Литература
1 Морданова С.М. Актуальность воспитания толерантности учащихся в Республике Казахстан //Вестник ЮУрГУ,
серия «Образование. Педагогические науки». 2012, -№41. - С.55-58
2 Система эстетического воспитания школьников /под ред. С.А. Герасимова. М.: Педагогика, 1983. - 264 с.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
50
3 Вульфов Б.З. Воспитание толерантности: сущность и средства // Внешкольник. 2002. № 6. - С. 15-16.
4 Джуринский А.Н. Поликультурное воспитание в современном мире// Известия Академии педагогических и
социальных наук. -М.- Воронеж, 2000. Вып. IV. - С. 28-32.
5 Кукушкин В.С. Школа как центр поликультурного образования // Известия Академии педагогических и социальных
наук. -М.- Воронеж, 2003. Вып. VII. - С. 74-78.
6 Мубинова, З.Ф. Воспитание национального самосознания и межэтнической толерантности в процессе преподавания
обществоведческих наук в многонациональной городской школе: На примере школ Республики Башкортостан: дис. …
канд. пед. наук: 13.00.01. - Уфа, 1998. - 191 с.
7 Мчедлов М.П. Толерантность. - М., 2004. -416 с.
8 Корнева Г.Ю. Формирование толерантных качеств личности школьника в процессе поликультурного образования
на уроках музыки // http://erono.ru/Общедоступный информационный ресурс в сфере школьного, дошкольного,
коррекционного и дополнительного образования. Инновации: поиски и исследования. Выпуск 22 (январь 2014)
9 Лихачев Б.Т. Теория эстетического воспитания школьников: учеб. пособие. М.: Просвещение, 1985. - 176 с.
10 Галицких Е.О. Диалог в образовании как способ становления толерантности: учеб.- метод. пособие. М.:
Академический Проект, 2004. - 240 с.
11 Насынбаев А.Н., Тайжанов А.Т. Этнокультурные традиции в духовном наследии М.О.Ауэзова. Алматы,1997. – 297
c.
12 Бельгибаева Г.К., Айтжанова Р.М. Формирование этнической толерантности у учащейся молодежи в Республике
Казахстан // Международный журнал экспериментального образования, 2013. №11. - С. 10-14.
References
1 Mordanova S.M. Aktual’nost’ obucheniya studentov tolerantnosti v Respublike Kazakhstan // Vestnik YUUrGU , seriya
“Obrazovaniye. Yurisprudentsiya» . - 2012. - №41. - S.55-58.
2 Sistema esteticheskogo vospitaniya uchashchikhsya / Pod red . S. A. Gerasimov. -M.: Obrazovaniye, 1983. - 264 s.
3 Vul’fov B.Z. Vospitaniye tolerantnosti: sushchnost’ i sredstva // Vneshkol’nik. 2002. - № 6. - S. 15-16 .
4 Dzhurinskiy A.N. Polikul’turnoye vospitaniye v sovremennom mire // Izvestiya Akademii pedagogicheskikh i sotsial’nykh
nauk. - M.- Voronezh , 2000. Vyp . Vnutrivenno. - S. 28-32 .
5 Kukushkin V.S. Shkola kak tsentr polikul’turnogo obrazovaniya // Izvestiya Akademii pedagogicheskikh i sotsial’nykh nauk.
- M.- Voronezh, 2003. Vyp . VII. - S. 74-78.
6 Mubinova Z.F. Vospitaniye natsional’nogo samosoznaniya i mezhetnicheskoy tolerantnosti v protsesse prepodavaniya obsh-
chestvovedcheskikh nauk v mnogonatsional’noy gorodskoy shkole : Na primere shkol Respubliki Bashkortostan : dis . ... Kand.
ped. nauk: 13.00.01 . - Ufa , 1998. - 191 s.
7 Mchedlov M.P. Tolerantnost. - M., 2004. - 416 s.
8 Korneva G.YU. Formirovaniye tolerantnykh kachestv lichnosti shkol’nika v protsesse polikul’turnogo obrazovaniya na
urokakh muzyki // http://erono.ru/Obshchedostupnyy informatsionnyy resurs v sfere shkol’nogo , doshkol’nogo , korrektsionnogo
i dopolnitel’nogo obrazovaniya. Innovatsii: poiski i issledovaniya. Vypusk 22 (yanvar’ 2014).
9 Likhachev B.T. Teoriya esteticheskogo vospitaniya shkol’nikov: ucheb. posobiye. - M.: Prosveshcheniye, 1985. - 176 s.
10 Galitskikh Ye.O. Dialog v obrazovanii kak sposob stanovleniya tolerantnosti: ucheb.- metod. posobiye. - M.: Akademich-
eskiy Proyekt, 2004. - 240 s.
11 Nasynbayev A.N., Tayzhanov A.T. Etnokul’turnyye traditsii v dukhovnom nasledii M.O.Auezova . - Almaty, 1997 . - 297
gr.
12 Bel’gibayeva G.K., Aytzhanova R.M. Formirovaniye etnicheskoy tolerantnosti u uchashcheysya molodezhi v Respublike
Kazakhstan // Mezhdunarodnyy zhurnal eksperimental’nogo obrazovaniya, 2013. - №11. - S. 10-14.
Қазіргі заман музыкалық білім берудегі тұлға толеранттылығының қалыптасу мәселелері.
Мақалада Қазақстанның заманауи (қазіргі заман) музыкалық білім берудегі тұлға толеранттылығының қалыптасу
сұрақтары қарастырылады. Автор қазақ музыкасын игеру - «өзге» мәдениеттерді танудың серігі деген пікірге сүйенеді.
Бір ұлт мәдениетінің көркемдік қабылдау жаңалықтары өзге ұлттың рухани санасымен, құндылық бағдарының
қалыптасуына және тұлға толеранттылығының қалыптасуына әсер етеді.
Түйін сөздер: музыкалық өнер, толеранттылық, музыкалық білім, қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениеті.
Issues of a person’s tolerance formation in modern musical education OF Kazakhstan.
The article considers issues of tolerance formation in modern musical education of Kazakhstan. The authors claims that mas-
tering Kazakh music leads to perception of “other” cultures. Understanding artistic discovery of one national culture by spiritual
perception of another culture enables to form value orientations that influence tolerance formation in a person.
Key words: musical art, tolerance, musical education, traditional Kazakh musical culture.
Поступила в редакцию 11.03.2016.
№ 3 (112) 2016
51
ӘОЖ 378:574.122
М.П. АСЫЛБЕКОВА
п.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мақалада тәрбиеленушілердің құқығын қорғауды жүзеге асыру мәселелері, технологиясы, тиімді тәсілдері,
балаларды әлеуметтік қорғаудың құрылымы, әдістері, қоғамда дамуының социомәдени ерекшеліктерімен, дамудың
әлеуметтік-экономикалық деңгейімен айқындалады. Сонымен қатар, құқықтық білім берудің маңызды шарттарының
бірі - құқықтық білім беруді ұйымдастыру әдістемесін меңгерген құзырлы мамандарды, әдіскерлер мен педагогтарды
дайындау қажеттілігі қарастырылады.
Түйін сөздер: бала құқығы, құқығын қорғау, құқықтық білім беру, әлеуметтік қорғау, технология.
Қазіргі заманғы Қазақстандағы балалар мәселесін шешу қоғамдағы гуманизация процестерімен үздіксіз
байланысты. Қоғамның ізгілігі оның маңызды ізгілікті институтын яғни, балаларды әлеуметтік қорғау
институтының бар болуын талап етеді. Қазіргі заманғы әлемде балаларды әлеуметтік қорғау, сол сияқты
Қазақстанда да, мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізін көрсететін ең маңызды, негізгі қоғам дамуының
мәдени, әлеуметтік, экономикалық факторлардың бірі болып отыр. Әлеуметтік қорғауды алу құқығы бала
кұқығы статусының ең маңызды элементі болып табылады.
Балалардың құқығын және заң жүзінде мүдделерін қорғау – бұл Қазақстан Республикасы ұлттық
саясатының негізгі бір бағыты. Бала құқығы туралы БҰҰ конвенциясында (1989 ж.), сонымен қатар басқа
халықаралық құқықтық актілерде бала дербес құқық субъектісі ретінде жарияланады. Оның өмір сүруі және
толыққанды дамуына тең құқық сақтауға,баланың құқығы мен мүддесін сақтауға мемлекет міндетеледі [1].
Қазіргі кезде балалардың құқы мен заңды мүдделерін қорғау жергілікті жердегі қамқорлыққа алу және
асырап алу ұйымдарына жүктелген. Қазақстан Республикасының «Отбасы және неке туралы» заңының
106-бабына сәйкес олар өз қызметтерін білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау өкілетті
мекемелері арқылы іске асырып отырады [2]. «Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымындағы № 229 бұйрығының негізгі
бөлімінде балалар үйінің міндеттері төмендегідей көрсетілген:
1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту
және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге
жағдай жасау;
2) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты
өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы
зияткерлікті байыту;
3) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк
рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген
көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) Қазақстан Республиканың қоғамдық - саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн,
жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының
тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;
6) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;
7) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық, психологиялық педагогикалық оңалтуды және
әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету [3].
Адам құқықтары саласындағы білім беруді анықтау кезіндегі басты элемент оның мақсаты болып
табылады, өйткені әдіснамасы мен мән-мағынасына қарамастан ол адам құқықтары мәдениетін дамытуды
көздейді. Мұндай мәдениеттің аса маңызды элементтері адам құқықтары саласындағы білім берудің жалпы
міндеттерін анықтайды, олар:
- адам құқықтарын және негізгі бостандығын құрметтеуді нығайту;
- адамзат ар-намысын бағалау және өзін-өзі құрметтеуді және басқаларға құрметпен қарауды дамыту;
- басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге апаратын қарым-қатынас пен мінез-құлықты дамыту;
- өмірдің қай саласы болмасын әйелдер мен еркектер үшін шынайы гендерлік теңсіздік пен тең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
52
- түрлі бағыттарды, әсіресе, түрлі ұлттық, этникалық, діни, тілдік және басқа да аз топтар мен бірлестіктерге
қатысты түрліліктерді құрметтеуге, түсінуге, дұрыс қабылдауға ықпал ету;
- азаматтылықты аса белсенділікпен көрсету үшін адамдардың мүмкіндіктерін арттыру;
- демократияны, дамуды, әлеуметтік әділдікті, ұжымдық біртұтастықты, адамдар мен халықтар арасындағы
ынтымақтастық пен достастықты қолдау;
- адам құқықтарының жалпыға ортақ құндылықтарына, халықаралық түсіністікке, төзімділік пен зорлық-
зомбылықты қолданбауға негізделген әлем мәдениетін құруға бағытталған халықаралық органдардың
қызметін қолдау.
Осы орайда, А.Х. Арғынов, Р.А. Жұмақанова бала құқықтарын оқыту өз-өзіне деген сенімділік пен
әлеуметтік төзімділік қасиеттеріне тәрбиелеуге, адам құқықтарының бүкіл мәдениетінің басты құрамдас
бөліктеріне бағытталғанын атап көрсеткен:
- өзін және басқаны бағалау;
- адам құқықтарын күнделікті өмірде мойындау және құрметтеу;
- өзінің жеке негізгі құқықтарын түсіну және оларды түйсініп үйрену;
-айырмашылықтарды мойындау және құрметтеу;
-қақтығыстарды зорлық-зомбылықсыз, басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау арқылы шешіп
үйрену;
-балалардың әрекет ету қабілеттеріне сенімділіктерін, олардың адам құқықтарын қорғау мен дәлелдеу
дағдыларын дамыту [4, 7]
Сонымен қатар, Д.В.Колесов, И.Ф.Мякгов зерттеулерінде тәрбиеленушілердің құқығын қорғауды жүзеге
асыруда жеке тұлғаның дамуына әсер ететін психологиялық орта құру қажет деп аталған. Бұл жүйе тұлғаның
қоғамға жат әрекеттерден арылу бағытында жаңа білім, машық, дағдыларды меңгеру, болашақ өмірді
перспективті жоспарлау қажеттілігі туындайды. Психологиялық әсер ету бағыты 3 кезеңге бөлді:
- бірінші, дайындық кезеңі (мерзімі - бірнеше күннен - 1 ай). Биографиялық, эксперименттік-психологиялық
әдістемелер арқылы жеке тұлғаны зерттеу.
- екінші, реконструктивті – (аптадан - бірнеше ай). Тәрбиелеу жүйесіне ендігі кезеңде әртүрлі әдіс-тәсілдер
арқылы педагогикалық-психологиялық қолдауды енгізу: әңгімелесу, сендіру, күн тәртібін ұйымдастыру,
топтар құру, мадақтау мен жазалау әдістерін қолдану, еліктеу және сендіру әдістерін қолдану (мысалы:
музыка тыңдау, кітап оқу, бітіріп кеткен тәрбиеленушілермен кездесу ұйымдастыру)
-үшінші, қолдаушы (реабилитациялық). Тұлғаның әлеуметтік - еңбектік дамыту мақсатында реконструктивті
кезеңде жеткен жетістіктерді бекіту. Бұл кезеңде іс-әрекет мақсатқа бағытталып және ұжымдағы жағымды
қарым-қатынас орнаса ғана субъективті - психологиялық және әлеуметтік-психологиялық ортақ тиімділігі
арттады [5,76].
Л.В.Байбородованың ойынша балалар үйіндегі іс-әрекет негізін бала таңдау мүмкіндігіне ие, өз таңдауын
негіздеуге үйренетін, өзін тексеріп, өз мүмкіндіктерін анықтай алатын, өз бетіндік шешім қабылдай алатын
жағдайлар құруы тиіс [6,25].
Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуын О.В. Степанов [7,146] келесі сәттерін бақылап
шықты:
- балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы қоғамнын барлық институттарының дамуымен үздіксіз
байланысында болады;
- ұлттың өмір сүруін, адамзаттық потенциалды жаңадан өндіруді қамтамасыз ету, қоғамдағы әлеуметтік
институттардың дамуы қоғамның қажеттіліктерін анықтайды;
- балаларды әлеуметтік қорғаудың құрылымы, әдістері, формаларының қалыптасуы қоғам дамуының
социомәдени ерекшеліктерімен, дамудың әлеуметтік-экономикалық деңгейімен айқындалады.
Адам құқықтары саласындағы білім берудің басты мақсаттарының бірі құқықтарды қорғау әрекеттері
болып табылады. Сондықтан, балалардың осы саладағы проблемаларды шешу үшін тиімді және мақсатты
әрекеттер жасау қабілеттерін қолдап, дамытып отыру өте маңызды. Балалар үшін мұндай әрекеттер кітап,
анимациялық фильмдер кейіпкерлерінің арасындағы құқықтық қатынастар ретінде болуы мүмкін, сонда
олар шынайы өмірде топтағы немесе отбасыдағы қақтығыстарды шешу үшін өздерінің бауырларына деген
қарым-қатынасын өзгерте алады. Бұл әрекеттер бұдан да ауқымды жерлерде, мысалы, Халықаралық адам
құқықтары күнін атап өтуді ұйымдастыруда немесе адам құқықтары тақырыбына арналған суреттер мен
қолөнер көрмелерін ұйымдастыруда қолданылуы мүмкін.
Тәрбиеленушілердің құқығын қорғауды жүзеге асырудың тиімді тәсілдеріне мына төмендегілер жатады:
•
Мораль мен құқық мәселелеріне арналған семинарлар мен пікір таластар өткізу;
•
Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;
№ 3 (112) 2016
53
•
Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру;
•
Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді ұйымдастыру;
•
Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершілік және құқық тақырыптарына байланысты
арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау;
•
Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау;
•
16 жасқа толып, куәлік алған тәрбиеленушілерді құрметтеп, құттықтау;
•
Құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет, бюллетень шығару;
•
«Жас заңгер» клубын ұйымдастыру;
•
Ай сайын «құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай күндерін» жүргізу.
Балалар үйі жағдайында тәрбиеленушілердің құқығын қорғауды жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерін
меңгерудің бір жолы - ойын. Ойын - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық
тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі.
Ойын іс-әрекеті:
• әлемді тануда, ой - өрісінің, тілінің дамуында;
• адами тәртіптердің тәжірибесін игеруде;
• әлеуметтік қарым-қатынасты қалыптастыруда;
•
дене дамуында ерекше рөл атқарады. Осыған сәйкес, БҰҰ ойын әрекетін баланың табиғи дамуына
қажет әмбебап бала құқығы ретінде қабылдаған болатын.
Американ ғалымдары Хартли мен Фрэнк [8, 61] ойын әрекеті баланың айналамен қатынас орнататын
«өзіндік тілі» деп сипаттай келе, ойынның атқаратын бірнеше қызметін көрсетті:
1. Ойынның еліктеушілік қызметі барасында бала өзін болып жатқан оқиғаның бір құрамдас бөлшегі
ретінде сезінеді.
2. Ойынның рөлдік қызметі балаға өзінің тілегін, мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
3. Ойынның эмоционалды қызметі барысында бала түрлі сезім, күй кешеді(қуаныш, импульс, адреналин).
4. Ойынның дамытушылық қызметі (агрессия, «Мен» бейнесі).
5. Ойынның мәселені шешу қызметі.
6. Ойынның ұлтаралық қатынас қызметі. Ойын – балаға жалпы адамзаттық қиындылықтарды, түрлі
ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады.
Ойын терапиясы саласында аса мәнді зерттеулер жүргізіп жүрген К.О.Коннор [9,54] ойынды бірнеше
түрге жіктеді. Ойын терапиясы – бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл-күйіне, өзіне, қоршаған ортаға
қарым-қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру, іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен
тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі.
Ойын – жаттығулар түрлі таным үрдістерін дамытып, икемділікті еріктік ауытқуларды қалпына
келтіру үшін пайдаланады. Рефлексия кезінде бала ойынын өзіне алған әсерін қысқаша ғана айту арқылы сол
сәттегі өз кейін анық тани білуге үйретеді. Осылайша, ойын – бала тәртібі мен мінез-құлқы дамуында
коррекциялық мүмкіндіктерге ие және бала өмірінде эмоционалды маңызды құрал ретінде де белгілі [9,55].
Балалардың өз бетінше қызмет ету, эмоционалдық толғаныстары арқылы оқытудың интерактивті әдістері
сабақты түсіну, білімді меңгеру, қабілеттер мен дағдыларды, құндылықтар мен қарым-қатынастарды
қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Бала құқықтары туралы білім баланың жасы мен бойындағы қасиеттеріне қарай құбылып тұрғанымен,
әдетте ол төмендегі маңызды ұғымдарды қамтиды:
- адам құқықтары оның отбасыдағы, мектептегі, қоғамдағы және бүкіл әлемдегі жүріс-тұрысының
стандарттарын ұсынады;
- адам құқықтарының нормалары оларды түсіндіру және жүзеге асыру әдістері түрлі болғанымен өзі
әмбебап болып табылады;
- әрбір бала адам құқықтарына ие болуымен қатар басқа да адамдардың құқықтарын құрметтеуге міндетті.
Мұндай құқықтарға қорғалу, қамсыздандырылу және қатысу құқықтары, мәселен, мазалаған мәселелер
бойынша баланың өз пікірін білдіре алу құқығы және тағы сол сияқты құқықтар жатады.
Құқықтық білім беру барысында балалар өздерінің қоғам өміріне араласуға, адам құқықтарының
мәдениетіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беретін қабілеттер мен дағдыларды бойына сіңіреді. Бұған
оқушылардың төмендегідей қызмет түрлерін ұйымдастыру ықпал етеді:
- белсенді түрде тыңдау және араласу: түрлі көзқарастарды тыңдай білу, өз пікірін айта білу және
басқалардың, өзінің пікірін бағалай білу;
- сын көзбен ойлап қарау: дәйектер мен пікірлер арасын ажырата білу, теріс ұғым мен бір жақты пікірді,
сондай-ақ түрлі айла-амалдарды тани білу;
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
54
- топпен жүргізілетін жұмысқа қатысу және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу;
- консесусқа қол жеткізу;
- құрбы-құрдастармен орындалатын жаттығуларға белсенді қатысу;
- өз пікірін сенімді түрде айта білу;
- проблемаларды шеше білу.
Балаларға арналған кітаптар, анимациялық фильмдер, мақалдар арқылы балалар өз құқықтарын
сабақтағыдай, одан да көбірек оқи алады. Сондықтан да баламен жұмыс істейтін кез-келген адам өзі ықпал
еткісі келген адам құқықтарының құндылықтарын түрлендіруге міндетті.
Үйретілуі міндетті адам құқықтары саласындағы ұстанымдарға мыналар жатады:
• өзіне және басқа адамдарға деген ізгі қатынас;
• өз әрекеттеріне деген жауапкершілік сезім;
• түрлі құбылыстарға деген әуестік, әділдік және түсінушілік;
•
басқа адамдарға деген жанашырлық және тілектестік, адам құқықтары бұрмаланған адамға
көмектесуге ұмтылыс;
•
адамгершілік сезімі, өз құндылықтарын және әлеуметтік, мәдени, тілдік немесе діни
айырмашылықтарға қарамастан басқалардың құндылықтарын құрметтеу;
• әр адамға әділ қарым-қатынас үшін әділдік және әлеуметтік жауапкершілік сезімі;
• өз қоғамын жақсартуға үлес қосуға асығу.
Құқықтық білім берудің маңызды шарттарының бірі - құқықтық білім беруді ұйымдастыру әдістемесін
меңгерген құзырлы мамандарды, әдіскерлер мен педагогтарды дайындау қажеттілігі. Тәрбиешілерге «Балалар
үйіндегі тәрбиеленушілердің құқығын қорғау» атты тренинг ұйымдастырылды. Тренинг бойынша жұмыс
бағдарламасы жоғарғы кәсіби білім берудің ережелеріне сәйкес зерттеу аясында жүргізілген диагностика
талаптарына сай құрылды. Бағдарлама тәрбиешілердің құқықтық сауатттылығын көтеру мақсатында
ұйымдастырылды. Зерттеу барысында тәрбиешілердің бала құқығын жүйелеуде қиналатыны байқалып,
бала құқығы туралы конвенциядан жалпы түсінігі бар екендігі анықталды. Зерттеу барысында тәрбиешілер
Отандық бала құқығын қорғаудың нормативтік-құқықтық базасымен толық таныс емес, тек құжаттардың
атауын атап бере алды. Бала құқығын топтастыруда, тәрбиешілер жеке және коммуникативтік бала құқығын
ажыра аталмай, бала құқықтарын жүзеге асыру жолдарын классификациялауда көп қиындықтар туындады.
Сауалнамаға қатысқан 26 тәрбиешінің 12,5% коммуникативтік құқықты жеке топтастырды, ал педагогтардың
45,8% коммуникативтік және жеке құқықты бір топқа жатқызды, тек 41,7 % жалпыазаматтық құқық бойынша
сиппаттама бере алды.
Демек, балаларды әлеуметтік қорғауды жүйе ретінде қарастыру кезінде келесі құрамдас жиынтықтарды
ескеру қажет:
- заңмен қамтамасыз ету және құқықтық нормативтік өрісінің ұйымдастыру дәрежесін;
- басқару тетіктері, мекемелер мен органдардың құзіретті өзара әрекеттесу тәртібі, ведомствоаралық өзара
байланыс, мекемелердің іс-әрекеттерінің ұйымдастырылған формаларын;
- атқару тәртібін;
- қаржылы-экономикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- ғылыми-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету;
Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесі дегенде балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында баланың үйлесімді дамуы мен өмірлік қамсыздандыруды қолдау, өмірдің
әлеуметтік қорғау жүйесінің қажетті элементтеріне материалдық база жатады.
Балалардың отбасында өмір сүру мен тәрбиелену құқығын қорғау жөніндегі мамандардың қызметі
төмендегі негізгі бағыттарды іске асыруды анықтайды. Олар:
• әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;
•
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың түрлі нысандарын
дамыту;
•
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру мен
тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Осыған байланысты баланың отбасында болу құқығын қорғауда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі
мамандар қызметінің басым бағыты отбасы мен балалармен жұмыста отбасылық сәтсіздіктің бастапқы
кезеңінде дер кезінде анықтау мен түзетуге жағдайлар жасауды көздейтін профилактикалық жұмысты
ұйымдастыру (бірінші кезекте әлеуметтік қиын жағдайға тап болған отбасылармен), балаға барлық мүмкін
болатын жағдайларда өзінің туған отбасын сақтау болып табылады.
Сонымен қатар, кәсіби және қайта оңалту жұмыстарының объектісі ретінде тек ата-анасының
№ 3 (112) 2016
55
қамқорлығынсыз қалған балалар ғана емеc, сондай-ақ әлі ата-анасының қамқорлығынсыз қалмаған,
денсаулығына, тәрбиеленуіне бөгет болатын, өміріне қауіп төнетін жағдайда тұрған, ең алдымен, ата-аналары
(өзге заңды өкілдері) оқыту мен күтіп-бағуға, олардың тәртібіне теріс әсер ететін немесе қатаң қарайтын ата-
аналары бар балалар қарастырылуы қажет.
Әлеуметтік жетімдіктің алдын алуда балалардың құқықтарын қорғау мамандарының қызметі төмендегі
міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс:
- отбасында тұрып жатқан және оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайға тап болған
баланы дер кезінде анықтау;
- отбасылық проблемалар пайда болуының бастапқы кезеңінде баламен және оның отбасымен алдын алу
және қайта оңалту жұмыстарын ұйымдастыру;
- девиантты тәртібі бар балаларды, сәтсіз отбасыларды анықтау, оларды ішкі істер органдарына тіркеуге
қою;
- ата-аналардың баладан, оның ішінде перзентханада (босану бөлімшесінде) немесе басқа балалар
мекемесінде, сондай-ақ баланы асырап алуға келісім беруден бас тарту профилактикасы жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру;
- оқу орындарына дәлелді себептерсіз бармайтын кәмелетке толмағандарды тіркеу қызметін үйлестіру;
- интернаттық мекемелер қызметін бақылау мен үйлестіру;
- балалар ата-аналарымен (өзге заңды өкілдерімен) олардың біліктілігін арттыруға, тиісті психологиялық,
педагогикалық, әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсетуге бағытталған ақпараттық-ағартушылық
және түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
- отбасына баланы тәрбиелеуде көмек көрсету мен оның өмірі мен тәрбиелену жағдайларына тиімді
бақылау жасау мақсатында отбасы мен балаға кешенді әлеуметті-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру.
Мамандардың қызметі отбасын сақтауға, баланы туған отбасында тәрбиелеуге жағдай жасауға бағытталуы
қажет.
Қорытындылай келе, балалардың және үлкендердің педагогикалық, психологиялық, құқықтық
жігерлендіруі баланың құқығын қорғау, олардың оқуда, қоғамдық өмірге араласуында, мамандық таңдауда,
өзіндік тәрбиеленуіне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |