П.К. ИСКАКОВА, Ш.С. МУСАБАЕВА, Д.Ш. КАЛИБЕКОВА
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, Астана қ.,
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Бұл мақалада білім беру үдерісіндегі дәстүрлер мен инновациялардың арақатынасы мен ерекшеліктері
қарастырылады. Тарих бойына жинақталған дәстүрлер жаңа ұрпақ өкілдеріне тәлім-тәрбие беруде шешуші рөл
атқарады. Дәстүрлер мен инновациялар өзара үйлесімді әрекет ететін, бір-бірінен ажырамас, біртұтас құбылыстар.
«Дәстүр» және «инновация» мәселесі ғылымда маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Осы заманғы мектеп әлі
де болса білім берудің дәстүрлі қағидалары мен ережелеріне негізделеді және сапалы өзгерістер мен инновацияларды
қажет етеді.
Түйін сөздер: болашақ мұғалім, дәстүр, инновация, инновациялық үдеріс.
Қазіргі қоғам барған сайын күрделене түсуде, жаңа ХХІ ғасырға сай өзгеше қабілет қасиетке ие ұрпақ
қалыптасып келеді. Ал мұның бәрі тікелей ғылым, білім саласына байланысты. Сондықтан да білім беруді
жетілдіру жөнінде маңызды реформалар, жаңа технологиялар мен ғажап идеялар пайда болуда. Кез-келген
халықтың педагогикадағы дәстүрлері оның ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалайды. Өйткені, осы
дәстүрлер ғана күнделікті тіршіліктен туындап, оның ауыр сынағынан сүрінбей өтіп, өз болмысын сақтап
№ 3 (112) 2016
213
қалады. Көптеген ескі дәстүрлер мен көзқарастарды қайта зерделеп, жіті түсіну білім беру жүйесінің
саналуандылығы мен дамуына септігін тигізеді. Тарих бойына жинақталған дәстүрлер жаңа ұрпақ өкілдеріне
тәлім-тәрбие беруде шешуші рөл атқарады. Біздің ойымызша, дәстүрлер мен инновациялар өзара үйлесімді
әрекет ететін, бір-бірінен ажырамас, біртұтас құбылыстар. «Дәстүр» және «инновация» мәселесі ғылымда
маңызды мәселелердің бірі болып саналады.
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі реформалар білім беру үдерісіндегі дәстүрлер мен инновациялардың
арақатынасы туралы мәселенің қызу талқылануына алып келді. Бір жағынан, педагогиканы дамытуда
дәстүрлер мен инновациялардың өзара байланысына қажеттілік туындаса, екінші жағынан олардың іс жүзінде
теңгерімін сақтау өте қиын екені белгілі. Сондықтан, инновациялар мен дәстүрлерді білім әлемінің екі полюсі
ретінде қарастыру керек.
Инновация мәселесіне келер болсақ, инновация деп адамдар өміріндегі жағдайларды, ойлау жүйесінің
немесе дүниені қабылдаудың жаңа түрін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттердің жаңа түрлерін шығару
және қалыптастыру процесінің нәтижесін айтуға болады. «Инновация» ұғымы өткен ғасырдың 30-жылдары
қолданысқа енген. Бұл термин әлеуметтанудың, мәдениеттің және мәдени антропологияның әлеуметтік
құрамдас бөлігі ретінде мәдени феномендерді кіріктіру идеясымен тікелей байланысты болған. «Инновация»
түсінігі бастапқыда бір мәдениеттің элементтерін өзге мәдениеттерге ендіру дегенді білдірген. Ресейде
«инновация» түсінігіне әрдайым сақтықпен қараған және оны «жаңалық, жаңару» ұғымымен алмастырған.
Соңғы жылдары білім беру саласындағы жаңалықтарды ойлап табу, игеру, пайдалану және тарату үдерісі
«инновация» деп түсініліп келеді.
Инновациялық үдерістердің маңызды сипатын өткеннің бай дәстүрлерінен алынған тың идеялар құрайды.
Инновациялық үдеріс - адам қызметінің құрамдас бөліктерін өзгертуге бағытталады. Дегенмен, мұнда да
өткеннің бай дәстүрінен тың идеялар алынады.
Инновация адам баласының шығармашылыққа деген қабілеттілігіне және осы шығармашылық нәтижелерін
қауымдастықтың қабылдап алу немесе бейімдеп алу мүмкіндігіне тәуелді болады. Шығармашылық –
сәттіліктің шыңына шығудың ұзақ жолы. Осы жолдағы келесі қадамды басу, яғни ілгері жылжу үшін тұрған
орныңнан қозғалуың қажет. Орыс ойшылдары айтқандай: «…Дәстүрін жоғалтқан құрдымға кетеді. Тек қана
дәстүрмен шектелу де ауыр қасіретке ұшыратады, яғни қорғаштап отырған дәстүріңіз жоғалуға шақ қалады.
Ендеше, дәстүрді үздіксіз шығармашылықтың аясында заман талабына сай жаңа сипатта жаңғыртып отырған
абзал».
Көбіне «дәстүр» дегенде ешкімге керегі жоқ, сіресіп қалған және өткеннің мұрасын дамытуға кедергі
келтіретін ескі-құсқы дүниелер еске түседі. Десек те, кез-келген халықтың педагогикасындағы нақ
осы дәстүрлер қай кезде болмасын ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалаған. Себебі, күнделікті
өмірден туындаған және күйбелең тіршіліктің сынағынан сүрінбей өткен халық дәстүрлері ғана әрдайым
шынайылығын сақтап қалған. Тамыры тереңге тартқан дәстүрлер жаңа буын өкілдеріне тәлім-тәрбие беруде
шешуші рөл атқарған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық жүйесі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім беру
бағдарламасының өзгеруімен қатар, білім берудің жаңа мазмұнын талап етіп отыр. Ол балаға өзін-
өзі өзектілендіруге, өзін толықтыруға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде
қалыптастыруға бағытталған. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес,
оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре
отырып, әр сабағын жоспарлауда баланың дамуына жағдай жасайтындай әрекеттерді белгілеп алуы тиіс.
Осы заманғы мектеп әлі де болса білім берудің дәстүрлі қағидалары мен ережелеріне негізделеді және
сапалы өзгерістер мен инновацияларды қажет етеді. Бұл өте маңызды сәт, себебі мектеп жеке тұлғаны
әлеуметтендірудегі, баланы кәсіби кеңістікке ендірудегі ең басты институттардың бірі екені даусыз.
Мектеп баланың жетілген тұлға болып қалыптасуында елеулі рөл ойнайтын негізгі буын болып табылады.
Сондықтан, мектеп бүгінгі әлемде орын алып жатқан үдерістерге дер кезінде әрі тиімді түрде жауап қата
отырып, туындаған мәселелерді анықтап, сапалы өзгерістерге жетелейтін шешім жолдарын тауып, заман
талабына сай әрекет етуі тиіс. Сонымен қатар, заманауи білім кеңістігі мобильді әрі икемді болғаны дұрыс.
Яғни, педагогикалық инновация арқылы сырт әлемдегі өзгерістерге жедел жауап беруі керек.
Кез-келген инновациялардың мәні - әр оқушының қажеттілігіне, мүмкіндігіне, психологиялық
ерекшелігіне сай келетін, өзіндік қабылдау траекториясын құруды көздейтін жеке оқыту тұрғысы. Мұғалім
сыныптың үстінде емес, әр оқушының қасында, «басқаратын» емес, «бағыттайтын» тұлға, әр оқушының
өзін-өзі тануында, өзін-өзі көрсетуінде ол «бақылаушы», ол «көмекші». Мұғалім оқушыда мықты білімнің
қалыптасуына танымдық, ынталандырушы, әлеуметтік дамуына, тәрбиеленуіне үлкен мотивация болып
табылатын оқушының «ішкі күштерін» ынталандырады, ерекшелігін, қайталанбас қасиеттерін мойындайды,
өзін-өзі бағалауының көтерілуіне ықпал етеді. Дәл осылар оқушының жетістікке жетуіне жағдай жасайды [1,
132].
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
214
Білім беру саласында дәстүрлер мен инновациялар арасындағы теңгерімділікті орнату және сақтап қалу өте
маңызды. Осы заманғы педагогикаға дәстүрлі педагогика негізінде өз білімі мен біліктілігін қалыптастырып,
білім беру ортасында үздіксіз орын алып жатқан инновацияларға бейім келетін мамандар қажет.
Дәстүрлерді жаңғырту инновациясыз мүмкін емес. Бұған «барлық жаңа нәрселер – ұмытылып кеткен
бұрынғы жақсы дүниелер» деген мақал дәлел. Білім беру үдерісіндегі барлық оқыту әдістері де, нысандары да,
тәсілдері де өз дәуірінде «жаңа, яғни инновациялық» деп есептелген. Олар уақыт өте келе дәстүрге айналған.
Мысал ретінде ұлы педагог Ян Амос Коменскийге тоқтала кетейік. Ол оқу жұмысын ұйымдастыру
саласындағы көптеген терең де озық дидактикалық идеялардың, қағидалар мен ережелердің (оқу жылы,
демалыстар, оқу жылын тоқсандарға бөлу, білім алушыларды күз мезгілінде жаппай оқуға қабылдау, сынып-
сабақ жүйесі, білім алушылардың білімін есепке алу) негізін қалай отырып, дидактика саласының новаторы
болған. Я.А.Коменский «баршаға барлық нәрсені үйрету» қағидасына сүйенген және материалдық және
жыныстық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балаға жаппай білім берілу керектігін талап еткен.
К.Д.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді
тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады». Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына
сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық
технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары
сөзсіз. Біз бұдан кезінде «инновациялық дүние» деп есептелетін барлық нәрсенің ұзаққа созылған үдерістің
нәтижесінде дәстүрге айналғанын көреміз.
Адамның тұла бойына ең жақсы моральдық қасиеттер мен қағидаларды қалыптастыруда туған өлкенің
әдет-ғұрыптарынан, салт-дәстүрлерінен, аға ұрпақтың тәжірибелерінен артық қандай нәрсе бар? Ғылым мен
практиканың ең озық жетістіктерін пайдалана отырып, балалардың туа біткен қабілеттерін барынша ашу, өз
бетінше әрекет етуге ынталандыру, ақпарат ағынында адаспай, одан өзіне керегін алу, шығармашыл ойлау
секілді қабілеттерін дамыту инновациялық қызметтің негізгі мақсаттарын құрайды [2, 586].
Ендеше, инновациялар бізден жан-жақты талдау мен сыни тұрғыдан ойлауды қажет етеді. Өз мәні мен
табиғаты бойынша дәстүрлер мен инновациялар өзара үйлесімді әрекет ететін, бір-бірінен ажырамас,
біртұтас құбылыстар болып табылады. XVII ғасырда неміс ойшылы Вольф алғаш рет осы бірегей әлеуметтік-
мәдени феномендердің ажырамас бірлігіне тоқталып өткен. Ол дәстүрлер болмағанда ғылымдағы кез-келген
инновация атаулы ғылымның дамуына емес, жаңа ғылыми пәннің пайда болуына алып келетінін дәлелдеген.
Ендеше, инновация мен дәстүр – «әлеуметтік-мәдени даму үдерісі» деп аталатын бір құбылыстың екі беті.
Сондықтан, оқу және білім беру үдерісінің батыс еуропалық үлгілері мен модельдерін пайдалану секілді
отандық педагогикадағы новациялардың ұлттық тәлім-тәрбие беру дәстүрлерімен ұштастыра қолданылғаны
абзал.
Едәуір жоғары сапалы білім мен тәрбиеге қол жеткізудің жолы уақыт пен адамның моральдық мән-
мағынасын дұрыс ұғынудан келіп шығатынан ешкім де жоққа шығара алмайды. Г.Б.Корнетовтың пікірінше
«педагогикалық өткенді бүгінгі күннің талабы мен күтулеріне сай түзетуге болады». Ал, бүгінгі күннің
талабы мен күтулері дегеніміз осы заманғы технологияларды, оның ішінде сапалы нәтижеге бағытталған
оқыту тәсілдерін пайдалану болып табылады. Міне, осы шарт орындалғанда ғана отандық білім беру жүйесін
жаңғыртуға болады [3, 123].
Оқытудағы инновациялар дегенде оқытудың жаңа әдістемелері, сабақ ұйымдастырудағы жаңа әдіс-
тәсілдер, білім мазмұнын ұйымдастырудағы жаңалықтар, біріккен немесе пәнаралық бағдарламалар, білім
нәтижесін бағалау әдістері түсініледі. Қазіргі жағдайдағы педагогтардың инновациялық белсенділігі соңғы
отыз жыл ішінде жүргізілген бірқатар зерттеулермен (А.А.Абдуллина, Е.В.Бондаревская, В.И.Загвязинский,
М.В.Богуславский, Н.М.Кан-Калик, В.А.Сластенин, В.В.Сериков, Ш.Т.Таубаева, Н.Н. Нұрахметов,
Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, К.М.Беркимбаев және т.б.) айқындалған.
Педагогикалық қауымдастықтың бүгінде бір-біріне қарама-қайшы екі топқа бөлінгені белгілі. Біріншісі –
оқу үдерісін ұйымдастырудың ғылыми дәйекті инновациялық тұжырымдамаларын білім беру тәжірибесіне
ендіруді қолдаса, екіншісі – «инновациялық үдеріс» деген атаумен эмпирикалық дәстүрлі даму жолын жақтап
отыр. К.Ю.Грачевтің пікірінше, «қос топтың да дәлелдері жеткілікті: бірінші топтың өкілдері тек қана ғылыми
құралдардың көмегімен педагогикалық үдерістер секілді күрделі де көпқырлы процестерді сипаттауға және
түсіндіру болатынын алға тартса; екінші топтың өкілдері тек практикалық педагогтар ғана қазіргі заманғы
мектептің мұң-мұқтажы мен проблемаларын сезіне алатынын тілге тиек етуде» [4, 381].
Уақыт – кез-келген адам қызметін сипаттайтын бірегей де әмбебап өлшем. Ол сандық және сапалық
тұрғыдан оңай өлшеуге келетін әлеуметтік құндылыққа ие. Педагогикадағы кез-келген инновациялық үдерісті
оқытудың дәстүрлі нысандары мен әдіс-тәсілдерінің салдары деп қарастыру қажет. Өткеннің бай дәстүрінен
алынған идеялар инновациялық үдерістің маңызды сипатын құрайды.
№ 3 (112) 2016
215
Халық даналығы: «Келісі қадамды басу үшін тұрған орныңнан қозғалуың қажет» дейді. Дәстүрін
жоғалтқан халық бірте-бірте өзіндік болмысынан айрылады. Дәстүр тек қорғайтын, сақтайтын және ұрпақтан
ұқпаққа берілетін білім мен тәжірибе ғана емес. Ол осы заманның талабына жауап беретін шығармашылық
сипатқа ие болған жағдайда ғана өміршеңдігін сақтап қалады. Демек, бұдан дәстүрді де, инновацияларды
да отандық педагогиканың әлеуметтік-мәдени феномені ретінде қарастыру керек. Сонда ғана білім берудегі
дәстүрлер мен инновациялардың тепе-теңдігі сақталып, тұрақты да орнықты даму жолы қамтамасыз етіледі.
Ендеше, білім беру жүйесін жаңғырту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде
педагогтардың шығармашылық және тұлғалық жан-жақты өсуін қамтамасыз етеді. Отандық педагогиканың
ең үздік дәстүрлері мен білім берудің жаңа нысандарын, әдіс-тәсілдерін және мазмұнын ұштастыра білу осы
заманғы мектептің болашағын айқындайды. Отандық және әлемдік білім кеңестігіндегі ең озық дүниелерге
негізделу отандық білім беру жүйесінің бұдан былайғы дамуының алғышартын құрайды. «Болашақ бүгіннен
басталады» демекші, сол болашақтың адамдары қай жағыңнан болса да тамаша адам болуы тиіс. Олар әр
жақты келісті адам болуы керек.
Бүгінгі таңдағы ең көп тараған (әсіресе, мектеп деңгейінде) оқыту түріне дәстүрлі оқыту жүйесі саналады.
Дәстүрлі оқытудың мазмұны мен әдістемесі білім алушының пән бойынша оқу материалын теориялық
мазмұнда игерсе, ал тәжірибеде қолданылуы шектеулі болғаны белгілі. Бұл, әрине, оны тәжірибелі іс-
әрекеттерді белгіленген алгоритм бойынша орындауға көп еліктетті, бірақ әрбір әрекетті дәл, нақты орындауға
ұмтылдырды. Оқу үрдісіндегі оқу әрекеттері педагогтің басшылығымен орындалуы жиі байқалды. Дәстүрлі
оқыту бұл - «жаңа нәрсені үйрету – бекіту – бақылау – бағалау» сызбасы бойынша білім алушыларды білім
алуға баулуға, қабілеттерін дамытуға және дағдыларды игеруге бағытталған. Оқытудың дәстүрлі сызбасында
оқытушы өз саласындағы білімнің жалғыз қайнар көзін құрайды және білім алушылар оқытушыға ақпарат
көзі ретінде қарайды. Яғни, білім алушылар оқытушының берген білімін келіспеуге және салыстыруға
келмейтін ең соңғы ақиқат ретінде қабылдайды. Оқу материалы аз болғанымен, оны тереңінен зерттеп білуге
баса мән беріледі [5].
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту
технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснама жатыр деп айтуға
болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға
дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды,
жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға,
ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Алайда, дәстүрлі оқыту жүйесінде бірқатар кемшіліктер де кездеседі. Қазіргі кезде дәстүрлі оқыту жүйесін
өзге оқыту түрлері білім кеңістігінен ығыстырып шығаруда. Себебі, оның табысты өмір сүруге қажетті білім
қорын анықтауға және оны білім алушыға беруге болады деген түсінігі әлдеқайда өзінің мәнін жоғалтқан.
Сондықтан, бүгінгі күнгі білім беру жүйесінде тек қана мәліметке бағдарлы оқытудан алыстап, жеке тұлғаға
бағдарлы оқытуға көшу қажет.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының
басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге
қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім
беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алған инноватика тың жаңалықтарды ашу және оны өндіріске
ендіру үдерісінің заңдылықтарын зерттейді. Инноватика алғашқыда адамның әлеуметтік-мәдени қызметінен
гөрі экономикалық, техникалық, технологиялық және әкімшілік қызметімен көбірек байланысты болған. Тек
соңғы онжылдықта ғана әлеуметтік, оның ішінде педагогикалық инноватиканың дами түскені байқалған.
«Маған жердің тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны, мен Жерді көтеріп беремін!» деген Архимедтің даңқты
сөзін әркім әрқалай түсінуі мүмкін. Біреулер «ол жерді көтеріп тастауды ойламаған, тек қана тіреу нүктесін
көрсеткісі келген» дейді. Шынында, ол адамзат тарихындағы жаһандық жаңалықтардың бірін ұсынған. Яғни,
оның айтқан сөзінен барлық нәрсені, тіпті әлемнің түп-негізін өзгерту мүмкін екенін ұғынуға болады.
«Инновация» (латын тілінен аударғанда «жаңару, өзгеру» дегенді білдіреді) әлемдік экономика, өнеркәсіп,
жарнама ісі секілді салалар үшін айтарлықтай жаңа түсінік емес. Алайда, педагогикалық инноватика – енді
ғана орнығып келе жатқан жас ғылым саласы [6].
Бүгінде педагогикалық инноватика қалыптасу және эмпирикалық таным кезеңдерін бастан өткеруде. Ұзақ
жылдар бойы бірқатар ғалымдар осы салада мол жұмыс атқарып келеді. Осы орайда, Н.И.Лапин, Е.И.Потапова,
А.И.Пригожин, С.Д.Поляков, А.В.Хуторский, О.Б.Шамина сынды ғалымдар мен оқытушылардың сіңірген
зор еңбегін атап өтпеске болмайды. Олардың еңбектерінен оқу-тәрбие үдерісі мен шығармашылық даму
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
216
сатысындағы инноватиканың барлық мәселелері педагогикада сәтті жүзеге асырылып жатқанын айқын
пайымдауға болады.
Қазіргі заманғы жаңғыртушы инновацияларға жаңа буынның білім беру стандарттарының негізгі құрамдас
бөлігін құрайтын кәсіби оқытудың құзыреттілік үлгісін жатқызуға болады.
Болашақ мамандарды кәсіби даярлау мәселелері С.С.Алексеева, С.Е.Шишова, В.Л.Васильева, А.В.Анохина,
А.Б.Бергерова және тағы басқалардың еңбектерінде зерттелген. П.П.Терехова, Н.А.Германская, В.А.Кальна,
М.М.Поташник және тағы басқалардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кәсіби құзыреттіліктің мәнін ашып
көрсетуге едәуір мүмкіндік береді.
Д.А.Иванов, А.В.Хуторский, Э.Ф.Зеер және тағы басқалардың зерттеулерінде білім берудегі құзыреттілік
тәсілдің мән-маңызы және осы тәсілдің іргесін қалаған жетекші ғалымдардың өзара байланысы қарастырылған.
А.В.Щербаков, В.А.Белеков, А.К.Маркова, А.Я.Найн және тағы басқалар өз еңбектерінде кәсіби құзыреттілікті
арттыру жолдарын зерттеген. Атап айтқанда, Л.В.Митина – педагогикалық құзыреттілікті, Л.А.Петровская
– коммуникативтік құзыреттілікті, ал С.Е.Шишов болса, педагогикалық құзыреттілікті арттырудың әдіс-
тәсілдерін зерттеуге ден қойған.
Білім берудегі құзыреттілік тәсілді «жоғары мектептің құбылмалы әлемнің талаптарына ілесу үдерісіндегі»
кезекті қадамы деуге болады [7].
Инновациялық шешімдер кешені негізгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың нормативтік
шарттарында да көрсетілген. Мұндай шарттарға оқытудың технологиялық тәсілін қолдану жатады. Бұл тәсіл
жоспарланған нақты нәтижеге міндетті түрде қол жеткізетін оқытудың дидактикалық тұрғыдан дәйекті әрі
тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдау, сондай-ақ педагогикалық жүйені ұтымды жобалау және біртұтас жүзеге
асыру есебінен білім беру үдерісін түбегейлі жаңғыртуға мүмкіндік береді. Нақ осы технологияландыру
үдерісі оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Оның ішінде, жеке тұлғаның құзыреттілікке негізделген білім
алуына және өзін-өзі жетілдіруіне зор септігін тигізетін белсенді интерактивті оқыту технологиясының мәні
ерекше.
Сонымен қатар, инновациялық шешімдердің қатарына оқытушы-профессорлар құрамын қайта даярлау
және біліктілігін арттыру шараларын жатқызуға болады. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған
үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен
меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық –
коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады.
XXI ғacыp aдaмының құзыpлықтapы қaтapындa caнaлaтын, қaзipгi бiлiм бepудe бacшы¬лыққa
aлынaтын «тaнуды үйpeну, жacaуды үйpeну, бipгe өмip cүpудi үйpeну, өмip cүpудi үйpeну» [8] нeгiзгi «төpт
қaғидa¬cының» мәнiн aшaды. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби
икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Білім сапасын арттыруда, бірінші кезекте оқытушының құзыреттілігі шешуші рөл ойнайды. Себебі, ол
білім берудің барлық сатысында әртүрлі әдістемелердің көмегімен білім алушыларға өз білімін жеткізеді.
Сондықтан, оқытушы өзінің шығармашылық ой-өрісін ұдайы кеңейте отырып, өз білімін дұрыс жеткізе білуі
қажет.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте
алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде
берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек
білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы
ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық
қабілетті; нақты бағыт беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілікті
қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта
отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің
жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып
табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі
бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Оқыту үдерісінің нәтижелі болуы үшін оның тәрбиелеуші және дамытушы сипаты басым болуы тиіс.
Білім беру мекемесіндегі оқыту, бірінші кезекте, білім алушының шығармашылық қабілетін дамытуға, өз
бетінше жұмыс істеу, есте сақтау, қисынды ойлау, ақпарат ағымынан өзіне қажетті мәліметті іздеп табу, жеке
тұлғаның өзіндік қасиеттерімен қоса, оның этикалық және эстетикалық көзқарастарын және гуманитарлық
ойлау аясын анықтау, түсіну және құрметтеу қабілетін қалыптастыруға септігін тигізуі керек. Міне, сонда
ғана біздің түлектер еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола алады.
№ 3 (112) 2016
217
Білім сапасы – осы заманғы күрделі де өзекті мәселелердің бірі. Жоғары кәсіби мектептің түлегі өзара
ақпараттық әрекеттестіктің аясы кеңейіп отырған бүгінгі қоғамда белсенді рөл ойнайтын әрі жоғары
сұранысқа ие маман болып қалыптасуына мүмкіндік беретіндей даярлықтан өтуі тиіс. Кез-келген маманның
кәсіби қызметіндегі ең маңызды аспектіге оның жоғары оқу орнында оқыған кезінде-ақ кәсібиралық қызмет
негіздерін игеруін жатқызуға болады. Болашақ маманның бойында жаңа бәсекеге қабілетті өнімді шығару
кезінде қажет болатын кәсіби және кәсібиаралық құзыреттіліктер қалыптасып, дамиды.
А.И.Хуторской: «инновациялық идея - инновациялық үдеріске ықтимал қатысушылардың назарын өзіне
аудартатын қандай да бір жаңа дүниені айтады… Инновациялық үдерістің негізінде интуитивті ойлау мен
эмпирикалық деректер арқылы қалыптасқан нысан, үдеріс, құбылыс туралы жалпы теориялық көзқарас
жатыр»- деп жазады [9].
Қортындылай келе, білім беру үрдісінің сапасын жоғарлату мақсатында, шәкіртті оқытуда, білім беруде,
тәрбиелеп өсіруде инновациялық үрдісті пайдалану өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |