8
ЗАҢГЕР №7 (168), 2015
8
Думан МӘУЛЕНОВ
Тараз қаласы мамандандырылған әкімшілік
сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты
Қазақ хандығына 550 жыл
Биыл Қазақ хандығының құ-
рылғанына 550 жыл толып отыр.
Кезінде
Мемлекет
басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Та-
рих толқынында» атты кітабында:
«Қазақ хандығын орталық Азиядағы
тұңғыш ұлттық мемлекет», – деп
атап көрсеткен болатын. Шынын-
да, біздің тарихшыларымыз Қазақ
хандығының құрылуы этникалық
дамуды, яғни қазақ халқының
қалыптасуын жаңа сатыға көтер-
генін, осылайша «қазақ» атты нақты
этнонимді, «Қазақстан» деген жаңа
этносаяси терминді дүниеге алып
келгенін зерттеп, дәлелдеп жазып
жүр. Мұның өзі тұтас бір дәуірді
құрайтын тарихи даму кезеңі.
Осынау кезеңде халқымыздың
ұлт ретінде қалыптасу процесімен
қатар ұлттық санасы да бекіп,
нығайып,
қоғамдағы
саяси-
БИЛЕР СОТЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІ
МЕН ҮКІМДЕРІНІҢ
ҚАЗІРГІ СОТ АКТІЛЕРІМЕН
САБАҚТАСТЫҒЫ
әлеуметтік, құқықтық институттар
жаңа сатыға көтерілді. Ел басқаруда,
елдің ішкі-сыртқы мәселелерін ше-
шуде қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-
дәстүріне сүйенген жаңа үрдістер
байқалды, қазір көп айтылып, көп
жазылып жүрген құқықтық жүйелер
мен нормалар қалыптаса баста-
ды. Қазақтың дәстүрлі құқығының
көрінісі ретінде өмірге енген билер
институты соның нақты мысалы
бола алады.
Қазақтың билер соты жүйесін
терең зерттеген академик Салық
Зимановтың
жазуы
бойынша,
қазақ қоғамының бүкіл құқықтық
әлеміндегі негізгі билік даланың өз
заңдары еді, ол заңдарды сақтаған,
дамытқан, жетілдірген және жүзеге
асырған сол билердің өзі болатын.
Би, ең алдымен, сот (судья). Бидің
өзі де беделді, оның жасаған билігі
де әділетті болғандықтан, билер
дәстүрлі билік жүйесінің қайраткері
болып есептелді. Тарихшылар мық-
ты билердің ел басқарған хандарға
ерекше ықпал еткенін жиі айтуда.
Өйткені олар: «Тура биде туған
жоқ, туғанды биде иман жоқ»,
«Шыннан өзге Құдай жоқ», – деген
прициптерді басшылыққа алған [1].
Қазақ халқы өз билеріне сен-
ген, билердің шешімін бұлжытпай
орындауға тырысқан [2, 421-б.].
Билер халықтың қалың ортасынан
шыққан, елінің әдет-ғұрыптарын
жақсы білген, әрі солардың негізінде
билік айтқан. Олардың беделі аса
жоғары болуы да сондықтан деуге
болады.
Мысалы, тарихта Қазыбек бидің
бір малшының сөзін сөйлеп, ар-
намысын қорғап қалған мынадай
оқиға болған.
8
ЗАҢГЕР №7 (168), 2015
9
ЗАҢГЕР №7 (168), 2015
9
Билер соты
Жантай деген бай малшы-
сымен төбелесіп, тісін сынды-
рып алады. Малшы жұмыстан
шығады. Бай сынған тісінің төлеуі
деп еңбекақысын бермейді. Екеуі
Қазыбек биге келеді. Бай күрек
тісінің құны үшін ақысын бермейтінін
айтады. Сонда жалшы:
Мен жалға жүрдім Жантайға,
Бір тай алмақ болып алты айға.
Бір асына жарытпады,
Мен күшіме жарытпадым.
Содан барып төбелес туды,
Жазым болып күрек тіс сынды.
Бұл дауға би мынадай билік ай-
тыпты:
– Ас адамның арқауы. Жантай
асқа жарытпаған соң жалшыға күш
қайдан дарысын. Аш кісі ұрысқақ
деген, төбелестің шығыуына да өзің
себепкер болғансың, сондықтан
ақысын бер, күрек тісің құнсыз.
Еркектің қалған тісі аман болса,
бір тістен келер кемшілік жоқ. Ал
әйелдің күрек тісі әрі көркі, әрі жіп
қиятын қаруы, – деген екен.
Ал Төле би «Бала дауын» бы-
лайша шешкен екен. Екі әйел бір
балаға дауласып, бидің алдына
келеді. Әрқайсысы баланың өзінен
туғандығын айтады. Би баланың
екі қолынан екі әйелге кере ұстатып
қойып, «Баланы екеуіңе де бөліп
беремін» деп қылышын көтеріп
шаппақ болады. Сонда бірі: «Мейлі
маған да, оған да жоқ болсын, шап»,
– дейді. Екінші әйел дауды тоқтатып,
«Шаба көрмеңіз, қайда жүрсе де
аман болсын», – деп балаға қалқан
болады. Би баланың анасы деп оны
өлімге қимаған ананы таниды.
Мұндай өткір де тапқыр шешім-
дерді сол замандағы билердің
бәрінен табуға болады. Ал акаде-
мик Сұлтан Сартаев «Төле би – би-
лерге үлгі болған би» деген баян-
дамасында: «Билер шешімінің бір
ерекшелігі бар, ол – бидің шешімін
хан да өзгерте алмаған», – деген
дерек келтіреді [3, 421-б.].
Қазақ өлкесін біртіндеп бағын-
дыруды көздеген Ресей импе-
риясы жергілікті халықтың әдет-
ғұрпын, салт-санасын, жазылған,
жазылмаған заңдары мен дәстүр-
лерін мұқият зерттеген. Өйткені
отаршылдық саясаттың жымысқы
әрекеттерінің бірі – сол халықтың
жетістіктері мен кемшіліктерін,
ерекшеліктерін ғана емес, ділін және
дінін білуге ұмтылатындығы. Бұл істі
қазақ өлкелері Ресей қарамағына
алынғаннан кейін де жалғастырып,
қазақ халқының дәстүрлері негізінде
қазақтар үшін тиісті заңдар, заңдық
құжаттар жасауға әрекет жасаған.
Сөйтіп, 1823 жылдары Батыс Сібір
губернаторлығы қазақ заңдарын жа-
сау үшін уақытша комитет құрғаны
белгілі [4, 25-б.]. Сол әрекеттердің
нәтижесінде қазақтың әдет-ғұрып
заңдарының жинағы және оларға
қатысты Омбы уақытша комитетінің
ережелері жарыққа шыққан. Әрине,
бұл құжаттарда қазақтың әдет-
ғұрпы толық мағынасында сақталуы
мүмкін емес. Империялық астам
пиғылдағы Ресей патшалығы өз
мүддесін бірінші орынға қойғаны
анық. Сонда да белгілі бір тарихи
кезеңде қол астындағы халқының
тарихи дәстүрімен, ұлттық ерек-
шеліктерімен санасуға да мәжбүр
болған.
Сондықтан да бұл құжаттарда
Дала демократиясы жағдайында
қалыптасқан халқымыздың әдет-
ғұрпы бойынша түрлі қылмыс, ар-
намысқа тию, кісінің қадір-қасиетін
кемсіту
жағдайлары
бойынша
қалыптасқан дәстүрлі жаза түрлері
бар. Мысалы жазаның айып салу,
құн төлету тәрізді түрлері көбірек
қолданылғаны байқалады. Түрмесі
болмаған, кісі өлтіру сияқты ауыр
қылмыс сирек кездесетін дала
жағдайында кінәлі мен жазықтыға
айып төлету, кешірім сұрату, жұртқа
жария ету, бетіне салық қылу, ат-
шапан айып салу тәрізді барынша
қарапайым, зорлық-зомбылықсыз
шаралар, жазалар қолданылып
отырған.
Қазақтардың ежелден келе
жатқан заңдарында кісі өлтіргені
үшін құн төлеу жазасы бар. Атап
айтқанда, ер адамды өлтіргені үшін
100 жылқы, әйелді өлтіргені үшін
соның жартысы, ал хан тұқымынан
шыққан сұлтанды өлтіргені үшін 6
еселенген құн төленеді екен. Өлім
жазасы да қолданылуы мүмкін. Сол
сияқты ұрлығы, көзін шығарғаны,
саусақтарын сындырғаны, төбелес-
кені, тісін сындырғаны, тағы басқа
қиянаттары, зиянкестіктері үшін
айып салынып, шығыны өтеліп жа-
тады. Әрине, осы қылмыс деңгейін
анықтаудың қай-қайсысында бол-
масын, ең бастысы, жеке адамның
немесе тұтас отбасының, үлкен
әулеттің, қарапайым адам мен
ақсүйектің, әйел мен еркектің ар-
намысына
тию,
қадір-қасиетін
кемсіту мөлшері ұлттық салт-дәстүр
тұрғысынан қарастырылғаны дау-
сыз. Мысалы, атастырылмаған
қызды әлдебіреу зорлап кет-
се, қыз әкесіне қалыңмал төлеуі
тиіс. Өлім жазасына кесілуі де
мүмкін. Ал атастырып қойған
қызды алып қашқанға өлім жаза-
сы қолданылады немесе қызды
күйеуіне қайтарып, үстіне қыз
қосып береді. Бұл жерде қыз на-
мысын сақтау ғана емес, халықтың
дәстүр-салтын қорғау мәселесі
де тұр.
Билердің
шешімдері
толық
орындалуға жатады. Рас, орындал-
майтын жағдайлар да кездеседі.
Мұны айқын түсіну үшін барымта
мәселесін алайық. Біз ең әуелі ба-
рымта дегеніміз не екенін түсініп
алуымыз керек. Өйткені, қазіргі
кезде көп жерде, әсіресе ақпарат
құралдарында оны мал ұрлығымен
шатастырып жүргендер көп. Әдетте,
малға, басқа да дүние-мүлікке
қатысты болғанымен, барымта
мал ұрлығы емес. Барымта қай
кезде жасалады? Ол бидің шешімі
орындалмаған кезде туындайды.
Билер сотының ең басты ерекшелігі – биді дау
тараптарының өздері таңдауы. Яғни, екі тарап
қай бидің әділ шешім қабылдайтынына сенімді
болса, сол биге жүгінетін болған. Бұл рәсімге ұқсас
тетіктер қазіргі заңнамада да баршылық. Мысалға,
қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодекске сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық
туралы өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға іс
соттылығын ауыстыруға талап-тілек енгізе алады.
Қазіргі қолданыстағы сотқа қарсылық білдіру рәсімі
де билер сотының тұсындағы биді таңдау тәртібіне
ұқсас. Ал аралық соттар қызметі тұтастай биді
тараптардың өздерінің таңдауын еске салады
9
ЗАҢГЕР №7 (168), 2015
10
ЗАҢГЕР №7 (168), 2015
Қазақ хандығына 550 жыл
10
ЗАҢГЕР №7 (168), 2015
Мысалы, бір елдің кісісін өлтіргені
үшін билердің ұйғарымы бойынша
кінәлі жақ 100 жылқы төлейтін бол-
са және белгілі бір уақыт өткеннен
кейін ол шешім жүзеге аспаса, зар-
дап шеккен жақтың соңғы амал
ретінде немесе ашу үстінде барым-
та әрекетіне бару әдеті қазақтар
арасында
көп
болған.
Олар
тұтқиылдан топ жинап, барымта
жасайтынын айтып, не айтпай-
ақ әлгі берілмеген 100 жылқыны
қайтарып алуға әрекет жасайды.
Міне, осы жерде бірнеше түйткілді
жағдай туындайды. Екі жақ бір-
бірімен төбелеске, қырқысқа ба-
рады. Кісі өлімі де болуы мүмкін.
Мұның бәрі би шешімі дер кезінде
орындалмағандықтан
болған
жағдай. Заңдық тұрғыдан алғанда,
барымта – қайтарылмаған мал-
мүліктің орнын толтыру немесе
жүзеге аспай тұрған билер шешімін
орындау тәсілі. Бұл барымтадан
туындаған мәселелерді егер кісі өлімі
болмаса, сол бидің өзі шеше берген
және барымтаға себеп болған жайт-
тар қайта таразыға түскен.
Бұл сөзіміз дәлелді болу
үшін
көрнекті
ғалым
Шоқан
Уәлихановтың еңбектеріне сүйен-
сек болады. Ол Ресей билігінің
Даланың дәстүрлі құқықтық заң-
дарын түсінбеуінен туындайтын
кейбір мәселелерді алға тартады.
Мысалы, империя заңдарымен
шешілетін аса ауыр қылмыстар,
яғни кісі өлімі, қарақшылық шабуыл,
өкіметке қарсы қозғалыс, билікке
бағынбау, жалған ақша жасау, тағы
басқаларының қасына барымтаны
да қосып қойғанын байқайды. Өз
елінің салт-дәстүрін жетік білетін
ұлы ғалым мұндай көзқараспен
келіспейді.
Қазақта барымта көп жағдайда
заң жүзінде орын алған, айталық,
ұрлық, тонау, айдап кету үшін
айып жазасы белгіленсе, барымта
үшін жаза жоқ. Өйткені, барымта
дегеніміз/біреудің заңды түрде өзіне
тиісті мал-мүлкі, жеке меншігі үшін,
айталық, қалыңмал немесе құн үшін
төленбеген борышын қайтарып
алуы. Ал мұндай жағдай қазақ
қоғамында аз болмаған.
Шоқан Уәлиханов барымтаның
не екенін түсіндіре келіп, былай
дейді: «Но относительно баранты
следовало бы сделать некоторые
смягчения и уступки. В наших су-
дах слово баранта имеет какое-то
несвойственное самому акту роко-
вое страшное значение и считает-
ся самым важным преступлением
после измены и убийства». Орыс
патшасының шенеуніктері барым-
таны «угон с убийством», басқаша
айтқанда «кісі өлімін туғызатын мал
айдап кету» деп жаңсақ түсінген [5,
96–97-бб.].
Сол дәуірдің өзінде соттың,
бидің беделін сақтау, құрметтеу
күн тәртібіне батыл қойылғанын
байқаймыз. Бидің өзіне тіл тигі-
зу, жала жабу, сабау немесе
өлтіру тәрізді жағдайлардың бәрі
айыпкердің түрлі мөлшерде құн
төлеуіне әкеп соғады. Сондай-ақ
бидің алдында жасалған өрескел
әрекеттер де жазаланады. Би ал-
дында біреуді балағаттау, тіл тигізу,
төбелес шығару, өлтіру де үлкен
жазаларға лайық. Өйткені, мұндай
кезде бидің беделіне нұқсан келеді,
қадір-қасиеті
кемсітіледі.
Бұл
мәселе бүгін де өзінің өзектілігін
жоғалтқан жоқ.
Қандай да бір кінәсі, қылмысы
үшін жазалауда адамдардың қо-
ғамдағы орнымен, жыныстық, әлеу-
меттік, тектілік жағдайымен санасу
анық байқалады. Мысалы, қожа,
төре әулетінен шыққан адам мен
қарапайым адамды ұрып-соғу, не
өлтіру, тіл тигізу жауапкершілігі
бірдей емес. Бұл жерде үш жүзге
бөлінген қазақтың рулық құрамынан
тыс дін таратушы қожалар мен
Шыңғысхан ұрпақтары делінетін
төрелер ерекше мәртебеге ие
болғаны анық көрінеді. Оларды жай
қазақтан бөлек бағалау дәстүрге ен-
ген. Би мен старшиналар қарапайым
халықпен тең жағдайда болған. Ер
адам мен әйел адамның айыпты
болуы да, жаза тартуы да әр түрлі.
Әйелді тілдеген немесе ұрған адам
кешірім сұрайды. Жәбірленуші әйел
оған келіспесе, айыпкерге ат-шапан
төлетеді, төлей алмаса ұяты бетіне
басылады, тіпті шіріген жіпті мойына
тағып, киіз үйді 3 рет айналдыруы
мүмкін. Ер адамды тілдегені үшін
жаза бұдан басқаша. Егер мыр-
за өзінің қызметшісін өлтіріп алса,
тек Жаратушының алдында жау-
ап береді. Қызметші өз мырзасын
өлтіріп алса, ол да Жаратушының
алдында жауапты. Тек өлген
мырзаның туысқандары талап етсе,
қызметші асып өлтіріледі. Яғни мыр-
за мен қызметшінің құқығы тең емес.
Осыларға
қарағанда
өткен
ғасырларда қазақ қоғамында қа-
лып тасқан түсініктер мен дәс-
түрлер бойынша заң алдында
жұрттың бәрі бірдей деген қағида
қалыптаспаған.
Қызметші
мен
мырзаның, әйел мен еркектің,
қожа – төре мен қара халықтың
құқықтары әр түрлі. Яғни, соған
сәйкес қоғамдағы түрлі әлеуметтік
топтардың ар-намысы мен қадір-
қасиеті түрліше бағаға ие болған.
Әлбетте, адам мен азаматтың заң
алдында теңдігін негізгі қағида деп
белгілеген бүгінгі құқықтық жүйеміз
үшін бұл қарама-қайшы үрдіс.
Дей тұрғанмен, жалпы еліміздің
құқықтық тарихын жан-жақты зерт-
тей түссек, бүгінгі күннің пайдасына
жарайтын тәжірибелер аз болмай-
тыны ақиқат.
Билер соты үкім-шешімдерінің
бүгінгі күннің сот актілерімен
сабақтастығы мәселесін сөз ет-
кенде айтылатын да, салыстыра-
тын да жайлар табылады. Әрине,
заман басқа, қоғам басқа. Соған
сәйкес талғам мен түсініктер,
дәстүр мен құндылықтар, ереже-
нормалар өзгеше. Дей тұрғанмен,
сабақтастық, жалғастық, ұқсастық
бар екені де дау туғызбайды.
Билер сотының ең басты
ерекшелігі – биді дау тараптарының
Билердің бітімгершілік рөлі айқын көрінеді. Қазіргі
қолданылып жүрген медиация рәсімі қазақтың
билер институтынан бастау алады деуге толық
негіз бар. Кейбір даулы істер рулар арасындағы
араздықты туғызуы немесе қоздыруы мүмкін
жағдайлар аз болмаған. Мұндай кезде соңғы
шешімді бір би шығарғанымен, әр рудың игі
жақсылары, би-шешендері дауға байланысты
ескерілуге тиіс ой-пікірлерін білдірген. Мұны бүгінгі
сот процесіндегі жарыспалық қағидасының сол
замандағы бір көрінісі деуге болады
11
ЗАҢГЕР №7 (168), 2015
Билер соты
11
ЗАҢГЕР №7 (168), 2015
өздері таңдауы. Яғни, екі тарап қай
бидің әділ шешім қабылдайтынына
сенімді болса, сол биге жүгінетін
болған. Бұл рәсімге ұқсас тетіктер
қазіргі заңнамада да баршылық.
Мысалға, қолданыстағы Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодекске
сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық
туралы өзіне қатысты іс жүргізіліп
жатқан тұлға іс соттылығын
ауыстыруға талап-тілек енгізе ала-
ды. Қазіргі қолданыстағы сотқа
қарсылық білдіру рәсімі де билер
сотының тұсындағы биді таңдау
тәртібіне ұқсас. Ал аралық соттар
қызметі тұтастай биді тараптардың
өздерінің таңдауын еске салады.
Билердің бітімгершілік рөлі
айқын көрінеді. Қазіргі қолданылып
жүрген медиация рәсімі қазақтың
билер институтынан бастау алады
деуге толық негіз бар. Кейбір даулы
істер рулар арасындағы араздықты
туғызуы немесе қоздыруы мүм-
кін жағдайлар аз болмаған. Мұн-
дай кезде соңғы шешімді бір
би шығарғанымен, әр рудың игі
жақсылары, би-шешендері дауға
байланысты ескерілуге тиіс ой-
пікірлерін білдірген. Мұны бүгінгі
сот
процесіндегі
жарыспалық
қағидасының сол замандағы бір
көрінісі деуге болады.
Осы тұста кейбір ұсынысымызды
да айта кеткен жөн болар. Бүгінгі
күні «билік» деген терминге,
оның қолданылуына байланысты
кейбір мәселелер бар. Тіл маманы
болмағандықтан, кең тарқатып айту
қиындау. Дей тұрғанмен бұл сөздің
бүгінгі сот жүйесіндегі қолданысын
ғылыми негізде талдап, пікірталасқа
тілші-ғалымдарды тарта отырып,
бір қорытындыға келу керек сияқты.
Мысалы, қазіргі азаматтық іс жүргізу
заңнамасына сәйкес талап арызды
сотта қарау қорытындысы бойынша
қабылданатын сот актісі «шешім»
деп аталатынын айтуымыз керек.
Ал заңнаманы, сот тәжірибесін
ұлттық құндылықтарымызды ескере
отырып жаңарту туралы пікірлер жиі
айтылып жүрген тұста, бәлкім, бұл
актінің атауын «билік» деп өзгертсек
қалай болады? Жалпы шешім, үкім,
билік, ұйғарым деген ұғымдарды
қолдану жайын талқыға салу керек
шығар...
Қазақтың әдет-ғұрып құқығы
бойынша қайнар көздерді зер-
делесек, билер өз шешімдерінің
орындалуын қадағалап отырған
деген тұжырымға келуге болады.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жыл-
дарында сот орындаушылары сот
мәжілісінің хатшысымен қатар су-
дья аппаратын құрғаны белгілі. Осы
бір мәселе де қайта қарауды қажет
етеді деп ойлаймын. Өйткені, өткен
дәуірде де шешімнің орындалуы
өткір мәселе болып, би беделіне
ықпал еткен, қазіргі сот беделі де
соған тәуелді.
Бүгінгі судьялардың билерден
үлгі алатын тұстары көп. Мысалға,
Шоқан Уәлиханов бір еңбегінде
Қарқаралы,
Көкшетау,
Баян-
ауыл округтеріндегі билер сотының
іс қарау статистикасын келтіреді.
1860 жылы – 72 іс, 1861 жылы – 77
іс, 1862 жылы – 22 іс қаралған. Ең
маңыздысы, осы би шешімдерінің
ешқайсысына шағым келтірілмеген.
Мұны би мәртебесінің жоғары
болғанымен, шындық пен әділеттікті
ту етіп ұстағанымен түсіндіруге бо-
лады. Заңгер-ғалым, шығыстанушы
Нұралы Өсеров өзінің «Қазақтардың
дәстүрлі құқық жүйесі» атты
еңбегінде билерге төмендегіше
сипаттама береді: «Қара қылды
қақ жарған төреші, халықтың мұң-
мұқтажын жоқтаушы, қызыл тілдің
шешені, өрелі сөзді өрнектеген
ақын, есеңгіреген елге ес берген
ақылшы, әмбебап тұлға» [6, 107- б.].
Бүгінгі судьялар билердің ізін,
дәстүрін жалғастыруды ойласа,
осындай биік деңгейден көрінуге
ұмтылуы тиіс деп білеміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
С. З. Зиманов, Қазақтың би-
лер соты – бірегей сот жүйесі. –
Алматы: Атамұра, 2008 жыл.
2. Әз Төле би (Төле бидің 350
жылдығына арналған республи-
калық ғылыми-практика лық кон-
фе ренция
материалдары)
/
Н. Қа палбекұлы, М. Қазыбек,
М. Қожакеев – Алматы, 2013 жыл,
421 бет.
3. Сол жерде.
4. Н. Дулатбеков, Қазақтың әдет-
ғұрып заңдары. (Мемлекет және
құқық тарихы бойынша хрестома-
тия). – Астана, 2006 жыл, 25 бет.
5.
Валиханов Ч. Ч., Собрание со-
чинений в пяти томах. Том 4. – Алма-
Ата: Главная редакция Казахской
советской энциклопедии, 1985 г.,
96-97 беттер.
6.
Өсерұлы Н., Қазақтардың
дәстүрлі құқық жүйесі / Нұралы
Өсерұлы – Алматы: «Арыс» баспа-
сы, 2010 жыл – 107 бет.
ТАҒЫЛЫМ
Қазақтардың ежелден келе
жатқан заңдарында кісі өл-
тіргені үшін құн төлеу жазасы
бар. Атап айтқанда, ер адам-
ды өлтіргені үшін 100 жылқы,
әйелді өлтіргені үшін соның
жартысы, ал хан тұқымынан
шыққан сұлтанды өлтіргені үшін
6 еселенген құн төленеді екен.
Өлім жазасы да қолданылуы
мүмкін. Сол сияқты ұрлығы,
көзін шығарғаны, саусақтарын
сындырғаны, төбелескені, тісін
сындырғаны, тағы басқа қи-
янат тары, зиянкестіктері үшін
айып салынып, шығыны өтеліп
жатады. Әрине, осы қылмыс
деңгейін
анықтаудың
қай-
қайсысында болмасын, ең ба-
стысы, жеке адамның немесе
тұтас отбасының, үлкен әулеттің,
қарапайым адам мен ақсүйектің,
әйел мен еркектің ар-намысына
тию,
қадір-қасиетін
кемсіту
мөлшері ұлттық салт-дәстүр
тұрғысынан қарастырылғаны да-
усыз. Мысалы, атастырылмаған
қызды әлдебіреу зорлап кетсе,
қыз әкесіне қалыңмал төлеуі
тиіс. Өлім жазасына кесілуі де
мүмкін. Ал атастырып қойған
қызды алып қашқанға өлім жа-
засы қолданылады немесе
қызды күйеуіне қайтарып, үстіне
қыз қосып береді. Бұл жерде
қыз намысын сақтау ғана емес,
халықтың дәстүр-салтын қорғау
мәселесі де тұр.
11
|