МАҒЖАН – ТҮРІК ДАҢҚЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани
- мəдени тарихындағы қиындығы мен қайшы-
лығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең
халқымыздың ұлттық оянуының, демократия-
лық мəдениетінің өсіп - өркендеуінің, зиялы-
лықпен ілгерілеуінің, əлемдік деңгейдегі ой
жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының
көрініс бере бастаған тұсы болатын.
Ал бұл дəуірдегі қазақ əдебиеті – жалпы
демократиялық қозғалыстар, қиян – кескі
соғыстар, төңкеріс дамыған кездегі, қос қыртыс
дəуір тарихын көрсететін əдебиет еді.
Поэзия əлемінде айрықша із қалдырған,
өзіндік үлкен өнер - өрнек тудырған, терең
сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін
кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын - Мағжан
Жұмабаев.
Мағжан Жұмабаев - қазақтың ұлы ақыны.
Ол 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан
облысы, Булаев ауданының «Молодежный»
совхозы жеріндегі Сасықкөл мекенінде іргелі,
əйгілі шаңырақта дүниеге келген. Өз əкесі
Бекен, бабалары Жұмабай қажы, Шонай,
Өтеген, Өтеміс – бəрі де исі Атығай ішінде
даңқы шыққан белгілі, көшпелі кісілер. Мағжан
өзімен емшектес Мүсілім, Қаһарман, Мұқамет-
жан, Сəлімжан, Қалижан, Сабыржан, Күлəндам,
Гүлбарам деген бауырларымен құлынтайдай
тебісіп, анасы Гүлсімнің бауырында ауыл
баласының қызықты, романтикаға толы тəтті,
қимас шағын бірге өткізген. Кəрім, Мұқамет-
жан молдалар, Данияр қажы, Ахитден мұғалім –
болашақ ақынның тілін сындырып, хат таныт-
қан, арабша, парысша, түрікше, орысша оқытқан
алғашқы ұстаздары. Алдымен Қызылжарда
медреседе Хасен молдадан дəріс алған Мағжан
Уфа қаласына барып, медресе Ғалияда татар
халқының ұлы жазушысы Ғалымжан Ибраги-
мовтан оқыды. Алғашқы əдеби тіжірибе
басталып, тырнақалды, көк қауырсын жырлар
тудырды.
Өзі де, өлеңі де қиын – қыстау тауқымет
жолын көп кешкен. Қалың бұқара оқушы қауым
арасында əуелден – ақ қаншалықты белгілі, аты
мəшһүр ақын болып танылса да, ресми ортада
барған сайын айдаудан көз аша алмай,
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
41
тыныштық дүнтеден қара үзіп, кешегі қуғын –
сүргін заманда есімі бір жолата өшуге айналған
жан.
Жаңа заман рухы бойын билеген, тыр-
нақалды «Шолпан» (1912 ж., Қазан) кітабы
шыққан асу жүрек, жас сұңқар орысша білім
алуға ерекше талаптанып, 1913 ж. Омбы
қаласына келіп, семинарияға түседі де, оны 1916
ж. бітіріп шығады. Бұдан кейін ел өміріндегі
ұлы оқиғалар жас азаматты көгала толқынына
тартып əкетеді. Үш революция дүмпуі, алаш
қозғалысы, адасулар, дүниетанымдағы сілкініс-
тері қоғамдық - əлеумет. Тартыстардың поэзия-
дағы көріністері, жеке бастағы шырғалаңдар –
осылардың баршасын көре жүріп, Мағжан да
1919 жылдың көктемнен бастап, жаңа құры-
лысқа бел шешіп, білек сыбанып кіріседі.
Қызылжардағы «Бостандық туы» газетінде
редактор болды. Февраль революциясынан
кейін қазақ интеллигенциясында атағы шыққан
М.Жұмабаев облыстық «Алаш» партия коми-
теті құрамиына кірді. М.Жұмабаев өзінің
шығармашылық жолының 1917 – 1924 жылдың
екінші этапында журналистикамен шұғылдана
бастайды. 1922 жылы «Педогогика» еңбегін
шығарады. Бір уақыттарда, Омск қаласында
шығарылған «Бостандық туы» газетінің редак-
торы болады, ал 1921 жылдан бастап
Петропавловскіде (1919 ж.), Ташкентте Қазақ –
қырғыз институтында сабақ береді (1922 ж.),
сонда жүріп «Батыр Баян» поэмасын шығарады.
Түркістан туралы өлеңдер, Ақан – Сері, Бұхар –
жырау туралы мақалалар жазады. «Ақ жол»,
«Шолпан» газеттерімен қызмет жасайды. 1923 -
1926 жылдары Мəскеудің көркем-əдебиет
институтында аудармашы ретінде жұмыс
істейді. 1927 жылғы жазда Петропавловск
қаласында оқытушы жұмысымен шұғылданады.
В.Я.Брюсов атындағы көркем əдебиет инсти-
тутында оқиды (1928 ж.), Бурабай техникумда,
Қызылжарда кеңес*- партия мектебінде сабақ
береді.1929 жылы жазықсыздан жазықсыз 1938
жылы 19 наурызда атылып кетеді.
1938 жылы жарық көрген Қазақ Акаде-
миясының əдебиет жəне өнер институты
дайындаған «Шығармалары» басылымында
Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаевтың поэтикасы
туралы қосымша мақаласы бар. Мақалада 1923
жылы Ташкент студенттері алдында айтылған
мəтін бар. Аймауытов Мағжанның шығармасын
бағалай отырып, ақыннан өзімшілдік, идеализм
кінəсін түсіріп қорғағысы келеді.
Жұмабаев ақын тұрғысында лирика шебері.
Оның «Менің тілегім», «Сүйемін», «əй, Сəр-
сембай», «Қараңғы боранды түн» секілді
өлеңдері қазақ поэзиясының байлығы. Мағжан
əдебиетті дамытуда көптеген пайдалы шығар-
малар жазды.
Мағжан Жұмабаевтың əдебиеттік мұрасы
уақыт сынауынан өтті. Басқа классиктердің
шығармаларының қатарын құрай отырып,
олардың ажырамас бөлігіндей қазақтың поэти-
калық мəдениетінің тарихына кірді.
Қазақ əдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан
Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі қазақ
тарихындағы, бір жағынан ұлттық ояну, екінші
жағынан, жаңа жол іздеп, дағдару дəуірінде тура
келді. Өмірі халық тарихындағы күрделі
кезеңмен тұспа – тұс келіп, сол дəуірдің барша
қарама – қайшылығын жүрегімен сезінген,
тарихтың тар жолдарында бүкіл ғұмырын
шындық іздеумен тауысқан, сол тауқыметі мол
жылдар тез есейтіп, қиялына қанат, қаламына
қайрат бітіріп, қатарға қосқан Мағжан Жұмабаев
- «қазақ халқының ұлттық ұлы ақыны».
«Мағжан бүкіл ұлтқа тəн ұғым – сезімнің,
поэтикалық өнердің шекарасын кеңейтіп, қазақ
əлемінің жан дүниесін ашып берді. Оның таза
қазақтық рухы кімнен де болса жоғары. Мағжан
суреткерлігі бүкіл қазақтың өмір үшін күресі
мен қайғысын тұтас қамтиды. Халықтың сан –
салалы тіршілігінің ол үшін бөтені жоқ. Бəрі де
Мағжан қаламында өлең боп ойнап, сыңғырлап,
сылдырап, жалтырап кетеді. Барлық ұлыақын-
дар сияқты, Мағжанға да шындықты сезінудің
сиқырлы күші дарыған. Мағжан ақындығының
құпиясы оның өз тұсының шындығын дəл
бейнелеуінде ғана ем ес, өлеңінің сиқырлы
кшінде. Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты
бейнелесе, бірде жылаған, қайғы түтқан
қазақтың жан сезімін көрсетеді, ақын осындай
алмасып, ауысып жатқан дүниенің бір сəттік
қозғалысын көз алдыңа əкеледі жəне ол лып етіп
өте шығады. Мағжанның ақындық жолының
күрделілігі де осында»[1,133б.].
Мағжан Жұмабаев өмірден өз орнын үнемі
іздеумен өткен, бар білген-түйгенін соған сарп
еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір
қырында мұңлы толғаныс, өкініш жəне қайғы-
қасірет, күйініш жатса, екінші қырында ро-
мантикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік,
қуаныш пен сүйініш, арман, мақсат, үміт
жатады. Ұлы суреткердің шығармашылығында
тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді ба-
жайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің
ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толға-
ныстар заманның астаң – кестең аласапыран
жайымен астасып жатады.
Мағжан Абай дəстүрін жаңалады. Мағжан
лирикасы жүректің ең нəзік пернелерін сөй-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
42
летті. Адамның интимдік сырларына тіл
бітірді. Ол философиялық, саяси-əлеуметтік
мəні зор проблемалардың тамаша көркемдік
шешімін поэма жанры үлгісін жасады. Мағжан,
Сəбит Мұқановтың сөзімен айтқанда, қазақ
əдебиетінде поэмалар жазудың желісін қаққан
адамның біреуі болды. «Қорқыт», «Оқжетпестің
қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр
Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Тоқсанның
тобы», т.б. поэмалары адам тағдыры мен ел
тағдырын шебер қиюластырған шығармалар.
Мағжан поэмаларында лирика мен эпос,
кейіпкердің ішкі жан дүниесі, өмірі мен
халқының тарихы, жеке адам мен ұлт тағдры
тартысты драмалық сюжетке тоғыса келіп,
ғаламат көркем байламдарға бастайды. Мағжан
ақын қазақ поэмасын баяндау тəсілінен
шығарылып, суреткерлік арнаға бұрды [2,264б.].
МағжанЖұмабаевтың
шығармашылығы
əлеуметтік, эстетикалық талғам, талабымен
айрықша жаралған дүние. Тұтасымен алғанда
Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа,
соны əлем. Мағжан лирикасының құдіреті -
оның түр сипатының сонылығы, сөз қолданыс
қасиетінде. Тілінің дəлдігі, ой-толғамдарының
жаңалығы, суреттелген жайлардың айқындығы,
сөз ойнату иірімдерінің таңғаларлық жарасымы-
осының бəрі жинақтала келе Мағжан
поэзиясының ерекше қасиетін байқатады.
Ұлы ақынның Шолпан жұлдыздай шұғыла
шашып оқшау тұрған шығармашылық мұрасы
ақын есімі қиянаттан арылғалы бері ( 1988
жылы толықтай ақталды) қазақ əдебиеттану
ғылымында сан-салалы қырынан зерттелініп
келеді. ХХ ғасырдың 30 жылдарында-ақ іргесі
қаланып үлгерген
Мағжантану ілімінің қазіргітаңда, яғни
ұлттың рухани-мəдениқұндылықтарын ғылыми
тұрғыдан жаңаша бажайлауды талап етіп
отырған кезеңінде, ұлы суреткердің шығарма-
шылын зерттеп, зерделеуде көптеген та-
быстарға қол жеткізгенің атап өтуіміз қажет.
Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы
жайында қалам тартып жүрген əдебиетшілері-
міз Ш.Елеукенов, Р.Бердібаев, М.Базарбаев,
М.Қараев,
Қ.Мəшhүр-Жүсіпов,
Б.Дəрімбет,
Б.Қанарбаева, Б.Кəрібаева, Е.Тілешов т.б. ға-
лымдар еңбектерінде ақын мұрасы сан қырынан
сөз етіліп келеді.
Аталған салада ғалым Ш.Елеукеновтың
зерттеулерін ерекше бөліп айтамыз. Ғалымның
«Мағжан» атты еңбегі ұлы суреткердің өмірі
мен шығармагерлігін жан-жақты саралауға
арналған тұңғыш көлемді зерттеу болды. Автор
мұнда ақынның өмір өткелдерін жəне шығар-
машылығының кезеңдерін зерделеген.
Б.Майтановтың «Мағжан Жұмабаевтың
поэтикасы» өқу құралдарында ақын шығарма-
шылығындағы көркемдік əдіс пен поэтика
мəселелері, романтизм, симвлоизм, реализм
эстетикасы мен жанр заңдылықтары, өлең
құрылымы зертеледі.
Ақынның поэтиасы, өлең өлшемі сыншы
Б.Кəрібаеваның еңбектерінде де кеңінен тал-
данады.
Б.Қанарбаева «Жырымен жұртын оятқан»
атты Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы
хақындағы монографиясында ақын шығарма-
ларының фольклорлық қырлары жөнінде ой
толғайды.
Ғалым Т.Кəкішұлының «Мағжан – Сəкен»
ғылыми эссесі ХХ ғасыр басындағы қазақ
əдебиетінің болмысын, екі ақынның өмірі мен
шығармашылығын
архив
мағлұматтарымен
бекітіп, тарихи деректерге сүйене отырып
көркемдік талдаулар жасауымен құнды. Мағжан
Жұмабаев шығармашылығының Омбы дəуір,
Қызылжар, Ташкент дəуірі, Мəскеу кезеңі
қоғамдық-саяси, тарихи-əлеуметтік мəселелер-
мен байланыста жіті зерттелінеді.
Е.Тілешовтің «Суреткер жəне көркемдік
əдіс» монографиясында ақынның шығарма-
шылық эволюциясы, ақын поэзиясындағы
ағартушылық реализм, романтизм, сентимен-
тализм, символизм көркемдік əдістері кеңінен
қарастырылады. Зерттеудің негізгі нысаны –
суреткер романтизмі болғандықтан, автор ақын
романтизмінің эволюциясын ішкі ағымдар
негізінде қарастыра отырып, олардың идеялық-
эстетикалық қырларын, уақыттық шегін, туу,
қалыптасу себептерін айқындайды. Бұл еңбек
ұлы суреткердің əдеби мұрасын көркемдік əдіс
тұрғысынан арнайы қарастыруымен бағалы.
Ұлы ақынның шығармашылығында түрік-
шілдік мəселесі – мағжантанудың іргелі ғылыми
проблемаларының бірі. Бұл мəселе ғылыми
зерттеу жұмыстарына əлі арнайы нысана бола
қойған жоқ.
Жұмысытың мақсаты - Мағжан Жұмабаев
шығармашылығындағы түрікшілдік мəселесін
азды-көпті ғылыми тəжірибелерді саралау жəне
осы мəселе жөнінде өзіндік пікір айтып, ой
қозғау.
Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері
ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті
еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты
күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға
тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай,
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
43
Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл
бұл кезең əдебиетінде басымдау жатты. Мағжан
да Абай дəстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз
үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің
бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының
өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет
тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ
арасындағы əр түрлі келеңсіз мінез-құлықты,
əрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты
сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге
шақырады. «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе
табылар», «Қазағым», т.б. өлеңдерінде ақын осы
тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық
сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер
тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған
елін сүйді, туған жерінің əрбір пұшпағын
жүрегіне жақын тұтты. Ол:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр, -
дей
келіп,
қазақ
арасында
мұндай
ұмтылыстың əлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді.
Қолында дəулеті бар деген бай-болыстар да,
азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының
қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына
алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шəкірттерге де
дұрыс білім берілмейді. Қыз балалар малға
сатылуда. Өзара дау-жанжал, айтыс-тартыс көп.
Міне, Мағжанның өкініші осылар.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? –
деп басталатын «Мен кім?» атты өлеңінде
Мағжан өзінің лирикалық кейіпкерінің дəл
осындай айбатты да қайратты, адал да қайсар
бейнесін ашып береді. Ақынның «мені» өзін
көктегі күшке, түпсіз теңізге, қызуы мол
жалынға жүйрік тұлпарға теңейді. Патшадай
қаһарлы, қазыдай əділ, бидей шешен де өзі.
Олай болса, оған қарсы тұрар күш бар ма?
Өзім – тəңірі, табынамын өзіме,
Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе, -
деген лирикалық кейіпкер сөзінде алапат
күш-жігер мен шанайы шындық қатар өрілген.
Ақын өзін немесе өзінің лирикалық
кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды
да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қай-
ратты» қалыпты көргісі келеді. Халқының
болашағы үшін күресетін негізгі күш – жастар.
Олай болса, өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп
өткен Мағжан үшін жастардың орны бөлек.
Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын
өлеңінде ол жас жеткіншекерге үлкен үмітпен
қарайды.
Жастардың
бойынан
қыранның
қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді
мінезді, туған жерге деген шексіз махаббаты
көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жыр-
лайды. «Мен жастарға сенемін!» деп асқақтай
сөйлейді [3,207б.].
Мағжан өлеңдеріндегі ең басты тақырып –
ел мен жер тағдыры. О бастан-ақ халқына
азаттық өмір тілеген ақын туған елінің өткен
тарихына үнемі көз жіберіп отырады. Сол
арқылы тарихи шындықтың бетін ашады.
Атап айтқанда, «Өткен күн» атты өлеңінде
Еділ мен Ертістің арасын жайлаған қазақтың бір
кездегі жайнаған даласы мен көкорай шалғынды
жайлауын, айна көлдері мен алаңсыз күн кешкен
тұрмысын, қаһарман батырлары мен əділ
билерін, ел тұрмысының сəні болған ұлттық
салт-дəстүрлерін мақтан ете отырып:
Өткен күнді ойласам,
Ойға терең бойласам,
Кешегі қайран қазақтың
Сəулеті мен дəулеті
Көз алдыма келеді, -
деп, бұдан ары қарай осы тіршіліктің
шырқы бұзылғанын баяндайды. Өткенді аңсап
емес, қолда бар асылынан айырылғанын өкіне
баяндайды. Оның себебі неде? Бейбіт өмір неге
қара түнекке айналды? Қазақтың қазіргі күйі
қандай?
Күшін кеткен баяулап,
Жүрсін атсыз жаяулап,
Ит надандық желкенде
Шабайын деп аңдып тұр
Қылышын ұстап таяулап, -
деп, ақын сол заманның шындығы арқылы
əлгі сауалдарға жауап береді. Қазақ дала-
сындағы 1917 жылғы төңкерістер тұсындағы
жағдайды да жырлауда да ақын дəл осындай
шыншылдықтан
жаңылмады. «Бостандық»,
«Есімде... тек таң атсын», т.б. өлеңдерінде
ақынның халқының тəуелсіздігі жолындағы
жанын құрбан етер ерекше қайраты сезіледі.
«Бостандық» өлеңінде:
...Көк есігі ашылды,
Жұмақ нұры шашылды.
Келді ұшып бостандық, -
деп қуанады, бостандықты ізгі періштеге
теңейді.
Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі
аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран
болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына
тəуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Əйтсе
де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті
басымырақ ақынның. Осындай көңіл күйде
жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – «Сағын-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
44
дым». Өлең абақтыда отырған ақынның жан
дүниесінен хабар береді.
Қабырғасы қара тас абақты іші қара
көлеңке. Сасық иіс қолқаны атады. Кіп-кішкене
терезеден келіп жететін жарық та, таза ауа да
шамалы. Осындай тар қапаста отырған ақын
сары даласын, алыстағы анасын, туған елін,
құрдастарын, сүйген жарын сағынады. Содан
соңғы сағынары – бостандық.
Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Ойдағыны өткен күнді сағындым, -
деп адам баласының еркін өмір сүруін
аңсайды. Сол еркіндікке жету жолында
абақтының азабын тартып отырғанын ақын өлең
жолдарына түсіреді. Онда мұңнан гөрі жеке
адамның көңіл күйіндегі кейбір толғанысты
сəттердің суреті басымырақ. Ақын жырында
болашаққа сенім мол.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! –
деген
жолдарда
Мағжанның
ұлтына,
халқына деген шексіз махаббаты сезілсе, одан
кейінгі:
Қалың елім, қалың қара ағашым,
Қайраты мол, айбынды ер, алашым!
Өзі-ақ құлар, сырын берме, сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын, -
деген жолдардан оның ертеңгі болашақтан
үміті, қалай болғанда да осы қиындықтың
артында азат күндердің келеріне деген сенімі
көрінеді.
Өмірге құштарлық, айналасындағы адам-
дарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық
туралы ойлар – Мағжан өлеңдерінің басты
сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да,
ерекше
махаббатпен,
шынайы
жүрекпен
жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы,
сазды, көркем.
Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол
үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып.
Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып
жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі
ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде
анасына,
жарына,
жалпы
адамға
деген
махаббатын туған жерге қатысты сезімімен
ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол
табиғаттың асыл жемісі – адамды бəрінен
жоғары қояды. Бұған дəлел – «Сен сұлу» өлеңі.
Өлеңінде сұлулықтың көркіне көз тоймай,
айналасына таңырқай көз салған ақынның
бейнесі бар. Ол айрықша тебіреніс үстінде.
Оның көңіліне қуаныш, мақтаныш сезімін
ұялататын кең даланы гүлге ораған көктемнің
арайлы күні, күміс табақтай көкте жүзген сұлу
Ай, жібектей есіп, жанды жадыратар Жел, асқар
тау, көлде жүзген аққулар, көк аспанда нұрын
шашып тұрған Күн. Ақын осы көріністің тамаша
картинасын жасайды. Табиғаттың əр құбылы-
сынан, туған жердің əр тынысынан сұлулықтың
тамаша белгілерін көреді. Сонда да болса,
дүниедегі ең сұлу жаратылыс Мағжан үшін бұл
емес. Сұлудың сұлуы – оның жүрегі қалаған
сүйікті адамы.
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бəрінен де маған, сəулем, сен сұлу!
Мағжанның таза махаббат тақырыбына
арналған лирикасы – аса көркем мұра.
Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның
ең асыл сезімін жеткізуге келгенде ғажап
шеберлік танытады. «Сүй, жан сəулем», «Сен
сұлу», «Жұлдызды жүзік, Айды алқа қып
берейін», «Шолпы», т.б. өлеңдерінде Мағжан
адамға тəн осынау ұлы сезімді аса биікке көтере
жырлайды. Ақынның лирикалық қаһарманы
үнемі ғажайып сезімнің құшағында жүреді.
Шын сүю – Мағжанның ұғымында əрі лəззатты,
əрі азапты күй. Қуанышы да мол, азабы да аз
болмайтын сезім. Ақынның сезімі кіршіксіз
мөлдір. Сонымен бірге, ол махаббатқа шексіз
адал. Сүйген жанының бір сəттік қуанышын ол
патшаның тағына да, дүниенің малына да
айырбастамайды. Сүйген жары үшін не қиын-
дыққа да төзуге даяр.
«Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін»
өлеңі дəл осындай кіршіксіз махаббаттан туған
шығарма.
Сүйгеніне қол созған ғашық жан:
Кел, жұлдызым, жылжып қана жібектей,
Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін, -
деп, жүрек сырын ақтарады. Оның ғашығы
– сөзі сиқыр, шашы толқын, күлкісі күміс
табақтай, сыңғырлаған ғажайып сұлу. Ақын осы
сұлулыққа жету жолынжа бəрін де құрбан етуге
даяр ғашық жанының бар сезімін тамаша
суреттермен, бейнелі кестелермен береді. Лири-
калық кейіпкерінің «көз жасынан меруерт тізіп»,
тіпті аспандағы жұлдызды жүзік, айды алқа етіп
ғашығына сыйға тартқызды [4].
Қазақ ұлтына да ұлттық таза қасиеттері
негізіндегі ұлтшылдығымен қалыптастыратын
«Қазақ идеологиясы» керек. Мұсылманның жан
тазалығын, түріктердің өр табиғатын, Еуро-
паның жаңа мəдениетін тоғыстырып қарайтын
өзімізге тəн бағыт-бағдарымыз болғанда ғана
ұлтымызды сақтап, жаһандану – аждаһасының
аузынан аман қала аламыз. Жоғарыда аты
аталған ұлтшылдарымыздың рухын өлтірмесек,
ол біздің таза қанымыз арқылы келесі ұрпақтың
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
45
бойына дариды. Бұл рух – Мəңгілік тəуелсіз-
дігіміздің кепілі!
_______________________
1. Қирабаев С. Əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. –
Алматы: Білім. – 1995. –285 б.
2. Бес арыс. Ред.басқарған Əшімханов Д. – Алматы:
«Жалын». – 1992. – 544 б.
3. Əбдиманұлы Ө. Қазақ əдебиетіндегі ұлт-азаттық
идея. – Алматы: Қазақ университеті. – 2007. – 325 б.
4. Сыздықұлы З. Мағжантану мəселелері. // Таң-
шолпан, 2009. – №2.
* * *
В статье «Магжан – наситель тюркской духовной
культуры» рассматривается творчество Магжана Жума-
баева. На основе анализа произведений поэта раскрывается
его художественное мастерство, особенности мировоз-
зрения, эстетические и духовные идеалы. Большое
внимание в статье уделяется работам исследователей,
изучавших творчество Магжана Жумабаева
* * *
Magjan – native speaker of Turkish spirit culture.
In the article it is considered Magjan Jumabayevs creative
work and analysis of his works which showed us authors
artistic skills peculiarities of philogophy and his aesthetic
ideals.
А. Н. Отарова
Достарыңызбен бөлісу: |