Мақалалар, баяндамалар жинағы



Pdf көрінісі
бет45/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
§ 1. Аспан денелері

Босаға жұлдыз (аспан әлеміндегі екі-екіден тұрған төрт жұлдыз; бұл жұл-

дыздарды түнгі күзеттегі жылқышылар сағатқа есептейді, өйт- кені ол батпай, 

таң  атпайды;  бұл  жағдай  қыстың  ұзақ,  жаздың  қысқа  түнінде  де  өзгермейді. 

Босаға жұлдызы төмендеп батуға тақалса, таң да жақын болғаны; сондықтан 

да бақташылар таң атуын соған қарап білетін болған, бұл көне заманнан келе 

жатқан халық тәжірибесі; оны Сарыарқа қазақтары көбірек пайдаланған)... 

Қамбардың тоғысы (ескі астрологиялық, діни түсінік бойынша) Қамбар 

жұлдызы айында бір рет Үркермен тоғысып, бүкіл әлемге ғаламат ұшқынын ша-

шады; ол ұшқын күнәһар пендесінің басына түсіп, оны опат қылады-мыс; бұл 

құбылысты діндарлар «тек құдайдың құдіретінен болатын іс», «оған ұшыраған 

адам – шейіт» деп түсіндірген (О.Дастанов, 11, 42).

§ 2. Табиғат құбылыстары...

Бесқонақ (Батыс облыстардағы қазақтар тілінде сәуір айының ескіше бірі-

нен басталып 5 күнге созылатын суық күндер. Жылына бастаған күннің бірден 

суытып кетуі, әрине, малға, жас төлге өте жайсыз болады. Сондықтан «Бесқо-

нақтан сақтасын!» деген малшылар арасында сөз де бар. Оңтүстік облыстарда 

сәуір айында осылайша суытып, боран тұрып, қар жаууын «құс қанаты» деп те 

атайды)...

*Күн көкжиекті қызыл жалқын нұрға бөлеп, қызарып батса, ол ертеңіне 

күннің ашық, жауын-шашынсыз болуының кепілі...


475

*Күн көкжиекті қоңыр-қошқыл түске бояп, қып-қызыл болып батса, ертеңі-

не аңызақ жел тұрады...

*Егер кемпірқосақ дөңгеленіп, жоғары көтерілсе, ауа райы ашық болады 

да, ал төмендеп, жазылып жатса, жауын-шашынды болады.

*Егер кемпірқосақ жауыннан кейін көкжиектен тез ғайып болса, онда күн 

ашық болады.

*Егер кемпірқосақ көкжиектен солтүстіктен бастап көрінетін болса, онда 

жаңбыр жауады, ал егер шығыс жақтан көріне бастаса, онда жаңбыр жаумайды.

*Кемпірқосақтың жасыл түсі көбейген сайын, жаңбыр да көп жауады; ал 

оның қызыл түсі көп болса, онда күн ашық болады.

От (қазақтар да, басқа халықтар сияқты, ерте кезде отқа табынған; отты 

қасиетті  құбылыс,  ғажайып  күш  иесі  деп  таныған.  Отқа  байланыс-  ты  олар-

дың сенім-нанымдары, салттық әдет-ғұрыптары, тыйым салу, табыну, сиыну, 

от атымен қарғау, от күшімен емдеу сияқты көптеген ырым-сырымдар дүниеге 

келген)...

*Отқа  түкіруге  болмайды,  оттың  күлін  басуға  болмайды  –  отқа  табы-

нушылықтың, оның қасиетіне сенушіліктің белгісі.

*«От көктен, су таудан түсті» (халық арасында осындай шындыққа жа-

насатын ұғым бар, өйткені жер бетіндегі сулар (өзен, бұлақ, жылға, көл, т.б.) 

таудың басындағы мәңгілік мұз айдындарының күн аптабынан еруінен пайда 

болса, жер бетіндегі орман-тоғайларды өртейтін отты адамзат о баста аспаннан 

түскен нажағайдан алғаны мәлім)...

*Отпен аластау (науқас адамды, кейде ауру малды лаулап жауып тұрған 

отты айналдырып отпен ұшықтау; көне сенім бойынша осылай еткенде оттың 

қасиетті күштері оларды дертінен айықтырады-мыс (М.Тоқжігітов, З.Ақназа-

ров. Ислам31); мал түліктеріне, әсіресе жылқыға індет келгенде, олардың та-

бындарын лаулата екі оттың арасынан айдап өткізу арқылы да ауруды аластаған 



(С.МұқановІІ. 41))...

*Қазақ арасында «бөгде адамға біреудің от басынан, ошағынан от алуға 

болмайды» деген ырым бар; ол «отпен сол үйдің дәулеті мен семья бақыты бір-

ге кетіп қалады» деген сенімге байланысты болса керек (Ақназаров. Ислам, 47)...

*Найзағай жарқылдағанда есік алдындағы жерге балта, шот сияқты темір 

аспаптарды жайып, «Сүт көп, көмір аз» дейтін ырым арқылы халық ошағын-

дағы оттың көп болуын тілеген (С.Мұқанов, II, 41).

Ай...

*Егер қыстың күні ай қораланса, ол боранды аяздың нышаны.

*Жаңа туған ай шалқасынан жатса, халық «жатысың өзіңе қолайлы, ша-

руаға қолайсыз екен» деп, күздің я қыстың өте суық болып, мал жағдайының 

қиындап кетуіне жобалайды.


476

§ 3. Өсімдіктер дүниесі

Адыраспан (Қазақстаның шөл, шөлейт, сортаң жерлерінде, өзен-көл жаға-

лауларында көбірек кездесетін көп жылдық пайдалы өсімдік; адыраспан халық 

арасында шипалы шөп ретінде көп пайдаланылады; оның қайнатылған ыстық 

суын қан қысымы көтеріліп, құйқа терісі шымырлап ауырған адамның басына 

құйып, буын-буынына сары су байланғанда, құяң болғанда бұлау жасап, безгек 

болғанда, суық тиіп ауырғанда ішкізіп емдейді; ол малдың қотырына да пай-

далы; адыраспанның иісі сүйкімсіз, дәмі ащы, улы өсімдік, сондықтан да оны 

мал жемейді, ал жеген күнде (қой-ешкі, сиыр) уланып өлуі мүмкін (ҚСЭ, I, 125); 

күйдірген адыраспанның күлінен сақар жасап, сабын қайнатқан, темекіге қосып 

насыбай жасайды)...



§ 4. Жануарлар дүниесі

Төл...

Төл басы (қорадағы малдан төл алар уақытта бірінші туған қозы, лақ төл 

басының құтты, ақжолтай болуына, аман-сау қалуына малшы қауымы ерекше 

мән береді, оны ырым деп санайды)...

*Төл басы өлсе – жақсы ырым емес; бұдан кейін малшыларға туған қо-

зы-лақтың бәрі шетінен өле беретіндей көрінеді; сондықтан да әр түрлі се-

бептермен ерте туған, шала туған, арамза туған төлді қайткен күнде де сақтап 

қалуға тырысады...

Түйе (төрт түлік малдың бірі)...

Еңбек (адам сияқты түйе малында да еңбек болады, бірақ жас бала ең-

бектеп жүре бастағанда еңбегі қата бастаса, ал түйенің еңбегі өмір бақи қат-

пайды )...

Мал

сойым мал...

семіз мал, арық мал (өмір бақи мал шаруашылығымен шұғылданып 

келе  жатқан  қазақтардың  мал  жағдайын  жетік  білуінің  тағы  бір  дәлелі  – 

соғымға арналған тірі малдың (жылқы, сиыр, түйе, қой-ешкі) жарамды-жа-

рамсыздығын,  семіз-арықтығын  алдын  ала  анықтап,  тап  басып  айта  білу 

қабілетінде  болса  керек.  Малдың  семіз-арықтығын  қазақтар  жалпылама 

емес, «арық», «орташа», «ортадан жоғары», «жеуге жарамсыз», «жарамды», 

«семіз», «өте семіз» деп те немесе олардың қазысына, іш майына, бүйрек май-

ына, сауырына, құйрығына, өркешіне т.б. дене мүшелеріне қарап та анықтай 

білген)...

Қорамта (қар қалың жауып, қыс ұзаққа созылатын жылы, әдетте, үй-

ір-үйір болып жүретін арқарлар қораланып, бірігіп тебіндейтін бір-ақ табын 

құрады, осыны аңшылар қорамта деп атайды (Е.Тұрысов, 26)).

Құрқылтай (...Қазақстанды мекендейтін құстардың ішіндегі біртурам-

нан (қараңыз) кейінгі ең кішкентайы)...


477

*Құрқылтайдың  ұясындай  («өте  тар,  кішкентай  (үй,  бөлме)» 

мағынасында айтылады. Оның себебі құрқылтай құсы өзінің ұясын өзен 

жағалауындағы  мәжнүн  талдардың  су  бетіне  салбырап  тұратын  ұзын 

бұтақтарына жалғастыра шөптен шөміш тәрізді етіп өріп, өзі ғана сиятындай 

тар  қылып  жасауы;  ол  бір  жағынан  балапандарын  жыланнан  қорғаудың 

бір  тәсілі  болса,  екінші  жағынан,  өзінен  басқа  құстардың  ұясын  басып 

алуына қарсы шарасы. Адам айналуға келмейтін өте тар үй, не бөлменің 

құрқылтайдың ұясына балануы, міне, осы ерекшелігіне байланысты)...

Шақырық  (балықшы  құстармен  тұқымдас,  қауырсындары  құм  түс- 

тес сарғыш; аяқтары мен тұмсығы ұзын, көздері үкінің көзіндей бадырақ, 

жабылмай ашық тұратын құс. Ол өзен-көл жағалауларын, сағаларды мекен 

етпей, ылғи ашық құмақты далаларда, тіпті шөлейт жерлерде құм үстінде 

өмір  сүреді.  Құм  үстінде  қимылсыз  жатып  қалған  шақырықты  байқау 

оңайға түспейді; ол төніп келген қауіпті байқаған сәтте-ақ жермен-жексен 

болып қимылсыз жата қалып, жауынан аман қалады (Балд. 84.09.22)).

Шажа (өзен-көлдің жағалауын мекен ететін, ешкімге көрінбей өз та-

мағын тауып жеп, жасырын жүретін, дауысы өте ащы, аяқ астынан баж ете 

қалғанда төңіректегі құс біткеннің бәрін шошытатын су құстарының бірі: 

шажа құсты көрсе, «елде жұт болады екен» деп, жаман ырымға жориды. 



(Н Әбуталиев, ҚН, 175).

АДАМ

§ 4. Тіл мен сөз

Тіл  және  сөз  (тіл  мен  сөзге  қатысты  қазақ  тілінде  жүздеген  сөз 

тіркестері қолданылады: жақсы сөз, жаман сөз, аталы сөз, асыл сөз, ауыр 

сөз, артық сөз, т.б. Бұлардың бәрі сөздікте жеке-жеке қаралады...).

Құйылма сөз (іркілмей айтылатын, бірінен кейін бірі төгіліп тұратын 

мәнді  де,  мәнерлі  сөз.  Бұл  жезтаңдай  шешен  адамдардың  сөз  саптауына 

тән қасиет, «Құйылма сөздің даңғылы – Бұқар жырау» дейтін себебіміз де 

осы...).


Іргіл сөз (іркіс-тіркіс, қисынсыз, жүйесіз, мән-мағынасы жоқ сөз...).

Түс (адамға тән физиологиялық құбылыс...).

Түс жору (түсте көрген оқиғаны, әр алуан құбылыс, заттарды халық 

санасында  қалыптасқан,  белгілі  дәрежеде  дәстүрге  айналған  белгі-ны-

шанға  балау,  түсте  көрген  адамның  өңінде  неге  айналатынын  жорамал-

дау)...


Түс жорыту (адам түсінде көргендерін екінші біреуге айтып, оның 

не болатынын, нендей жағдайға байланысты екенін анықтау. Кейде жақ-

сы түсті, әсіресе жаман түсті жорытудан әдетте бас тартады, өйткені жа-

ман түстің көңілге кірбің туғызатын жағдайсыздығынан қорықса, жақсы 

түсті  елге  айта  беруден  қызғанады,  тіл-көзден  сақтанғысы  келеді;  түс 


478

жорытуды әдетте кәріқұлақ үлкендер мен сенімді жақын адамдарға ғана сеніп 

айтады; жақсы түсті сол түске қатысты адамына сату әдеті бар: «түсімді сатам!», 

«сатып алдым!» деген шартты түрдегі пәтуаласудан кейін «Түс қабыл болсын!», 



«Әумин!» деп, алақан жайып, бет сипау әдеті болған. Жаман түсті жорушы түске 

қатысты адамды ренжітпеу үшін «Түс түлкінің боғы емес пе!», «Түске не кір-

мейді, тіске не енбейді деген сөздермен жұбату айтатыны да болады...)

*Түсіңде жыласаң – өңіңде қуанасың.



§ 5. Тамақ

Шілде быламық (жаңа босанған әйелдерге қырық күн бойы берілетін та-

мақ; халық ұғымында оны босанған әйелдің белін бекітеді деп есептейді).



Қалжа мойын (халық дәстүрі бойынша қалжаға сойылған қойдың мойнын 

қалжа етімен бірге асып, оны қалжа асына шақырылған әйелдер пышақсыз таза 

етіп мүжіп алған соң өзегінен жіп өткізіп, есіктің алдына елге көрсетіп іліп қоя-

тын болған; бұл ырым жаңа туған жас нәрестенің мойыны тез бекіп, түзу өседі 

деген наным-сенімге байланысты істелген).

ҚОҒАМ

§ 6. Кәсіпшілік...

Қарықтап егу (қауын-қарбызды топырақты жал қылып үйіп, түбінен су 

баратын арық тартып егу тәсілі; бұл тәсіл оңтүстік қазақтары арасында кеңінен 

тараған; бұлайша егудің ерекшелігі: қауын-қарбыздың түбі ылғи ылғалды бо-

лып тұрады да олардың өзі құрғақ жерде жатып шірімей, бұзылмай, қүн сәулесін 

өзіне мол алып, дәмді болып өсіп-жетілуіне мүмкіндік алады (Ө.Айтбаев))...

Ыспа (өзен тасығанда бір жағадан екінші жағаға қайықпен өту үшін жөр-

мелеп ұстауға қажетті қазық не діңгекке тартылған сым, трос (Ш.Жалғасбаев, 



7))...

Өрелеу (бүркітті алғашқы рет аңға салардан бұрын тірі бастырып баптау-

да тірі түлкінің ұзап қашып кетпеуі үшін және одан тәжірибесі аз бүркіттің көз 

жазып қалмауы үшін оның алдыңғы және артқы бір аяқтарын жіппен байлап 

жүрісін тежеу).



Ырғақ (бүркіттің уысы толмайтындай жөргемделіп, екі ағаш қадаға керіл-

ген арқан; қолға жаңадан түскен бүркіттің ұйқысын алу үшін қолданылады; бүр-

кітті байлап, осыған отырғызады (Саятшылық, 69-70))...

Ала жіпті қырқу (алғыр құс, қыран бүркіттерді томағасын тартып ағытқан-

да қаша жөнелген аңдарды ала алмай, көз жазып қала беретін жағдайда жасала-

тын аңшылардың ырымы: ақ, қара жүннен иірілген ала жіпті қырқу)...

§ 7. Рухани мәдениет

Күң  соңынан  күл  шашу  (қанша  басыбайлы  болса  да  тұрмыс 

ауыртпалығына  шыдай  алмай,  құлдың  да,  күңнің  де  қашып  кететіндері 

болған. Оны «Құл қашарманымен, күң кетерменімен қорқытады» деген мәтел 


479

дәлелдейтін  сияқты.  Кеткен  күңді  жаман  болса,  іздемей-ақ,  «артыңа  қайтып 

оралма!» деп соңынан күл не топырақ шашатын да әдет болған).

сауын айту (ертедегі қазақ дәстүрі бойынша көп ел шақырып ас беретін, 

той  жасайтын  не  мәжіліс  өткізетін  дәулетті  де,  беделді  адам  жан-жаққа  жар 

салып, сол асқа (тойға, мәжіліске) қымыз алып келуді хабарлауы; сауынға саба-

саба  қымыз  әкелген  елдің  ыдыстарына  сойылған  малдың  жіліктерін  салып 

қайтару ырымы болған (С.Мұқанов, 11, 106)).

Қынаменде (қызды ұзатарда қалыңдық пен күйеудің құрметіне арналып 

қыз  үйінде  ойналатын  ойын-тамашаның,  жасалатын  әдеттің  аты;  онда  қыз 

аулының қыз-келіншек, бозбалалары «қызды бермейміз!» деп, күйеу жағынан 

табанда тоғыз аяқ, тоғыз табақ тауып беруін талап етеді; «тауып бере алмасаңдар, 

кәдемізді  беріңдер!»  деп  күйеу  жолдастарын  әр  түрлі  шарт  қойып,  өлең 

айтқызып,  домбыра  тартқызып,  билетіп,  тағы  басқаша  қинай  бастайды.  Осы 

ойынды сырттан қарап, тамашалап тұрған үлкендер күйеу жағына жанашырлық 

білдіріп,  біраздан  соң  «қинама  енді!»  деп  басалқылық  айтатын  болған. 

Ойынның атын осы сөздердің қысқаруынан шыққан деп түсіндіріліп жүр).

Қонақ...

Құдайы  қонақ  (күтпеген  жерден  кез  келген  ауылға  түсіп,  қонақ 

болуды талап еткен, қонып шығуды өтінетін алыс сапардан, жолаушылап 

немесе жоқ іздеп жүргендер; олар әдетте, қонатын аулына ат басын түстен 

кейін бұратын болған және олар дала заңы бойынша, қалаған үйіне түсуге 

правосы  болған;  үй  сыртына  келіп,  «құдайы  қонақпын!»  десе  болғаны, 

оны қонақ етіп қабылдауға бай да, кедей де міндетті болған)...



сый қонақ (сый-құрмет көрсету үшін арнайы мал сойылып, үлкен 

дайындықпен шақырылған қонақ; әдетте сый қонақ асына сый қонақпен 

мәжіліс-дүкен құрып, көңілді отыру үшін ауылдың қадірлі ақсақалдарын, 

туыс-тума, құдандаларды, көңілі жақын көрші-қоңсыны қоса шақыратын 

болған:  сый  қонаққа  ас  бергенде  сый  табаққа  салынатын  мүшелер 

Қазақстанның әр жерінде әр түрлі: қар. сый табақ))...



Ілу (сыйлық ретінде де, құн ретінде де төленетін заттың ішіндегі ең 

қымбатты, іліп қойып елге көрсететіндей асылдары; қазақтың ескі әдеті 

бойынша құнның не сыйлықтың бірі ілу болған. Мәселен өлген әйелдің 

құны  ертеде  47  жылқы,  үш  жақсы  және  ілу  болған  (И.И.  Ибрагимов,  I, 



127)).

Абылай жолы (XVIII ғ. екінші жартысында Орта жүзге хан болған 

Абылайдың белгілеген – қазіргі Семей обл., Абай ауданының батысынан 

басталып,  Шыңғыс  тауын  бөктерлей,  Ертіс  өзенінің  сол  жағын  бойлап, 

шығысқа қарай созылып жатқан сауда-керуен жолының аты (ҚСЭ, 1, 36)).



Қадір  түні  (мұсылмандардың  діни-мифологиялық  ұғымы  бойынша 

бақыт нышанын білдіретін түн. Құранның 97-ші сүресінде ораза айының 



480

ең соңғы түнінде аспанда ұшқан періштелердің алаулап жарқылдаған ізі көрі-

неді-міс; қадір түнінде көз ілмей отырып, сол елесті көрген адамның барлық 

арманы орындалып, алдынан жәннаттың есігі ашылып, мың ай бойы оқыған 

намаздың есебі артып, бақытты болады-мыс (Амантурин, 119))...

Жеті  (алты  мен  сегіз  аралығындағы  тақ  сан.  Кейбір  сандар  (үш,  бес. 

тоғыз, жиырма бір, жиырма бес, отыз, қырық бір, т.б.) сияқты жеті саны да 

қазақ және басқа халықтар дәстүрінде сандық мағынамен қатар белгілі сөз 

тіркестерінде  мифологиялық,  астрологиялық,  теологиялық,  символикалық 

мәнде  де,  кейбір  киелі,  қасиетті  заттар  мен  құбылыстардың  атауы,  құпия 

сыры, сипаты, бейнелі баламасы ретінде қолданылады... (Қар.: жеті қазына, 

жеті жетім, жұт – жеті ағайындыжеті шәріп, жеті жақсы, жеті асыл тас, жеті 

түн, жеті ата, жетпіс пұсты мұстана, жеті ру, жеті қарақшы, жеті қабат жердің 

асты,  жеті  ықлымның  тілін  білу,  жеті  тиын  құдайы,  жеті  басты  жалмауыз, 

жетісін беру, жетіге келгенше жерден таяқ жеу, жеті жарғы, жер құлағы жетеу, 

жеті бүзірік әулие, т.б. (А.Кононов, I. Кеңесбаев, т.б.)).

Ескерту: бұл келтірілген сөз тіркестердің әрқайсысы сөздікте жеке-дара 

талданады.



«Ана тілі», 1990. 1 қараша. 

Қазақ этнолингвистикасы

Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақ-

сатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір саласы. 

«Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты 

зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, пси-

холингвистика, статолингвистика, паралингвистика іспеттес этнолингвисти-

ка да – «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы 

шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол – этностың ин-

сандық һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа емес, тек тіл 

феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын 

зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым. 

Осыған байланысты этнолингвистика «этнос», «этнос болмысы», «эт

-

нос тілі», не «тіл әлемі» деген ұғым-түсініктерге ерекше мән береді. Өйткені 

бұлар жай термин ғана емес, бір таяқтың екі басы сияқты, бір-біріне етене 

қатысты, бірінсіз бірінің күні жоқ бір тұтас құбылыс- тың көрінісі іспетті. 

Бұл «этнолингвистика» терминінің атынан да, құрамынан да (грекше ethnos 

– «халық» және латынша langua – «тіл» > французша inguistigue – «тілтану») 

айқын көрініп тұр.

«Этнолингвистика» терминіне тіл мамандарының беріп жүрген ең жұпы-

ны,  бірақ  дәл  анықтамасы  (дәл  түсіну  үшін  түпнұсқа  бойынша  келтірейік) 

мынадай:


481

«Этнолингвистика – это раздел макролингвистики, изучающий отношения 

между  языком  и  народом  и  взаимодействия  лингвистических  и  этнических 

факторов в функциониравании и развитии языка»

1

.

Алайда,  бұл  термин  ғылым  саласында  көптен  бері-ақ  қолданылып  келе 



жатса да, оның дәл осы мағынасы бірден қалыптаса қойған жоқ және ол туралы 

пікір таластар әлі күнге дейін жалғасуда және олар негізінен этнолингвистика-

ның зерттеу объектісіне және басқа ғылым салаларымен қатысына байланысты 

болып келеді.

Мәселен, проф. М.М.Копыленконың пайымдауынша «этно-лингвистика»

2

 



термині ғылым әлемінде ең алғаш шетел ғалымы Б.А.Уорфтың идеясы негізін-

де этнография мен социология ғылымдарының аралығынан туындаған болып 

танылады. Ал, бұл идея Э.Сепирдің

3

 тіл фактілерін этнос мәдениеті мен жеке 



тұлға тұрғысынан қарастыратын теориясымен сәйкес болғандықтан ғылымда 

«Сепир – Уорф болжамы» деген атпен де белгілі болып келді.

Алайда, этнолингвистика идеясын әр қырынан және әр деңгейде қарасты-

рып келе жатқан ғалымдардың (мәс., В.Гумбольдт, В.Вундт, А.А.Потебня, Г.Шу-

хардт, Ф.де-Соссюр, Бодуэн де Куртенэ т.б.) өздері де о бастан-ақ этнолингви-

стиканың «Этнос пен этнос тілі» негізінде қалыптасқанын толық мойындаса 

да, олардың өзара қатыстылығы мен үйлесімін айқындауға келгенде бір жер-

ден шыға алмай жүргендігі мәлім. Мәселен, этнолингвистиканың аяқ тірер бір 

тағаны – «этносты» кейде «этнос» деуден қашқақтап, сан саққа жүгіртіп, біресе 



«мәдениет» біресе «тарих пен әлеуметтік жағдай» деп, оның шеңберін тарыл-

тып, бүтіннің бөлшегі ретінде көрсетулері ерекше көзге түседі. Мәселен, Фер-

динандт де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихының 

өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде танып, өз ойын «халықтың салт-дәстүрі 

оның тілінде көрінсе, тіл, керісінше, сол халықтың өзін қалыптастырады»

4

 деп 



тұжырымдады. Жалпы дұрыс пікір. Бірақ этнос тілінде өз көрінісін табатын тек 

оның салт-дәстүрі ғана емес қой.

Сол сияқты, Э.Сепир де этнография, салт-дәстүр, мифология т.б. осы си-

яқты ұғымдарды этнос болмысымен шендестіріп, «тіл әлемін» тілдің символ-

дық қызметімен шектеп көрсеткісі келеді

5

. Ал кейінгі кезде (АҚШ-та) қалыптаса 



бастаған тағы бір көзқараста «этносты» «Адам» деген  ұғыммен  алмастыру 

арқылы этнолингвистиканың баламасы ретінде антропология («адам тура-

лы ғылым») терминін қолдану үрдісі де байқалып отыр. Тағы бір пікір: Эт-

нолингвистиканы тек «көне дүниені» зерттеуші ғылым деп танып, оларды 

1  Ахманова О.С. Cловарь лингвистических терминов. М., 1966, c.539.

2  Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. Алматы, Евразия, 1995, с. 15.

3  Cепир Э. Избарнные труды по языкознанию и культурологии. М., 1993. с. 465.

4  Қаралсын: Слюсарева Н.А. История языкознания. Вып. V. М., 1970.

5  Сепир Э. Положение лингвистики как науки // Звегинцев В.А. История языкознания 

ХІХ и ХХ в.в. Ч.1, М., 1960. с. 177.



482

байырғы халық тілінен, жергілікті тіл ерекшеліктерінен іздеу. Мұны негізінен 

орыс ғалымдарына (Н.И.Толстой, В.Н.Топоров, В.В.Иванов, А.Ф.Журавлев т.б.) 

тән дәстүр десе де болады. Көненің көзіне көбірек көңіл бөлу үрдісі қазақ этно-

лингвистерінен де

6

 байқалады. Саясатта: этнолингвистика – қоғамдағы этностің 



жағдайын білдіреді.

Міне, көріп отырғанымыздай, «этнолингвистиканың мақсат мүддесі мен 



зерттеу объектісі, әдіс-тәсілдері айқын, төрт аяғынан тік тұрған ғылым» деп 

айтуға әлі ерте. Мұны біз жоғарыда аталған проф. М.М.Копыленконың еңбегінен 

де көріп отырмыз.

Осы орайда, этнолингвистиканың барлық тілдерге қатысты әмбебап ғылым 

ретінде толық қалыптасып, дами түсуіне кейінгі кездерде түркі тілдері негізінде 

етек ала бастаған ізденістер мен зерттеулердің, соның ішінде қазақ тілінің де қо-

сып отырған үлесін ескерген жөн. 

Бүгінгі  таңда  қазақ  этнолингвистикасы  ғылыми  негізі  қалыптаса 

бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқында-

лып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр. 

Мұны белгілі ғалым проф. М.М.Копыленко өзінің «Этнолингвистиканың не-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет