Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет39/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102

Әдебиеттер

1 Искакова П.К., Керимбаева Б.Т. Multimedia presentation as perspective direction of innovative technologies//«Актуальные 

научные исследования в современном мире» материалы V Международной научно – практической интернет – конференции, 

Выпуск 5, Часть 2. Переяслав-Хмельницкий 2015г. 21-22 сентября 2015г.

2  Вахрушев  М.В.  Формирование  ключевых  и  предметных  компетенций  как  одно  из  направлений  реализации 

опережающего  обучения  /  Непрерывное  образование  учителя  технологии:  компетентностный  подход:  материалы  V 

международной заочной научно-практической конференции, 14 октября 2010г. / под общ.ред. О.В.Атауловой. – Ульяновск: 

УИПКПРО, 2010. – 586 с.

3 Корнетов Г.Б. Историко – педагогическое знание / Историко – педагогическое знание в начале третьего тысячилетия: 

перспективные  направления  исследований  феноменов  педагогического  прошлого  в  контексте  современных  проблем 

теории и образования: Материалы Третьей национальной научной конференции 26 окт. 2007г. – М.:АСОУ, 2007. (Серия 

«Историко – педагогическое знание». Выпуск 6). – 123 с.

4 Грачев К.Ю. Особенности применения целостного подхода в повышении качества подготовки учителя инновационной 

школы  /  Управление  качеством  профессиональной  подготовки  специалистов  в  условиях  перехода  на  многоуровневое 

образование: сб. Науч. Ст. По итогам Всерос. Науч. – прак. Конф. Волгоград , 22 – 25 сент. 2008 г.: в 2 ч. – Волгоград: Изд-

во ВГПУ «Перемена», 2008. – Ч. 1. – 381 с.

5 Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. -270 б.

6  Таубаева  Ш.Т.,  Лактионова  С.Н.  Педагогическая  инноватика  как  теория  и  практика  нововведений  в  системе 

образования. Алматы, 2001.

7 Фрумин И.Д. Компетентностный подход как есественный этап обновления содержания образования // Педагогика 

развития: ключевые компетентности и их становление. – Красноярск, 2003.

8 Бoлoтoв В.A., Cepикoв В.В. Кoмпeтeнтнocтнaя мoдeль: oт идeи к oбpaзoвaтeльнoй пpoгpaммe // Пeдaгoгикa. – 2003. 

– № 10. – C. 8-14.

9 Хуторский А.В. Педагогическая инноватика: методология, теория, практика: Научное издание, – М: Изд.УНЦ ДО, 

2005.

References

1  Iskakova P.K., Kerymbayeva B.T. Multimedia presentation as perspective direction of innovative technologies//«Aktualniye 

nauchniye  issledovaniya  v  sovremennom  mire»  materialy  V  Mezhdunarodnoy  nauchno-prakticheskoi  internet-konferencii, 

Vypusk 5, Chast 2. Pereyaslav- Hmelnichii 2015 g. 21-22 sentyabr 2015 g.

2 Vahrushev M.V. Formirovanie kluchevyh I predmetnyh kompetencii kak odno iz napravlenii realizacii operezhaiushego 

obucheniya/ Nepreryvnoe obrazovanie uchitelya tehnologii: kompetentnostny podhod: materialy V mezhdunarodnoi zaochnoi 

nauchno-prakticheskoi konferencii, 14 oktyabrya 2010 g./ pod redakciei O.V.Ataulovoi.- Ulyansk: UIPKRO,2010.-586 s.

3  Kornetov  G.B.  Istoriko-  pedagogicheskie  znanie/  Istoriko-pedagogicheskie  znanie  v  nachale  tretego  tysyachiletiya: 

perspektivnye  napravleniya  issledovaniya  fenomenov  pedadogicheskogo  proshlogo  v  kontekste  sovremennih  problem  teorii 

i obrazovaniya: Materialy tretiei nacionalnoi nauchnoi konferencii 26 oktyabrya 2007 g.- M.: ASOU, 2007.(Seriya “Istoriko-

pedagogicheskie znanie”. Vypusk 6).-123 s.

4 Grachev K.UI. Osobennosti primeneniya celostnogo podhoda v povyshenii kachestva podgotovki specialistov v usloviyah 

perehoda na mnogourovnevoe obrazovanie: sb.Nauch.St.Po itogam Vseros.  Nauch.- prak. Konf. Volgograd, 22-25 sent.2008 g.: 

2 ch.- Volgograd: Izd-vo VGPU “Peemena”, 2008- Ch.1.-381 s.

5 Eleubay S. Bilim beru tehnologiyasinin kazirgi problemalary. Almaty, 2001. -270 b. 

6 Taubayeva Sh.T., Laktionova S.N. Pedagogicheskaya innovatika kak teoriya I praktika novovvedenii v sisteme obrazovamiya. 

Almaty, 2001.

7 Frumin I.D. Kompetentnostnyi podhod kak estestvennyi etap obnovleniya soderjaniya obrazovaniya // Pedagogicheskaya 

razvitiya: kluicheviye kompetentnosti I ih stanovleniya.- Krasnoyarsk,2003.


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

218


8 Bolotov V.A., Serikov V.V. Kompetentnostnaya model: ot ideii k obrazovatelnoi programme// Pedagogika.-2003.- №10.-

С.8-14.


9 Hutorskii A.V. Pedagogicheskaya innovatika: metodologiya, teoriya, praktika: Nauchnoe izdanie,- M: Izd.UNC DO, 2005.

Искакова  П.К.,  Мусабаева  Ш.С.,  Калибекова  Д.Ш.  Взаимосвязь  традиции  и  инновации  в  образовательном 

процессе.

В  статье  рассматривается  взаимосвязь  и  особенности  традиции  и  инновации  в  образовательном  процессе. 

Традиции накопленные веками играет ключевую роль при воспитание будущих поколении. Традиция и инновация является 

единым явлениям и взаимосвязанными. Они как  важные проблемы в науке. Современная школа все еще базируется на 

традиционных приципах образования и требует изменения и присутствия инноваций. 

Ключевые слова: будущий учитель, традиция, инновация, инновационный процесс.

Iskakova P.K.,  Musabaeva  SH.S., Kalibekova D.Sh. The interrelation  of traditions and innovations  in the educational 

process.

The  article  deals  with  the  peculiarities  of  traditions  and  innovations  in  the  educational  process.  Traditions  accumulated 

over the century’s plays a key role in the education of future generations. Tradition and innovation is unified and interrelated 

phenomena. They are both important issues in science. The modern school is still based on the traditional principles of education 

and requires changes and presence of innovations. 

Keywords:  future teacher, tradition, innovation, innovational process.

Редакцияға 02.03.2016 қабылданды.

ӘОЖ 3.37.371.5

М.Б. ИСКАКОВА, С.М. АБЫЛАЙХАН, С.А. КЕҢЕСБЕКОВА

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушылары, Қарағанды қ.

СТУДЕНТТІК ҰЖЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада  авторлар  серпін  (Серпін-2050)  –  «Мәңгілік  ел  жастары  -  индустрияға»  бағдарламасы  аясында  оқуға 

түскен студенттердің студенттік ұжым болып қалыптасуы мәселесін қарастырады. «Топ», «Ұжым», «Оқу ұжымы», 

«Студенттік ұжым» түсініктеріне анықтама бере келіп, студенттік ұжым ерекшеліктерін атап көрсетеді. 

Студенттік топтың ұжым болып қалыптасуына әсер етін профессор-оқытушылар құрамының, топ кураторының 

қызметтік міндеттерін айта келіп, ұжым қалыптасуына жағдай жасайтын сыртқы, ішкі факторлар, педагогикалық 

шарттарға тоқталады. 

Топтағы тұлғаралық қарым-қатынасты зерттеу әдістерін ашып көрсетеді. Студенттік ұжымның даму кезеңдерін 

бөліп  көрсетіп,  оны  басқару  ісі  ерекшеліктерін  сипаттайды.  Студенттік  ұжымның  толыққанды  қалыптасуына 

жағдай жасайтын жұмыс түрлерін жүйелейді. 

Түйін  сөздер:  топ,  топ  белсенділері,  ұжым,  студенттік  ұжым,  топ  кураторы,  қарым-қатынас,  тұлғааралық 

қарым-қатынас, эмоция, қамқорлық, ұжым бірлігі. 

 

Серпін  (Серпін-2050)  –  «Мәңгілік  ел  жастары  -  индустрияға»  бағдарламасы  аясында  2014  жылы  кадр 



тапшылығын  жою  және  жастарды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мақсатында  тікелей  мемлекет  тапсырысы 

бойынша  жүзеге  асырыла  бастаған  әлеуметтік  жоба  негізінде  биылғы  2015-2016  оқу  жылында  академик 

Е.А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің  «Мектепке  дейінгі  және  психологиялық-

педагогикалық даярлық» түлек шығарушы кафедрасы 5В010100–«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 

5В010300–«Педагогика және психология» мамандықтарына студент жастарды қабылдады. 

Қазақстанның  оңтүстік  аймақтарынан  келген  1  курс  студенттеріне  орталық  қазақстандық  мәдениетке 

бейімделу, университетіміздің ішкі тәртібіне бағыну қиындық тудырған жоқ. Студент-жастармен оқыту және 

тәрбиелеу жұмыстары кафедраның профессор-оқытушылар тарапынан өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Біз 

ғылыми мақаламызда студенттік ұжымның қалыптасуы мәсесін қарастырмақшымыз. Біздің көзқарасымызша 

жоғарыда атап көрсеткен оқу топтарының «студенттік ұжым» ретінде қалыптасуы олардың білікті де, білімді 

маман болуыларына жағдай туғызады. 

Жалпылай  алғанда  біздің  биылғы  оқу  жылында  қабылдаған  студенттеріміздің  ерекшеліктері  өзге 



№ 3 (112) 2016

219


облыстардан келгендіктері ғана емес. Қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғам адамдардың мүлде жаңа типте 

болғанын қажет етеді. Әр адам өзгермелі жағдайға тез бейімделіп, кез келген ортада өмір сүріп кете алатындай 

болуы,  нарықтық  экономика  жағдайына  бағдарланып  отыруы,  үнемі  дене,  рухани,  интеллектуальды  даму 

үстінде  болуы  шарт.  Студенттік  өмір  Қазақстанның  болашағын  экономикалық,  рухани,  саяси  тұрғыдан 

өзгеруіне  септігін  тигізетін  интеллектуальды,  шығармашыл,  прогресшіл  жастардың  ортасы.  «Студент» 

термині латын тілінен қазақшаға аударғанда жұмыс істеуші, білім игеруші деген мағынаны білдіреді. Б.Г. 

Ананьевтің айтуынша студенттік өмір әлеуметтік дамудың сенситивті кезеңі болып саналады. Жоғары білім 

алу адам психикасының өзгеруіне қатты ықпал етеді. Жағымды психологиялық орта болған жағдайда жоғарғы 

оқу орынында білім алу уақыты аралығында студент жан-жақты дамиды. Олар адамның ақыл-ой деңгейлерін 

мөлшерлей алады, өзіндік ойлау жүйесі дамып, кез келген мәселеге қатысты өзіндік пікірі қалыптасады. 

Студенттік өмірге кірігудің алғашқы шарты бір мақсатқа, бір мүддеге бағытталған ұжымның қалыптасуы 

болып саналады. Қалыптасқан студенттік ұжым заманауи оқу іс-әрекетінің жүзеге асуының кепілі бола алады. 

Топ  –  мүшеліктің  ресми  немесе  бейресми  өлшемдерімен  шектелген  индивидтердің  (адамдар  немесе 

заттардың) бірігуі. Әлеуметтік топ мүшелері өзара рольдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға 

қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы 

(достар тобы) немесе жабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін. Топтар шағын топтар, 

атаулы топтар, алғашқытоп, референтті топ, әлеуметтік топ, ресми топ, этникалық топ, тендер тобы, қысым 

топтары, тәуекел топтары, өзара көмек көрсету топтары болып бөлінеді [1].

Ұжым  (лат.  collektivus  –  жинақ)  –  бір-біріне  әсер  ететін,  өзара  әлеуметтік  негізделген  мақсаттармен, 

мүдделермен,  өзін  ұстаудың  нормалары  мен  талаптарының  қажеттілігімен,  бірге  атқарылатын  қызметпен, 

қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. 

Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, 

оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы 

жатады [2]. 

Оқу ұжымының екі түрлі құрылымы бар: біріншіден, ол педагогтың, топ кураторының білім алушылармен 

саналы,  мақсатқа  бағытталған  өзара  әрекеті  болып  саналады;  екіншіден,  оқу  ұжымы  ерекше  әлеуметтік-

психологиялық заңдылықтарға бағына отырып, өздігінен дамитын орта. А.С. Макаренко ұжымның кезеңдік 

қалыптасу мәселесімен айналысты. Ол өзінің ғылыми еңбектерінде ұжым өмірінің заңдылықтарын жазып 

шықты. Қозғалыс – ұжымның өмір сүру формасы, аялдау – ұжымның өмірінің тоқтауы,- деп көрсете келіп, 

ұжым  дамуының  принциптерін:  басымдылық,  тәуелділік,  жауапкершілік,  параллельді  әрекет  деп  бөліп 

көрсетті.

Шынайы ұжым түрлі іс-әрекетпен айналысса да ортақ мақсатқа ие болады. Ұжымды басқару – белгілі бір 

мақсатқа жетуді көздеу,- деп көрсетті А.С. Макаренко [3]. 

Ұжымның  пайда  болуы  ұйымдастырушылық–басқарушылық,  тәрбиелеу  сипатындағы  жұмыстар 

жүргізуден  басталады.  Студенттік  академиялық  топтар  көп  жағдайда  шынайы  ұжым  болып  қалыптасып 

үлгереді.  Себебі,  олардың  оқу  мақсаттары  бір,  өмір  сүру  салттары  ұқсас.  Академиялық  топ  студенттерін 

тәрбиелеу сипатында басқарудың негізгі міндеті – ұжым ретінде қалыптасуына және оқу мерзімі біткенге 

дейін сақталуына ықпал ету. Бұл міндеттің жүзеге асуы профессор – оқытушылар құрамының педагогикалық 

қызметіне тікелей байланысты. 

Студентті ұжымға тарту, ұжымдық қарым-қатынасқа түсіру оңай емес. Ең алдымен әр студенттің тұлға 

екенін ескеруіміз қажет. Студенттер ұжымға әр түрлі болып кіреді, жас және дербес ерекшеліктеріне орай 

түрлі реакциялар туғызады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Солай бола тұрса да, әр студент 

ұжымда өз орнын табуға тырысады. Бірақ, кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен барлық 

студент  өздегеніне  жете  бермейді.  Әсіресе,  замандастырың  өзіне  деген  жылы  қарым-қатынасын  бағалай 

алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы төмен студенттерге бұл қиын соғады. Осы және басқа да нюанстарды 

ескере отырып, ұжым қалыптасуына педагогтардың ықпалы мол екенін айтпақпыз. Ұжым – динамикалық 

жүйе  болғандықтан  ол  үнемі  дамып,  өзгеріп,  кемелденіп  отырады.  Сол  себепті  топ  кураторлары  мен  пән 

оқытушылары қарым – қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отырғандары дұрыс. 

Студенттік  топтың  ұжым  болып  қалыптасуы  студенттердің  оқу-танымдық  іс-әрекеттерінің  дұрыс 

ұйымдастырылуына; топтың іс-әрекет бағдарламасы мен міндеттерінің болуына, топ ішінде пайда болған 

шағын топтар ерекшеліктеріне, «педагог-студент», «студент-студент» тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінде 

тәжірбелі  педагогтардың,  жетекшілердің  болуына  байланысты.  Топ  мүшелерінің  өзара  қарым-қатынасы 

«педагог-студент» жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктеріне тәуелді. 

Кез келген қауымдастықтағы сияқты студенттік ұжымда да түрлі қарым-қатынас түрі болады. Психология 

ғылымы қарым-қатынасты адамдар арасында пайда болатын қоғамдық және жекетұлғалық қарым-қатынас 

деп бөліп көрсетеді. Қоғамдық қарым-қатынас  дегеніміз – әлеуметтік топтардың бір-бірімен экономикалық, 

саяси сипаттағы қарым-қатынасы. Қарым-қатынастың бұр түрінде адамдар қиындықтарға ұшырай қоймайды, 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

220


топтың  субъектісі  ретінде  көрініп,  топ  қызығушылығын  қорғайды.  Қоғамдық  қарым-қатынас  симпатия 

немесе антипатия негізінде құрылмайды, белгілі бір жағдайға байланысты жүзеге асады. Қоғамдық қарым-

қатынастың  жекелеген  сәттері  тұлғааралық  қарым–қатынастан  тұрады.  Тұлғалық  қарым–  қатынастың 

негізгі спецификалық белгісі – эмоция. Студенттер бір-біріне деген жағымды немесе жағымсыз пікірлерін 

көп  жағдайда  ым,  ишара,  эмоциясы  арқылы  береді.  Сондықтан,  тұлғааралық  қарым-қатынасты  ұжымның 

психологиялық климатының бірден бір факторы ретінде қарастыруға болады. Адамдар арасындағы қарым-

қатынас сезім негізінде пайда болады. Студенттік ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас та олардың бір-

бірлеріне  алаңдаулары,  бір-біріне  моральдық  тұрғыда  көмек  көрсетулері  негізінде  көрінеді  және  дамиды. 

Студенттік  ұжымның  эмоциональды-психологиялық  климатын  қалай  анықтауға  болады?    Көптеген 

зерттеушілер ұжым бірлігін эмоциялық қарым-қатынасты анықтау арқылы білуге болады дейді. Бұл үшін 

ұжым  мүшелерінің  эмоциональды  тартымдылықтарын  зерттеп  білу  қажет.  Эмоциональдық  тартымдылық 

деп отырғанымыз – топ мүшелерінің бір-біріне ұнау мөлшері, яғни топ мүшелері неғұрлым бірін-бірі ұнатса, 

соғұрлым ұжым бірлігі берік болмақ. Ұжымды көп жағдайда бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу әдісі арқылы 

зерттейді. 

Топтағы  тұлғааралық  қатынасты  социометрия  әдісімен  зерттейді.  Бұл  әдісті  енгізген  Дж.  Морено. 

Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың 

бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу 

т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою 

мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын 

зерттеген кезде бақылау, эксперимент әдістері пайдаланылады. Студенттік ұжымды зерттеу барысында ұжым 

бірлігінің қалыптасуы 1 курста қалыптаса қоюы күрделі екенін ескеру қажет. Сондықтан, студенттік ұжымды 

қалыптастыру  жұмысын  олар  оқуға  түскен  күннен  бастаған  абзал.  Топ  кураторы  болып  тағайындалған 

оқытушы студенттік топ мүшелерінің жасы, жынысы, отбасы, ұлты, мектептегі сабақ үлгерімі, әлеуметтік 

қызығушылығы жайлы мәлімет жинағаны жөн. Топ мүшелерінің құжаттары, олар жөнінде ақпараттану арқылы 

топ кураторы студенттік топты ұжым болып қалыптастыруға алғашқы қадам жасайды. Топтың әлеуметтік-

психологиялық жағдайына студенттердің жоғары оқу орнына түскенге дейінгі оқу белсенділіктері, өмір сүру 

жағдайлары, жас және дербес ерекшеліктері және т.б. әсер етеді. Студенттік ұжымның бірлігін нығайтуға оқу 

әрекетінен бөлек ұйымдастырылатын ғылыми конференциялар, түрлі әлеуметтік сайыстар, сауық кештер де 

әсер етеді. Бұл аталған шараларға қатысқан студенттердің белсенділіктері артып, өз ұжымын танып-білуге 

деген қызығушылықтары артады. 

Студенттік ұжымның даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп көрсетуге болады: 

1. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу, жаңа ұжымның пайда болу кезеңі. Біз бірінші кезеңге бірінші 

курс кезеңін жатқыздық. Бірінші курс студенттері жоғары оқу орыны өмірімен, ішкі тәртібімен, белгілі бір 

нормалармен  танысады.  Осы  кезеңде  топ  кураторы  мен  кафедраның  профессор-оқытушылар  құрамының 

көмектері, моральдық қолдаулары қажет. 

2.  Бұл  кезең  қоғамдық  пікір  қалыптасуымен,  болашақ  мамандығын  жоспарлы  оқу  негізінде  игерумен 

сипатталады. Бұған біз екінші курс кезеңін жатқыздық. Осы шақта студенттер бір-біріне қамқор көзқараспен 

қарап, ортақ іске бірлесіп кірісе бастайды. Университет және қала, тіпті республика көлемінде өткізілетін 

ғылыми, шығармашылық сайыстарына өз беттерінше қатыса бастайды. Топ кураторының көмегінсіз өздері 

ұйымдасып, белгілі бір мерекелік шараларды ұйымдастырып, сенбіліктерге барады.

3.  Бұл  кезеңде  ұжымның  әрбір  мүшесі  қоғамдық  талапқа  бағынады.  Біз  бұған  үшінші  курс  кезеңін 

жатқыздық. Осы кезең қарқынды кәсіби білім беруге және азаматтық тәрбие беруге өте қолайлы шақ. Әр 

студент ұжымдық жұмысқа белсене кіріседі, өз замандастарынан қолынан келген көмегін аямауға тырысады. 

Жоғарыда  берген  жіктемемізге  сүйене  отырып,  студенттік  ұжым  бірден  қалыптасып  кетпейді-,  деген 

тұжырым жасаймыз. Студенттік ұжымды басқару оның қалыптасу деңгейіне орай түрлі әдіс-тәсіл қолдану 

арқылы жүзеге асады. Студенттік ұжымды басқару үшін оның қалыптасу кезеңін білу қажет. Біз мұны А.С. 

Макаренко теориясына сүйене отырып, жүйеледік:

1. Топты ұйымдастыру, топ белсенділерін анықтау. Топ кураторы студенттердің жеке бас қызығушылықтарын 

анықтай отырып, олардың топтағы қызметін белгілеуі керек және қолдау көрсетіп отыруды естен шығармағаны 

дұрыс. 


2.  Бірте-бірте топтық жұмысқа барлық студентті тарту. Әрқайсына топ алдында жауапкершілік жүктеу. 

Оқытушылардың, деканаттың немесе тағы да басқа тұлғалардың берген тапсырмаларын орындауда көмек 

көрсету, қолдау.  

3. Оқытушылар мен университет басшыларының студенттерге, ұжым бірлігіне сенім артуы. Олар студенттік 

ұжымның қалыптасқан салт-дәстүрін, әр түрлі мәселеге қатысты ұжым мүшелерінің көзқарастарын сыйлауы 

керек.  


№ 3 (112) 2016

221


4. Студенттік ұжымның тәрбие субъектісіне айналуы. Оқытушылар, топ кураторы студенттік ұжымның 

алдына ортақ мақсат қойып, оған жету жолдарын табуды өздеріне қалдырады, бірақ бақылап, қажет болғанда 

кеңес  беріп  отырғаны  дұрыс.  Бұл  кезеңде  ұжым  өз  мүшелеріне  жауапкершілікпен  қарайды,  белгілі  бір 

деңгейде барлық студент ұжымға бағынады. 

Кеңес психологы А.В. Петровский ұжым дамуының үш кезеңін бөліп көрсетті. 

Төмен, тұлғаралық қарым-қатынас жасауда топ мүшелері қиналады, ортақ тапсырма берілген жағдайда 

топ мүшелері жеке-жеке, дербес орындағысы келеді, эмоционалды жағдайларын ашық көрсетеді, бір-біріне 

деген симпатиялары мен антипатияларын айтып отыруға тырысады. Егер топ дамымай осы бетінде қалып 

қоятын болса, олар оқу мерзімінің сәтіне дейін ұжым болып қалыптаспайды. 

Орташа,  жекелеген  қарым-қатынастардың  жүйеленуімен  сипатталады.  Топ  мүшелері  топтың  ортақ 

құндылығын сыйлайды, сондықтан симпатия мен антипатия екінші орынға түседі. 

Жоғары, жеке тұлғалық қарым-қатынастардың барлығы дерлік топтың ортақ мүддесіне бағытталған. Топ 

мүшелері арасында өзарасыйластық, өзара көмек, қолдау көрсету орын алады. Бір-бірінің жағдайын түсінуге 

тырысады. Бұл деңгейде топ бірлігі мығым болады [4]. 

Студенттік  ұжымның  толыққанды  қалыптасуы  үшін  төмендегі  жұмыс  түрлерін  бірізділік  принципі 

негізінде орындаудың мәні зор:

- Академиялық топ қалыптастыру кезінде ондағы адамдардың психологиялық тұрғыда бір-біріне сәйкес 

келулерін есепке алу;

-  Оқу  ғимаратының  оқу  әрекетіне  қажетті  құрал-жабдықтармен  жабдықталуы.  Студенттерге  оқудың 

мақсатын,  мазмұнын,  олардың  міндеттері  мен  құқықтарын  дұрыс  түсіндіру.  Бұл  жұмыстардың  ұжым 

бірлігінің нығаюына септігі тиетінін естен шығармағынымыз дұрыс.

- Саналылықты, шығармашылықты, достық қарым-қатынасты, гуманизмді дамыту. 

-  Топ  мүшелерін  белсендендіру,  пайда  болуы  мүмкін  конфликтілік  жағдайларды  ескерту,  алдын  алу 

шараларын жүргізу. 

-  Топ  мүшелерімен  бірігіп  әрекеттесу.  Мысалы,  ғылыми  конференцияға  қатысу,  концерт,  мерекелік 

шаралар ұйымдастыру, даталы күндерді атап өту және т.б. 

-  Топтағы  әр  студенттің  жалпы  жағдайын  жақсы  білу  және  үнемі  қадағалап  отыру.  Оларға  қамқорлық 

таныту, тұрмыстық, жеке бас мәселелеріне белгілі бір деңгейде моральдық көмек көрсету. 

Студенттік топтың ұжым болып қалыптасуы көптеген ғылыми, шығармашылық жетістіктерге қол жеткізу 

факторы  болып  табылады.  Ұжым  мүшелерінің  кілең  жастар  екенін  ескерсек,  оның  үстіне  түрлі  аймақтан 

келгенін есепке алсақ, әрине, топты ортақ іске жұмылдыру, ортақ көзқарас қалыптастыру оңай, үйренші іс 

болмақ емес. Бұл педагогтан кәсіби іскерлік пен дағдыны, кәсіби білімді, озық тәжірибені талап етеді.



Әдебиеттер

1 Макаренко А.С. Педагогические сочинения: в 8 т./редкол. М.И. Кондаков, Акад. пед. наук СССР. – М. : Педагогика, 

1983-1986.

2 Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006. – 384 б.

3 Макаренко А.С. Коллектив и воспитание личности/ [Сост. и автор вступ. ст., В.В. Кумарин]. - Челябинск: Юж.-Урал. 

кн. изд-во, 1988. - 261 с.

4 Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология. – М.: Академия, 2002. - 512 с. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет