Мақалалар, баяндамалар жинағы


Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы



Pdf көрінісі
бет42/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49

Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы:

проблемалары мен міндеттері

Тарихи  лексикология  –  жалпы  тіл  білімінің  сүбелі  де  күрделі 

салаларының бірі. Оның зерттеу объектісі – лексика және оның пайда болу 

жолдары мен даму заңдылықтары. Басқаша айтқанда, тарихи лексикология 

тіл  тарихына,  сол  тілде  сөйлеуші  этностың  (халықтың,  ұлттың)  бастан 

кешірген қоғамдық формациялары мен басып өткен ұзақ өмірлік жолына 

қатысты  тілдік  фактілердің  шығу  тегін,  қалыптасу  кезеңдерін,  туыстас 

тілдердің қатарынан алатын орнын, басқа тілдерге қатыстығын ғылыми-

теориялық тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді.

Демек,  тарихи  лексикологияның  жалпы  лексикологиядан  басты 

айырмашылығы – ол тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенуде. 


438

Ол белгілі  бір тілдің лексикасын  жалпылама  емес,  нақтылы  бір халықтың 

азаматтық тарихына байланысты, сол халықтың мәдениетіне, дүниетанымына, 

салт-сана,  әдет-ғұрпына  т.  б.  экстралингвистикалық  факторларына  қатысты 

зерттелуі керек. Өйткені әрбір тілдің лексикалық қоры, қат-қабат сөз байлығы, 

сайып келгенде, сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен 

тікелей  байланысты,  сол  халықтың  халық  болып  қалыптаса  бастаған  ұзақ 

дәуірінің  жемісі,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып,  толығып,  кемелденіп,  жаңарып 

отыратын асыл да абзал мұрасы, сол халықтың мәдени, рухани өмірінің айнасы 

болып саналады. Әрбір тілдің сөз байлығын тарихи тұрғыдан зерттеу дегеніміз 

–  оны  сол  тілдің  өз  топырағында,  өзіндік  даму  үрдісін,  сыр-сипатын  ескере 

отырып  қарастыру,  жалпылама  емес,  нақтылы  объектімен  байланыстыру.  Ал 

бұлардың  бәрі  тарихи  лексикологияның  бір  тілдегі  нақтылы  объектісі  болып 

саналса, оның туыс және туыстас тілдердің лексикасын зерттеуге байланысты 

проблемаларының шеңбері бұдан әлдеқайда кең болатыны өзінен өзі-ақ түсінікті.

Тарихи  лексикологияның  өзіндік  зерттеу  объектісі  мен  белгілі  тәсілдері 

бола  тұрса  да,  оның  дербестігінен  гөрі  гылымның  басқа  салаларымен 

байланысы, астарластығы ерекше көзге түседі. Осыған орай «қазақ тілі тарихи 

лексикологиясының    зерттеуге  тиісті  объектілері  мен  міндеттерін    біз  қалай 

анықтауымыз керек?» деген сұрақ туады. Айта кетуіміз керек, бұл мәселе қазақ 

тіл білімінде  бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Тарихи лексикологияның 

жеке  мәселелерін  сөз  еткен  бірлі-жарымды  еңбектерді  есептемегенде, 

бұл саланың нақтылы объектілері мен алда тұрған міндеттері жан-жақты 

қаралып, толық анықталып, күн тәртібіне қойыла қойған жоқ.

Алайда қазақ тіл білімінің бүгінгі күннің биік талабына сай табыстары 

тарихи  лексикологияның  терең  де  тегеуірінді  зерттелуіне  байланысты. 

Олай болса, бұл саланың негізгі зерттеу объектілері мен міндеттерін жан-

жақты сөз ете отырып, оған мамандардың назарын аудару, программалық 

зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтау бүгінгі таңның зәру міндеті болып 

саналады.  Бұл  мәселенің  ғылыми  тұрғыдан  зерттеліп,  дұрыс  шешілуі 

тек  ғылымның,  ғалымдардың  өздері  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ  көпшілік 

қауым  үшін  де  маңызы  зор.  Өйткені  талғам-талабы  биік  бүгінгі  оқырман 

қауымы ана тілінің қол жеткен табыстарын қызықтай отырып, оның өткен 

тарихын, шығу тегін, сөз өнерінің небір тамаша құпия сыры мен күнделікті 

қолданылып  жүрген  сөздерінің  және  «қазақ»  этнонимінің  төркінін 

білгісі  келеді.  Ана  тілінің  табиғатына  қызу  сезіммен  қызыға  қараушылар 

тіл  мамандарының  бірлі-жарымды,  тиіп-қашып  айтқан  пікірлеріне 

қанағаттанбайтын сияқты. Күрделі еңбекті талап етеді. Сондықтан да олар 

«өлеңге  әркімнің-ақ  бар  талабы»  дегендей,  сөз  төркіні  жөніндегі  өзінше 

топшылаулары мен жорамал-жобаларын газет-журнал беттерінде жариялап, 

ортаға салуға талаптанады.


439

Бұлардың бәрі, әрине, заңды талаптар және олар тарихи лексикологияға 

үлкен де жауапты міндеттер жүктейді. Осы міндеттердің мүддесінен шығу үшін 

тілші қауымы да тіл тарихына байланысты зерттеулерді жандандыруы қажет 

сияқты. Осы проблеманы жан-жақты қарастыратын арнайы монографиялар мен 

тарихи-этимологиялық сөздіктер шығаруға кірісетін уақыт жетті деп ойлаймыз. 

Бірақ  бұл  міндеттерді  атқару  үшін  тарихи  лексикологиямен  шұғылданушы 

тілшілерге үлкен дайындық керек. Бұл тәрізді қиын да жауапты іске кірісуден 

бұрын әрбір маман осы салада бүгінге дейін не істелді және бұл істердің ғылыми-

теориялық дәреже-деңгейі қандай екенін анықтай отырып, алдағы мақсатымыз 

бен міндетімізді айқындап алғаны жөн. Осыған орай мақаланың мақсаты: «қазақ 

тілі тарихи лексикологиясының бүгінгі таңдағы көкейкесті проблемалары мен 

алдағы міндеттері не?» деген сауалға жалпы түрде болса да жауап беру және бұл 

саланың басқа проблемаларға қатыстығын анықтай түсу.



Тарихи  лексикологияның  зерттеу  объектілері  және  басқа  ғылым 

салаларына қатыстығы. Тарихи лексикологияның зерттеу объектісі дегенде 

екі түрлі жағдайды ескергеніміз жөн. Біріншіден, ол алдына қойған мақсатына 

және тіл фактілерін талдау тәсілдеріне байланысты іштей сараланып, тікелей 

өзіне  қатысты  проблемаларды  әр  қырынан  қарастыратын  этимология, 

семасиология,  ономасиология,  диалектология,  этнолингвистика  сияқты 

тарауларды қамтиды. Екіншіден, оның тіл білімінің осы салаларында қол жеткен 

табыстар  мен  талдау  әдістерін  пайдалана  отырып,  этностың  шығу  тарихын 

(этногенезін), этнос тілінің пайда болуын (глоттогенезін), халық тілінің базистік 

структурасын, туыс, туыстас және басқа тілдермен болған қарым-қатынасын, 

әр түрлі экстралингвистикалық факторлардың тіл дамуына тигізген әсерін т. б. 

тіл фактілері мен оның заңдылықтары негізінде қарастырып, тұжырым айтуға 

мүмкіндігі мол. Сондықтан да тарихи лексикологияның өзіндік объектілері мен 

қатыстық объектілері арасыңда тығыз байланыс, мүдделестік бар.

Біз мақаламызда осылардың кейбіреулерін ғана сөз етеміз.



Тарихи лексикология және этногенез. Қазақ тілі тарихи лексикологиясына 

қатысы бар проблеманың бірі – қазақ халқының этногенезі мен глоттогенезі. 

Бұлар  этнос  пен  этнос  тілінің  тарихи  бір  мезгілде,  бір  географиялық  ортада 

және белгілі бір әлеуметтік жағдайда қалыптасуына байланысты құбылыстар. 

Тілдік факторлар этностың халық болғанға дейінгі және одан кейінгі тарихын 

айқындауға  бірдей  қажет.  Бұл  арада  қазақ  тілінің  базистік  лексикасына  тән 

байырғы  сөздер  мен  сөз  тұлғаларынан  тыс  толып  жатқан  тілдік  деректердің 

атқаратын қызметі зор екенін ескерткіміз келеді. Қазақ халқының негізін құрушы 

көптеген ру-тайпалардың этнонимдері мен «қазақ» этнонимінің этимологиялық 

табиғаты,  көне  тарихымыздың  куәгері  ретінде  қазақ  топырағында  сақталып 

келе  жатқан  жер-су  атаулары,  өлке-өлкені  мекендеген  ру-тайпалардың  тілдік 

ерекшелігі ретінде сақталып бізге жеткен диалектизмдер, көне дәуір мен орта 



440

ғасырлардың  тасқа  қашалған  сыналы  жазулары  мен  жазба  ескерткіштері  – 

осылардың бәрі де этнос пен этнос тілінің тарихын айқындауға қажетті тілдік 

деректер.

Этногенез проблемасына байланысты тіл деректерін пайдалану дегенде, біз 

ең алдымен этнонимдерге жасалатын этимологиялық талдаударды айтқан болар 

едік. Мәселен, қазақ этнониміне байла нысты айтылып  жүрген  жоба-жорамалдар  

көп-ақ.  Олардың    жалпы    саны    қазірдің  өзінде-ақ  жүзден  асады.  Бұлардың 

арасында ғылыми этимология да, әр түрлі аңыз-риваяттар мен мифологиялық 

топшылауларға негізделген халықтық этимология да баршылық. Бұл мәселені 

тарихшылар мен тіл мамандары бірлесе отырып зерттегенде ғана дұрыс нәтиже 

шығуы  мүмкін.  Арғын  деген  этноним  жайында  да  осыны  айтуға  болады. 

Махмұд Қашғаридың «Диуанында» кездесетін ру тобының атауы арғу мен қазақ 

және басқа түркі халықтарының құрамына енген этникалық компонент арғын



1

 

этнонимінің  төркіндестігі  -н  (-ун  //-ын)  элементінің  табиғатына  байланысты 



екенін тілшілер жақсы біледі. Ол түркі, монғол тілдеріне ортақ элемент болып 

саналады (бай > баян, ной > ноян).

Тарихи лексикология этногенез проблемасына байланысты пікір айтқанда 

ең  алдымен  ол  объективті  тарихи  фактілердің  өзіне  сүйенуі  керек.  Тарихи-

лингвистикалық деректер негізінде бір ру-тайпаның екінші ру-тайпамен тарихи 

қатынасын, өзара әсер-ықпалын анықтауға болатынын көптеген мысалдармен 

дәлелдеуге де болады. Мәселен, түркі ру-тайпаларының ұзақ даму тарихында 

пікір  айтып  жобалауга  болатын  дәуір  –  хун  дәуірі.  Осы  дәуірде  Қазақстан 

территориясын  түркі  тілдес  ру-тайпалардан  басқа  индоиран  тілдерінде 

сөйлеуші тайпалар (сақ, юечжи, соғды т. б.) да мекендеп келгені мәлім. Осы 

өлкеде қалыптаса бастаған этникалық процесс біздің ж. с. бұрынгы I ғасырда 

Орталық  Азияның  түкпірінен  қоныс  аударып,  Батысқа  қарай  жөңки  көшкен 

хундар  Қазақстан  жерін  мекендейтін  осы  ру-тайпалардың  этностық  келбетін 

өзгертпей  қойған  жоқ.  Белгілі  деректерге  қарағанда  хун  бірлестігінің  өзі  тегі 

жағынан құрама, тілі жағынан біркелкі болмаған. Кейбір ғалымдардың пікірі 

бойынша


2

 хундардың басым көпшілігі түркі тілдес тайпалардан тұрған, олардың 

Батыстағы  одақтасы  –  үйсіндер  болған

3

.  Хундар  мен  үйсіндер  одағы  біздің 



эрамыздың басында Батысқа қарай жылжып, ең алдымен Жетісу территориясын 

басып алады да, бұл өлкеде жасайтын жергілікті сақ, юечжи т. б. тайпалардың 

біразын ығыстырып тастап, өздері қалған шығыс иран тайпаларымен араласа 

Потапов Л. П. Происхождение и формирование хакасской народности. Абакан, 1957, 

с. 154–155.

2  Бернштам  А.  Н.  Социально-экономический  строй  орхоно-енисейских  тюрок VI–VIII 

веков. Восточнотюркский каганат и кыргызы. М., Л., 1946, с. 82; Соның өзі. История гуннов. 

Л., 1951, с. 55–56.

Зуев Ю. А. К этнической истории усуней //Тр. ИИАЭ АН КазССР. Алма-Ата, 1960, № 

8, с. 6–7.



441

бастайды.  Қазақстан  жеріндегі  көне  тұрғындардың  түркіленуінің  алғашқы 

дәуірі  осы  кезден  басталады  деп  көрсетеді  ғалымдар

4

.  Ал  Орта  Азия  мен 



Қазақстан  жеріндегі  иран  тілдес  ру-тайпалардың  түркілер  мен  монғолдарға 

айналуының екінші толқыны сол хундар мен үйсіндердің тағы да Батысқа қарай 

жылжи түсуінен және бұл жолы олардың кангюй тайпасының Сыр бойындағы 

үлкен мемлекетін ығыстыруынан басталған еді. Сөйтіп, тұрғындары негізінен 

түркі тілдес тайпалардан құралған Қазақстан I ғасырдың екінші жартысынан 

кейін  көне  түркілердің  қол  астына  өтіп,  түркі  қағанаттарына  тәуелді  елге 

айналады.  VIII  ғасырда  Қазақстанның  біраз  жері  қарлұқ  тайпаларының 

бақылауында  болады.  IX–XI  ғасырларда  Қазақстанда  саяси  гегемония  оғуз, 



қимақ  және  қарлұқтардың  қолына,  одан  кейін,  IX  ғасырдың  I  жартысынан 

бастап, Орталық Азиядан шыққан қыпшақ руларының одағына өтеді. Одаққа 

енген  қалың  қыпшақ  ру-тайпалары  Қазақстан  мен  Дешти-қыпшақты  ба сып 

өтіп,  бүкіл  Евразия  аймағына  түгел  тарайды.  Ал  осы  этностық  бірлестіктер 

мен  одақтардың  құрамында  болған  ру-тайпалардың  көбісі  XV  ғасырда  қазақ 

халқының  қалыптасуына  негіз  болғандығы  тарихтан  белгілі.  Демек,  қазақ 

этносының  дербес  халық  болғанға  дейінгі  тарихы  өте  күрделі  интеграция 

және  дифференциация  процестерін  басынан  өткерген.  Бұл  процестерді  та  

басып, дәл айтып беру қиын. Бірақ сол хун дәуірінің өзінде-ақ түркі тілдерінің 

біртұтас іргетасы қаланып, негізі жасалған еді. Ата түрк (пратюрк) дәуірін осы 

кезге мезгеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Енді осы дәуірді бейнелейтін тілдік 

фактілерді анықтау тарихи-лексикологияның үлесіне тимекші.



генезис  проблемасына  байланысты  тарихи  лексикологияның  өнімді 

де өндіре зерттеуге тиісті объектісінің бірі – тілдердің тарихи контактысымен 

өзара араласуы. Әрбір тарихи кезеңдерде, әр қилы әлеуметтік, экономикалық, 

саяси, мәдени, географиялық қарым-қатынастарға байланысты басқа тілдерден 

сөз  қабылдап,  соның  есесіне  байып,  дамып  отыру  қазақ  тіліне  де  тән  және 

тамыры тым тереңде жатқан күрделі құбылыс; ол қазақ халқының халық болып 

қалыптасуына негіз болған көптеген түркі тілдес этностық топтардың, ру-тайпа 

бірлестіктерінің  тілі  басқа,  діні  басқа  көршілес  қауымдармен  қарым-қатынас 

жасап, араласқан сонау көне замандардан басталып, бүгінге дейін толастамай 

келе жатқан тарихи көштің ұзын сонар сілемі іспеттес.

Осы  орайда  қазақ  тілі  тарихи  лексикологиясының  алдында  үлкен-үлкен 

міндеттер тұрған сияқты. Солардың ішінде әлі күнге дейін арнайы зерттелмеген, 

бірақ зерттеуді қажет ететін проблемалардың бірі – ол қазақ халқы қалыптасқанға 

дейінгі Қазақстан жерін мекендеген ру-тайпалардың тілін және олардың өзара 

қарым-қатынасын  анықтау.  Тарихи  деректерге  қарағанда,  бұл  өңірде  біздің 

жыл санауымызға дейін де  және  одан  кейін  де  скиф,  сақ,  массагет,  соғды, 

Бартольд В. В. Соч. Т. 2, ч. 1, с. 25–26.


442

сондай-ақ көптеген түркі ру-тайпалары жасап келгендігі мәлім. Бұлардың тілі 

жөнінде айтылып жүрген пікір көп те, бірақ күні бүгінге дейін пікір бірлестігі 

жоқ. Бұлардың қайсысы түркі тілінде, қайсысы иран, не басқа тілдерде сөйледі? 

Бұл  жөнінде  талас,  тіпті  бірін-бірі  жоққа  шығаратын  пікірлер  де  жоқ  емес. 

Шығыстан Батысқа жөңки көшіп, кең-байтақ Қазақстан жерін баса көктеп өткен 

хундардың этностық белгісі, тілі қандай еді және олар жол-жөнекей кездескен 

әр  түрлі  ру-тайпалармен  қандай  қарым-қатынаста  болды,  олармен  қалай 

араласты, олардың тіліне қандай әсер етті? Бұл, әрине, жалпы түркологиялық 

мәселелер. Бірақ оның қазақ тіліне де қатысы бар, өйткені қазақ тілінің шыгу 

тарихын  сөз  еткенде  біз  оны  тек  XIV–XV  ғасырлардан  басталды  деп  айта 

алмаймыз:  оның  шығу  тарихы  мен  дербес  тіл  болып  қалыптасу  дәуірлері 

әлдеқайда әріден басталса керек. «Скифтер мен сақтар, соғдылар мен хундар 

қай тілде сөйледі, олардың түркі ру-тайпалар тіліне қандай әсері болады?» деген 

мәселелердің күн тәртібіне қойылуы да заңды. Бұл мәселенің тиянақты шешілуі 

түркі  халықтарының  тілдік  тарихын  айқындай  түскен  болар  еді.  Бірақ  бұл 

саладағы деректеріміз ауыз толтырып пікір айтуға әзірше жеткіліксіз. Тарихи 

лексикологиямен шұғылданушы мамандардың бас қоса отырып, шешуге тиісті 

келелі мәселелерінің бірі осы болса керек.

Сонымен, бүгінгі қазақ тілінің тегі жайында, тарихи даму сатылары мен 

басқа  тілдерге  қатыстығы  жайында  жорамал  («рабочая  ги потеза»)  ретінде 

әдетте мынаны айтуға болар еді: оның арғы тегі сонау хун, көне түркі дәуірінен 

басталып,  түп-төркіні  көне  үйсін,  қаңлы,  қыпшақ  тайпаларының  тілдік 

дәстүрінен өрбіп, орхон-енисей ескерткіштері тілімен ортақтығын сақтай келе, 

М.  Қашғаридың  «Диуаны»  мен  Ю.  Баласағунидың  «Құтадғу  білігі»  тілімен 

жалғаса  түсіп,  туыстығын  кейінгі  дәуірлердегі  қыпшақ  тілдерінен  тапқан 

–  дербес  түркі  тілдерінің  бірі.  Сондықтан  да  қазақ  тілін  әрі  көне,  әрі  жаңа 

тілдер санатына қосуға толық негіз бар. Оның базистік лексикасында баба тілі 

(«праязык»), көне түркі («пратюркский») элементтері көптеп сақталған.

Тілара қатынастар және тарихи лексикология. Тілдердің өзара қарым-

қатынасы,  бір-бірімен  байланысы  тіл  біліміндегі  күрделі  проблемалардың 

қатарына жатады. Тілдегі ауыс-түйістің көбісі лексика саласында болатындықтан, 

оган тарихи лексикологияның тікелей қатысы бар. Айта кету керек, жалпы тілара 

контакт мәселесінің лингвистер тарапынан зерттеле бастағанына 200 жылдан 

астам  уақыт  өтіпті.  Осы  уақыт  ішінде  бұл  проблема  жан-жақты  тексеріліп, 

оның неше алуан құбылыстары мен түрлері тиісті теориялық шешімін тапқаны 

мәлім


5

. Алайда әрбір халықтың өзіндік тарихи даму жолы, басқа халықтармен 

5  Серебренников  Б.  А.  О  взаимодействии  языков  //  ВЯ.  1955,  №  1;  Розенцвейг  В.  Ю. 

О языковых контактах // ВЯ. 1963. № 1. Ильященко Т. П. Языковые контакты: (На материале 

славяне-молдавских отношений). М., 1970.


443

араласуында өзіне ғана тән ерекшеліктердің болуына байланысты бұл мәселенің 

нақтылы тарихи-лингвистикалық деректер негізінде зерттелуі талап етіледі.

Осыған орай қазақ тілінің басқа туыс (қырғыз, өзбек, түрікмен, башқұрт, 

ұйғыр т. б.), туыстас (монғол, бурят, қалмақ) және өзге системалы (орыс, қытай, 

араб, иран т. б.) тілдермен көрші ретінде де, тарихи-саяси, мәдени, географиялық 

жағдайларға  байланысты  да  әр  дәуірдегі  қарым-қатынастары,  олардың  өзара 

ықпалы, лексикалық ауыс-түйістері ерекше назар аударады. Осыларды зерттеу 

де  қазақ  тілі  тарихи  лексикологиясының  төл  істерінің  бірі.  Бұл  саладағы 

ізденістерді бірнеше бағытта қарастыруға болатын сияқты.

Басқа  тілдердің  элементтері  араласпаған  бірде-бір  «таза»  тіл  жоқ  деген 

қағида бар. Түркі тілдерінің ішінде өзінің тұтастығын, монолиттігін, тазалығын, 

өзіне тән ұлттық ерекшелігін өз бойында көбірек сақтап келе жатқан қазақ тілінің 

лексикалық байлығында да шет тіл элементтері көптеп кездеседі. Ол барлық 

түркі тілдеріне ортақ базистық лексиканы, әсіресе, оның қыпшақ компонентіне 

тән түбір-тұлғаларын мол сақтай отыра, ғасырлар бойы даму жолында басқа 

тілдердің элементтері арқылы да толығып, үздіксіз байып отырды. Қазақ тілі 

лексикасы құрамында көне де байырғы қазақ сөздерімен жымдаса, қатарласа 

қолданылып жүрген кірме сөздердің саны уақыт өткен сайын әр түрлі жағдайда 

араласқан тілдердің әсер-ықпалымен аса түспесе, азайған емес.

Әр  заманда  қабылданып,  өз  сөздерімізбен  мидай  араласып  кеткен,  тіпті 

сөйлеушілер үшін төркіні ұмыт болып, өз сөзіне айналып кеткен кірме сөздер аз 

емес. Олардың шығу тегі, келу жолы да әр түрлі. Солардың ең көнесі санскрит, 

қытай тілдерінің элементтері болса керек. Олар арнайы зерттелмегендіктен біз 

бұл жөнінде түркологиядағы кейбір деректерден басқа ешнәрсе айта алмаймыз. 

Қазақ тілі тарихи лексикологиясының бұл да бір кезектегі міндеті. Тіліміздің 

өткен тарихын анықтауда бұл мәселенің ролі зор.

Түркі  тілдерінің  ішінде  қазақ  тіліне  елеулі  әсер  еткен,  оның  лек-

сикалық  қорында  айтарлықтай  із  қалдырған  тілдерге  араб  және  иран 

тілдері  жатады.  Басқаларға  қарағанда  түркі  тілдеріне  енген  араб  және 

иран тілдерінің элементтері түркологияда көбірек зерттеліп келеді. Қазақ 

тіліндегі  араб,  парсы  элементтерінің  саны,  мысалы,  Л.  3.  Рүстемовтың

6

 

анықтауы  бойынша,  жалпы  лексикамыздың  15  процентіне  жуық  екен. 



Кейбір түркі халықтарының (мысалы, өзбек, түрікмен, әзербайжан, ұйғыр т. 

б.) тілінде олар одан да көп. Қазақ тіліндегі араб, парсы элементтерінің әлі де 

зерттеле түсуін ескерте келе, біз бұл мәселеге арнайы тоқталып жатпаймыз.

Тілара контактіге байланысты қазақ тілі тарихи лексикологиясының 

ерекше көңіл бөлуге қажет объектілерінің тағы бірі – қазақ тілі мен оған 

Рустемов Л. 3. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982.



444

көршілес түркі тілдерінің (атап айтқанда, қырғыз өзбек, башқұрт, түрікмен, татар, 

ноғай, ұйғыр, алтай т. б.) арасындағы әр түрлі тарихи, географиялық, туыстық 

(генеологиялық) т.б. қарым-қатынастар болса керек. Бұл тілдердің өзара әсері, 

лексика  саласындағы  ауыс-түйістері  қай  дәуірде,  қандай  жағдайда  және  қай 

дәрежеде болмасын, сайып келгенде, тарихи процеске жатады. Сондықтан да 

біз сөз етіп отырған тарихи лексикологияның төл ісіне бұл тілдердің лексика 

саласындағы  туыстығы,  сөз  жасау  модельдері  мен  номинация,  мотивация 

принциптеріндегі  ұқсастықтарды,  паремиология,  фразеология  саласындағы 

дүниетаным және бейнелеу ортақтығы т. б. зерттеуді де қосқан болар едік.

Тілара  тарихи  контактыға  байланысты  зерттей  түсуді  қажет  ететін 

проблемалардан біз қазақ тілінің монғол және орыс тілдерімен болған қарым-

қатынастарына толығырақ тоқталып өтеміз.

Қазақ тілі мен монғол тілдерінің қарым-қатынасы

Бұл  проблеманың  дұрыс  шешілуі  қазақ  халқының  дербес  халық  болып 

қалыптасуына  негіз  болған  көптеген  ру-тайпалар  мен  монғол  тілдес  ру-

тайпалардың  өткен  дәуірлердегі  этногенетикалык,  тарихи,  мәдени,  саяси-

әлеуметтік, географиялық т. б. байланыстарын тіл фактілеріне сүйене отырып 

анықтауды талап етеді.

Қазақ  пен  монғол  тілдерінің  қарым-қатынасын  үлкен  екі  дәуірге  бөліп 

қарауга болады: біріншісі – көне дәуір де, екіншісі – XII ғасырдан кейінгі, яғни 

Шыңғысхан  бастаған  монғол  шапқыншыларының  Қазақстан  мен  Орта  Азия 

жерін және оны мекендеген түркі тілдес ру-тайпаларды жаулап алып, үстемдік 

жасаған дәуір. Егер бірінші дәуірде түркі, монғол тілдерінің, соның ішінде қазақ 

тайпалары тілдерінің шығу тегі, базистік лексиканың, түбір тұлғалар мен сөз 

жасау модельдердің туыстығы, ортақтығы, немесе сәйкестігі сөз болса, екінші 

дәуірде  бұл  тілдердің  жоғарыдағы  тарихи  жағдайларға  байланысты  ықпал-

әсерін, өзара лексикалық ауыс-түйісті қарастырған дұрыс болады.

Тарихи деректерге жүгінсек, Қазақстан жерін өте көне замандардан бері діні 

де, тілі де басқа-басқа әртүрлі этностық топтар мен бірлестіктер мекендеп келген. 

Ал монғол шапқыншыларының бұл өңірді басып алып, ұзақ замандар үстемдік 

етуі ондағы түркі және иран тілдес тайпалардың өзара араласуына не жіктелуіне 

ғана  емес,  сонымен  бірге  ұлттық  тұрпатын  өзгертіп,  монғолдастыруға  және 

этностық мәдениет пен тілдердің өзара жақындаса түсуіне, ұқсас белгілерінің 

пайда болуына өз ықпалын тигізгендігі сөзсіз.

Осы дәуірдегі қазақ ру-тайпаларының жағдайын тарихи деректер

7

 былай 



суреттейді.  Қазақстан  жерін  бұл  дәуірде  Шыңғысханның  үш  баласы  Жошы, 

Үгедей және Шағатайлардың басқару еншісіне тиген еді де, XV ғасырда бұл 

өлкелердің көбі Көк Орда, Шайбанихан ұлысы және Моғолыстан тәрізді үлкен-

үлкен саяси бірлестіктің құрамына енген болатын. Қандай болған жағдайда да 

Бартольд В. В. Көрсетілген еңбек. 54–60, 147, 258–259-бб.


445

бұл  кезеңде,  яғни  XIII–XIV  ғасырлар  аралығында,  Қазақстанның  кең-байтақ 

жерін негізінен түркі тілдес халықтар мекендеді. Солардың арасында қазақтар 

автохтонды тұрғындар болып саналды. Осы кезде жергілікті халықтармен мидай 

араласып кеткен монғол ру-тайпалары, о баста бұл өлкелерге басқыншы, жаулап 

алушы  болып  келсе  де,  өзіне  тән  этностық  дәстүрді,  мәдениетін,  тілін,  дінін 

дамыта  алмады,  қайта  жергілікті  субстрат  тарапынан  ассимиляцияға  душар 

болды. «Үстем тап өкілі», «төре тұқымы», «ақсүйектер әулеті» деген аты, атағы 

болмаса,  олар  дінінен  айрылып,  мұсылман  дінін қабылдап,  тілінен айрылып, 

жергілікті тілдерге, соның ішінде қазақ тіліне көшкені мәлім. Тарихшылардың 

зерттеулеріне  қарағанда

8

,  Моғолстан  құрамына  өткен  алғашқы  монғол  ру-



тайпаларының  өздері  түркі  тілдерінде  сөйлеген.  Әрине,  тіл  заңдылығына 

сүйенсек, мұндай жағдайға таңғалуға болмайды. Өйткені о баста қаптап келген 

шапқыншы қолдың бәрі бірдей бұл өлкеде тұрақтап қалған жоқ еді. Олардың 

түркі тілдес қалың қауымның арасына сіңіп кетуіне бірінші себеп осы болса, 

екінші себеп: олардың өмір сүру, тіршілік ету тәсілдеріндегі, салт-сана, әдет-

ғұрпындағы  ұқсастық,  сәйкестіктер.  Монғол  шапқыншыларының  арасында 

түркі тілдес ру-тайпалардың да аз болмағандығы белгілі.

Алайда монғол-түркі тілдерінің Қазақстан топырағындағы ұзақка созылған 

қарым-қатынасы  мен  тығыз  байланысының  дәл  осылай  аяқталуына  қарап, 

бұл  тілдердегі  алыс-беріс,  ауыс-түйісті  жоққа  шығара  алмаймыз.  Өйткені 

ассимиляция  процесі  қандайы  болмасын,  ол  бір  жақты,  бір  бағытта  ғана 

болмайды.  Монғол  тілдері  мен  түркі  тілдерінің  сол  дәуірдегі  өзара  тығыз 

қарым-қатынасы екі жаққа бірдей ықпал жасады. Сондықтан да бұл тілдердің 

лексикалық қорында кездесетін көптеген ауыс-түйіс, ортақ дүниені заңды түрдегі 

субстрат, суперстрат құбылыс деп қараған жөн. Бұл мәселені түркологтар да, 

монголистер де өз тарапынан, не бірлесе отырып арнайы зерттеген емес

9

.

Ал қазақ тіліне келетін болсақ, оның монғол (халха, ойрат, бу рят т. 



б.)  тілдерімен  Шынғысхан  дәуірінен  кейін  (XVII–XVIII  ғғ.)  де  ойроттар 

(қалмақтар) мен жоңғар басқыншыларының қазақ жеріне салған ылаңына 

байланысты  қарым-қатынаста  болғанын  біз  тарихтан  жақсы  білеміз. 

Осындай  объективті  жағдайлар  мен  толып  жатқан  тарихи-әлеуметтік 

оқиғалар  тіл  үшін  де  із-түзсіз  өте  шықпайтыны  белгілі.  Монғол  әсерін 

лексикалық байлығымыздың барлық саласынан, атап айтқанда, Қазақстан 

топырағындағы көптеген жер-су атауларынан да, кісі, ру-тайпа аттарынан 

Юдин В. П. О родоплеменном составе могулов Могулистана и Могулии и их эт нических 

связях с казахским и другими соседними народами // Изв. АН КазССР. Сер. общественная. 1965, 

вып. 3, с. 57–58.

9  Түркологтардың  бұл  саладағы  кейбір  зерттеулері  негізінен  Сібір  тілдеріне,  атап 

айтқанда, якут, алтай, тува, тоф, хакас, шор т. б. тілдеріндегі монғол элементтеріне арналған. 

Мәселен:  Дарваев  П.  А.  Монгольско-алтайские  (ойротские)  лексические  вза имоотношения. 

Автореф. дис... канд. филол. наук. Элиста, 1983.



446

да, тұрмыс-салтқа, әскери басқару, заң т. б. ұғымдарға байланысты да кездестіруге 

болады.

Бұл  ауыс-түйістер  негізінен  қазақ-монғол  тілдерінің  кейінгі  дәуіріндегі 



тарихи  қарым-қатынасына  тән,  бұл  тілдердің  көне  дәуірдегі  араласуынан, 

өзара  сіңісуінен  пайда  болған  түбір  дәрежесіндегі  ортақтықтан  мүлдем 

басқаша құбылыс. Әрине, екі дәуірдің арасында белгілі байланыс, жалғастық 

болуы мүмкін, бірақ екеуіндегі нәтиже, қайталап айтамыз, екі басқа: біріншісі 

генеологиялық, туыстық мәселесіне қатысты да, екіншісі – тіларалық лексикалық 

ауыс-түйіске  барып  саяды.  Басқаша  айтқанда,  біріншісі  алтай  теориясының 

міндеттері де, екіншісі қазақ тілі тарихи лексикологиясының зерттеу объектісі 

болып саналады. Ал бұл салада, кейбір жалпылама пікірлерді айтпағанда, күні 

бүгінге дейін арнайы зерттеулердің жоқ екенін жоғарыда ескерттік.

Осыған  орай  айта  кететін  бір  жағдай:  моңғол  тілдері  мен  түркі  тілдері 

(соның ішінде қазақ тілі) арасында көптеген түбір, түбірлес сөздер мен туынды 

түбірлер кездеседі. Тарихи лексикология саласында ізденуші кейбір ғалымдар 

қазақ тіліндегі тұлғасы беймәлім, мағынасы күңгірттене, қолданысы сиректей 

бастаған сөздердің монғол тіліндегі сөздермен сәйкестігін байқаса болды, «бұлар 

қазақ тіліне ауысқан монғол элементі» деп пішіп-кесетіні бар. Мұндай 1 «тәсіл», 

біздіңше,  ғылыми  дәлелге  жатпаса  керек.  Салыстырып  отырған  лексикалық 

элементтердің  сәйкестігі  түбірге  қатысты  болса,  онда  мәселе  екі  тілге  ортақ 

элемент  жайында  болуы  керек  те,  ал  түбірлес  емес  туынды  тұлғаға  қатысты 

болса, оны тілара ауыс-түйістік деп қараған жөн. Бұл арада монғол тілдері мен 

қазақ, не басқа түркі тілдеріне тән сөз жасау модельдердің өзіндік табиғатын 

тап  басып  тани  білуде  салыстырма-тарихи  әдістің  атқаратын  қызметі  орасан 

зор. Бұл тәсілдің ерекшелігі – ол салыстырылып отырған тілдердің фактілерін 

тарихи тұрғыдан қарастырады.

Монғол  мен  қазақ  т.  б.  түркі  тілдерін  тарихи-салыстырма  әдісімен 

зерттегенде есте  болатын тағы  бір  жағдай: бұл  ру-тайпалардың  арасында 

ерте кезден-ақ өзара қарым-қатынас жасаудың қажеттігінен туған екі тілділіктің 

болуы.  Мәселен,  құба  қалмақ  заманында  оқтын-оқтын  болып  тұрған  талас-

тартыстарда  да,  бейбіт  өмірдегі  той-жиындарда  да  қазақ  пен  қалмақтар  бір-

бірімен еркін сөйлесіп, түсінісе білген. Ол жайында ел аузында сақталған аңыз-

әңгімелер  дәлел  бола  алады.  Мәселен,  «Манастағы»  Көкетайдың  асындагы 

шешендер  айтысын  еске  алуға  болады.  Соғыста  қолға  түсіп,  бодан  болу, 

басыбайлы күң, құл болу, қыз алып, қыз берісу т. б. – бәрі де тілге қатысы бар 

факторлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет