«СҮЙІНҒАРА» РОМАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ КӨРІНІСІ
Ұлттық идеяның ең басты тірегі –
тəуелсіздік, еркіндік. Ол тəуелсіздік идеясы
қазақ халқының өткен ғасырлардағы азаттық
жолындағы күресі – жетпісінші-сексенінші
жылдар прозасында қаламгерлеріміздің кең
арналы ойларын айтып көркемдік шешімдерге
келуіне тың серпін жасады.
Халықтың өткен тарих пен оның негізгі
оқиғалары, ел болу дəстүрі, бостандық, азаттық
идеяларының таралуы, сол бір кездерде ел
басқарған, ел намысын қорғаған батырлар,
азамат ерлер жайында білуге құмарлығы арта
түсті. Бұл əдебиет зерттеушісі Қ.Əбдезұлының
мына пікірінде дəл айтылады: “60-80 жылдар
аралығында тарихи тақырыпты арқау еткен
прозалық шығармаларымыз басқа жанрларға
қарағанда тарихи тұлғалар тағдырын, оның
ішінде қазақ батырларының ерлік істерін,
қаһармандық жорықтарын, олардың кейіпкер
ретіндегі ішкі жан дүниесін, рухани болмысын
тереңірек бейнелеуге ден қойды” [2, 196б.]. Өз
ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін ойлап
ел тағдырын өз тағдырынан жоғары қойған
қазақ батырлары тарихтың əр белесінде тұл-
ғалық деңгейге көтеріліп отырған. Олар ұлттық
тұлға ретінде халықтық мəні бар тарихи
оқиғаларға араласып отырды.
Жазушы Маршал Əбдіхалықовтың сек-
сенінші жылдары жазылған “Сүйінғара” романы
да өткен ғасырлар тарихи шындығын сурет-
теп, халқымыздың азаттық жолындағы сан
тарапты күрес-тартысының қырларын ашады.
“Сүйінғара” романы – ХҮІІІ ғасырдың соңы мен
ХІХ ғасырдың басындағы еліміздің батыс өңірі
Маңғыстаудағы қалыптасқан күрделі қоғам-
дық-саяси жағдайды сипаттайтын сюжеттік-
композициялық өрнегі жымдаса құрылған
идеялық мазмұны жоғары, көтерген тақырыбы
терең шығарма.
Романның тақырыбы – осы кезеңдегі қазақ
батырларының бірінен саналатын тарихи тұлға
Сүйінғара Үргенішбайұлының жер мен елін
қорғаудағы ерлік істері, Маңғыстау үшін Ресей
мен Хиуа хандығы арасындағы күрес мəсе-
лелері.
“Адамды заман билейді.
Бұл туралы кім болса да ойланатын шығар.
Тіпті ойланбағандар болса да, осы сөзді ара-тұра
естігенде ақиқат сипаты мол ұғымды іштей
мақұлдайды.
М. Əбдіхалықовтың “Сүйінғара” романын
жазу барысында осы ойлардың қамауында
болғаны көрініп тұр. Роман тақырыбы өте
күрделі. Жері кең болғанмен, адамы сиректеу,
аңқаулау көрінетін Маңғыстау түбегіне көз
тіккен Ресей, Англия, Хиуа мемлекеттері
саясатының
шиеленісе
бастаған
уақыты.
Ағылшындар Хиуа ханы арқылы қазақ жеріне,
сол арқылы Кавказ елдеріне көз тігіп отырса,
орыстар Маңғыстау арқылы Орта Азияға, одан
Индия, Қытай байлықтарынан дəмелі. Осы
алпауыттар арбасуының аясына айналған қазақ
елінің жай-күйі, бостандық, азаттық туралы
арман, əрекеттері суреттеледі. Роман жарық
көрген жылдар Кеңес үкіметінің ұлт-азаттық
идеялардан қатты үрейленетін кезі. Мұның
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
46
барлығын М. Əбдіхалықов өте жақсы білді.
Қаламгер шығармашылығының үлкен бір белесі
“Сүйінғара” романы – осындай ахуалды
уақыттағы ойларды жазған үкілі еңбегі” [3, 5б.],
– дейді роман жөнінде ой толғаған əдебиет
зерттеушісі З.Бисенғали.
ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың
басында Маңғыстауда өте күрделі қоғамдық-
саяси жағдай қалыптасты. Бұл кезде Ресей
империясының Орта Азияға біртіндеп еніп
жатқан, бірақ толық билік орната қоймаған
уақыты еді. Қазақ руларының басым бөлігі
Ресей империясының бодандығын мойындап
қалса да, Сүйінғара батырдың қол астындағы
Маңғыстауды мекендеген рулардың əлі де
басыбайлы бодандыққа өте қоймаған кезі.
Сүйінғара Үргенішбайұлының сол кездегі іс-
əрекетін тарихи жағынан пайымдасақ, ол
уақыттың талабына, қоғамдық-саяси жағдайға
орай əрекет еткендігіне көзіміз жетеді. Бұл
жерді мекендеген елді жау шапқынынан қорғау
ғана емес, күнделікті тұрмыс, қоныс, азық-
түлік, жер-су жағдайлары сол кездегі өте
күрделі мəселелер болатын.
Сүйінғара батыр екі жақтан қыспаққа
қалады. Солтүстіктен алып Ресей империясы
бүйірлей енуге əрекет етсе, оңтүстігінде
көршілес мекендеген Хиуа хандығы қысым-
шылығынан жергілікті адай рулары қатты
зардап шекті. Хиуа хандығы Сыр бойына
бекіністерін салуын салғанымен, Маңғыстауға
өз билігін жүргізе алмады. Тек көктем, күз
айларында Хиуаға мал айдап, өнімдерін саудаға
шығарған кезде ғана Хиуа ханы белгілеген
алым-салықтарды
төлеуге
мəжбүр
болып
отырды. Расында да Сүйінғараның өмір сүрген
дəуірі дүрбелеңі мол заман еді. Дүние жүзінің
алпауыт мемлекеттері əлемді бөліске салып
жатты. Əрбір билік иелерінің көздеген мақ-
саттары – биік мансап, халықтың бағынышты
күй кешуі, сонымен қоса билік құратын жерінің
кең болуы шығармада өзіндік өрнегін таба
білген. Хиуа ханы Аллақұл да қазақтың байтақ
жеріне көз сұғын қадаса, қазақтың іргесіндегі
Ресейден
бастап
Ұлыбританияға
дейінгі
батыстың бірнеше мемлекеті өз сыбағаларын,
өз үлестерін түгендеп, шығыс елдеріне
үстемдік жүргізудің қаншама жылдардан бермен
қарай он ойланып, жүз толғанып келе жатқан
жоспарларын жүзеге асыруға жанталаса кірісті.
Сайын даланы отаршылдықтан тек білектің
күшімен емес, мəмілегерлік жолдармен де
шешуге ұмтылғандығын, тынымсыз ой кешкенін
тарихи зерттеулердегі Сүйінғараның хаттары-
нан, ол туралы жазбалардан байқауға болады.
Бұл жазбалар оның не үшін соғысқанының
айқын көрінісі ғана болып қоймай, арада бір
ғасыр өтсе де батыр бабалардың өр талабын,
қайсар мінезін, жауынгерлік келбетін келер
ұрпаққа танытатын жанды деректер. Сүйінғара
1822-1823 жылдары Ж. Тіленшин бастап қол
қойып 1810 жылға дейін елі пайдаланып келген
Елек пен Жайық, Өзен аталатын өзендер
аралығындағы жерлерді Орынбор губернаторы
П.К. Эссеннен қайтаруларын талап етсе, “өз-
геріп жатқан мына заманда тыныштықты қалай
сақтарсың, ел басына кімдер тұрмақ?” деген
сауалды өзіне қояды.
Еліміздің жаңа тұрпатта тізіліп жатқан жаңа
тарихы қазақтың Россияға өз еркімен қосыл-
ды деген қисынның атымен жалған екендігін
дəлелдеп отыр. Əбілхайыр хан, оның жанын-
дағы батырлар, билер кейіннен солардың
жолын ұстаған Сүйінғара, Арыстан, Көтібар,
Есет, Жоламан тағы басқа батырлар қазақтың
жалпақ тілімен айтқанда орыспен алыстан сый-
ласу салтын ұстаныңқырады. Одан сақтанды.
Орыс патшасының боданы емес одағы, одақ-
тасы болуды қалады.
Əдебиеттің иесі – халық, объектісі – халық
өмірі. Оны халықтың сыры мен мұңынан,
қайғысы мен қуанышынан, сүйініші мен
күйінішінен бөліп алу мүмкін емес. Бұл кезде,
яғни ХІХ ғасырдың жиырмасыншы жыл-
дарында Ресей империясының қазақ руларына
толық билігі орнағанымен, Маңғыстауды
мекендеген Адай рулары өз дербестігін сақтауға
тырысты. Сондықтан патшалық Ресейдің жаза-
лаушы отрядтарының шапқыншылығына жиі
ұшырап отырды. Əсіресе, маңғыстаулықтарға
патша үкіметінің Орынбордағы үкімдерінің
тізесі қатты батты. Басқыншыларға қарсы
көтеріліп, қарсы жасақ құрып күреске шыққан
елдің сол кездегі көсемдерінің бірі Сүйінғара
батыр болатын, сол тұста халықты біріктіре
алған аса абыройлы тұлға еді. Қазақ ауылдары
билікке таласқан қазақ билеушілерінен, оларды
қудалаған орыс жазалаушыларынан жəне
Хиуа ханының жендеттерінен теперіш көрді.
Орыс патшасының түбегейлі басқыншылық
саясатының астарында не жатқанын Сүйін-
ғара да, ел басшылары да басында түсінбеді.
Түсінбегені заңды да еді. Өйткені ол тым жасы-
рын жүрді. Полковник Мансуровтың жаза-
лаушы жасағының Жем, Сағыздың құяр
сағасындағы, Каспийдің Үстіртке қараған
бетіндегі қазақ ауылдарын талқандауы, пол-
ковник Бергтің 1825-1826 жылғы қыстағы
Үстірт жорығы ғана ол саясаттың бет пердесін
ашып берді. Бас штаб подполковнигі Мейердің
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
47
əділ айтуындай 1830 жылдарға таман бұл ел
солай екі оттың ортасында қалды. Сүйінғара
батырдың алдында да екі жол тұрды. Бірі – Хиуа
ханына қарсылықты мүлдем доғарып, басы-
байлы боданы болу. Олай етсе, Маңғыстау
қазағынан біржола бөлініп қалар еді. Екінші
жағы – кіші жүздің өзге руларымен ірге
ажыратпай, не де болса орыс ыңғайына қарай
бет бұру. Алаш жұртымен тағдырдың салғанын
бірге көру. Батыр осы жолды таңдады. Бірақ
тəкаппар батыр бірден бас ие салмай еруліге
қарулы деген сыңай танытты. Ол да əрине
оңайға түскен жоқ. Екі теңіз арасындағы қазақ
руларының ортақ батырлары Атақозы, Құдабай,
Дəуімшар, Құлбарақ, Жапарберді, Сұлтангелді
тағы басқалардың аты жат ел басқыншыларына
қарсы ұрыста шықты, көбі жау қолынан өлді.
Солардың ортақ басшысы ретінде Сүйінғара
танылды. Батырдың сол беделі мен абыройы-
нан сескенген орыс басқыншыларының 1826
жылдан соң онымен жаулыққа бармай тіл
табысу, мəймөңке саясат ұстанғандығын та-
рихи құжаттар айғақтайды.
Тарих тағылымы бізге қағазға түскен де-
ректердің ақ-қарасын анықтауды, зерттеу-
шілік пайым жасауды міндеттейді.
Суреткердің өзіндік қолтаңбасының анық-
талуына да сол шығарманы жазуға негіз болған
тарихи деректерді де зерттеп саралаудың
маңыздылығы жоғары болмақ.
М.Əбдіхалықовтың “Сүйінғара” романын
жазу үшін жинаған материалдарының бір
бөлігін (Н.Халфин. Россия и ханства Средней
Азии”, “Первые русские научные исследо-
вания устюрта”, А.Добомыслов, Тургайская
область, “Записки ИРГО по общей географий”,
В.И. Липинский “Флора Средней Азии”,
“Материалы по истории Казахской ССР т.4,
Турсынова М. “ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сындағы Маңғыстау қазақтары” т.б.) зерттеу
еңбектері мен ел аузынан жинап алған аңыз-
əңгімелер мен жекелеген ақын-жыраулардың
шығармалары құрады.
Архивтік деректер, халықтық аңыз, этно-
графиялық сипаттар негізі болған тарихи
романда автор оларды сол өткен дəуір елесін дəл
бейнелеу үшін ғана емес, сонымен қатар түрлі
қағида, идеялардың, түрлі психология мен
мақсат мүдделерінің қандай заманда болсын
сабақтастық алып жататынын көрсету үшін
пайдалануды мақсат еткен. Қаламгер тарихи
болмысқа, ақиқат құбылыстарға жауапкершілік
тұрғысында қарап, типтік сипаттағы деректерді
саралауға жете мəн береді. Сүйінғара бастаған
елдің Аллақұл ханға қарсы азаттық күресіне
байланысты белгілі тұлғалардың іс-əрекетін
тарихқа, мінезге сəйкесті аша білуін романның
жетістігіне жатқызамыз. Романда сол дəуірге
тəн негізгі қоғамдық тенденциялар толғанып
алынған. Олай болса, Маршал Əбдіхалықов
халықтың өткен тарихынан өзі өмір сүріп
отырған кезеңнің де даму диалектикасын көрді.
Алдымен қазақ əдебиетінің, əлемдік əдебиеттің
тарихи тақырыпты игерудегі мол тəжірибесін,
игі дəстүрлерін жинақтай отырып, ұрпақ
бойына ұлттық рухты, патриотизмді, өткенін
білу үшін тарих тереңіне бойлауды ойлады.
“Əр əріптің бетіне үрке қарап, дүрбісін
оңды-солды салып отырған цензуралы заманда
Сүйінғара сынды өмірі өте күрделі болған
ердің, жұртының тағдыры талқыға түскенде
шауып жүріп жорға салатындай би-шешеннің,
бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы Хорезм
жұртының, Мерв, Балқан бойындағы іргелі
елдің құқайына, ағайын қадамын аштыртпаған
қол бастаған батырлар ордасының санаулы
сырттаны, азуы қатты арыстанының атын атап,
атқарған тарихи миссиясын бүркеп, бүркемей
роман жазу оңай емес-ті. Бірақ, Мəкең атал-
ған романын жазды. Бұл Маңғыстау елінің
берісі алпыс жылдық өміріндегі аламанды
тірлігіне, оның Сүйінғара батырына қойған
қаламгер ұрпағының ескерткіші болатын [6], –
деген Ж.Тілепов тұжырымына сүйенсек, біз сөз
етіп отырған туындыда жазушының ұлт-
азаттығы тақырыбын көтеру үшін Сүйінғара
тұлғасына арнайы тоқталуы кездейсоқтық емес.
Романның бас кейіпкері Сүйінғара Үр-
генішбайұлы (1756-1841ж) – Кіші жүздегі түрлі
отарлау, басқыншылық саясаттарға қарсы
күрескен халық батыры. Қазақтың шекарасын
мөлшерсіз кеңейтіп, ырысын өлшеусіз мо-
лайтқан жауынгер тайпа – Адай ұлысының
ұлттық тарихымыздың парақтарынан ойып
орнын ала алмай жүрген өксікті ерлерінің
ішінде, шетелдіктердің де, орыс өкіметінің де,
Хиуа, одан арғы парсы жұртының да назары
ерекше аударған ерен тұлға. Сүйінғараның
қимыл-əрекеттері əкесі Үргенішбай батырдан
дарыған. Нақты жазба деректер бойынша
Сүйінғара Адайдың ұраны – Пірдің соңы Бекет
атадан аттай алты жас кіші болған, яғни
замандасы. Қиянат пен зорлықтардың шектен
асуы, салық түрлерінің көбеюі, елдің сол кездегі
көсемі, сол тұстағы халықты біріктіре алатын
аса абыройлы тұлға Сүйінғара батырдың елі мен
жерінің тəуелсіздігі үшін намысын жанып,
ызасын туғызады. Сүйінғара Үргенішбайұлы
жалпы қазақ даласындағы ұлт азаттығы үшін
болып жатқан оқиғаларға ат салысты. Исатай-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
48
Махамбет қозғалысын ақырына дейін қолдап,
ағалық ақыл-кеңесін беріп отырған тарихи
тұлға.
Сүйінғара – халықтың перзенті. Ол –
қайтпас қайсар иесі, тапқыр да ақыл-айласы өн
бойына жинақталған ел бірлігін көксеген, əділет
жоқтаушысы бейнесінде өрнектелген. Ол қанша
өр кеуде, өжет болғанымен, өз тұстастарының
қайсысының да ел үшін істеймін деген игі
істеріне аянбай атсалысқан. Жорықтан да,
шайқастан да тайсалмаған. Сүйінғараның ел
тағдырына қабырғасы қайысып, тереңнен
ойланып-толғанып жүрген ер екені Қоңыр-
молда, Тұрыш қажымен арадағы əңгімелерінде,
Жəңгір ханның таққа отырған соң, бар
шұрайлы жерлерін сары ала шекпенділерге
бөліп жібергеніне торығатынынан, елдің малын
пітір, зекет деп талап жеген Хиуа хандығына
деген ызасы, малға жайлы шұрайлы жерлерді
алып жатқан патша өкіметі іс-əрекеттерінен
шошынатынынан байқаймыз. Жеке қалғанда
туған жердің төсінде терең күрсінгенде де жата
қалып зеңгір көкке қарап ойланғанда да
мазалайтын мың сан сұрақтардың бəрінің
шабысар жері, құяр арнасы біреу-ақ. Ол – елінің
бүгінгі, ертеңгі жайы, ешкімге жалтақтамайтын,
елді қорғап, жерге пана болар азамат жайы.
Сүйінғара елдің, мүддесін қорғап, ел жуан-
дарына кеткен есесін қайтаруды ғана емес, ел
билігін қолға алуды мұрат етеді. Ел билігі,
тізгіні өз қолында болғанда ғана болашағында
азаттық болатынына көзі жетеді. Əбдіхалықов
Сүйінғара бейнесін жасағанда, құрғақ сурет-
керлік қиялға бой ұрмай, тарихи танымға сүйене
отырып, рухы биік тұлғаның мықтылығын
көрсететін ақиқатқа жүгінген. Сүйінғараның
түсінігінде елдің азаттығына қол жету үшін,
алдымен рухани жағынан тəуелсіз болу керек.
Əрине рухы мықты елдің, ар-намысты жұрттың
жеңбейтін жауы, алынбас қамалы болмайды.
“Сүйінғара” романын оқи отырып адам
баласының, елдің, халықтың біреуге тəуелді, құл
болуының заңсыздығын, оның адам табиғатына
жат екенін аңғартатын авторлық ұстанымды
аңғарамыз. Адамның ар, намысы оған төзбейді.
Адам қашан да еркін, азат болу керек. Сүйінғара
бейнесі бізге осыны түсіндіреді. Ол ешкімге
жалпақтауды, Хиуа хандығы мен орыс патша
үкіметі билеушілерінен қаймығуды, қорқуды
білмейді. Сүйінғараның жеке басына тəн
мінездерге жазушы тарихи көзбен қарайды.
Шығармадағы Сүйінғараның өз халқына деген
шексіз сүйіспеншілігі, ішкі рухани байлығы оны
ілгері сүйреп, қажытпайды. Романның негізгі
қаһармандарын жазушы күрес үстінде жетіл-
діріп, шыңдай алды. Жазушы тарихи дамудың
беталысын, прогресс жолын, адам тағдыры
жолындағы күрестің мəн-мағынасын жан-жақты
аша білді.
Романның танымдық нəрінің нəтижесінде
оқырман халқымыздың бір бөлігінен саналатын
Батыс аймағындағы ХҮІІІ ғасырдың аяғы ХІХ
ғасырдың басындағы тарихи жағдайлар, сол
кезең адамдарының, тарихи тұлғалардың сезім-
дері мен толғаныстарын, мінез-құлықтарын,
үміттері мен армандарын, тыныс-тіршіліктерін
сезініп, түйсінеді. Бүгінгінің тамыры өткен
тарихта екендігін, сабақтастық тамырын таниды,
ең бастысы – ұлттық рух, діліне бет бұру-
шылыққа бастары сөзсіз.
_________________
1. Əбдіхалықов М. Сүйінғара. – Алматы: Нұрлы əлем,
2009. – 275б.
2. Əбдезұлы Қ. Қазақ прозасы жəне ұлттық идея. –
Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 242 б.
3. Бисенғали З.Ғ. // М.Əбдіхалықовтың əдеби мұрасы
жəне рухани-тəрбие мəселелері. М. Əбдіхалықовтың 70
жыл толуына арналған республикалық ғылыми теориялық
конференция материалдары. – Ақтау, 2007. – 25 маусым. -
4-8 бб.
4. Турсунова М. Казахи Мангышлака во второй
половине ХІХ века. – Алма-Ата: Наука, 1977. – с 181.
5. Алшынбаев З. Сүйінғара // Маңғыстау. – 2006. – 26
қазан.
6. Тілепов Ж. Алашқа айбын бола білген азамат //
Маңғыстау 2006. – 2 қараша.
* * *
В статье нашли отражение вопросы национальной
идеи и миропознания с точки зрения исторической
и
художественной
правды,
поднятые
в
романе
М.Абдикалыкова «Сүйінғара».
* * *
Tһe problems of national idea and worldcognition һas
found its һistorical fairness in imagerу point in tһe novel
“Suingara” bу M. Abdikһalikov.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
49
Ш. Ə. Рамазанова
ЖƏРКЕН БӨДЕШҰЛЫ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ
ТАБИҒАТ КӨРІНІСТЕРІ
Ақынның табиғат туралы топтамаларында
да тұтастық сезіледі, жел туралы, көл туралы
жазса да жалғасты желісі сақталып отырады.
Əрбір өлең көркем полотноның бояулары іспетті
бірыңғайланып, бірегейленіп жетілген жүйені
құрайды. Оның өлеңдерінде жұлын бар, жүйке
бар, жүйе бар, жұлынсыз жырда қимыл да
қозғалыс та жоқ. Адам баласы туғаннан
табиғатқа ынтық болады. Тілі шықпаған
нəрестенің өзі көкке қолын созып, жымыңдаған
жұлдыздарға қызыға қарайды. Ес білгеннен-ақ
табиғатты Анаға балап, қастер тұтып аялаған.
Табиғат құбылыстарына ерекше мəн беріп,
таңданып-тамсанған. Керек десеңіз, құдайындай
сыйынып, табынған. Жайқалған тал-терек пен
құлпырған гүлді көріп, мəз-мəйрам болып
əсемдік лəззəтына бөленген.
Ж. Бөдешұлы лирикаларында туып-өскен
жері, Отанының көркем табиғаты кешегі өткен
заманмен салыстыра суреттеледі. Ақын үшін
қазақ даласының əр бұтасы, қара тасы толған
тарих, қалған ескерткіш, ғасырлардың қоймасы.
«Дүниежүзілік, отандық поэзияның қай-қай
ірі өкілдерінің творчествосына көз жүгіртіп
отырсақ, барлық ақынның соқпай өтпейтін бір
межелі нысанасы бар екенін білеміз. Ол –
табиғат. Поэзия тарихында табиғатты жыр-
ламаған ақын жоқ… Табиғат – поэзияның
обьектісі ғана емес, оның бойына қуат беретін,
өңін кіргізетін сұлулықтың арсеналы да тəрізді,
тіпті көркемдік – бейнеленуі амалдарының
неше алуан түрлерін ақындардың табиғаттан
алатыны белгілі», – деп жазады профессор
Ə. Нарымбетов [1, 152 б.]. Десе де, табиғат
ортақ болғанмен, əр ақынның жырлауы түрліше.
Қазақ өлең өнерінде табиғат суретін салып,
қалам тербемеген автор жоқ жəне бұл ең көп
жырланған тақырыптың бірі саналады.
Жəркен Бөдешұлының табиғат туралы
өлеңдері де шынайылығымен, айшықты өрнегі-
мен, нысанаға дөп тиер ой-қисындарымен,
сезімді селт еткізер жылылығымен жүректі
тербейді. Адамның өзін рухани байытудың
жолы біреу ғана. Табиғаттағы сұлулықты,
əсемдікті көру, сезінудің сезімді ұштайтыны
секілді, ол – əдебиет пен өнердегі эстетикалық
сезім бұлағынан сусындай білу» болса,
табиғатқа ақындық көңіл көзімен зер салып,
оның астарынан мəн-мағына тауып, фило-
софиялық ой түйіндеу секілді дəстүрлі ой-
орамды сөйлемдер Жəркен Бөдешұлы жыр-
ларында молынан кездеседі. Ақын жылдың төрт
мезгілін түрліше бейнелеген. Асқар тау, асау
өзен, жайлау, бұлақ сыңғырынан лəззат алып,
ақындық қиялының қозғаушы күшіне айналған.
Тамаша табиғатты, тіршілік суретін ешқандай
əсерлемей-ақ жанды суреттермен жеткізе біледі.
Пейзаждық лирика арқылы Жəркен өзінің ой-
сезімін жеткізуге тырысқан.
А.М. Горькийдің сөзімен айтқанда «Жазу-
шы қаламмен ғана жазбайды, ол сөзбен сурет
салады» [2, 217 б.] Жəркен – осы қағиданы берік
ұстанған ақын.
Ақын жырлаған қыр көріністерінің кестесі
көркем, даурығу жоқ, жанды ұғу бар. Бір кез-
дері сыншы Тұрсынжан Шапай дала туралы
жазылған жырлар жайында былай дегені бар:
«Шиыр емес, сартап болған көне даңғыл.
Инерция. Бүгінгі поэзиямызда осынау ардақты
сөз, арналы ұғымдар, жан баураған жарқын
образдар жоғарыда айтқан «қадірлі ассоциаларға
жетелеудің орнына оқырман санасына био-
логиядағы əйгілі шартты рефлекс заңына ұқсас
стереотип жүйемен əсер ете бастады» [3, 155 б.].
Ал Жəркен Бөдешұлының жөні басқа. Жыр
жолында көп ізденген ақынның осы сұлулықтан
əсер алып қана қоймай, өлең жолдарында əсерлі
жеткізуге тырысқан. Табиғаттың болмыс бей-
несін жасап, оны өз кейіпкерлерінің ішкі əлемін
танытуға пайдаланады. Біз ақын өлеңдерінен
Боғда мен Тарбағатай, Хантəңірі мен Жайыр
тауларының жанды суреттерін көре аламыз.
Жəркен ақын да көзбен көру, түйсікпен тану
қабілеті күшті. Ол көргенін кеңінен қамтып,
бедерлі бейнелейді.
Жақындап ем қасыңа,
Шың екенсің бір шұбар
Ұя салған тасыңа,
Қыран емес, жыр шығар [4, 188 б.] , –
деген сияқты нақты да бейнелі поэтикалық
жолдардан Хантəңірінің кімді болса да
қызықтыратын суреттері бой көтереді. Биіктікке
жаны құштар ақын асқақтықты, ірілік пен
мықтылықты бойына жинаған тау бейнесін
бедерлі бейнелейді. Ақынның кестелі тіл
өрімдерімен жырланған тау келбеті жанды
табиғаттың қайталанбас суретін көз алдыңа
əкеледі:
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
50
Қойнауларың құт қонар,
Құтханаға барабар.
Қазан-қазан сүт болар
Сайыңдағы ала қар.
О, Хантəңір,
Жан тəңір,
Құз көкірек досым-ай,
Қанша ғасыр,
Қанша жыл
Тұра берші осылай.
Адам баласы болған соң пендешілікке
барып, асқақтауымыз да мүмкін, осы сəтте бізге
дана Хантəңірі үлгі болғандай. Ақын табиғатты
адам бейнесіне теңейді. Ол бейне бір тіршілік
иесіндей суреттеледі. Табиғат та адам тəрізді
қуанады, сұлулана түседі. Тарбағатай суреті де
өзінше бөлек.
Аңызға ақын көңілім қанбай қалып,
Таң қалдым құдіретіне таңдай қағып.
Жер үшін құрбан болған Бұланай ер,
Кетіпті мынау алып тауға айналып [4, 261
б.], –
деп келетін Боғда тауы суретін қоссаңыз,
автор əр өлкенің өз табиғатын бір-біріне
ұқсатпай, өз сипаттарымен ерекше суреттей
алған. Бұл өлеңде фольклорлық дайын сюжетті,
аңызды жырлаған. Бұланай батырдың денесі
тауға айналып, көзі ағып түсіп көлге айналғанын
айтады. Шынында да, көршілес Қытай еліндегі
Боғда тауына барсаңыз, ақынның осы өлеңінің
куəсі болғандайсыз.
Жəркен Бөдешұлы табиғат пен адамның жан
дүниесін астастыра суреттеуге жиі барады.
Кейіпкер өміріндегі белгілі бір құбылысты
табиғаттың қатысуы арқылы көз алдыңызға
елестетеді. Жалпы, ақын табиғатты көп жырлап,
оның өзіндік бояуларын тауып, тың образдармен
молайтып, жанды қозғалыста беруге тырысқан.
Мысалы, батып бара жатқан күннің керемет
суретін салған «Қыр бояулары» өлеңі:
Қызғалдақтар қыр кешіп,
Қызыл самал тұрды есіп.
Қызыл шапақ шарпыған,
Қызыл бұлт жүр көшіп [4, 235 б.], –
деген жолдардың бояуының əсерлігі сонша,
көз алдыңызға суретшінің қаламынан туындаған
картина елестейді. Кең даланы көмкерген қызыл
шапақ айналадағы көріністің бəріне қызыл
бояуын жаққандай. Осы сұлулықты бүлдір-
мейін, бұзбайын дегендей, қызыл бояу – қоңыр
бояуға айналып, қоңыр бояу – қошқылданып,
қара бояуға, қара бояу – ақ бояуға, ақ бояу –
қызыл, жасыл, көк, сары бояуға айналған. «Адам
мен табиғат болмысын үндестіре егіздей су-
реттеудің тамаша үлгілерін ұсынған қазақ
поэзиясы ойды бейнелі, тұспалды, астарлы
түрде жеткізудің артықша тəсілдерін тауып
поэтикалық мəні терең өлеңдермен байыды», –
дейді Жанат Əскербекқызы [5, 34б.]. Ж.
Бөдешұлы өлеңдерінде де осындай үрдіс бай-
қалады.
Ақынның Көкше өңірінде туған мына бір
өлеңі де табиғаттың тылсым құдіретін бейнелі
де жанды суреттер арқылы жеткізеді.
Көкшетау сен не деген кереметсің,
Құбылып, құлпыруы-ай төңіректің.
Гүл біткен күн көзіне жайып қойған,
Бір киер көйлегіндей көбелектің.
Тұрғанда маңдайының тері шығып,
Көрген жоқ құмырсқаның белі суып.
Япырым-ай, үлбіреген гүл көйлекті
Қапыда кетер ме екен жел ұшырып [4, 133
б.].
Бар-жоғы сегіз-ақ жолдан тұратын осы бір
«Жаңбырдан соң» атты лирикалық өлеңнің тұла
бойы тұнып тұрған сұлулық. Сұлулық болғанда
да, адам таңқаларлықтай ала бөтен сұлулық.
Мұндағы көбелек пен гүлдің табиғи ортақ
қасиеті – нəзіктік. Гүл де нəзік, көбелек одан да
нəзік. Еншісі бөлінбеген екі мұңлықтың бірі-
бірінсіз күні жоқ. Гүл солса, көбелек өледі.
Көбелек өлсе, гүл солады. Екеуінің жауы да
ортақ. Гүлді ұшырған жел емін-еркіне қоймай
көбелекті де ала кетеді. Əлсіз, дəрменсіз
болғандықтан, бірін-бірі қорғай алмайды. Тəнін,
нəрін беріп, гүл көбелекті асыраса, жанын салып
көбелек гүлді тозаңдатып, дер шағында қауашақ
ашып, өніп-өсуіне септігін тигізеді. Сөйте тұра
бұлар сұлулық əлеміне сөзбен айтып жеткізе
алмас көрік беріп, ажар кіргізіп, шырайландыра
түседі.
Гүл мен көбелекті жырламаған ақын
жоқтың қасы. Бірақ Жəркен Бөдешұлы жаңаша
жырлайды, кісіше киіндіреді, кеудесіне жан
бітіріп, сізді сол тіршілікпен тіндестіре, тіл-
дестіре біледі, тіпті өзіңіз де гүл мен көбелекке
айналып, тілегін тілейсіз. Ақын жырларының
күш-қуаты да оқырманына сезім сыйлап қана
қоймай сендіре білуінде. Сендіріп қана қоймай,
көбелек пен гүлдің əсемдік əлеміне ендіре
білуінде. Нағыз поэзия жан біткенді қимыл
қозғалысқа келтіріп, үндестікке үндейді. Өйт-
кені А. Блок: «Ақын – үндестік ұлы» деген [6,
687 б.].
Табиғат құбылыстарында неше түрлі бояу-
лардың, дыбыстардың жарастықты келісімін
(гармониясын) көруге болады. Ақын өз өмірінде
кездескен көңіл-күй құбылыстарына ұқсас
жайларды толып жатқан күйлерді табиғаттан
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
51
таба білгендіктен де, оны образға айналдырып,
шығармашылығына арқау етеді.
Жəркеннің «Қар да жаурайды» өлеңінде
суреттелетініндей, жапалақтап жауған қардың,
күміс түсті ұшқындардың иыққа, кірпікке
қонғанын сан мəрте көріп, талай байқадық:
«Ақынның тіл кестесінде ежелгі дəстүрлі
қолданыстармен бірге өзіндік, өз заманының
ерекшелігін жеткізер тіл айшықтары аз емес», –
дейді Қ. Мəдібай [7, 172 б.]. Ақынның
ерекшелігі
тылсым
табиғаттың
осындай
қарапайым көріністерінің өзіне де көңіл көзімен
қарап, құпия сырын ашуға тырысады. Көп
көрмегенді ақын көретіні, алдымен аңғаратыны
сондықтан
…Аяз қарыса саршұнақ,
Боран ұлыса қарсылап.
Ып-ыстық қойынға тығылып,
Қар да жаурайды қалтырап [4, 240 б.].
Ақын көзімен қарасақ, қар екеш қар да
жаурап, жылылықты аңсайды екен. Əйтпесе,
ыстық алақанға қонған қар ұшқындары неге
еріп, неліктен еміреніп кетеді. Жылылыққа
сүйсініп-сүйінгендіктен
болса
керек.
Бұл
қағиданы арқалы ақын дəлелдеп жатпайды,
сөзбен суреттеп əркімге əртүрлі ой салады.
Көрдіңіз бе, біз осы уақытқа дейін қар
жауратады, қар қалтыратады, деп келсек,
қардың өзі де «қалтырап» қардың өзі де
«жаурайды» екен. Өлең – өткел, өмір өткелі,
сезім өткелі... Ақын өзінше өткел сала біліпті.
Жалпы, Ж. Бөдешұлы поэзиясында ұлттық
бояуы қанық, бедерлі нақыштар аз емес.
Теріскейде жатқан сонау қасат қар,
Қыстан қалған масақ қар –
Жаздың ыстық шілдесінде,
Ақбоз үйдің іргесінде,
Көлеңкелеп жатқан ала төбеттей.
Ала төбет лағып кетер көп өтпей…
Ыстық аптап – суық қармен егессе,
Қар шыдамай еріп кетеді емес пе? [4, 256
б.].
Бірден көз алдыңда тұра қалатын айшықты,
дəл сурет. Қазақ ақынының ғана назары
шалатын оқшау көрініс.
________________
1. Нарымбетов Ə. Дəуір жəне поэзия. – Алматы,
1970. – 152 б.
2. Горький А.М. Шығармалары. – М., 1973. – Т.27. –
217 б.
3. Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек. – Алматы:
Жазушы, 1999. – 256 б.
4. Бөдешұлы Ж. Емендер түнде бүрлейді. – Алматы:
Ана тілі, 2002. –303 б.
5. Əскербекқызы Ж. Көркемдік өріс. – Астана:
Таймс, 2008. – 296 б.
6. Блок А. и Андрей Белый. Диалог поэтов. – М.:
Высшая школа, 1990. – 687 с.
7. Мəдібай Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. –
Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 196 б.
А. Д. Селиванова
Достарыңызбен бөлісу: |