Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет85/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102

Литература

1 Пряжников Н.С.  Активные методы профессионального самоопределения. – М.: МГППУ, АНО «Центр Развивающее 

образование», 2001. – 86 с.

2 Дружилов С.А. Становление профессионализма человека как реализация индивидуального ресурса профессиональ-

ного развития. – Новокузнецк:  ИПК, 2002. – 242 c.

3 Егоршин А.П. Управление персоналом.–  Нижний Новгород, 2003. – 720 c. 

4 Батаршев А.В. Диагностика профессионально важных качеств. – Воронеж: НПО «МОДЭК»,  2002. –190 с. 

5 Шекшня С.В. Управление персоналом современной организации. – М.: ЗАО «Бизнес-школа», 2002. – 95 с.



№ 3 (112) 2016

487


References

1  Pryazhnikov  N.S.  Aktivnie  metodi  professionalnogo  samoopredelenia.  –  M.:  MGPPU,  ANO  «Centr  Razvivayushee 

obrazovanie», 2001. – 86 s.

2 Druzhilov S.A. Stanovlenie professionalizma cheloveka kak realizaciya individualnogo resursa professionalnogo razvitiya. 

– Novokuzneck: IPK, 2002. – 242 s.

3 Egorshin A.P. Upravlenie personalom. – Nizhnii Novgorod, 2003. – 720 c.

4 Batyrshev A.V. Diagnostika professionalno vazhnih kachestv. – Voronej: NPO «MODEK», 2002. – 190 s.

5 Shekshin S.V. Upravlenie personalom sovremennoi organizacii. – М.: ZAO «Biznes-shkola», 2002. – 95 s.



Кулжабаева  Л.С.  -  психол.ғ.к.,  «Туран-Астана»  университетінің  доценті;  Дуйшоналиева  Б.Т.,    «Туран-Аста-

на» университетінің магистранты. Мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің мансаптық өсуінің кезеңдері мен 

даму модельдері.

Бұл  мақалада  мансап  және  оны  түсінудің  әр  түрлі  жолдары,  мансап  дамуының    модельдері  қарастырылған. 

Мемлекеттік  мекемелердегі  жұмыскерлердің  мансаптық  өсуіне  әсер  ететін  факторлар  зерттелген,  мансаптың 

психологиялық факторлар көрінісінің спецификасы сипатталған.

Түйін сөздер: мансап, мансаптық табыс, мотивация, мәртебе, квалификация, өзін-өзі бекіту, тұрақтандыру.

Kulzhabaeva  L.S.  -  Professor  of    Sicological  Siences  of  the  department  “Sicology”  University  “Turan-Astana”; 

Duishonalieva B.T. - Master of Sciences “Turan-Astana”. The development models and stages of the career growth in state 

institutions. 

The article considers such issues as the concept of «career» and various approaches to its understanding. The stages of career 

development are described in details. Characterized models of career development,  are marked by A. P. Egorshin. Investigated 

factors, which is affecting to the career growth of employees in state institutions, revealed the specifics of the manifestation of the 

psychological factors of career.

Key words: career, career success, motivation, status, qualification, self-assertion, and stabilization.

Поступила в редакцию 09.02.2016.

ӘОЖ 371

А. КУРАЛБАЕВА, Г. АБДУЛЛИНА, Ш.ИСАХОВА 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университететі, Түркістан қаласы

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯ ҮДЕРІСІНІҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ – АССОЦИАЦИЯ

Мақалада  пәнаралық  интеграциялау  негізінде  оқушылардың  ойлау  қызметінің  ассоциативтік  теориясына  сәйкес 

жүзеге асырылатыны сипатталады. Осыған байланысты ассоциацияның психофизиологиялық негізін шартты рефлекс 

түзетіні атап көрсетіледі.

Түйін сөздер: ассоцианизм, ассоциация, рефлексия, интеграция, бастауыш білім беру.

 

Ойлау  мен  танудағы  байланыстарды  анықтау  және  меңгеру  үдерістері,  XX  ғасырдың  басында  басым 



болған  дәстүрлі  дидактика  негізінің  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын,  ойлау  қызметінің  ассоциативтік 

теориясында ашылды. «Ассоциация» деген сөз «одақ», «байланысты» білдіреді. Осы жағдайда психикалық 

құрылыстар мен түсініктердің арасындағы байланыстарды ескеру, назарға алу керек.

«Ассоцианизм», «ассоциация» ұғымдарына қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде 

және психология ғылыми еңбектерінде төмендегіше мазмұндаулар беріледі: «Ассоцианизм, ассоциациялық 

психология (Ассоциативтная психология) - дүниежүзілік психологиялық ойдың негізгі бағыттарының бірі; 

психикалық үдерістердің динамикасын ассоциация принципімен түсіндіреді. Ассоцианизмнің қағидаттарын 

ең алғаш Аристотель жасады; ол көрінбейтін сыртқы себептерден пайда болған бейнелерді ассоциацияның 

өнімі деді. XVII ғасырда бұл идеяны психика туралы механикалық-детерминистік ілім қолданды. Механикалық 

философиялық  тұжырымдамадан  (ағылшын  философы  Т.Гоббс  (1588-1679),  нидерландиялық  философ 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

488


Б.Спиноза  (1632-1677)  шықты.  XVIII  ғасырда  ассоцианизмнің  жаратылыстану-ғылыми  түсіндірмесін 

ағылшын  философы  Д.Гартли  (1705-1757),  идеалистік  түсіндірмесін  ағылшын  философтары  Дж.Беркли 

(1658-1753)  және  Д.Юм  берді.  XVIII  ғасырда  ассоцианизм  принципі  психологияның  барлық  салаларында 

қолданылды.

XIX  ғасырдың  басында  ассоциацияны  дене  субстратынан  бөліп,  оны  сананың  имманентті  принципі 

түрінде бейнелеген тұжырымдамалар пайда болды. Осыған байланысты психика: 

1) қарапайым түйсіну элементтерінен тұрады;

2)  элементтер  –  бастапқы,  ал  күрделі  психикалық,  түзілімдер  (елестер,  ойлар,  сезімдер)  екінші,  олар 

ассоциациялар арқылы пайда болады;

3) ассоциациялардың құрылуының шарты - екі психикалық үдерістің араласуы

4)  ассоциациялардың  тәжірибеде  қайталанатын  ассоциациялардың  жиілігімен,  ассоциацияланатын 

элементтердің нақтылығымен бекиді деген көзқарас орнықты. 

Ассоцианизм  биологиядағы,  нейрофизиологиядағы  жаңалықтардың  негізінде  жаңа  сипатқа  ие  болды. 

Ассоцианизм  қазіргі  психологияда  әр  түрлі  психикалық  үдерістердің  ерекшеліктерін  түсіндіру  үшін 

қолданылады (мағыналық ассоциациялар проблемасы, олардың оқытудағы рөлі және т.б.).

Ассоциационизм  –  дүниежүзілік  психологиялық  ойдың  негізгі  бағыттарынын  бірі.  Психикалық 

үдерістердің динамикасын ассоциация принципімен түсіндіреді.

Ассоциация (лат. associatio - қосылыс): 

1)  неғұрлым  жалпы  мағынасы  -  екі  (одан  да  көп)  элементтердің  арасындағы  анықталған  кез  келген 

функциялық байланыс;

2)  бихевиоризмдегі  үйрену  теориясында  стимулдар  (S)  мен  реакциялар  (R)  арасындағы  байланыстар 

немесе бірігу. Бихевиористер сол байланыстың табиғатын ұғуға тырысты; 

3) қайсыбір стимул немесе оқиға әсерінен алынған нақты психологиялық тәжірибе: мысалы, «ауыл» деген 

сөзді естігенде, бірнеше ассо¬циация пайда болады; 

4)  психологияда  сыртқы  және  ішкі  тітіркендіргіштердің  әсер  етуінен  туатын  адамның  психикалық 

үдерістері мен қимыл-әрекеттерінің байланысы.

Ассоциация адамның бұрынғы тәжірибесі негізінде пайда болып, заттар мен құбылыстардың кеңістік-

уақыт қатынастары мен (кеңістік пен уақыт ішіндегі іргелестік ассоциациясы, мысалы, көктем мен жасыл 

шөптің шығуы) олардың ұқсастығын (ұқсастық ассоциациясы, мысалы, жапырақ сыбдыры мен сыбырласу) 

немесе  қарама-қарсылығын  бейнелеуі  мүмкін  (қарама-қарсылық  ассоциациясы,  мысалы,  күн  мен  түн, 

кәрілік пен жастық). Объектілер арасындағы анағұрлым күрделі, мысалы, себептер мен салдар арасындағы 

байланысты  білдіретін  ассоциация  болады.  Физиологиялық  тұрғыдан  қарағаңда,  ассоциация  екі  немесе 

бірнеше тітіркендіргіштің бір мезгілде немесе бірінен соң бірінің әсер етуінен туатын уақытша үдерісінде 

үлкен орын алады. Білім алу - адамның бұрынғы тәжірибесі мен игерген түсініктері, ұғымдары арасындағы 

байланыс (ассоциация) жасау үдерісі екені мәлім;

5) психикалық құбылыстар арасындағы байланыс, бұл байланыста психикалық құбылыстардың бірінің 

(қабылдау, елестету) басымдылығы екіншісінің пайда болуын ілестіре жүреді.

Ассоциация туралы ұғым ежелгі дүниенің философиялық ілімдерінде қалыптасқан. Психологиялық ой 

ассоциация  фактісін  жай  ғана  баяндап  қоюдан  (мысалы,  нәрсені  қабылдау  оның  иесінің  бейнесін  пайда 

қылады)  оны  ағза  ішіндегі  үдерістермен  түсіндіруге  көшеді.  Бұл  -  ассоциация  ұғымына  детерминистік 

(латынша  determinare  –  психикалық  құбылыстардың  өздерін  тудыратын  факторларға  заңды  әрі  қажетті 

тәуелділігі) мағына береді: санада бейненің, әдетте, оған шақыртқы болатын сыртқы тітіркендіргішсіз пайда 

болуы - денелік үдерістердің өткендегі тәжірибеде бекіген байланысының есебіне жатқызылды; бұл үдерістер, 

Аристотельдің айтуынша, олардың араластығы, ұқсастығы немесе кереғарлығы (контраст) себепті жақындаса 

түсіп,  берік  бірлестіктер  түзуі  мүмкін.  Жанда  үйлестік  мүшелерінің  бірі  пайда  болғанда,  ол  «автоматты 

түрде» ағзада жасырынған басқаларына шақыртқы болады. «Идеялар ассоциациясы» терминін ассоциацияны 

ақыл-ойға негізделген байланыстарға қарсы қойған Дж.Локк енгізді. Ассоциация туралы ұғым XVIII-XIX 

ғасырлардың философиялық жүйелері үшін басты ұғым болды. Ассоциацияның психофизиологиялық негізі 

- шартты рефлекс [1].

Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) – 

1)  объективті  шындықты  түйсік,  қабылдау,  елестету,  сезім,  ерік,  ойлау  арқылы  белсенді  бейнелейтін 

мидың жүйелі қасиеті;

2) адамның жан дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі. Психиканың екінші 

сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін 

және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін 

қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманын түс көру арқылы жеткізе алады. 

Психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. 


№ 3 (112) 2016

489


Психиканың  рефлекторлық  табиғатын  алғаш  И.М.Сеченов  дәлелдеді.  Адамның  психикасы  оның  қимыл-

әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның, сананың негізін құрайды.

Психикалық жаңа құрылымдар - әрбір жас кезеңінде психикалық даму нәтижесінде қалыптасатын, оның 

бүкіл алдыңғы дамуын анықтайтын сапалы өзгерістер.

Психикалық үдерістер - адамның миында болатын және сезімде, қиялда, қабылдауда, зердеде, ойлауда, 

сөйлеуде, үнемі және өзгермелі тұрғыдан бейнелейтін ішкі өмірлік қызмет үдерістері. Психикалық үдерістер 

-  жүйеленген  және  жүйесіз,  ұғынылатын  және  ұғынылмайтын,  даралық  және  әлеуметтік  құбылыстардың, 

үлкен және шағын топтардың мінез-құлықтарының жиынтығы.

Психикалық  қызметтер  -  ақиқат  дүние  заттары  мен  құбылыстарды  адамға  тән  бейнелеуден  тұратын 

психикалық үдерістер.

Қабылдау  мен  түсініктер  басқа  да  түсініктер  шығаруы  мүмкін:  Бір  мезгілдегі  тікелей  әсерленушілік 

(уайымдау,  қайғыру,  қуану)  -  бір  мезгілде  олармен  немесе  олардың  соңынан  (іргелестік  ассоциация), 

бұрынғылармен  ұқсас  (ұқсастық  ассоциация),  қарама-қарсы  контрастілік  бұрынғыларға  (контраст 

ассоциациялы). Ассоциацияның есте сақтау, еске түсіру, қорытылған ұғымдарды жеке түсіну үдерістерінде 

маңызды рөл атқарады.

Бір нәрсені ұғу, есте сақтау, оны (есте сақтайтынды), басқамен байланыстыру, бұрынғы байланыстардың 

торына енгізу, ассоциация құру. Ассоциация беру үшін, психикалық үдерістер әрекеттерінің уақытына тура 

келуі қажет. Олар бір мезгілде әсерленетін және сонымен қатар, адамға белгілі бір маңызы болуы қажет. Атап 

айтқанда, осының әсерімен кейінгі осы үдерістердің біреуінің пайда болуы екінші үдерістің пайда болуына 

соқтырады.

Рефлексия (латын. reflexio - бейнелеп көрсету) - субъектінің психикалық акті мен күйлерді өзінше талдау 

және тану үдерісі [2]. 

Түсіну, есте сақтау, еске түсіру үдерістерінде мағыналы байланыстар ерекше рөл атқарады. 

Мағыналы байланыстарды, ең алдымен, себеп пен салдардың (нәтиже) бүтін мен оның бөлшектерінің, 

жалпы  ережелер  мен  олардан  шығатын  жеке  қорытындылардың  арасындағы  қатынастар  бейнеленіледі. 

Мәселен,  табиғатты  зерттеуде  кез-келген  табиғат  құбылысы  оны  шығаратын  шарттар  (жағдаяттар), 

себептермен, салдарлармен (нәтижелер) байланыстырылады (Л.Выготский).

Бастауыш  білім  беруде  (оқытуда)  интеграция  үдерістерінің  психологиялық  негіздерінің  бірі  ретінде 

психолог  Ю.А.Самариннің  ассоциацивтік  ойлау  туралы  идеялары  пайдаланылады.  Идеялардың  мәні 

мынада:  кез  келген  білім  -  ассоциация,  ал  білімдердің  жүйесі  -  ассоциациялар  жүйесі.  Ю.А.Самарин 

ассоциациялардың мына түрлерін көрсетеді: Локалдық (жергілікті), жеке жүйелілік, ішкі және жүйеаралық 

сонымен қатар ойлау әрекетінің дәрежелерін, ассоциациялардың қосылу сипатына байланысты топтастырады 

(классификациялайды). Локалдық ассоциация - зат немесе құбылыс туралы элементарлық білім құрайтын 

қарапайым  нерв  (жүйке)  байланысы.  Бұл  -  басқа  білімдермен  сәйкестігі  жоқ,  оқшауланған  (бөлектенген) 

байланыс, тек қарапайым ой әрекетін қамтамасыз етуі мүмкін және кіші мектеп жасына сәйкес келеді [3].

Жеке жүйелілік ассоциация - бұл жәй жүйелі ассоциациялар. Олар жеке тақырыпты немесе қандай да 

болмасын бір затты, құбылысты зерттеу негізінде пайда болады. Бұл, жеке заттар мен құбылыстарды тану 

үдерісі,  жаңа  факторлар  мен  ұғымдарды  бұрын  қалыптасқан  түсініктермен  салыстыру  арқылы  танумен 

(тандаумен)  қосарланып  жүреді.  Осы  кезеңде  білімдерді  жәй  талдап  қорыту  іске  асырылады,  бірақ  жаңа 

білімдердің  іргелес  білімдермен  сәйкестігі  әлі  болмайды.  Осы  деңгейде  оқушылардың  талдау-жинақтау 

әрекеті пайда болады.

Ішкі жүйелік ассоциациялар оқушылардың тұтас жүйелі білім (физикалық, химиялық, биологиялық және 

т.б.) алуын қамтамасыз етеді. Зерттелетін заттың шеңберінде білімді кеңінен пайдалану үдерісі жүреді.

Жүйеаралық  ассоциациялар  оқушының  ойлау  әрекетінің  жоғары  сатысы  ретінде  білімдердің  әр  түрлі 

жүйелерін  біріктіреді,  оларды  (білімдерді)  талдап  қорытады,  жинақтайды,  құбылыстың  немесе  үдерістің 

әр алуандығын тануға мүмкіншілік береді. Ассоциацияның тек осы кезеңінде ғана жалпы ұғымдар пайда 

болады. Жүйеаралық ассоциациялардың қалыптасуы оқушыға әр салалардан алған білімдерін пайдалануға, 

оларды бір-біріне бағынышты етуге, қосылатын жерінде өзара байланыстылықты орнатуға мүмкіндік береді.

Локалдық және жеке жүйелі ассоциациялар бастауыш мектеп оқушыларына тән деп есептейтіндер бар. 

Бірақ шетел және ресейлік ғалымдардың эксперименттері (Д.Сиск, С.Кейплен, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин 

және  басқалары)  бастауыш  сынып  оқушыларының  интеллектуалдық  дамуы  үшін  жоғары  әлеуметтік 

мүмкіншіліктері  бар  екендігін  дәлелдеп  берді.  Егер  де  балаларды  осыған  арнайы  үйретсек  олар  талдап 

қорытындылап ойлауы мүмкін; адамның ойлау (интеллектуалдық) қабілетінің 80%-ы 8 жасында қалыптасады 

[4-5].


Ассоциация механизмін тек әрекеттерді қамтиды деп ұғынуға болады.

Талдау және жинақтау арқылы интеграциялық байланыстарды ашу механизмі көңіл аударарлық.

Талдау (анализ) жинақтау (синтез) арқылы барлық қабылдау үдерісінен өтеді, ойлаудың қорытындыланған 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

490


модельдерін  қалыптастыруға  әкеледі,  олар  (модельдер)  субъектінің  бірнеше  оқу  пәндерінің  таным 

нысаналарымен  әрекеттілігін  бейнелейді.  Мұндай  модельдер  жақсы  дамыған  түрінде  эвристикалық  сипат 

алады. Соңғы кезде ғылыми бағыт - эвристика, психология мен басқару теориясының шекарасында пайда 

болған.  Осы  бағыттың  басты  міндеттерінің  бірі  -  адамның  әр  түрлі  мысалдарды  шығарғанда  жіберілетін 

артық қимыл-әрекеттерді қысқартудың әдістерін зерттеу.

Талдау екі нысанда болады: практикалық әрекет және ой тәсілдері. Алынған нәтижелердің сипаттарына 

байланысты талдауды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: тұтас элементтердің өзара әрекеті түрін айқындау; 

бақыланатын құбылыстардың себептерін табу; білім деңгейін анықтау; білім құрылымын ашу (болмысында 

ажыратылмайтын байланыстардағы зерделенетін нысаннан ойша алшақтау сипаттамасы) және т.б.

Талдау терминінің синонимі – зерттеу. Адамның даралық дамуында талдау алдымен нақты практикалық 

әрекетпен іске асырылады. Ал, зерттеу бұл: 1. бір нәрсенің мән-жайын анықтау; іздеу. 2. Байқау, бақылау, 

тексеру. Талдау біздің жағдайымызда нақтылы іс-әрекет және объектіні анықтау [6, 924 б.].

Егер ойлаудың қарапайым әрекетін қарап отырсақ, онда осы үдерісте алдымен заттардың кейбір белгілері, 

сонан соң салыстырудың үлгі нысанасы, ең соңында барып жіктеу жүзеге асырылады.

Қиялдың  бейнесін  құру  үшін  ең  алдымен  «дайындық»  жасау  қажет,  яғни  кейбір  бұрынғы  бейнелерді 

«бөліктерге  бөлу»  соңынан  жинап,  синтездеп,  олардан  жаңа,  бұрынғыға  ұқсамайтын  нәрсені  шығару. 

Тәжірибені  бөлшектеу,  ал  соңынан  іріктеу  жәй  шамамен  емес  білімдерді  күрделі  интеграциялайтын 

ассоциациялар арқылы жүреді.

Педагогикалық  психологияның  ережелері  бойынша  кіші  мектеп  жасында  (6-дан  10-ға  дейін)  жетекші 

әрекет  -  оқу  әрекеті,  яғни  ойлаудың  теориялық  формаларын  (түрлерін)  меңгеретін  арнайы  әрекеті.  Атап 

айтқанда, оқу әрекеті оқушыны тұлға етіп қалыптастырады, психикалық дамуының болашағын анықтайды. 

Оқу  әрекеті  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларының  тану  пәні  -  тек  қана  өзін  қоршап  тұрған  ортадағы 

құбылыстар емес, сонымен қатар, адамның ішкі дүниесі де. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік 

тұрғысынан өзін-өзі тану қабілеті қалыптаса бастайды, әлеуметтендіру яғни, әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, 

өзінің қоғамға қатынасуы жүзеге асырылады.

Әрбір  адам  дүниені  ең  алдымен,  өзінің  даму  заңдылықтарының  күшіменен  таниды.  Сонымен  бірге 

маңызды  сензитивтік  сәттерді  жіберіп  алуға  да  болмайды.  Мәселен,  балалардың  (4-6  ж.)  «неліктендерін» 

айтуға болады. Егер де пайда болған таным әрекетін дер кезінде іске асырмаса, онда ол соңынан өшуі немесе 

қарқынының әлсіреуі мүмкін. Біздің пікірімізше, интеллектуалдық даму - бұл білімдердің жәй жинағы емес. 

Өткен кезеңде толықтай алынбағанның келесі кезеңде орны толмайды, мидың физиологиялық қасиеттерімен 

шектелінетін кері айналмайтын шығындар пайда болады. Сонымен, жоғарыда айтылғандардан төмендегідей 

қорытынды жасауға болады:

1) бастауыш мектеп жасы (5-6 жастан бастап) баланың тану әрекеті үшін сензитивті (сезім кезеңінің рөлі);

2)  интеграцияланған  білімдердің  әдістемесін  жасау  психологиялық-  педагогикалық  бағытта  үш  жақты 

мәселені шешуді талап етеді.

Біріншіден, бастауыш сынып оқушысына теориялық қорытындылау, жүйелеу, интеграциялау дәрежесіне 

жеткізілген негізде алынатын білімдерді меңгеруі үшін оның жасына сәйкес әрекетті қамтамасыз ету.

Екінші жағынан, интеллектуалдық дамуына жағдайлар туғызу.

Үшінші жағынан, тұлға болуына, онтогенезде жеткіншек оқушылардың келесі кезеңіне бірқалыпты өтуіне 

мүмкіндік жасау.

Егер бастауыш білім баланың жеке басын қалыптастыруға, оның қабілеттерін ашуға бағытталған болса 

және балалардың психологиялық ерекшеліктерін толық дәл ескеретін болса, оның тиімді жүзеге асырылатыны 

күмәнсіз.

Әдебиеттер

1 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология / жалпы редакциясын 

басқарған А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2002. - 256 б.

2 Психология. Адамзат ақыл-ой қазынасы. 10 томдық: Психология ғылымындағы іс-әрекет теориясы / жетекшісі – 

акад. Ә.Н.Нысанбаев. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2005. – Т. 2. – 480  б.

3 Самарин Ю.Я. Очерки психологии ума. - М., 1962. - С. 494-502.

4 Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. - М.: Международная педагогическая академия, 1995 . - 221 с. 

5 Давыдов В.В. Учебная деятельность: состояние и проблемы исследования //  Вопросы психологии. - 1996. - №1. – С. 

5-9.

6 Ожегов С.И. Словарь русского языка: 70 000 слов / под ред. Н.Ю.Шведовой. - 21-е. изд., - М.: Рус. яз., 1989. - 924 с.



References

1  Qazaq  tili    terminderinin  salalik  gilimi  tusindirme  sozdigi:  Pedagogika  jane  psihologia  /  jalpi  redaksiasin  baskargan 

А.K.Kusainov. – Almaty: «Mektep» baspasi JAK, 2002. - 256 b.


№ 3 (112) 2016

491


2 Psihologia. Adamzat akil-oi kazinasi. 10 tomdik: Psihologia gilimindagi is-areket teoriasi / jetekcysy – аkаd. A.N.Nisanbaiev. 

– Almaty: «Taimas» baspa uyi, 2005. – T. 2. – 480  b.

3 Samarin W.Y. Оcerki psihologii uma. - М., 1962. - s. 494-502.

4 Elkonin D.B. Izbrannie pedagogisheskie trudi. - М.: Mejdunarodnaia pedagogisheskaia academia, 1995 . - 221 s. 

5 Davidov V.V. Ucebnaya deiatelnost: sostoyanie i problemi issledovania //  Voprosi psihologii. - 1996. - №1. – s. 5-9.

6 Ojegov S.I. Slovar russkogo yazika: 70 000 slov/ pod red. N.W.SHvedovoi. - 21-е. izd., - М.: Rus. yaz., 1989. - 924 s.



В статье  описывает студенты, основанные на междисциплинарном интеграции  деятельность, осуществляемую 

в  соответствии  с  теорией  ассоциативного  мышления.  В  связи  с  этим,  аассоциация  психофизиологического  основе 

корректировки условного рефлекса.

Ключевые слова: ассоцианизм, ассоциация, рефлексия, интеграция, начальное образование.

This article describes the students’ theory of associative thinking based on interdisciplinary integration of the activities carried 

out. In this regard, the association of psycho-physiological basis of the adjustment of the conditional reflex.

Keywords: associationism, association, reflection, integration, primary education.

Редакцияға 03.03.2016 қабылданды.

ӘОЖ 159.98

А.Р. МАНДЫКАЕВА

2

, Н.Қ. ТОҚСАНБАЕВА

2

 

психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

1



психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

2

 

КОУЧИНГ АДАМДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ

Мақалада  коучинг  дамудың  ықпалдастық  технологиясы  ретінде  қарастырылады.  Коучингтің  негізгі  идеясы 

тұлғаны, топты, ұйымды дамыту болып табылады. Бұл басқару құралы, адамдармен қарым-қатынасқа түсу әдісі, 

тіршілік ету стилі. Коучингтің құралдары тұлғаның, топтың, ұйымның даму процесін «іске қосатын» арақатынастың 

тиімді жүйелерін құруға мүмкіндік  береді. 

Түйін сөздер: коучинг,селфкоучинг, жауапкершілік.

Коучингтің негізгі идеясы тұлғаны, топты, ұйымды дамыту болып табылады. Мұндай мағынада  коучинг 

құрал, сонымен қатар компания мәдениетінің өзгерістерінің болмысы болып табылады. Дж.Уитмордың ай-

туынша, «коучинг – жай нақты анықталған жағдайлардағы істерді жүргізу техникасы ғана емес. Бұл басқару 

құралы,  адамдармен  қарым-қатынасқа  түсу  әдісі,  тіршілік  ету  стилі»  [1].  Сөйтіп,  коучингтің  құралдары 

тұлғаның, топтың, ұйымның даму процесін «іске қосатын»  арақатынастың тиімді жүйелерін құруға мүмкіндік  

береді. 

Коучингтің алғашқы түйінді элементі зейінге, шоғырлануға және анықтылыққа бағдарланған өнімі болып 

табылатын саналылық болып табылады.

Вебстердің сөздігінде «саналылық» сөзімен түбірлес сын есімдер «түсінікті», «еленетін», «білімі бар», 

«бір нәрсе туралы бақылауға дайындық арқылы немесе біреудің көрген, естіген, сезгенін талдау арқылы ол 

туралы білімнің болуы, т.б.» [2]. Саналылық деңгейі зейіннің жүйелік шоғырлануының нәтижесінде көтерілуі 

мүмкін. Көтерілген саналылық ұлғайтқыш әйнек секілді әдеттегіден үлкен қабылдаудың анықтылығы береді. 

Саналылыққа жұмыс орнында бақылау және тыңдау кіргенімен, оның құрамына одан да көп нәрсе кіреді. 

Бұл іске қатысты айғақтар мен ақпараттарға қабылдаудың жинақылығы және айқындылығы және дәл сол 

іске ненің қатысты екендігін анықтай алатын қабілеттілік. Мұндай қабілеттілікке жүйелерді түсіну, олардың 

динамикасы, заттар мен адамдар арасындағы байланыс, сонымен қатар басқару психологиясын түсіну кіреді. 

Саналылыққа  өзін-өзі  тану,  соның  ішінде  эмоция  мен  құлшыныс  біздің  қабылдауымызды  бұрмалайтын 

сияқты және сондай кездегі түсінік кіреді.

Коучинг ұсынатын сананың таңдауы әрбір адамның тәніндегі және ақылындағы керемет қабілеттерінің 

көлемін  ұлғайтады  және  жандандырады,  сонымен  қатар  қандайда  бір  қосымша  белгілеулерсіз  оларды 

жақсартуға мүмкіндік пен сенім қалыптастырады. Бұл өзіне сенімділікті,  өзін-өзі сыйлауды және өз алдына 

жауапкершілік қоюды туындатады. Біздің қалыпты саналық деңгейімізді салыстырғанда әлдеқайда төмен. 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

492


Өз  проблемаларымызға  кіріп  кеткендіктен,  біз  ғасырлар  бойы  дөңгелекті  қайта  ойлап  табуға  және  тиімді 

әдістерді ара-арасында жасақтауға дағдыланамыз, әдеттегі нәрселер жағымсыз әдеттерге айналады.

Коучингтің сарапшысымен іске асатын саналылықты жоғарылату қызметі селфкоучинг дағдысын тарат-

пайынша өте қажет, селфкоучинг үздіксіз өзін-өзі жақсартуға әкеледі [3].

Қызметтің  кез-келген  түріне  айрықша  мүмкіндіктер  мен  сапалар  қажет.    Мәселен,  спорт  ең  алдымен 

физикалық мүмкіндіктермен негізделеді, бірақ түрлер қатарында көру мүмкіндіктері де бар. Музыка аудио 

саналылықтың жоғарғы деңгейлерінде негізделеді және оларды дамытады; мүсіншілер және сиқыршылар 

түйсікті қажет етеді, ал іскерлік әлемдегі адамдар ең алдымен ментальды сананы қолданады.

Егер саналылыққа адамның айналасында болып жатырғандар деп түсінік берсек, ал өзін-өзі тану адамның 

ойлағаны және сезгені деп түсінік берсек, мұны елестету оңай.

Саналылық деңгейі кері байланыстың болуымен сипатталады, бұл тек басқа адамдармен кері байланыс 

қана емес, сонымен қоса ішкі (түйсіну, сезу, ойлау) және сыртқы ортамен,адамның өз қызметінің нәтижесін 

қабылдауымен және түсінуімен кері байланыс деп түсіндіріледі. 

Жауапкершілік  –  коучингтің  мақсатының  немесе  тұжырымдамасының  келесі  бір  түйінді  сөзі. 

Жауапкершілік – тұлғаның маңызды қасиеті. Бұл түсініктің мазмұны тұлғаны зерттеумен, когнитивті проце-

спен, басқару психологиясымен, адамгершілік тәрбиемен және дамумен байланысты талданады. 

Егер адам өз ойларына немесе әрекеттеріне жауапкершілік алса немесе таңдаса, тиімділік артады. Және 

керісінше, егер адамнан жауапкершілікті талап етсе немесе ол жауапкершілікті болады деп күтілсе, немесе 

тіпті оған жауапкершілік беріліп, ол оны толықтай қабылдамаса, тиісінше тиімділік артпайды. Әрине, тап-

сырманы орындау керек, әйтпесе қиындықтар төтеп тұр, бірақ бір нәрсені қиындықтан қашу үшін орындау – 

бұл өнімділікті оңтайландыру деген емес. Нағыз жауапкершілік сезіміне таңдау кіреді. Адам жауапкершілікті 

сезінбей, тиімді жұмыс болмайды. Біреуге оның бір жұмысқа жауапты екендігін көрсету - жауапкершілік 

сезімі емес. Ол таңдаумен келеді, ал таңдау сұрақтарды талап етеді.

Зерттеулердің  нәтижесі  бойынша,  тиімділікті  арттырудың  екі  факторы  болып  жауапкершілік  және 

саналылық  жоғарғы  көрсеткіш  берді,  ал  ақыл-ойдың  күйі  кез-келген  өндіріске  кілт  секілді  ескерілді  [4]. 

Сөйтіп,  саналылық  және  жауапкершілік  –  тұлғаның  кез-келген  қызмет  түрінде  тиімділігін  арттырудың 

маңызды қасиеті болып табылады.

Ақыл-ойдың тиімді күйін оңды дамыту және қолдау көрсету үшін ең оңтайлы жол – бұл  сананы күнделікті 

тәжірибемен қалыптастыру жолы. Және бұл үшін нұсқаулықтан нағыз коучингке ауысу керек, жаңа әдістерді, 

құралдарды,  технологияларды  қолдану  қажет.  Коуч  роліндегі  басқарушы  мәселені  шешетін  адам,  ұстаз, 

кеңесші, нұсқаушы немесе тіпті сарапшы болмайды, ол саналылық және жауапкершілік деңгейін көтеретін 

психологиялық алғышарттар және жағдайлар құрады.

Коуч болу үшін тек сол жолды өз бетінше жүру қажет, әр күн сайын өзінің танымын дамыту қажет, алдағы 

уақытта коуч ретінде өз құралдарын қайта-қайта тексеруі қажет. Коучингтің басты құралы коучтың даралығы, 

ол  тек  сұрақтармен  ғана  жұмыс  жасамайды,  ол  «өзімен»  -  өз  жүрегімен,  өз  түсінігімен,  қатысуымен, 

қабылдауымен, өз мысалдарымен жұмыс жасайды, адамдар өз сұрақтарына өздері жауап бере алатын кеңістік 

құрады.

Төменде  А.  Д.  Савкин  мен  М.  А.  Даниловпен  құрылған  «Табысты  коучтың  портретінің»  толық  емес 



тізімі берілген [5, 103 б.]. Бұл сапалар маңыздылық деңгейі бойынша емес, жөн-жосықсыз құралған – мұнда 

басымдылықты қалыптастыру қиын.Тізім:

• өзіңді және басқаларды сол қалпында қабылдау;

• өзіңнің ішінде және айналаңда болып жатырғандарды түсіну;

• өмірді сүю, қуануға қабілетті болу, ғанибет алу;

• нені қалайтыныңды білу;

өзіңе және басқаларға сену;

• икемді болу;

• кедергілер мен шешілмеген тапсырмалардан «драйв» алу;

• әзілқой болу;

• білімқұмар болу.

Табысты коучтер коучингтің құндылығына сенеді, олардың өздерінің кочутері бар, олар да өз кезегінде 

клиент  болып  табылады.  Олар  өздерін  дамытуға  және  өздері  қалайтын  өмірді  құруға  күштерін  және 

уақыттарын бөледі. Соның өзінде олар басқаларға дәл соны жасауға көмектесіп, өз өмірлеріне қаражат алады. 

Ол өз клиенттерінің «аяқ киімімен жүреді» және оны әрдайым жасайды. 

Табысты коучты тағы не ерекшелендіреді? А. Д. Савкин және М. А. Данилов келесі сапаларды көрсетеді: 

[5,105 б.].


№ 3 (112) 2016

493


Өз ісіне берілгендік. Табысты коуч өз ісіне берілген болады. Өз ісіне шексіз еліккен. Ол оны тіпті жұмыс 

деп те санамайды. Өйткені ол үшін жұмыс оның өмір салты, және оның ойлау әдісі мен сыртқы ортаға қарауы 

бірігіп кеткен. Коуч Құдай керемет дауысты сый еткен адамға тән және ол әндетпесе болмайды. Ол бұл про-

цесстен ғанибет алады және ол оның дауысы тыңдармандарға қуаныш сыйлайтынынан қанағаттанушылық 

алады. Коуч өзін-өзі жарнамалау секілді, өзінің өмірін оған ұсынылған тәсіл арқылы көрсетеді. Белгілі тарихи 

айғақ: ежелгі Үндіде өз-өзін емдей алмаған дәрігерді өртеп жіберетін болған. 



Сенімділік және  позитивті  ойлау.  Жақсы коучтер  шараның  сәттілігіне әрдайым  сенімді болады.  Тіпті 

олардың жүректерін қорқыныш билеп, ал бастарында алда не істейтіндігі туралы ешқандай идея болмаса 

да, олар «шешімсіз» жағдайдан шығудың жолын табатындарына сенімді бола береді. Олар әрекет ете береді, 

іс жүзінде көреді және іздене береді. Және сол шешімді табады! Метро станцияларының бірінде Батыста 

«Шығу жоқ» тақтайшасын «Шығу жақын» тақтайшасына ауыстырғанда өзін-өзі  өлтіретіндер саны азайған. 

Коуч шығу жолы әрдайым бар екенін біледі!



Ақшамен дос болу. Олар ақшаға оң көзқараспен қарайды. Олар ақша бірқатар жұмысты шешуге мүмкіндік 

беретін,  өзіне  толыққанды,  қызықты,  бақытты  өмір  жасақтайтын  ресурс  екенін  түсінеді.  Коуч  үшін  ақша 

мүмкіндіктер, таңдау және еркіндік береді. Сол себепті ол өз қабілеттерін тек коуч ретінде емес, сонымен 

қатар сөйлесуші, менеджер, сатушы ретінде де дамытады. Коучта өзі жасақтаған бизнес-миссиясы бар, ол 

оны белсенді түрде өміріне енгізеді.

Әртістік.  Коуч  бір  жағынан  «өмір»  атты  процестің  байыптылығы  мен  маңыздылығын  түсінеді.  Бір 

жағынан ол өмірге ұнамды, қызықты ойын ретінде қарайды. Коуч өзін әсем және қызықты етіп көрсете алады. 



Үнемі жаңалық іздеу және өз мүмкіндіктерін кеңейту. Коуч үнемі жаңа ролдерді, жаңа мүмкіндіктерді 

талап етеді. Өзінің қорқыныштарын жаңа сапаларға айналдыра алады, олардан өзінің даралығын құрады. Ол 

үнемі ізденіс үстінде, зерттеуде, жаңаны меңгерумен жүреді. Ол барлығының мінсіз болуына талпынады, бұл 

өз кезегінде оған өзінің уақытын, энергиясын және ресурстарын максималды тиімді пайдалануға мүмкіндік 

береді.

Креативтілік. Табысты коуч жаңа идеялардың, әдістердің, амалдардың өзіндік генераторы болып табы-

лады. Ол қандай биік шыңдарды бағындырса да, ешқашан жеткенінен тоқтап қалмайды. Ол әрбір сәтте ұлы 

экспериментатор болады.  

Жомарттық. Олар барлық адам дамуға қабілетті деп сенеді. Және өз білгендерімен, тәжірибелерімен 

және таланттарымен кеңінен бөліседі.

Батыс  мамандарының  арасында  прагматикалық  тәсілдер  басым.  Сонымен,  Дж.  Уитмор  коучингті 

тәжірибеде қолданып жүрген адамдарда келесі сапаларды белгілейді [1]: 

– шыдамды және жігерлі,

– тәуелсіз және әділ,

– қолдайтын,

– қызығатын,

– тыңдай білетін,

– зерек,


мәліметті,

– өзіндік санасы бар,

– ұқыпты,

– еске сақтауы жақсы.

Егер коуч-менеджер клиенттің санасы және жауапкершілігін жақсартумен жұмыс жасаса, оған тәжірибенің 

және  ол  коучингтің  іске  асыратын  аумақта  техникалық  сұрақтарды  білу  міндетті  емес.  Алайда,  егер  коуч 

орындаушының  келешегіне  және  оның  өз  жауапкершілігіне  сенбесе,  онда  ол  коучинг  жүргізіп  жатырған 

аймақта білімді болуы керек деп есептейді.

С. Ковидің айтуынша, тиімділік бұл – адамның үйрене алатын дағдылары болып саналады және адамның 

жеті тиімді дағдысын белгілеп  көрсетеді [6]. Бұл жеке әдістердің немесе формулалардың жиынтығы емес. 

Ковидің әдістемесі бірізділікті және көбінесе жеке және тұлға аралық тиімділікті дамытудың біріккен әдісін 

ұсынады.


Ол  бізге  ересектік  осінде  тәуелділіктен  тәуелсіздікке  және  өзара  тәуелділікке  қарай  жылжуға  көмек 

береді. 


Тәуелділік  сен-парадигмасымен  білінеді.  Сен  маған  қамқор  боласыңба?  Сен  мен  үшін  бір  нәрсеге 

жетесіңбе? Сенің қолыңнан келеді ме? Сәтсіздікте мен сені кінәлаймын. 

Тәуелсіздік мен-парадигмасымен білінеді. Мен оны жасай аламын. Мен жауапкершілікті ала аламын. Мен 

өз өзіме сенемін. Мен тани аламын. 



Өзара тәуелділік біз-парадигмасымен білінеді. Біз мұны жасай аламыз. Біз бірге  әрекет жасай аламыз. 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

494


Біздің қолымыздан келеді. Біздің мүмкіндіктеріміз бен қабілеттерімізді байланыстырып, біз оны жасай ала-

мыз. Біз бірігіп әлдеқайда маңызды істер жасай аламыз.

Тәуелді адамдар бір нәрсеге қол жеткізу үшін басқалардың көмегін қажет етеді. Тәуелсіз адамдар өздерінің 

қалайтындарының барлығын өздерінің күштері арқылы жете алады. Ал, өзара тәуелді адамдар өз күштерін 

басқа адамдардың күшімен қосып әлдеқайда жақсы нәтижелерге жетеді.

Мінездің  нағыз  тәуелсізі  өз  бетінше  әрекеттесуге  ынталандырады.  Ол  сыртқы  ортаға  және  жағдайға 

тәуелділіктен босатылады. Алайда, ол жеке тиімділіктің ақырғы мақсаты болып табылмайды.

Өнімді қарым-қатынас үшін бір ғана ойлаудың тәуелсіз болуы жеткіліксіз. Тәуелсіз адамдар өзара тәуелді 

әрекет етуге және ойлауға жеткілікті ересек емес, олар жеке жақсы жұмыс жасай алғанымен, ешқашан жақсы 

лидер немесе топ мүшесі бола алмайды. Олар қандай да бір ұйым ішіндегі жетістікке жетуге қажетті өзара 

тәуелді парадигманы басқара алмайды.

Өмір көп жағдайда өзара тәуелді. Өзара тәуелділік – үлкен ересектіліктің көрінуі. Өзара тәуелділік – бұл  

тек тәуелсіз адам ғана жасай алатын таңдау.

Дәл сол себепті белсенділік, мақсатқа бағыттылық, артықшылықтарды анықтап алу секілді дағдылар өзін-

өзі басқару қабілетін көрсетеді. Осы дағдыларды игерген тәуелді тұлға тәуелсіз бола бастайды, сонымен қатар 

тиімді өзара тәуелділіктің түп тамырын құрады. Өзара байланыспен және коммуникациямен байланысты, 

топтық жұмыспен байланысты жетістіктерге ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық және басқаларды 

түсіне білу секілді дағдылар әкеледі.

Сөйтіп, өз тәуелсіздігін алу арқылы тиімді арақатынасқа, басқа адамдарды бірлестіруге және өнімді өзара 

тәуелділікті ұйымдастыруға талпынатын адамдар үшін белсенділік, мақсатқа бағыттылық, артықшылықтарды 

айыра білу, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық және басқаларды түсіну дағдылары өте қажетті са-

налады.


Келесі дағды – жетінші – жаңарту дағдысы, адам өміріндегі құрамдас бөліктерін үнемі үйлесімді жаңарту 

дағдысы. Ол қалған дағдыларды біріктіреді және байланыстырады. Бұл әрдайым жетілдіретін дағды, ол адам-

ды  түсіністікті  жаңа  деңгейге  көтеретін  және  әрбір  дағдының  меңгерілу  шамасына  қарай  қолдандыратын 

өсу спиралін құрады. С. Ковидің белгілеген жетінші дағдысы Дж. Лусианидің селф-коучингтің әдістемесіне 

мазмұны жағынан жақын. 

Селф-коучинг  (self-coaching)  «өз-өзіне  тәлімгерлік  ретінде  де,  «тұлғалық  жаттығу»  ретінде  де  өткізуге 

болады.  Басқаша  айтқанда,  бұл  тұлғалық  өсу  бағдарламасы.  Автор  мұнда  ойына,  әрекетіне,  дағдыларына 

және өз тұлғасына жауапкершілік алуына негізделген өзін-өзі таныту технологиясын ашады. Өзін-өзі таныту 

мұнда нәтиже емес, процесс болып табылады – үздіксіз, өмір бойына жалғасатын процесс. Адам өмір бой-

ына жауапкершілік алғаннан кейін, саналы түрде  тұлғалық та, кәсіби  де тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру 

және дамыту процестерін құрады. Алайда, даму деген жай ғана жаңа ақпараттар ағынын қабылдаумен, жаңа 

қабілеттер мен дағдыларды шығарумен, дамуды ұсынбайды – сонымен қатар, жаңа технологияларды іске 

асырудың құралы болып табылатын ойлаудың жаңа паттерндерін құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет