№7 (168), 2015 • верховный суд республики казахстан


Алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санын



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата31.01.2017
өлшемі7,24 Mb.
#3104
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санын 

өсірудің бірден-бір жолы – сотқа дейінгі тергеу со-

ңында хаттама толтыру арқылы сезіктіге алқабилер 

алқасы қатысуымен қаралатын істердің ерекшелік-

терін, соның ішінде сезіктінің жеке басына қатысты 

жағымсыз, алқабилердің сотталушыға қатысты теріс 

түсінігін туғызатын мән-жайлар (алкоголизмге не 

нашақорлыққа шалдыққаны, бұрын сотталғаны, т. с. с.) 

зерт  телмейтіні, дәлелдеме ретінде жіберілмейтін де-

ректер қаралмайтыны, сотталушының айыптылығы 

туралы сұраққа тек алқабилер жауап беретіні, жаза 

тағайындау, сот үкімін шағымдау және шағымды 

қарау ерекшеліктерін дұрыс түсіндіру көзделеді

41

ЗАҢГЕР №7 (168), 2015

Асхат САБЫРОВ

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі  

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Қылмыстық процесс

СОТ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУ 

ҮШІН АЛҚАБИЛЕР АЛҚАСЫН 

ІРІКТЕУ ТƏРТІБІ

Қазақстан 

Республикасының 

2006  жылғы  16  қаңтардағы  №  121 

Заңына сәйкес, 2007 жылдың 1 қаң-

та рынан бастап елімізде алқабилер 

соты қолданысқа енгізілді.

Ол  кезде  алқабилер  қатысатын 

сот  құрамы  облыстық  және  оған 

теңестірілген  соттарда  әрекет  етті 

және  аталған  санаттағы  істерді 

қарауға  екі  судья  және  тоғыз 

алқабидің қатысуы тиіс болатын. 

Дүниежүзі  бойынша  (АҚШ,  Ре-

сей  және  т.  б.)  сот  алқабилерінің 

классикалық 

моделіне 

сәйкес, 


алқабилер  соты  бір  судья  және  он 

екі алқабиден құралады. 

Қазақстанда 

2010 


жылдың 

1  қаңтарынан  бастап  қылмыстық 

істер  жөніндегі  мамандандырыл-

ған  ауданаралық  соттарда  және 

қыл мыстық  істер  жөніндегі  ма-

мандандырылған 

ауданаралық 

әс кери  соттарда  алқабилердің 

қатысуымен сот бір судьяның және 

он  алқабидің  құрамында  әрекет 

етеді.

Қазақстан  Республикасы  Қыл-



мыс тық-процестік  кодексінің  (бұдан 

әрі  –  Кодекс)  631-бабының  1-бөлі-

гінде  көрсетілгендей,  күдіктінің, 

айыпталушының  істі  алқабилердің 

қатысуымен  қарау  туралы  өтініш-

хатының  болуына  немесе  болма-

уына қарамастан істер бойынша ал-

дын ала тыңдау өткізу міндетті.

Судья  алдын  ала  тыңдауды 

сотталушыларды,  соның  ішінде 

өздеріне  iстi  алқабилердiң  қаты-

суымен  қарау  құқығы  тиесілі  емес 

сотталушыларды  және  олардың 

қорғаушыларын  мiндеттi  түрде 

қа тыстыра 

отырып, 


жеке-дара 

өткiзедi. 

Судья  сот  отырысының  басын-

да  қай  iстiң  қаралуға  жататынын 

хабарлайды,  отырысқа  қатысатын 

адамдарға  өзiн  таныстырады, 

кiмнiң  мемлекеттiк  айыптаушы, 

қорғаушы,  хатшы  екенiн  хабар-

лайды, сотталушының жеке басын 

анықтайды, мәлiмделген қарсылық 

білдірулерді  шешедi.  Мемлекеттiк 

айыптаушы  айыптау  актісін  жа-

рия  етедi.  Судья  сотталушыға 

айыптаудың 

түсiнiктi-түсініксіз 

еке нін  анықтайды,  қажет  болған 

жағдайларда  оған  айыптаудың 

мәнiн түсiндiредi және оның өз iсiн 

алқабилер қатысатын сотқа қарату 

туралы  берген  өтiнiшхатын  рас-

тайтын-растамайтынын  сұрайды. 

Егер істі алқабилердің қатысуы мен 

қарау  туралы  өтінішхат  мәлім-

делмесе, 

судья 

сотталушыға 



оның 

осы 


сот 

отырысында 

тікелей  мәлімделуі  мүмкін  екенін 

түсіндіреді.  Сотталушының  ауыз-

ша  өтінішхаты  сот  отырысының 

хаттамасына  енгізіледі,  жазба-

ша  өтінішхат  іске  қоса  тігіледі. 

Сотталушының  істі  алқабилердің 

қатысуымен  қарау  туралы  өз 

өтінішхатынан бас тартуы, сондай-

ақ  оның  осындай  өтінішхатты 

мәлімдегісі  келмейтіні  сот  оты-

рысының  хаттамасында,  не  іске 

қоса тігілетін сотталушының жазба-

ша өтінішхатында көрсетіледі.


42

ЗАҢГЕР №7 (168), 2015

Алқабилер соты

 Егер сотталушы өз ісiн алқабилер 

қатысатын  сотқа  қарату  туралы 

өтiнiшхатын  растаса,  онда  судья 

осы  өтiнiшхатты  қанағаттандыру 

туралы  шешiм  қабылдайды.  Бұл 

ретте басқа сотталушылардың пікірі 

ескерілмейді  және  мемлекеттiк  ай-

ыптаушы,  жәбiрленушi,  сотталушы 

және оның қорғаушысы мәлiмдеген 

басқа 

өтiнiшхаттарды 



қарауға 

көшедi. 


Қажет  болған  жағдайда,  ал-

дын  ала  тыңдауда  дәлелдемелер 

ретiнде  жол  берілетінін  тексеру 

үшiн  iс  материалдары  жария  етiлуi 

мүмкiн. 

Егер сотталушы өз iсiн алқабилер 

қатысатын  сотқа  қарату  туралы 

өтiнiшхатын  растамаса,  судья  осы 

Кодекстiң  321-бабының  1-бөлiгiнде 

көзделген  басқа  негiздер  болмаған 

кезде  алдын  ала  тыңдау  аяқталды 

деп  хабарлайды.  Iс  бойынша  одан 

әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 42-тара-

уында  көзделген  қағидалар  бойын-

ша жүзеге асырылады.

 Судьяның  iстi  алқабилер  қа-

тысатын  соттың  қарауы  туралы 

мәселе жөніндегі қаулысы түпкiлiктi 

болып  табылады.  Одан  әрі  қаулы 

сотталушының  ұстанымының  өзге-

руіне орай қайта қаралмайды.

Судья  алдын  ала  тыңдау 

қорытындысы  бойынша  осы  Коде- 

к стiң  322–327-баптарында  көзде-

лген шешiмдердiң бiрiн қабылдайды. 

Егер  сотталушы  істі  алқа-

билердің  қатысуымен  қарау  тура-

лы  өтінішхат  мәлімдесе  немесе 

бұл  туралы  бұрын  мәлімделген 

өтінішхатты растаса, судья сот оты-

рысын тағайындау туралы қаулыда 

iстi  алқабилер  қатысатын  соттың 

қарайтынын көрсетедi және осы сот 

отырысына  шақырылуға  жататын 

алқабиге  кандидаттардың  санын 

айқындайды,  олардың  саны  жиыр-

ма бестен кем болмауға тиiс.

 Судья  алдын  ала  тыңдау 

нәтижелерi бойынша осы Кодекстiң 

112-бабына  сәйкес  дәлелдемелер 

ретiнде  жарамсыз  деп  танылған 

нақты деректердi iс материалдары-

нан алып тастайды.

Судья істi алқабилер қатысатын 

соттың  қарауына  тағайындау  ту-

ралы 


қаулы 

шығарылғаннан 

кейiн  сот  отырысының  хатшы-

сына  саны  қаулыда  көрсетiлген 

алқабиге  кандидаттарды  алқабиге 

iрiктеу  үшiн  олардың  сот  оты-

рысына  келуiн  қамтамасыз  ету 

туралы  өкiм  бередi.   Басты  сот 

талқылауы тағайындалғаннан кейiн 

төрағалық  етушiнiң  өкiмi  бойынша 

сот  отырысының  хатшысы  соттағы 

бiрыңғай  және  қосалқы  (жылдық) 

тiзiмдерден  алқабиге  кандидаттар-

ды  алдын  ала  кездейсоқ  таңдауды 

жүргiзедi.

 Бiр  адам  сот  отырыстарына 

алқаби  ретiнде  жылына  бiр  реттен 

артық қатыса алмайды.

 Қылмыстық  iстi  қарауға  қатысу 

үшiн 


алқабиге 

кандидаттарды 

алдын  ала  кездейсоқ  таңдау 

аяқталғаннан  кейiн  олардың  тегi, 

аты,  әкесiнiң  аты  және  үйінің  ме-

кенжайлары  көрсетiле  отырып,  ал-

дын  ала  тiзiм  жасалады,  оған  сот 

отырысының хатшысы қол қояды.

 Алдын  ала  тiзiмге  енгiзiлген 

алқабиге  кандидаттарға  сот  талқы-

лауы басталғанға дейiн 7 тәулiктен 

кешiктiрiлмей,  сотқа  келетiн  күнi 

мен  уақыты  көрсетiлген  хабарлама 

табыс етіледі.

 Хабарлама  алған  азаматтар 

алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу 

үшiн сотқа келуге мiндеттi.

Кандидаттар 

ішінен 

алқа- 


би ле р дi  iрiктеу  осы  Кодекстің  350–

363-баптарының  талаптары  орын -

дал ғаннан 

кейiн, 


төрағалық 

етушiнiң  алқабиге  кандидаттар-

ды  iстi  қарауға  қатысудан  боса-

туы,  өздiгiнен  бас  тарту  туралы 

мәселелердi 

шешу, 


қарсылық 

білдіру  туралы  мәселелердi  шешу, 

алқабиге  кандидаттарға  уәжсіз 

қарсылық  білдіру  арқылы  жүзеге 

асырылады.   Сот  отырысының  хат-

шысы  төрағалық  етушiге  алқабиге 

кандидаттардың  сот  отырысы-

на  келуi  туралы  баяндайды  және 

алқабиге кандидаттың әрқайсысына 

оның  тегiн  көрсете  отырып,  билет 

жазып  бередi.   Төрағалық  етушi 

алқабиге  кандидаттар  алдында 

өзiн және тараптарды таныстырып, 

қандай iс қаралуға жататынын, заңға 

сәйкес  алқабилердiң  мiндеттерi 

және  олардың  осы  қылмыстық  iстi 

қарауға қатысу тәртiбi туралы хабар-

лап,  қысқаша  кіріспе  сөз  сөйлейдi.  

Алқабиге  кандидатты  iстi  қарауға 

қатысудан  босату  туралы  мәселенi 

объективтi түрде шешу мақсатында 

төрағалық етушi алқабилердi iрiктеу 

кезiнде  кандидаттарға  прокурор, 

жәбiрленушi,  айыпталушы  және 

оның  қорғаушысы  жазбаша  нысан-

да  ұсынған  сұрақтарды,  сондай-ақ 

өзiнiң  қалауы  бойынша,  алқабилер 

алқасын  құру  үшiн  маңызы  бар 

басқа да сұрақтарды қоя алады. 

Алқабиге кандидат iстi қарауға 

қатысу  үшiн  iрiктеу  кезiнде  тө р-

ағалық  етушi  қойған  сұрақтарға 

шынайы  жауап  беруге,  сондай-ақ 

оның талабы бойынша өзi туралы 

және  iске  қатысатын  басқа  адам-

дармен  қарым-қатынасы  туралы 

өзге  де  қажеттi  ақпараттарды  бе-

руге тиiс.

 Төрағалық 

етушi 


алқабиге 

кандидаттардың  абыройы  мен 

қадiр-қасиетiн  түсіретiн  сұрақтар 

қоймайды.

Төрағалық  етуші  сұрақ  пен 

жауаптың  процеске  басқа  да 

қатысушылар  мен  залда  қатысып 

отырған  адамдар  үшін  қолжетімді 

болмауын сақтай отырып, алқабиге 

кандидатқа  кейбір  сұрақтарды 

қоюға құқылы, ал кандидат оған жа-

уап беруге құқылы.

 Төрағалық  етушi  алқабиге  кан-

дидатты  iстi  қарауға  қатысудан 

босатуға 

байланысты 

барлық 

мәселелердi,  сондай-ақ  өздiгiнен 



бас  тартуларды  және  алқабиге 

кандидаттарға  мәлiмделген  қарсы-

лық  білдірулерді  кеңесу  бөлмесiне 

кетпей  тұрып,  сот  отырысының 

хаттамасына  судьяның  қаулысын 

енгізе отырып жеке-дара шешедi. 

Егер  сотқа  шақырылған  алқа-

биге  кандидаттар  жиырма  бестен 

кем  болса,  не  олардың  кейбiрiн 

сот  талқылауына  қатысудан  босат-

қаннан  кейiн  немесе  төрағалық 

етушi  судья  өздiгiнен  бас  тарту-

лар  мен  қарсылық  білдірулерді 

қанағаттандырғаннан кейiн олар он 

жетіден  азайып  қалса,  төрағалық 

етушi  сот  отырысының  хатшысына 

алқабиге  кандидаттар  құрамының 

жетiспейтiн санын қосалқы тiзiмнен 

толықтыру туралы өкiм бередi. Бұл 

жағдайда сот отырысында алқабиге 

қосалқы  кандидаттарды  шақыру 

үшiн үзiлiс жарияланады.



Төрағалық етушiнiң 

алқабиге кандидаттарды iстi

қарауға қатысудан босатуы

Төрағалық 

етушi 

алқабиге 



кандидаттарға  олардың  осы  Ко-

дексте  белгiленген  мiндеттерiн 

түсiндiредi, содан кейiн алқабиге кан-

дидаттардан  iстi  қарауға  өздерінің 

алқаби  ретiнде  қатысуына  кедергi 

келтiретiн мән-жайлардың бар-жоғы 

туралы  сұрайды .  Атап  айтқанда, 

қылмыстық  құқық  бұзушылық  жа-



43

ЗАҢГЕР №7 (168), 2015

сады  деп  күдiк  келтірілетін  немесе 

айыпталатын;  сот  iсi  жүргiзiлетiн 

тiлдi  бiлмейтiн  адамдарды,  мыл -

қау ларды,  саңырауларды,  зағип-

тарды;  мүгедек  болып  табыла-

тын  басқа  да  адамдардың  сот 

отырысына 

толыққанды 

қаты-


суын  қамтамасыз  етудің  ұйымдас-

тырушылық  не  техникалық  мүмкiн-

дiктері  болмаған  кезде,  оларды 

процеске  қатысушылармен  бірге 

талқыламастан, алқаби мiндеттерiн 

атқарудан босатады. 

Алпыс  бес  жастан  асқан  адам-

дарды; үш жасқа толмаған балала-

ры  бар  әйелдердi;  дiни  нанымына 

байланысты  өзінің  сот  төрелiгiн 

жүзеге  асыруға  қатысуы  мүмкiн 

емес  деп  танылған  адамдарды; 

қызметтiк  мiндеттерiн  орындау-

дан  алаңдатылуы  қоғамдық  және 

мемлекеттiк  мүдделерге  едәуiр 

зиян  келтiруi  мүмкiн  адамдар-

ды  (дәрiгерлер,  мұғалiмдер,  әуе 

жолдарының  ұшқыштары  және 

басқалар); сот отырысына қатыспау 

үшiн дәлелдi себептерi бар өзге де 

адамдарды  олардың  ауызша  не-

месе  жазбаша  өтiнiшi  бойынша, 

процеске  қатысушылармен  бірге 

талқыламастан, алқаби мiндеттерiн 

атқарудан  босатуы  мүмкін.   Содан 

кейін,  төрағалық  етушi  алқабиге 

кандидаттардан  сотта  қаралатын 

iстiң мән-жайлары туралы хабардар 

адамдар бар-жоғын анықтайды. 

Осы  адамға  заңсыз  көрсетiлген 

ықпал  ету,  онда  теріс  пiкiрдің  бо-

луы, ол iстiң мән-жайларын процес-

тен  тыс  ақпарат  көздерінен  емес, 

басқа  ақпарат  көздерінен  бiлуi 

салдарынан  оның  объективтiлiгiне 

негiздi  күмән  келтiрiлсе,  сондай-

ақ  алқабиге  кандидат  алқаби 

ретiнде  iстi  қарауға  қатысқан  кез-

де  объективтi  болмау  мүмкiндiгiн 

көрсететiн  басқа  да  себептермен 

iс  бойынша  алқабидiң  мiндеттерiн 

атқарудан босатады.

Алқабиге  кандидаттардың  өздi-

гiнен  бас  тартуы  туралы  мәсе-

лелердi  шешу  үшін  төрағалық 

етушi  алқабиге  кандидаттардан 

олардың  қайсыбiрiн  iстi  қарауға 

қатысудан  босату  үшiн  заңда 

көзделген  себептердiң  бар-жоғы 

туралы  сұрайды.  Келген  алқабиге 

кандидаттардың  әрқайсысы  өз-

інің  алқаби  мiндеттерiн  орында-

уына  кедергi  келтiретiн  дәлелдi 

себептерін  көрсетуге,  сондай-ақ 

өздiгiнен  бас  тартуды  мәлiмдеуге 

құқылы. 


Төрағалық  етуші  тараптардың 

пікірін  тыңдап,  алқабиге  канди-

дат тың  өздігінен  бас  тартуын 

қанағаттандыру,  не  қанағат танды-

рудан  бас  тарту  туралы  қаулы 

шығарады.

Алқабиге  кандидаттарға  қарсы-

лық  бiлдiру  туралы  мәселелердi 

шешу  үшін  олардың  әрқайсысына 

мынадай 


жағдайларда, 

егер, 


алқабиге кандидат осы iс бойынша 

жәбiрленушi,  азаматтық  талапкер, 

азаматтық  жауапкер  болып  та-

былса,  куә  ретiнде  шақырылса,  не 

шақырылуы мүмкiн болса;

-  алқабиге  кандидат  осы 

қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге 

сарапшы, 

маман, 

аудармашы, 



куәгер,  сот  отырысының  хатшы-

сы,  анықтаушы,  тергеушi,  про-

курор, 

қорғаушы, 



күдіктінің, 

айыпталушының 

заңды 

өкiлi, 


жәбiрленушiнiң өкiлi, азаматтық та-

лапкер немесе азаматтық жауапкер 

ретiнде қатысса;

-  алқабиге  кандидат  жәбiрле-

нушiнiң,  азаматтық  талапкердің, 

азаматтық 

жауапкердiң 

неме-


се  олардың  өкiлдерiнiң,  айыпта-

лушының,  сотталушының  немесе 

оның  заңды  өкiлiнiң,  прокурордың, 

қорғаушының,  тергеушiнiң  неме-

се  анықтаушының  туысы  немесе 

жекжаты  (аға-iнiсi,  апа-қарындасы-

сіңлісі,  ата-анасы  және  ерлi-

зайыптылардың  баласы)  болып 

табылса;  алқабиге  кандидат  осы 

iске  жеке,  тiкелей  немесе  жанама 

мүдделi  деп  санауға  негiз  беретiн 

өзге  де  мән-жайлар  болса,  про-

курор,  жәбiрленушi,  азаматтық  та-

лапкер,  азаматтық  жауапкер  және 

олардың  өкiлдерi,  сотталушы  және 

оның  қорғаушысы  оған  қарсылық 

білдіруді мәлiмдеуге тиiс. Төрағалық 

етуші  тараптардың  пікірін  тыңдап, 

алқабиге  кандидаттықтан  өздігінен 

бас  тартуды  қанағаттандыру,  не 

қанағаттандырудан  бас  тарту  тура-

лы қаулы шығарады.



Алқабиге кандидаттарға 

уәжсiз қарсылық бiлдiру

Егер  осы  Кодекстiң  642-ба-

бының 

талаптарын 



орындау 

нәтижесiнде сот отырысына қатысу 

үшiн алқабиге кандидаттардың он 

жетiден  астамы  қалса,  төрағалық 

етушi  алқабиге  кандидаттардың 

қалған  санын  жариялайды,  одан 

кейiн  олардың  тегi  көрсетiлген 

билеттердi 

жәшiкке 

салады, 


Судья істi алқабилер қатысатын соттың қарауына 

тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн 

сот отырысының хатшысына саны қаулыда 

көрсетiлген алқабиге кандидаттарды алқабиге iрiктеу 

үшiн олардың сот отырысына келуiн қамтамасыз 

ету туралы өкiм бередi. Басты сот талқылауы 

тағайындалғаннан кейiн төрағалық етушiнiң өкiмi 

бойынша сот отырысының хатшысы соттағы 

бiрыңғай және қосалқы (жылдық) тiзiмдерден 

алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ 

таңдауды жүргiзедi

Сотталушы немесе iске бiрнеше сотталушы қатысса, 

барлық сотталушы өздерiнiң алқабиге кандидаттарға 

қарсылық білдіру құқығынан бас тартқан жағдайда, 

олардың қарсылық білдіруі жеребе тастау арқылы 

жүргiзiледi, оның барысында сот отырысының 

төрағалық етушiсі, не хатшысы алқабиге 

кандидаттың қаншасына қарсылық білдірілуі мүмкiн 

болса, қарсылық білдірілмеген сонша алқабиге 

кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттердi 

жәшiктен алып тастайды

Қылмыстық процесс

44

ЗАҢГЕР №7 (168), 2015

билеттердi  араластырады  және 

жәшiкте  он  жетi  билет  қалу  үшiн 

одан  қанша  қажет  болса,  сонша 

билеттi алып тастайды. 

Төрағалық  етушi  осы  бап тың 

1-бөлiгiнің  талаптары  орындал-

ғаннан  кейiн  мемлекеттiк  айып-

таушының,  сондай-ақ  сотталу-

шының  және  (немесе)  оның 

қорғаушысының  уәжсіз  қарсылық 

білдіруді  жүргiзуі  үшiн  алқабиге 

кандидаттардың  тегi  көрсетiлген 

қалған он жетi билеттi бередi, оның 

нәтижесiнде  алқабиге  он  екi  кан-

дидат  қалуға  тиiс.   Мемлекеттiк  ай-

ыптаушы,  сотталушы  және  оның 

қорғаушысы 

төрағалық 

етушi 


арқылы  алқабиге  кандидаттардың 

қайсыбірінен  өзiн  таныстыруын 

сұрауға құқылы. 

Егер iске бiр сотталушы қатысса, 

алқабиге  екі  кандидатқа  уәжсіз 

қарсылық  білдіруді  –  мемлекеттiк 

айыптаушы,  одан  кейiн  алқабиге 

үш кандидатқа уәждеусіз қарсылық 

білдіруді  сотталушы  және  (неме-

се)  оның  қорғаушысы  көрсетiлген 

кезектiлiкпен жүргiзедi. 

Егер  iске  бiрнеше  сотталу-

шы  қатысса,  мемлекеттiк  айып-

таушы  ары  кеткенде  алқабиге  екi 

кандидатқа  қарсылық  білдіруге 

құқылы. Бұл ретте алқабиге канди-

даттарға  қарсылық  білдіру  – 

сотталушылардың  өзара  келiсуi 

бойынша, 

ал 


мұндай 

келiсу 


болмаған  жағдайда,  егер  мүмкiн 

болса, 


қарсылық 

білдірілетін 

алқа биге  кандидаттардың  санын 

олардың арасында тең бөлу арқылы 

жүргiзiледi .

Осы  баптың  5-  бөлiгiнің  талап-

тарын  орындау  мүмкiн  болмаған 

жағдайда,  бiрнеше  сотталушының 

алқабиге  кандидаттарға  қарсылық 

білдіруі  барлық  сотталушының  тегі 

көрсетілген 

билеттердi 

жәшiкке 

салып,  жеребе  тастау  арқылы 

жүргiзiлуге  тиiс.  Жеребе  тастау 

қарсылық  білдірілмеген  алқабиге 

кандидаттардың  санына  тең  сан-

да  жүргiзiледi.  Төрағалық  етушi 

сотталушының 

тегi 


көрсетiлген 

билеттi  жәшiктен  қанша  рет  алса, 

алқабиге сонша кандидатқа сотта-

лушы қарсылық білдіруге құқылы. 

Сотталушылардың  қайсыбiрiнiң 

алқабиге  кандидаттарға  қарсылық 

білдіру  құқығынан  бас  тартуы 

басқа  сотталушылардың  алқабиге 

кандидаттардың  кемiнде  он  екiсi 

қалғанға  дейiн  оларға  қарсылық 

білдіру  құқығына  шек  қоюға  әкеп 

соқпайды. 

Мемлекеттiк  айыптаушы,  сот-

талушы  немесе  оның  қорғаушысы 

алқабиге 

кандидаттардың 

тегi 

көрсетiлген  билеттерге  уәждерiн 



көрсетпей-ақ, қойылған қолдарымен 

бекітілген 

«қарсылық 

білдіру» 

деген  жазу  арқылы  алқабиге 

кандидаттарға  қарсылық  білдіруді 

мәлімдеуі 

мүмкiн. 


 Сотталушы 

өзiнiң 


қорғаушысына 

алқабиге 

кандидаттарға  қарсылық  білдіру 

құқығын жүзеге асыруды тапсыруға 

құқылы.  Егер  сотталушы  өзiнiң 

алқабиге  кандидаттарға  қарсылық 

білдіру құқығынан бас тартса, онда 

қорғаушы оның келiсiмiнсiз алқабиге 

кандидаттарға  қарсылық  білдіруге 

өз бетiнше қатысуға құқылы емес. 

Сотталушы немесе iске бiрнеше 

сотталушы  қатысса,  барлық  сот-

талушы 

өздерiнiң 



алқабиге 

канди даттарға  қарсылық  білдіру 

құқығынан  бас  тартқан  жағдайда, 

олардың  қарсылық  білдіруі  же-

ребе  тастау  арқылы  жүргiзiледi, 

оның  барысында  сот  отырысының 

төрағалық  етушiсі,  не  хатшысы 

алқабиге  кандидаттың  қаншасына 

қарсылық  білдірілуі  мүмкiн  бол-

са,  қарсылық  білдірілмеген  сон-

ша  алқабиге  кандидаттардың  тегi 

көрсетiлген  билеттердi  жәшiктен 

алып тастайды. 

Тараптар 

уәжсіз 

қарсылық 



білдірген алқабиге кандидаттардың 

тегi көрсетiлген билеттер iс матери-

алдарына қоса тiгiледi.

Жеребе тастау 

арқылы алқабилер 

алқасын құру

Сотта  iстi  қарайтын  алқабилер 

алқасы негiзгi құрамдағы (алқабилер 

алқасының  құрамын  құрайтын)  он 

және қосалқы екi алқаби құрамында 

жеребе тастау арқылы құрылады. 

Алқабилер 

алқасын 


құру 

үшiн  төрағалық  етушi  қарсылық 

білдірілмеген  алқабиге  кандидат-

тардың  тегi  көрсетілген  билеттердi 

жәшiкке  салады,  оларды  ара-

ластырады  және  бiр-бiрлеп  он 

екi  билеттi  алады,  әрбір  ретте 

билетте 


көрсетiлген 

алқабиге 

кандидаттың  тегiн  жариялайды. 

Егер  алқабилер  алқасын  құрудың 

дұрыстығына  ықпал  ететiн  қандай 

да бiр бұзушылыққа жол берiлмесе, 

алқабилер  алқасы  құрылды  деп 

танылады.  Бұл  ретте  жеребе  та-

стау  арқылы  iрiктелген  алғашқы  он 

алқаби  –  негiзгi  құрамның  алқабиi, 

ал  соңғы  екеуi  қосалқы  алқаби  бо-

лып есептеледi. 

Қарсылық  білдіру  туралы  мә-

селенi  шешу  кезiнде  немесе 

алқабилер  алқасын  құру  кезiнде 

оның  құрылуының  дұрыстығына 

ықпал  еткен  қандай  да  бiр 

бұзушылыққа  жол  берiлсе,  сондай-

ақ бiр немесе одан да көп алқабиді 

мемлекеттiк  құпияға  жіберуден  бас 

тартылған  жағдайда,  төрағалық 

етушi  алқабилер  алқасының  құры-

луын жарамсыз немесе ол құрылған 

жоқ деп жариялайды және алқабиге 

кандидаттарға  толық  көлемiнде 

қайта iрiктеу жүргiзедi.  

Сот  отырысының  хатшысы  же-

ребе  тастау  арқылы  iрiктелген  он 

екi алқабидiң тегiн жәшiктен билет-

тер қалай алынса, сол тәртiппен сот 

отырысының  хаттамасына  енгiзедi. 

Жеребе  тастау  арқылы  iрiктелген 

алқабилердiң  тегi  және  олардың 

саналатын реттік нөмірі көрсетiлген 

билеттер  iс  материалдарына  қоса 

тiгiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет