Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет49/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102

References

1 Gollan A. Myth and symbol. – M.: Russlit, 1993. – 375 p.

2 Bauer D., Dyumotts I., Golovin S. Encyclopedia of symbols. – M.: CROWN PRESS, 2000. – 504 p.

3 Ivanov S. V. Ornament of the people of Siberia as historical source. – M.-L., 1963. – 500 p.

4 FrezerDzh. Jmillingcutter. Gold branch: research of magic and religion. – M.: OOO “Firm” of nuclear heating plant, 1998. 

– 784 p.


5 Suleymenov O. O. Yazyk of the letter. – Almaty-Rome: Prod. San-Paolo, 1998. – 502 p.

6 Seydimbek A. Mir of Kazakhs.Ethnoculturological reconsideration. – Almaty: Rauan, 2001. – 577 p.

7 Dosanov T.S. TaynaRuniki: Graphic design in the esoteric concept of god Tengri hidden in signs of a runic pism, patrimonial 

tamga and in symbols of geometrical genesis. – Almaty, 2009. – 296 p.

8 Bezertinov R.N. Tengrianstvo – religion of Turkic peoples and Mongols. – Kazan: Word, 2004. – 448 p.

9 Kokumbayeva B.D. Ontologiya of culture. – Pavlodar: PGPI, 2005. – 268 p.

10 AyazbekovaS.Sh. Kartina of the world of ethnos: Korkut-ata and philosophy of the world of Kazakhs. – Almaty: Kompyyut.

Izd. Center of Institute of philosophy and MAUN RK›S political science, 1999. – 285 p.

11 ShakhanovaN.Zh. Mir of traditional culture of Kazakhs (ethnographic sketches. – Almaty: Kazakhstan, 1998. – 184 p.

12 Nomads: Esthetics of knowledge of the world traditional Kazakh art / E. Shakenova. – Almaty: Gylym, 1993. – 264 p.



Литература

1 Голлан А. Миф и символ. – М.: Русслит, 1993. – 375 с.

2 Бауэр Д., Дюмотц И., Головин С. Энциклопедия символов. – М.: КРОН-ПРЕСС, 2000. – 504 с.

3 Иванов С.В. Орнамент народов Сибири как исторический источник. – М.-Л., 1963. – 500 с.

4 Фрезер Дж. Дж. Золотая ветвь: исследование магии и религии. – М.:ООО «Фирма» АСТ, 1998. – 784 с.

5 Сулейменов О.О. Язык письма. – Алматы-Рим: Изд. San-Paolo, 1998. – 502 с.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

274


6 Сейдимбек А. Мир казахов. Этнокультурологическое переосмысление. – Алматы: Рауан, 2001. – 577 с.

7  Досанов  Т.С.  Тайна  Руники:  Графический  дизайн  в  эзотерической  концепции  бога  Тенгри,  сокрытой  в  знаках 

рунического пиьсма, родовых тамгах и в символах геометрического генеза. – Алматы, 2009. – 296 с.

8 Безертинов Р.Н. Тенгрианство – религия тюрков и монголов. – Казань: Слово, 2004. – 448 с. 

9 Кокумбаева Б.Д. Онтология культуры. – Павлодар: ПГПИ, 2005. – 268 с.

10  Аязбекова  С.Ш.  Картина  мира  этноса:  Коркут-ата  и  философия  мира  казахов.  –  Алматы:  Компьют.изд.  центр 

Института философии и политологии МОН РК, 1999. – 285 с.

11 Шаханова Н.Ж. Мир традиционной культуры казахов (этнографические очерки. – Алматы: Казахстан, 1998. – 184 с.

12 Кочевники: Эстетика познания мира традиционным казахским искусством/ Э. Шакенова. – Алматы: Гылым, 1993. 

– 264 с.


Белгілер-символикалар Қазақстанның дәстүрлі өнерлерінің негізгі жүйесі.

Мақалада  «символ»  және  «белгі»  анықтамаларының  мәні  ашылды,  символдың  жалпымағыналық  құрылымына 

талдау жүргізілді. Мақалада дәстүрлі қазақ мәдениетін қалыптастыратын символдар және белгілеріне тоқталады. 

Автор  мақалада көрнекті бейнелі-белгінің пішіні кең маңызы  бар  сенсорлық әлем,  эмоционалдық  және рационалдық, 

саналы және санасыз, жалпы, арнаулы және оқшауланған бірлікте көрсеткен. Өнер ерекшелігі мәдениетті түрлі тілде 

өз саласына аударады, яғни, олардың экспрессивті мүмкіндіктерін дамыту және олардың семиотикалық құралдарын 

таңдайды.

Түйін сөздер: символ, белгі, Қазақстанның дәстүрлі өнері.

Знаково-символическая система как основатрадиционного искусства Казахстана.

В  статье  раскрывается  сущность  понятий  «символ»  и  «знак»,  проводится  анализ  общесмысловой  структуры 

символа, а также символов и знаков, формирующих традиционную казахскую культуру. Автор приходит к выводу, что 

образно-знаковая  форма  имеет  широкий  спектр  значения,  отражая  мир  в  единстве  чувственного,  эмоционального 

и  рационального;  сознательного  и  бессознательного;  общего,  особенного  и  единичного.  Особенность  искусства 

заключается в том, что оно вовлекает в свою сферу разные языки культуры, отбирает их семиотические средства, 

развивает их выразительные возможности.

Ключевые слова: символ, знак, традиционное искусство Казахстана.

Accepted for publication 03.03.2016.

ӘОЖ 371.13:159.9

А.Ш. МАМАНОВА 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ PhD докторанты, Астана қаласы

аlma_m_75@mail.ru

ЖОО-ДА  ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАОГТЕРДІ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ТҰҒЫРНАМА

Мақалада болашақ әлеуметтік педагогтерді кәсіби даярлау аясында деонтологиялықтұғырнама ашылып көрсетіледі. 

Автор ғалымдар тәсілін талдау негізінде әлеуметтік педагогтердің дайындаудағы деонтологиялық тұғырнаманың мәні 

мен құрылымын ашады, сондай ақ педагогикалық  даярлаудың деонтологиялық тұғырнамасына сәйкес негізгі шарттары 

айқындалған. 

Түйін сөздер: деонтология, тұғырнама, деонтологиялық тұғырнама, құзырлық тұғырнама, әлеуметтік педагогтерді 

дайындау.

Елімізде  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  жобасында 

Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп,  халықаралық  рейтингілердегі  білім 

көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, 

педагог  кадрлардың  мәртебесін  арттыру,  олардың  бүкіл  қызметі  бойына  мансаптық  өсуі,  оқытылуы  және 

кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 

ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің 

білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сындарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагог 

қауымның ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеяларымен, жаңа 


№ 3 (112) 2016

275


жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім 

беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. 

«Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардын қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін 

жоюға  болады,  сондықтан  жастарды  оқытып-тәрбиелеу  ісінен  артық  ешнәрсе  жоқ»  -  деп  өз  заманында 

Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу ісін ең басты мәселе екеніне көп көңіл бөлген.

Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты 

мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, басекеге қабілетті 

тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін 

ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

Егенменді  Қазақстан  Республикасының  алдында  тұрған  міндеттер  жас  буындардың  интеллектуалды 

әлеуетіне, дене және психикалық денсаулығына, әдептілігі мен сыпайлығына ерекше қамқорлық ету болып 

табылады. Бұл тұрғыда тәлім-тәрбие үрдісінің басты міндеті – білім сапасын халықаралық дәрежеге жеткізу, 

оқушылардың денсаулығы мен жан саулығын сақтап, нығайту,табиғатына сай интелектуалды дамыту.

Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп 

бере алатын мамандар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, 

жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ  арқылы іске асады.

Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін 

беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және 

пәндік  құзыреттіліктерді  қалыптастыру  арқылы  өзін-өзі  дамытуына,  қоршаған  шынайылықты  түйсінуге, 

өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, 

өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді [2].

Құзырлық  тұғырнама  идеясы  –  қоғамға  қандай,  жеке  тұлғаға  қандай  білім  қажет  және  ол  қоғамның 

қандай  қажетін  өтей  алады.  Оқушының  құзырлығын  қалыптастыру  бүгінгі  білім  беру  саласының  өзекті 

мәселелерінің бірі. Құзырлық тұғырнама, жоғарыдағы айтқанымыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі 

тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты 

жағдайдан шығарудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тұғырнамаға білім берудің нәтижесінде басты 

орын беріледі. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда 

педагогтің кәсіби құзырлық деңгейі қандай болмақ? Педагогика зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің 

тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми -  теориялық тұрғыда аз зерттелуі, 

педагогке құзыреттілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде педагогтің 

әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың теориялық негізін жасау міндетін қойды. 

«Тұғырнама»  түсінігі  ғылымның  әр  алуан  салаларында  жалпы  ғылымдық  және  жеке  ғылымдық 

әдіснамалық  категория  ретінде  белсенді  түрде  қолданылады.  Философ  В.В.  Мацкевичтің  пікірі  бойынша 

«тұғырнама» әдіснама категориясының әзірлемесіне   бұрыннан қолданыста бар (қолда бар) құралдардың 

өзімен  де  шешілмейтін  қағидатты  өзгерістер  белгіленгенде  және  мәселелер  туындағанда  сол  және  басқа 

қызметтің  (ережеге  сай,  ғылыми,  саяси,  басқарушылық,  діни  және  басқ.)  дамуының  басты  кезеңіне 

айналады. Ғалымдардың пікірлері бойынша, үш саланың ең болмағанда бірінің басқа тұғырнамасынан оның 

қағидатты айырмашылығы негізделген уақытта ғана бұрыннан қалыптасқан әдіснамалықтұғырнама туралы 

айтуға  болады  деп  есептейді:  1)  парадигмада  (онтологиялық  сызбалар,  нысандарының  және  т.б.  ғылыми-

тұжырымдамалық  сипаты);  2)    синтагмада  (дәлелдер,  айғақтамалар  әдістері  мен  тәсілдері,  сипаттама, 

түсіндіру және түсіну тілі); 3) прагматикада (орындалатын мақсаттар, құндылықтар, міндеттер, ұйғарымдар). 

Сонымен бірге В.В. Мацкевич ХХ ғасырда «тұғырнама өмірі» едәуір қысқаратындығын атап өтеді [3].

«Тұғырнама» түсінігі С.И. Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде бірдемені меңгерудің әдістерінің, 

тәсілдерінің жиынтығы, бірдемеге әсері, іс жүргізудің тәсілі ретінде қарастырылады [4].

Ғалым В.И. Загвязинский пікірі бойынша ғалымдардың көпшілігі қандай да бір тұғырнаманың маңызын 

ғылымның әдіснамасының санаты ретінде анықтай отырып, оның мына төмендегі маңызды сипаттамаларын 

көрсетеді:  тұғырнаманың  мақсатты  бағыттылығы,  яғни  тұғырнама  не  үшін  қолданылмақ;  тұғырнаманың 

нәтижелілігі,  яғни  тұғырнаманы  қолдану  нәтижесінде  қол  жеткізу  ықтималдылығы  түсіндіріледі  (мысалы 

педагогтік  іс-әрекетте  әрбір  білім  алушыға  тұлғалық-  бағдарлы  тұғырнаманы  жүзеге  асыра  отырып, 

оқытушы  оқушыға  өзінің  тұлғалық  сипатын  тануда,  жеке  мүмкіндіктерін  табуда  және  оны  әр  алуан  іс 

әрекеттер барысында өздігінен жүзеге асыру үдерісінде қарқындата білуге көмек береді) (В.И. Загвязинский, 

Ш.Т.Таубаева, Смирнов С.А және басқалары.).

Педагогиканың заманауи әдіснамасында тұғырнамадағы өзгерістер білім алушы мен қатар білім берушінің 

адами  тұлғасына  педагогтік  тәжірибенің  өзгерісінің  қажеттілігінен  туындаған.  Осы  ойды  растау  ретінде 

ғалымдардың  пікіріне  сүйенсек:  кеңес  үкіметінен  кейінгі  қоғамда,  тоталитаризм  қоғамынан  демократия 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

276


мен  гуманизм  құндылықтарының  қоғамына  өту  кезінде  тұлғалық-бағдарлық  тұғырнама  үлкен  талапқа  ие 

болды  (Ш.А. Амонашвили, К.М.Кертаева,Р.К.Толеубекова,Р. Ә. Сқақова,О. С. Богданова, И. А. Каиров, И. С. 

Марьенко, И. Ф. Харламов, Н. Д. Хмельжәне басқалары).

Сонымен бірге ғалым Н.И. Никитина пікірі бойынша «тұғырнама» әдіснамалық категория ретінде мәселелі 

семантикалық  өріс  түрінде  бар  болып  табылады,  ғылыми  жүйеге  өзара  байланысты  базистік  түсінігінің 

интегративті жиынтығы арқылы рәсімделеді [5].

Педагогика  әдіснамасында  басты  назар  жоғары  кәсіби  білім  беруді  дамыту  болашақ  маманның 

таныс  болуы  тиіс  белгілі  бір  білім,  білік  және  машықтарының  жиынтығына  және  белгілі  бір  тәжірибелік 

машықтарына ие болуға ғана емес, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетте жоғарыда сипатталған сапаларын тиімді 

қолдануды қамтамасыз ететін дентологиялық дайындығын құрылымдауға бағдарлануы тиіс болатындықтан, 

деонтологиялық тұғырнамаға аударылуы тиіс. 

Жоғары  мектеп  педагогика  әдіснамасында  деонтологиялық  тұғырнамаға  баса  назар  аударылуы  қажет, 

өйткені жоғары кәсіби білімді дамытуда болашақ мамандар білім, білік, дағдыны ғана меңгермей сонымен 

қоса  педагогиканың  заманауи  жетістіктерін  үйреніп,  деонтологиялық  даярлығын  қалыптастырып,  оларды 

кәсіби іс-әрекетінде пайдалануы тиіс.

Әлеуметтік педагогтің деонтологиялық құзіреттілігін қалыптастырудың құрамдас түсініктер жиынтығына 

мыналарды  жатқызуға  болады:а)  «педагогика  әдіснамасының  категориясы  ретіндегі  тұғырнама»;  б) 

«педагогикалық  деонтология»,  в)  «әлеуметтік  педагогтің  кәсіби-тұлғалық  біліктілігінің  сипаттамалары; 

г) «деонтологиялық тұғырнаманың кәсіби білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын басқа да әдіснамалық 

тұғырнамамен өзара байланысы.

Әлеуметтік педагогтің деонтологиялық құзіреттілігініңтұжырымдамасын талдауға қажеті бар «тұғырнама» 

санатының  философиялық-методологиялық  түсініктерін  ұсынамыз:  1)  тұғырнама  теориясының  ядросы 

(маңыздылық,  фактілер,  функциялар,  қағидаттар,  заңнамалықтар,  жағдайлар  негіздемесі);  2)  тұғырнама 

теориясының тәжірибелік қосымшасы (тұғырнаманы тәжірибе жүзінде жүзеге асыру талаптары; тәсілдемені 

педагогтік тәжірибеде жүзеге асыруының механизмдері, тәсілдері, құралдары мен үдерісінің өзі).

Кәсіби  білім  беру  жүйесінде  әлеуметтік  педагогтің  кәсіби  мәдениетін  дамытуға  деонтологиялық 

тұғырнама олардың этикалық-қызметтік, деонтологиялық, адамгершілік, императивті-кодексті нормаларын, 

құндылықтарын педагогтік мамандықтың идеалдарын кеңінен, сонымен қатар кішігірім мамандандырылған 

-  кәсіби  түсінігінде  қабылдау  мен  тануға;  тұлғалық-іскерлік  коммуникация  және  этника  аралық, 

көпмәдениеттілік  серіктестігінің  вариативті  машықтарын  игеру  негізіне;  өзінің  кәсіби  мінез-құлқы  үшін 

жауаптылығын түсінуге; төл мәдениетті, сөз мәдениетін жеткізуші ретінде, ұстаздар интеллигенциясының 

өкілі  ретінде  өзінің  жоғарғы  миссиясын  тануға;  сонымен  қатар  әлеуметтік-педагогтік  қарым-қатынас 

пен  коммуникативті  мәдениеттің  базалық  негізі  ретінде  толеранттылық  құндылығын  қабылдау  негізіне 

бағытталған.  Деонтологиялық  тұғырнама  негізінде  әрбір  тұтас  педагогикалық  үдеріс  субъектісінің 

даралық  бірегейлігін,  оның  өмірлік  тәжірибесінің  құндылығын,  яғни  адамдағы  даралық-тұлғалық  бастау 

басымдылығын тану мен түсіну жатыр.

Педагог  кадрларды  даярлаудың  айқын  тәжірибесінде  деонтологиялық  тұғырнаманың  теориялық-

методологиялық негіздемесі мен тәжірибелік қолданысының қажеттілігін шарттастыратын факторлармыналар 

болып табылады: 

объективті-детермелеуші  –  педагог  кадрлардың  кәсіби  деңгейіне,  соның  ішінде  кәсіби-этикалық 

мәдениетіне әлеуемттік-мемлекеттік талаптарды арттыру; әлеуметтік педагогтардың кәсіби-коммуникативтік 

мәдениетінің  деңгейіне  нормативті-біліктілік,  аттестациялық  талаптарды  күшейту;  жұмыс  берушілердің 

кәсіби білім беру және кәсіби қоғамдастық мекемлерінің формасын дамыту; кәсіби білім беру саласындағы 

кәсіби-педагогтік  іс  әрекеттің  психологиялық-педагогтік,  әлеуметтік-гуманитарлық,  мәденинттанулық, 

деонтологиялық ғылым мен тәжірибесінің заманауи жетістіктерін интеграциялаудың объективті қажеттілігі;

нормативті-құқықтық – педагогикалық қызметкерлердің кәсіби-этикалық нормаларын сақтаудағы жоғары 

жауапкершілікті білім беру жүйесін атқарымдау туралы нормативті-құқықтық құжаттарда және заңға тәуелді 

актілерде бекіту; «адам-адам» жүйесінің кәсіби білім беру мекемелеріне нормативті актілерге сәйкес жүзеге 

асырылатын  бағдарлама,  оқу  жоспарларының  мазмұнды-технологиялық  базисін  анықтау  кезінде  маңызды 

академиялық құқық пен еркіндік ұсыну, 

субъективті-детермелеушіі – әлеуметтік педагогтердің кәсіби-коммуникативті мәдениетін дамытуда жаңа 

құзіреттіліктерді игерудегі тұлғалық-кәсіби қажеттіліктері, олардың тұлғалық-кәсіби өсуге, өзінің бәсекеге 

қабілеттілігін арттыруға ұмтылысы, орта білім беру аясында әлеуметтік педагог тұлғасының орны мен рөлін 

өзгерту.


Әр  деңгейдегі  кәсіби  білім  беру  жүйесіне  деонтологиялық  тұғырнаманың  жүзеге  асырылуының 

ықтималдылығын ұғыну оның функцияларын айқындауға мүмкіндік береді:



№ 3 (112) 2016

277


диагностикалық-болжамалы  (әлеуметтік  педагогтің  кәсіби  және  тұлғалық  коммуникация  аясындағы 

көкейкесті күйі мен әлеуетін табу, оны ашу, оны дамытудың стратегияларын жобалау);

конструктивтік-қайта  жасаушылық  (маманның  деонтологиялық  құзіреттілігін  қалыптастыру,  тұлғаның 

жалпы  және  кәсіби  деонтологиялық  мәдениетін  дамыту,  маманның  кәсіби  деңгейін  арттыру;  болашақ 

әлеуметтік педагогтің кәсіби-әлеуметтік сауаттылығын толықтыру);

бейіндік-орта (әлеуметтік педагогтің өмірлік іс әрекетінің әлеуметтік-тұлғалық, кәсіби ахуалының серпінді 

өзгерісі жағдайларындағы оперативті кәсіби дайындығы; кәсіби, әлеуметтік мәдениет, әлеуметтік-педагогтік 

мәнмәтін бірлесуіне ықпалы;

білім алушының рефлексивті айқындамасын рефлексиялық-компенесаторлық көкейкестілендіру; жалпы 

мәдениеттілік және кәсіби даярлықтағы алшақтықты жою; әлеуметтік, тұлғалық және кәсіби жетістік, өзін-

өзі танытуға арналған мүмкіндіктер аясын кеңіту;

болашақ  әлеуметтік  педагогтардың  шығармашылық  кәсіби-тұлғалық  мүмкіндіктерінкреативті-

дамытушылық ілгерілемелі байыту; маңызды сапаларын кәсіби тұрғыдан дамыту.

Адамның парызына негізделген мінез-құлықын зерттейтін ғылым – деонтология. Деонтология терминін 

алғаш  рет  адемгершілік  теориясына  қолдана  отырып  енгізген  Джереми  Бентам  (1834)  болды.  Джереми 

Бентам  ағылшын  философы,  заңгер,  Лондон  университетінің  негізін  қалаушылардың  бірі.  Оның  айтуы 

бойынша 21 жасында Бентам өлгенен кейін өзінің денесін анатомиялық тәжірибелер жасауға ұсынып, ал тек 

қаңқасы қалғанда киімін кигізіп, басын кептіріп, көринетін жерге қою туралы келісім жазып қалдырған, яғни 

барлығына әрбір адам өмірінде, өлгеннен кейін де пайда келтіруі қажет дегенді еске салғысы келеді. Бентам 

өзінің концепциясын «деонтология» атады [6]. Өзінің болмысы бойынша – бұл адамдардың бір-біріне және 

қоғамға  қатынасы  жөніндегі  мінез-құлығының  қағидаттары  мен  нормаларының  жиынтығын  анықтайтын, 

еңбек,  тұрмыс,  және  қоршаған  ортаға  қарым-қатынасын  қосып  алғандағы  өмірдің  барлық  саласындағы 

адамның әрекеттерін реттейтін теория. Кәсіби іс-әрекет саласында бұл қағидаттар мен нормалар маманның 

әлеуметтік ортадағы әлеуметтік мәртебесі мен рөлінің мақсатымен анықталады.

Деонтология маманның кәсібі, кәсіби іс-әрекеті, сонымен қатар педагогика мен әлеуметтік педагогиканың 

адамгершілік-этикалық ғылым болып табылады.  Әрбір мамандықтың қоғам мен мемлекет алдында кәсіби іс-

әрекеті үдерісінде жүзеге асыратын өзінің адамгершілік парыз, өзінің деонтологиялық талап, міндеттері бар. 

Бұл негіздер мамандық дамуымен жетілдіріліп отырады. Мұнда кәсіби іс-әрекет теориясы мен тәжірибелерін 

анықтайтын белгілі бір мамандыққа сәйкес деонтология; «адам-адам» жүйесіндегі мамандық деонтологиясы, 

кәсіби іс-әрекет деонтологиясы және осы мамандықтағы маманның деонтологиясын анықтайтын негіздері 

ашылады. 

Деонтологиялық тұғырнаманың педагогтік кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінде жүзеге асырылатын 

басқа да әдіснамалық тұғырнамалармен сабақтастығын қарастырайық. 

Болашақ әлеуметтік педагогтің кәсіби даярлықтағы кәсіби-тұлғалық өсуі әлеуметтік-педагогтік профилі 

маманының  кәсіби  іс-әрекеттерінің  тиімді  және  нәтижелі  орындау  үшін  қажетті  және  жеткілікті  болатын 

вариативті құзіреттілік жүйесін дамытумен қамтамасыз етілетінің растауға мүмкіндік беретін құзыреттілік 

тұғырнамасынаие болады. Заманауи педагогикалық ғылымда орта, жоғары білім беру жүйелерінде құзіреттілік 

тәсілдеменің статикалық, динамикалық сипаттамаларының теориялық негіздемесіне лайықты көңіл бөледі 

(Байденко В.И., Жампеисова К.К., Жексенбекова У.Б., К.С. Құдайбергенова, Л. Қалабаева, Г.Құлжанбекова, 

А.О. Серикбаева,Зимняя И. А., Зеер Э.Ф., Краевский В.В.,  Хуторской А.В, Эльконин Б.Д. және басқ.). Кәсіби 

білім беру жүйесіндегі құзіреттілік тұғырнамасы көкейкестілігі  құзіреттілік тұғырнамасына негізделген білім 

беру моделінің кез-келген елдің қалыптасу, нығаю және үдемелу дамуының негіздік жасаушысы болуымен 

тығыз байланысты. 

Құзыреттіліктің  психологиялық  теориясының  негізін  қалаушы,  британ  психологы  Дж.  Равен 

«құзыреттілікті»  көптеген  құзыреттіліктің  интегралды  жиынтығы  ретінде  ұғындырады.  Құзыреттіліктің 

жалпы  құрылымында  ғалым  келесі  базалық  құрылымдық  бөлшектерін  ерекшелеп  көрсетеді:  жалпы 

кәсіби  құзыреттілік  (кәсіби  құндылықтар,  уәждеме,  мамандықтың  қоғамдағы  міндетін  жете  түсіну,  еңбек 

саласындағы мінез-құлықтарының тәсілдері, кәсіби іс-әрекет мазмұнының құрамын технологиялық жүзеге 

асыру  тәсілдері  және  басқ.);  әлеуметтік-тұлғалық  құзыреттілік  (коммуникативті,  дағдылану,  кәсіби  іс-

әрекеттен еш байланыссыз социумда өзін-өзі сәтті дамытуға қажетті өзіндік білім алу машықтарының икемі 

мен машықтары) [7].

Құзыреттілік  нақты  кәсіби  ахуалдағы  тиімді  (сәтті,  нәтиже  беретін)  іс-әрекеттерінің  өлшемдерімен 

байланыстылық себебі болатын кәсіби іс-әрекет субъектісінің базалық сипаттамасы болып табылады (белгілі 

бір кәсіби міндеттерді шешу барысында). 

А.К. Маркова кәсіби құзыреттілікті кәсіби іс-әрекеттің нақты түрін жүзеге асыру үшін, қажетті болатын 

білім, білік және олардың нормативті белгілері туралы болашақ әлеуметтік педагогтің хабардарлығы, еңбек 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

278


атқырымын орындаудағы қажетті сапаларды игеруі, мамандық нормаларына сәйкес (эталондары) адекватты 

кәсіби әрекет ретінде ұғындырады. А.К. Маркова пікірі бойынша мамандардың кәсіби құзыреттілікке қол 

жеткізуі оның барлық белсенді өмірінде орын алады, ал болашақ маманның құзіреттілік негізінің қалыптасу 

басы кәсіби білім алу кезеңінде орын алады.

Кәсіби  білім  алу  нәтижесінде  маман  сәтті  іскерлікке  оның  даярлығын  сипаттайтын  құзыреттіліктерге 

ие  болуы  тиіс,  ал  деонтологиялық  даярлық  –  бұл  оның  алға  қойған  барлық  мақсаттарына  қол  жеткізуге 

арналған ішкі және сыртқы ресурстарын жұмысалатын күш. Осыдан  әлеуметтік педагогтерді дайындауда 

деонтологиялық  тұғырнаманы  жүзеге  асыру  үшін,  тұлғаның  негізгі  құзыреттіліктерінің  жиынтықтарын 

жіктеу маңызды екендігі туындайды. И.А. Зимняя маманның құзыреттілігінің келесі топтарын ерекшелеп 

көрсетеді: а) танымдық іс-әрекет құзіреттілігі; б) әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі; в) ақпараттық 

технология саласындағы құзыреттілік; г) қызметтік құзыреттілік.

Құзыреттілік  тұғырнама  тұтас  алғанда  жеке  құзыреттіліктер  мен  жалпы  алғандағы  құзыреттіліктерді 

құрылымдаудың  сандық  және  сапалық  деңгейінің  математикалық  бағасын  жүргізуге  мүмкіндік  береді. 

Шынымен  де,  педагог  пен  білім  беру  менеджерінің  кәсіби  қызметінің  ерекшелігін  ескеретін  арнайы 

жасалған диагностикалық және математикалық аспаптар көмегімен тұлғаның жеке алынған кәсіби маңызды 

қасиеттерінің жекелей алғандағы құзіреттілігінің әрқайсысын «өлшеуге» болады [8].

Дентологиялық  көзқарас  мамандардың  кәсіби-жеке  дамуын  жүйелі  қалыптастыру,  олардың  кәсіби 

мәдениетінің  әртүрлі  аспектілерін  жетілдіру  болып  табылады  деп  жорамалдайтын  мәдени  көзқарастағы 

әлеуметтік  педагогтардың    деонтологиялық  біліктілігін  білім-беру  процесінде  жүзеге  асырумен  келіседі. 

Бұдан өзге әлеуметтік педагогтарды оқыту сапасы білім алушының өздігінен білім алу ісі мәдениетінің даму 

деңгейімен едәуір дәрежеде негіздеуге болады.

Деонтологиялық  тұғырнама  негізінен  алғанда  басты  компоненттері  мыналар  болып  табылатын  

тұтас  интегралды  құбылыс  позициясынан  «кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі  маманның  кәсіби  мәдениеті 

мен  құзіреттілігін  дамыту/өзін-өзі  дамыту»  санатында  қарастыруға  мүмкіндік  беретін  акмеологиялық 

тұғырнама  қағидатты  түрде  маңызды:  «ішкі  жағдайлар»  (ересек  білім  алушының  даралық-типологиялық 

ерекшеліктерімен  байланысты);  «жағдай»  (ересек  білім  алушы  бар  оқыту,  тәірибелік,  кәсіби  қызметтер 

жағдайларының жүйелері); «жағдайға даралық мәні бар қарым қатынасының алаңдаушылығы» (кәсіби білім 

беру жүйесіндегі білім алушының мінез-құлық аспектісіне ықпал ететін тұлғалық мағына).

Педагогтардың деонтологиялық үйлесудегі акмеологиялық тұғырнамасының кәсіби білім беру жүйесінде 

жүзеге асыруы олардың кәсіби шеберлікті, кәсіби істі, кәсіби мәдениетті және кәсіби шеберліктің маман-

практигі ретінде, сонымен қатар жаңа білім, білік, құзіреттілік жүйесінің жиынтығының болашақ жолымен, 

әрі  тұлғаның  рефлексивті  және  шығармашылық  әлеуетін  белсендіру  арқылы  мақсаттты  түрде  жетілдіруге 

мүмкіндік беруінде жатыр, осының арқасында мамандардың (білім берушілер) өздері кәсіби қызмет үшін 

қажетті болатын көкейкесті білім және біліктің жеке жүйесін байытады.

Еліміздің  болашақта  көркейіп,  басекеге  қабілетті  50  мемлекетің  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақтың 

қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «соңғы 10-15 жыл 

бойында басекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болады: салмақ жаhандық экономикалық сапаға –«білім 

экономикасына»  өтуіне  түсіріледі»,-  деген  болатын.  Олай  болса,  әр  күні  өзгеріске  толы  бүгінгі  жауапты 

кезеңде замана көшінен қалып қоймайтын уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп 

тәрбиелеу  педагогтерге    үлкен  жауапкершілікті  жүктейді.  Олай  болса,  жоғары  оқу  орындарының  тәлім-

тәрбие үдерісі  жан-жақты саяси дамыған, сауатты, терең теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-

қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындауға бағытталуы керек. Бұл істе естен шығармайтынең бастысы 

адамның парыздық санасын деонтологиялық тәрбие арқылы іске асыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет