Диссертацияларыныњ негізгі ѓылыми нєтижелерін жариялауѓа арналѓан басылымдар тізіліміне енгізілген Ќр бѓм бѓсбк 19. 03. 2009 ж



Pdf көрінісі
бет2/25
Дата31.01.2017
өлшемі8,75 Mb.
#3099
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

10
қоғам  өмірінің  басқа  да  салаларына  белсене 
қатысып,  біріктіруші,  бағыт  беруші  және  жа-
сампаз ретінде қызмет етті. Олардың салмақты 
пікірлерімен,  шешімдерімен  тіпті  хандар  мен 
сұлтандар  да  санасты.  Билердің  көшпенді 
ұжымдардың басында да тұрып, жетекшілік жа-
сауы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде билер 
соты  аса  құрметті,  беделді  және  тәуелсіз  орган 
болған.
Өзінің  көнелілігі  мен  ескілігіне  қарамастан, 
қазақ  халқының  әдет-ғұрып  құқығы  бұқара 
халық  өкілдерінің  де,  билердің  де  құқықтарын 
жақсы  қорғаған.  Биді  сөзбен  жәбірлеу,  билер 
сотында  дауды  шешу  процесі  кезінде  билерге 
қарсы  сөз  айту,  оларға  зақым  келтіру  және  т.б. 
адат  бойынша  қатаң  жазаланды.  Әдет  құқығы 
сондай-ақ билердің мүліктік, жеке және отбасы 
мүдделерін де толыққанды қорғады.
Билердің  қоғамдық  жағдайының  тағы  бір 
ерекшелігін  де  еске  сала  кеткен  жөн.  Олар 
сұлтандар  сияқты  белгілі  бір  кезеңде  қазақ  ру-
ларынан шет болған жоқ. Олар қауым қорынан 
шықты,  олардың  мүшелері  болып,  сұлтандарға 
қарағанда халыққа жақын тұрды. Әрбір ру тай-
пасында ұжымның ішкі және сыртқы істерінен 
хабардар бір не бірнеше билер болды.
Өз  заманында  үстемдік  құрған  идеология 
барлық ру мүшелері мүдделерінің біртұтастығын, 
билер  мен  қатардағы  көшпенділер  арасындағы 
айырмашылықты  көрсетті.  Билерге  қатысты 
құндылықтар халық қолдаушысы-судья ретінде әлі 
толығымен жоғалған жоқ, ол халықтың құқықтық 
санасында сақталды. Дауларды шешудегі дәстүрлі 
жолдардың  қалыптасуына  билер  сотының 
ықпалы  өте  жоғары  болғандығын  білеміз.  Дау-
ларды  қазақ  құкығының  атақты  білгірлерінің 
арасынан  мүдделі  тараптар  таңдап  алған  билер 
шешті.  Қазақ  халқының  тарихында  әділдігімен, 
тапқырлығымен  атағы  жайылған  көптеген 
билердің  есімдері  белгілі.  Төле  би  Әлібекұлы, 
Қазыбек  би  Келдібекұлы,  Әйтеке  би  Байбекұлы 
-  міне  осылар  үздік  билер  болды.  Олардың 
жігерлерімен,  білімдерімен  және  данагөйлігімен 
«Жеті  жарғы»  дағдылы  құқық  нормаларының 
жинағы  жасалды.  Бұл  қазақ  қоғамы  мен  жалпы 
қазақ мемлекеттілігінің құрылысын сала бастаған 
кірпішке айналды [2, 3 б.].
Негізінен,  әдеттік  сот  мекемесі  ретінде  би-
лер соты қазақ этносының әдеттік құқықтардың 
қалыптасуы мен қызмет етуінде негізгі рөлге ие 
болады.  Билер  соты  тек  соттық-процессуалдық 
құқықтың  орталық  институты  болған  жоқ,  ол, 
сондай-ақ,  қазақтардың  әдеттік  құқықтары  мен 
тұтастай әдеттік құқықтық жүйенің үйлестірумен 
айналысатын  институт  болды.  Сөз  жоқ,  билер 
соты ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамының қоғамдық-
саяси өмірінің, соның ішінде құқықтық өмірінің 
маңызды «белсенді орталығы» болды.
Дауларды  шешудегі  билер  сотына  сипатта-
ма  беруде  мұның  маңызы  зор  болғандықтан, 
бидің  тұлғасына  толығырақ  тоқталсақ.  Бізге 
жақсы мәлім, қазақтардың «би» түсінігі түріктің 
«бек» (бек, бей) сөзінен бастау алады. Би – түрік 
қауымдастықтарындағы  құдіретті,  білімдар, 
бақуатты  жанның  дәстүрлі  титулы.  Қазақ 
қоғамында «би» титулы мұрагерлік жолмен ғана 
берілмеген,  ол  еңбек  сіңіріп  алатын  құрметті 
атақ  болған.  Билер  тағайындалмаған  және 
сайланбаған.  Дәлірек  айтқанда,  XIX  ғасырда 
отаршыл орыс әкімшілігі араласқанға дейін со-
лай болған. Ізденушіні (үміткерді) кейде билер, 
ақсақалдар немесе басқа да өмірде көргені мен 
білгені  мол  қариялар  анықтаған.  Дұрысы,  олар 
үміткерге  сәл-пәл  демеу  жасап  берген,  ал  «би» 
деген құрметті атақ тек халықтың үміткерді мой-
ындауынан кейін берілген. Үміткерге қойылатын 
негізгі талаптар болды: әдет-ғұрып құқығы нор-
маларын  үтір-нүктесіне  дейін  білу,  шешендік 
өнерді меңгеру және әділ болу [3, 52 б.].
Қазақ   халқының саяси-құқықтық тарихын-
да  билер    институтының  дауларды  шешудегі 
алар  орны  мен  үлес  салмағы  айрықша.  Себебі, 
мемлекеттің  саяси  және  әлеуметтік  қалпын  тек 
қана  әдет-ғұрыптық  құқық  емес,  сол  сияқты 
рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде де ұштастыра 
әрі теңдестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-
бір  құрылым  ретінде  дәстүрлі  билер  институты 
орасан зор рөл атқарды. Ол мемлекеттік басқару 
жүйесімен  тығыз  астасып  жатыр,  сондықтан 
халық  пен  билеуші  топтардың  белгілі  бір 
әлеуметтік-саяси құндылықтар төңірегінде топта-
суына тікелей ықпал еткені анық.
Қазіргі  күні  «би»  сөзінің  этимологиясы 
жайлы  бірнеше  ғылыми  пікірлер  қалыптасқа 
н.  Бұл  мәселеге  алғаш  көңіл  аударған  Г.  Вам-
бери,  В.  Радлов  тәрізді  ғалымдар  «би»  сөзінің 
төркінін көне түркі тілінің билікті, жоғарылықты 
білдіретін мағынасынан іздесе, мұны зерттеуші 
Құрбанғали Халид «би-бектен», «бек-бүнектен», 
-  деп  көрсетеді.  Қарастырылып  өткен  ғылыми 
болжамдардың айналып келгенде, бір ғана пікір 
төңірегінде  тоқайласып  жатқанын  аңғару  қиын 
емес.  «Би»  сөзі  ежелгі  түркінің  «бек»  сөзінен 
бас  алады  да,  негізінен  «басқару»,  «билеу», 
«билік ету» ұғымдарын білдіреді. Олай болса би 
терминінің  пайда  болу  уақыты  да  ежелгі  түркі 

11
Теория и история государства и права
заманына  тірелетіні  даусыз.  Көшпелі  тұрмыс-
тіршілік үрдісіне сүйенген қоғам жағдайындағы 
билер  институты  дегеніміздің  өзі,  ең  алды-
мен,  мұрагерлік  заңына  негізделген  дәстүрлі 
аристократиялық  билік-хандық  институтына 
қарағанда халықтың қайнаған ортасының өзі та-
рихи қалыптастырып шығарған демократиялық 
билік тұтқасы. ХVІІІ ғасырға дейін билер инсти-
туты бірнеше сатыдан өтті:
1.  Сонау  түркілер  заманынан  ХІІ  ғасырға 
дейін.  Қазіргі  Қазақстан  территориясында 
қалыптасқан  көшпелі  қоғамдардың  алғашқы 
кезеңіндегі  ақсақалдар  кеңесі,  ру-тайпалық 
құрылымның  өзін-өзі  басқару  тәрізді  қоғамдық 
тетігі  ретінде  бек,  би  институттарының  пайда 
болуының негізгі алғы шарты болып табылады.
2. ХІІ-ХІV ғасырды қамтиды. Бұл кезеңде би-
лер институты одан әрі етек жая бастады, бірақ 
мұнда билер институтының ара-жігі әлеуметтік 
өмірдің жоғарғы сатысындағы басқару жүйесінен 
ажырамаған.
3.  ХV-ХVІ  ғасырлар.  Бұл  аралықта  қазақ 
хандығының негізі қаланып, билер институтының 
түпкілікті қалыптасып болуы жүрді. Сондықтан 
ноғай ордасының саяси құрылысында билердің 
ең  жоғарғы  мемлекеттік  лауазым  болғандығын 
айтуға  болады.  Алайда  бұл  дәуірде  билер  ин-
ституты хандық институтынан әлі нақты бөліне 
қоймағанды,  сондықтан  да  сөз  болып  отырған 
кезеңде билер институты «батыр», «жырау» ин-
ституттарымен тығыз астасып жатыр.
4. ХVІ-ХІХ ғасырлар. Әсіресе ХVІІ ғасырдың 
екінші жартысынан ХVІІІ ғасырдың алғашқы он 
жылдығында  билер  институты  шырқау  шегіне 
жетті.  Бұл  тұстағы  билер  институтының  та-
рихи  функциясы  –  бір  жағынан  ру-тайпалық 
қарым-қатынастарды,  дауларды  реттеп  от-
ырушы  әлеуметтік  тетік,  екінші  жағынан, 
аристократиялық  хан  билігін  теңдестіріп-тежеп 
отырушы саяси тетік.
Қазақ мемлекеттігі тарихында билердің орны 
әр дәуірдің тарихи оқиғасымен мәні арта түсіп, 
ірі тұлғаларға айналғаны анық.
Билер  -  Ата  би,  төбе  би,  қатар  би,  жеке  би, 
төтен би, бала би болып бөлінген. Ата би – бұрын 
билік  құрған,  талай  елдік  істер  мен  даулардың 
тағдырын шешіп, елге танылған, енді қартайып, 
билік  ісін  ізінен  ерген  кіші  билерге  тапсырған 
адам.  Ол  биліктен  қарттығына  байланысты 
қалғанымен, кейінгі билер қауымы оны ақылшы, 
кеңесші  ретінде  мойындап,  батасын  алып 
отырған. Төбе би – елдік немесе өңірлік (регион) 
аумақта  сайланып  қойылатын  қаламыш  билер. 
Тарихымыздағы Төле, Қазыбек, Әйтеке билер өз 
өңірінде  (жүздерінде)  төбе  билер  болған.  Төбе 
билерді сайлайтын халық емес, билер жиынында 
сайлаған. Оларды қалаулы, қаламыш билер деп те 
атаған. Қатар билерге-қазақ билері құрамындағы 
Төбе биден (Төле би) басқалары, яғни бір-бірінен 
артықшылығы  жоқ,  тең  құқылы  билер  жатқан. 
Олар - Қазыбек пен Әйтеке билер. Сол сияқты 
әр  жүз  билері  құрамында  да  төбе  және  қатар 
билер болған. Жеке би - әрбір ауыл, кіші рулық 
бөліністе билер құрамы болмаған, олардағы би 
-  біреу  (жеке)  болған.  Жеке  билер  сайланбаған 
немесе қаламыш би деп те аталынбаған. Төтен 
би - екі ел арасындағы кейбір даулы мәселелерді 
шешіп келуге ел арасындағы билерден таңдама 
билер  тобын  құрып,  өкілетті  етіп  жіберілетін 
билер  (төтенше  би  деп  те  атаған).  Бұл  билер 
сайланбаған,  олар  елдің  беделді  адамдарынан 
құрылған [4, 140-141 б.].
Дауларды шешудің дәстүрлі жолдарын зерттеу 
барысында  әдет-ғұрып  түсінігіне  тоқталу  артық 
болмайды.  Әдет-ғұрып  қауымдағы  адамдардың 
қарым-қатынасын  реттейтін,  дағдыға  айналып, 
географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға 
байланысты  қалыптасқан,  жазылмаған  мінез-
құлық  қағидасы.  Әдет-ғұрып  құқығы  қазақ 
қоғамындағы құқықтың, құқықтық жүйенің жал-
пы жиынтығы болып табылады [5, 449 б.].
Әдет-ғұрып  заңдары  Азияны  мекенде-
ген  ғұн,  үйсіндерде  б.з.д.  ІІІ  ғасырларда,  ал 
қаңлы,  түркілерде  V-VІ  ғасырлардан  бастап 
пайда  болғандығы  туралы  деректер  бар.  Онда 
мұрагерлік,  меншік,  қылмыстық  мазмұндар 
қамтылған.  Ол  жетіле  келе,  мемлекетті 
басқару  ісінде    қажетке  айналған.  Міне  осы 
көшпенділердің  әдет-ғұрып  заңдары  негізінде 
қазақ  дәстүрлік  заңдары  қалыптасты.  Ол 
ғасырлар бойы қалыптасқан, жетілдірілген ауыз-
ша  жинақ  болды.  Бұл  заңдар  қазақ  қоғамының 
экономикалық,  мәдени  көшпелі  тірлігіне 
сәйкес  келді.  Сондай-ақ  қоғамдық-құқықтық 
қатынастарды реттеу үшін қазақтың әдет-ғұрып 
құқығы хан, сұлтан, би және басқа ру өкілдерімен 
бекітілді және қадағаланып отырды.
Ғалымдар арасында «әдет» терминінің шығуы 
туралы  біртекті  пікірлер  жоқ.  «Әдет»  -  «әдет-
ғұрып»  деген  араб  сөзінен  шыққан,  мағынасы 
дағды,  әдет.  Әрине  қандай  бір  іс  болмасын, 
әуелі  дағдыға,  әдетке  айналып,  кейін  белгілі 
мерзім  өткенде  көпшілік  қолданатын  заңға  ай-
налып, оны бұзу ерсі қылық, қылмыс саналған. 
Әр халықтың өзіне жарасатын әдет-ғұрып, салт-
санасы мен дәстүрлері бар. 

№ 1 (25) 2012 г. Вестник Института законодательства Республики Казахстан
12
Қазақтың  әдет-ғұрып  құқығының  негізгі 
белгілері ретінде төмендегілерді атап өту керек:
1.  Патриархалдық  туыстық  ереже,  яғни 
туыстардың бір-біріне өзара көмегі.
2.  Ескіден  келе  жатқан  көптеген  ережелер 
мен  институттар,  яғни  қағидасы  қанға-қан  алу, 
әмеңгерлік т.б.
3.  Қылмыстық  іс  пен  азаматтық  құқық 
бұзушылықтың арасын айырып көрсетпеуі.
4.  Саяси  қылмыс  институты  түсінігінде 
қалыптасты,  яғни  Отанды  сату,  майдан  шебінен 
қашу және әскер басшылығына бағынбау [3, 52 б.].
Қазақ халқының, оның мемлекеттілігiнiң сан 
ғасырлар  бойы  құрылу,  қалыптасу  және  өрлеу 
кезеңiнде  ұрпақтан-ұрпаққа  берiлiп,  осы  кезге 
дейiн  ел  есiнде  қалған  заң  баптарын  келтiруге 
болады,  олар  дауларды  шешу  барысында  би-
лер  ұстанатын,  басшылыққа  алатын  нормалар 
жиынтығы ретінде де қарастырылады. 
Сонымен,  қарастырылып  отырған  кезеңдегi 
қазақ  мемлекетi  құқығының  пайда  болуы, 
қалыптасуы және даму эволюциясы халқымыздың 
сол 
дәуiрдегi 
шаруашылық-экономикалық, 
рухани-мәдени 
өмiрiнiң 
ерекшелiктерiмен, 
деңгейiмен  тығыз  байланысты  болды.  Қазақ 
қоғамының экономикалық негiзi (базисi) дәстүр, 
салт,  әдеп,  әдет-ғұрыпқа  негiзделiп,  соған 
сәйкестендiрiлiп,  ұзақ  уақыт  бойы  тайпалық-
рулық  қатынастардың  өзiндiк  ерекшелiктерi, 
қағидалары сақталғандықтан, сол саяси жүйенiң 
қондырмасын бейнелейтiн құқықтық көзқарастар 
мен тиiстi құқықтық мекемелер қалыптасты.
Бастапқы кезеңде ұзақ уақыт бойы ауыздан-
ауызға,  ұрпақтан-ұрпаққа  сөз  құдiретi  арқылы 
берiлiп  келген  әдет-ғұрып  ережелерi  мен 
қағидалары  мемлекет  тарапынан  рәсiмделiп, 
бекiтiлiп,  толықтырылып  әрi  жетiлдiрiлiп 
дәстүрлi қазақ қоғамына ортақ, жалпыға мiндеттi 
заң ретiнде қалыптасты [6, 3 б.].
Біз іс жүргізу, тікелей дауларды қарастырудың 
қалыптасқан  рәсімдеріне  талдау  жасағанда, 
қазақстандық  әдеттік  іс  жүргізу  құқығы  бой-
ынша  сот  ісін  қарауы  мәселесі  жөнінде 
зерттеуші  Г.  Шакаевтың  еңбегінде  жан-жақты 
қарастырылғанын байқаймыз. 
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде Қазақстанда 
дауларды  қарау  билер  сотының  негізгі  қызметі 
болды. Дәл осы кезеңде билер өздерінің қабілет-
қарымы  мен  тәжірибесін  көрсетіп,  «ақиқаттың 
жаршысы»,  «салт-дәстүрдің  білгірі»,  «тәртіп 
сақшысы»,  «әділеттікті  сақтаушы»,  «дәстүрді 
қорғаушы»  рөліне  енетін,  нақтылы  даулар-
ды  шешу  арқылы  өздерінің  мүмкіндіктері 
мен  әдіс-айласын  көрсететін.  Қоғамдық 
даулы-мәселелердің,  талас-тартыстардың  көбі 
адамгершілік  рухани  ережелерімен,  талапта-
рымен  шешіліп  жатты.  Себебі  көшпелілер  бір-
бірін  соттасуға,  бет  ашысуға  қимайтын,  яғни 
олар  адамның  рухын  жоғары  қойды.  Қазақ 
қоғамындағы  сот  процесінің  басты  мақсаты 
-  бітім  еді.  Яғни,  дауласушы  не  арыздасушы 
жақтарды жұрт алдында келістіріп, бітімдестіру. 
Қазақ  билері  -  бірлік,  ынтымаққа  шақыратын 
шешімдерді,  даулы  істерді  бітімге  келтіретін 
шешімдерді  және  айып  салатын  шешімдерді 
ұстанған.  Бірлікке,  ынтымаққа  шақыратын 
шешімдердің бірі - үш жүздің билері Ордабасыға 
жиналып,  елді  жоңғар  басқыншылығына 
қарсы топтасуға шақыру болды. Сол шешімнің 
нәтижесінде  қазақ  елі  жауды  талқандап,  өзінің 
ұлттық тұтастығын сақтап қалды.
Бітімге  келтіретін  үлкенді-кішілі  шешімдер 
бола  берген.  Ол,  әсіресе  ел  арасындағы,  жеке 
адамдар  арасындағы  дау  жанжалдарды  реттеу-
ге, рухани кінәсін жоюға бағытталған. Айып са-
латын  шешімдерге  билер  кінәліге  айып  салып, 
соны орындаттырған. Айып түрлері аз емес.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша, сот ісін 
жүргізудің міндеттері мынадай еді:
1)  бұзылған  құқықтың  орнын  мүлікпен,  зат-
пен,  мал  басымен,  қыстаумен,  жайлаумен,  су 
көздерімен  толтыру  арқылы  қамтамасыз  ету, 
қалыңдықтың,  жесірдің  құқығын  қорғап,  құн, 
айып, қалың малды төлету және кінәліні жазалау;
2)  айыпталушының  жәбірленушіге  келтір-
ген  материалдық  шығыны  мен  зиянының  ор-
нын  толтыру.  Қазақтардың  әдеттік  құқығында 
зиянды  қолдан  жіберілген  олжа  формасында 
ерекшеленеді (мал басына мал қосылуы, мүліктің 
өсуі және т.б.);
3) дау-жанжалдағы жәбірленуші жақтың рулық 
абыройын тиісті деңгейде қанағаттандырып, қайта 
қалпына  келтіру.  Қауым  мүшесінің  арын  және 
жеке  абыройын,  оның  отбасының,  аты-жөнінің, 
руының,  тайпасының  және  оның  бөлімшесінің 
арын қорғау.
Билердің  дауларлы  қараудағы  кейбір  нысан-
дарын төмендегідей негізгі құрамдас бөліктерге 
бөлуге болады:
- дайындық-келістіру бөлімі;
-  нақтылы  жағдайлар  мен  дәлелдемелерді 
зерттеу;
- тараптардың, куәгерлердің сөз алуы;
- билердің жарыссөзі;
-  дәлелдемелерге  баға  беріп,  іс  бойынша 
шешім шығарып, үкімді жариялау;

13
Теория и история государства и права
куәларды келтірген. Куәлар өздерінің сөздерімен 
белгілі бір тараптың сөздерін мойындап немесе 
теріске шығарып отырды.
Билер  куә  болуға  барлық  адамдарды  жібере 
бермейтін.  Куә  бола  алмайтындар  қатарына 
әйелдер,  жасы  он  беске  толмағандар,  ақыл-есі 
толық емес адамдар және соған дейін өтірік куә 
бергені үшін ұсталғандар, төлеңгіттер мен құлдар 
жатқызылды. Сонымен қатар баласы әкесі үшін, 
немересі атасы үшін, яғни жақын туысқан адам-
дар сотта куә бола алмады.
Дауласушы тараптардың егер оған себептері 
болса,  куәларды  қаралып  жатқан  даудан 
аластатуға құқылары болды. Мұндай себептерге 
мыналар жатты: куәге пара беру, туысқандық, ай-
ыптаушымен немесе жауап берушімен достығы 
немесе қастығы. Дәл осындай себептермен би де 
дауды шешуден аластатылуы мүмкін. Бірақ егер 
мұндай айыптаулар дәлелденбеген жағдайда ай-
ыптаушы тарап жазаға тартылды.
Егер  куәларды  келтіру  арқылы  істі  шешу 
олардың 
жоқтығынан 
мүмкін 
болмаған 
жағдайда, дауды елге беделді, танымал адамдар-
дан ант алумен бітірген. Билермен ант алып, ант 
беру көпшілік жағдайларда: ер құны, жесір дауы, 
ұрлық, жер дауы сияқты күрделі дау-жанжалдарда 
қолданылатын дәстүрлі заң болған.
Негізінен  анттың  екі  түрі  қолданылған. 
Біріншісі,  жауап  беруші  адам  қабылдайтын 
«ақтайтын»  ант,  ал  екіншісі,  шағымданушы 
жақтан  қабылданатын  «айыптаушы»  неме-
се  «теңдік»  деп  аталды.  Бұлардың  біріншісі 
іс  жүзінде  көп  қолданылған.  Өйткені,  билер 
кішігірім дауларда, егер қылмысын дәлелдейтін 
нақты  айғақтар  болмаған  жағдайда  жау-
ап  берушіден  ант  алу  арқылы  дауды  бітіріп 
отырған.
Қазақ  қоғамында  ант  қабылдау  деген  өзіне 
тән  жауапкершілік  алды  дегенмен  бірдей  бол-
ды. Негізінен дауда ант қабылдау дауды шешуде 
барлық басқа мүмкіндіктер қолданып болғаннан 
кейін ғана белгіленді. Мұндай жағдайда би жау-
ап берушіге оның кінәсіз екендігін дәлелдейтін 
ант қабылдауды талап етті. Ант қабылдау үшін 
жауапкер  жақтан  бірнеше  кісі  шыққан.  Ант 
қабылдайтын  адамға  деген  талаптар  куәларға 
қойылатын  талаптармен  бірдей  болды.  Со-
нымен  қатар  ант  қабылдайтын  адамды  қарсы 
жақ  өзі  таңдайтын.  Бірақ  осы  таңдаған  адамы 
жауапкермен  араздықта  болмау  керектігін  би-
лер  қадағалап  отырған.  Ант  қабылдауға  адам 
таңдалғаннан кейін, билер ант қабылдау жерін, 
уақытын белгілеген.
-  сот  ісін  қараудың  аяқталуы  және  даудың 
аяқталғанын  білдіретін  символикалық  салт  – 
«ала жіптің» кесілуі.
Сот отырысының бастапқы процедурасы – би-
лер  «мәжілісі»  көп  жағдайда  сот  ісінің  қозғалу 
тәртібіне байланысты. Егер сотқа алып келген дау-
шар рудың немесе ру бөлімшелерінің ішіне жария-
ламай,  туыс  тараптардың  бастамасымен  аралық 
сот түрінде болған-біткенді баяндаумен басталса, 
тергеуге төмендегі жайттар негіз болады:
а)  дауласушы  тараптардың  немесе  олардың 
сенімді өкілдерінің, куәгерлердің және басқа да 
тұлғалардың келген-келмегенін тексеру;
ә)  тараптардың  немесе  олардың  сенімді 
өкілдерінің келмей қалу жағдайларын қарастыру, 
келмеу себебін білу және сот ісін сырттау жүргізу 
мүмкіндігі [7, 633-635 б.].
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысына  дейін 
билердің  шешімі  жазба  түрде  еш  жерде 
түсірілмеген. Көбіне ауызша тарих деректерінде, 
фольклорлық  негізінде  сақталып  келді.  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап,  «билер 
кітабы»  қалыптасты.  Онда  сот  үкімдері,  би 
шешімдерінің қысқаша мазмұны жазылатын бол-
ды. Билердің билігі, үкімдері жеке құжат ретінде 
толтырылып сақталғандары да бар. 
Билер  сотында  дауды  шешудегі  дәстүрлі 
жолдардың  ең  негізгі  бір  ерекшелігі  –  оның 
жариялығы  мен  ашықтығы.  Қандай  дау  бол-
масын,  билер  оны  қараған  кезде  жариялықты 
және  сот  процесінің  ашық  болуын  қамтамасыз 
етіп  отырды.  Бұл  жөнінде  қазақ  әдет-ғұрып 
құқығын терең зерттеушілер де қазақ билерінің 
билік айтуы, іс қарауы ашық түрде жариялылық 
принципі  негізінде  жүргізілгендіктен,  әділ  сот 
ісінің  барлық  оқиғалары,  дәлелдеу  процесі 
қатысушылардың көзінен таса болмағанын, істі 
құпия  түрде  қарауға  тыйым  салынғанын  атап 
көрсетеді.
Сот  процесі  басталғанда  әрбір  тарап  бидің 
алдында даудың қалай басталғанын және қалай 
болғандығы  жөнінде  өз  ойын  ортаға  салады. 
Дауда бірінші сөз шағымданушы жаққа беріледі, 
ал одан кейін би жауап беруші жаққа сөз береді. 
Өз кезегінде жауап беруші өзіне қарсы айтылған 
айыптаулардың әділеттігін толықтай немесе жар-
тылай  мойындаса  және  келтірген  залалдың  ор-
нын толтыруға дайын екендігін айтса, би бірден 
екі жақты келісімге келтіріп, бітім жасасқан.
Егер  жауап  беруші  жақ  айыптауды  негізсіз 
десе,  онда  сот  процесі  істі  қараудың  келесі  са-
тысына  көшті.  Мұндай  жағдайда  айыптаушы 
тарапта,  жауап  беруші  тарапта  өз  жақтарынан 

№ 1 (25) 2012 г. Вестник Института законодательства Республики Казахстан
14
Қазақ әдет-ғұрып құқығында ант қабылдаудың 
түрі және нұсқалары көп болған және оны даугер 
таңдаған. Егер ант қабылдайтын адам жауапкердің 
кінәсіз  екендігіне  сеніп,  белгіленген  жерге 
уақытында келіп, ант қабылдаса, онда би жауапкерді 
кінәсіз деп тапқан. Олай болмаған жағдайда, яғни, 
ант  қабылдаушы  жауапкерді  кінәлі  деп  тапса,  ол 
белгіленген жерге келмеуге құқығы болған. Ондай 
жағдайда би ант берушіні күтпей, оның келмеуін 
біржақты  талқылап,  шағымданушының  талапта-
рын орынды деп тапқан.
Сот процесінің осы сатыларынан кейін бидің 
дау  бойынша  шығарған  шешімін  екі  дауласушы 
жақ әділетті деп тапса, онда дау бітті деп саналып, 
дау біткендігінің рәсімі ретінде шағымданушы мен 
жауапкер  орталарынан  ала  жіпті  кестірген.  Бұл 
екі жақтың бітімге келгенін және алдағы уақытта 
осы  дау  бойынша  шағым  қабылданбайтынын 
білдірген.  Егер  екі  жақтың  бірі  бидің  шешімін 
орындаудан бас тартса, онда екінші жақ шешімді 
орындату  үшін  заңды  күштеу  құралы  «барым-
таны»  қолдаған.  Бұл  негізінде  жәбір  көруші  өз 
құқығының  бұзылғандығына  байланысты  оның 
орнын толтыру үшін қарсыласының малын айдап 
әкетуден шыққан.
Қазақстан 
аумағында 
билер, 
қазылар 
сотының,  сондай-ақ  ақсақалдар  сотының  бол-
мауына  қарамастан,  олар  Кеңес  заманындағы 
Қазақстанның халықтық, облыстық және Жоғарғы 
соттарын  қалыптастыру  мен  дамытуда  маңызды 
рөл  атқарды.  Билер,  казылар  және  ақсақалдар 
соттарының  қызметі  туралы  мұрағаттық  дерек-
тер  Қазақстан  Республикасындағы  құқықтық 
мемлекеттің  дамуының  қазіргі  кезеңінде  де 
маңызды  рөлге  ие.  Қазақстан  Республикасының 
2010-жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған 
құқықтық  саясат  тұжырымдамасына  сәйкес  сот-
құқықтык реформаларының жүргізілуіне байланы-
сты, осы соттардың жұмысын жетілдіруде бірегей 
тарихи тәжірибенің рөлі айрықша маңызды. 
Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  Республикасында 
құқықтық  реформа  жүргізуде  билер  сотының 
ең құнды құқықтық қырларын пайдалану өзекті 
мәселелердің  бірі.  Статистика  мәліметтері 
көрсеткендей,  соттардың  қараған  және  шағым 
берілмеген істерінің негізгі саны - бұл азаматтық-
құқықтық және әкімшілік сипаттағы ұсақ даулар 
санаты. Осы орайда мұндай санаттағы істерді би-
лер  сотының  (бітімгерлік  судьяларға)  қарауына 
беру қажеттілігі туындайды.
Билер  сотының  тәжірибесін  пайдалану 
қажеттігі,  біздің  пайымдауымызша,  мынадай 
мән-жайларға:
- халықтық, өзін-өзі басқару институтының да-
муына,  тұрғындардың  құқықтық  сауаттылығын 
арттыруға,  белсенді  азаматтық  ұстанымды 
дайындауға,  сот  төрелігін  атқару  бойынша 
қызметке азаматтарды тартуға;
- қазақ сот төрелігінің ұлттық ерекшеліктері 
мен  дәстүрлерін  ескеруге,  қылмыстық-түзету 
сипатындағы  (құн,  айып,  көпшілік  алдын-
да  кешірім  сұрау,  көпшілік  соты)  шаралар-
ды  қолданбастан  туындаған  дауларды  шешу 
мүмкіндігіне;
-  жекелеген  этникалық  топтардың  туыстық 
байланыстармен  тұру  жиынтығына,  ортақ 
менталитетті білдіретін, оның ішінде кінәлілерді 
жазалау  мәселелерінде  діни  және  дәстүрлік 
байланыстардың ортақтығына;
-  заңды  бұзушыға  моральдық-этикалық 
және  адамгершілік  императивті  ықпал  етуді 
бір  мезгілде  күшейте  отырып,  азаматтардың 
арасындағы қатынастарға мемлекеттің құқықтық 
әсер ету саласын азайтуға;
-  билер  соты  шешімінін  орындалуын 
мәжбүрлеп  орындату  арқылы  емес,  ұжымдық 
әсер ету және талқылау арқылы қамтамасыз ету-
ге байланысты.
Би институтын енгізу дауларды неғұрлым тиімді 
әрі жедел шешуге мүмкіндік береді, азаматтардың 
өзін-өзі басқаруы мен олардың құқықтық танымын 
арттыруға  ықпал  етеді,  аудандық  соттарды  ұсақ 
істерден босатады және аса күрделі санаттағы дау-
ларды арауға мүмкіндік береді, қолданыстағы сот 
жүйесі шеңберінде дәстүрлі сот төрелігінің дамуы-
на мүмкіндік береді.
Осы институтты қабылдауға таяу шетелдердің, 
атап  айтқанда  ақсақалдар  (билер)  соты  жұмыс 
істейтін  Қырғыз  Республикасының  тәжірибесін 
ескеріп, жақындау керек [8, 3 б.].
Дауларды  шешудегі  билер  сотының  шешілу-
лерінің, ұстанымдарының маңызы, бүгінгі таңдағы 
құқыққорғау  жүйесін  реформалаудағы  мәні, 
қажеттілігі туралы академик С. Зимановта ерекше 
атап көрсетті: «Брендом, ядром правоохранитель-
ной системы является суд. Будет суд хорош, то и 
будет  эффективной  правоохранительная  система. 
И не случайно еще Калинин М.И. говорил, что по 
суду судят о Советской власти. Я скажу, что везде 
судят о власти по суду. Сейчас мы имеем возмож-
ность  реформировать,  перестроить  судебную  си-
стему в рамках проводимой в правоохранительных 
органах реформы. Ведь в Казахстане есть полити-
ческая традиция, уникальный исторический опыт, 
позволяющий создать с учетом создать с учетом их 
хорошую судебную систему» [8, 9 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет