Әдебиеттер
1 «Бала құқықтары туралы» Конвенция, 1989 ж.
2 «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабы, Қазақстан Республикасының Заңы 1998 ж.
3 Қазақстан Республикасындағы «Баланың құқықтары туралы» Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы №345.
4 Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А. Балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен
кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық.- Алматы: Азаматтық
білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы, 2009.- 41 б.
5 Колесов Д.В., Мягков И.Ф. Учителю о психологии и физиологии подростка. - М. : просвещение, 1986. - 80 с.
6 Байбородова Л.В. и др. Концепция организации воспитательной деятельности с детьми-сиротами //Современные
концепции воспитания: Материалы конференции. -Ярославль: ЯГПУ, 2000. -171 с.
7 Степанов О.В. Мир детства в условиях выживания (Социально-правовые проблемы защиты детства). – Ростов-на-
Дону,1997. –146 с.
8 Абраменко А.Ю. Технология работы с детьми из неблагополучных семей на примере Дюссельдорфского центра
помощи детям. //Журнал «Психология и право». -2012 г. -№4. –С.4-7.
9 Корнев Л.В. Особенности самоопределение подростков – учащихся специальных школ закрытого типа. //Диссертация
к.психол. н. - М.,1999. -145 с.
10 Капенова А.А. Ойынның коррекциялық мүмкіндіктері мен бала өміріндегі эмоционалды маңызы. //І.Жансүгіров
атындағы ЖМУ Хабаршысы -2014. -№1. -51-55 б.
References
1 «Bala ququqtary turaly» Konvenciya, 1989 j.
2 «Neke jane otbacy turaly» Qazaqstan Respublikasy Zanynyn 52-baby, Qazaqstan Respublikasynyn Zany 1998 j.
3 Qazaqstan Respublikasyndagy «Balanyn ququqtary turaly» zany 2002 jylgy 8 tamyzdagy №345.
4 Argynov А. H., Jumakanova R.А. Balalarga arnalgan kitaptar men animacialyk filmderdin sujetteri men keiipkerlerin kolda-
nu arkyly jasalgan bala ququktaryn oqytu jonindegi adistemelik nusqaulyq Аlmaty: Аzamattyq bilim berudin gylymi-aqparat
ortalygy, 2009.- 41 b.
5 Коlesоv D.V., Мyagkov И.Ф. Uchitelu o psihologii I fiziologii podrostka.- М.: provosveshenie, 1986. - 80 s.
6 Baiborodova L.V. i dr. Koncepcia organizacii vospitatelnoi deyatelnosti s detmi-sirotami //Sovremennye konsepcii vospi-
taniya: Materialy konferensii. -Yaroslavl: YaGPI, 2000. -171 s.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
56
7 Stepanov О.V. MIR detstva v usloviya (Socialno-pravovye problemy zashity detstva). – Rostov-na-Donu,1997. –146 s.
8 Abramenko А.U.Tehnologia raboty s detmi iz neblagopoluchnyh semei na primere Dusseldorfskogo centra pomoshi detyam
//Zhurnal «Psihologiya I pravo». -2012 г. -№4. –S.4-7.
9 Kornev L.V. Osobennosti samoopredelenie podrostkov – Uchashihsya specialistov shkol zakrytogo tipa. //Dissertacia k.
Psihol. N. - М.,1999. -145 s.
10 Kapenova A.A. Oiynnyn korrekciyalyk mumkindikteri men bala omirindegi emocionaldy manyzy. //І.Jansugurov atyndagy
JMU Habarshysy -2014. -№1. -51-55 b.
Асылбекова М.П. Технология реализации защиты прав воспитанников в детских домах.
В этой статье определяются проблемы, эфективнные методы, структура социальной защиты детей, особенности
социокультурного развития в обществе, уровень социально-экономического развития и технология реализации защиты
прав воспитанников детского дома. А также, рассматривается значимость создания для овладения условии правовыми
знаниями, методика организации правового образования подготовки компетентных специалистов, методистов и
педагогов.
Ключевые слова: права детей, защиты прав, прававое образование, социальная защита, технология.
M.P. Assylbekova. Technology implementation of protection of the rights of pupils in orphanages.
This article defines the problem, effective methods, the structure of social protection of children, especially in the socio-cul-
tural development of society, the level of socio-economic development and implementation of technology to protect the rights of
children’s home. And also considered the importance of creating the condition for the acquisition of legal knowledge, methods of
organization of legal education training of competent professionals, trainers and educators.
Key words: children`s protection, protection of rights, legal education, social protection, technology.
Редакцияға 18.02.2016 қабылданды.
ӘОЖ 378
М.П. АСЫЛБЕКОВА
1
, Г.Н. ИТОЛИНА
2
п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті
1
,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты
2
БАЛАЛАР ҮЙІ ЖАҒДАЙЫНДА ТӘРБИЕЛЕНГЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада балалар үйі жағдайында тәрбиеленген студенттердің өзін-өзі жетілдірудің өзекті мәселесі ретінде
бағыттары, жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, балалар үйі жағдайында тәрбиеленген студенттердің жеке
тұлғалық дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін бағыттар мен әдіс-тәсілдер анықталып, білім беру жүйесіндегі
басты ұстанымдар мен өміріне қажетті білім беру, кәсіби тұрғыда қалыптасуы үшін керекті дағдыларға баулу
қарастырылады.
Түйін сөздер: өзін-өзі жетілдіру, балалар үйі, тұлғаның қалыптасуы, қарым-қатынас, психологиялық ерекшеліктер.
Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістер тұсында елдігімізді нығайту мен өркендету
бағытындағы игі бастамалар, іс-шаралар аясында азаматтық қасиеттері, ұлттық болмысы мен адамгершілігі
биік, мәдениеті мен әдебі жоғары деңгейдегі кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан болашақ мамандар даярлау
мәселесінің маңыздылығы айқындала түсуде.
Қазіргі өркениет дамуы барысындағы толассыз ақпараттар тасқыны жағдайында, жаһандану үрдісі
тұсында әрбір жеке тұлға үшін заман талабына сай өзін рухани, жеке дара және дене дамуы тұрғысынан
жетілдіріп шыңдау айрықша мәнге ие болуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму
факторларының бірі ретінде еліміздегі білім беру жүйесі тұлғаны дамытуға, тұлғаның өзін-өзі іске асыруы
мен өзін-өзі анықтауына жағдай жасауға бағытталуы қажеттігі туралы айтылады [1].
Қоғамдағы құндылықтардың бастысы қоғам мен адамның тұрақты даму деңгейі болса, білім берудің басты
мақсаты танымдық іс-әрекетке ынталы, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Әлеуметтік мәні зор осы талаптар арқылы жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін бағыттар
№ 3 (112) 2016
57
мен әдіс-тәсілдерді анықтап, білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдар қатарында жеке тұлғаның өміріне
қажетті білім беру, кәсіби тұрғыда қалыптасуы үшін керекті дағдыларға баулу қарастырылады.
Жеке тұлғаға тән қасиеттер мен ерекшеліктер, тұлғаның іс-әрекетінің бағыттары бірқатар ғалымдардың
зерттеу еңбектерінде талданған. Жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу барысында оның өзегін «Мен-жүйе», кей
кезде «Мен» деп белгілеу ұсынылған. Ал, жеке тұлғаның өзін-өзі тануға талпынысы осы өзінің «Менін»
тануынан бастау алады.
Алайда, жеке тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған танымдық іс-
әрекеттері педагогикалық-психологиялық тұрғыда зерттелген.
Рессей ғалымдардың зерттеулерінде тұлғаның өзін-өзі тануы оның өмірлік ұстанымдарын анықтауының
бағыт-бағдары, құндылықтары қатарында қарастырылады. А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн
т.б. ғалымдардың зерттеулерінде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі қозғалтуы оның өмірінің мәнін
айқындаушы бағыты, өзін анықтау санасының қалыптасуының негізі және белсенді өмірлік іс-әрекеттерінің
бастауы ретінде сипатталады. Жеке тұлғаның өмірлік бағыт-бағдарлануы туралы Е.И.Исаев, В.И.Слободчиков,
Д.А.Леонтьев еңбектерінде айтылған. Бұл зерттеулерде тұлғаның өзін-өзі тануы оның өмір сүру жағдайына
қатынасын білдіреді. Нақты бір әрекет, жағдайларға байланысты тұлғаның өзіндік ой-пікірі, шешімдерге
келуі оның танымдық қабілеттерінің дамуына ықпалын тигізеді. Тұлғаның өзін-өзі тануы және дамытуы жеке
белсенділігіне, алға қойған өмірлік ұстанымдарына, мақсаттарына және өзіндік еркіне байланысты.
А. А. Реанның пікірінше, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыруға деген көкейтесті қажеттілік
кемелденген тұлғаның негізін қалаушы қасиеті, адамның ұзақ жыл жасауының, оның ішінде кәсіптік ұзақ
жұмыс істеуінің қайнар көзі [2, 480].
Алайда, психология ғылымының мазмұны бойынша өзін-өзі таныту ұғымына жақын бірнеше термин
қолданылады, олар өзін-өзі таныту ұғымын толықтырып, оның мәнін түсінуге көмектеседі. Кей кездері
таныту мағынасы бойынша жақын осы ұғымдардың көмегімен түсіндіріледі. Олардың арасынан «өзін-өзі
жүзеге асыру», «трансценденция», «өзін-өзі бекіту», «өзін-өзі көрсету», «өзін-өзі жетілдіру» ұғымдарын
бөліп көрсетуге болады.
Адамның өзін-өзі таныту феноменіне қатысты тұжырымдамалар өзін-өзі таныту мен өзін-өзі жүзеге
асыруды мәні бойынша жақын, синоним ұғымдар деп сипаттайды. Адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін
толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы (гуманистік психологтар), өз дамуының ішкі тенденциясын
толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы, адамның өзі бола алатын тұлға болып шығуға ұмтылуы
және басқа да тұжырымдамалар осы екі түсінікті бір кешенде қарастыру керектігін айтады. Олар бірін бірі
толықтырып отырады және көптеген жағдайларда синонимдер секілді қолданылады. Л.А.Коростылеваның
пікірінше, «өзін өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеген асыру» терминдерінің интерпретациясындағы кейбір
айырмашылықтар тұлғаның көрініс табуының әртүрлі жақтарымен байланысты. Оның пікірінше, тұлға
тіршілік етуінің ішкі және сыртқы жағынан бақылады. Бұл жағынан алғанда таныту үрдісі тұлғаның ішкі
аспектісі, ал таныту сыртқы аспект ретінде көрініс табады. Сонымен қатар, Л.А. Коростылева өзін-өзі таныту
ұғымын өзін-өзі жүзеге асырудың жоғарғы деңгейі ретінде суреттейді. Оның пікірінше, «ең толық өзін-өзі
жүзеге асыру мән-өмірлік және құндылық бағыттарын жүзеге асырудан тұрады, яғни мәндік, аутентикалық
өзін-өзі жүзеге асыру танытуға деген қажеттіліктерді өзінің қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыруға
ұмтылу ретінде жүзеге асыру орын алады. Мұндай өзін-өзі жүзеге асыруды өзін-өзі беру, өзін-өзі іске асыру
деп атайды [3, 25]
Л.А. Коростылева, осы ұғымдардың бірлігін баса көрсете отырып, танытуды (өзін-өзі жүзеге асыруды) өзін-
өзі жетілдіру арқылы анықтайды. Ол былай деп жазады: «өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір өзін-өзі жетілдіруге
ұмтылу, яғни тұлғаның ... өз мүмкіндіктерінің үнемі өсуіне, осының негізінде жоғары жалпы адамзаттық
құндылықтар жатқан өз іс-әрекетінің сапасын арттыруға бағытталған ең жоғарғы қажеттіліктерінің бірі» [3,
38].
Тұлғаның өмірлік бағыт-бағдар ұстанымдары ретінде өз болашағы туралы ойланып, алдына қойған өмірлік
мақсат-мұраттарын қазіргі өміріне қатысты ұғынуға талпынысын, қол жеткен табыстарына қатысты өзін-өзі
жетілдіруге деген нақты қадамдарын атауға болады. Әсіресе, жасөспірімдер мен студенттердің қоршаған орта
және өмірдегі түрлі жағдайлар мен өзгерістерді ой-сана елегінен өткізіп, қабылдауының өзіндік ерекшеліктері
бар.
Әлеуметтік ортада кездесетін өзгерістер мен жаңартулар жастардың көзқарастарына, ішкі әлеміне түбегейлі
ықпал етіп, олардың өзіндік пікірлерін, ұстанымдарын қалыптастырады. Әсіресе, өзіндік ішкі «Менін»
табуға ұмтылысымен, кәсіби тұрғыда қалыптасуға талпыныстарымен, өмірдегі өз жолын анықтау үшін өзін-
өзі дамытуға деген ынтасымен ерекшеленетін, айрықша әлеуметтік топ ретіндегі студент жастардың өзін-өзі
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
58
жетілдіру мәселелеріне көптеген зерттеулер арналған. Студенттердің жоғары оқу орнында кәсіби даярлану
кезеңдеріндегі өзіндік анықталуы Л.И.Божович, А.В.Петровский, К.А.Абульханова-Славская зерттеулерінде
қарастырылған. Студенттердің өзіндік анықталуының құрылымы мен заңдылықтары, ұстанымдары,
бағыттары өз кезегінде тұлғаның дамуының да сатылары бола алады. Ш.Т.Таубаева өзін-өзі дамытудың
педагогикалық-психологиялық қана емес, мемлекеттік маңызды мәселе қатарынан саналатындығын айтады,
өйткені өзін-өзі дамытып, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан тұлға қоғам игілігі үшін қызмет етеді [4, 114].
Студенттердің өзін-өзі танып, жетілдіруінің әлеуметтік мәні айрықша, ол өзінің білімі мен қабілетін шыңдай
отырып, оның қоғамдық маңызын да ұғына бастайды.
Тұлға өмірлік бағыт-бағдарына және қоғамдағы әлеуметтік талаптарға сай өзінің өмірлік ұстанымдарын
анықтайды, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады, бұл тұлғаның азамат ретінде, болашақ қоғам мүшесі,
белгілі бір мамандық иесі ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Жоғары оқу орны студенттерінің тұлғалық дамуында оқу орнының талаптарын игеруі, оқудың мақсаты
мен мазмұнын ұғынуы, оқытушылар және өз әріптестерімен қарым-қатынастарын реттеуі, өзінің пікірлері мен
көзқарастарының, қабілеттерінің қалыптасуы олардың өзіндік өмірлік ұстанымдарын көрсетеді. Осы орайда
қазіргі қоғамдағы өзгерістерге орай студенттердің өзіндік көзқарастары мен іс-әрекеттерінің қалыптасуында
бірқатар ерекшеліктер болуы да мүмкін.
Студенттердің өзіндік ұстанымдарының қалыптасу үрдісінде тұлғаның танымдық іс-әрекеттерінде
өзгерістер болуы, әлеуметтік-психологиялық қалыптасуында жаңа бетбұрыстар болуы мүмкін. Бұл тұлғаның
жастық кезеңде өзіндік қалыптасуына, тұлғаны құндылықтар жүйесін ұғынып, өзіндік қажеттіліктері мен
қызығушылықтарын айқындауға әсер етеді.
К.А.Абульханова-Славская жастардың өзіндік анықталуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі жетілдіруге деген
ұстанымдарын жан-жақты зерттеп, талдау жасады. Тұлғаның әлеуметтік және кәсіби қызығушылықтарын
жүзеге асыруы түрлі кедергілерді шешу арқылы орындалатынын атап көрсетті. Тұлғаның болашақ мамандығын
таңдаудағы айқын себептер оның кәсіби тұрғыда қалыптасуының дайындық кезеңінде тиісті білім, іскерлік
және дағдыларды игеруде табысқа жетуінің кепілі болатынын, ал тұлғаның психологиялық қалыптасуындағы
оң нәтижелер оның оқу іс-әрекетін игеруде және тұлғааралық қарым-қатынастарды реттеуде маңызды екенін
анықтайды [5, 33].
Студенттердің өмірдегі өз орнын таба білуі, ең алдымен, көңілі қалаған мамандығын таңдауына, жеке
тұлғалық мәселелерін шешуде оң нәтижелерге жетуіне және шынайы өмірге бейімделуіне байланысты.
Осы кезде жастар бірқатар кедергілерден, қиындықтардан өтіп, өмірлік тәжірибелер жинақтайды. Осы
орайда оқыту үрдісіндегі барлық оқу кезеңдерінде студенттердің өзіндік ұстанымдарына қолдау көрсету,
психологиялық, адамгершілік тұрғыда бағыттап отыру шараларының тәлімдік маңызы зор.
Студенттер өзіндік қалыптасуы мен жетілуі барысында қазіргі заманға сай өмір сүруге бейімделуі, жеке
дара мүмкіндіктерін пайдалана білуі, өз қабілеттері мен іскерліктерін шыңдап отырулары керек, сонымен
қатар, өзін-өзі жетілдіру тұлғадан үлкен еңбектенуді де керек етеді.
Жастардың өзін-өзі жетілдіруі, үлкен өмірге араласуы барысында бірқатар әлеуметтік-экономикалық,
психологиялық-педагогикалық қиындықтар мен дағдарыстарға кездесетіндігі өзекті мәселелер қатарынан
саналады. Әсіресе балалар үйі жағдайында тәрбиеленген студенттердің дербес өмірге араласулары күрделі
болатындығы белгілі.
Еліміздегі балалар үйінде тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды тәрбиелеу және білім беру қоғамдағы өзекті мәселелер болып табылады.
Ата-ана қамқорлығын сезініп, отбасында тәрбиеленген студенттерге қарағанда балалар үйі жағдайында
тәрбиеленген студенттердің әлеуметтік, психологиялық және эмоциялық тұрғыда қалыптасуының өзіндік
ерекшеліктері бар. Олар ата-ана қамқорлығынсыз қалғандықтан және қоғамдық мекемеде тәрбиеленгендіктен,
өмірдегі қатігездік пен қаталдықты ертерек танып, жалтақ, жатбауыр, оқшаулау болып ержетеді. Олар ата-ана
қамқорлығы мен қолдауын сезіне алмағандықтан жеке тұлғалық дамуында психологиялық дағдарыстарды
бастан кешіп, өмірге бейтарап қарайтыны, өзіне деген сенімі төмен деңгейде болатыны зерттелген.
Балалар үйінде тәрбиеленгендердің дене дамуы тұрғысынан өз қатарластарымен бірдей жетіледі, алайда
психологиялық дамуы, кей жағдайда денсаулығына байланысты мәселелер туындап отырады.
Дегенмен еліміздегі балалар үйінде тәрбиеленушілерге жан-жақты білім мен тәрбие беру, белгілі кәсіпке
баулу туралы әлеуметтік бағдарламалар мен заңнамалар негізінде іске асырылуда. Балалар үйлеріндегі
оқу-тәрбие шараларының тиімді ұйымдастырылуы, педагогтар мен тәрбиешілердің өз міндеттеріне деген
жауапкершілікті сезініп, әр тәрбиеленушінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескеріп,
№ 3 (112) 2016
59
тәрбиелік іс-шараларды орындауы көп жағдайда оң нәтижелерге қол жеткізеді. Шынайы кәсіби деңгейде
ұйымдастырылған педагогикалық-психологиялық бағыттау мен қолдау көрсету әр тәрбиеленушінің жеке
дара қабілеттерін, қасиеттері мен ерекшеліктерін қалыптастырып, ұнамды дағдылар мен бейімділіктерін
шыңдайды, олардың өзіне деген сенімдерін қалыптастырып, болашағына деген армандарын батыл жүзеге
асыруларына жол ашады. Балалар үйінің қоғам алдындағы жауапкершілігі қатарына адамгершілік қасиеттерді
бойына сіңірген, әлеуметтік ортаға бейім, ерік-жігері мол, өз бетімен өмір сүруге қабілетті тұлғаны даярлауды
айтуға болады.
Балалар үйі жағдайында тәрбиеленген студент-жастардың тұлғалық тұрғыда қалыптасуының да өзіндік
бірқатар ерекшеліктері бар. Отбасы сияқты мейірім шуағы мен ыстық ықыласқа толы еркін ортада емес,
ересектер тарапынан басқарылып, бағытталатын, үнемі қадағалауда болатын шынайы емес ортада тәрбиелену
тұлғаның бойындағы өзіне деген сенімін азайтып, өзін басқаруын тежейді, өзінің тәртібін қадағалауын
төмендетеді, олар қоғамдағы мәдени және өркениет құндылықтарынан оқшауланып, жеке өмірлік мүдде,
мақсаттарына көп бойлай бермейді. Балалар үйінде өсіп, тәрбиеленгендіктен, тәрбиеленушілер сол ортаның
ішкі ережелері мен талаптарына тәуелді болатындығы белгілі, олардың жеке дара және жас ерекшеліктері
ескеріліп, үнемі психологиялық қолдау көрсетілсе ғана осы олқылықтардың алдын алуға болады.
Балалар үйінде тәрбиеленген студент-жастардың жеке тұлғасының қорғансыз күйде болатындығы
ескеріліп, оларды дербес өмірге психологиялық және әлеуметтік тұрғыда даярлау мақсатында адамгершілік
тұрғыдағы ахуал орнықтыру аса маңызды. Осы жағдайда ғана тәрбиеленушінің ой-санасы оянып, өзін-өзі
тәрбиелеуі, өзіндік «Менін» сезінуі, өзіне-өзі есеп беруі және өзін айналасындағылардан бөліп алып, өзін-өзі
жетілдіруі қалыптаса бастайды.
Балалар үйі түлектерінің әлеуметтік ортада бейімделуі мемлекеттік деңгейдегі мәселелер қатарында
қарастырылады, қоғамда балалар үйінің түлектеріне материалдық тұрғыда қолдау көрсетіліп, олардың
білім алуы мен белгілі мамандықты игеруіне барынша жағдайлар жасалып жатқанымен, көбіне осы
түлектер қатарластарына қарағанда қоғамдық өмірге араласып, өз орнын тауып, орнығу барысында бірқатар
сәтсіздіктерге кездесіп жатады. Бұның басты себептері ретінде ата-ана өнегесіне қанықпаған баланың
тұлғалық дамуы барысындағы қиындықтар, психологиялық-эмоциялық факторлар, әлеуметтік-экономикалық
дағдарыстар, қоршаған ортамен тұрақты байланыстың болмауын т.б. айтуға болады.
Дегенмен, тұлғаның қоғамдағы өз орнын анықтауы өзінің дербес күш-жігеріне, өзін-өзі жетілдіруіне
де тікелей байланысты. Жоғары оқу орындарында білім алып, болашақ мамандықтарына сай кәсіби
даярланудағы балалар үйінде тәрбиеленген студенттерді осы қиындықтарды ой-сана елегінен өткізіп, өмірлік
іс-әрекеттері барысында мәселелерді өз бетінше шешуге талпынып, өзіндік көзқарастарын қалыптастырып,
өзін-өзі жетілдіру үстіндегі тұлға ретінде қарастыруға болады. Жеке тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімделуі
оның саналы әрекеті, дербестігі өз мінез-құлқын басқара білу қабілетінен аңғарылады.
Балалар үйі жағдайында тәрбиеленген студенттердің өзін-өзі жетілдірудегі басты ерекшелігі балалар
үйі жағдайында алған тәлім-тәрбиесі мен білімін талдап, оны өмірде, оқу үрдісінде нәтижелі пайдалана
білуінде және болашақ мамандығын игерудегі рухани қажеттілігі мен танымдық әрекетінің белсенділігінде
болып табылады. Студенттің өзін-өзі жетілдіруінің негізі оқу-танымдық белсенділігі мен өзін-өзі дамыту
дағдыларының қалыптасуында, бұл одан өзінің алдына қойған міндеттерін жоспарлап, жүзеге асыру жолында
ерік-күш жігерін жұмылдырып, шыңдауын талап етеді.
Зерттеу еңбектерінде өзін-өзі жетілдіріп, өмірге бейімдеудегі басты белгілері ретінде тұлғаның өзін
саналы түрде реттеп отыруы, іс-әрекеттің жеке-дара тиімді қалыптасқан бағыты, өзін-өзі шынайы бағалау,
ерік қасиеттерін дамыту, әлеуметтік дағдылардың жоғары деңгейі, жеке дара қабілеттерді дамыту туралы
айтылады. Өзін-өзі жетілдіру адамды ішкі күйзелістер мен қобалжулардан арылтып, жаңа мүмкіндіктерге қол
жеткізуге ықпал етеді [6, 10].
Балалар үйі жағдайындағы тәрбиеленушілерде өзгелерге сенімсіздікпен қарау, өз іс-әрекеті үшін
жауапкершіліктің және өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімнің төмендігі сияқты белгілер байқалады.
Сондықтан, балалар үйінде тәрбиеленген студенттердің өзін-өзі жетілдіруінде жағымды психологиялық-
эмоциялық күйдегі ортаның, шығармашылық ортаның және мәдени кеңістіктің болуы оң ықпалын тигізері
сөзсіз.
Балалар үйінің қызметкерлері көп жағдайда тәрбиеленушілерді екі түрге бөліп сипаттайды,
алғашқыларында өзіне, айналасына немқұрайлы қарау, өз басына деген өзінің жауапкершілігін сезінуге
ықыластары бола бермейді, ал келесілері өз болашақ өмірлері өз қолдарында екендігін түсінеді, сондықтан
өз уақыттарын тиімді пайдаланып, өз мүмкіндіктерін барынша көрсетуге ұмтылады, өткен кезеңдерін терең
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
60
талдап, өздеріне деген сенімдерін нығайтады. Өзін-өзі жетілдіруде өткен іс-әрекеттерін ой елегінен өткізіп,
өзіне есеп берудің орны ерекше, ол алдағы жоспарлы әрекеттерін нақтылауға әсер етеді.
Тұлғаның ерік-жігері өз іс-әрекетін саналы түрде ұйымдастырып, өзін-өзі реттей отырып, ішкі кедергілерді
жеңуге бағытталады. Бұл ең алдымен өзін-өзі жеңуі, өз сезім-күйлері мен іс-әрекеттерін басқара білуінен
байқалады.
Халқымызда “Жетім көрсең жебей жүр” деген ұлағатты сөз бар, өмірге өгей күйде келгенімен, елі мен
өмір сүретін ортасы өгейсітпей, барынша қолдап, қорғап, ақыл-кеңес беріп бағыттап отырса, балалар
үйінде тәрбиеленген студенттердің де өзін-өзі жетілдіріп, өмірдегі кездесетін қиындықтарды жеңіп, белгілі
мамандықты игеріп, тұлғалық тұрғыда қалыптасып, ел мәртебесін көтеретін азамат боларына сенімді
арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |