24
типті кәсіпорындар алып жатыр. Кәсіпорындардың негізгі типтері әртүрлі
дәмханалар, кафе, мейрамханалар, барлар болып табылады.
Жаяу жүргінші және көлік жүйелерін ұйымдастыру да аса маңызды: көп
ағынды жерлерде ірі және
көп мөлшерде мейрамханалар, барлар, кафелер,
дәмханалар, асханалар орналасады.
Халық санына байланысты қалалар: кіші- 50 мыңға дейін адам, орташа –
50 мыңнан 100 мыңға дейін адам, үлкен – 100 мыңнан астам және 250мыңға
дейін адам, ірі -250 астам және 500 дейін адам, аса ірі -500 мыңнан астам адам,
мегаполистер 1 млн астам адам.
Ірі қалалар тұрғындары көбіне жұмыс орны, оқу орны бойынша қоғамдық
тамақтандыру қызметтерін қолданады.
Қала
санының
өсуімен
1000
адамға
шаққанда
тамақтану
кәсіпорындарындағы орын саны да өседі.
Қоғамдық тамақтандыру желілерін рационалды ұйымдастыру басқа
жақтан келген адамдарды да ескереді, олар кіші қалаларға қарағанда ірі
қалаларда көбірек болады.
Тамақтану кәсіпорындарын рационалды
ұйымдастыруға халықтың
күнделікті және периодты сұранысы да әсер етеді. Күнделікті сұранысты
қанағаттандыру үшін асханалар, өнімді үйге жіберетін кәсіпорындар, аспаздық
дүкендері қажет. Бұндай кәсіпорындарды халық тығыздығы үлкен жерлерде бір
бірінен 500 м радиуспен, халық тығыздығы аз қалаларда 800 м радиуспен
орналастырған жөн.
Периодты сұраныстағы өнімдермен тұтынушыларды негізінен дәмханалар
мен кафелер, мейрамханалар мен барлар қамтамасыз етеді. Бұндай
кәсіпорындармен тұтынушыларға қызмет көрсету радиусы -800 м, ірі
мейрамханалар үшін -1,0-1,5 км.
Сонымен қатар қала үшін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары типтері
арасындағы шамалы қатынасты (%) ескеру керек: ең көбі дәмханалар мен
кафелер -40%, барлар саны ұлғаяды -20-25%, мейрамханалар -25-30%,
жалпы
асханалар азаяды -5-10%.
Жаңа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын ашуды жоспарлағанда
кәсіпорын тиімді жұмыс істеуі, сұранысқа ие және рентабельді болуы үшін
рационалды орналастырудың барлық факторларын ескеру қажет.