150
болды. Олардың жеке басын куәландыратын
құжаттары біздің құжаттарға дәл келмейтіні
ескерілуі керек екені белгілі. Жеке куәлігінде
тек қана «тегі» деген жолда «Хадиташ» деп
көрсетілген замандасымыздың құжаты дұрыс
ресімделмегенін көрсетеді. Әу баста ол аза-
матты қабылдап, құжатын дұрыс ресімдемеген
шенеуніктің кесірі, құқықтық салдары енді
шығып жатыр. Жеті жыл шырғалаңға түсіп
жүрген азаматтың (жоғарыда көрсеткенімдей,
құжаттарда кең қолданылатын «азаматша» деген
ұғым қазақ тілінде жоқ!) Хадиташ деген, мүмкін,
есімі болар (тек қана есімнен тұратын аты-жөнді
азаматтар БАҚ беттерінде, әсіресе шетелдік,
ұлты қазақ азаматтарға білім гранттарын бөлу
туралы ақпараттарда кездеседі), ең болмағанда,
әкесінің атын жазуға болар еді (виртуалды емес,
белгілі бір әкеден туған шығар!). Бұл мысал
жоғарыда келтірген ұсыныспен дөп түсіп тұр.
Жоғарыда келтірілген мысалдар Қазақстан
Республикасында адамдардың аты-жөндерін,
әсіресе жергілікті ұлттың, ресімдеуде үлкен
қателіктер жіберіліп жатқанын көрсетеді.
Ал бұл жайт олардың жеке құқықтарының
бұзылып жатқанын көрсетеді. Мұндай құқық
бұзушылықты жою үшін бірқатар шаралар қолға
алынуы қажет. Менің ойымша, оларға біріншіден,
азаматтық хал актілерін тіркеу орындары-
на екі тілде сауатты адамдарды қызметке алу;
екіншіден, құжат алушыларға адам есімдерін
ресімдеуде қазақ тілінің грамматикасына сай
болуын түсіндіру және мемлекеттік бірізділікті
талап ету; үшіншіден, кеткен қателерді түзетудің
жеңілдетілген тетігін қалыптастыру керек.
Осындай жазылуы оңай үш шараның
тәжірибеге ендірілуі қиынның қиыны. Тек ол үшін
ғана жеке саясат жүргізу мүмкін емес. Сондықтан
бұл іс те мемлекеттік тілге ұлтжандылықпен,
кешенді қарауды талап етеді. Олай етпесек бұл
да ұранды іс болып қала береді. Қазақ тілінің
тағдырын мемлекеттік деңгейде қарастырмаудың
салдары өте жойқын болары сөзсіз.
Қолданылған әдебиет
1. Неке және отбасы туралы: Қазақстан Республикасының Заңы // «Заң» ДҚ. (21.11.2011).
2. Оралман мәртебесін беру ережесі: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы
15 қарашадағы № 476 бұйрығымен бекітілген // «Заң» ДҚ. (21.11.2011).
3. Білім гранты иегерлерінің тізімі // www. uchi.kz. (21.11.2011).
4. Жительнице Шымкента выдали удостоверение личности без имени и отчества // www.today.kz.
(22.11.2011).
Автордың ойынша қазақ есімдерін дұрыс ресімдемеу адам құқықтарын бұзу болып табылады.
Мемлекет пен қоғамға қазақ есімдерін дұрыс ресімдеуді біріздендіру бойынша шаралар қабылдау
қажет.
По мнению автора неправильное оформление казахских имён является нарушением прав челове-
ка. Государству и обществу следует принять меры по унификации правописания казахских имен.
According to the autor incorrect execution of kazakh names is a violation of human rights. State and
society should take measures about unification of spelling of Kazakh names.
түйін сөздер: адам құқықтары, қазақ аттары, дұрыс ресімдеу.
ключевые слова: права человека, имена казахов, правильное оформление.
кеywords: human rights, kazakh names, correct execution.
● ● ● ● ●
151
Из практики законотворчества на государственном языке
Дәулетханова Әсия Әлімғазықызы,
ҚР Заң шығару институты Лингвистика орталығының
аға ғылыми қызметкері
ҚАзАҚША зАҢ тІлІНДЕГІ кЕлЕҢСІзДІктЕР
(ҚАзАҚСтАН РЕСПублИкАСыНыҢ
АзАмАттыҚ кОДЕкСІ мыСАлыНДА)
Жұмыс барысында заң маманы болғандықтан
қолданыстағы заңдар мәтіні жарияланатын базаға
жүгініп жататын кездер көп болады. Сол кезде заң
мәтінін оқи отырып, тіпті таң қалатын жағдайлар
көптеп кездесетіндігі қынжылтады. Аударма
мәселесі күн тәртібінен түспей тұрған біздің
кезеңімізде, қазақша мәтіндегі келеңсіздіктер
мамандарды бей-жай қалдырмауы керек. Бүгінгі
мақалада соның тек бір түріне ғана тоқталуды
жөн санадық.
Мәселен, бір ғана мысал ретінде ауқымды
нормативтік құқықтық акті болып есептелетін,
реттеу объектісі өте кең заң құжаттарының
бірі Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің қазақ тіліндегі нұсқасында орын
алған кемшіліктерді айтуға болады. Соның бір
ғана түрін талдап қарағанда, мынаны байқауға
болады, мәтіндегі сөз тіркестерінде жалғаулар
артық жалғанып, бұрмаланып кеткен. Мәселен,
ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөліміндегі
бірнеше бапқа талдама жасағанда, мынадай
кемшіліктерді байқадық.
Осы кестеде беріліп отырған мәтіннің
барлығында
бірдей
қателік
жіберілген,
сондықтан
оның
біреуін
ғана
егжей-
тегжейлі қарастырып шығу жеткілікті бо-
лады. Мысалы, «қолданылмауға тиіс» сөз
тіркесіне морфологиялық талдау жасайық.
«Қолданылмауға» сөзінде бірнеше морфема бар:
қол, дан, ыл, ма, у, ға. Бұлардың басын біріктіріп,
ұйтқы болып тұрған – «қол» морфемасы, яғни
сөз түбірі, «дан» туынды түбір, ол «қол» зат
есімінен етістік жасаушы морфема «ыл, ма, у»
элементтері - қосымша морфемалар (аффикстер),
оның ішінде «ыл» - ырық етістіктің жалғауы,
«ма» - болымсыз етістіктің жалғауы, «у» - тұйық
етістік. Ал, «ға» - барыс септігінің жалғауы, ол
«қолданылмау» етістігіне артық жалғанып тұр.
Теория бойынша «септік жалғаулары, негізінен,
зат есім категориясына тән» [1, 38 б.] дұрысы
тәуелділік жалғауының үшінші жағында тұруы
тиіс еді, сонда дұрысы «қолданылуы» болады.
Нормативтік құқықтық актілердің қолда-
ныстағы редакциясына өзгерістер мен толық-
тырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеу бары-
сында жаңа редакцияда ұсынылатын мәтіндерді
қазақ тілінің грамматикасына сай ресімдеу
қажеттілігі болып тұрса да, қабылданып кет-
кен қолданыстағы редакциядан ауытқи алмай-
мыз. Осылайша, қате үстіне қате жасала береді,
сондықтан қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің сапа-
сы туралы сөз қозғаудың өзі артық болып қалады.
Осы орайда, осы мәселені «Заң терминологиясын
қалыптастыруға ықпал етуші негізгі құжаттар –
мемлекеттік деңгейдегі заңдар мен нормативті-
құқықтық құжаттар мен түрлі бағыттағы құжат
түрлері екендігін, қоғамдық өмірде олардың
кеңінен, белсенді қолданылатындығын ескерсек,
олардың қай-қайсысы да заң терминологиясын
жүйелеуде басшылыққа алынатын еңбектердің
қатарына жатады» [2, 81 б.] деген көзқарас
тұрғысынан қарастырғанда, орыс тілінен қазақ
тіліне аудару барысында, мәтіндер бірдей болсын
дегеннен ауытқи аламыз ба, әлде қалай деген заңды
сұрақ туындайды. Дәлме-дәл аударма күрделі заң
тілінің мағынасын ашып бере ала ма? Олай деп
дәл кесіп айта алмайсыз, себебі орыс және қазақ
тілдерінің құрылымы мүлдем бөлек екендігін
бір ғана мысалмен көрсетуге болатындығы
анық екендігін кесте түрінде көрсеттік. Соған
қарамастан бүгінгі күн талабы қасаң аударма.
Жалпы, заң мәтіндерін аудару барысында,
оның сапасының жоғары деңгейде болуы бірнеше
факторларға байланысты, атап айтқанда: уақыт,
сапа, мәтіннің ұғынықтылығы, аудармашының
біліктілік деңгейі.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
Н. Назарбаев
№ 1 (25) 2012 г. Вестник Института законодательства Республики Казахстан
152
Р/с
№
Қолданыстағы редакция
Ұсынылатын редакция
1
427-бап. Тауар сапасын тексеру
1. Егер заңдарда немесе шартта тауардың са-
пасын тексеру көзделсе, ол соларда белгiленген
талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Мемлекеттік
стандарттарда,
стандарт-
тау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттарда
тауарлардың сапасын тексеруге мiндеттi талаптар
белгiленген жағдайларда сапаны тексеру оларда
келтiрiлген нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылуға
тиiс.
2. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген
тәртiппен тауар сапасын тексеру талаптары
көзделмесе, тауар сапасын тексеру iскерлiк ай-
налым дағдыларына немесе әдетте шарт бойын-
ша берiлуге тиiс тауарды тексеру жағдайларына
қолданылатын өзге де талаптарға сәйкес
жүргізілуге тиiс.
3. Егер заң актiлерiнде, мемлекеттiк
стандарттардың мiндеттi талаптарында, стандарт-
тау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттарда не-
месе шартта сатушының сатып алушыға беретін
тауарының сапасын тексеру (сынақ өткiзу, талдау,
қарап шығу және т.б.) мiндетi көзделген болса, са-
тушы сатып алушының талап етуi бойынша оған
тауар сапасын тексерудi жүзеге асырғандығы
жөнiнде дәлелдемелердi табыс етуге тиiс.
427-бап. Тауар сапасын тексеру
1. Егер заңдарда немесе шартта тауардың сапасын
тексеру көзделсе, ол соларда белгiленген талаптарға
сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
Мемлекеттік стандарттарда, стандарттау жөніндегі
өзге де нормативтiк құжаттарда тауарлардың сапасын
тексеруге мiндеттi талаптар белгiленген жағдайларда
сапаны тексеру оларда келтiрiлген нұсқауларға сәйкес
жүзеге асырылуы тиiс.
2. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген
тәртiппен тауар сапасын тексеру талаптары
көзделмесе, тауар сапасын тексеру iскерлiк айналым
дағдыларына немесе әдетте шарт бойынша берiлуге
тиiс тауарды тексеру жағдайларына қолданылатын
өзге де талаптарға сәйкес жүргізілуі тиiс.
3. Егер заң актiлерiнде, мемлекеттiк стандарттардың
мiндеттi талаптарында, стандарттау жөнiндегi өзге де
нормативтiк құжаттарда немесе шартта сатушының
сатып алушыға беретін тауарының сапасын тексеру
(сынақ өткiзу, талдау, қарап шығу және т.б.) мiндетi
көзделген болса, сатушы сатып алушының талап
етуi бойынша оған тауар сапасын тексерудi жүзеге
асырғандығы жөнiнде дәлелдемелердi табыс етуі
тиiс.
2
434-бап. Тауарды салатын ыдыс және оны
буып-түю
2. Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар
белгiленбесе, тауар, осындай тауарға арналған
әдеттегi әдiспен, ал бұлай болмағанда - сақтау
мен тасымалдаудың әдеттегi жағдайларында осы
тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететiн
әдiспен ыдысқа салынуға және (немесе) буып-
түйiлуге тиiс.
434-бап. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-
түю
2. Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талап-
тар белгiленбесе, тауар, осындай тауарға арналған
әдеттегi әдiспен, ал бұлай болмағанда - сақтау мен
тасымалдаудың әдеттегi жағдайларында осы тектес
тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететiн әдiспен
ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуі тиiс.
3
441-бап. Кредитке сатылған тауарға ақы
төлеу
1. Шартта сатып алушыға тауар берiлген соң
белгiлi бiр уақыттан кейiн оған ақы төлеу (тауар-
ды кредитке сату) көзделген жағдайларда сатып
алушы ақыны шартта көзделген мерзiмде, ал егер
шартта мерзiм көзделмесе, осы Кодекстiң 277-
бабына сәйкес белгiленген мерзiмде төлеуге тиiс.
Сатып алушы берiлген тауарға ақы төлеу
жөнiндегi мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде
орындамаған және осы Кодекс пен шартта өзгеше
көзделмеген жағдайларда мерзiмi өткiзiлген
сомаға осы Кодекстiң 353-бабына сәйкес, сатып
алушы тауарға ақы төлеуге тиiс болған күннен
бастап, оның тауарға ақы төлеген күнiне дейiн
тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс.
441-бап. Кредитке сатылған тауарға ақы төлеу
1. Шартта сатып алушыға тауар берiлген соң
белгiлi бiр уақыттан кейiн оған ақы төлеу (тауарды
кредитке сату) көзделген жағдайларда сатып алушы
ақыны шартта көзделген мерзiмде, ал егер шартта
мерзiм көзделмесе, осы Кодекстiң 277-бабына сәйкес
белгiленген мерзiмде төлеуі тиiс.
Сатып алушы берiлген тауарға ақы төлеу жөнiндегi
мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде орындамаған
және осы Кодекс пен шартта өзгеше көзделмеген
жағдайларда мерзiмi өткiзiлген сомаға осы Кодекстiң
353-бабына сәйкес, сатып алушы тауарға ақы төлеуге
тиiс болған күннен бастап, оның тауарға ақы төлеген
күнiне дейiн тұрақсыздық айыбы төленуі тиiс.
4
48-бап. Сатып алушыға тауар туралы ақпарат
беру
1. Сатушы сатуға ұсынылатын тауар туралы
сатып алушыға қажетті және анық ақпарат беруге
мiндеттi. Бұл ақпарат заң актiлерiнде белгiленген
талаптарға және әдетте бөлшек саудада осындай
ақпарат берудiң мазмұны мен әдiсiне қойылатын
талаптарға сәйкес болуға тиiс.
448-бап. Сатып алушыға тауар туралы ақпарат
беру
1. Сатушы сатуға ұсынылатын тауар туралы сатып
алушыға қажетті және анық ақпарат беруге мiндеттi.
Бұл ақпарат заң актiлерiнде белгiленген талаптарға
және әдетте бөлшек саудада осындай ақпарат берудiң
мазмұны мен әдiсiне қойылатын талаптарға сәйкес бо-
луы тиiс.
153
Из практики законотворчества на государственном языке
5
453-бап. Тауардың бағасы және оған ақы төлеу
3. Тауарларды кредитке бөлшектеп сатып алу-сату,
соның ішінде сатып алушының тауарларға төлемді
бөліп-бөліп төлеу талабы қойылған шартына осы
Кодекстің 441-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде
көзделген ережелер қолданылмауға тиіс.
453-бап. Тауардың бағасы және оған ақы төлеу
3. Тауарларды кредитке бөлшектеп сатып алу-сату,
соның ішінде сатып алушының тауарларға төлемді
бөліп-бөліп төлеу талабы қойылған шартына осы
Кодекстің 441-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде
көзделген ережелер қолданылмауы тиіс.
Заң жобаларының мәтіндерін қазақ тіліне
аудару барысында осы факторлардың барлығы
дерлік сақталып жасалуда деп айтуға әлі де бол-
са ерте. Сондықтан қазақ тіліндегі мәтіні жарым-
жан заңдар қолданысқа енгізіліп жатқандығы
ащы болса да шындық. Жақын арада оған қол
жеткізу үшін мемлекет деңгейінде іске асырыла-
тын, қаржылық шығынды талап ететін ауқымды
шаралар қажет екендігі белгілі.
Жалпы ұсыныс ретіндегі ойымыз, биылғы
жылы мемлекетіміздің тәуелсіздігіне 20 жыл
толуына орай, қазақ тіліндегі барлық заң
актілеріне тек қазақша нұсқадағы мәтіндерге
ғана түзетулер енгізу арқылы қазақ тіліндегі
заң сапасын біршама жоғары деңгейге көтеруге
болатындығын да назардан тыс қалдырмайық.
Қолданылған әдебиет
1. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. - Алматы: Рауан, 1990. – 184 бет. - Б. 38.
2. Әбдірәсілов Е. Заң терминдерін біріздендіру жұмыстарының нәтижесі // «Ахмет Байтұрсынұлы
оқулары аясындағы «А. Байтұрсынұлы тағылымы: тіл, терминология, әдістеме» республикалық
ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Астана, 2010.
Мақалада Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қазақ тіліндегі нұсқасында орын алған
кемшіліктер талқыға түсіп, қарастырылған. Орын алған олқылықтар қолданыстағы редакция бой-
ынша қарастырылып, салыстырылған. Сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жасалынған.
В статье автор анализирует пробелы Гражданского кодекса Республики Казахстан, допущен-
ные при переводе на государственный язык. Рассматриваются и сравниваются такие варианты на
примере действующей редакции Гражданского кодекса РК. Статья содержит морфологический
разбор словосочетаний.
In article the author analyzes gaps of the Civil code the Republics Kazakhstan admitted while translating
on a official language. Such variants on an example operating editions Civil Code are considered and
compared. Article contains morphological analysis of word combinations.
түйін сөздер: қолданыстағы редакция, терминология, морфемалар, заң жобасына өзгерістер мен
толықтырулар, жүйелеу.
ключевые слова: действующая редакция, терминология, морфемы, изменения и дополнения к
законопроекту, систематизация.
Keywords: standing words, terminology, morphemes, changes and additions to the law in draft and
systematization.
● ● ● ● ●
№ 1 (25) 2012 г. Вестник Института законодательства Республики Казахстан
154
Құжат тілінің едәуір бөлігін терминдер
құрайтыны және оған қойылатын негізгі талап –
термин бір ұғымды білдіріп, бірыңғай түсінілуге
тиіс. Құжаттарды әзірлейтін қызметкерлер мен
аудармашылар жаңа терминдерді және бұрыннан
қолданылып жүрген немесе түрлі өзгерістерге
ұшыраған терминдерді күнделікті жұмыста
дұрыс қолдана білуі керек. Ұлттық заңнама тер-
минологиясында шешімін таппай отырған өзекті
проблемалардың бірі – ресми құжаттарда, тіпті,
заңнамалық актілердің өзінде терминдердің
бірізді болмауы. Ресми құжат жобаларының
барлығы дерлік алдымен орыс тілінде әзірленіп,
содан соң қазақ тіліне аударылатыны баршаға
мәлім. Орыс тіліндегі мәтіндер жұмыс барысында
бірнеше рет талқыланып, пысықталады. Ал қазақ
тіліндегі мәтіндерде терминдер бірізділігінің
сақталмауының бірден-бір себебі – орыс тілінде
әзірленген ресми құжаттарды қазақ тіліне аудару
жөніндегі күрделі жұмысты, яғни құжат мәтінінің
қазақша нұсқасына жауапкершілікті аудармашыға
жүктей салу. Тиісті саланың мамандары оқып-
тексермеген терминдер аудармашының ғана ой-
өрісіне байланып, кейбір өрескел қателер кетіп
жататыны да осыдан. Сондай-ақ, аудармашылар-
дан құжаттардың жедел дайындалуын талап ету
заң терминдерінің бірізді, ал кейбір жағдайларда
мәтіндердің теңтүпнұсқалы болмауына әкеп
соғады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің (Ерекше бөлім) «Тауар жеткізілімі»
деген 3-параграфында жекелеген терминдер
бірізді қолданылмаған, ал кейбір сөйлемдер
мүлдем қате аударылған.
Кодекстің 3-параграфымен қамтылған 458-
477-баптардың мәтіндерінде «поставка това-
ра» және «договор поставки товара» деген сөз
тіркестері тиісінше «тауар жеткізілімі», «тауар
беру» және «тауар жеткізілімі шарты», «тауар
беру шарты» деп әртүрлі аударылған.
Сондай-ақ, «Тауарларды таңдау» деген 468-
баптың 2 және 4-тармақтарында «после полу-
чения уведомления поставщика о готовности
товаров» деген бірдей тіркес «тауар берушінің
тауарлар дайын деген хабарын алғаннан кейін»
және «тауар берушінің тауарлардың дайын
екендігі туралы хабарын алғаннан кейін» деп екі
түрлі болып берілген.
Осы 468-баптың 4-тармағы дұрыс аударыл-
маған. Орысша мәтіні: «4. Невыборка покупа-
телем (получателем) товаров в установленный
договором поставки срок, а при его отсутствии
- в разумный срок после получения уведомления
поставщика о готовности товаров, дает постав-
щику право отказаться от исполнения договора
либо потребовать от покупателя оплаты това-
ров».
Қазақша былай деп қате аударылған: «4.
Сатып алушының (алушының) шартта
белгiленген тауар жеткізілімі мерзімінде, ал ол
болмаған кезде - тауар берушінің тауарлардың
дайын екендігі туралы хабарын алғаннан кейін
қисынды мерзiмде тауарларды таңдамалы тауар
берушiге шартты орындаудан бас тартуға немесе
сатып алушыдан тауарларға ақы төлеудi талап
етуге құқық бередi».
Дұрыс нұсқасы: «4. Сатып алушының
(алушының) тауар жеткізілімі шартын-
да белгiленген мерзімде, ал мұндай шарт
болмағанда - тауар берушінің тауарлар дайын
екені туралы хабарын алғаннан кейін қисынды
мерзiмде тауарларды таңдамауы тауар берушiге
шартты орындаудан бас тартуға не сатып алу-
шыдан тауарларға ақы төлеудi талап етуге құқық
бередi».
Сонымен қатар, Кодекстің 474-бабының
тақырыбы мен мәтініндегі «просрочку поставки
товара» деген сөз тіркесі тиісінше «тауар беруді
кешіктіргені» және «беруді кешіктіргені» деп,
ал 475-баптың тақырыбы мен 2-тармағындағы
«по нескольким договорам поставки» деген сөз
тіркесі тиісінше «тауар берудің бірнеше шартта-
Омар Болат Серікұлы,
ҚР Заң шығару институты Лингвистика орталығының
аға ғылыми қызметкері
ҚАзАҚСтАН РЕСПублИкАСыНыҢ АзАмАттыҚ
кОДЕкСІНДЕГІ (ЕРЕкШЕ бӨлІм)
кЕЙбІР АуДАРмА СӘЙкЕССІзДІктЕРІ
155
Из практики законотворчества на государственном языке
ры» және «тауар жеткізілімінің бірнеше шартта-
ры» деп екі түрлі болып жазылған. Сондай-ақ,
475-бапта «одноименные товары» деген сөз
тіркесі «аттас тауарлар» деп қате аударылған.
Сонымен қоса, лингвистикалық талдау бары-
сында 476-баптың 2 және 3-тармақтарында «на-
рушение договора поставщиком» және «наруше-
ние договора покупателем» деген сөз тіркестері
тиісінше «тауар берушімен шарттың бұзылуы»
және «сатып алушымен шарттың бұзылуы» деп,
ал 4-тармағы «Тараптардың келiсiмiмен шартты
орындаудан немесе оны бiржақты өзгертуден
бiржақты бас тартудың өзге де негiздерi көзделуi
мүмкiн» деп қате аударылған. Бұл тармақтың
орысшасы: «4. Соглашением сторон могут быть
предусмотрены иные основания односторонне-
го отказа от исполнения договора или односто-
роннего его изменения». Дұрыс нұсқасы: - «4.
Тараптардың келiсiмiмен шартты орындаудан
бiржақты бас тартудың немесе оны бiржақты
өзгертудің өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн» деп
жазылуы керек, өйткені осы баптың 1-тармағында:
«1. Тараптардың бiреуi (осы Кодекстiң 401-бабы
2-тармағының екiншi бөлiгi) шартты елеулi түрде
бұзған жағдайда шартты (толық немесе iшiнара)
орындаудан бiржақты бас тартуға немесе оны
бiржақты өзгертуге жол берiледi» делінген.
Орыс тілінде әзірленген ресми құжаттарды
қазақ тіліне аударумен айналысатын маман-
дар үнемі қолданыстағы заңнамаға сүйеніп,
оны басшылыққа алады. Ал, қолданыстағы
заңнамалық актілерде жекелеген терминдер мен
сөз тіркестерінің әртүрлі жазылғанын, сондай-ақ
кейбір сөйлемдер мағынасы бұрмаланып, мүлдем
қате аударылғанын жиі кездестіруге болады. Сол
себепті, бүгінгі таңда, кез келген мемлекеттік
органның басшылары заңнамалық актілер
жобаларының қазақ тіліндегі мәтіндерінің са-
палы болуына айрықша назар аудара отырып,
мемлекеттік тілге барынша қолдау көрсетуі керек.
Осы тұрғыдан, құжаттарды мемлекеттік тілде
әзірлеу жұмысын аудармашыларға ғана жүктей
салуды, қазақ тілін аударма тіліне айналдыру
процесін тоқтату мақсатында олар кез келген
ресми құжатты, заңнамалық актілердің жобала-
рын әзірлеумен айналысатын өз қарамағындағы
қызметкерлерден қазақ тілін жетік білуді та-
лап етуі қажет. Құжаттың мемлекеттік тілдегі
мәтініне аудармашы ғана емес, құжатты
әзірлеуге жұмылдырылған барлық қызметкерлер
мен олардың басшылары жауапты болуға тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға білімді әрі
білікті аудармашы-мамандарды тарту үшін оларға
әлеуметтік көмек көрсету (қолжетімді баспана-
мен қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі ба-
лаларын мемлекеттік балабақшаға орналастыру,
жалақы мөлшерін арттыру және т.б.) қажет деп
есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |