нің құрамында) қосымшасынан сыртқы пішін жағынан да алыста- ды. Көне түркі тілінде -ғуЦ-гү, ығЦіг (кейде еріндіктермен де ай- тылған) қимыл есім жасайтын қосымшалары болғаны мәлім. Осы қосымшалардың қатаңдаған түрін іиапқы, кескі, басытқы, өлік, білік (білікті сын есімнің құрамында), көріксөздерінің құрамынан көреміз. Осы процестің нәтижесінде бұл қосымшаның екінші бір ^арианты — қазіргі тіл құрамында тұйық етістік жасайды деп есеп- телетін қосымша -у қалыптасқан: к әр у (кәрік сөзімен салыстыр), білік (білу сөзімен салыстыр), өлу (өлік сөзімен салыстыр). Көне. түркілік -ғу қосымшасының грамматикалық мәні мен ерекшелігін •сақтаған варианты деп барғысы келді, айтқысы келді күрделі фор- масының құрамындағы -ғы жұрнағын қарауға болады. Қазіргі қазақ тілінде еле (ұн еле), жара (іске жара), ата, қура тәрізді сөздер құрамынан -ғаЦ-ге аффиксінің жоғарғы процеске ұшыраған варианты байқалады. Солай екендігі кура, құрға тәрізді параллельдерді салыстырудан көрінеді. Көне түркі тілінде д, з, л, %п, р дыбыстарынан да сөз басталма- ^ан. Яғни, бұл дыбыстар сөздің абсолют басында айтылмаған. Қа- зіргі қазақ тілінде осы аталған дыбыстардан басталатын сөздердің бірсыпырасы шеттен енген сөздер екенін (замат, зирек, зейін), ен- д і бірсыпырасы т — д сәйкестігінің нәтижесі екенін (тиірмен — -диірмен) көруге болады. Л , р дыбыстары тарихи тұрақсыз дыбыстар деп аталатын топқа жатады . Л дыбысы сөз ортасында, сөз соңында түсіп қалады (эли- зи я ). Қазақ тілінде мынадай фактілер кездеседі: апкел (алып кел),