Мақалалар, баяндамалар жинағы



Pdf көрінісі
бет38/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49

Ортақ белгілері:

1.  ММ-дер  халықтың  өмірден  алған  тәжірибесінің  жиынтығы,  ой-

тұжырымының  қорытындысы.  “Олардың  әрқайсысында  өзіне  ғана  тән 

философиялық ой және саналы логика мен жүйеліліктің нәтижесінде пайда 

болған өзіндік тұжырым бар”

8

.



1

2.  ММ-дер  -  тұлғасы  жағынан  тілге  жеңіл,  белгілі  бір  ұйқасқа 

құрылғандықтан, құлаққа өте жағымды естіледі, көлемі шағын, тілі көркем, 

мазмұны терең және аз ғана сөзбен толық бір мағынаны өз дәрежесінде нақты 

жеткізеді, қолдануға даяр тұрады.

3.  ММ-дер  -  предикативті  сөз  тіркесі  және  сөйлем  түрінде  келген 

коммуникативті фразеологиялық оралымдар.

4. ММ-дер бейнелі, экспрессивті мәнде келеді.

5. ММ-дер - сөйлеу тілімізде дәстүрлі тұлғасында да, трансформацияланған 

түрде де қолданылады.



Мақал мен мәтел арасындағы айырмашылықтар:

1. Мақал уағыз, өсиет, үндеу сипатында келеді, онда дәлел мен қорытынды 

пікір қатар беріледі. Мысалы, 

8  C.Сәтенова. Қазақ тіліндегі Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық 

табиғаты. Докт. дисс., A., 1997, 20-б.  


399

Жүйелі сөз жүйесін табады,

Жүйесіз сөз иесін табады.

Мәтел  айтылатын  ойды  тұспалдап,  емеурін  арқылы  білдіреді. 

Мысалы, Дария жанынан Құдық Қазба.

2.  Мақалдың  компоненттерінің  саны  мәтелге  қарағанда  көбірек 

болып, ауқымды келеді. 

Мақал: Ат баспаймын деген жерін үш басады,  

           Ер көрмеймін деген жерін үш көреді.

Мәтел: Мәуелі ағаш майысқақ.

3.  ММ-дер  өзара  синтаксистік  құрылысы  жағынан  да  өзгеше 

болады.  мақал  салалас,  сабақтас  құрмалас  сөйлем  түрінде  жиі 

ұшырайды. Өйткені мақал өмір тәжірибесінде кездесетін оқиға, жағдай, 

іс-әрекеттерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы немесе салыстыру 

арқылы баяндап отырады. Ал, мәтел, көбіне, жай сөйлем түрінде, онда 

да толымсыз жай сөйлем түрінде кездеседі.

4. ММ-дердің синтаксистік құрылысындағы тағы бір айырмашылық 

- ол етістік баяндауыш сөздердің түсіп қалу заңдылығына байланысты 

жағдай. Мәтелдің құрамында етістіктен болған баяндауыш сөз, көбіне, 

айтылмай түсіп қалады. Бұл жағдай мәтелдің оқиғаны ишаратпен ғана 

жеткізуіне  лайықты  жасалатын  тәсіл.  Өйткені  күрделі  ойды  толық 

білдіретін сөйлем баяндауышсыз жасалмайды. Мысалы,

Ақыл - жастан /шығады/,

Асыл - тастан /шығады/.

Осы айтылғандардан мақал мен мәтелге деген анықтаманы былай 

түйіндейміз:

Мақал  -  коммуникативті  фразеологиялық  оралым,  мағыналық 

жеке бірлік, халықтың өмірден алған тәжірибесінің, ой-тұжырымының 

қорытынды  жиынтығы,  айқын  ойды  үлгі-насихат,  өнеге-өсиет,  ақыл 

ретінде  қысқа  қайырып,  көркем  бейнелеп  жеткізетін,  халықтың  дана 

нақыл сөзі.

Мәтел - коммуникативті фразеологиялық оралым, мағыналық жеке 

бірлік, өмір құбылысының қандайын болсын дәл анықтайтын, халыққа 

кең тараған бейнелі сөздер. Бұл мақалға қарағанда ойды ақырына дейін 

жеткізбей, топшылама, болжам ретінде түсіндіреді.

Сонымен, ММ-дерге тән дара ерекшеліктерге, олардың арасындағы 

ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындауға тырыстық.

Халық  даналығы  -  біздің  ата  мұрамыз,  асыл  қазынамыз.  Тұңғиық 

дәуірлер  түкпірінен  сұрыпталып,  халық  жадында  сақталып  бізге 

жеткен  әуезді  мұрамызды  халықтың  өзіне  шашпай-төкпей,  жинақтап, 

тұжырымдап қайта қайтарсақ - біздің міндетіміздің орындалғаны.


400

Төрт түліктің түгі мен түсіне 

байланысты атаулар мен фразеологизмдер

Кез келген тілдің лексикалық байлығы сол тілде сөйлейтін ұлт өкілдерінің 

дүние танымымен тығыз байланысты. Тіл-тіршілікпен кіндіктес болғандықтан, 

халықтың  дүние  танымы  табиғат  құбылыстарын  сезіну,  түйсіну,  қабылдау 

арқылы қалыптасқан наным-сенімімен, ғылым-білімімен, өнерімен және алу-

ан-алуан  кәсібімен  сабақтасып  жатады.  Түрлі  кәсіп  иелері  бір  мамандықты 

үйреніп қана қоймай, сол шаруашылық төңірегінде “зерттеулер жүргізіп, жаңа-

лықтар  ашады”.  Мәселен,  “тұяқ  түрленбей,  мал  күрленбейді”,  “шөп  сүттене 

малға  шел  бітеді”,  “шелді  қой  төлді  болады”,  “ай  айдың  оты  басқа”  сияқты 

мақал-мәтелдер малшылардың бір кездегі ата кәсіптен түйген түйіні.

Қоғамдағы әрекеті шаруашылықтар халқымыздың материалдық мүддесін 

көтеруге қызмет етсе, сол кәсіпке тиесілі туындаған тілдік құбылыстар сол тір-

шілікке  қатынасты  құрал-жабдықтарға  ғана  атау  болып  қалыптасып  қалмай, 

лексикалық қорымыздың қордаланып молығуына тілдік қолданыста тіліміздің 

жан-жақты мүмкіндігін ашып, икемдігін арттыруға септігін тигізеді. Мәселен, 

“мірдің оғындай”, “сымға тартқан күмістей” - зергерлік кәсіпке, “томаға тұй-

ық”, “сұңқардай сыланып, қырандай қырланып”, “қырғидай тию” аңшылыққа, 

“текеметтің түріндей”, “ақ кестенің жүзіндей” - қол өнерге қатысты туындаған 

бейнелі сөз орамдары.

Халқымыз үшін кәсіп-тіршілік көзі ғана емес, тіліміздің қордалану арнасы 

әрі дүние тану мектебі де. Мысалы, Сібір тұрғындарының ата кәсібі бұғы өсіру 

болғандықтан, тілінде бұғыға байланысты 1000-нан аса атау бар екен. Арабтар-

да түйе малына тиесілі 1000-нан астам, қазақ тілінде тек қыран құстарға қаты-

сты 1000-ға жуық терминдер қалыптасыпты.

Қоғамның  дамуына  сәйкес  шаруашылықтың  әр  саласы  күрделеніп, 

құрал-жабдықтары  жетіледі.  Осы  арада  тіліміздің  қызметі  екі  жақты:  көне 

кәсіпке тән ескірген атауларды бойына жинайды, сонымен бірге, жаңа құрал-

дарға  қатынасты  соны  сөздермен  де  толысып  отырады.  Бұл  ретте  тіл  өзінің 

функциясы  тарабынан  бір  этностың  мыңдаған  ғасырлар  бойы  басып  өткен 

тіршілік жолынан, өмір салтынан дерек берер “тарихи шежіре” іспеттес. Этно-

стың тарихында, кәсібінде, тәжірибесінде, өнер-ғылымында, наным-сенімінде, 

дәстүр-салтында болып өткен оқиғалар, өмірдің даму диалектісіне сай өзгеріп 

отырғанымен,  олардың  байырғы  ізі  тілімізде  сақталады.  Мәселен,  “барлық 

сөздің түбі бір, сөз атасы - Майқы би”, “Қасым ханның қасқа жолы, Есім хан-

ның ескі жолы”, “Атамыз алаш, Керегеміз ағаш” сияқты тарихи сөздер қазақ 

елінің бір кездегі ел басқарған көсемдері туралы; ақтылы қой, алалы жылқылы”, 



401

“қағанағы қарық, сағанағы сарық”, “ит басына іркіт төгілген заман”, “қой үстін-

де боз торғай жұмыртқалаған заман” тәрізді сөздер еліміздің сәнді-салтанатты 

бейбіт өмірі туралы; “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама”, “қызыл қуғын, сар 

сүргін”, “тар жол, тайғақ кешу” секілді тарихы сөз тіркестері ел басына түскен 

ауыртпашылық, қырғын соғыстар жайлы, аттың жалында, түйенің қомында”, 

“киіз-туырлықты қазақ” секілді сөз тіркестері - ата кәсіп, көшпелі өмір жайын-

да, “ақ түйенің қарны жарылды”, “боз биені құрбандыққа шалды”, ақ сары бас 

айтып шалды”, “басқа келген пәледен, бастан құлақ садаға”, “ат тұлдады”, “ала 

жіп кесісті” сияқты сөз тіркестері халқымыздың наным-сенімі мен моралі жай-

ында сөз шертеді.

Шындығында, этностың шын мәніндегі болмысы мен дүние танымы оның 

тілінде сақталып қана қоймай, сонымен бірге ұрпақтан-ұрпаққа тіл фактілері 

арқылы беріліп отырады. Ана тіліміздің ғасырлар бойы толассыз толығып, жеті 

атадан, жеті пұштығы асыл мұра боп ауысып келе жатқан ұшан-теңіз байлығы-

ның бір ұшығы ата кәсібімізбен сабақтасып жатыр. Расында, талай ғасырдың 

талқысынан  өтіп,  илеуі  қанық  ежелгі  сөздер  негізінен  төрт  түлікке  қатысты 

туындап, тіліміздің ең сүбелі қабаты ретінде қалыптасты.

Көшпенділердің төрт түлік мал шаруашылығы туралы жазылған қыруар ең-

бектері бар. Тұңғыш деректер біздің заманымыздан бұрын қағазға түскен. Олар: 

1) ежелгі грек ғалымдарының жазып қалдырған деректері /біздің заманымыздан 

бұрынғы ІІ мың жылдық пен біздің заманымыздың ІІ мыңыншы жылдары /; 2) 

ертедегі қытай елшілерінің төрт түлік туралы деректері / біздің заманымыздың 

І-V ғасырлары /; 3) орхон-енисей жазуларындағы мәліметтер / VІ-VІІІ ғасырлар 

/; 4) орта ғасырлардағы араб елшілері мен түрік ғалымдарының еңбектері /ІX-

XІІ ғ./; 5) еуропа саяхатшыларының деректері /XІІІ-XVІ/; 6) Октябрь Револю-

циясына дейінгі орыс қазақ этнографтарының еңбектері /XVІІ-XX ғасырлар/; 

7) қазақ совет этнографтарының жазғандары; 8) көрнекті ақын-жазушылар мен 

мәдениет қайраткерлерінің кітаптары; 9) зоотехникалық ғылыми еңбектер; 10) 

тәжірибелі  шопандар  мен  жылқышылардың  еңбектері;  11)  түркі  тілдеріндегі 

төрт түлік жайында жазылған еңбектер; 12) тілдік тұрғыдан жазылған кітаптар 

деп қарастыруға болады. 

Осынау  шашырап  жатқан  мұхиттай  мол  дүниенің  інжу-маржанын  теріп 

зерделеудің өзі үлкен болар еді. Мақаламызда төрт түлікке бағышты аса мол 

атаулардың ішінен тек малдың түгіне және жүннен жасалатын бұйым аттарына 

ғана тоқтала алдық.

Тілімізде жан-жануарлардың терісінің сыртынан өсетін жүн қылшықтың 

қандайын болмасын бір сөзбен жинақтап “түк” дейді. Төрт түліктің түгі құрамы 

мен сапасына қарай “жүн”, “қыл”, “түк” деп бөлінеді. Қазақ тұрмысында ең 

көп пайдаға асқан түк - қой жүні. Қой түгінің жас мөлшеріне қарай жүні - “қозы 



жүні”,  “тоқты  жүні”  және  “қой  жүні”  деп  жіктеледі.  Қалыптасқан  дәстүр 

402

бойынша бабаларымыз қой жүнін жылына екі рет қозыларды бір рет, қырқып 

отырған. Қой қырқу - үркер жерге түсерде басталатын науқан. Қой қырқу үшін, 

алдымен,  сәтті  күн  (сәрсенбі,  бейсенбі)  таңдап  алынады.  Әдетте,  сәтті  күнді 

есеп-қисап жүргізіп отырған сол ауылдың ақсақалы (есепші) белгілейді. Қой-

ларды қырықпас бұрын “қой қырқар” (қырқылатын қой жүні мол болсын, бере-

келі болсын деген сенімге негізделген сый-сияпат тағам) беріледі. Жүн қырқуға 

келген жігіттер үй табалдырығынан “қырқар көбейсін” деп тілек айта кіреді. 

Қойды қырқу үшін оларды өзенге тоғытып жүнін шаң-тозаңнан тазалап алып 

қырқуға кіріседі. Көктемде қырқылған қой жүні “жабағы” жүн немесе “ұрғашы 



жүн” деп аталады. Жаз ортасында тоқтыларды қырқып “тоқты күзем” алады. 

Тоқты жүнінен жұмсақ текемет басады. Күзде қырқылған қой жүні “күзем” не-

месе “еркек” жүн деп аталады.

2

Тұрмыста кәдеге жарату жағынан екінші орында түйе жүні алады. Түйе 



жүні жас шамасына қарай “ит жүн”, “тайлақ жүн” және “үлкен түйе жүні” 

деп жіктеледі. Түйе жүнінің ішінен ең сапасы жоғарысы - тайлақ жүні. Одан 

иіріп түйе жүн шекпен, има шекпен тоқиды. Үлкен түйе жүнінен басқұр, ор-

тақұр, секқұр, айылқұр, тосәур, үйбау, керегебау, таңғыш, шаңғырақбау, уықтіз-

бе және қап, қанар, қоржын, алаша, боқжама тоқиды.

Этнографиялық этюдтер:

Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде жан-жануарлар түгінің (жүн, қыл, жал, 

құйрық) атқарған қызметі зор. Ғасырлар бойы хайуанаттардың түгін бақылау 

негізінде  табиғаттың  кейбір  қыры  мен  сырын  түйсініп  отырған.  Мәселен,  ел 

ішінде “түлкінің түгінің түбі бекіген кез” дейді. Бұл жылдың қай мерзімі? Түл-

кінің қылшығының түбі қашан қатаяды? Жерімізде қыс түсіп, алғашқы қалың 

қарлы қан сонарда түлкі аунаған соң барып оның түгінің түбі бекиді. Дәл осы 

күннен бастап аңшылар түлкі аулауға шығады. Бұл уақыт Қазақстанның суық 

ерте түсетін өлкелерінде октябрь айының орта тұсына, оңтүстігінде декабрьдің 

бас кезіне сәйкес келеді.

Малшылар  төрт  түліктің  түгіне  қарай,  малдың  қасиетін  аңғарып  біледі. 

Семіз, күйлі малдың түгінің түбі майланып жалтырап тұрады. Сол себепті “тү-

гін тартсаң түбінен май шығады” дейді. Күйсіз малдың жүні солып, сарғайып, 

терісіне  жабысып  тұрады.  Егер  жылқының  түгі  сарғайып  семіп  қалса,  онда 

сары жүн” ауруына ұшыраған деп білген жүн.

Атбегі атты бәйгеге деп баптағанда жүйріктің бабына келгенін білу үшін 

оның жамбас жүнін шайнап күрер. Егер жылқы түгінде тұз дәмі көбірек білінсе, 

онда саңлақ әлі жарысқа дайын емес.

Ертеде  атпыраштар  жылқы  тұқымын  асылдандыру  үшін  ел-елді  аралап, 

той-тойға барып, ат базарын көріп асыл тұқымды айғыр іздес- тіреді екен. Егер 

асыл тұқымды айғыр кездессе, оны мүмкіндігіне қарай сатып алады не биеге 

шаптырып тұқымын алады. Мал иесі текті жылқыны сатпай не биеге шаптырт-



403

пай қойса, онда оған байқатпай сол айғырдың жалынан, құйрығынан және түгі-

нен жұлып ап, үйінің оң керегесіне іліп не аттың жүгеніне ырымдап тігіп қояды 

екен. Осы әдет ел ішінде “Жылқы шақыру” деп аталады.

1

 Бұл рәсім “жылқыны 



оның қылшығы арқылы шақыруға болады” деген магиялық сенімге негізделген 

өте ескі наным болса керек. Бұл дерек қазақтың қиял-ғажайып ертегісінде кез-

десетін мифологиялық персонаждар: ақ сақалды шал кейіпкерге шашынан бір 

тал шаш жұлып береді, алып қара құс бір тал қауырсынын, тұлпар жалынан 

жұлып  қиын-қыстау  кезеңінде  осыларды  өртесең,  біз  көмекке  келеміз  деген 

сияқты ежелгі мифпен ұштасып жатыр.

1

 Тіліміздегі “дұшпаннан түк тартсаң 



да олжа” деген мәтелдің қалыптасу төркіні сол бір ұмыт болған замандармен 

астарлас боп көрінеді.

Түркі халықтарының төрт түліктің жаралуы және олардың қызметі тура-

лы  түсінігіне  қарағанда  жылқыны  адамдармен  тәңірді  жалғастырушы  “жол-

серік” ретінде ұғынғанға ұқсайды.

1

 Осы мифпен байланысты халқымызда түрлі 



дәстүрлер мен наным-сенімдер қалыптасқан.

Өте ертеде өлген адаммен бірге оның жанын көкке апарушы ретінде мін-

ген атын бірге көмген. Бұл дәстүр қазақтарда қайтыс болған кісінің атын оның 

жылына сойып, жылқының басы мен құйрығын қабірінің басына қою не бақанға 

байлап моласына шаншып қою сияқты салтпенен күні бүгінге дейін жалғасып 

келген.


Ата-бабамыз “тәңір біліп отырсын, тәңір қолдасын” деген наным бойынша 

жылқының қылынан ту жасап ұстаған.

Ата  мекенін  тастап  қоныс  аударып  алысқа  көшкенде,  қатерлі  сапарға 

жалғыз аттанғанда, ел шетіне жау келіп қанды шайқасқа түсер алдында ата-ба-

баларымыз ат құйрығын шарт түйіп алады екен.

1

Құйқылжыған құла жирен ат мінген,



Құйрық-жалын шорт түйген

Мен кескесті ердің сойымын,

Кескілеспей басылман (Махамбет).

Қазір “Ат құйрығын шорт түйді” тілімізде “тәуекелге бел байлады, 

белін бекем буды” деген ұғымда қолданылып жүр.

Түркілерде  аттың  қылынан  өрген  қыл  арқанды  батырлардың 

дулығасының  шоқтығына  байлап,  бір  ұшын  мойнынан  салбыратып  қою 

дәстүрі болған. Сірә, “ер мойнында қыл арқан шірімес” деген мәтелдің түп 

түркіні осы бір ритуалмен өзектес емес пе екен...

Ер адамдардың желке шашына аттың қылын қосып өру салты да болған.

Қазақтар аттың жалынан үрген қыл арқанды киіз үйдің шаңырағының 

екі жағынан байлап, оң жақ босағамен сол жақ босағаның керегесіне доға 

жасап  іледі.  Бұл  арада  қыл  арқанды  тәңірімен  байланыстырушы  құрал 

ретінде пайдаланған.



404

Күні бүгінге дейін “аттың қылын қырықпа, жаман болады” деп ұрпақта-

рына тиым салып келуі аталарымыздың жылқыны “киелі” деп санауынан туған 

әдет. Жылқы киелі болғандықтан, оның терісінен істелетін ыдыстар мен киімдер, 

қылынан өрілетін бау - жіптер және ат әбзелдері киелі саналып жоғары ілінеді.

Ертеректе ел көсемдері өрген қылды ел ішіндегі дау-дамайды шешуге де пай-

даланған. Төрешілер дау қуып келген екі даугерді бір-біріне қарама-қарсы отырғы-

зып, қолдарына жіңішкелеу өрілген қыл ұстатады. Әділетті үкімімен екі жақтың 

да ризашылығын білген соң олардың енді қайтып дауды қоздырмауы үшін қолда-

рына ұстатқан қыл арқанды ортасынан қақ бөліп жібереді. Бұл жоралғы тілімізде 

Қара қылды қақ жарды” (әділ төрелік айтты), қырғыз тілінде “Қара қылды қақ 

жар” (әділетті төрелік айт), “Қара қылды қақ жарған” (кемеңгер әділеттік) тәрізді 

этнофразеологизмдерде тұрақтап қалған.

1

Халқымызда жылқыға қатысты бұдан да басқа дәстүрлер сақталған.



Ат тұлдау - жылқының құйрық жалын күзеп, құйрығын тізесінен жоғарырақ 

жерінен шорт кесу, кекілін жоғары көтеріп төбесіне бір түйіп, ұшын тегістеп 

шырпу. Күзеудің бұл түрі тек өлген адамның мініс атына ғана қолданылады. 

Салт  бойынша  тұлдаған  атты  мінуге  рұқсат  етілмейді.

1

  Бір  жылдан  кейін 



иесінің  асында  сойылады.  Тұлдау  рәсімі  тек  өлген  кісінің  атына  ғана  емес, 

сонымен  бірге,  баспанасына,  зайыбына,  ер-тұрманына,  қаруына  және  киген 

киіміне де қолданылады. Әу баста қайтқан адамның артында өз кіндігінен туған 

ұлы жоқ болса, оның үйінің шаңырағын сындырып, қазанын төңкеріп, отын 

өшіріп, әйелінің көк желкесінен шашын шорт кесіп, киім-кешегін, ер-тұрман, 

қару-жарағын жіпке асып қояды. Осы дәстүр “Тұлдап қою” деп аталады. Осы 

салтқа орай тілімізде “Тұл үй” (иесіз адыра қалған үй. Туарлығы жоқ тұл үйге, 

ат байласаң тұрмайды фолок), “Тұл қатын” (бала көтермей жатып күйеуі өліп, 

шашы көк желкесінен шорт кесілген, жар қызығын көре алмаған мұңлық. Қазір 

“жесір әйел” ұғымында қолданылады) сияқты күрделі атаулар бар.

Екі  туысқан  ел  жауласып,  екі  жаққа  көшерде  мінген  аттарының 

кекілін, жалын және құйрығын кесісіп айырылысқан. Бұл салт тілімізде “Ат 



құйрығын шорт кесісті (кесу, кесісу), қырғыз тілінде “аттын күкүл-куйругун 

кырык (қатынасты пышақ кескендей тый, “ат куйругун кыркышып, ажыраган 

туугендан (фольк. бір-бірімен жау болып кетті) сияқты этнофразеологизмдерде 

сақталған.

Арқан.  Қазақтың  тұрмыс  тіршілігінде  арқан  пайдаланбаған  орын  жоқ 

десек те болады. Еліміз арқанды киелі санайды. Сол себепті “Арқан аттама. 

Арқан аттасаң жаман болады” деп балаларына ескертіп отырған. Осы әдетке 

орай  арқан  киесінен  жын-шайтан,  құрт-құмырсқа,  жылан,  қасқыр,  қорқып 

келмейді  деп  есептеп,  ауылды  айналдыра  арқан  керіп  қою  салты  да  болған. 

Жолаушы  айдалада  жалғыз  түнегенде  өзінің  жатын  орнын  қыл  арқанмен 

айналдыра төсеп қойып ұйықтаған.


405

Күйеу жігіт қалыңдығын ауылына алып қайтар сапарында қыз туыс- 

тары олардың алдынан көлденең арқан кереді. Жігіт жағы оларға сыйлық 

беріп риза қылады. Осы әдет - “Арқан тартпақ” деп аталады.

Түк көрсетпейтін түтеген боранда адасып кетпес үшін қатар отырған 

үйлер үй арасына арқан керіп қояды.

Боранды,  дауылды  түндері  аңшылар,  жолаушылар  керуеншілер  бір-

бірінен адасып қалмас үшін арқан тартып алады. Бұл амал “Арқан тартып 



алу” делінеді.

Делебесі қозып, әбден тұяғы қызған тұлпарды бәйге сөресіне жеткенде 

алдынан арқан керіп тоқтады. Осы айла - “Арқан керу” деп айтылады.

Арқан  тілеу  -  аяқ  астынан  қатты  ауырып  қалған  адамның  тезірек 

жазылып кетуі үшін ел-жұртты шақырып құдайыға берілетін тағам.

Ертеректе  бай  -  манаптар  жиын-тойда  кедей-кепшікті  мазақ  қылып 

қызық көріп ләззәт алу үшін тырдай жалаңаш әйелдерге жиналған қауым 

алдында түйенің бұйдасын шешкізген. Ол үшін тереңдігі жарты метр, ені 

от  орнындай  шұңқыр  қаздырып,  сол  шұңқырдың  ортасына  қазық  қағып, 

қазықтың  түбіне  боталы  түйені  байлаған.  Тыр  жалаңаш  әйел  түйенің 

бұйдасын шұңқырға түсіп, еңкейіп тісімен шешіп алады екен. Осы әділетсіз 

ғұрып тілімізде “Түйеге арқан шешкендей (болды, болу) мазаққа қалды, 

масқара болды” деген этнофразеологизмде сақталған.

Күйеу жағы есік-төр көрсетіп қыз жақ құдаларын қонақ қылған соң, 

оларға  қалыңға  беретін  малды  қотан  алдына  керіп  қойған  қыл  арқанға 

байлап  көрсетеді.  Құдалар  қалың  малдың  түр-түсін,  күй-қоңын  тексеріп, 

ұнамағандарын  басқа  малмен  ауыстыруын  сұрайды.  Осы  рәсім  “қырық 



жетіні қыл арқанға тізіп берді” деп аталады.

Тілімізде өрілген арқанның төмендегідей бөлшек атаулары кездеседі: 



Ши - арқан өру үшін дайындалатын жуандығы бармақтай ұзындығы әртүрлі 

жүн. Арқаншылар оны көп қылып даярлайды. Шүйке - арқан өруге ыңғайлы 

оралған  жүн.  Еп  -  тін  иіру  үшін  шүйкеден  үзіп  алған  домалақтаған  жүн 

мен мөлшерлі қыл. Сеп - тін иіру үшін ұштарын түйістірген жүн мен қыл; 



Селбе - бір-біріне түйістіріп тізген септерден иірілген жіп. (Сілбі сөзімен 

салыстырыңыз). Тін - алдын-ала бірнеше селбеден есілетін арқанның бөлек 

жібі.  Арқан  үш  тіннен  өріледі.  Әрбір  тін  екі  селбеден  иіріледі.  Ептеу  - 

тін бұрау үшін жүн мен қылды араластыру; Септеу - араласқан жүн мен 

қылдың  ұштарын  бір-бірімен  түйістіріп  шығу.  Селбестіру  -  селбенің 

ұштарын қосып ширату. Тіл қолданыста арқан өрудің тәсіліне қарай “ептеп 



септеп”  (азғантай  табысты  үнемдеп  пайдаланып,  бірін-біріне  жалғап), 

септеп селбесіп” (бірін-бірі жетелеп, біріне-бірі қамқор боп, қарайласып) 

деген фразеологиялық сөз тіркесі және “екі жапсақ бір еспек - (екі қоянды 

бір  оқпен  атып  алу)  мәтелі  қалыптасқан.  Осы  мәтелдегі  жапсақ,  еспек 



406

деген не сөз? Жапсақ сөзінің түбірі -жап-, ал -сақ түбірге жалғанған зат есімнің 

қосымшасы, Жап лексемасы көне түркі тілінде йап формасында “жүн” деген 

мағынада қолданылған /МК Ш.З./. Шағатай, түрк тілінде йап -ақ “жүн”, татар 

тілінде  йаб  -  аға  “түленді  жүн”,  қазақ,  қырғыз  тілінде  жаб  -  ағы  “көктемде 

қырғылған  жүн,  маңғолда  даахь  “жабағы  жүн”,  бур.  маңғ.  дахи  “көктемгі 

төленді жүн”. Еспек атауы ес етістік түбірге зат есім тудыратын -пек қосымшасы 

қосылу  арқылы  жасалып  “жіп”  деген  ұғымды  береді.  /Тілімізде  еспе  өрілген 

қамшының бір түрі/. Демек, о баста екі жап -сақ “екі жүн”, бірес -пек “бір 

жіп” деген ұғымда қолданылса керек. Ежелгі йап/жаб лексемасы мәтелде өз 

қалыбын сақтағанымен, өз алдына жеке қолданыста тіліміздегі еп /тін иіру үшін 

дайындалатын домалақтаған жүн мен қыл/ формасына өзгеріп кеткен тәрізді.

Тук алт. тук, хак. тук, тува. дук, якут туу, азерб. тук, түр. туй, гаг. туу, уйғ. 

тук, осм.туртустузак, үзб. тук. қарғ. тук, чув. тек, Ұйғ. диал. тулук, көне 

түркі. ту, туг, шағат. туле.

Қазақ тілінде түк: 1) адам мен жан-жануарлардың терісіне өсетін қылшық, 

2) “төрт түліктің ішінде жылқының терісіне шыққан майда қылшық. Алт. тук 

“қылшық”, “жүн”, “құс мамығы”, хак. тук “шаш”, “жүн”, “құс”, “мамығы”; аз. 

тук “қылшық”, “құс мамығы”, түр. туй “қылшық”, “жүн”, “шаш”, қырғ. “адам 

жан-жануарлар денесіндегі майда қылшық”, чув. тек. “қауырсын “шаш”, “қыл-

шық”, “адам денесіндегі майда жүн”, Ұйғ. диал. тулук “қылшық”, көне түркі, 

денедегі майда қылшық”, “түр-түс”, “шаш”, “жүн” шағат. “мамық”.

Тілдік деректер бойынша тук/тук/дук сөзінің түркі тілдеріндегі ең басты 

ұғымы: “адам мен жануарлардың денесіндегі майда қылшық”, 2. “жүн”, 3. “ма-

мық”, 4. “шаш” деген мағыналарда қолданылған. 

Түк/тук атауына байланысты алт. тукту “түкті”, туктен “түктен” тува. баш 



дугу “шаш”, аш дук - “беттің тугі”, хой дугу “қой жүні”, дук қыргыыр “жүн қы-

рәу”, дуккур хой “жүнді қой”, якут. хороқ туу “жуан қылшық”, хойду туу “қалың 

жун” азерб. тук бас “жүн бас”, тур. туйлу “ұзын жүнді”, туйлен “түктен”, гаг. 

туун ат “туле”, тууху “түкті”, туп-туулу “қалың түкті”, хак. туктіг хой “жүн-

ді қой”, туктии “түкті”, түкічек “жүн талшығы, шағат. тукленбектуйленбек

“денені жүн қаптау”, Үй. диал. тук-тулуң “түк” тук-тулуңлук “түкті”, қаз., қырғ. 

арам  түк  “адамның  екі  бұтының  ортасына  шыққан  жүн”,  көне  түркі.  туг-ту-

луңлуг “түкті”, шағат. тулемек “құстардың түлеуі”, тулк “құстардың түлейтін 

мерзімі”, қаз. түлек “бүркіт балапаны”, бір түлек “бір жасар бүркіт”; “екі түлек // 

тас түлек “екі жасар бүркіт”, қырғ. бозум түлек // босун түлек “бір түлеген бүр-

кіт”, таш түлек “екі түлеген бүркіт”, кум түлек “үшінші рет түлеген бүркіт”, ым 

түлек “түртінші рет түлеген бүркіт”, ыл түлек “бес рет түлеген бүркіт, түлекке 

отур “құстардың түлей бастаған мерзімі”, чув. йаптах такни “жануарлар түледі”, 

тек текни “құстар түледі” Үйғ. түк ташлимақ // түлүмәк “жануарлардың түлеуі” 

қаз. түле. түбіт, түт, түкті, түксіз сияқты сөздер туындаған.



407

Түркі  тілдерінде  тук/тук/тук  сөзіне  тиесілі  төмендегідей  этнофразеоло-

гизмдер ұшырасады: Қырғ. тук күт “малды бол, қораңа мал бітсін”, үмири түк 

күтпеген “өмір бойы малсыз өткен, түк күтпеген кедей “тақыр кедей”, атаның 

жаман көрген улы тук күттү “әкесінің ұнатпаған ұлына мал бітті”, түк күтіп қа-

лыпты “мал бақты, байыды”, түлеген тайлақтай “киімі жыртық, шоқпыт адам 

туралы”, ұйғ. жүрәгидә түки бар “арсыз, ұятсыз адамға айтылады”, қаз. жүрегін-

де түгі бар “көзсіз ер, батыр туралы айтылады”, қаз. түгімен жалмайды // түйені 

түгімен, биені бүгімен жұтады “жұртты ойсырата қанаған парақорлар туралы”, 

түгін бетін шашты // түгін сыртына тепті // түгі сыртына шықты // түгі тікірейді 

“ашу шақырды, түгімді де қалдырмады”, жер-жебіріне жеткізіп ұрысты түгін 

түкті “түледі, елге сырын ашты”.

Сонымен бірге, түрк. доңуздан бір туй йолмақ йолмақдыр “доңыз дан 

түк жұлсаң да жарайсың” қаз. дұшпаннан түк тартсаң да олжа “жауыңды 

ешқашан аяма”, қырғ. ат оонаған жерде түк қалат; үзб. от агнаган ерде жүн 

қолар, қаз. ат аунаған жерде түк қалады // түлегенде түк қалады “әркімнен 

бір белгі із қалады”, хақ. кізі полза, аттығ полар, киик полза, түктіг болар 

“адам болса есімі, киік болса түгі болады”, қаз. түлкі түгінен жазады “басқа 

пәле тілден”, “түгін тартсаң, түбінен май шығады / сезім мал, құнарлы жер 

тур./; жақсы қойшының түлі түлеп туады “күйлі малдың түлі де күйлі”, қырғ. 

бешик баласы беш түлүйт, қаз. бесік баласы бес түлейді “бесік жасындағы 

бала күн сайын өзгереді” тәрізді мақал, мәтелдер кездеседі.

Әу баста адамдар жануарлардың жамылғы түгінің жыл бойы түлеп /

түсіп қалатынын/ отырғанын байқаған соң, оны “түсу”, “түлеу” ұғымында 

қолданылатын ту* етістігімен белгілеген тәрізді. Ту* етістігі біртіндеп сол 

қимылды жасайтын заттың да атауына ауысуы мүмкін. Сонымен, көне түркі 

тілінде ту, “түс”, “түле” етістігіне орай, ту “түк”, “жүн”, “қауырсын”, “шаш” 

есім мағынасындағы синкретті омоним пайда болса керек.

Түркі тілдерінде көне ту түпкі түбірінен ту-к-лу, ту-л-ку /аң/, тү-л-ік - 

түлік /түрт түлік, бес түлік /тү-л-/е/-к=тү-л-ек /түлек бүркіттің балапаны, 

жас жеткіншек/ ту-л=тұ-л /тұл - “шаш” қыл, жүн, қаз. тілінде тұл сөзі ат 

тұлдау тіркесі мен тұл қатын, тұл үй /туырлығы жоқ тұл үйге, ат байласа 

тұра ма фоль./ ту-л-ым=тұ-л-ым /тұлым - жас баланың төбесіне ырымға 

қоятын шаш/ секілді жаңа сөздер туындаған.

Жал көне түркі. йал. ұйғ. йал, құм.йал, қар.г. йала, алт, леб, қазан, тел, 

осм түр. шағат йал, тар. йал, ә.тат. йалын // жалын, қаз., қарғ., әқал., жал, ә. 

балә. жал/жал, башә., тат., түркм., азерб. йал, үзб йол, алт. дьал, тува чел. 

хак. чилин. моңғ. дэл, якут. сиэл. чув. сихле, тур. йеле, гольд. дэлүн, туңғ. 

дэлин, дэлсун.

Қарастырылып отырған тілдер бойынша йал/жал сөзінің мағынасы, 

біріншіден, “жылқының желкесіне өсетін қыл”, екіншіден, “сол қыл өсетін 


408

май желке” және “қасқырдың жалы”, “арыстанның жалы” деген сөз тір-

кестерінде ұшырасады. Йал/жал сөзіне байланысты: қырғ. жалдуу, азерб. 

йаллы, қаз. жалды, взерб. йалсыз, қырғ. жалсыз, қаз. жалсыз үзб. йол таги, 

қаз. май жол /жылқының жалы өсетін май желке/, ә. қалп. ыйық жал “күзел-

ген тай жалы” түркм. йалының дүйби “май жал”, қаз. қыл жал “жылқының жел-

кесіне өсетін қыл, май жал “жылқының жалы өсетін май желке; “ақ жал” жал 

құйрығы бозғылт, ақбоз боп келген жылқы”, кереге жал “күдірейіп біткен жал”, 

көк жал “сұрқай көк, көк бурыл жал” қаз., қырғ. көкжал “қасқырдың жалы” /

ауысп. батыр, қақарман, көзсіз ер. /; қаба жал “ұйысып, дөңгелене біткен жалдың 

әдемісі” /жал - құйрығы қаба деп, жабыдан айғыр салмаңыз. /Махамбет/, майда 

жал қылы жібектей жұмсақ жал”. /жалы майда жылқының мінезі де жайлы бо-

лады/, тоқпақ жал “бөлек-бөлек бөлініп, топталып тұратын жал”. /тоқпақ жалды 

жылқының мінезі тік, өзі қайратты болады/, қыр., қаз. құйрық-жал “жылқының 

құйрық-жалы”,  /ауыс.  “туған-туысқан,  дос-жаран/  сияқты  жеке  және  күрделі 

атаулар бар. Сондай-ақ қырғ. күзүо, қаз. күзеу “дәстүрлі тәртіппен жас мөлшері-

не қарай жылқының құйрық - жалын қырқу, қысқарту”, құнажын байтал күзеу. 

“Жалыннан кішкене шоқтық қалдырып, кекіліне тимей құйрығының жоғарғы 

тұсынан екі бунақ “жол көрсетер” - салып күзеу, құйрықтың төменгі ұшынан 

“шыбын қағар” бір уыс қыл ғана қалдырылады”; құнан күзеу “жалынан шоқтық 

қалдырып, кекілін қырқып құйрығына тимей қырқу”, қысыр күзеу “биенің “бой-

ын түзеу” үшін жалын сыпырып, кекіл қойып, құйрығының жоғарғы басталар 

тарапынан үш бунап күзеу”; тай күзеу “тай атаулының еркек ұрғашысына қа-

рамай “уыс толар” шоқтық қойып, құйрығының ұшынан “шыбын қағар” қал-

дырып қырқу, ұрғашыларын кекіл қойылады”; соғым малын күзеу “жылқының 

еркек-ұрғашысына қарамай жалын сыпырып, құйрығын тірсек тұсынан шорт 

кесу” тәрізді күрделі етістіктер ұшырасады.

Түркі тілдерінде жылқының жалына тиесілі төмендегідей этнофразеоло-

гизмдер кездеседі: қырғ. жал кетти, қаз. жал кетті “азып-тозып кетті” қырғ. ат 

жалында, дайыма ат жалында жүргүн, қаз. ат жалында, атаның /түйенің/ қомын-

да “үнемі ат үстінде” /ауысп. абыр-сабыр қарбаласта, қызыл әуғын, сар сүргін-

де/, қырғ. ат жалын тартып мін, қаз. ат жалын тартып мінді “ер жетіп, азамат бол-

ды”; қырғ. қазы кертип, жалды жеп, қаз. қазы кертіп, жал жеген “ит басына іркіт 

төгілген тоқшылық заман”, қаз.ю қазы-қарта, жал-жая “жақсы менен жайсаңдар 

туралы”, жал-құйрығын келте алды “туған-туысқанынан айырылды”; жал-құй-

рығың күзеді “бар дүниесін тып-типыл етіп тартып алды”, жал-құйрығы түгіл-

ген “сұлу мүсін туралы”, түркм. ак йал “жексұрын зымиян, алаяқ”, үзб. йурагида 

/кукрагида/ йолы бар йигит, қаз. жүрегінде түгі бар жігіт көзсіз батыр, қақарман, 

турашыл кісі туралы”; қырғ. жайа ордуна жал берген, май ордуна бал берген; 

қаз. жая десе, жал берген, шекер десе, бар берген /қайран әжем, анам шешем/ 

фольк. әже, ана, шеше туралы айтылады.


409

Қарастырылып  отырған  тілдерінде  йал/жал  атауына  орай  мынандай 

мақал-мәтелдер туындаған: Түркм. ит гуйругындан гаррар, эшек йалында “ит 

құйрығынан бастап, есек жалына бастап қартаяды” /ауысп. тоқал мүйіз сұрай-

мын деп құлағынан айырылыпты дегенге саяды/; қырғ. азынап үйрүн күруса, 

айғырдын күркү жалында; қаз. айғырдың көркі - жалында “әркім өз ісімен сұлу”, 

қырғ. жаман атты жал басат, қаз. жаман атты басады “санасыз тез семіреді”, 

қырғ. жақшы атқа жаман ат жалы менен теңелет; қаз. жақсы атқа жаман ат жалы 

менен теңеледі. “Кісіні көркіне емес, өнеріне қарай сыйла”, қырғ. жалы барда 

жалынған - жаман аттың белгиси; қаз. жалы барда жалынған жаман аттың бел-

гісі “күш-қуаттың барында біреуге жалынба”, қаз. жаман атқа жал бітсе, жанына 

кісі жолатпас. Қас жаманға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас, жан ашыры 

жоқ адам жал-құйрықсыз атпен тең” т.б.

Түркі  тілдеріндегі  йал/жал  сүзінің  шығу  түркіні  тіліміздегі  “жалбырау”, 

“желбіреу”, “салбырау” тәрізді еліктеуіш сөздерімен тікелей төркіндес сияқты. 

“Тілімізде йал, /жал/ дэл лексемасының екі рет қайталануынан “ұзын жалды” 

деген ұғымдағы дүлдүл /дүлдүл сөзі пайда болған.

 

Қазір “тұлпар” “пырақ” деген 



мағынада қолданылады.

Г.Вамбери,  А.Щербак  жылқы  атауының  шығу  түркіні  туралы:  “йылқы 

сөзінің  “үйілу,  топтасу”,  “жиналу”  деген  ұғымдағы  йыл  /үйіл/,  осыған  орай 

“табын, үйір” деген мағынаны береді деп пікір айтқан болатын. Алайда, осы 

тұжырым күмәнді сияқты. Тіліміздегі бір буынды сөздердің көпшілігі, мысалы, 

тас, қыл, жүн, жол, су, төз т.б. сөздер жалқылықты да көптікті де білдіреді емес 

пе... Біздіңше /йылқы/ жылқы сөзін чуваш тіліндегі силхе хак. чылғи атауымен 

салыстырып көріңіз/ йылқы сөзінің түбірі йыл тіліміздегі йал/жал сөздерімен 

негіздес, табиғаты бір сөз болуы мүмкін. Ал -қы сын есімнің қосымшасы. Чу-

ваш тілінде -хе сын есімнің қосымшасы. Сонымен йыл-қы жалды деген ұғымды 

беруі әбден ықтимал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет