№7 (168), 2015 • верховный суд республики казахстан


Бұрынғы процессуалдық заңда тек қана



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата31.01.2017
өлшемі7,24 Mb.
#3104
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Бұрынғы процессуалдық заңда тек қана 

қылмыстық іс бірінші сатыдағы сотта қаралғанда 

қатысқан, сотталған, ақталған, олардың 

қорғаушылары, өкілдері мен заңды өкілдері, 

жәбірленуші (жеке айыптаушы), олардың 

өкілдері, сол сияқты азаматтық талап бойынша 

ақы талапкері, жауапкер, олардың өкілдері ғана 

апелляциялық тәртіпте шағымдануға құқылы 

болса, жаңа Қылмыстық-процестік кодекстің 

414-бабының 1-бөлігіне сай, бірінші сатыдағы 

сотқа қатыспаған тұлғаларға да, бұрын болмаған, 

үкім жарияланғаннан кейін де, апелляциялық 

тәртіпте сот актілеріне шағымдану мүмкіндігін 

берді

54

ЗАҢГЕР №7 (168), 2015

мерзімнің қалпына келтірілуі дұрыс 

деп  танылса,  апелляциялық  саты 

шағымдарды, наразылықтарды осы 

бапта  көзделген  тәртіппен  қарауды 

жалғастырады. 

Сонымен  қатар,  тараптар  іске 

жаңа  материалдарды  қосып  тігу 

немесе  оларды  талап  етіп  алды-

ру  және  зерттеу,  сондай-ақ  өздері 

көрсеткен 

куәлардан, 

жәбір-

ленушілерден, 



сарапшылардан, 

мамандардан  жауап  алу  тура-

лы  бірінші  сатыдағы  сот  тергеуі 

олқылықтарының  орнын  толтыруға 

бағытталған  өзге  де  әрекеттер 

жасау 


туралы 

өтінішхаттарды 

мәлімдеген жағдайда, сот процеске 

қатысушылардың  пікірін  тыңдайды, 

содан кейін оларды қанағаттандыру 

немесе  қабылдамау  туралы  қаулы 

шығарады. 

Егер  апелляциялық  саты  сот 

тергеуін жүргізу туралы қаулы етсе, 

онда  тараптардың  өз  бастамасы 

бойынша  келген  куәлардан  жауап 

алу  туралы  өтінішхаттары  міндетті 

түрде қанағаттандырылуға жатады. 

Өтінішхаттарды  қанағаттандыруға 

байланысты  процестік  келісім  не-

месе 


медиациялық 

тәртіппен 

татуласуға  қол  жеткізу  туралы 

келісім  жасасу  немесе  басқа  да 

әрекеттерді  орындау  үшін  уақыт 

талап етілетін болса, сот үзіліс жа-

риялайды  және  қажет  болғанда 

істі  апелляциялық  сатыда  қарау 

мерзімін  ұзартады.  Бұдан  басқа, 

тағайындалған  сараптамаларды 

жүргізу  үшін  уақыт  талап  етілсе, 

сот үзіліс жариялайды және қажет 

болғанда  істі  апелляциялық  саты-

да қарау мерзімін ұзартады. 

Апелляциялық  сот  сатысы 

қабылдайтын  шешімдер  сана-

ты  да  ішінара  өзгеріске  ұшырап, 

Қылмыстық-процестік 

кодек стің 

431-бабының  1-бөлігінің  3–5-тар-

мақ тарына  сәйкес,  соттың  істі 

апелляциялық  тәртіппен  қарау-

ының  нәтижесінде  үкімнің  күшін 

жою  және  істі  толық  көлемінде 

немесе  бір  бөлігінде  тоқтату;  ай-

ыптау  үкімінің  күшін  жою  және 

жаңа айыптау немесе ақтау үкімін 

шығару;  сол  сияқты  ақтау  үкімінің 

күшін жою және жаңа ақтау неме-

се  айыптау  үкімін  шығару  туралы 

шешімдердің  бірін  қабылдайтыны 

нақтыланды.

Аталған  Кодекстің  443–444-бап-

тары ның  талаптарына  сай,  апел-

ляциялық 

үкімнің, 

қаулының 

сипат тау-уәждеу 

бөлiгiнде 

сот 


актісінің,  берiлген  шағымдардың, 

наразылықтың,  оларға  қарсылық-

тардың  дәлелдері  мәнінің  қыс қа ша 

мазмұндамасы,  сондай-ақ  процес-

ке  басқа  қатысушының  шағымына, 

наразылығына 

қарсылықтармен 

қа тар,  ұсынылған  процестің  шағым 

бермеген  қатысушыларының  сот 

актісімен  келісетіні  немесе  келіс-

пейтіні туралы дәлелдері қамтылуға 

тиiс. 


Сонымен  қатар,  егер  қаулыны 

жасау  айтарлықтай  уақытты  талап 

ететін  болса,  сот  апелляциялық 

қаулының  кіріспе  және  қарар 

бөлімдерін шығарып, онда қаулыны 

толық  көлемде  жария  ету  уақытын 

және  оған  шағым,  наразылық 

келтіру тәртібін көрсетеді. Қаулының 

толық  мәтіні  дайын  болған  соң 

ол  хабарланған  уақытта  проце-

ске  қатысушыларға  жария  етіледі. 

Апелляциялық  қаулы  оның  толық 

мәтіні  жария  етілген  кезден  бастап 

қана заңды күшіне енеді.

Жаңа 

Қылмыстық-процестік 



ко дек стің  істі  апелляциялық  са-

тыда  қарау  тәртібін  реттейтін 

429-бабы  бірнеше  елеулі  өзге-

рістермен толықты. Атап айтқанда, 

төрағалық  етуші  сот  отырысына 

қатысатын  адамдарға  олардың 

істі апелляциялық сатыда қараған 

кездегі  процестік  құқықтарынан 

басқа,  оның  ішінде  процестік 

келісім 


немесе 

медиациялық 

тәртіппен  татуласуға  қол  жеткізу 

туралы келісім жасасу құқықтарын 

түсіндіреді.  Егер  бірінші  сатыдағы 

сотта  процестік  келісім  немесе 

медиациялық тәртіппен татуласуға 

қол жеткізу туралы келісім жасалған 

болса,  сот  көрсетілген  келісімдер 

шегінде  заңдылықты  тексеріп, 

оларға  сәйкес  іс  тоқтатылуға  жа-

татын  немесе  тараптардың  та-

туласуына 

орай 


тоқтатылуы 

мүмкін негіздер анықталған кезде, 

439-баптың  3-бөлігін  басшылыққа 

алып,  үкімнің  күшін  жою  және  істі 

тоқтату туралы қаулы шығарады.

Егер  апелляциялық  саты  сот 

тергеуін жүргізу туралы қаулы етсе, 

онда  тараптардың  өз  бастамасы 

бойынша келген куәлардан жауап 

алу туралы өтінішхаттары міндетті 

түрде қанағаттандырылуға жатады. 

Өтінішхаттарды  қанағаттандыруға 

байланысты  процестік  келісім 

немесе  медиациялық  тәртіппен 

татуласуға  қол  жеткізу  туралы 

келісім  жасасу  немесе  басқа  да 

әрекеттерді  орындау  үшін  уақыт 

талап  етілетін  болса,  сот  үзіліс 

жариялайды және қажет болғанда 

істі  апелляциялық  сатыда  қарау 

мерзімін  ұзартады.  Бұдан  басқа, 

тағайындалған  сараптамаларды 

жүргізу  үшін  уақыт  талап  етілсе, 

сот үзіліс жариялайды және қажет 

болғанда істі апелляциялық саты-

да қарау мерзімін ұзартады. 



   БАСЫМДЫҚТАР

ЗАҢГЕР №7 (168), 2015

Қылмыстық процесс

55

ЗАҢГЕР №7 (168), 2015

Ғалымжан НҰРЛЫҚҰЛОВ

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

СОТТЫҢ ІСТІ ПРОКУРОРҒА 

ЖІБЕРУДЕ ҚОЛДАНАТЫН 

ЗАҢ НОРМАСЫН АРЫ ҚАРАЙ 

ЖЕТІЛДІРУ

Заң қағидаты 

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 

бастап  қолданысқа  енгізілген  жаңа 

Қылмыстық  процестік  кодекстің 

323-бабының  мағынасы  бойынша 

басты сот талқылауын тағайындауға 

кедергі 

келтіретін 

қылмыстық-

процестік  заңнаманы  елеулі  түрде 

бұзушылықтар  анықталған  бол-

са,  сондай-ақ  олар  сотқа  дейінгі 

жеделдетілген  іс  жүргізу  істері  бо-

йынша  немесе  жасалған  процестік 

келісімдері бар істер бойынша басты 

сот талқылауында анықталған кезде, 

сот оларды жою үшін істі прокурорға 

қайтару  керектігі  көрсетілген.  Яғни, 

аталған  баптың  нормасы  негізінде 

заң  шығарушы  сотқа  қылмыстық-

процестік  заңнаманы  елеулі  түрде 

бұзушылықтарды  жою  үшін  істі 

прокурорға қайтару арқылы істі ары 

қарай  қарауды  аяқтау  мүмкіндігін 

береді.

Қылмыстық-процестік  кодекстің 



340-бабының 5-бөлігіне сәйкес, бас-

ты сот талқылауы барысында егер 

де сотталушыға неғұрлым ауыр не-

месе  бастапқыдан  ерекшеленетін 

айыптау  тағу  қажеттігі  туындаса, 

сот істі қарауды кейінге қалдырып, 

прокурорға  жаңа  айыптау  актісін 

жасау  үшін  уақыт  беру  керектігі 

анықталған.  Бұл  баптың  нор-

масы  бойынша  заң  шығарушы 

прокурорға  жаңа  айыптау  актісін 

жасау үшін уақыт беру арқылы істі 

соттың  өз  өндірісінде  қалдырып, 

негізінен  қарауды  кейінге  қалдыру 

керектігін  көрсеткен.  Осылайша, 

заң  шығарушы  ескі  басылымдағы 

ҚІЖК-де  белгіленгендей,  іс  бойын-

ша  осындай  негіздер  анықталған 

жағдайда 

қылмыстық 

істерді 

қосымша  тергеу  жүргізу  үшін 

қайтару  туралы  институтынан  бас 

тарту  арқылы  аталған  баптардағы 

нормаларды енгізген.

Алайда, 


аталған 

Кодекстің 

323-ші 

және 


340-баптарында 

көр сетілген  осы  жаңа  нормалар-

ды  сот  тәжірибесінде  қолдану  ба-

рысында  бірқатар  қиыншылықтар 

туындайды  және  қылмыстық  про-

цесс  принциптерінің  бұзылуына 

жол  беріледі.  Сол  себептен  де 

сот  төрелігін  жүзеге  асыру  кезінде 

конституциялық ере же лердегі және 

қылмыстық пр цестік заңдағы қорғану 

құқын  реттейтін  нормалардың  та-

лаптары  сақталмауына  байланыс-

ты  заңдылықты  елеулі  түрде 

бұзушылық фактілері орын алады. 

Негізінен  қылмыстық  процестің 

барлық  кезеңінде  сезіктіге,  айып-

талушыға,  сотталушыға,  сот тал-

ғанға қылмыстық қудалаудан, айып-

тау  мен  соттаудан  қорғану  құқығы 


56

ЗАҢГЕР №7 (168), 2015

Заң қағидаты 

берілген  және  кепілдендірілген. 

Сондықтан олардың құқықтары мен 

бостандықтарын  заңсыз  шектеу-

ден қорғау, заңдылық пен құқықтық 

тәртiпті нығайту, құқықты құрметтеу 

көзқарасын  қалыптастыруға  ықпал 

ету  қылмыстық  процестің  негізгі 

міндеті  болып  табылады.  Осыған 

байланысты,  қылмыстық  қудалау 

органдары  ҚР  ҚПК-нің  9-бабын-

да  көрсетілгендей,  қылмыстық 

процестің қағидаттарын бұлжытпай 

орындау  арқылы  аталып  өткен 

қылмыстық  процестің  міндеттерін 

іске асыруы тиіс.

ҚР ҚПК-нің 340-бабы 5-бөлігінде 

көрсетілген  негіздер  орын  алған 

жағдайда ондай шешім қабылдауға 

негіз 


болатын 

мән-жайлардың 

анықталу тәртібі, ол туралы бастама 

жасайтын  тараптардың  атқаратын 

міндеттері  анықталмаған.  Бұлай 

дейтін 


себебіміз, 

Қазақстан 

Республикасы  Конституциясының 

75-бабына 

сәйкес, 

соттар 


қылмыстық  істерді  қарау  кезінде 

тек  айыптау  мен  қорғау  функция-

ларынан  ажыратылған  сот  төрелігі 

функциясын 

жүзеге 

асырады. 



Осыған  байланысты  сот  өз  бас-

тамасы  бойынша  сотталушының 

жауапкершілігін 

күшейту 


және 

басқа 


адамдарды 

қылмыстық 

жауапкершілікке 

тарту 


туралы 

мәселе қоюға құқылы емес. 

Аталып өткен мән-жайлар орын 

алған болса сот істі қарауды кейінге 

қалдырып,  прокурорға  жаңа  айып-

тау  актісін  жасау  үшін  уақыт  беру 

керектігі  туралы  анықталған.  Яғни, 

аталған бап нормасының мағынасы 

бойынша 

сот 


берген 

уақыт 


аралығында прокурор сотталушыға 

қатысты  бастапқыдан  неғұрлым 

ауыр  немесе  одан  ерекшеленетін 

айыбы  бойынша  жаңа  айыптау 

актісін  жасап  алып  келгеннен  соң 

істі  қарау  ары  қарай  жалғаса  беруі 

тиіс.

Мұндай жағдайда қылмыстық про-



цеске  қатысушылардың  құ қық тары 

мен  міндеттерін  іске  асырудың  жал-

пы шарттарын, қылмыстық процестің 

өзінің  алдында  тұрған  міндеттерінің 

шешілуін 

қамтамасыз 

ететін 

қылмыстық  процесс  сатыларының, 



институттары  мен  нормаларының 

жүйесін және мазмұнын айқындайтын 

жалпы  қағидаттарының  бұзылуы 

орын алады.

Себебі,  алғашқы  немесе  жаңа 

айыптау актісін жасау болсын, оның 

жасалу  тәртібі  және  бұл  жасалған 

актінің  мазмұны  ҚР  ҚПК-нің  38-та-

рауында белгіленген жүйе негізінде 

анықталуы  керек.  Яғни,  айыптау 

актісін  процеске  қатысушылар 

қылмыстық  іс  материалдарымен 

танысқаннан  және  өтінішхаттарын 

шешкеннен  кейін  сотқа  дейінгі 

тергеп-тексеруді  жүзеге  асыратын 

адам  жасайды  немесе  жаңа  айып-

тау актісін прокурор жасайды.

Жасалатын  айыптау  актісінің 

сипаттау-уәждеу  бөлігінде  ҚР  ҚПК-

нің  113-бабында  көрсетілгендей, 

іс  бойынша  дәлелденуге  жататын, 

қылмыстық  құқық  бұзушылықтың 

оқиғасы,  жасалған  уақыты,  орны, 

оның тәсілі, себебі, салдары, сара-

лануы және өзге де мән-жайлар ата-

лып  өтуі  тиіс.  Аталған  мән-жайлар 

мен  нақты  деректерді  анықтауға 

ҚПК-нің  15-16-тарауларында  ата-

лып өткен негіздерде және процестік 

әрекеттердің нәтижесінде жиналған 

іс  құжаттарын  бағалау  барысында 

қол жеткізуге болады. 

Осы жиналған нақты деректердің 

жиынтығында  күдіктіге  қатысты 

бастапқыдан  неғұрлым  ауыр  неме-

се  одан  ерекшеленетін  айыбы  бо-

йынша  оның  іс-әрекетінің  сарала-

нуы айқындалады.

Атап  айтқанда,  ҚР  ҚПК-нің 

204-бабының  талабы  бойынша 

бірінші  күдіктінің  іс-әрекетінің  са-

ралануын  айқындау  туралы  қаулы 

қабылдану  керек.  Бұл  қаулыда 

қылмыстың жасалған уақыты, орны, 

сондай-ақ  осы  Кодекстің  113-ба-

бына  сәйкес  дәлелденуге  жататын 

өзге де мән-жайларды көрсете оты-

рып,  осы  адам  жасады  деп  күдік 

келтірілген  қылмыстың  сипаттама-

сы;  адамға  оны  жасады  деп  күдік 

келтіріліп  отырған  қылмыс  үшін 

(бастапқыдан  неғұрлым  ауыр  не-

месе  одан  ерекшеленетін  айыбы 

бойынша)  жауаптылықты  көздейтін 

қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) 

көрсетілуге тиіс.

Себебі,  күдіктінің  іс-әрекетін  са-

ралауды  өзгерту  және  толықтыру 

ҚР ҚПК-тің 207-бабының талабында 

көрсетілген тәртіптер негізінде ғана 

жүзеге асырылады. 

Атап  өтсек,  егер  сотқа  дейінгі 

тергеп-тексеруді  жүргізу  кезінде 

күдіктінің 

іс-әрекетін 

саралау-


ды  өзгерту  және  толықтыру  үшін 

негіздер  туындаса,  сотқа  дейінгі 

тергеп-тексеруді  жүзеге  асыратын 

адам  осы  Кодекстің  204-бабының 

талаптарын 

сақтай 


отырып, 

күдіктінің  іс-әрекетін  саралау  тура-

лы  жаңа  қаулы  жасауға  және  оны 

осы  Кодекстің  205,  206-баптарын-

да  белгіленген  тәртіппен  күдіктіге 

жариялауға  міндетті.  Күдіктінің 

іс-әрекетінің  түпкілікті  саралануы 

соңғы  қаулының  шығарылған  күні 

бойынша айқындалады.

Егер  сотқа  дейінгі  тергеп-тексе-

ру  барысында  жария  етілген  күдік 

қандай  да  бір  бөлігінде  растал-

маса,  тергеуші  өзінің  қаулысымен 

осы  бөлікте  қылмыстық  қудалауды 

тоқтатады, бұл туралы қабылданған 

шешімнің көшірмесін табыс ете оты-

рып, күдіктіні және процестің басқа 

да қатысушыларын хабардар етеді.

Күдіктінің  іс-әрекетін  сара-

лауды  өзгерту  және  толықтыру 

қандай  да  бір  бөлігінде  растал-

маса,  тергеушінің  өз  қаулысымен 

осы  бөлікте  қылмыстық  қудалау-

ды  тоқтату  немесе  бастапқыдан 

не ғұр лым  ауыр  немесе  одан 

ерекшеленетін  айыбы  бойынша 

қайта саралау керектігі қылмыстық 

процестің  осы  қағидаттары  мен 

ережелерінде бекітілген. Сондықтан 

да  заңда  бекітілген  қылмыстық 

процестің  бұл  қағидаттары  мен 

ережелерін  орындамай-ақ  проку-

рордың  тек  жаңа  айыптау  актісін 

жасай  салуы  күдіктінің  іс-әрекетін 

алғашқы  саралауда  неғұрлым 

ауыр 


немесе 

бастапқыдан 

ерекшеленетін  айып  тағу  арқылы 

заңсыз  толық тыруларды  енгізу  бо-

лып табылады.

Осы  заң  бұзушылықтың  сал-

дарынан,  яғни  ҚР  ҚПК-тің  204,  207 

баптарында  көрсетілген  заңнама 

ережелерін 

орындамағандықтан, 

аталған  қылмысты  жасады  де-

ген  күдіктінің  іс-әрекетін  саралау 

қаулысы  мен  айыптау  актісінің 

арасында  елеулі  қайшылықтар 

орын  алады.  Яғни,  күдіктінің  іс-

әрекетін  саралауда  өзгерту  мен 

толықтыруларды 

жаңа 


қаулы 

шығармай,  ол  туралы  күдіктіге  жа-

рияламай,  осы  өзгертілген  неме-

се  толықтырылған  іс-әрекетін  са-

ралау  бойынша  оның  ұстанымын 

анықтамай, айыптау актісін түзу ҚР 

ҚПК-нің  қағидаттары  мен  өзге  де 

оның жалпы ережелерін елеулі түрде 

бұзушылық  болып  есептелінеді. 

Себебі,  жаңа  айыбы  бойынша 

бастапқыдан  неғұрлым  ауыр  не-

месе  одан  ерекшеленетін  қылмыс 

жасады  деген  күдіктінің  Қазақстан 


57

ЗАҢГЕР №7 (168), 2015

Республикасы  Конституциясында 

бекітілген  және  ҚПК-нің  ережелері 

бойынша  кепілдік  берілген  қорғану 

құқығының  елеулі  түрде  бұзылуы 

болып табылады.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 

436,  458-баптарының  мазмұны 

бойынша 

қылмыстық-процестік 

заңды  елеулі  түрде  бұзу  деп, 

сотқа  дейінгі  іс  жүргізу  барысын-

да  немесе  істі  сотта  қарау  кезінде 

жол 


берілген 

осы 


Кодекстің 

қағидаттары  мен  өзге  де  жалпы 

ережелерін бұзушылықтар, сондай-

ақ iске қатысатын адамдарды заңда 

кепілдiк берiлген құқықтарынан айы-

ру  немесе  олардың  құқықтарына 

қысым  көрсету,  сот  iсiн  жүргiзу 

рәсiмдерін  сақтамау  немесе  iстiң 

мән-жайын  жан-жақты,  толық  және 

объективтi  зерттеуге  өзгедей  жол-

мен кедергi келтірген, сот төрелігінің 

үкімін  немесе  соттың  өзге  де 

шешімдерін  шығаруға  ықпал  ет-

кен  немесе  ықпал  етуі  мүмкін  өзге 

де  заң  бұзушылықтар  қылмыстық-

процестік  заңды  елеулi  түрде  бұзу 

болып  танылатындығы  анықталып 

түсіндірілген.

ҚПК-нің  323-бабында  белгілен-

ген дей,  жоғарыдағы  аталып  өткен 

заң  бұзушылықтар  істі  прокурорға 

жіберуге  негіз  болып  табылады. 

Алайда,  аталған  баптың  мазмұны 

бойынша 


соттың 

басты 


сот 

талқылауы сатысында осы негіздер 

немесе  бастапқыдан  неғұрлым 

ауыр  немесе  одан  ерекшеленетін 

айып  тағу  туралы  мәселелер 

туындағанда істі прокурорға жіберу 

нормасы көрсетілмеген.

ҚПК-нің  10-бабының  1-бөлігі 

негізінде аталып өткен қылмыстық-

процестік  заңдылық  пен  айыпталу-

шының  қорғану  құқығының  елеулі 

түрде бұзылуына жол бермеу үшін, 

сотқа  дейін  тергеп-тексеру  орга-

ны  немесе  прокурор  ҚПК-нің  25, 

37,  38  тарауларында  белгіленген 

заң  қағидаттары  мен  өзге  де  жал-

пы  ережелерін  орындауға  міндетті. 

Сондықтан  да  сот  прокурорға 

жаңа  айыптау  актісін  жасау  үшін 

уақыт  беру  арқылы  істі  соттың 

өндірісінде  қалдырып,  қарауды 

кейінге  қалдырмай,  аталып  өткен 

заң  талаптарын  орындау  үшін 

және  тікелей  неғұрлым  ауыр  не-

месе  бастапқыдан  ерекшеленетін 

айыптау  тағу  үшін  қылмыстық  істі 

оған қайтару керек деген түйіндеме 

жасауға болады. 

Себебі  неғұрлым  ауыр  неме-

се  бастапқыдан  ерекшеленетін 

айыптау  тағу  үшін,  біріншіден,  ол 

туралы  айыпкердің  қылмыстық  іс-

әрекетін  саралау  керек  және  бұл 

мән-жайлар  ҚПК-нің  113-бабы-

на  сай  дәлелденуге  жатады.  Бұл 

тағылуға  жататын  неғұрлым  ауыр 

немесе бастапқыдан ерекшеленетін 

айыптың 


негізіне 

алынатын 

дәлелдемелерге  тек  сотқа  дейін 

тергеп-тексеру  амалдарын  жүргізу 

арқылы ғана қол жеткізуге болады.

ҚР  ҚПК-нің  58,  193  баптары 

бойынша  прокурор  өз  қаулысымен 

істерді 


өзінің 

іс 


жүргізуіне 

қабылдауға және бұл ретте тергеуші 

өкілеттіктерін  пайдалана  отырып, 

тергеп-тексеруді  жеке  өзі  жүргізуге 

және  203-бабының  талабы  бо-

йынша  адамның  қылмыс  жасағаны 

туралы  күдікті  растайтын  оған 

қатысты  жеткілікті  дәлелдемелер 

болған  кезде  күдіктінің  іс-әрекетін 

саралау  туралы  уәжді  қаулы 

шығаруға  құқылы  болғандықтан 

өз  өндірісінде  іс  жүргізуге  толық 

мүмкіншілігі бар. Сондықтан да бұл 

тергеу  амалдарын  орындау  тек істі 

прокурорға  жібергеннен  кейін  ғана 

жүзеге асырылады және оны сотқа 

дейін тергеп-тексеру органы немесе 

прокурор іске асыра алады.

Сонымен  қатар,  басты  сот 

талқылауы  барысында  анықталған 

дәлелдемелер 

де 


айыпкердің 

белгілі  бір  қылмыстық  іс-әрекетін 

саралауға  негіз  болып  табылады 

және  де  жоғарыдағы  аталып  өткен 

тергеу  амалдарын  жүргізу  үшін  істі 

прокурорға қайтаруға негіз болады. 

Сондықтан  да  аталған  баптың 

бұл нормасын ҚПК-нің 323-бабына, 

яғни бас сот талқылауы барысында 

анықталған  мән-жайлар  бойынша 

істі  прокурорға  жіберудің  тағы  да 

бір  негізі  ретінде  қарастыру  керек. 

Себебі, ҚР ҚПК-нің 340-бабы 2-бөлігі 

негізінде,  егер  айыпталушының 

қорғалу құқығы бұзылмаса ғана ай-

ыптауды өзгертуге жол беріледі. Ал 

жоғарыда  аталып  өткендей,  заңда 

бекітілген  қылмыстық  процестің 

қағидаттары 

мен 


ережелерін 

орындамай-ақ  прокурордың  тек 

жаңа  айыптау  актісін  жасай  салуы, 

яғни  күдіктінің  іс-әрекетін  алғашқы 

саралаудан неғұрлым ауыр немесе 

бастапқыдан  ерекшеленетін  айып 

тағуы  салдарынан  оның  осы  айып 

бойынша  өз  ұстанымы,  келісіп-

келіспеушілігі  және  одан  қорғану 

құқының бұзылу дерегі орын алады.  

Қазіргі  уақытта  заң  шығарушы 

ескі 


басылымдағы 

ҚІЖК-де 


белгіленген 

осындай 


негіздер 

анықталған  жағдайда  қылмыстық 

істерді қосымша тергеу жүргізу үшін 

қайтару  туралы  институтынан  бас 

тарту  арқылы  аталған  баптардағы 

нормаларды  енгізген.  Сондықтан 

да  «Соттардың  қылмыстық  істерді 

қосымша  тергеу  үшін  қайтару  ту-

ралы»  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы  Сотының  2001  жылғы  13 

желтоқсандағы  №  19  нормативтік 

қаулысының күші жойылған. 

Осыған  байланысты  жоғарыда 

көрсетілген  заң  нормаларындағы 

қарама-қайшылықтардың  сот  тә-

жіри бесінде 

туындауына 

жол 


бермеу  үшін  және  басты  сот 

талқылауын  тағайындауға  кедергі 

келтіретін  қандай  да  бір  елеулі 

заң  бұзушылықтар  мен  басқа  да 

негіздер  орын  алған  жағдайда  істі 

прокурорға 

жіберуге 

болатыны 

жөнінде  заң  нормаларын  дұрыс  әрі 

біркелкі  қолданылуын  қамтамасыз 

ету  мақсатында  Қазақстан  Рес-

публикасы 

Жоғарғы 

Сотының 


нормативтік  қаулысы  қабылдану 

керектігі жөнінде мәселе туындайды.

Осылайша,  біз  қылмыстық  про-

цеске  қатысушылардың  құқық-

тары  мен  міндеттерін  іске  асыру-

дың  жалпы  шарттарын  және 

қылмыстық процестің өзінің алдын-

да  тұрған  міндеттердің  шешілуін 

қамтамасыз  ететін  қылмыстық 

процесс  сатыларының,  институт-

тары  мен  нормаларының  жүйесі 

мен  мазмұнын  айқындайтын  іргелі 

бастауларының  іске  асырылуын 

жүзеге асырамыз. 

Сонымен  қатар,  қылмыстық 

iстер  бойынша  iс  жүргiзудiң  заңда 

белгiленген тәртiбiн қолдану арқылы 

адамды  және  азаматты  негiзсiз 

айыптау  мен  соттаудан,  оның 

құқықтары  мен  бостандықтарын 

заңсыз 

шектеуден 



қорғаймыз. 

Сондай-ақ  заңдылық  пен  құқықтық 

тәртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық 

бұзушылықтардың  алдын  алуға, 

құқықты  құрметтеу  көзқарасын 

қалыптастыруға  ықпал  етуге  қол 

жеткіземіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет