Қазақ және орыс тілдерінің қарым-қатынасы жайында
Бұл саладағы ізденістердің гылыми объективті болуы үшін мәселені
жалпы түркі-славян тіларалық қарым-қатынастың тарихымен тығыз
байланысты қараған жөн болады. Демек, бұл қарым-қатынастың тамыры
447
тым алыстан басталуы керек деген сөз. Екіншіден, кез келген тіларалық қарым-
қатынас міндетті түрде екі жаққа да, яғни өзара контактыда болған тілдердің
екеуіне де белгілі әсерін қалдырады. Үшіншіден, тарихи қарым-қатынаста
болған жеке тілдердің өздеріне ғана тән ерекшеліктері болуы мүмкін.
Түркі тілдері мен орыс тілінің (кеңірек алғанда – славян тілдерінің)
арасындағы қарым-қатынастарды ғалымдар бес кезеңге бөліп қарайды
10
.
Бірінші кезеңде (I–VIII ғғ.) орыс тілі мен бұлғар-хазар тілдері
11
, екінші кезеңде
(IX–XII ғғ.) печенег, половец тілдері, үшінші кезеңде (XIII–XV ғғ.) Алтын Орда
хандығының ресми тілі болып саналған қыпшақ тайпаларының тілі тығыз
байланыста болды; ғалымдардың пікірі бойынша, осы кезеңде көптеген араб,
парсы, монғол, тибет т. б. шығыс тілдерінің элементтері де орыс тіліне қыпшақ
тілдері арқылы енген; төртінші кезеңде (XVI–XIX ғғ.) патшалық Россияның
Қазан, Астрахан, Сібір, Қырым хандықтары мен Орта Азия, Қазақстан, Кавказ
халықтарын қол астына алып, бағынышты етуіне байланысты орыс тілі осы
халықтардың тілімен қарым-қатынасқа енеді; бесінші кезеңге Ұлы Қазан
революциясынан кейінгі дәуір жатады.
Осы кезеңдердің ерекшеліктеріне байланысты орыс тілі түркі тілдерінің
дамуына игілікті ықпал жасаса, керісінше, түркі тілдерінің де орыс тіліне
тигізген әсері аз болған жоқ. Орыс тілінің сөздік қорына еніп, қалыптасқан 10
мыңнан астам түркі сөздері – түркизмдер, міне, осының айқын айғағы болса
керек.
Ал енді орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы қарым-қатынасқа келсек,
ол дәуірленуі жағынан жалпы түркі-славян тіларалық қатынастарының
кезеңдерімен бірдей емес. Қазақ пен орыс тілдерінің тарихи қарым-қатынасын
кейбір қазақ ғалымдары
12
төрт кезеңге бөліп қарайды.
Бірінші кезең XVII ғасырдың басына дейінгі дәуірді, яғни қазақтар мен
орыстардың әлі араласа қоймаған, экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланысы
аз, Қазақстан жеріне олардың көшіп келмеген уақытын қамтиды; екінші кезең
(XVII ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейін) Қазақстанның өз
еркімен Россияға қосылуы және осыған орай қазақтар мен орыстардың арасында
жіті қарым-қатынастың басталуымен ерекшеленеді; орыс сөздерінің қазақ тіліне
ене бастауы да осы кезеңде байқалады; зерттеушілер осы кезеңнің ауыс-түйісіне,
мәселен, майор, солдат, поштабай, сот, атпекет, соқа, хутор, пристап
сияқты сөздерді жатқызады; үшінші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысынан
Ұлы Қазан революциясына дейін) орыс тілі элементтерінің қазақ тіліне сөйлеу
10 Баскаков Н. А., Абаев В. И. и др. Развитие и обогащение русского языка за счет
заимствований из языков народов СССР // Взаимодействие и взаимообогащение языков народов
СССР. М., 1969, с. 52–53.
11 Добродомов И. Г. Некоторые соображения о булгарском вкладе в славянских языках //
Проблемы русского языкознания. М., 1970, с. 41–53.
12 Мусабаев Г. Г. Современный казахский язык. Алма-Ата. 1959, ч. 1, с. 47–48.
448
тілі арқылы да, жазба түрінде де көптеп ене бастаған дәуірге сәйкес келеді;
олардың қатарына ғалымдар: порым (форма), аршын, интер нат, шар, самаурын,
кереует, божы (вожжи), сөлкебай (целковый), жандарал (генерал-губернатор),
ояз (уездный началь ник), ауылнай (аульный) сияқты тұлғалық өзгерістерге душар
болған орыс сөздерін жаткызады
13
. Төртінші кезеңге Ұлы Қазан революциясынан
кейінгі дәуір жатқызылады. Бұл кезеңдегі орыс тілінің қазақ т. б. халықтардың
тіліне жасап отырған әсер-ықпалы алдына арнайы тексеруді талап ететін күрделі
мәселе.
Қазақ, орыс тілдерінің осындай қарым-қатынастарын зерттеуде тарихи
лексикологияның да қосар үлесі мол. Бұл мәселені зерттеуші мамандар
оны көбіне-көп синхрондық планда ғана қарастырады да, жан-жақты терең
талдауларға, тарихи-салыстырма тәсілге сүйене отырып, тіларалық ауыс-
түйістердің заңдылықтарын ашуға бара бермейді.
Ал бұл салада неше алуан тілдік құбылыстарды көруге болады екен.
Біз солардың біреуіне ғана тоқтала кетпекшіміз. Мәселен, түркі тілдерінің,
соның ішінде қазақ тілінің тарихи лексикологиясы үшін тек шеттен қабылданған
сөздерді ғана емес, сонымен бірге бұл тілдерден басқа тілдерге ауысқан сөздерді
зерттеудің де зор мәнісі бар. Мәселен, орыс тілінің сөздік қорына түркі тілдерінен
енген он мыңнан астам кірме сөз бар екен. «Түркизмдер» деп аталатын осы кірме
сөздерді славян тілдерінің мамандары да, түркологтар да зерттеуге праволы.
Өйткені бұл мәселе славянистер үшін көршілес түркі халықтардың арасында
болып келген ұзақ та тығыз қарым- қатынастарды анықтауға қажет болса,
түркологтар үшін түркі сөздерінің өткен дәуірлердегі тұлғалық, мағыналық
қалпын анықтау үшін қажет. Бір мысал келтірейік. Мәселен, бір кезде орыс тіліне
еніп, әбден сіңісіп кеткен балық пен алтын сөздері тұлға жағынан сәйкестігін
сақтаса да, түркі тілдеріндегі қалыптасқан номинатив мағынасынан мүлдем
өзгеше
14
. Балық түркі тілдерінде «балық» біткеннің жалпы атауы болса, орыс
тілінде ол балықтың бір түрін ғана (кептірілген балықты) білдіреді, ал түркі
тілдерінде асыл ме талды білдіретін алтын сөзі революциядан бұрынғы орыс
тілінде ақша өлшемінің баламасы («денежная единица») ретінде қолданылған.
Қазақ тіліне орыс тілінің әсерімен ақша мағынасында сол кезде қолданылған
алтын теңге деген тіркес бүгінде көнерген болса, ал ол орыс тіліндегі «Не было
ни гроша, вдруг алтын» деген тұрақты тіркесте қолданыс тауып келеді. Бұдан
шығатын қорытынды: ана тіліміздің басқа тілдерде жүрген лексикалық ауыс-
түйістерін зерттеу де тарихи лексикологияның міндетіне енетіндігі. Олар сөз
тарихын аша түсуге, әр түрлі себептермен ұмыт болған, не көнерген сөздеріміздің
өткен дәуірлердегі қалпын, жергілікті (регионалды) ерекшеліктеріне қатыстығын,
мағыналық, тұлғалық өзгерістерін анықтауға қажет-ақ.
13 Мусабаев Г. Г. Современный казахский язык. Алма-Ата. 1959, ч. 1, с. 47–48.
14 Фасмер М. Этимологический словарь русского языка. М., 1964, т. 1.
449
Түркизмдердің тілдік табиғатына түркологтардың көзімен қараудың тағы
бір қажеттігі олардың көп сыры қабылданған тілде емес, өзі пайда болған
тілдің топырағында айқын көрінеді. Мұны түрколог ғалым Н.К. Дмитриевтің
15
түркизмдерге арналған зерттеуі толық дәлелдей алады. Шынында да тіларалық
қарым-қатынасқа байланысты болатын лексикалық ауыс-түйістер, бір медальдың
екі жағы сияқты, бір тұтас құбылыстың екі тілдегі («сөз қабылданатын» және
қабылдайтын» тілдердегі) көрінісі іспеттес.
Осыған орай орыс тіліндегі түркизмдерді қазақ тілі тұрғысынан қарап, бұл
тілдердің арасында болған ұзақ та тығыз қарым-қатынастарды тереңірек зерттей
түсуді біз алдағы міндеттеріміз деп есептейміз.
Славян тілдері мен түркі тіддерінің арасындағы тарихи ауыс-түйістер
тек басы ашық жеке-дара сөздермен ғана шектелмесе керек. Тіл фактілерін
тереңірек зерттеп қараған адамға бұл байланыстың тамыры тым алыста
жатқан сияқты. Олай дейтін себебіміз, славян тілдері мен түркі тілдері
арасында туынды түбір тұлғасындағы байырғы түркі сөздерімен қатар
монғол, қытай, араб, иран тілдерінен енген кірме сөздер де көптеп кездеседі.
Олардың бәрі славян тілдеріне түркі тілдері арқылы енгендіктен біз
дәстүр бойынша түркизмдер («түркі тілдері элементі») деп қараймыз
да, олардың шығу тегіне көп мән бере бермейміз. Бұл да түркизмдерді
зерттеуге байланысты ерекше көңіл бөлетін мәселе. Славян халықтарымен
әлімсақтан бері көршілес болып, араласа-құраласа өмір сүрген, бірге өсіп,
біте қайнасқан халықтардың көбісі-ақ – түркі тілдес халықтар. Олар ертеде
де, қазір де сан жағынан аз болған жоқ. Россияның ұлан-ғайыр ішкі және
сыртқы өлкелерін мекендеп келген бұл халықтар мен ру-тайпалар, орыс
тілінің әсер-ықпалында бола отырып, өздері де оған әр түрлі дәрежеде әсерін
тигізіп келді. Орыс тіліндегі он мыңнан астам түркизмдер бұлардың бәріне
ортақ бола тұрса да, оған әрбір тілдің қосқан өзіндік үлесі бар. Ол үлесті,
мәселен, шартты түрде «қазақизмдер», «якутизмдер», «тувинизмдер»,
«алтаизмдер», «өзбекизмдер» т. б. деп атап, дыбыстық, тұлғалық және
мағыналық ерекшеліктеріне қарай тілдік региондарға бөліп анықтауға
болар еді. Мәселен, орыс тілі қабылдаған аул сөзі көптеген түркі тілдерінде
өзіне тән (ауыл//айыл//аал//авыл т. б.) тұлғада қолданылады. Ал орыс тілінде
солардың біреуі ғана қалыптасып, әдеби нормаға айналған. Демек, бүгінгі
орыс тіліндегі аул сөзінің ең жақын прототипі қазақтың «ауылы», не соған
жақын қыпшақ тобындағы тілдердің «авылы» болса керек.
Славян тілдері мен түркі тілдерінің арасындағы ертеден келе жатқан
алыс-беріс, ауыс-түйістерді зерттеушілердің күні бүгінге дейін назарына
ілінбей жүрген, ілінсе де тиісті шешімін таба алмай жүрген құбылыс – бұл
тілдегі кейбір түбірлес, тұлғалас, мағынасы жақын лексемалар. Мәселен:
15 Дмитриев Н. К. Строй тюркских языков. М., 1962, с. 503–569.
450
орыс тіліндегі я ем, ты ешь, он ест, еда, едок т. б. сөздердің «ё» [je-] элементін
біліп алып, оны шарт ты түрде түбір деп танып, түркі тілдерінің бәрінде
кездесетін же- / йә- / ие- / йи- / дже- / че- түбір етістігімен салыстырып қарасақ,
бұлардың арасында белгілі бір жақындықтың барлығын байқаймыз. Бұл қандай
жақындық? Шығу тегі басқа славян тілдері мен түркі тілдері арасында бұл
тәрізді гомогенді сәйкестіктің болуы мүмкін бе?
Егер мұндай сәйкестік бес-он сөзбен шектелсе, оны тілдерде бола беретін
кездейсоқ ұқсастыққа жатқыза салуға болар еді. Ал біз қарастырып тапқан
осындай фактілердің саны қазірше жүзден асады, зерттей түссе, ол бұдан да
көп болуы мүмкін. Және мұндай «ортақ түбірлердің» арасында тілден тілге еш
уақытта ауыспайтын етістік түбірлер де кездеседі. Мысалы: қазақ тіліндегі бұр-,
бұра-, бұрғы-, бұрыл- т. б. сөздердегі бұр- етістік түбірін гомогенді деп танысақ,
оның орыс тіліндегі бурить, бурение, бурав сияқты сөздердің құрамындағы
ортақ *бур деген морфемамен мағына, тұлға жағынан жақын екендігін жоққа
шығара алмаймыз. Бірақ бұл қандай жақындық? Тағы мысал келтірейік: орысша:
цапать – қазақша: шап беру; шап ету; орысша: таскать – қазақша: тасы;
орысша: сжимать, жим, жмурка, жмых, жмота – қазақша: жұм-, жұмырық,
жым болу, жымдай; орысша: толочь, толчение – қазақша: талқанда; орысша:
топтать, топать, тапочки – қазақша: manma-, тапырақта-; орысша: ссый
– қазақша: сій; орысша: сунь (руку), совать – қазақша: сұн- / ұсын-; орысша:
яркий, ярость – қазақша: жарқ ету, жарык, ұйғырша: йорык; орысша: сев,
посев, сеять, сыпь – қазақша: сеп-, себу-; орысша: игла – өзбекше: игна, ұйғырша:
жиңнә, қазақша: ине; орысша: тупой – қазақша: топас, диал. топар; орысша:
хапать, хапуга – қазақша: қап-, қабыс-, қапсыр-, ұйғырша: қапқан; орысша:
ясный – хакасша: аяс күн; орысша: яма – ұйғырша: гәмә; орысша: чеканить,
чеканка – ұйғырша: чәк-, қазақша: шеку т. б.
Мұндай ұқсастыққа көптеген мысалдар келтіруге болады. Мүмкін олардың
біразы кездейсоқ ұқсастық та шығар. Бірак бәрін бірдей олай деп қарауға
болмайтын сияқты. Олар сонау үндіевропа, үндіиран, үндіславян, сондай-ақ
«үндітүркі», тілдік одақтардан келе жатқан ортақ дүние болуы да ғажап емес. Бұл
арасын зерттеу керек. Ал түркі тілдері мен славян тілдерінің түбір дәрежесінде
де ортақ дүниесі болуы мүмкін деп жорамалдауға тарихи негіз де жоқ емес:
көне дәуірдің өзінде-ақ шығыс славяндар мен хун, булғар, құман-қыпшақ ру-
тайпалары мидай араласқандығы бізге белгілі. Славян халықтарының ең көне (XI
ғ.) жазба ескерткіші «Игорь полкы жайында сөзінен» де көптеген түркизмдерді
табуға болады. Қазіргі қазақ тіліндегі бала-шаға деген қос сөз құрамында ғана
кездесетін *шаға сөзінің осы ескерткіште қолданылуы сол бір тығыз қарым-
қатынастың айғағы болса керек.
Қазақ тілінің орыс тілімен болып келе жатқан ұзақ та тығыз та-
рихи қарым-қатынасына байланысты зерттелуге тиісті, бірақ әлі күнге
451
дейін өз зерттеушісін таба алмай келе жатқан проблемалары көп-ақ. Бірлі-
жарымды мақалаларды есептемегенде, бұл тілдердің революциядан бұрынғы
байланысы, жүздеген орыс сөздерінің қазақ тіліне жазу арқылы да, сөйлеу тілі
арқылы да енуі, олардың тұлға, мағына жағынан етене игерілуі, қалыптасуы
әрбір региондағы тарау шегі мен қолданыс аясы т. б. – осылардың бәрі арнайы
зерттеуді талап етеді және бұл да тарихи лексикологияның міндетіне жатады.
Кеңес дәуіріндегі орыс тілінің қазақ т. б. тілдерге тигізген ықпал-әсері, әсіресе
терминологиялық лексикамыздың күн санап байып, кемелдене түсуіне жасап
отырған ықпалы бүгінгі күннің құбылысы болса да, жалпы тіл әлеміндегі
тарихи процестерге жатады. Қазақ тілінің лексикалық қорына орыс тілі арқылы
күн санап еніп жатқан бүкіл европа тілдерінің элементтерін зерттеу де қазақ
лексикологиясының төл проблемаларына жатса керек. Бұл элементтер қазақ т.
б. түркі тілдеріне бірыңғай экстралингвистикалық жағдайда еніп жатса олар
бәрі бірдей бір рецепт бойынша қабылданып отырған жоқ: әр тілдің өзіндік
ерекшеліктері бар. Бұл тілдерде ертең-ақ қалыптасатын ортақ интернационалдық
(халықаралық) лексика қорының заңдылығын қазірден бастап-ақ зерттегеніміз
жөн. Бұл да қазақ тіл білімі үшін кезек күтіп тұрған проблемалардың бірі.
Тарихи лексикология және этимология. Этимология шын мәнісінде
тарихи лексикологияның үлкен бір саласы болып саналады. Бірақ
этимологияның зерттеу объектісі мен тәсілі – тарихи лексикологияға қарағанда
әлдеқайда тар және нақтылы. Тарихи лексиколо гия жалпы лексиканың
тарихын зерттеуді, оның дамуындагы объективті заңдылықтарды анықтауды
мақсат етсе, этимология негізінен сөз және сөз тұлгаларының төркінін, тегін
ашуды міндетіне алады. Екеуі де бұл салада өзін тиімді жағынан танытқан
универсалды тарихи-салыстырма методына сүйене отырып, толып жатқан
басқа да талдау тәсілдерін қолдануы мүмкін.
Тарихи лексикология мен этимологияның өзара қатыстығы тілдік
фактілерді тарихи деректерге, тіл мен сол тілде сөйлеушілердің тығыз
байланысында, тарихи, мәдени және басқа да экстралингви стикалық
факторлардың ортақтығында болса керек. Осыған байланысты этимологиялық
зерттеулер сөздің фоно-морфо-семантикалық табиғатын толық ашу үшін
тарихи (кейде оны «социологиялық», «культурологиялық» деп те атайды)
принципке жүгінеді.
Этимологиялык принциптердің мән-жайына қысқаша тоқталып өтейік.
Этимологиялық зерттеулер қай тілде болмасын негізінен үш принципке
– фонетикалық, морфологиялық және семантикалық принциптерге сүйенеді.
Сөз төркінін дәл және дұрыс анықтаудың бір шарты болып саналатын бұл
принцип-критерийлер зерттеу объектісі болып отырған әрбір тілдің қалыптасу,
даму заңдылықтарына негізделеді. Бұл принциптердің өзіндік ерекшеліктері
мен зерттеу объектісі әр түрлі болса да, бір-бірімен тығыз байланысты.
452
Фонетикалық принцип. Бұл принцип әрбір тілдің немесе бір топ туыс
тілдің фонетикалық (сингармонизм, ассимиляция, дыбыс алмасуы мен дыбыс
сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы, пайда болуы, дыбыстың қосарлануы
(геминация) мен әлсізденуі (редукция), метате за, апокопа, элизия, парагогия,
флексия, фузия т. б.) заңдылықта рына негізделеді. Сөз табиғатына тән жаңару
және ескіру, өзгеру, даму сияқты эволюциялық процестер осы заңдылықтарды
ескере отырып, диахронды және синхронды бағытта зерттегенде ғана дұрыс
айқындалуы мүмкін. Бұл заңдылықтардан тыс ешбір өзгеріс тілде болмайды,
ал бола қалса ол аномальді құбылыс болып саналады. Ескеретін бір жағдай: бұл
заңдылықтардың бәрін бірдей этимология объектісі болып отырған сөздің не сөз
тіркесінің бойынан табу қажет деген ұғым тумаса керек. Мәселен, фонетикалық
заңдылықтардың көбісі негізгі түбір мен туынды түбір аралығында (көгілдір <
көк + ілдір, ұгым < ұқ + ым), біріккен, кіріккен сөздер тұлғасында ( бүгін < б ұл +
күн, биыл < бұл + жыл), шеттен қабылданған сөздерде ( кәде < қағида < қағида,
зәр < зәһәр, самаурын < самовар т. б.), тіларалық дыбыс сәйкестігінде (қаз. бас
// ұйғ. баш; каз. may // ұйғ. тағ // қырғ. moo), ротацизм (қаз. қыз ~ чув. хер),
ламбдаизм (қаз. mac ~ өзб. тош ~ чув. чул; қаз. тол ~ ұйғ. тол//тош-), метатеза
(қаз. қақпан ~ ұйғ. қапқан, қаз. өкпе ~ ұйғ. өпке) т. б. құбылыстарда байқалады.
Ал түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін, классификациялық системадағы
орнын анықтауға келгенде фонетикалық критерий субститут құбылыстарына
ерекше мән береді. Этимологияның бұл принципі бойынша сөздің басы мен
соңы, түбірдің фоно-морфологиялық варианттылығы, дыбыстық өзгерістердің
мағыналық ауытқуларға себеп болуы т. б. толып жатқан құбылыстардың бәрі
толық ескерілуі керек.
Морфологиялық принцип. Этимологиялық зерттеудің бұл принципі
сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарды қарастырады.
Осыған орай морфологиялық құрылымы мен тұлғасы бүгінде айқын емес сөздер
ең алдымен өз тілімізде, ал онда болмаса, басқа туысқан түркі тілдеріндегі сөз
жасау, сөз өзгерту модельдерімен салыстырыла зерттелуі керек. Этимологтың
алдына қойған мақсатына байланысты морфологиялық талдау перспективті
және ретроспективті бағытта болуы мүмкін. Кейінгісі агглютинациялық
даму процесінде о бастағы ілкі де көне түбірге қат-қабат жалғанып, онымен
бірігіп, кірігіп кеткен жалғау-жұрнақтарды морфемалық жіктеу тәсілімен
(«поморфемный анализ» мағынасында) сөз жасау модельдері бойынша біртіндеп
бөліп алып, одан ары морфемалық бөлшектерге жіктелмейтін монолитті ілкі
түбірді айқындауға мүмкіндік береді. Әрине, ол түбір бүгінгі тілімізде жеке-дара
қолданылатын дербес болуы
да қолданылмайтын «өлі» түбір болуы да ықтимал.
Осыған орай морфологиялық принципті ұстанудың бір ерекшелігі: ол
кез келген байырғы түркі сөзінің түбір тұлғасын, негіздің құрамын анықтауға
мүмкіндік береді екен. Ол үшін этимологиялық табиғатын анықтауға қажетті
453
туынды түбірді сөз жасау моделінің жүйесіне салып, тұлғалас бір топ сөздің
қатарында қарастыруымыз керек. Мәселен, казак тіліндегі -на-/-не- моделі
арқылы жасалған ауна-, буна-, қайна-, тырна- сияқты сөздерді алып, жоғарыдағы
тәсіл бойынша түбірлік морфемалардан жалғаулық морфемаларды бөліп алып
қарағанда, алдыңғы екеуінің түбірі (ау-, бу-) айқын да, кейінгі екеуінің (*қай-,
*тыр-) түбірі біздер үшін ұмыт болған «өлі» түбірлер екендігін көреміз.
Осылайша морфологиялық принципке сүйене отырып, ілкі түбір, туынды
түбір тұлғаларын анықтауды біз этимологиялық зерттеулердің сенімді де жемісті
тәсілдерінің бірі деп есептейміз. Алайда бұл тәсілді түркі тілдерін зерттеуші
этимолог ғалымдар толық меңгеріп, өз зерттеулерінде кең түрде пайдалана
алмай жүр.
Морфологиялық принципке байланысты этимологиялық талдауда тағы
бір ескеретін жайт: жалпы грамматикалық форманттар, соның ішінде сөз
тудырушы қосымшалар әдетте кез келген түбірге жалғана бермейді және олар
белгілі тәртіппен ғана жалғанады, сондай-ақ аффикстерді ғылымда есім түбірге
және етістік түбірге жалғанатын аффикстер деп
екі топқа бөліп қарау дәстүрі
де бар. Сөздердің морфологиялық тұлғасын диахронды деңгейде зерттейтін
морфология лық этимология бұл қағиданы аксиома деп қарауға болмайтынын
дәлелдейді. Өйткені синкретикалық түбірге жалғанатын аффикстер
синкретикалық сипат алады, одан басқа аффикстердің ішінде екі функционалды,
көп функционалды, индиферентті түрлері тағы бар. Сөз тұлғасындағы
агглютинативті қат-қабаттарда әрбір дәуірдің ізі мен морфологиялық дамудың
күрделі өзгерістерін де осы принцип негізінде анықтауға болатын сияқты.
Осы орайда базистік лексиканың негізі болып саналатын көбінесе бір буынды
түбірлердің «өлісі» мен «тірісін» анықтау, түбіріменен қосылып біржолата
бірігіп, бүгінде бөліп қарауға келмейтін көне жұрнақтарды айыру (мәс. аңқ <
*аң + қа, маңқа < *маң + қа; сақау < *са + қау, мылқау < *мыл + қау, *жалқау
< *жал + қау сияқты т. б. ) – осының бәрі сөз тұлғасын зерттеуге байланысты
этимологиялық объектіге жататын тарихи процестер болып саналады. Түбір
менен морфологиялық тұлғаның мағыналы қатыстығы да аффикстер төркінін
жеке сөзден таратудағы жорамалдар мен морфологиялық этимология арқылы
шешілетін мәселелер.
Қысқасы, морфологиялық принцип (критерий) түркі тілдерінің сөз жасау
стихиясында кездесетін жүздеген, тіпті мыңдаған алуан түрлі грамматикалық
тұлғалардың ішінен этимологиялық объект бо лып отырған сөздің табиғатын тап
басып, дәл табуға, оның басқалармен туыстық қатыстығын, орнын анықтауға
жәрдем беретін этимологтың қолындағы сенімді құралдың бірі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |