22
Жылдам қызмет көрсету кәсіпорындары қарқынды қозғалыс және
тұтынушылардың көп жинақталуы жерінде;
сауда кешендері мен
орталықтарында, кинотеатрда, орталық көшелерде және аудандарда, демалыс
аймақтарында және т.б. орналасады.
Жылдам қызмет көрсету кәсіпорындары өз аталуына «экспресс» немесе
«бистро» сөзін қосуы мүмкін.
Жылдам қызмет көрсету кәсіпорындары дүңгіршектер
мен автотіркемеде
жабдықталуы мүмкін, өз залы болмай, өздері өндіретін өнімді тарату терезесі
арқылы өткізеді.
Жылдам қызмет көрсету кәсіпорындары төмендегідей жіктеледі:
өткізілетін өнім ассортименті бойынша- маманданбаған және
маманданған (гамбургер, пиццерия, құймақхана, бәлішхана, кәуапхана
және т.б.);
бөлмелер құрамы мен тағайындалуы бойынша –
стационарлы және
жылжымалы;
қызмет көрсету уақыты бойынша –
тұрақты әрекет ететін және
маусымдық.
Буфет – тұрғын және қоғамдық ғимараттада орналасқан, жоғары дәрежеде
дайын жартылай фабрикаттардан қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары
өнімдерінің шектеулі ассортиментін, соның ішінде салқын тағамдар, ыстық,
тәтті тағамдар, ұннан даярланатын аспаздық, тоқаш және кондитерлік өнімдер
және сатып алынған тағамдарды өткізетін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны.
Буфеттер төмендегідей жіктеледі:
орналасу жері бойынша –тұрғын, өндірістік және қоғамдық ғимараттарда,
жұмыс орны,
оқу орны бойынша, мәдени ойын-сауық және спорт
нысандарында, қонақ үйде, вокзалда, жағажайда, аэропортта, асханада
және т.б;
бөлмелер құрамы мен тағайындалуы бойынша – стационарлы және
жылжымалы (автобуфет, купе-буфет, кемелердегі буфеттер және т.б.);
қызмет көрсету уақыты бойынша – тұрақты әрекет ететін және
маусымдық.
Кафетерий –буфет және бар тұрағымен жабдықталған, сол жерде ыстық
сусындар, салқын сусындар, жоғары дәрежеде дайын жартылай фабрикаттардан
қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің шектеулі ассортиментін, соның ішінде
бутербродтар, ұннан даярланған тооқаш
және кондитерлік өнімдер, жеңіл
даярланатын ястық тағамдар және сатып алынатын тауарлар өткізетін қоғамдық
тамақтандыру кәсіпорны.
Кафетерийде тұрып тамақтану қарастырылған.
Кофехана – кофеден, шайдан және какаодан ыстық сусындардың кең
ассортиментін, ұннан даярланатын тағамдар мен тоқаш және кондитерлік
өнімдерді, жоғары дәрежеде дайын жартылай фабрикаттардан аспаздық
өнімдерін, сонымен қатар алкогольді сусындар
мен сатып алынатын тағамдар
өткізуге маманданған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны.