Литература:
1. Смолл Г.,Ворган Г.Мозг онлайн. Человек в эпоху Интернета. - М., 2011
2. Пэлфри Дж.Дети цифровой эры.-М., 2011
3. Делез Ж.Кино.-М., 2013
4. Соловьева Г.Г. Современная западная философия (компаративистские исследования). - А., 2012,
Т.2.
5. Кови. С.Р. Семь принципов высокоэффективных людей.Мощные инструменты развития
личности. - М., 2006
219
Наралиева Р.Т., Досанов Б.И.
ҚАЗАҚ ТІЛІН КӨПТІЛДІ ОРТАДА ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекеттік тілді білу,жетік меңгеру және нақты тілдік жағдаятта дұрыс қолдана алу –
еліміздің әрбір саналы азаматының қасиетті парызы. Қазақстанда 140-тан астам ұлттар тұрады.
Осы ұлт өкілдерінің бәрінің ана тілімен қатар мемлекеттік тілді жетік деңгейді меңгеруі
міндетті. Осы міндет пен мақсатты жүзеге асыру үшін талай игі қадамдар, ізгі істер жасалып
жатыр. Тәуелсіздігіміздің арқасында көптеген табыстарға қол жеткіздік, экономикалық
табыстармен қатар мәдениет пен өнер саласында да талай-талай биік белестерді бағындырдық.
Тәуелсіздігіміз бен татулығымыздың. тұрақтылығымыздың кепілі парасатты билік пен
көрегенді саясаттың арқасы айқын. Татулықтың тірегі түсіністік, ал түсіністіктің тірегі тіл
бірлігі. Сондықтан да қазір еліміздегі лингвист мамандардың алдында үлкен жүк, міндет тұр.
Отандық білім кеңістігінде көптілді ортада қазақ тілін екінші тіл немесе шетелдік азаматтарға
екінші тіл ретінде оқытудың озық әдістемесін қалыптастыру.
Қазақ тілінің инновациялық әдістемесін қалыптастырудың өзектілігі – Елбасымыздың тіл
саясатына қатысты айтқан тұжырымды терең ойларын жүзеге асыру мақсатында, отандық білім
беру сатысын әлемдік деңгейге көтеру болып табылады. Білім кеңістігінде бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға қатысты отандық білім реформасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің даму стратегиясына сәйкес елімізде білім алып жатқан қазақстандық
жастарды және шетелдік азаматтарды қалыптасқан салт-дәстүрімізді, тарихымызды, әдеп-
ғұрпымызды, мәдениетімізді құрметтеуге баулу барысында жетекші рөл атқаратын, көпұлтты
елімізді, біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыратын негізгі фактор – мемлекеттік тіліміздің
өрісін кеңейту, қолданыс аясын, бәсекеге қабілетті дамыған елу елдің қатарына енуіне,
әлемдік аренаға шығуына жол салатын білім мен ілімнің, ғылым мен техниканың тілі ретінде
құзыреттілігін артуына байланысты қазақ тілін көптілді ортада оқытудың инновациялық
әдістемесін мемлекеттік және жалпыадамзаттық мәдени кеңістікте ғылыми-теориялық тұрғы-
дан саралап, оқыту технологиясына қатысты лингвистикалық және инновациялық әдістемелік
мәселелерді анықтайтындығында болып саналады. Қазақ тілін көптілді ортада деңгейлеп оқыту
және қазақ тілінің грамматикасын дәрісханасы сұранысына қарай прагматикалық тұрғыдан
оңтайлап ұсыну – бұл салада соны әдіс. Ұсынылып отырған әдістеме қазақ тілін көп тілді
ортада әлемдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, деңгейлік жүйеде оқыту үдерісін: қазақ
тілді дәрісхана үшін – іскери және кәсіби қазақ тілін, еліміздегі ұлттық мектептерде және
орыстілді дәрісхана үшін – екінші тіл ретінде, ал шетелдіктер пен мемлекеттік тілді өте нашар
білетіндер үшін шет тілі ретінде оқыту бағытымен қатар, Ұлттық Бірыңғай тестілеу мен
кешенді тест тапсырушы талапкерлерге арнап қазақ тілінің грамматикасын кешенді түрде
оқытатын қарқынды оқыту жүйесін қалыптастырып ұсынуды көздейді. Қазақ тілін көптілді
ортада деңгейлеп оқытудың инновациялық: қазақ тілінің грамматикасын парадигматикалық
тұрғыдан оңтайлап оқытудың кешенді әдістемесін: қазақ тілді дәрісхана үшін қазақ тілін ана
тілінің жоғары - іскери-ресми және кәсіби қазақ тілі деңгейлерінде оқыту, орыстілді
тұтынушыларға қазақ тілін екінші тіл ретінде бастауыш деңгейден бастап оқыту, ал шетелдік
тіл үйренушілерге қазақ тілін шет тілі ретінде нөлдік деңгейден бастап оқыту, ал ҰБТ және
кешенді тест тапсыратын талапкерлерге арнап қазақ тілі грамматикасын кешенді түрде
оқытатын қарқынды оқыту жүйесін ұсынады. Қазақ тілінің грамматикасын тілді тұтынушы
сұранысына сәйкес дәрісханаға оңтайлап ұсыну тәсілін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының пән оқытушылары шетелдік
азаматтар үшін қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту барысында – сабақта ұтымды пайдаланып
жүр. Қазақ тілі грамматикасын кешенді түрде оқыту әдістемесі ЖОО-ға дейінгі білім беру
факультетінде білім алатын оралман қазақ жастарын кешенді тестілеуге әзірлеу барысында
тиімділігін айқын дәлелдеді. Факультетте білім алған талапкер жастар қазақ тілі пәнінен он ай
ішінде – аз ғана мерзімде елімізде он бір жылы бойы оқыған отандық талапкерлерден кем емес
деңгейде балл жинайды. Ал қазақ тілін екінші немесе шет тілі ретінде оқыту барысында
қолданылатын прагматикалық тұрғыдан грамматиканы функциональдық-семантикалық жақтан
оңтайлап оқыту әдістемесі ғылыми зерттеулер барысында және оқу тәжірибесінде қазақ тілін
екінші немесе шет тілі ретінде оқыту үдерісінде грамматиканы оңтайлап беру әдісінің тіл
үйренушінің жас ерекшелігіне қарамастан тілді меңгеруге қол жеткізе алатындығын көрсетті,
практика жүзіндегі дәлелінің айқын мысалы – факультетте оқып жүрген шетелдік тың-
220
даушылардың 6 апта ішінде күнкөрістік деңгейді: тілдің нөлдік сатысын меңгеріп, жат тілді
ортада өте қажетті тілдік жағдаяттарда шағын диалогтер құра алатын дәрежеге қол жеткізеді.
Мысалы, факультетте білім алып жатқан ауғанстандық тыңдаушылардың 6 аптадан соң өз
бетінше базар аралап, дүкендерге барып өздеріне қажетті заттарды сатып ала алады. Қазақ тілі
грамматикасын оңтайлап оқыту барысында грамматикалық терминдер нақты аталмай, олардың
функциональды-семантикалық жағына мән беріледі: өзі әлі тілді дұрыс білмейтін тіл
үйренушілерге тілдік терминдерді жаттатқаннан гөрі олардың мәні мен мағынасын түсіндірген
абзал. Қолданыс аясын ұқтырған жөн. Мысалы, өткен шақ болымсыз етістік деген гөрі
орындалмаған немесе болмаған іс-әрекет деп оқыту әлдеқайда ұтымды болып табылады. Қазақ
тілі пәні оқытушыларының кәсіби біліктілігі, бірегей әдістеменің ерекшелігі, тіл
үйренушілердің, тілді тұтынушылардың жеке тұлғалық талаптарына сай жеке тұлғалық-
бейіндік бағдарда оқыту бағыты қазақ тілін көптілді ортада оқыту үдерісінде табысты
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сабаққа үзбей қатысып, берілген тапсырмаларды
толық орындаған жағдайда талапкерлер ҰБТ және кешенді тестілеу кезінде қазақ тілі пәнінен
жоғары балл жинауға қол жеткізе алады, сонымен қатар қазақ тілін екінші немесе шет тілі
ретінде оқыту саласында тіл үйренушінің 6 аптадан соң тілдің (нөлдік) күнкөрістік немесе
бастапқы деңгейін меңгеріп, келесі деңгейіне өтеді. Грамматиканы оңтайлап оқыту әдістемесі
қазақ тілін көптілді ортада шет тілі ретінде оқыту жүйесін кез келген жастағы адамға
қолжетімді етеді, ал сабақты жеке тұлғалық ерекшелікке бейімдеп ұйымдастыру арқылы
сапалы нәтижеге қол жеткізеді. Отандық білім беру нарығында қазақ тілін оқыту әдістемесінің
бәсекеге қабілеттілігін арттырып, еліміздің интеллектуальдық әлеуетін арттыруына үлес қосуға
бағытталады. Әдістеменің өзектілігі, ең алдымен, оның зерттеу нысанынан – қазақ тілін көп
тілді ортада оқыту жүйесін әлемдік тіл үйрету бағдарламасына: Кембридж университетінің
халықаралық тіл – ағылшын тілін оқыту тәжірибесіне, EF Efekta™ System [1, 31-60] жүйесіне
және корей, түрік тілдерінің прагматикалық тұрғыдан грамматиканы оңтайлап оқыту бағытына
сәйкестендіріп, нөльдік деңгейден бастап оқыту үдерісін енгізуді және прагматикалық
тұрғыдан грамматиканы өзге тілді дәрісханаға оңтайлап оқыту әдістемесін ұсынуынан айқын
көрінеді. Яғни қазақ тілінің қолданыс аясының кеңістік пен уақыт аясындағы даму жолдарын
мен танымдық-тәрбиелік мәнін саралау, тілдегі ұлттық таным негіздері мен одан алатын
тағылымының
жүйелілігін
лингвомәдени,
психологиялық,
педагогикалық,
мәдени,
лингвистикалық, әлеуметтік негізде анықтаудың маңызы зор. өзектілігі айқын. Қазақ тілінің
коммуникативтік функциясын, тілдік құзыретін жаңаша ғылыми негізде саралаудың, оны
жалпыадамзаттық құндылықтармен салыстыра отырып, ерекшелігін танытудың, қазіргі
инновациялық даму бағдарламасы тұрғысынан жүйелі түрде зерделеудің маңызы мен мәні
ерекше зор болып табылады. Мысалы, IELTS [2, 79-81] оқу жүйесінде тілді үйретуде басты
басымдылық сөйлесуге – тілдің негізгі аспектілерінің ішіндегі ең белсенді формасына беріледі.
Тілді оқытудың матрицалық әдістемесінде тілдің ауызша қатысымдық саласына көп көңіл
бөлінеді. Мәдениеті мен өркениеті дамыған елдер тәжірибесінде тілдің, тілді көп тілді ортада
ана тілі деңгейінде, екінші және шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің терең зерттелуі – ұлт
мәдениетінің салиқалы дамуы мен этностық құндылықтардың толық әрі жақсы сақталғандығын
көрсететіні дәстүрлі үрдіс. Өркениет пен мәдениеттің негізгі тұғыры саналатын мемлекеттік
тіліміздің жалпыадамзаттық құндылықтар мен уақыт пен кеңістік аясындағы ұлттық
құндылығымыздың көрінісін, мәдени мұрамызды, ұлттық дүниетанымдық болмысты анықтай-
тыны рас. Тәуелсіз еліміздің биік мәдениеті мен мәдени келбетін, тіл мәденитін танымдық
көкжиегінен зерделеп, оның әлеуметтік мәнін, мәдени, тілдік, педагогика-психологиялық
межесін анықтау арқылы қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің бағдарын жаңаша
теориялық бағытта саралап, жүйелеудің шаралары зерттеу жұмысының өзектілігін айқын-
дайды.
Қазақстан Республикасы – ынтымақ сүйгіш қауіпсіз және табиғы ресурстары бай,
экономикалық ахуалы тұрақты ел ретінде әлемге танымал мемлекет. сонымен бірге Қазақстан
Республикасының білім беру дәрежесі де халықаралық аренада жоғары деңгейде көрінуі,
еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігі де шетелдік мемлекеттерді, жекелеген шетелдік
азаматтарды да қызықтырады, сол себепті де қазақ тіліне деген сұраныстың артқанын ескеріп,
қазіргі уақыттың талабына сай қазақ тілін көп тілді ортада оқыту әдістемесі жаңаша мазмұнды
құрылымды қажет етеді. Баспасөз беттерінде, конференцияларда, әдістемелік семинарларда
Осы мәселеге қатысты көптеген мақалалар, жарияланымдар жарық көрді. Алайда қазақ тілін
шет тілі ретінде оқыту жүйесінің инновациялық технологиясын қалыптастыру мәселесі
221
толығымен шешілген жоқ. Әлемдік және отандық тіл оқыту әдістемесін сараптап, зерделеп,
қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың жаңаша кешенді әдістемесін: парадигмалық тұрғыдан
грамматиканы өзге тілді дәрісханаға оңтайлап оқыту қажет. Алдын ала жүргізілген зерттеу
жұмыстары мен тәжірибелер грамматиканы оңтайлап оқытудың кешенді инновациялық
әдістемесі қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту ісін жақсарта түсетінін көрсетті. Ұсынып отырған
қазақ тілін көптілді ортада ана тілі деңгейінде іскери және кәсіби қазақ тілі, өзге тілді
дәрісхана үшін екінші тіл және шет тілі ретінде оқытудың грамматиканы оңтайлап, ал ҰБТ
және кешенді тест тапсыратын талапкерлер грамматиканы кешенді түрде қарқынды оқыту
ұсынатын инновациялық кешенді әдістемесі [3, 79-81] мен жас ерекшелігіне қарамастан кез
келген тіл үйренушіге қолжетімді оқыту жүйесі бұл саладағы бірегей жаңаша мазмұнды
әдістеме болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру нарығында бәсекеге қабілетті қазақ тілін көп
тілді ортада оқытудың отандық инновациялық жүйесін – тіл үйренуші ортаның сұранысына
бейімдеп, қазақ тілі грамматикасын оңтайлап оқытатын бірегей әдістемесінің инновациялық
технологиясының қалыптастыру керек. Әдістеменің жаңалығының артықшылығы және
перспективасы: ұсынылып отырған әдістеменің өзектілігі мемлекеттік тілге деген сұраныстың
жылдан-жылға артып келе жатқанына байланысты қазақ тілін көптілді ортада оқыту
әдістемесінің инновациялық технологиясының отандық жүйесін – әлемдік және отандық білім
беру жүйесіндегі озық модельдердің тиімді бағыттарын саралай отыра, қалыптастыруды
ұсынады. Қазақ тілінің қоғамдық, мәдени, саяси, әлеуметтік маңызын – еліміздегі қарым-
қатынастың негізгі құралы, мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін айқындауды көздейді. Ең бірінші,
қазақ тілін сатылап оқытудың жаңа әдістемесін: іскери-ресми және кәсіби қазақ тілі ретінде,
екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту жүйесін әлемдік тіл үйрету бағдарламасына
сәйкестендіріп, нөльдік деңгейден бастап оқыту үдерісін енгізуді және парадигматикалық
тұрғыдан грамматиканы өзгетілді дәрісханаға бейімдеп оқыту жүйесін ұсынады. Қазақ тілінің
қолданыс аясының кеңістік пен уақыт аясындағы даму жолдарын мен танымдық-тәрбиелік
мәнін саралау, тілдегі ұлттық таным негіздері мен одан алатын тағылымының жүйелілігін
лингвомәдениеттік негізде анықтаудың маңызы зор. Қазақ тілінің коммуникативтік
функциясын, тілдік құзыретін жаңаша ғылыми негізде қарастырудың, лингвистикалық
ерекшелігін танытудың, қазіргі заманның өркендеп даму жүйесі тұрғысынан жүйелі түрде
зерделеудің маңызы мен мәні ерекше.
Қазіргі заман мен тұтынушының сұранысына сай қазақ тілін көптілді ортада оқыту
әдістемесі жаңаша мазмұнды құрылымда қалыптастыруды қажет етеді. Мемлекеттік тілді
оқытудың озық отандық әдіснамасын қалыптастыру мәселесіне қатысты баспасөз беттерінде,
конференцияларда көптеген мақалалар, жарияланымдар жарық көрді. Алайда қазақ тілін шет
тілі ретінде оқыту жүйесінің инновациялық технологиясын қалыптастыру мәселесі толығымен
шешілген жоқ. Әлемдік және отандық тіл оқыту әдістемесін сараптап, зерделеп, қазақ тілін көп
тілді ортада оқытудың жаңаша кешенді әдістемесін: парадигмалық тұрғыдан грамматиканы
өзгетілді дәрісханаға оңтайлап оқытуды ұсыну керек. Өзгетілді дәрісханада жүргізілген
зерттеулер мен тәжірибелер, практикалық сабақтар қазақ тілінің грамматикасын
семантикалық-функциональдық жақтан көптілді ортаға бейімдеп оқытудың инновациялық
әдістемесі қазақ тілін екінші тіл немесе шет тілі ретінде оқыту үдерісін жақсарта түсетінін
көрсетті. Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада грамматикасын бейімдеп оқыту инновациялық
әдістемесі отандық оқу саласындағы бірегей де инновациялық әдістеме болып табылады.
Аннотация
Авторы статьи системно обосновывает пути развития государственного языка в
профессиональной научно-технической сфере, основываясь на понимании его приоритета и
роли в становлении государственности Казахстана и его будущем. С ростом значимости языка
и расширении сферы его применения необходимы разработка новых научных теорий и
внедрение инновационных подходов к их внедрению в области обучения иностранных
студентов и их подготовки к обучения по различным специальностям.
Annotation
Authors of article is system proves ways of development of language and national culture in
space and time and argues that the main support of spiritual and material culture is the state language.
222
Defines importance of the Kazakh language in the light of domestic and universal values and
informative, instructive, competent value on the basis of the innovative scientific theory.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Engilsh as a Second Language. School and Education Resources// International Educftion, 2012. //P.
31-60;
2. IELTS with answers. Examination papers from University of Cambridge ESOL examinations:
English for Speakers of Other Languages, Cambridge University Press, UK, 2007. P. 79-81;
3. Сәрсенбаева А.А. Мобильное обучение иностранным языкам как одно из основн-
ных направлений в системе автономного образования. Научный мир Казахстана. 1-2010 ,№1 (29)
Стр. 82-89.
Наралиева Р.Т., Наханова А.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЗГЕТІЛДІ ДӘРІСХАНАДА ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ДА
ТИІМДІ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада оқыту әдістемесі – еліміздегі отандық білім беру
саласындағы ең өткір мәселе. Қазақ тілі – Қазақстан елінің мемлекеттік тілі, елімізде тұратын
қазақтардың және елінің тілін өзі тілі санайтын өзге ұлт өкілдерінің ана тілі, атамекенінен
әртүрлі себептермен жырақтап кеткен шетелдегі қазақ диаспорасының ана тілі. Мемлекеттік
тіліміз – Мәңгілік еліміздің тұрақтылығын қалыптастырушы басты дәйектеме. Қазақ тілі
қазіргі таңда қоғамдық қатынастағы жоғары рөлге ие болып отыр. Қазақ тілі тек тілдік
қатысымдық құрал ғана емес, мемлекеттік қызметкерлермен қатар қазақ мектеп оқушыларына,
ЖОО-ға орнының қазақ бөліміне түсушілер талапкерлер мен мемлекеттік жұмыс орындарына
қызметке тұрушы үміткерлер емтихан тапсыратын негізгі міндетті пән. Қазіргі таңдағы басты
талап қазақ тілін өз тұғырына қондыру – білім мен ғылымның тіліне айналдыру. Қазақ тілінің
– мемлекеттік тілдің мәртебесіне лайық пәнді оқытудың отандық, инновациялық әдістемесін
қалыптастыру – тіл мамандарының басты мақсаты. Осы мақсатқа сай ЖОО-ға дейінгі
дайындық кафедрасының шетелдік тыңдаушыларға сабақ беретін қазақ тілі пәнінің ұстаздары
жан-жақты еңбек етуде. Қазақ тілін шет тілі немесе екінші тіл ретінде өзгетілді дәрісханада
оқыту барысында тілдің негізгі 4 аспектісі: сөйлесім, тыңдалым, жазылым, жазылым бойынша
тіл үйренушінің сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда диалогтер маңызды рөл атқарады. Тіл
үйренушінің интенциясына сәйкес және күнделікті тұрмыстық жағдайға орай мазмұны мен
тақырыбы шынайы тілдік жағдаятты қамтитын диалогтердің ұсынылуы сабақты қызықты
етеді. Прагматикалық тұрғыдан айқын мақсатқа құрылған диалогтер күнделікті шынайы тілдік
жағдаяттарға бағытталады да, сонымен қатар тіл үйренушінің сұранысын қамтамасыз етеді.
Тілдік негізгі аспектілердің ішінде ең маңыздысы сөйлесім болып табылады. Себебі сөйлесім
тілдік қарым-қатынастың ең белсенді түрі және өте қажетті аспектісі болып табылады. Мысалы
әлемдік озық үлгілі тіл үйрету үрдісі, оқыту үдерісі қалыптасқан IELTS жүйесінде сөйлесімге
60 жаттығу жұмысы беріледі
.
Осы жаттығу жұмыстарын бекітетін практикалық сабақтардың
көлемі сандық жақтан шектелмейді, сонымен қатар жоғарғы сапалы мультимедиалық оқу
құралдар арқылы сабақтың сапасын жетілдіріп, білім алушының үйреніп жатқан тіліне деген
қызығушылығын, талабын арттыра түсуге бағытталады. Әлемдік және отандық мектептердің
өзгетілді дәрісханада тіл үйретудің озық үлгілеріне сүйене отырып, қазақ тілін шет тілі немесе
екінші тіл ретінде оқыту барысында деңгейлеп оқыту жүйесі қалыптасты. Қазіргі таңда қазақ
тілі бес деңгейге бөлінген: А1,А2, В1, В2,С1. Осы бес деңгейлік оқыту жүйесі қазақ тілін
өзгетілді дәрісханада оқыту үдерісін толық қамти алмағандығы, тіл үйренушінің сұранысы мен
талабынан шыға алмай отырағаны бәрімізге мәлім. Себебі А1 деңгейіне арналып жазылған оқу
құралдарындағы материалдары аз да болса, қазақ тілін білетін адамдарға арналған. Сонымен
қатар грамматикалық материалдар таза лингвистикалық қалыпта ұсынылады. Тіл үйренушінің
жас ерекшеліктері мен тұлғалық ерекшеліктері, сұраныстары ескерілмеген. Бұл тіл құралдары
уақыт өткен сайын заман талабына ілесе алмай, тұтынушы талабын толық қанағаттандыра
алмай жатыр. Мәселенің бір ұшы тіл құралын, тілді оқытудың әдістемесін жаңғыртып,
жаңартып ,ұдайы жетілдіріп отыру қажеттілігіне келіп тіреледі. Тағы да бір өзекті мәселе, тіл
223
үйренушілер дәрісханасының ала-құлалығына көңіл бөлмей бәріне бірдей әдістемесі қолдану.
Себебі, түркітектес ұлт өкілдері мен түркітілдес емес ұлт өкілдеріне ұсынған қазақ тілі
оқулықтарының арасында үлкен айырмашылық жоқ. Тақырыптары бір болғанымен,
дәрісхананың талабына сай мазмұны жағынан жеңілдеу немесе күрделілеу болып келу керек
қой. Лексика-грамматикалық материалдар сұранысқа сай сұрыпталмаған. Мектептегі қазақ тілі
оқу құралы оқушылардың ана тіліндегі грамматикалық материалдардың тақырыбы мен
мазмұнына сай параллельді түрде немесе сәл кейіндетіп берілсе, тиімді болатындығы сөзсіз.
Тілдік материалдардың күнделікті нақты тілдік жағдаятпен тығыз байланыста ұсынылғаны
абзал. Өзімнің тәжірибемде қазақ тілінің алғашқы деңгейінің кітаби лексикасын меңгерген тіл
үйренуші кездестірдім. Көшеде, жұмыс бабымен (өзі балабақшада медбике) кітаби лексикада,
ресми тілде қазақтармен тілдескенінде, оған қазақтар айналайын қазақша ештеңе ұқпадым,
орысша айта беріңізші, деген. Тіл үйретуде басты назар әуелі ауызекі сөйлеу тілін меңгерту
болуы қажет. Мысалы, қазақ тілі пәнінің ұстаздары өзгетілді дәрісханада етістіктің жіктік
жалғауын өткен кезде кітаби нұсқасын өтеді: мен барамын, отырамын, деп. Ал сөйлеу кезінде І
жақта ықшамдап барам, отырам деп айта беретініміз назардан тыс қалады. Сол себепті де
өзгетілді дәрісханаға грамматикалық материалды семантикалық-функциональдық жақтан
бейімдеп ұсыну қажет. Тағы да бір басты жайт тілді мүлдем білмейтін жандарға нөлдік
деңгейден бастап үйрету, тіл дыбыстарын тіл үйренушінің жас ерекшелігі мен қабілетіне қарай
лексикалық материалдарымен байланыстыра отырып үйрету. Тіл дыбыстарын үйрете отырып,
нөлдік деңгейде диалогтің өте қарапайым нұсқасын – бір сұрақ пен бір жауап беруден немесе
репликадан – жалаң жай сөйлем түрін меңгертуден бастау қажет. Себебі кез келген тіл
үйренуші тұлға өзінің өмірлік қажетін өтеу үшін өзге адамдармен әңгімелеседі, пікірлеседі, ой
алмасады.
Тілдік қатынас жасау үшін сол ұлттың тілдік грамматикалық ережелеріне сәйкес
сөздерді, сөздік оралымдарды, сөз тіркестерін, сөйлемдерді қолданады. «Если американцы
считают, что для обучения английского языка достаточно знать 500 слов, то мы считаем, что
чтобы владеть казахским языком достаточно 300 слов, потому что это связано с аглюнитивной
структурой казахского языка» [1, 6]. Диалогті меңгерту барысында бір тақырып аясында
бірнеше диалогті оқытудың да маңызы зор. Немесе әртүрлі тақырыптағы, бірақ мазмұндық
құрылым жағынан бірін-бірі толықтыратын, бірін мазмұнын екінші аша түсетін мазмұндық
немесе тақырыптық жақтан, мағыналық, ақпараттық аясы жақын диалогтер тіл үйренушінің
сөздік қорын байытады, ұқсас, алайда сәл де болса айырмашылығы тілдік жағдаяттарда көмек
сұрауына, өзге коммуниканттармен тілдік қатысым түсуіне септігін тигізеді. Кембридж
Нөлдік ‐ О
300‐
350
тілдік
бірлік
Күнкөріске қажетті сөздер, сөз
тіркестері, жалаң, толымсыз жай
сөйлемдер, өте шағын диалогтер
Қарапайым
– А1
550‐750
тілдік
бірлік
Əртүрлі тілдік жағдаятқа
құрылған шағын, шағындау
диалогтер
Базалық –
А2
1000‐
1200
тілдік
бірлік
Əртүрлі тілдік жағдаятқа құрылған
көлемі орташа диалогтер, толымсыз,
бірақ күрделілеу жай сөйлемдер,
жалаң құрмалас сөйлемдер
224
университетінің халықаралық тіл – ағылшын тілін оқыту тәжірибесіне, EF Efekta™ System [2,
31-60] жүйесіне және корей, түрік тілдерінің прагматикалық тұрғыдан грамматиканы оңтайлап
оқыту бағытына сәйкестендіріп, нөльдік деңгейден бастап оқыту үдерісін енгізуді және
прагматикалық тұрғыдан грамматиканы өзге тілді дәрісханаға оңтайлап оқыту әдістемесін
ұсынуынан айқын көрінеді. Адамдар арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы,
оның негізгі қызметі. Сөйлеу – пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы.
Сөйлесу – екі немесе бірнеше адамның тілдік қатынасы, ақпарат алмасуы, пікірлесуі болып
табылады. Сөйлесім барысында жекелеген сөзді қабылдау, сөз тіркестерін, сөйлемдерді түсіну
және сөздің мағынасын, оның функциональдық қызметін ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты.
Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, тұтас сөйлесімді, лебізді ұғына алмайды. Қабылдау мен ұғыну
бір мезгілде жүріп отырады, бір-бірінсіз іске аспайды. Диалогтер күнделікті өмірде жиі
қолданылатын өте жеңіл тақырыптарға бейімделіп құрылады да, ауызекі тілдесу негізінде
құрастырылған амандасу, танысу, жөн сұрасу, қажетті ақпаратты сұрай білу секілді тілдік
жағдаятты қамтуға арналады. Тілдің нөлдік деңгейіндегі диалогтер тіл үйренушінің өзгетілді
ортада күнкөрістік қажетін өтей алуға негізделеді. Тілдің өмірдің шынайы көрінісімен тығыз
байланысы қарым-қатынас үшін қажетті пікірді айта білуге, әртүрлі жағдаятта өз ойыңды
дұрыс жеткізе алуға септігін тигізеді. Тіл үйренушіні тілдік қатынастың нәзік механизмін
меңгерту үшін, оған әлеуметтік және психологиялық деректер мен коммуникативтік-лебіздік
дәйектердің әсерін айқындап көрсететін, тілдік ортада болып жатқан жайтты бағалап, сезіне
алатындай жағдай туғызған абзал. Коммуникативтік дағды тіл үйренушінің өзі меңгерген
функциональдық материалды шынайы өмірде қолдана алуға машықтандырады. Өзгетілді
дәрісханада қазақ тілін оқыту ісінің жемістілігінің, табыстылығының бір ұшы – тіл
үйренушінің қазақ елінде болуы, қазақ тілді ортада жүріп әртүрлі тілдік жағдаяттарда қажетті
сөздерді өз құлағымен естуінде және сөздердің эмоциональдық реңкін ұғына білуінде болып
табылады. Сабақта диалогтерді рөлдерге бөліп оқу, жаттап айту арқылы тіл үйренуші өзге де
тіл үйренушілермен және ұстазымен еркін сөйлесуі – тілді практикамен ұштастыра іске
асырылады. Қазақ тілінің сабағының негізін практикум мен зертханалық жұмыстар құрайды.
Практикум тапсырмаларын, жаттығуларын, зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру барысында
оқытушы сапалы білім мен сапалы тәрбие беру ісін ұштастыра отыра жүргізуі қажет. «Қазақ
тілінен дидактикалық материалдар мен көмекші көрнекі құралдарды қолданғанда сабақтың
мазмұнына сай келетіндігін басты назарда болады. Қазақ тілін оқытудың методикасында
педагогика ғылымының әрбір жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі
амал, тәсіл, әдістер және көрнекіліктер пайдаланылып, түрленіп отырылады»[3,5]. Оқытудың
прагматикасына сай тыңдаушыларды қажетті білім негіздерімен қаруландыру. Оларды өз
бетімен іздендіріп, дәрісханада алған білімін ары қарай жетілдіруге ынталандыратын өздік
жұмыстарын жасау дағдыларын қалыптастыру. Креативтік ойлау, шығармашылық қабілеттерін
дамыту барысында олардың дүниетанымын, эстетикалық, этикалық, адамгершілік қасиеттерін
өркендетуге арналған шығармашылық жұмыстарды, тренингтерді ұйымдастыру үдерісінде
тиімді әдістерді үйлестіріп қолдану арқылы білімнің сапасын арттырады. Практикалық
сабақтың негізгі түрі оқытушының – білім алушылармен бірлесе жұмыс жасауы, олардың
зертханалық талдау жұмыстарына жетекшілік жасауы болып табылады. Инновациялық
шығармашылықпен оңтайлы ұйымдастырылған сабақтар, дұрыс құрылыммен сауатты жасалып
берілген тапсырмалар білім алушылардың тек білімін ғана ұштап қоймай, олардың шынайы
өмірге деген әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру үшін қажетті маңызды да бірегей
материалдармен қамтамасыз ететін механизм. «Қазіргі заманғы оқыту технологияларын
меңгеру – бұл өте күрделі де ұзақ үдеріс. Кейде ол оқытушыдан оқытудың күнделікті
үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді» [4, 106].Қазақ тілін оқытудың бұрынғы
қалыптасқан стандартын, дәстүрлі жүйесін жаңа заманға қарай бейімделуін, оны инновациялық
технологиямен қайта құруын уақыт өзі талап етіп отыр.
Ключевые слова: обучение казахскому языку как иностранному, уникальная методика,
адаптированная грамматика, формирование инновационной технологии
Достарыңызбен бөлісу: |