

білдіреді:  1)  қызыл,  алқызыл,  қызғылт:  пәрәң  яғлиқ  «қызыл  (жібек,  үлдір, 

үлбірек) орамал», пәрәңдәк қизил «пәрәңдей қызыл» (плеонастық тіркес) және 

2)  «француз»  («француздық»  пәрәң  консул  «француз  консулы»  (Шыңжан 

ұйғырлары тілінде).

Сонымен жоғарыда қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр тілдерінен келтірілген 

мысалдарда  берен  (баран)  баран  (фаранг)  пәрәң  сөздері  бұл  тілдерде  өзара 

байланысы  жоқ  әр  түрлі  ұғымды  білдіретін  тәрізді:  1)  Жауынгердің  жау 

жарағы: сауыт, мылтық, семсер, қылыш т.б. жасалатын жоғары сапалы құрыш, 

болат; 2) матаның таңдаулы түрі, барқыт; 3) пистонды мылтық; 4) француз, 

француздық  немесе  европалық;  5)  қызыл,  алқызы;  6)  қара  қоңыр,  қара  кер 

(жылқы малының түсі).



«Білім және еңбек», 1987. № 2. 26-27 б.

«Шар» сөзінің сыры

Қазіргі  қазақ  тілінде  20-дан  астам  шар  деген  сөз  кездеседі.  Олардың 

біразы жеке-дара айтылса, көпшілігі белгілі сөз тіркесінде немесе біріккен сөз 

құрамында қолданылады екен. Шар дегенде бірден көз алдымызға домалақ, 

жұп-жұмыр,  дөп-дөңгелек  зат,  не  үрлеген  қарын  тәрізді  резина  елестеуі 

мүмкін. Дәлірек айтсақ, шар революциядан бұрынғы би-болыс сайлауларында 

дауыс беруде қолданылған ақ, қара түсті домалақ тастар; осыдан келіп шар 

салу, шар тастау тіркестері пайда болған; екінші бір шар – о баста аспанға 

көтерілу үшін ішіне газ толтырылған үлкен аэростат, ішіне жел толтырылып, 

әсемдік үшін жасалған резина шар болса, үшіншісі – жұмыр дүниенің атауы 

– жер шары. Бұл «шарлардың» барлығы қазақ тіліне орыс тілінен енгендігі 

көпшілікке аян.

Тілімізде шар қой, бұқашар, құнаншаршар тарту, шар қою, шөп-шар

дау-шаршар ете қалу (оқыстан ащы дауыс шығару мағынасында) сияқты 

«шарлар» тағы бар. Көпшіліктің назарын аударып, біздің арнайы тоқтағалы 


238

отырған ендігі бір топ «шарлар» (сәр, шәр, шер, шир варианттары да бар) 

мыналар: шарбақ, шаруа, шарайна, шардақ (төрт тағанды үйдің шатыры, 

төбесі), шар тарап (дүниенің төрт бұрышы) шарай топ, шаршау, шарқат (төрт 

бұрышты,  шаршы  орамал,  кей  жерде  –  мойын  орағыш)  шаршы  (квадрат, 

тік бұрыш) шар болат, ширек, шеру түлік, шәрияр (әдетте: төрт шәрияр – 

пайғамбардың төрт серігі), шертер (төрт шекті музыкалық аспап), сәрсембі 

(күн аты) т. б.

Ең алдымен ескертетініміз: асты сызылған (қара әріппен терілген) шар-

шәр-шер, сәр-шир сөздері, түптеп келгенде бір-ақ сөз. Оның төркіні парсы 

тіліндегі (сондай-ақ тәжік, иран, пушту, т. б. иран туыстас тілдеріндегі) чар-

чаһар  түрінде  айтылып,  «төрт»  мағынасын  білдіретін  түбірлес,  мағыналас 

сөздерге  барып  саяды.  Шар  компонентімен  келген  бұл  сөздер  мен  сөз 

тіркестері  қазақ  тіліне  әр  дәуірде,  әр  түрлі  жолмен  еніп,  әбден  сіңісіп,  төл 

сөзіміздей  болып  кеткендіктен  өзінің  о  бастағы  «төрт»  деген  мағынасын 

сақтамаған.  Сондықтан  да  олардың  әрқайсысы  бізге  әр  түрлі  сөз  болып 

көрінеді.  Дегенмен  бұл  сөздердің  төркінін,  құрамын,  өзара  жақындығын, 

мән-мағынасын білгеннің кімге болса да артықтығы жоқ. Мәселен; шарбақ: 



шар – «төрт» және бақ, яғни о баста «төрт жағы бірдей бақ» деген мағынада 

қолданылса, шаруа: шар – «төрт» және уа болып өзгерген парсының па-пай 

«аяқ» деген сөздерінен туып, «төрт» аяқты мал дегенді білдіреді. Сол сияқты: 

шардақ парсыша – «төрт тағанды, қырлы күмбез», шарайна парсыша – «төрт 

бұрышты айна», ши рек парсыша – «төрттің бірі», шаһар парсыша – «төрт 

қабырғалы қала», шертер парсыша – «төрт ішекті», шар тарап парсыша – 

«төрт жақ, төрт құбыла», шеру түлік – «төрт түлік» (түлігі қазақша), сәрсембі 

о баста парсыша – «төртінші күн». Ал енді шәрияр дегеннің өзі парсыша 

«төрт  жар,  пайғамбардың  төрт  қолдаушысы»,  бола  тұрса  да,  оған  кейде 

алдынан тағы да «төрт» сөзін қосып айту бар. Төртке төрттің қосылуы, әрине, 

шәр сөзінің мағынасы ұмыт болғандықтан туған плеонастық қайталау.

Қорыта  келгенде,  тілімізде  осы  сияқты  түбірлес,  туыстас  сөздер  өте 

көп. Олардың өзара қатыстығын білу – тіл табиғатын тереңірек түсінудің бір 

шарты.


«Қазақстан әйелдері», 1982. № 3. 

«Шүлен» сөзінің этимологиясы

Қазақ  арасында  шүлен  тарту,  шүлен  жігіт,  шүленсу,  шүленші, 



шүлен ас тәрізді сөздер бар. Осындағы шүлен сөзінің мағынасы қандай, 

төркіні не? Зер салып карасақ, бұл қолданыстарда шүлен сөзі екі түрлі 

ұғымды білдіретін тәрізді: 1. «елге, көпшілікке таратылып, үлестірілетін 

зат»; 2. «жомарттылық, қо лы ашықтық: кең-молшылық». Бір қарағанда 

бұлардың  арасында  мағыналык  катыстық  байкалмайтын  тәрізді.  Ал 


239

шын мәнінде ондай қатыстық бар: бұлар дербес екі сөз емес, мағынасы 

кеңейген,  төркіндес  бір-ақ  сөз.  Дәлелдеп  көрейік.  Тарихи  деректерге 

сүйенсек,  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жерін  бір  заманда  билеп-төстеген 

Шыңғысхан  әулеттерінің  дәстүріндегі  қарапайым  халыққа  жылына  бір 

рет, хан төңірегінде жүрген чиновниктерге аптасына бір рет тарататын 

тегін  ас-суын  өз  кезінде  шүлен  деп  атаған.  Мысалы,  бұдан  шамамен 

жүз жыл бұрын шыққан А.Старчевскийдін «Спутник русского человека 

в  Средней  Азии»...  (Санкт-Петербург.  1878,  II  бөлім)  деп  аталатын 

еңбегінде:  шүлен  –  «ханское  угощение  чиновников  по  пятницам» 

деп  көрсетілген.  Қазақ  даласында  бұл  әдет  шүлен  тарату  (яғни  хан 

атынан  тегін  ас  тарату)  мағынасында  қалыптасса,  хан  асын  таратуға, 

оны  ел-жұртқа  емін-еркін  үлестіруге  қатысқан  жігіт-желеңдер  шүлен, 

шүленші  деп  аталып  кеткен.  «Қолы  ашық,  жомарт»  мағынасындағы 

шүлен  жігіт  пен  хан  қазанынан  таратылған  тегін  асты  елге  үлестіруде 

өзінше  жомарттық  көрсетуге  байланысты  «шүленсудің»  сыры  міне 

осында.  Сонда  шүлен  сөзінің  бастапқы  мағынасы  мал  сойылып,  елге 

үлестірілетін астың, тамақтың түрі екен. Ол сөз түркі-моңғол тілдерінде 

күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен: моңғолша силун – сорпа, бурятша 

– шүле, шүлүн – ет сорпасы, жас сорпа, яқұтша сәлиян – ұннан жасалған 

ботқа, қырғызша сорпо – шилең – сорпа – суан т. б. Осыған байланысты, 

қазақ тілінде кездесетін «Үленіңе де, шүленіңе де жетеді» деген фраза 

«үлестіруіңе де, таратуыңа да түгел жететін (мол ас-су)» деген ұғымды 

білдіретіні  талассыз.  ІІІүлен  немесе  шүлен  жігіт,  шүленші  сөздерінің 

«мырза, жомарт» мағынасы қа зақ тілінде көбірек қолданады. «Шөлімдегі 

жалғыз алтын терегім, шөлден шүлен боп туған сергегім» (М. Әуезов). 

Сөз  мағынасының  кеңеюі,  ауысуы  де генде  біз  тіл  табиғатына  тән  міне 

осындай заңдылықтарды айтамыз. Шүленбай деген есімнің «атымтай – 

жомарт, мыр за, қолы ашық» деген мағынаны беретінін білсек те, оның о 

бастағы хан аты нан таратылатын сорпа-су, астың аты екенін елдің бәрі 

білмесе керек. Ал білу қажет.

«Қазақстан әйелдері», 1983. № 10. 

«Саяхатшы» сөздер

«Саяхатшы» деп біз, әдетте, әр түрлі елдерді аралап, әр ықылым алыс 

та бейтаныс жерлерді көріп қайту үшін саяхат шегетін адамдарды айтамыз. 

Осындай саяхатшылардан әлемге аты әйгілі X.Колумб, Марко Поло, Грум-

Гржимайло, Ми клухо-Маклай, Пржевальский, Ш. Уәлиханов т. б. бәріміз 

жақсы білеміз.

Ал енді «саяхатшы сөздер» дегенді қалай түсінуге болады? Дәл саяхат-

шыдай болмаса да, сол сияқты ел-елді аралап, сол елдердің тілінде өзінің 



240

ізін, яғни «қолтаңбасын» қалдырып жүрген сөздерді де саяхатшы деуге 

әбден болады. Егер жаһанкез саяхатшылар жаңа жер ашып, көз көріп, 

құлақ естімеген жаңалықтарды жазып, кейінгі ұрпаққа қымбатты мағлұ-

маттар қалдырып отырса, «саяхатшы сөздер де» «ара лап шыққан» тіл-

дерде  өзі  туралы  белгілі  ұғым,  түсінік  қалдырады.  Ол  ұғым-түсінікті 

өзінше  түсініп,  өзінше  дыбыстық  тұлғада  қабылдаған  шетел  –  жат  ел 

тілдері ол сөздерді ескерткіш, тәбәрік ретінде өз бойында ұзақ сақтап, 

етене  дүниесіне  айналдыруы  мүмкін,  өз  қалауынша  өзгертіп  кәдесіне 

жаратуы ықтимал.

Осындай  «саяхатшы  сөздер»  біздің  ана  тілімізде  де  баршылық. 

Мәселен,  бүгінде  қолдануы  сиректеп,  көнере  бастаған,  бірақ  кешегі 

діндарлар тілінде жиі кездесетін «бірадар» сөзін «саяхатшылар» қата-

рына  жатқызуға  болады.  Бұл  сөздің  тілімізде  бір-бірінен  туындайтын 

екі түрлі мағынасы бар: 1) «жақын ағайын, досжар адам» және 2) «дін 

жолында бірге жүріп, Аллаға мінажат етушілер». I. Жансүгіровтың бір 

әңгімесінде: – Қарқаралыда құйрықсыз шай табатын жерің болса, маған 

да  айт,  бірадар!  –  деп  дүкенші  шайды  алып  қайта  тығып  қойды.  (Әң-

гімелер...). Бұл мысалда «бірадар» сөзі «ағайын» «дос-жаран» мағына-

сын білдіріп тұр. Ал енді мына мысалда: Бәрекелді, мыналардың бәрі 

бірадар  ғой  шетінен...  (Қ.Сатыбалдиев.  Қараторғай...).  Мұнда  бірадар 

– «сопы, молда, діндар» мағынасында қолданылып тұр. Бұл сөз туыстас 

түркі тілдерінің біразында-ақ кездеседі. Алайық, ұйғыр тілінде бурадәр 

– «дос-жаран», «жолдас», «ағайын-туыс», түрік тілінде birader – «брат», 

«братец»  («ағай»  мағынасында),  «досжаран»,  өзбек  тілінде  биродор  – 

«туыс», дос-жаран»,»жолдас-жора» т. б.

Мәселе,  бұл  сөздің  туыстас  түркі  тілдерінде  қолданылуында  ғана 

емес,  оның  бұл  тілдерден  басқа  да  Европа  мен  Азия  халықтарының 

тілін аралап шығып, онда өз «қолтаңбасын» қалдыруында болып отыр. 

Бірадар сөзінің Ұлыбритания еліне шеккен сапарының белгісі ретінде 

bpother  (бродер  және  pal  (пэл)  деген  екі  сөз  қалған.  Бұлар  «жолдас», 

«дос-жаран»,  «ағайындас»  деген  мағынаны  білдіретін  өзара  төркіндес 

сөздер.  Мамандардың  зерттеуіне  қарағанда  бұдан  5  мың  жыл  бұрын 

үнді еуропа тілінде бхратэр деген сөз болған. Ол «ағайын, туыс» (яғни 

«брат»)  мағынасында  қолданылған.  Жер  жүзінде  шарлаған  осы  сөз  әр 

елде әр түрлі өзгеріске түссе де, өзінің негізгі мағынасын сақтап оты-

рған. Ол үнді елінің бір аймағындағы жергілікті халық тілінде көне үнді 

тілі – санскриттегі– буратр болып айтылып келген бастапқы тұлғасын 

өзгертіп, прал түріне ауысқан. Әр түрлі себептермен осы аймақта жа-

саушы  бір  тайпа  ел  –  олар  кәдімгі  цығандар  (долылар)  –  жерінен  ауа 

көшіп, жер жүзіндегі елдердің көбін шарлап көшіп-қонып өмір сүруді 


241

әдетке айналдырғаны белгілі. Олардың біразы Англия жеріне де келіп 

жеткен. Тұрақтап бір жерде жасамайтын қаңғыбас жандарды жергілікті 

халық та, өкімет те онша жақсы көрмесе керек. Сондықтан сол түрме қа-

бырғасында бірге жатқан цығандардан ағылшын қылмыскерлері «прал» 

деген сөзді естиді. Бұл сөз цыгандардың өзара «ау, ағайын», «қымбатты 

дос» (орыстар «браток», «братец») мағынасында қолданылуы құлағына 

әбден сіңген ағылшын тұтқындары тіліне сәйкес «р» дыбысын түсіріп 



пал (пэл) түрінде қабылдаған. Тұтқындар жаргонынан барып, ол бүтін 

елге таралып кеткен. Франклин Фолсомның айтуына қарағанда, дәл осы 

сөзді бүгінде тек ағылшындар ғана елге таратып кеткен. Бұл ағылшын 

тілдес американдықтар арасына да кеңінен тарап кеткен. Және пал (пәл) 

сөзі ағылшын тіліне басқа бір жолмен саяхаттап келген bpother (брадэ) 

сөзімен  қатарласа  қолданылып  жүр.  Бірақ  бұл  «саяхат шы»  сөздерінің 

туыстас, төркіндес екенін ағылшындардың өздері біле ме, жоқ па – ол 

жері бізге беймәлім.

Бірадар сөзінің саяхаты тек ағылшындар елімен ғана шектелмейді. 

Ол Еуропа елдерін түгел аралап, көне латын, грек, ирланд, гот тілдерінде 

өз «ізін» қалдырған. Кейбір заңды түрдегі дыбыстық өзгерістерін ескер-

мегенде, бұл сөзді біз славян тілдерінің бәрінен де таба аламыз. Мәсе-

лен, орысша: брат, братец, братья және славян тілінде братрь, брать, 

украинша брат, болғарша брат, сербохорватша брат, словенше bratчех 

тілінде bratp, polqka brat т. б. Мамандардың айтуына қарағанда славян 

тілдеріне брат сөзі көне үнді тілінен ауысқан. «Саяхатшы» сөздің бұл 

тілдерге келу жолы мен сапары – өз алдына бір хикая.

Ал  енді  бірадар  сөзінің  түркі  елдеріне  жасаған  сапары  Еуропа 

арқылы  болмаса  керек.  Бұл  тілдерге  ол  Орта  Азия  мен  Қазақстанның 

кең-байтақ  жерін  бұрыннан  мекендеп  келген  тохар,  сақ,  ру-тайпалар 

арасындағы ауыс-түйіс дүние болуы ықтимал.

Көріп отырмыз, әр қилы заманда, шым-шытырық жолдармен сапар 

шегіп, талай жерді шарлаған және барған еліне аты-затымен сіңіп, жоға-

лып кетпей, ұмыт болмай, белгілі із қалдырып, көп тілге тамырын жай-

ған  осы  бір  «саяхатшы»  сөздің  қысқаша  тарихы  міне  осылай.  Бүгінгі 

таңның  тұрғысынан  қызықтайтын  бір  жағдай:  о  баста  көне  үнді-санс-

криттен  шығып  Евразия  елдерін  түгел  аралап,  оның  лингвистикалық 

картасына  өзінің  атын  қазақ  тілінде  бірадар  (бірәдәр,  орыс  тілін-



де  брат,  ағылшын  тілінде  bpother    деп  жазып,  барлығында  да  ортақ 

«жақын  туыс,  жора-жолдас»  деген  мағына  сыйлаған  осы  бір  «саяхат-

шы» сөздің халықтарды жақындастыру, туыстастыру, достастыру үшін 

атқарған миссиясы да тамаша емес пе?



«Білім және еңбек», 1984. 11 ноябрь. 

242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет