Литература
1 Юсуф Баласагунский. Благодатное знание. – М.: Наука, 1988. – С. 133.
2 Ибраева, К. Ж. Этнопедагогика в профессиональном образовании / К. Ж. Ибраева. – Астана, 2007. – 139 с.
3 Ибраева К.Ж.Педагогика тюркоязычных мыслителей. Учебник.КАТУ им.С.Сейфуллина,2014г.Астана Тип.
КАТУим.С.Сейфуллина 299с.500экз.
4 Ибраева К.Ж. .Орта Азиялық ғұламалардың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы.Монография.
Астана: С.Сейфуллин атынд. ҚазМАТУ баспасы, 2012. – 287 б.
5 Бес ғасыр жырлайды. XV-XX ғғ. бас кезіне дейнгі қазақ ақын, жыра Уларның шығармалары. 3 томдық, - Алматы;
Жазушы, 1984. - Б. 25.
6 Малов С.В. ПДП. С. 67.
References
1 Jusuf Balasagunskij. Blagodatnoe znanie. – M.: Nauka, 1988. – S. 133.
2 Ibraeva K. Zh. Jetnopedagogika v professional›nom obrazovanii / K. Zh. Ibraeva. – Astana, 2007. -139 s.
3 Ibraeva K.Zh. Pedagogika tjurkojazychnyh myslitelej. Uchebnik.KATU im.S.Sejfullina,2014g.Astana Tip.
KATUim.S.Sejfullina 299s.500jekz.
4 Ibraeva K.Zh. .Orta Azijalyk ғұlamalardyn pedagogikalyk oj-pіkіrlerіnің kalyptasuy zhane damuy.Monografija. Astana:
S.Sejfullin atynd. QazMATU baspasy, 2012. – 287 b.
5 Bes gasyr zhyrlajdy. XV-XX ғғ. bas kezіne dejngі qazaq aqyn, zhyra Ularnyn shygarmalary. 3 tomdyk, - Almaty; Zhazushy,
1984. - B. 25.
6 Malov S.V. PDP. S. 67.
К.Ж.Ибраева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогика ғылымдарының
Академиясының академигі.
Қазақстан Республикасы полиэтникалық мемлекет болған сон мәдени мұралардың рухани тәлімдік дүниенің
тарихи даму белесіндегі эстетикалық, көркемдік-танымдық өзекті сипаттары ұлттық педагогиканың сана өресінің
де дәйекті көрінісінің ұласып-ұштасып дамуын қазіргі түркітанудың өзекті мәселелері ретінде қарастыру мақаланың
басты міндеті, және педагогикалық ойлардың пайда болуы, қалыптасуы және дамуы заманауи әлеуметтік өмірдің
құраушыларының бірі болып табылатын педагогика ғылымының қоғамдық-тарихи миссиясының өзіндік ерекшелігін
дәлелдейді
Түйін сөздер: тәрбиенің этнопедагогикалық бағыты, жастардың этномәдени құзыреттылыгы, антропологиялық
бағыт, тарихи педагогикалық зерттеу.
K.J. Ibraeva – Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Academician of Kazakhstan Academy of Pedagogical Sciences.
The Republic of Kazakhstan represents the multiethnic state, which citizens are the representatives of more than hundred
people and nationalities, and the research of pedagogical thought of the Turkic-speaking people will promote the creative mutual
enrichment, original development of science of pedagogics. In article the authors con-sidered the features of education, culture,
religion and the problem of education of the personality, also its essence, its relations to the world and society.
Keywords: ethnopedagogical orientation of education, youth ethnocultural competence, anthropological direc-tion, historical
and pedagogical research.
Поступила в редакцию 04.03.2016.
№ 3 (112) 2016
201
ӘОЖ 378.6.371.13
Ғ.И. ИСАЕВ
1
, Г.Б. АЛПАМЫСОВА
1
, Р.Н. БЕГАЛИЕВА
1
, Ж.С. ЕРГУБЕКОВА
1
, А.И. ИСАЕВ
2
, Н.Т. ТӘНЕЕВ
3
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қ.
1
,
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
2
,
Мамандандырылған колледж, Шымкент қ.
3
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Мақалада инновациялық технологияның алатын орны соның ішінде жеті модульді болашақ мұғалім бойына сіңіру
баяндалған.
Бағдарламаның жеті модулін басшылыққа ала отырып өз сабақтарыма өзгерістер енгіздім. Ең алдымен
студенттердің ойландырып топқа бөлудің түрлі әдістерін қолдану сөз болды.
Топқа бөлуде әр сабақта әртүрлі студенттерді сыни тұрғыдан ойландыруға бағытталды яғни миға шабул
жұмыстары жиі қолданады. Себебі студенттердің өзіне өзіндік ой, сұрақтар тудыруға, сөйлеу дағдысын
қалыптастыруға мүкіндік туып отырғанын байқайсыз бұл мақалада.
Түйін сөздер: жаңа технология, әдіс-тәсілдер, оқу үрдісі, білім берудің жаңа жүйесі, әдістемелік шеберлік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан
халқына Жолдауында білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар.
Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір ғылым мен инновацияның күні туған
заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады делінген [1].
Бүгінгі тaңдaғы еліміздің білім беру сaясaтының бaсты бaғыты – шығaрмaшыл, сындaрлы ойлaй білетін,
өз мүмкіндіктеріне сенімді, әртүрлі әлеуметтік және педaгогикaлық мәселелерді креaтивті шешуге дaйын
мaмaнды қaлыптaстыру. Осығaн орaй білім беру aясын әлемдік дәрежеге көтеру бaрысындa кәсіби білігі
жоғaры деңгейдегі болaшaқ мaмaндaрды дaярлaуды мaқсaт етіп отыр.
Жaһaндaндыру үрдісіне Қaзaқстaнның кірігуі, дaмығaн елдердің стaндaрттaрынa деген ұмтылысы
еліміздің жоғaры деңгейге жылдaм өту қaжеттілігін туындaтудa. Сол себептен бүгінгі тaңдa жaсaлып жaтқaн
модернизaциялaр дaму институттaрының қaлыптaсуынa немесе үздіксіз дaму кезеңінеөтуге бaғыттaлғaн.
Осындaй өзгерістер болaшaқ мұғaлімнің инновациялық технологиялaрды пaйдaлaну aрқылы кәсіби білігін
aрттырып және оның кәсібиліктің шыңынa жеткізуде өз септігін тигізуде.
Білімгер оқу үрдісіндегі бaсты субъект болғaндықтaн нaзaрдың бaрлығы оның мaмaндығын өз деңгейінде
игеруіне және кәсіби білігінің қaлыптaсуынa aудaрылaды. Бiлiм берудi дaмытудың мемлекеттік бaғдaрлaмaсы
жaлпы білім берудің бaсым бaғыттaрын, яғни білімгер пен оқытушының өзaрa ынтымaқтaстығы үлгісін оқу
үрдісінде қaлыптaстыру, оның оқыту әдістерінің үйлесімділігі негізінде жүзеге aсырылуын aнықтaп беріп
отыр. Бұл бaсым бaғыттaр жоғaры мектепте болaшaқ мaмaнның кәсіби білігін aрттыруғa негіз болaды.
Сондықтан еліміздің болашақағы жас ұрпақты тәрбелейтін, бойына білім нәрін сіңіретін болашақ
ұстаздарға оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістерін үйретіп, мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби
мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырғанды жөн деп отырмыз. Осы инновациялық технологияның негізгі
қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып
табылады. Яғни, студенттер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен
танысатын болады. Сондықтан болашақ мұғалімдер үшін жеті модульді (технологияны) меңгеріп, тиісті
сабақтарға кәсіби қажеттіліктеріне қарай қолданар болса? Сабақта барлық оқушыны тақырыпқа етене ендіре
алған болар еді.
Ең алдымен оқытудағы инновациялық технология деген сөздердің ара жігін ажыратып алсақ. Оқытудағы
инновациялық дегеніміз - оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері
деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ,
білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады. Сонымен оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың білім
беру әдістері деп қарастыр- сақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау қаблеттілігі немесе әдісі.
Өткізілген (7 модуль) оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады. Ал тәсіл дегеніміз -
оқыту әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір бөлігі. Биологиядан сабақ беру практикасында оның көптеген
әдістері бар екенін байқауға болады. Олар: Білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді
қолдану, шығармашылық іс-әрекект, бекіту, білім, іскерлік дағдыларды тексеру. Осы аталғандарды жүзеге
асыру үшін жеті модульді пайдаланып оқытудың реті келіп-ақ тұрғандай.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
202
Бұл жеті модульді пайдаланып оқытудың негізгі мақсаты:
- Болашақ педагогтердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыру, мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын
болуға көмектесу.
- Әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау
көрсету.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын
қалыптастыруға; түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын,
сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға
көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз
етуге жағдай жасау [2].
Ал біз қалай жағдай жасаймыз, педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына «Оқытудың инновациялық
модульдері» атты пәнді оқу үдерісіне 3 кредитпен енгізе отырып, студенттерге төмендегі жеті модульді
меңгерте аламыз.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
3. Оқу үшін бағалау және оқудағы бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқудағы басқару және көш басшылық [2].
Осы аталған жеті модульді болашақ мұғалім бойына сіңіре алса, кез келген мәселені шеше отырып,
аудиторияны өзіне игере алары сөзсіз.
Бағдарламаның жеті модулін басшылыққа ала отырып өз сабақтарыма өзгерістер енгіздім. Ең алдымен
студенттердің ойландырып топқа бөлуден бастадым. Топқа бөлуде әр сабақта әртүрлі студенттерді сыни
тұрғыдан ойландыруға бағытталды яғни миға шабул жұмыстары жиі қолданады. Себебі студенттердің өзіне
өзіндік ой, сұрақтар тудыруға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға мүкіндік туып отырғанын байқайсыз.
Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша Александердің диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда
диалогтің бес үлгісін басшылыққа ала отырып мен сабақтарымда Александер тәжірибесінде зерттелген
диалогтің бес үлгісінің механикалық есте сақтау үлгісі арқылы үнемі сабағымда анықтамаларды қайталап
отыру арқылы есептердің шығару жолдарын есте сақтауды анықтадым. Мысалы оң сандар, теріс сандар,
қарама-қарсы сандар, бүтін сандар диалогтік оқытудың механикалық есте сақтау үлгісін жүргізді.
Сонымен бірге берілген сұрақтар бойынша бұрын өткендерді еске түсіру үшін декламация үлгісін
және оқушыларға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу арқылы диалогтің нұсқаулық
үлгісін, есептерді шешу мақсатында ой бөлісу арқылы диалогтің талқылау үлгісін қолдандым.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де
уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың
қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды
құрал болып отыр. Оқыту барысындаосы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. Қазіргі
кезде оқушылар компьютердің қыр сырын меңгерген және сыни тұрғыдан меңгерудегі шапшаңдығы
өте тез.Топтардың арасында бірлескен жұмыс, оқушылар оқшауланып оқымайды, бір-бірін қолдау, топтық
рух мадақталды, жігерін жұмсайды, білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқықты
болды, оқушылар сонымен бірге пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады. Олар топпен
жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар
аударылды. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалайды және оған қалай
жеткенін түсінуге мүмкіндіктері бар. Бағалау барысында оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі
және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды.
Көрсету, түзету, оқытуды бағалау сияқты әдіс-тәсілдердің көмегімен оқушыларға білім беруде жаңаша
идеяларды ұсынады. Сабақ өтікізу барысында тапсырмаларды топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыру оң
нәтижесін берді:оқушылардың өзара ынтымақтасуы, өзара әрекеттесуі арқылы тақырыпты түсінуі,
оқушылартақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырылды, оқушылардың шынайы
қызығушылығы мен сезімдері анықталды, білімге құштарлықтары дамыдыжәне зерттеуге ынталандырылды,
өз жауаптарына деген сеніділігі байқалып отырылды.Есептер шығару кезінде топпен жұмыс жасағанда
білетін оқушылар есепті ортаға салып бірлесіп, пікірлесіп шығарып отырғанын байқадым. Есептердің
критерийлерін жаза отырып шығарғанда алғашқыда көп ойланып уақыттарын алды, пікірлерін ортаға
№ 3 (112) 2016
203
салу арқылы критерийдің не екенің түсінді. Есептің критерийін жазудағы мақсат есептің шешуде нені білу
керектігін алдымен еске түсіру, керек анықтаманы көз жүгіртіп ойына салуда механикалық есте сақтау
диалогі мен критерий жазу есеп шығару барысында бірге жүріп отырды. Алғашқыда критерий жазғанда
есептің берілісіндегі шартын жазып ауытқулар болды, оны болдырмас үшін жетелеу сұрақтары арқылы бағыт
беріп тұруды басшылыққа алдым. Бұл жерде мұғалімнің бағыт беруімен тапсырма жүйеге түсті.
Жеті модульмен жұмыс жүргізгенде өзгерісімнің тағы бірі бағалау. Өткізген сабақтарымда бағалау
топтардағы көшбасшылардың бағалау және топ мүшелерінің өзін-өзі бағалауы болды. Дәстүрлі сабақта
бағалау мұғалімге тәуелді болғандықтан алғашқы сабағымда алдымен лидердің бағалауын тыңдап және
өзімнің бағамды ескеріп бағаладым.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес ойды шыңдау. Бұл жоба арқылыоқушылар берілген тақырып
мазмұнына сын тұрғысынан қарап, өзінеқажеттісін, сапалы шешім қабылдауды, сұрақ қоя білуді, кез
келген сұраққа жауап іздеуді үйренеді, ойы дамиды. Бұл жобаның ерекшелігісол, онда оқушының
қызығушылығын арттыра отырып, қиялын дамыту үшін, «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады,
оқушы өзінің ойын ашық әрі еркін айту арқылы ғана белгілі бір жетістіктерге жетеді. СТО жобасында
жұмыс жеке, жұппен, топпен жүргізіледі. Мұғалім оқушыны білім алуға бағытталған іс-әрекетін
бақылай алады, бағыт-бағдар береді.
Кейс-әдісі (case-study) – бұл әдіс шын өмірдегі кездесетін жaғдaйды тaлдaуды қaжет ететін, тек белгілі
бір мәселені ғaнa шешіп қоймaй, сипaттaу бaрысындa сонымен бірге осы мәселені шешуге қaжетті білім
кешенін қaйтa еске түсіруге, пaйдaлaнуғa мүмкіндік береді. Тaғы бір ерекшелігі бұл әдісте aлынғaн жaғдaй
бір шешімді емес бірнеше шешімі болуы тиіс.
Кейс-әдістін интербелсенді оқыту технологиясы ретінде пaйдaлaну білімгерлер тaрaпынaн позитивті
қaбылдaнумен ерекшеленеді, оның себебі оқыту бaрысындa теория жүзінде aлынғaн білімді іс жүзіне
пaйдaлaнуғa мүмкіндік беретін ойын ретінде қaбылдaуынa бaйлaнысты. Сонымен бірге жaғдaйды тaлдaу
білімгерлерге кәсіби қызығушылықты aрттыруғa, есеюге, оқуғa деген позитивті мотивaцияның қaлыптaсуынa
көмектеседі. Іс жүзіндегі іс-әрекеттің моделі білімгердің кәсіби сaпaлaрын қaлыптaстыруды тиімді әдіс болып
тaбылaды.
Бұл әдісті оқу үрдісінде пaйдaлaну білімгерге aнaлитикaлық (қaжетті және қaжетсіз aқпaрaтты aжыaтуғa,
жіктеуге, тaлдaуғa, бaяндaп беруге), тәжірбиелік (білімді іс жүзінде пaйдaлaнуғa), aкме-креaтивті(жaғдaйды
шешуге шығaрмaшылық тұрғыдaн қaрaуғa), коммуникaтивтік (пікіртaлaс жүргізуге, өз ойын жеткізуге
және өз көзқaрaсын қорғaуғa және дәлелдеуге, топтa бірлесіп жұмыс істеуге, қысқa, негізді есеп жaсaуғa),
дaғдылaрын дaмытуғa мүмкіндік береді.
Дәрістің соңында студенттермен кері байланыс яғни рефлексия орнату міндетті түрде болуы керек. Оның
себебі біз студенттердің келесі дәрісте нені күтетінін және өткен дәрістен алған әсерін, кемшілік тұстары мен
ұсыныстарын біле аламыз.
Ғaлымдaрдың зерттеуі бойыншa, рефлексия оқытушының кәсіби іс-әрекетінде aйқын көріне бaстaйды:
– оқытушы білімгердің ойын, зейінін және іс-әрекетін мaқсaтқa бaғыттaу бaрысындaғы тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің прaктикaлық іс-әрекетінде;
– білімгердің іс-әрекетін жоболaу үрдісінде: оқытушы білімгердің жеке,дaрa, дербес ерекшеліктерін
ескере отырып, оның қaбілеттерінің дaмуынa бaғыттaйтын оқытудың мaқсaтынa сәйкес жобa құрaстыру;
– оқытушының өз іс-әрекетін субъект ретінде өзі тaлдaуы, өзін-өзі бaғaлaуы, сондaй-aқ оқытушы өзінің
білімгерлерін дa өз іс-әрекеттерін тaлдaуғa, ой елегінен өткізуге, бaғaлaуғa, яғни өз іс-әрекетіне рефлексивті
қaтынaсын үйретеді.
Біздің зерттеу мәселемізге сәйкес болaшaқ болaшaқ мұғaлімнің кәсіби білігін aрттырудa оқытушының өз
іс-әрекетінде тaлдaй жaсaй aлуы,өз жұмысының нәтижесін бaғaлaй aлуындa педaгогикaлық рефлексияның
aлaтын орны зор.
Рефлексия – тұлғaның өзіндік тaнуының жолы мен формaсы. Тек осының көмегімен тұлғa біртіндеп
жекелене түседі, өз өмір іс-әрекетінің субъектісі болaды, ол оның өзіндік дaмуынa және өзіндік қaйтaлaнбaуынa
көмегін тигізеді.
Осы aтaлғaн, компоненттердің ішінен, aкме-креaтивті іс-әрекетті қaлыптaстырудa өзіндік тaнудың орны
ерекше, өзіндік сaнaның когнитивті және эмоциялық бaғaлық компонентінің бірлігі ретінде кәсіби өзіндік
aнықтaлудың екі деңгейінің бірі гностикaлық деңгейі ретінде бейнеленеді. Кәсіби жоспaрдa өзіндік
aнықтaлудың екінші деңгейінің көрсеткіші мінез-құлықты, прaктикaлық, өзіндік тaну сияқты іс-әрекеттің
ішкі реттеушісі тaбылaды және ондa бaғдaрлaушы (өзін тaнуғa ептілігі) және ынтaлaндырушы (белсенді іс-
әрекетті қоздырушы) қызметін aтқaрaды.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
204
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанхалқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша.
Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму. 2015 ж.
2 Студентке арналған нұсқаулық, бірінші басылым.2015ж.
References
1 Qazaqstan Respublikasynyn Prezidentі N. Nazarbaevtyn Qazaqstan halqyna Zholdauy. 2015 zhylgy 30 qarasha. Qazaqstan
zhana zhaһandyq naqty ahualda: osu, reformalar, damu. 2015 zh.
2 Studentke arnalgan nusqaulyq, bіrіnshі basylym. 2015 zh.
Г.И.Исаев, Г.Б.Алпамысова, Р.Н.Бегалиева, Ж.С.Ергубекова, А.И.Исаев, Н.Т.Танеев. Будущая роль
инновационных технологий в подготовке педагогических кадров. Роль технологии в этой статье, в том числе семь
в модуле поглощения для будущих учителей.
Руководствуясь семи модулей программы ввести ряд изменений в их стебли. Прежде всего, вдумчивого группа
студентов обсуждали применение различных методов распределения.
Каждый класс предназначен для студентов с разнообразием критической рефлексии делится на косить мозг
работает, которые часто используются. Поскольку собственные мысли студентов, вопросы, ненависть, вы заметите,
что речь была возможность развить навыки этой статьи.
Ключевые слова: семь модулей, кембриджская учебная программа, инновация, учитель новой формации.
G.I.Issayev, G.B.Аlpamisava, R.N.Begaliyeva, Zh. S. Yergubekova, А.I.Issayev, N.Т.Таnееv. Future role of innovative
technologies in teacher training.
The role of technology in this article, including seven in the absorption module for future teachers. Guided by the seven
modules of the program to introduce a number of changes in their stems.First of all, a thoughtful group of students discussing the
use of different distribution methods.
Each class is designed for students with a variety of critical reflection is divided into mowing the brain works, which are often
used. Because the students own thoughts, questions, hate, you will notice that we had the opportunity to develop skills in this
article.
Key words: new technology, methods, the process of education, new system of education, methodic skills.
Редакцияға 12.02.2016 қабылданды.
ӘОЖ 378.6.371.13
Ғ.И. ИСАЕВ
1
, Г.Б. АЛПАМЫСОВА
1
, Г.С. ХАЛЫҚОВА
1
, И.Ғ. ИКРАМОВ
1
,
С.Т. АЙТБАЕВ
1
, Ә.И. ИСАЕВ
2
, Н.Т. ТӘНЕЕВ
3
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қ.
1
,
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.
2
,
Мамандандырылған колледж, Шымкент қ.
3
ХХІ ҒАСЫР ҰСТАЗЫН ДАЯРЛАУДА БОЛАШАҚ ЖАС МАМАНДАРҒА ВИЗУАЛДАНДЫРУ
ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мақалада болашақ жас мамандардың оқушыларға жаңа сабақты түсіндіруі не баяндауы үшін негізгі аспектілердің
бірі құблыстар мен оқиғалардың белгілі диапазонын түсіндіру үшін терминдер мен ұғымдарды қолдана отырып, басты
ғылыми идеяларды қолдану мен пайдалану қаблеті болып табылатыны қарастырылған. Бұл басты ғылыми идеялар
табиғатта дерексіз, сондықтан ғалымдар оларды түсіндіру үшін аналоргтары мен үлгілерін қолданады.
Түйін сөздер: жаңа сабақты түсіндіру, терминдер, ұғымдар, ғылыми идеялар, аналогтар, өсімдіктердің сорттары,
жануарды будандастыру, жаңа түрді алу.
Болашақ жас мамандардың оқушыларға жаңа сабақты түсіндіруі не баяндауы үшін негізгі аспектілердің
бірі құблыстар мен оқиғалардың белгілі диапазонын түсіндіру үшін терминдер мен ұғымдарды қолдана
отырып, басты ғылыми идеяларды қолдану мен пайдалану қаблеті болып табылады. Бұл басты ғылыми
№ 3 (112) 2016
205
идеялар табиғатта дерексіз, сондықтан ғалымдар оларды түсіндіру үшін аналогтары мен үлгілерін қолданады.
Ағылшын тілін екінші тіл ретінде үйреніп жатқан оқушылар төмендегідей табыстарға жету үшін сөйлеудің
ғылыми стилін шебер қолдануды қажет етеді [1].
- Үлгілер мен аналогтарды пайдалануда негізгі ғылыми идеяларды визуалдандыру;
Мысалы: Өсімдіктердің сорттарын және жануарды будандастыру арқылы жаңа түрді алу.
- Болжамдар жасап, айғақтарды түсіндіріп, қорытынды жасауда негізгі ғылыми идеяларды пайдалану;
Мысалы: Алынатын жаңа түрді болжай отырып, оларға нақты ғылыми әдіснаманы пайдалануды түсіндіре
отырып, қорытынды жасау. Жануарлардың асылтұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің
штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін селекция ғылымына
толық тоқталсақта болады. «Селекция» – сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми
негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге
тән қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің
маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық
негізін қалады.
1. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және туыстық
ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.
2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсер
ететіндігін анықтады.
3. Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына жағдай жасайтын қолдан
сұрыптау жүйесін жасады.
Селекцияның басты мақсаты мен міндеті — адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға
төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және микроорганизмдердің штампыларын қысқа мерзімде
шығару және жақсарту. Сорт немесе тұқым дегеніміз не? Жануарлардың асыл тұқымы немесе есімдіктердің
сорттары деп тұқым қуалайтын морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері
ұқсас, сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған бір түрге жататын даралар жиынтығы. Н.И.Вавиловтың айтуы
бойынша: «Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен эволюциясын
зерттемей тұрып, жануарлардың, өсімдіктердің қазіргі сорттарын, тұқымын жаңарту, жақсарту мүмкін
емес». Сонымен қатар жануарлардың, өсімдіктердің жабайы арғы тегі формаларының, мәдени формаларына
қарағанда бай екенін көрсетті. Сондықтан өсімдіктердің жаңа сорттарын, малдардың асыл тұқымын шығаруда
олардың ата тегінің бағалы белгілері бар түрлерін будандастыруға пайдалану қажет екендігін анықтап берді.
Ол мәдени өсімдіктердің ата тегінің шығу орталықтарын анықтау, зерттеу және олардың генофондысын
сақтау мақсатында дүние жүзінің әр түкпірінде 180-нен астам экспедиция ұйымдастырды. Осы жұмыстың
нәтижесінде 1700 түрге жататын 250 мыңнан асатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері үлгілерінің коллекциясын
жасады. Енді жасалған өсімдіктері үлгілерінің коллекциясын екі (орыс, ағылшын) тілде аударма тізбесін
жасап өзге пәндермен кіріктіре отырып, елестету, ойлау қабілетін дамытатын идеяларды ғылыми сұраныс
диапазоны шегінде пайдалануды қарастырайық.
Негізгі ғылыми идеяларды ғылыми сұраныс диапазоны шегінде пайдалану біз үшін өте тиімді. Себебі
алынған өнімдің сорттылығы анықталып, мол өнім алынғаннан кейін ол өнімге деген ғылыми сұраныстың
туындары анық. Жас мамандардың бұл үлгілер мен аналогтарды пайдалануы оқушылардың басты ғылыми
идеяларды түсінуін дамытуға көп көмегін тигізері айдан анық.
Үлгілер мен аналогтарды пайдалану оқушылардың басты ғылыми идеяларды түсінуін дамытуға
көмектеседі.
- Үлгілер тиімді оқыту құралы ретінде пайдаланылады;
- Дерексіз идеяларды суреттеу және еселестету үшін үлгілер мен аналогтарды пайдалану оқытудың мықты
жағы болып есептелінеді;
- Нағыз білікті мұғалімдер жалпы үлгілер мен аналогтардың күшті, әлсіз жақтарын сезінеді және сыни
тұрғыдан ойлауға ұмтылған оқушыларды мадақтайды;
- Білікті мұғалімдер оқушыларды өздерінің үлгілерін жасауға қатыстырады.
Ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқитын оқушылар үшін үлгілерді пайдалану ғылымды оқудағы ең күшті
құрал болып саналады. Үлгілер дерексіз идеялар мен қиын байланыстарды нақты елестетуге көмектеседі. Бұл
нақты елестетулердің ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқитын оқушылар үшін ғылымда өз мүмкіндіктерін
ашуда, ғылыми сауаттылығын дамытуда маңызы өте зор.
Ғылыми үлгілер – ғылыми идеялардың көпшілік мақұлдаған көрінісі, мысалы: жарықтың сәулелері,
энергия ұғымы және жасушалардың өмірдің негізі екендігі.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
206
1-сурет – Ғылыми идеялардың көпшілік мақұлдаған көрінісі
Енді осы ғылыми үлгілерді оқу үрдісімен байланыстыра отырып, оқыту үлгілеріне тоқталсақ.
– Физикалық үлгілерді өте аз немесе өте көп, немесе дерексіз идеяларды нысандар мен процестер
көрсетеді, мысалы: күн жүйесі, ас қорыту үдерісі, ұсақ бөлшектерді жүйелеу.
2-сурет – Күн жүйесі, ас қорыту жүйесі
– Аналогтар, мысалы электр тізбектерін елестету үшін көлік ағысын көрсетуге болады.
3-сурет – Электр тізбектері мен көлік ағысы
– Нысандарды, үдерістерді және веб-жүйелер сияқты дерексіз ұғымдарды көрсететін визуалды
диаграммалар.
№ 3 (112) 2016
207
4-сурет – Веб-жүйелер мен визуалды диаграммалар
– Ғылыми мәтіннің негізгі бөліктерін түйіндейтін блок-сызбалар.
Мысалы: Төмендегі сызбаға мән берелік.
Достарыңызбен бөлісу: |