Мақалалар, баяндамалар жинағы


Қазақ тіліндегі императив тұлғалы етістіктердің



Pdf көрінісі
бет4/49
Дата30.01.2017
өлшемі3,77 Mb.
#3045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

 Қазақ тіліндегі императив тұлғалы етістіктердің 

өлі түбірлері жайында

Тілдің  дамуы  дегенде  біз,  әдетте,  оның  жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркестері 

арқылы толығуын, баюын көз алдымызға келтіреміз де, бірақ сол сөздердің 

жасалуына  негіз  болып  келе  жатқан  жүздеген,  мыңдаған  көне  де  байырғы 

түбір сөздердің тағдырына көп көңіл аудармаймыз. Алайда сөз қорының негізгі 

ұйтқысы, қайнар көзі болып саналатын базистік лексиканың табиғатында бізге 

қажетті мол сыр бар, өйткені ол халықтың ұзақ тарихи дамуының бірден-бір 

куәгері,  материалдық  және  рухани  байлығының  айнасы  болып  саналады. 

Ана тіліміздің басып өткен ұзын сонар жолы мен қат-қабат

 

сыры да, түптеп 



келгенде, осы базистік лексиканың бойынан табылмақшы.

Базистік лексиканың ең бір құнарлы, түрколог ғалымдардың көптен 

бері көңіл аударып, қызыға зерттеп келе жатқан саласы түркі тілдеріне тән 

түбір сөздердің табиғаты. Түбір сөз проблемасы – түркология үшін үлкен 

проблема. Бұл проблемамен шұғылданушы ғалымдардың 

1

 күн тәртібіне 



1  Vamberi  A.  Etimologisches  Worterbuch  der  Turko-tatarischen  Sprachen.  Leipzig,  1878; 

30

қойып, шешкен мәселелеріне қарағанда

 

қойылуға және ғылыми тұрғыдан 



шешілуге тиісті мәселелер әлдеқайда көп те күрделі. Қазақ тілшілерінен 

бұл мәселені зерттеп жүргендер – М. Томанов

2

, А. Ибатов



3

, А. Қалыбаева

4

 

т. б.



Сол  мәселелердің  қатарында  біршама  зерттеліп,  бірақ  әлі  де 

зерттелуді  қажет  ететін  саланың  бірі  –  бір  буынды  түбірлер  табиғаты. 

Оның басты себебі – морфологиялық құрылымы жағынан агглютинативті 

(жалғамалы)  типке  және  негізгі  сөз  тұлғасы  жағынан  моносиллабикалы 

тілдер қатарына жататын түркі тілдері үшін түбір мәселесі – көп мәселенің 

түйінін шешуші өзекті проблема.

Аты  аталған  авторлардың  еңбектерінде  түркі  тілдері  түбірлерінің 

типологиялық  ерекшеліктері  мен  дыбыстық  құрамы,  олардың  шығу 

тарихы  мен  даму  эволюциясы,  семантикалық  табиғаты  мен  тілдегі 

қолданылу өрісі біршама зерттеліп, шешімін тауып отыр. Алайда жалпы 

түркі  тілдері  тұрғысынан  алып  қарағанда  байқала  бермейтін,  тек  жеке 

тілдердің фактілерін терең де жан-жақты талдау арқылы ғана ашылатын 

кейбір заңдылықтар мен құбылыстар әлі де баршылық. Солардың ішінен 

біз қазақ тіліндегі екі буынды, екінші дәрежелі императив етістіктердің 

құрамында  жиі  кездесетін  бір  буынды  өлі  түбірлерді  зерттеу  объектісі 

етіп алып, арнайы сөз етпекшіміз. Айта кететін жағдай, бұл мәселе қазақ 

тіл  білімінде  бұрын-соңды  зерттелген  емес.  Сондықтан  да  мәселенің 

осылайша  қойылуы  мақаладағы  біздің  пікір-тұжырымдарымыз  тіл 

мамандарын сөзге тартып, ғылыми таласқа шақыруы ықтимал.

Біздің  «императив  тұлғалы  етістік»  деп  отырғанымыз  –  қазақ 

грамматикаларында

5

  біреуге  арналып,  бұйыра  айтылған  етістіктің  іске 



Deny I. Principes de grammaire turque («Turk» de Turkquie). Paris, 1955, § 226; Brockelmann K. 

Osttürkische  Grammatik.  Leiden,  1954;  Bang  W.  Manichaeische  Hymmen  «Le  Museon.  Revue 

d'etudes – orientales». Louvain – Paris, 1925, t. 38; Gabain A. V. Alttürkische Grammatik. Leipzig, 

1941;  Батманов  И.  А.  Язык  енисейских  памятников  древнетюркской  письменности.  Фрунзе, 

1959, с. 84; Рамстедт Г. И. Введение в ал тайское языкознание. М., 1957, с. 19; Юнусалиев Б. М. 

Киргизская лексикология: Развитие корневых слов. Фрунзе, 1959, ч. 1; Севортян Э. В. Аффиксы 

словообразования в азербайджанском языке. М., 1962, с. 21–35; Зайончковский А. К вопросу 

о структуре корня в тюркских языках: Глагольные основы моносиллабические (односложные) 

типа СГ (согласный – гласный). – Вопросы языкознания, 1961, № 2, с. 28–35; Попов Г. В. Слова 

неизвестного происхождения якутского языка. – Автореф. дис... канд. филол. наук. Алма-Ата, 

1982; Нигматов X. Г. О глагольных корнях типа СГС и СГ по материалам словаря Махмуда 

Кашгарского. – Советская тюркология, 1970, № 3, с. 39–44.

Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы: Фонетика, морфология. Алматы, 1981, 

70-94-6.


Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы: (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте 

жазылған ескерткіштердің тілі негізінде). Алматы, 1983, 37-6.

Хасенова А. Етістіктің лексико-грамматикалық сипаты. Алматы, 1971, 242–274-бб.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. Алматы, 1974, 328-6.; Оралбаева Н., Мадина 



Ғ., Ә6ілқаев А. Қазақ тілі: (Практикалық курс). Алматы, 1982, 164-6.

31

қосу,  кеңес  беру,  тілек  айту,  өтіну,  жалыну,  бұйыру,  әмір  ету,  қозғау 

салу тәрізді қыруар модельдік мағына білдіретін бұйрық рай тұлғалары. 

Біздің  материалдарымыз  бойынша,  бұйрық  рай  категориясына  жататын 

екі  буынды  императив  тұлғалар  –  35.  Демек,  олар  қазақ  тілінде  35 

түрлі  императив  етістік  моделін  жасайтын  дәстүрлі  де  қалыптасқан 

грамматикалық  тәсілдер.  Біз  мақалада  бұйрық  рай  (2-жақ  жекеше  түрі) 

тұлғасымен сәйкес келетін бір буынды етістіктерді (бар-, кел-, жат-, тұр- 

т. б.) арнайы сөз етпейміз. Етістікке тән түбір мен тұлғаның тұтастығы, 

біздің  ойымызша,  тек  түркі  тілдерінің  ғана  бойынан  табылатын  қасиет. 

Бұл, әрине, өз алдына жеке тексеруді қажет ететін мәселе. Бұл мәселені 

айқынырақ ашу үшін қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген (активті, 

өте  активті  және  пассив)  императив  формалы  етістіктердің  барлығын 

дерлік есепке алдық. Олардың саны шамамен 500-ден астам. Оның ішінде 

туынды түбір етістіктер жасайтын 221 бір буынды түбір А. Хасенованың 

(Қалыбаеваның)

6

 еңбегінде көрсетілген.



Аталмыш екі буынды императив етістік модельдерін түгел келтіріп 

жатуға  мақала  көлемі  көтермейтіндіктен,  біз  олардың  кейбіреулерін 

ғана  атап  өтеміз

7

:  √-a-/-e-:  ат>ата-,  бұр->бұра-,  *бөл>бөле-,  *ұз->ұза-, 



жан>жана-; √ай/-ей-: аз>азай-, *қақ>қақай-, нық>нығай-, *тыр>тырай-, 

*тер>терей-;  √-ал/-ел-:  жоқ>жоғал-,  *жөн>жөнел-,  *жөт>жөтел-, 

*қақ>қақал-,  *ом>  омал-;  √-ар-/-ер-/-р-:  боз>бозар-,  *қап>қабар-, 

жалт>жалтар-, *қыз>қызар, *ұз>ұзар-, *ит>итер-, *көт>көтер-; √-жы-

/-жі-:  *жыл>жылжы-,  *ал>алжы-,  *жүн>жүнжі-;  √-қа-/-ке-/-ға-/-ге-: 

*шыр>шырқа-, *жыр>жырға-, *қоз>қозға-, *жөр> жөрге-, *жас>жасқа-

√-қи-/-ки-:  дөң>дөңки-,  тең>теңки-,  *кең>кеңки-,  *таң>  таңқи-;  √на-/-

не-: ау>ауна-, бу>буна-, *қай>қайна-, *тыр>тырна-, кер>керне-; -тар-/-

тер-/-дар-/-дер-:  -ау>аудар-,  *қай>қайтар-,  *ақ>ақтар-,  *той>тойтар-, 

*ұл>ұлтар-;  √-ты-/-ті-/-ды-/-ді-:  *ес>есті-,  мал>малты-,  *аң>аңды-, 

*шан>шанды~,  *тан>танты-;  √-тый-/-тій-/-дый-/-дій-:  *бат>баттый-, 

*быр>быртый-, *мон>монтый-, *шол>шолтый-, *ыз>ыздый-; √-ша-/-шe-: 

*қор> қорша-, *ек>екше-, *өл>өлше-, √-шы-/-ші-: *ар>аршы-, *қыр>қыршы-, 

*жан>жаншы,  *ап>апшы-,  *теп>тепші-,  тер>терші-,  *мал>малшы; 

-ы-/-і-:  бай>байы-,  *бек>бекі-,  жан>жаны-,  *жіп>жібі-,  *мой>мойы-, 



*оқ>оқы-,  *су>суы-;  √-ый-/-ій-:  бұлт>бұлтый-,  *құнт>құнтый-, 

*мөл>мөлій-, *құл>құлый-, *сөл>сөлій-; √-ық-/-ік-: аш>ашық-, дән>дәнік-, 

ас>асық-, *ай>айық-, *жал>жалық-, дем>демік-, жау>жауық-; √-ыл-/-л-: 

ақ>ағыл-, *ар>арыл-, ек>егіл-, жаң>жаңыл-, жай>жайыл-, *шом>шомыл-, 

Хасенова А. Етістіктің лексико-грамматикалық сипаты. Алматы, 1971, 242–274-бб.√

7 Мақалада дербестігінен айрылған өлі түбірлер шекесіне жұлдызша* – гипотативті белгі 

қойылып көрсетілді.



32

*үң>үңіл-;  √ын-/-ін-:  бу>буын-,  жақ>жағын-,  *бүл>  бүлін-,  қап>қабын-, 

*өк>кін-,  *сақ>сағын-,*ұс>ұсын-;  √-ыр-/-р-:  бақ  >бақыр-,  *ақ>ақыр-, 

*ай>айыр-,  *аң>аңыр-,  *ау>ауыр-,  біт>бітір-,  ес>есір-,  *жас>жасыр-, 

кеш>кешір-,  *кіт>кідір-,

 

*құт>құтыр-;  √ыс-/-іс-:  ат>атыс-,  ал>алыс-, 

ау>ауыс-,  *бол>болыс-,  *жар>жарыс-,  *жыл>жылыс-,  *жу>жуыс-, 

*қай>қайыс-, *қат>қатыс- т. б.

Осы келтірілген мысалдардың тілдік табиғатына пайымдап қарасақ, ең 

алдымен екі түрлі жағдай назар аудартады: біріншіден, олар өзінің тұлғалық 

ұқсастығымен,  бірыңғай  императивтік  мағынасымен  белгілі  модельдер 

төңірегінде  топтасып  тұрса,  екіншіден,  осы  модельдерді  жасаушы  35 

грамматикалык  формативтің  жүйелі  де  дәстүрлі  түрде  қолданысымен 

көзге түседі. Тарихи тұрғыдан әбден қалыптасқан, сондықтан да императив 

категория  ретіндегі  грамматикалық  статусы  дау  тудырмайтын  осы 

модельдердің өзіндік ішкі ерекшеліктері бола тұрса да, бәріне ортақ жалпы 

қасиеттері де аз емес.

Біз  зерттеп  отырған  екі  буынды  императив  етістіктердің  бәріне 

ортақ  ең  басты  ерекшеліктерінің  бірі  –  олардың  синхрониялық  және 

диахрониялық  даму  тұрғысынан  алғанда,  этимологиялық  түбір  мен 

реальды грамматикалық тұлғадан тұруы. Осы екі компоненттің өздеріне 

тән  ерекшеліктері  де  жоқ  емес.  Олар:  Императив  категориясына  енетін 

аталмыш модельдерді жасайтын барлық грамматикалық тұлғалар өзінің 

мағыналық тұрақтылығымен де, сөз жасау системасына тән жүйелілігімен 

де,  бірізділігімен  де

 

көзге  түседі.  Олар  негізінен  бір  дыбысты  (С:  √  -т-: 



*қай>қайт-,  *ай>айт-;  Г:  √-а>-е:  am>ama-,  *бөл>бөле-,  екі  дыбысты 

(ГСГ: √-ыл>-іл: ақ>ағыл-, *ар>арыл-, √-ын-/-ін-: бу>буын-, жақ>жағын; 

СГ: √-на-/-не-: ау>ауна-, бу>буна-), үш дыбысты (СГС: *қай>қайтар-), бір 

буынды жұрнақтар; ал атқаратын қызметі жағынан олар бір функционалды 

және  қос  функционалды  (яғни  етістік  түбір  мен  есім  түбірге  бірдей 

жалғанатын форма) болып жіктеледі.

Императив  етістік  құрамынан  жоғарыдағы  грамматикалық 

тұлғаларды формальды түрде болса да бөліп алып қарағанда, сөз жасауға 

негіз болып тұрған тұлғалық, мағыналық жағынан әр түрлі морфемалар 

мен  этимологиялық  түбірлер  айқындалып,  даралана  түседі.  Олар:  а) 

дыбысталуы  жағынан  екі  фонема  (ГС:  *ар>аршы-,  өр>өрші-,  *үй>үйке-, 

*сүй>сүйке-,  аз>азай-,  *ом>омал-),  үш  фонема  (СГС:  *тол>толға-, 

тер>терге-,  *қай>қайра-,  шай>шайқа-)  және  төрт  фонемадан  (СГСС: 

бұлт>бұлтый-, қылт>қылтый-, *жылт>жылтый-) тұратын бір буынды 

түбір болып келеді; ә) сөз жacaу жиілігі бірдей болмаса да, бірақ барлық 

сөз  табына  қатысты,  әсірece  есім  мен  естістік  түбірлер  болып  келеді;  б) 

қолданысына  және  мағынасына  байланысты  олар  дербес,  семантикасы 

айқын  және  дербестігінен  айрылған,  қолданылу  аясы  шектелген, 


33

күңгірттенген  тірі  түбір  және  өлі  түбір  болып  екі  топқа  жіктелінеді; 

в)  кейде  олар  синкретикалық  түбір  ретінде  бірден  екі,  не  одан  да  кеп 

императив модель жасауға қатысады (ық>ықта- есім мағынасында да, 



ық>ыгыс-  етістік  мағынасында);  г)  бір  модельдің  шеңберінде  етістік 

түбір де, есім түбір де кездесе береді (*ит->итер-, боз>бозар-); 

г

) кейбір 



түбірлер  бір-ақ  императив  етістік  түбірінде  кездессе,  кейбіреулері 

бірнеше  модель  жасауға  қатысады  (*қай>қайт-,  қайыр-,  қайтар-, 



қайқай-, қайыс-, қаймық-); д) императив модельдер құрамында кейде бір 

түбірдің  екі,  не  одан  да  көп  фонетикалық-этимологиялық  варианттары 

гомогендік  қатыстығы  байқалмай  тұра  беруі  мүмкін  (*жы>жыла-

//*сық>сықта-, бұлар тек қос сөз құрамында қолданылады; ау->аудар-

//*ақ>ақтар-; сау>сауық- //*сақ>сақтай-; сөз>*сөй//*сап>сапта-; ● сөз 

саптау фразеологизмінде т. б.).

Мақаланың негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі осы тәрізді екі бу ынды 

императив етістіктердің құрамындағы өмір сүріп келе жатқан сан алуан 

өлі түбірлердің өзіндік табиғатын сөз ету.

Мәселенің  қойылуы  да,  нәтижелі  болуы  да  осы  орайда  көбіне-

көп  тілдік  фактілерді  талдаудың,  анықтаудың  және  тұжырымдаудың 

методикалық  әдіс-айласына,  тәсіліне  тікелей  байланысты.  Императив 

етістік  құрамындағы  өлі  түбірлерді  зерттеуде  де  дәстүрлі  тарихи-

салыстырма  әдісінің  ролі  өзгеше.  Сонымен  қатар  сөз  кұрамын  морфема 

жігіне  қарай  айыруға,  түбір  мен  тұлға  аралығын  ашуға  байланысты 

морфемалық  талдау  әдісі  (метод  поморфемного  анализа)  мен  сөздің  ең 

бастапқы, ең түпкі түбірін қат-қабат жалғамалы элементтерден біртіндеп 

аршу арқылы анықтау (метод исключения) тәсілін қолданудың да мәнісі 

зор. Мұндай зерттеуге статистиканың да қолғабысы қажет деп білеміз.

Осы  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  қазақ  тілі  фактілерін  саралап 

қарастырғанда,  ең  алдымен  екі  жағдайды  толық  мойындауға  тура  келеді: 

біріншіден, екі буынды императив етістіктер – бұйрық райдың басқа да түрлері 

сияқты, жүйелі де дәстүрлі модельдер арқылы жасалған ұзақ дәуірдің жемісі; 

екіншіден, бұл етістіктердің құрамындағы сан алуан өлі түбірлер – фикция 

емес, тілдің реальді фактісі; олар – әрбір тілдің өзіне ғана тән заңдылықтары 

бойынша пайда болған, оның ішкі де сыртқы факторлары әсерінен әр кезде, 

даму  жолының  әр  түрлі  сатысында,  әр  қилы  себептермен  «еркіндігінен» 

айырылып, белгілі бір тұлға (модель) шеңберімен шектелген, сондықтан да 

мағынасы ұмыт болған бір замандағы дербес түбірлер.

Осы  екі  жағдайды  мойындағанда  ғана  түркі  тілдерінің,  оның 

ішінде  қазақ  тілінің  базистік  лексикасы  құрамында  көптеп  кездесетін 

өлі  түбірлердің,  яғни  дыбыстық  тұлғасы  ғана  сақталып,  мағынасы 

күңгірттенген  лексика-грамматикалық  элементтердің  табиғатын  тануға, 

сырын  ашуға  мүмкіндік  аламыз.  Өлі  түбірлер  бір  замандағы  дербес 


34

сөздердің  сұлбасы,  дыбыстық  бейнесі  іспетті,  әсіресе  императив  етістік 

құрамында  көбірек  кездесуінде  бір  мән  бар  сияқты.  Біздің  ойымызша, 

түбір мен тұлға бірлігінен, тұтастығынан тұратын императив етістіктер 

басқа  сөз  таптарына  қарағанда  өзінің

 

көнелігімен  және  түбір  сөздерді 



модель шеңберімен тұйықтауға, консервациялауға бейім екендігі ерекше 

көзге түседі.

Енді өлі түбірлерді қалай білуге, олардың бір замандағы дербестігін 

қалай дәлелдеуге болады деген заңды сұраққа жауап керек. Осы орайда 

зерттеушіге көмекке келетін тарихи-салыстырма әдіс, ең алдымен, әрбір 

тілдің  өзіндік  ішкі  фактілерін  тәптіштеп  тексере  келіп,  оларды  туыстас 

тілдердің  және  жазба  ескерткіштерінің  материалдарымен  салғастырып 

саралай  түсуді  талап  етеді.  Осылай  зерттеудің  нәтижесінде  біз  өлі  түбір 

деп  санайтын  элементтің  прототипі  көп  жағдайда  туыстас  тілдерде,  тіпті 

ана тіліміздің өзінде дербес лексема ретінде өмір сүре беретіндігін аңғарамыз. 

Тіл диалектикасы бойынша тірі түбірлердің өлі түбірге айналуы бар да, өлі 

түбірлердің «тірілуі» байқалмайды. Солай бола тұрса да, санда бар да, санатта 

жоқ,  тілде  бар  да,  тіл  иесіне  беймәлім,  сөз  жүйесінде  кездессе  де,  дербес 

қолданылмайтын  элементтерді  өткен  дәуірлердегі  тұлғалық,  семантикалық 

қалпына келтіруді (реконструкция) шартты түрде «өлі түбірлерді тірілту» деп 

атап отырмыз.

Енді осы айтқандарымызды тіл фактілерімен дәлелдеп көрейік.

Императив  етістік  құрамындағы  түбір  сөздерді  қалай  анықтауымыз 

керек? Ол үшін біз кез келген модельді алып, сол арқылы жасалған екі буынды 

императив етістік құрамынан өзара ұқсас, тектес, әрі мағыналас грамматикалық 

форманттарды  түбір  мен  тұлға  жалғасқан  жігінен  формальді  түрде  болса 

да  бөліп  алуымыз  керек.  Мәселен,  √-ыр-/-ір-:  моделі  бойынша  жасалған 



айыр-,  ауыр-,  есір-,  жасыр-,  кідір-,  құтыр-,  асыр-,  қашыр-,  бітір-,  кешір 

деген  екі  бу ынды  императив  етістіктердің  құрамынан  осы  грамматикалық 

форманттың  өзін  бөліп  алып  қарасақ,  ас-,  қаш-,  біт-,  кеш-  деген  дербес 

түбірлермен бір қатарда *ай-, *ау-, *ес-, *жас-, *кід-, *құт- түбірлерінің де 

сөз тудыруға қатысып отырғанын көреміз. Айырмашылығы – бірінші топтағы 

түбірлер жеке-дара қолданылады да. екінші топтағылар ондай дербестігінен 

айрылған, мағынасы біз үшін бүгінде түсініксіз элементтер. Бұдан шығатын 

бірінші қорытынды: бір модель бойынша жасалатын императив етістіктердің 

құрамында дербес түбірлермен қатар өлі түбірлер де өмір сүреді екен. Бұл факт 

өз ретінде өлі түбірлердің де бір кезде дербес сөз болғандыгынан дерек береді. 

Өйткені тіл диалектикасына сүйенсек, тілде оның кәдесіне жарамайтын бірде-

бір түбір, тұлға пайда болмаса керек. Ал егер ондай мағынасыз да мәнсіз дыбыс 

тіркестері кездейсоқ дүниеге келе қалған жағдайда, олардың тілде өмір сүруіне 

орын жоқ. Бұл – тіл біткеннің бәріне тән қатаң заң.



35

Өлі  түбірлер  санатына  жататын  лексемалардың  бір  заманда  дербес 

болғандығын қалай дәлелдеуге болады? Ол үшін біз сол түбірлермен тектес, 

тұлғалас  және  мағыналас  элементтерді  ең  алдымен  өз  тілімізден,  одан 

табылмаған  жерде  көне  жазба  ескерткіштер  тілінен  немесе  туыстас  түркі 

тілдері  мен  оның  диалектілерінен  іздестіруіміз  керек.  Тарихи-салыстырма 

әдістің тамаша нәтиже беретін кезеңі де осы орайда.

Мысал келтірейік. Екі буынды императив етістік жасайтын модельдердің 

бірі  –  √-а-/-е-.  Ол  бойынша  жан>жана-,  жұт>жұта-,  ас>аса-,  ат>ата- 

тәрізді  түбірлік  морфемалары  (жан  «бок,  сторо на»  мағынасында;  жұт  – 

«бедствие»; ас – «пища, еда»; am – «имя, название») жеке-дара қолданылатын 

етістіктер де, сондай-ақ түбірі дербестігіне айрылған *ай>айа-, *без>безе-, 



*бөк>бөгде-,  *бұл>бұла-,  *бөл>бөле-,  *біт>біте-,  *ел>еле-,  *жас>жаса-, 

*жүт>жүде, *күр>күре-, *құл>құла-, сып>сыба-, *үл>үле- тәрізді қырыққа 

жуық туынды түбірлер жасалады екен.

Осы  келтірілген  мысалдардан  бөге-  («алдын  бекіту,  тосқауыл  қою» 

мағынасында)  императив  етістігін  талдап  көрейік.  Бұл  сөздің  түбірі  бөк- 

Махмұд Қашқари заманында жеке-дара айтылып жүрген сөз. Мәселен, бөк-, 

«запруживать», «перекрывать»: ol suvuy bördi- «он запрудил воду» (MK, II, 

19). Дәл осы сияқты √-ай-/-ей: моделі бойынша жасалған етістіктерден (мыс.: 

*қоқ>қоқай-, *сор>сорай-, *тыр>тырай-, *шош>шошай-, қоң>қоңай-, *сақ> 

>сақай-,  қат>қатай-  т.  б.),  мәселен,  *сақ<сақай-  түбірін  алып  қарайық. 

Пайымдап қарасақ, бұл түбір қазақ тілінің өзінде қолданылатын сау- дербес 

сөздің  фонетикалық  варианты.  Қыпшақ  тілдеріне  тән  [у]  мен  оғыз  қарлуқ 

тілдеріне тән [ғк] сөз аяғында келетін дыбыстардың сәйкестігі негізінде пайда 

болған сағ//сақ// сау варианттарының біреуі (сау>сауық-, сауығу, саушылык, 

т. б.) Қазақ тілі үшін дербес те, екіншісі (*сақ>сақай-) өлі түбірге айналып, 

дербестігін жоғалтып отыр.

Қазақ тілінде итер-, алда- тәрізді етістіктер – түбір мен тұлға болып 

жіктелмейтін біртұтас сөздер. Бұларды императив жүйесімен қарастырсақ, 

біріншісі √-ар-/-ер- (*без>безер-, боз>бозар-, *қот>қотар-, *қыз>қызар-, 



жас>жасар-,  *ұз>ұзар-  т.  б.),  екіншісі  өте  продуктивті  √-та-/-те-/-да 

-/-де-/-ла -/-ле- моделі арқылы жасалған туынды түбір екені даусыз. Ал 

*ит- пен *ал – қазақ тілі үшін өлі түбірлер болганымен, *ит- түбірі хакас 

тілінде іт- «толкать», «пихать», «проталкивать» түрінде, якут тілінде үт- 

[üt] «толкать, пихать, совать» түрінде бүгінгі таңда дербес қолданылатын 

түбірлер.

Сол  хакас  тілінде  іт-  түбірінен  пайда  болған  іттір-  (заставить 

толкнуть, оттолкнуть) сөзі екінші дәрежелі императив болып санала ды. 



*Ит- түбірінің бір заманғы дербес сөз екендігіне көзіміз жеткеннен кейін, 

біз қазақ тілінің өзіндегі итін-, итіңде-, итпе (бұйда жібіне іліп алып, асау 



36

түйені  алға  қарай  жүргізіп  үйрету  үшін  салған  ұшы  екі  аша  сырықша) 

деген  сөздерді  түбірлес  сөздер  деп  тануға  құқылымыз.  Бір  қызығы: 

ит-  түбірі  XI  ғасырдағы  Махмұд  Қашғари  «Диванында»  жеке-дара 

қолданылып (olanї itti «он его толкал») (МК, I, 171), одан итін-, итіл- тәрізді 

етіс формалары жасалып тұрса (ДТС, 215), одан әлдеқайда көне Тұрфан 

өлкесінен табылған манихей мазмұнды ұйғыр ескерткіштері тілінде it- 

негізінде пайда болған itär – формасы қолданылған: jema mujaγq siγunuy 

itärür ermiš «и он толкнул... марала» (ДТС, 215). Осыған қарап, ит- және 

итер- императив етістіктерінің бірінен бірі дамуын сонау ерте заманның 

өзінде-ақ басталған тарихи құбылыс екенін байқауға болады. 

Жоғарыда  айтылған  алда-  императив  етістігінің  тағдыры  да  осы 

тәрізді. Мұнда да қазақ тілі үшін мағынасы күңгірттенген *ал түбірі көне 

түркі тілдері (аl «уловка, хитрость»: aiin arslan tutar кüčüп ajuq tutmas 

«хитростью можно льва поймать, а силой не поймать и пугала на огороде») 

(МК,  5313)  мен  қазіргі  түрік  тілінде  (al  «хитро сть,  надувательство») 

жеке-дара  қолданылатын  түбір  сез  екен.  Осылайша  анықталған  ал 

сөзінің  мағынасы  мен  дербестігі  ендігі  жерде  өз  тіліміздегі  сиректеу 

қолданылатын «шын сөзің бе, ал сөзің бе? деген тіркестің құрамындағы 



«алдың» табиғатын түсінуге (яғни: «шын сөзің бе, жалған сөзің бе?» деп 

ұғынуға) тікелей септігін тигізіп тұр.

Пікірімізді  дәлелдей  түсу  үшін  тағы  да  бірнеше  мысал  келтірейік. 

Қазақ  тіліндегі  императив  модельдер  ішінде  өзінің  көнелігімен  көзге 

түсетін √-т- моделі бойынша да көптеген екі буынды етістік жасалған. 

Басқа  модельдерге  қарағанда,  мұны  көне  деуге  себеп  –  оның  етістік 

жасауға негіз болған түбірлердін көпшілігін консервациялап, өлі түбірге 

айналдырып жіберуінде. Мысалы: *ай->айт-, *ар->арт~, *бөр->бөрт-, 



*жор>жорт-, *қай- >қайт-, *кер->керт- т. б. Осындағы түбірлердің бәрі 

де қазақ тілі үшін өлі элементке айналган және барлық грамматикаларда 

солай  деп  есептелінеді.  Бірақ  жоғарыда  келтірілген  мысалдар  сияқты, 

бұлардың өлі түбірге айналуы тек қазақ тілінің ғана, немесе сол сияқты 

кейбір  түркі  тілдерінің  ғана  басындағы  жағдай  болуы  ықтимал.  Олай 

дейтін  себебіміз:  осы  түбірлердің  көпшілігі-ақ,  атап  айтқанда,  *ай-, 



*жор-, *қай-, *кер- т. б. жазба ескерткіштері мен түркі тілдерінде жеке-

дара қолданылып келе жатқандығы дәлелденген және әлі де дәлелдене 

беретін фактілер.

Солардың  бір-екеуін  ғана  қарастырып  көрейік.  Мәселен,  қазақ 

тілшілерінің  бөлшектеуге  келмейтін,  біртұтас  түбір  деп  жүрген  айт- 

сөзі  жоғарыдағы  модель  бойынша  синхрониялық  тұрғыдан  *ай-  және 



-т- тұлғасынан тұратын туынды түбір екендігі түркологтар тарапынан 

әлдеқашан  дәлелденген  факт.  Біз  оған  тек  мысал  келтіреміз.  Ол  түбір 



37

XI ғасырдың белгілі ескерткіші «Құтадғу білігте» «говорить, называть; 

разъяснять,  толковать»  мағынасында  жиі  қолданылғаны  мәлім:  «нені 

айтса» деген тіркес ескерткіш тілінде negü ajsa- түрінде берілген.

Дәл  осы  сияқты  *қай-  түбірі  де  Махмұд  Қашғари  заманында  дербес 

сөз  болған:  qaj-  «поварачиваться,  оборачиваться»;  мәселен,  kerü  qajdї  «он 

обернулся назад» деген тіркестің біз үшін қазір заңды түрі тек – «кері қайтты». 

Осы қатардағы мысалдарға √-жы-/-жі- моделі арқылы жасалған етістіктерден 

(*ал>алжы-,  *жүн>жүнжі-,  *мы>мыжы-  т.б.)  *жыл>жылжы-  етістігі 

жатады.  Бұл  түбір,  байқап  қарасақ,  бірнеше  сөздің  құрамында  (жылыс-, 



жылпос-,  жылмай  ағу  т.  б.)  кездеседі  екен.  Оның  «қозғалу,  орын  өзгерту, 

ақырын қимылдау» сияқты жалпы мағынасы сезіліп тұрса да, біз оны жеке 

айта алмаймыз. Өйткені ол біз үшін ұмыт болған түбір. Бірақ кейбір түркі 

тілдерінде бұл түбір сақталған. Мәселен, қазіргі хакас тілінде чыл- (мағынасы 

«двигаться, ползать», «скользить, кататься на коньках») түрінде, якут тілінде 

сыыл- (ползать) түрінде жеке-дара қолданылып жүрген сөздер. Мәселен, бөк-

, «запруживать», «перекрывать»: ol suvuy bördi- «он запрудил воду» (MK, II, 

19). Дәл осы сияқты √-ай-/-ей: моделі бойынша жасалған етістіктерден (мыс.: 



*қоқ>қоқай-, *сор>сорай-, *тыр>тырай-, *шош>шошай-, қоң>қоңай-, *сақ> 

>сақай-,  қат>қатай-  т.  б.),  мәселен,  *сақ<сақай-  түбірін  алып  қарайық. 

Пайымдап қарасақ, бұл түбір қазақ тілінің өзінде қолданылатын сау- дербес 

сөздің  фонетикалық  варианты.  Қыпшақ  тілдеріне  тән  [у]  мен  оғыз  қарлуқ 

тілдеріне тән [ғк] сөз аяғында келетін дыбыстардың сәйкестігі негізінде пайда 

болған  сағ//сақ//  сау  варианттарының  біреуі  (сау>сауық-,  сауығу,  саушылык, 

т. б.) Қазақ тілі үшін дербес те, екіншісі (*сақ>сақай-) өлі түбірге айналып, 

дербестігін жоғалтып отыр.

Қазақ  тілінде  итер-,  алда-  тәрізді  етістіктер  –  түбір  мен  тұлға  болып 

жіктелмейтін  біртұтас  сөздер.  Бұларды  императив  жүйесімен  қарастырсақ, 

біріншісі  √-ар-/-ер-  (*без>безер-,  боз>бозар-,  *қот>қотар-,  *қыз>қызар-, 



жас>жасар-, *ұз>ұзар- т. б.), екіншісі өте продуктивті √-та-/-те-/-да -/-де-/-ла 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет