төгершік, тегеуірін, дегелек, диірмен, теңге т.б. сөздердің түбірлерін
қарастырамыз.
Бір қарағанда, бұл сөздердің арасында мағыналық жақындығы
байқалғанымен, тұлға жағынан ұқсастығы шамалы сияқты. Ал шын мәнісінде
олай емес: бұлардың бәрі бір түбірден тараған түбірлес, төркіндес сөздер.
Оны дәлелдеу үшін жоғарыдағы заңдылықтарға сүйене отырып, бұлардың
құрамынан гомогенді (тектес) бір буынды түбірлерді бөліп алуымыз керек.
Сонда жоғарыдағы сөздердің құрамынан этимологиялық гипотеза бойынша
дөң- доң- төң- тең- тег- дег- дій- деген бірыңғай өлі түбірлерді бөліп алып
қарасақ, олардың заңды түрдегі дыбыстық сәйкестігі бар, шеңбер тәрізді,
дөңгелек, домалақ затты білдіретін (орысша: «круг, круглый, шарообраз-
45
ный, кольцообразный») мағыналас элементтер екендігін аңғарамыз. Бұл
түбірлердегі бастапқы д- т- дыбыстарының ортадағы ө- о- е- і- дауысты
дыбыстардың және соңғы ң- г - й- дауыссыз дыбыстардың өзара сәйкестігін
түркологияда дәлелденген құбылыс деп есептесек, аталмыш түбірлердің
о бастағы бір түбірден өрбігенін мойындауға болатын сияқты. Ол түбірді
көне түркі ескерткіштері тілінен кездестіреміз. Ол – «айналдыру, қайыру,
бұрау» мағынасында қолданылған дөн- деген дербес етістік түбірі. Дәл осы
мағынасында дөң-дөң- түбірі бүгінгі әзербайжан, түрік тілдерінде де сақталған.
Бірақ басқа түркі тілдерінде ол туынды сөз құрамында ғана кездесіп, «айналу»,
«дөңгелеу», «дөңгелек» деген мағыналарға негіз болып тұр. Мәселен, қазақ
тіліндегі дөңгелек пен доңғалақ «колесо» мағынасын білдірсе, төңкер-
етістігінен бір затты аударып-төңкеру арқылы домалату, екінші жағына ай-
налдыру әрекеті байқалады; төңіректе «айнала» («кругом», «вокруг») деген
ұғым бар; ал дөгелек қалпақ пен диірменнің тегершігін, ертедегі металл
(бақыр, күміс т.б.) ақша – теңгені көз алдымызға елестетсек, сырт көрінісі
дөңгелек, жұмыр, домалақ, айналдыруға немесе дөңгелетіп жіберуге болатын
әр түрлі тұлғалас заттарды көреміз. Ал диірмен сөзі айналатын дөңгелек,
тегершік тасқа байланысты қалыптасса, түбірі дій – түркі тілдеріндегі ң, н, г, й
дауыссыздардың өзара алмасу заңына сәйкес калыптасқан. Мысалы, қазақша
тій- деген етістік түбірі ұйғырша – тәг болып қолданылады; осыдан келеді
де қазақша диірмен, ұйғырша – түгмән, қырғызша – тегирмен, қарашай-
балқарша – тирмен, қарақалпақша – дийирман (дигирман), башқұртша –
тирмән, түрікше – дегірмен, әзербайжанша – дәйірман, туваша – дээрбе т.б.
болып өзгеріп, о бастағы бір түбірдің бірнеше варианттары пайда болып отыр.
Осылайша өзгерістің, іштей дамудың салдарынан, бүгінде 25-ке жақын
түркі тілдерін былай қойғанда, тек бір қазақ тілінің өзінде ғана бір түбірден
туындаған варианттар саны аз емес екен. Осындай фактілерді ескермей, әрине,
сөз төркініне саяхат жасауға болмайды. Түркі тілдер арасындағы туыстық
пенен өзара айырмашылықтың сыры, сайып келгенде, міне осы заңдылықта
жатыр.
Ескерте кететін жағдай: о бастағы дөң- төң- түбірінен туындаған сөздердің
бәрін бір мақалада қамту мүмкін емес. Оларды жеке тілдердің негізінде
зерттеген абзал. Тіпті қазақ тіліндегі сөздердің өзі де жоғарыда келтірілген
мысалдармен шектелмесе керек.
«Қазақстан әйелдері», 1986. № 2.
Бір түбірлес сөздер
Түркі-монғол тілдерінің бәріне ортақ және ондаған, тіпті жүздеген
туынды түбірлердің жасалуына негіз болған ұр түбірінің табиғаты да өте
қызық. Қа зақ және басқа түркі, монғол тілдерінде бұл түбір өзінен кейін
46
жалғанатын жалғау-жұрнақтардың ықпалымен өзгеріп, ұр–үр–өр–ыр– т.б.
түрінде кездеседі. Бүгінде олардың бірде-бірі жеке-дара мағына бермейді.
Басқаша айтқанда, өз кезінде қаншама құнарлы, көп қолданылатын түбір
болса да, бүгін ол бір тілде өлі түбірге, ал екіншісінде сирек кездесетін
архаизмге айналған. Дегенмен осы түбірдің негізінде пайда болған сан
алуан әрі ұялас, әрі тектес туынды түбірлердің мағыналарын салыстыра-
салыстыра талдап көрсек, бұл түбірдің о бастағы, өткен бір дәуірлердегі
білдірген ұғымын аңғаруға болады. Анығырақ айтқанда, ұр түбірі және
оның әр түрлі гомогенді варианттары қазақ тілінің сонау балаң кезінде
адамның, этнос бірлестігінің жалпы түп-тегін, нәсілін, руын, тұқым-
тұқиянын, туыстығын, өніп-өсуші табиғи заттардың ұрық-дәнін, көгін,
өркенін білдірген. Түбір сөзден өрбіген туынды түбірлердің тұлғалық
дамуының нәтижесінде олардың мағынасы да өрбіп, тармақталып,
нақтылана беретіні белгілі. Мәселен, қазақ тіліндегі ру түрінде қалыптасып
бара жатқан сөзімізді алсақ, ол о бастағы ұр түбірі мен ұу жұрнағынан
тұратын ұрұу сөзі. Сондай-ақ, ұр түбірінен туындаған сөздер қатарына:
«дән, түқым» (ал Шу қазақтарының тілінде – «туыс, сүйектес, рулас»)
мағынасындағы ұрық (ұр-ық) сөзін, ертедегі ру-тайпалардың ұраны
(«клич») мағынасындағы ұран (ұр-ан) сөзін, «туған-туысқан, кейінгі жас
ұрпақ» мағынасындағы ұрағат (ұр-ағат) сөзін, «ұрпақ тарату қасиетіне
ие» мағынасындағы ұрғашы (о баста: ұр-ық-шы) сөзін, «нәсіл, тұқым
жұрағат, өрен-жаран» мағынасындағы ұрпақ (ұр-пақ) сөзін жатқызуға
болады. Ал енді, дауыс ты дыбысының өзгеруіне байланысты көбіне-көп
қос сөздер мен сөз тіркесі құрамында қолданылатын: үрім (үр-ім): үрім-
бұтақ («бір атадан тараған ұрпақ, зәу-зат, нәсіл»), үрпі (үрпі) («адам мен
мал да болатын ұрық жолы, сүт жолы») сөзі де, сондай-ақ «кейбір бау-
бақша өсімдіктерінің дән салатын көк түйіншек өсетін, тұқым байлайтын
сабағы, желісі, өрісі» мағынасын білдіретін өркен (өр-кен) сөзі де (осы дан
келіп өркен жаю, өркені өсу тіркестері пайда болған) «бір атадан тараған
ұрпақ, нәсіл» мағынасындағы өрен (өр-ен), өрен-жаран сөздері де, сайып
келгенде, жоғарыдағы ұр-үр-р түбірімен төркіндес екен.
Ұр түбірінен тараған сөздердің біразын біз Махмуд Қашғаридың
(XI ғ.) «Диванынан» да кездестіреміз: ұрағат – «әйел», «ұрғашы», ұран
– (боевой клич»), ұры – («сын, мальчик, юноша, мужское потомство»),
ұры оғлан – («сын, мужское потомство»), ұрылан – («родить мальчи-
ка»), ұрұғ – («зерно, семя, косточка»), ұрұғлұғ – («родовитый, знатный,
благо родный»), ұрұғсұз –(«без потомства») т.б. Бірақ Махмуд Қашғари
заманында тіпті одан бұрынғы Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілінде де
біздің сөз етіп отырған ұр-үр-өр-ыр- варианты түбіріміз жеке-дара кездеспейді.
Соған қарағанда бұл түбірдің төркіні тым тереңде жатса керек. Алайда ол
47
ерте (VI–VII ғасырға дейін) ұмыт болса да өзінің бір кездегі жиі қолданылуы
арқасында тамырын кең жайып үлгерген, сондықтан да ол бүкіл түркі, монғол
тілдерінде түгел сақталып, көненің көзі ретінде күні бүгінге дейін тіл қажетін
атқарып келеді. Шет тілден енген сөздерде мұндай қасиет бола бермейді.
Мұндай байырғы түбірлер тілімізде көп-ақ, сондықтан да сөз табиғатына
тән көп сырдың жайын түбірден іздеген жөн.
«Қазақстан әйелдері», 1986. № 3.10 б.
Түбi бiр түрiктiң - түбiрi де бiр
Ұзыннан ұзақ, көне тұзақ болып өскен зәулiм биiк шынардың қалың бұтақ-
шақтарының ұшар басына дейiн жыл сайын бүршiк атып, жапырақ шашып
тұруы оның сонау терең тамырлары арқылы қара жерден нәр алып тұруына
байланысты. Алайда бұл табиғи құбылысқа бiз мән бере бермеймiз.
Дәл осыған ұқсас құбылысты бiз тiл табиғатынан да байқаймыз. Шынар
басында бүршiк жарып, гүлдеп өскен жапырақтарды күн сайын тiлде туындап
жатқан жаңа сөздерге баласақ, олардың нәр алып өсiп-өнетiн көздерi, әрине,
тiлдiң терең қойнауларында жатқан түбiрлерi болмақшы. «Түбiрлер» мен
«туынды тұлғалар» деп отырғанымыз, мiне, осы шынар тамыры мен
жапырақтарына ұқсас құбылыстар. Сөз байлығының уақыт өткен сайын
еселенiп, көбейе түсуi, мiне, осы түбiр тұлғалары мен мағыналарының өзара
тығыз байланысының тұрақты сақталуында болса керек.
Бұл құбылыс, әрине, тiлдiң сөздiк қорына түгел қатысты емес. Оның
сыртында бұдан басқа да ауыс-түйiстер аз емес. Демек, «тамыр-жапырақ» пен
«түбiр-сөз» деген ұғымдардың сәйкестiгi әрбiр тiлдiң болмысына тән, оның
тiл болып қалыптасу дәуiрiнен басталған құбылыс. “Жалғамалы” түркi тiлдер
табиғатында түбiрлес сөздер көп. Ол түбiр мен туынды түбiрдiң тұлғалық-
мағыналық тұтастығына байланысты.
Ендi осы бiр құлаққа тосындау естiлiп тұрған заңдылықты кең түрде
“тегi бiр түркi халықтары тiлдерiндегi сөздердiң түбiрi де бiр” деген идея
тұрғысынан қарастырып, түркi тiлдерi түбiрлерiнiң тұлғалық һәм мағыналық
дамуына байланысты кейбiр ойларымызды ортаға салуды жөн көрдiк.
1. Түркi тiлдерi (солардың бiрi - қазақ тiлi де) негiзiнен (70-80%) бiр буын-
ды түбiрлерден (моносиллабтардан) туындап, дамыған жалғамалы (агглюти-
нативтi) тiлдер санатына жатады (бұл түркiтануда қалыптасып қалған қағида).
2. Түркi тiлдерiнiң өздерiне ғана тән бiр буынды төлтума түбiрлер
құрамы жағынан 6 классикалық модельден (үлгiден) тұрады: г, гс, сг,
сгс, гсс, сгсс -
1*
; тiлдегi мыңдаған туынды сөздер осы алты модель
негiзiнде өрбiп, пайда болғандар. Мысалы: г: е>едi, екен, емес т.б.; гс:
ал-> алды-, алым, алмақшы т.б.; сг: же-> жем, жемiс, жемтiк, жемқор,
1
*
Мұндағы Г-дауысты дыбыс, С-дауыссыз дыбыс нышандары.
48
жегi т.б.; Cг: ақ> ақшыл, ағар, ақта, ағараңда- т.б.; сгс: тап> тапқыр,
табыс, табу, тапшы т.б.; гсс: арт> артық, арттыр-, артыл- т.б.; сгсс:
тарт-> тартыс, тарту, тартыншақ т.б.;
Бұл 6 классикалық модельдiң (үлгiнiң) бәрi бiрдей бiр кезеңде пайда
болмаған және тарихи даму жағынан да бiр деңгейде емес. Этимологиялық
және эволюциялық тұрғыдан қарағанда алтауының алдыңғы үшеуi -
г, гс, сг - тiл дамуының ең алғашқы балаң кезеңiнде пайда болған
түбiртек, не iлкi түбiр тұлғасындағы қалпы. Бұлардың мағынасы бұл
күнде күңгiрттенген. Олардың қатарына алғаш пайда болып, қалыптасқан
имитатив (елiктеуiш) түбiртектер жатады. Мысалы: г: *ы>ыр, ыс, ыз, ың
т.б.; гс: ыр>ырс, ың>ыңқ; сг: *ты>тыр, тыс, тық, тып т.б.
Алты түрлi моносиллабикалық модельдiң соңғы үшеуi аталған
алдыңғы үшеуiнiң негiзiнде, не өз бетiнше кейiнiрек қалыптасқан
тұлғалар. Тiлiмiздегi сан түрлi төлтума туынды сөздердiң көпшiлiгi,
мiне, осы үшеуiнiң негiзiнде пайда болған лексемалар (мысал жоғарыда
келтiрiлдi).
Түркiтанушылар арасында түркi тiлдерi (соның бiрi - қазақ тiлi де,
әрине) өзiнiң ұзақ (миллиондаған жылдар бойындағы) даму тарихында
жалғамалы ( агглютинативтi) тiл болып қалыптасуынан әлдеқайда
бұрын қопармалы (флективтi) тiлдерге тән өзгешелiктерге ие болған”
деген (Э.В.Севортян, Н.А.Кононов, С.А.Аманжолов т.б.) пiкiрлердiң де
болғаны белгiлi. Қазақ тiлiнiң түбiр табиғатын зерттеу нәтижесiнде
бұл пiкiрдiң дұрыстығына және оны тiлдiң нақтылы деректерi арқылы
дәлелдеуге болатындығына сенiмiмiз арта түскендей (бұл, әрине, өз алдына
қарастырылуға тиiстi мәселе). Тегiнде бұл пiкiрдi дәлелдеудiң бiр жолы
тек түркi тiлдерi ғана емес, сонымен қатар бүкiл алтай тобына жататын
(моңғол, тұңғыс-манжур, жапон, корей) тiлдер мен угра-фин тiлдерiн де
салыстырып тұтас қарастыру қажет деп бiлемiз.
3. Жалғамалы түркi тiлдерiнiң түбiр тұлғалары оның тарихи даму
эволюциясының бiр айқын айғағы iспеттi. Бiз бұрын да айтып, жазып
жүрген (Кайдаров А. Структура односложных корней в казахском языке.
Алма-Ата, “Наука”, 1986) пiкiрiмiздi қайталап, қазақ тiлiндегi (бұл басқа
тiлдерге де қатысты) байырғы төлтума сөздiк қорының құрамында екi,
үш және одан да көп буынды “түбiр сөздiң” кездесуi - өте сирек құбылыс.
Олар не о бастағы бiр буынды түбiрлермен даму барысында өзара бiрiгiп,
құрамындағы морфемаларға қайтып жiктелмейтiн, бүлiнбейтiн бiр
тұтас (көп буынды) қалыпқа келген монолиттi тұлғалар, не тым ертеде
басқа тiлдерден қабылданып, тiлге етене сiңiсiп кеткен ауыс-түйiстер.
Сондықтан да, екi, үш және одан да көп күрделi сөз тұлғаларынан қазақ
тiлiнiң төлтума өз түбiрлерiн iздеп табуға талаптануды нәтижесiз әрекет деп
49
бiлемiз. Мәселен, қазақ тiлiндегi осындай күрделi сөздерге жататын балға,
балта, балдақ сияқты лексемалардың өз тiлiмiздiң негiзiнде морфемаларға
жiктелетiн, бiр буынды түбiрден туындамағанын, алма, алша, алмұрт,
алтын сияқты лексемалардың құрамынан “алқызыл” мағынасындағы * ал
түбiрдi этимологиялық жолмен ғана ажыратып, туынды тұлға екендiгiн
бiлуге болады. Демек, бұл сөздер дәл осы екi буынды қалпында тұрып
“түбiр” санатына жатпайды деген сөз.
4. Түркi тiлдерiндегi барша бiр буынды түбiрлердiң (моносиллабтардың)
өздерiн эволюциялық даму тұрғысынан тұлғасына қарап, ретроспективтi
бағытта “туынды түбiр”, “түбiр”, “iлкi түбiр”, не “байырғы түбiр”,
“түбiртек”, не “тұқыл түбiр” деп бiрнеше деңгейге жiктеп қарауға
болады. Бұл жiктеу градациясының iзiн бiз тiлдегi мыңдаған имитатив
туынды лексемалар құрамынан айқын көремiз.
5. Түркi тiлдерiнiң көнеден келе жатқан генеологиялық туыстығын
бiз лексикалық негiзiнде бiр буынды түбiрлер (моносиллабтар) деңгейiнен
iздестiргенiмiз жөн.
6. Түркiтануда “түбiр - сөздiң өзгермейтiн бөлшегi” деген қасаң қағида
қалыптасқандығы белгiлi. Бұл қағидамен мүлдем келiсуге болмайды.
Өйткенi тым ерте замандарда бiр тiлдiк ортада, алдымен г, гс, сг, одан
соң гсс, сгс, сгсс тұлғасында пайда болған моносиллабтар сол
ортадан таралып, әр түрлi табиғи, саяси географиялық ортада өз бетiнше
дамуына байланысты бiр вариантты ұқсас түбiрден көп вариантты
тұлғалық-мағыналық сәйкес түбiрлерге ауыса бастады. “Түрiк” тiлiнiң
“түркi тiлдерiне” айналуы тарихы тұрғыдан осы эволюциялық дамудың
нәтижесi болып саналады.
Демек, отыздан астам түркi тiлдерiнiң бiр жағынан ортақ тегiн,
туыстығын сақтап келуiнiң де, екiншi жағынан, өзара алыс-жақын қатынаста
қалыптасуының да, ең басты себебi, сайып келгенде, олардың байырғы да
ортақ тiл түбiрiне байланысты екендiгiнде. Түркi тiлдерiнiң өзара ортақ,
байырғы, төлтума бiр буынды түбiрлерi (моносиллабтары) әр бiр туыс тiлдiң
өзiндiк фономорфосемантикалық заңдылықтарына сәйкес дамып, сан алуан
тұлғалық өзгерiстерге ұшырап, “сағызша шайналса” да, мағыналық ортақ
өзегiн сақтап қалатынын көремiз. Соның нәтижесiнде ғасырлар бойы дамып,
бүгiнде өз тiлдерiнде рухани-мәдени байлығын, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын
сақтап келе жатқан 200 миллиондай түркi қауымдастығы әр деңгейде болса да,
өзара тiлмашсыз түсiнiсе алады. “Түбi бiр түрiктiң түбiрi де бiр” деген сөздiң
мәнiн осы арадан да байқауға болады.
Бұл айтылған идеяны айқындай түсу үшiн тағы бiр мысал келтiре ке-
тейiк. Түркi тiлдерiне ортақ төлтума моносиллабтардың ең көп өзгерiс терге
ұшырайтыны, мысалы, сгс тұлғалы модельде ең соңғы С (дауыссыз дыбыс)
50
құрамдық элементi. Туыс тiлдердiң өзара “шекарасын” ажырату процесi де
(дыбыс алмасуы), мiне, осы элемент шеңберiнде болып жатады, бiр түбiрдiң
аумағынан дыбыс сәйкестiгiне байланысты қыруар көрiнiстi (түсiндiрiп жату
көп уақыт алады) байқауға болады. Мәселен, 1) “круг”, “кружок”, “круглый”,
“кругом”, “вокруг”; 2) “колесо”, “кольцо”, “обруч” және 3) “мельница” деген
2
үш топ мағына беретiн ортақ бiр түбiрдiң бiз 15 гомогендi варианттары бар
екенiн анықтадық. Олар мыналар:
1) “Круг”, “кружок”, “круглый”, “кругом”, “вокруг”:* алт.
tegerik~tegilek~tegbek; тув. tögerik; хак. tegilek~togilaх; кирг. döngölök, тат.
tügäräk; баш. tüηäräk, ног. tödörek, каз. döηgölök, азерб. däjir, уйг. dögläk, узб.
tügarak, караим. tegäräk т.б.
2) “Колесо”, “кольцо”, “обруч”: алт. teglik, тув. däärbek, хак. tegilek,
кирг. döηgölök, тат. tägärmäc; башк. tägärmäc, ног. tegeršik, каз. tegeršik, азерб.
takar, тур. tekerlek, узб. döηgiläk;
3) “Мельница” (дүңгелек тасына байланысты): алт. teerbe, тув. därbe,
хак. terben, кирг. tegirmen, тат. tegerman, башк. tirmän, ног. termen, каз. dijirmen,
азерб. däjirman, тур. degirman, узб. tegirmon, уйг. tügmän, караим. tegirmjän т.б.
Бұларға қазақтың теңге, башқұрттың тәнкә, моңғолдың түгирик, орыстың
деньги т.б. (ақша мағынасындағы) түбiрлес сөздерiн де қосуға болады.
Бұл мысалдардан көрiп отырғанымыз: бiр ғана түбiрдiң 13 түркi тiлiнде 15
гомогендi варианты бар екен. Олар: тәг~тег~түг~ түг~түң~тәк~тек~түң~тей-
~дәг~дай~дүң~доң~дүң~дйi. Бұлар 3 түрлi мағына төңерігiнде топтасқан. (қар.
Қайдаров А.Т. Словарь В.И.Вербицкого как исторический источник исследова-
ния структуры моносиллабов // Язык и культура алтайцев. (Сборник научных
статей). Горно-Алтайск, 1993, стр. 25-29).
7. Түркi тiлдерiнде сөз мағынасының негiзгi жүгiн көтерушi - сол сөздiң
түбiрi. Бiр түбiрден қаншама дербес сөздер туындап жатса да, олар өздерi
нәр алып, өрбiп-өскен түбiр мағына-мәнiмен семантикалық та, логикалық та
өзектi байланысын еш үзбейдi. Түбiрдiң жеке өзi де, туынды тұлғасымен бiрге
де, бiр тiлде де және әр тiлде де қолданыс барысында “сағызша шайналып”, о
бастағы тiрек тұлғасынан адам танымастай болып өзгерiп, алыстап кеткен
жағдайдың өзiнде де, ол өз бойындағы мағына ұйытқысы мен өзегiн сақтап
қалуға тырысады.
8. Сөз түбiрлерi мен одан туындаған сөздердiң мағыналары сан алуан.
Ол негiзгi және туынды, нақтылы және абстракциялы (жалпылама) болып
бөлiнедi. Түркiтануда қалыптасқан пiкiр бойынша: туынды мағыналар ауыс,
келтiрiндi, бейнелi, рәмiздi т.б. негiзгi мағынадан өрбiп дамиды. Бұл, әрине,
дұрыс пiкiр. Алайда, “алдымен сөздерде нақтылы мағыналар, содан кейiн олар
белгiлi шарттылыққа байланысты асбтракциялы мағыналарға айналады”
2 Бұл түбiрлердiң мағыналарын орысша беру түсiнуге ыңғайлы болып отыр.
51
деген тұжырыммен бiз келiсе алмаймыз. Зерттеулерiмiздiң негiзiнде бiздiң
жiтi тұрақтаған пiкiрiмiз: түркi тiлдерiнiң бәрiнде де сөз бiткеннiң баршасы
ең алдымен бiр буынды түбiрлердiң нақтылы мағынасы негiзiнде өрбiп,
содан әр түрлi ситуацияға байланысты, сөзжасам форматтары арқылы да
абстракциялы, әрi көп мағыналарға ие болады. Бiр бұлақ көзiнен дәмi (ащы
да, тұщы да), түсi (көк, жасыл), температурасы (ыстық, суық) екi түрлi су
атқыламайтыны сықылды, бiр түбiрден өрбiген туынды түбiрлес тұлғалар
мағына шеңберi қанша кеңейiп жатса да, олар түпкi түбiр мағынасымен
байланысын үзбейдi. Мысалы: қазақ т.б. тiлдерiндегi *жас деген байырғы
түбiрдi алайық. Ол дами келе: 1) адамның өмiр сүру мерзiмiне (жасына)
байланысты; 2) “қарт” ұғымына қарама-қарсы мағынада; 3) көздiң жасына,
4) майы жоқ, арық, жасық етке қатысты, 5) бойында сөгi мол жас шөпке
(ұйғырша: көк-яш) байланысты қолданылады екен. Көне түркi ескерткiштер
тiлiнде де осы мағыналар сақталған: *jaS ) зеленый, молодой; 2) свежий; 3)
зелень; 4) год; 5) жизнь; 6) слеза (ДТС, 245-246). Осы мағыналардың барлығы
бiрден емес, бiртiндеп пайда болды, яғни алдымен нақтылы бiр мағынасы,
одан соң басқа (оған табиғаты ұқсас, логикаға сай) мағыналары пайда болған
деп қарасақ, оның о бастағы нақтылы мағынаны - “сөк-сөлi бойында сақталған
жас шөп”; қалғандарының бәрi содан өрбiп, туындаған ауыс мағыналар. Ал,
ендi осы келтiрiлген бiр түбiрдiң 6 мағынасының әрқайсысынан тарамдалып,
таралып жатқан (*жас>жастық, жасамыс; жас шөп, жас иiс, жас өспiрiм,
жасық ет, жас төгу т.т.) туынды тұлғаларды пайымдап қарасақ, нақтылықтан
абстракциялыққа, жалпылыққа айналудың тетiгiн айқын көремiз.
9. Түркi тiлдерiнiң лексикалық қорындағы сөздер неше мыңдап (қазақ
тiлiнде 68 мың реестр сөз бар екен) саналса да, бiр буынды түбiр сөздер саны
одан 7-8 есе аз. Бiздiң зерттеуiмiз бойынша (жоғарыда көрсетiлген еңбектi
қара) 1500 шамасындағы бiр буынды түбiрлердiң тең жартысы мағынасы мен
қолданыс аясы айқын болса, қалған жартысы мағынасы күңгiрт, дербестiгiнен
ада болған түбiрлер. 750 түбiрдiң жартысы төлтума емес, шеттен енген ауыс-
түйiс түбiрлер.
Осыған қарағанда, тiлдiң архаикалық құрамы басым және ол уақыт озған
сайын жаңа элементтерiмен жарыса көбейе түспекшi. Түбiр осы тұрғыдан
ретроспективтi бағытта қарастырсақ, неғұрлым көне дәуiрге шегiнген сайын,
соғұрлым архаикалық элементтер көбейе түспекшi.
10. Бiр түбiрден тарап, сөзжасам модельдерi арқылы өсiп-өрбiген сөз
тұлғалары мен жай және тұрақты тiркестер де сол түбiр мағынасының ауқы-
мын жан-жақты кеңейтiп, еселеп өсiре түседi. Кейбiр түбiрлердiң бiр өзiнен нәр
алып, кеңейген мағынасының жалпы санын 15-20 мағыналық бiрлiкке дейiн
көбейтуi мүмкiн. Мұндай жағдайда негiзгi түбiрдiң абстракцияланған жал-
пы мағынасы барша туынды мағыналардың жиынтығы, солардың бәрiне ор-
52
тақ ұйытқысы болмақ. Мәселен, қазақ тiлiндегi *шап- деген етiстiк түбiрiнен
туындаған 20-дай туынды тұлғада төмендегi мағыналарды көруге болады:
1) Шап=> шабу - “кесетiн құрал-жабдықпен бiр нәрсенi шапқылау, кесу,
бөлу” т.б.
2) Шап=> шапқы - “бiр нәрсенi кесу үшiн жүзiн өткiр етiп жасаған темiр
аспап” (мыс. бәкiнi, кей жерде оны шапқы дейдi);
3) Шап=> шапшы - 1. “адамның, басқа заттардың бетiне, үстiне, басына
т.б. жерiне ағысы қатты судың, сұйықтықтың ытырылып қатты шашырауы;
2. ауыс. “бетiң бар, жүзiң бар” демей, адамға атылып, жаман сөз айтып, жүз
қаратпау”;
4) Шап=> шаптығу - “адамның қатты ашуланып, бiреуге тап-тап беруi”;
“зар күйiне келген бураның буырқанып-бұрқанып, iнгенге еркектiк өктемдiгiн
көрсетуi”;
5) Шап=> шабарман - “ертедегi билеушi тап өкiлдерiнiң қол астындағы
“алып кел, барып кел, шауып кел!” деп жұмсайтын төленгiттерi, қолбала ма-
лайлары”;
6) Шап=> шапқы бәкi - “жүзi сабының бiр ұшынан ашылып, айығына
қайырылып, шарт етiп жабылып тұратын пышақ, бәкi”;
7) Шап=> шабуыл - “әскердiң, әскери қолдың қарсыластарын басып алу
үшiн тым жасалатын жiтi әрекетi”;
8) Шап=> шапқыншы - “шабуылға қатысушылар, бiреудi басып алу үшiн
әрекеттенушi әскери топ, жау қолы”;
9) Шап=> шаппа шот - “ағаш ұсталарының пайдаланатын басы iшiне
қарай иiңкi етiп сапталған ер, келi, ыдыс-аяқ т.б. жасауға ыңғайлы аспап, шот-
тың бiр түрi”;
10) Шар=> шап ете түсу - 1. “бiреудiң қолынан, денесiнен тез ұстай алу”;
2. “Бiреуге шап етiп (бiр нәрсенi тез айтып, бәле-жәле жауып) жабыса кету;
11) Шап=> шап беру - “бiреудi тез ұстап алу үшiн шалт қимылдап, тез
әрекет ету”;
12) Шап=> шабыт - “бiр нәрсеге ерекше құштарлану”, “көңiл күйiнiң кө-
терiңкi болуы”;
13) Шап=> ат шабу - “атқа мiнiп, iлгерi бағытта (қарғытып, секiртiп,
жорғалатып т.б.) қатты жүгiрту”;
14) Шап=> балта шабу - “балтаны көтерiп, алдындағы затты (ағашты,
бұтаны, мұзды т.б.) екпiндете, күш сала ұрып кесу, түсу”;
15) Шап=> шалғы шабу - “шалғының сабынан ұстап, оның өткiр жүзiмен
(қияғымен) оңнан солға қарай құлаштап ұрып, шөп, бидай, қурай сияқты
өсiмдiктердi түбiнен қиып түсiру”;
16) Шап=> көңiлi шабу - “бiр нәрсеге көңiлi кету, аңсары ауу, ниет ету,
қалау”;
53
17) Шап=> айғыр шабу - “айғырдың биеге шабуы”;
18) Шап=> зәр шаптыру - “алысқа ытқыта сию”;
19) Шап=> айға шабу - (“Арыстан айға шауып мерт болыпты” деген
мәтелдегi - айға шабу) - “алыстағы айға атылу, шамасына қарамай қарғып,
секiру” т.т.
Ендi осыншама туынды мағыналардың пайда болып, қалыптасуына
ұйытқы болған *шап= етiстiгiнiң баршасына ортақ, соларға негiз болған
өз мағынасы қандай деген сауалға дұрыс жауап, толығырақ қылып айтсақ,
төмендегi ұғымға барып саяды:
Достарыңызбен бөлісу: |