Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет39/75
Дата21.02.2017
өлшемі39,72 Mb.
#4618
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
197
жырының  алғашқы  нұсқаларын  XII-XIV  ғасырдағы  қыпшақ  руларының,  сондай-ақ    Жошы  ұлысы 
дәуірінің  желісі  деген  пікірінің  дұрыстығына  көңіл  аударады.  Зерттеуші  қазақ  пен  Алтай  халықтары 
нұсқаларын  өзара  салыстырып,  Алтай  жырының  архаикалық,  эпикалық  сипатын  айта  отырып,  қазақ 
жырының  көне  мифологиялық  әуенінің  жоқтығын  көрсетеді.  Осы  пікірді  тиісті  салыстырулар  арқылы 
ашып дәлелейді. 
С.Қасқабасов  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  жыры  мазмұнының  көнелік  сипатына  қарап  (VIII-X 
ғ.ғ.), оның туып жырлану кезеңін шамамен Қазақ хандығының құрылу мерзімінен кейінірек болды деген 
пікір  ұсынады. Осыған  орай  автор:  «Қозы  туралы  ертегінің  алғашқы  бөлшек-бөлімдерінің  тууы бұдан 
ертеректе-ақ  жырлануы  да  мүмкін. Бұл  жерде  сөз тұтас,  жүйелі  көркем  жыр  туралы,  оның  романдық 
эпосқа тән барлық белгілері жөнінде болып отыр… Өкінішке қарай  Қозы мен Баян туралы романдық 
эпостың  осы  үлгісі  XVIII-XIX  ғасырда  жасаған  орындаушылардан  тым  кеш  жазып  алынды»    [6,634]  – 
деп жазады. 
Зерттеуші  жырдағы  басты  кейіпкерлерді  талдағанда  да  көбіне-көп  тың  бағыт,  жаңа  байлам 
ұстанып  отырады.  Әсіресе,  жырда  Қозының  өмір  жолына  байланысты  алғаш  оны  «айдай  Қозы»  деп 
сипаттаса,  сапарға  аттануынан  бастап  эпостың  соңына  дейін  «ер  Қозы»  деп  жырлануына  алғаш  рет 
жаңа  көзқарас  білдіреді.Дәл  осы  ерекшеліктерді  автор  Баян  сұлу  бейнесін  жасаудағы  жырлаушы 
ақындардың амал-тәсілдері мен шеберліктеріне де дәл баға береді. Айталық, зерттеуші сұлу Баянның 
бейнесін  беруде  жыршылардың  әуелі  қыз,  кейін  қалыңдық,  ақырында  жар  тұрғысында 
сипатталатынын  атап  көрсетеді.  Бұлай  жіктеп  талдаудың  Баян  бейнесін  кеңірек  ашуға  ұтымды  тәсіл 
екенін  бөліп  атаған  жөн.  Мәселеге  осылайша  жаңа  бір  қырынан  келіп  бағалау  өзге  бейнелерді 
талдауда да кең орын алған. Бұл орайда автордың Баянды Ақжүніспен, Қарлыға мен Ай, Таңсықпен өз 
ара салыстыра отырып сөз етуін бөліп айта аламыз. Тіпті, зерттеуші Қодар бейнесінен әңгіме еткенде, 
оның  Қозыға  жолыққанға  дейін  шаруаны  білетін  еңбек  адамы  болып  көрініп,  Қозы  келгеннен  кейін, 
оның  бірден  жағымсыз,  жауыз  тұлғаға  айналатынын  екі  жүзділігіне  зер  салады.  Мұндай  өзгешелік, 
белгі-сипаттардың  орын  алуын  С.Қасқабасов  аталған  жырға  жазба  әдебитеттің  әсер-ықпалының 
молдығынан  деген қорытынды пікір айтады. 
Халықтар арасында аса кең тарап, ғасырлар бойы  жұрт аузынан түспей, ұрпақтан-ұрпаққа жол 
тауып  келе  жатқан  ұлы  мұрамыз  туралы  қазақ  ғалымдарының  еңбектері  әлі  де  өз  жалғасын  таба 
береді деп сенеміз. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Ч.Ч.Валиханов.  Собрание  сочинений  в  пяти  томах.  Том  I.  Главная  редакция  казахской 
советской энциклопедии. Алма-Ата, 1984.- 430 с. 
2.  М.Әуезов.  “Қозы  Көрпеш-Баян  Сұлу”.  Кітапта  /Қазақ  әдебиетiнiң  тарихы.  I  том.  1-  кiтап.  -
Алматы, 1960.- 737 б. 
3.  “Қозы  Көрпеш-Баян  Сұлу”  /Құрастырған:  Ы.Т.  Дүйсенбаев  -  Алматы:  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясының баспасы, 1959.- 353 б. 
4.  Әуезов  М.  Қозы  Көрпеш  –Баян  сұлу  /Кітапта:  Қазақ  әдебитінің  тарихы.  Т.1.  Фольклор.  – 
Алматы, 1948. –439 б. 
5.  Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985.-368 б. 
6.  Қоңыратбаев Ә. Қазақтың “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу » жыры туралы. – Алматы,1953. 
7.  Қозы  Көрпеш  –  Баян  Сұлу  /Жинақты  құрастырып,  алғы  сөзін  жазғандар:  М.Жолдасбеков, 
С.Қасқабасов. –  Астана : Фолиант, 2002. – 692 б. 
 
 
ӘОЖ: 159.9.316.6 
 
ЖЕТКІНШЕКТІК ШАҚТАҒЫ АГРЕССИЯЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Нұрсұлтанова Д.А. – магистрант, М. Өтемісов атындағы Батыс Казахстан мемелекеттік 
университет 
 
Мақалада, агрессия агрессивті мінез-құлық ұғымдары туралы педагогикалық, психологиялық 
көзқарастар зерделенді. Отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі «агрессия», «агрессивті 
мінез-құлық»  ұғымдарының  психологиялық,  педагогикалық  мәні  мен  мазмұны  ашылып,  талданды. 
Сонымен  қатар,  агрессивтілік  ұғымына  берілген  зерттеуші  ғалымдардың  анықтамалары  қарас-
тырылып,  қорытындыланды.  Жеткіншектердің  агрессивті  мінез-құлқының  өршуіне  себепші 
болатын фактарлар айқындалды.  
Кілт  сөз:  агрессия,  агрессивтілік,  агрессивті  мінез-құлық,  деструктивтілік,  зарарсыз 
агрессия, қатерлі агрессия. 
 
 Қазіргі  кезде  жеткіншектердің  агрессивті  әрекеттері  өткір  әлеуметттік  мәселелердің  біріне 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
198
айналып,  заңгерлердің,  әлеуметтанушылардың,  педагог,  психологтардың  назарын  аудартуда.  Соңғы 
уақыттары  бұл  құбылысқа  әсіресе,  психологтардың  бей-жай  қарамай,  жаңаша  көзқараста  қарауын 
заман талап етуде. Еліміздегі әлеуметттік-экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруі мен әртүрлі саяси 
мәселелер  өскелең  ұрпақтың  агрессиялық  мінез-құлықының  өршуіне  әкеліп  соқтыруда.  Жеткіншектік 
жастағы  агрессивті  мінез-құлықтың  жоғары  деңгейде  болуы,  олардың  тек  қана  оқу  іс-ірекетіне,  жеке 
дамуына,  ата-аналарымен,  достарымен,  құрдастарымен  қарым-қатынасында  ғана  емес,  оның 
болашақ өміріне және кәсіби іс-әркетіне де кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда қоғамдағы жеткіншектер 
арасындағы  агрессивті  беталыстың  өсуі  бізді  алаңдатуда.  Жастар  арасындағы  қылмыстық  істер, 
әсіресе  жеткіншектер  қылсымы  ең  күрделі  де  қиын  әлеуметтік  мәселеге  айналуда.  Сонымен  қатар, 
денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық әрекеттер санының көбею деректері де күннен 
күнге артуда. Ал қоғам үшін басқа адамдарға бағытталған агрессия ерекше қауіпті екені мәлім. 
Қазіргі  уақытта  агресссивті  мінез-құлықтың  табиғатын  және  оның  жеткіншектік  жастағы 
ерекшеліктерін  зерттеу  жұмыстарының  саны  өте  көп.  Бұл  жас  кезеңі  оқымыстылар  мен 
психологтарыдың  пайымдауынша  барынша  мәселелі  кезең  болып  есептелініп  А.М.  Прихожан,  Л.М. 
Семенюк,  Л,  Соловьев,  И.А.Фурмановтардың  еңбектерінен  ойып  орын  алған.  Жеткіншектік  жастың 
жасөспірімдік  шақтан  өзгешелігін  қазақстандық,  ресей  және  шетел  психологтары  Б.Г.  Ананьев,  Л.С. 
Выготский, И.С. Кон, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн Е.Ф. Рыбалко,  Д.Б. Эльконин, Э. Эриксон және 
т.б.  жалпы  сипаттамасы  бойынша  интелллектуалдық  дамуы  мен  эмоциясы  тұрақты  кезеңдер 
қатарына  жатқызады.  Жеткіншектердің  мінез-құлқындағы  қиыншылықтарды  зерттеуде  қазақстан 
психологтарының да еңбектері кенде емес. Мәселен, Ұ.И.Ауталипова, Х.Т.Шерьязданова, Д.Е.Абдра-
манова, А.Т. Акажанованың т.б еңбектерінде бұл мәселенің күрделі екендігін байқауға болады. Бірақ, 
соңғы  жылдардағы  психологиялық  зерттеулер  Р.Вельдер,  А.А.  Реан,  Ф.  Райе,  М.С.  Калистратова,  Г. 
Шихи жеткіншектік жастағы агрессивті мінез-құлық мәселесі барынша өзекті екендігін дәлелдеген.  
Агрессия  және  жеке  тұлғаның  агрессивті  мінез-құлық  мәселесі  көптеген  ғалымдардың 
зерттеулерінде  әртүрлі  уақытта  қарастырылған.  Бірақ,  қазіргі  заманғы  зерттеулерде  жеткіншектік 
жастағы  жеке  тұлғаның  агрессивті  мінез-құлқы  және  оны  түзету  жағдайы  жеткіліксіз.  Адам 
агрессиясының ғылым тұрғысынан маңызын ашу үшін бұл түсініктің мәні мен маңызын анықтап алған 
жөн.  Тарихи-этимологиялық  сөздікте  «агрессия»  термині  (латын  тілінде  «agressio»)  шабуыл  дегенді 
білдіреді.  [1,  28  б.].  Шеттілдер  сөздері  сөздігінде[2,  8  б.]    «агрессивті»  термині  (француз  тілінде 
agressif) халықтың қауіпсіздігі мен әлемге қауіп төндіріу, араздық, алауыздық, айбат шегу, қатыгездік, 
күштеу мен агрессияның акты ретінде сипатталады. Психологиялық сөздікте [3, 6 б.] агресссия басқа 
индивидке  шабуыл  жасауда  өз  объектісіне  зиян  келтіріп  немесе физикалық  жарақаттап,  өзін  жайсыз 
сезінуге, қысымға ұшырауына, психологиялық дискомфортқа тап болуына, депрессия мен анаомалды 
психоуайымдауға  әкеліп  соқтыратын  мотивациялық  әрекеті.  Ғылыми  әдебиеттерде  агрессия, 
агрессивті,  агрессивті  мінез-құлық  деп  бөліп  көрсетіп,  оларға  әртүрлі  анықтама  берілген.  Сонымен 
«агресссия»  түсінігене  басыбайлы  берілген  нақты  анықтама  жоқ.  Бұл  түсінікке  анықтама  беруге 
тырысқан
 
ғалымдардың зерттеулеріне үңіліп көрейік. Н.Д. Левитов «Агрессия зиян келтіретін әрекет. 
«Агрессия» түсінігі ашу шақыратын әзіл, өсек, қастандыққа итермелейтін фантазиялар, диструктивті 
әрекет  формасынан  баскесерлік  пен  адам  өлтірушілікке  дейін  апаратын  әртүрлі  әрекеттердің 
жиынтығы»-деп көрсетеді Н.Д.Левитов біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті 
айыра білу қажеттілігі деп көрсетті. Екіншіден «агрессия» ұғымы-шығуы бойынша баяндау, бейнелеу 
түсінігі, себептері, мотиві жайында агрессивті әрекет ештеңе хабарламайтынына көңіл аудару қажет. 
Бала  агрессиясының  өсу  динамикасын  ескерген  жөн,  мұндай  әрекеттің  ушығуы  тұлғалық  даму 
дағдарыстары  кезеңінде  бой  көрсететін  эмоциялық  күйдің  тұрақсыздығы.  Н.Д.Левитов  агрессиялы 
жағдайдың танымдық, эмоциялық және жігерлілік компоненттерін анықтады: 
танымдық компонент жағдайды бағдарлай білу (оның түсінігі) және шабуылдайтын объектіні 
анықтап, өзін болатын жағдайға қоя білу. 
-  эмоциялық  компонент-ашу-ызаның  келуі,  санасыз  жағдайда  болу,  жасаған  әрекетін 
қадағалай алмауы. 
жігерлілік компоненті-агрессиялы әрекет үстінде еріктің формальды құндылықтарын көрсете 
білу-ол  мақсаттылығы,  табандылығы,  шешім  қабылдағыштығы  және  күштілігі  мен  интенсивтілігі. 
Агрессиялы  жағдай  көп  жағдайда  күрес  үстінде  көрінеді,  бүкіл  күрес  жоғарыда  айтылған 
құндылықтарды қажет етеді [4, 169 б.]. 
Адамдар  өзінің  эмоционалды  сферасымен  ерекшеленетіні  баршамызға  мәлім.  К.Изард  адам 
эмоциясының  классификациясын  фундаменталды  және  қолданбалы
 
деп  бөліп  көрсетеді.  Оның 
біріншісіне: қызығу, толқу, қуану, таңқалу, зар илеу, қапалану, ашу, жеркеніш, жеккөрушілік, қорқыныш, 
кіналау  т.б.  жатады.  Осы  фундаменталды  змоциялардың  бірігуінен  әртүрлі  комплексті  эмоционалды 
жағдайлар туындайды [5, 256 б.].  
Психолог  А.А.  Реан  [6,  37  б.]  «агрессия»  және  «агрессиялылық»  деген  екі  ұғымның  бір-біріне 
ұқсамайтын  бөлек  мағына  деп  қарастырады.  Агрессия-бұл  бөгде  адамға  болмаса,  адамдар  мен 
жануарлар  тобына  ниеттеліп  тура  бағышталған  қиянат.  Агрессиялылық-бұл  жеке  тұлғалық  қасиет 
мінез-құлық,  агрессияға  дайындық  көрінісі.  Осылай  түсіндіре  келе,  мұны  былай  тұжырымдауға 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
199
болады.  Егер  агрессия-бұл  әрекет  болса,  ал  агрессиялылық  осындай  әрекетке  дайындық. Адамдағы 
агрессия  мәселесі  қазіргі  біздің  қоғам  үшін  ең  маңызды  мәселелердің  бірі.  Қоғамдағы  болып  жатқан 
террор  жәбірлеудің  өсуі  сияқты  әлеуметтік-қауіпті  құбылыстардың  көптеп  белең  алуына  байланысты 
агрессия  мәселесі  өзекті  болып  отыр.  Агрессия  құбылысы  сапалық  және  сандық  сипаттамаларға  ие. 
Барлық  қасиеттер  сияқты  агрессияда  индивидтерде  әртүрлі  көрініс  табады,  біреулерде  мүлдем  жоқ 
болса,  басқаларда  шексіз  дамиды.  Агрессивтіліктің  болмауы  енжарлық  пен  конформдылыққа  алып 
келеді. Ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. 
Э.Эриксонның айтуы бойынша адам бойындағы қастандық бұл өмірінің бастапқы жылдарында 
әлемге,  өмірге  деген  сенімділік  жүйеленіп  орныққандығы.  Э.Эриксонның  тұжырымына  келіссек, 
баланың  адамдарға,  өмірге  деген  сенімі  мен  сезімі  оның  анасының  берген  қамқорлығының 
құндылығына байланысты.  
П.А.  Коволев  адамның  агрессивті  әрекеті  тұлғаның  психологиялық  қасиеті  ретінде  оның 
агрессивтілігімен  ерекшеленеді  деп  есептейді.  Ол  агрессивтіліктің  келесідей  анықтамаларын 
ұсынады:  «агрессивтілік-күштеу  әрекеті  мақсатындағы  қажеттіліктердің  сәйкес  келуімен  көрінетін 
тұлғалық  қасиетінің  тұрақты  жиынтығы»  және  де  ол  агрессивтіліктің  деңгейін  тұлғаның  конфликтілік 
қасиетінің  көрінуіне  байланысты  деп  тұжырымдайды.  Агрессивті  мінез-құлықтың  басым  болып,  өрши 
түсуі ашуланшақтық, ызақорлықтан, кекшілдік пен күдікшілдікке дейін апарады [7, 29 б.]. 
С.Н.Ениколопов агрессияның үш негізгі функциясын бөліп көрсетеді: 
1.  агрессия  өзінің  «Мен»  тұжырымын  қорғаудың  басты  құралы.  Мұндай  агрессияның  бой 
көрсетуі,  адамның  «Мен»  тұжырымын  қаншалықты  түсінетініне  байланысты,  мұндай  адам  бірінші 
танысқанда-ақ өзін нақтылау үшін, агрессивтілі болып көрінуі мүмкін; 
2. агрессия-психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуына іздену, яғни «Текені босату»; 
3. өз мақстына жету: «жолымдағының бәрін соға, итере мына есіктен құтылып шыққым келеді». 
Агрессияны  жан-жақты  түсіне  білу  қажет:  ол  өсек  айту,  біреуге  жеткізу,  ауыр  келеке  болуы 
мүмкін. Агрессия адамның өзіне де бағышталуы мүмкін. 
Г.Паренс  агрессияның  екі  түрін  бөліп  көрсетті.  Біріншісі-деструктивті  емес  агрессия 
(конструктивті),  яғни  табанды  қастандықсыз  мақсатқа  жетуге  бағытталған  өзін-өзі  қорғаудағы  мінез-
құлық.  Г.Паренстің  зерттеулері  деструктивті  агрессия  қоршаған  ортаға  бейімделу,  өз  қалауын 
қанағаттандыру,  мақсатқа  жетуге  қызмет  ететін  туа  біткен  табиғи  мехнизмдерден  туындайды,  деп 
болжауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  механизмдер  туылған  сәттен  қарапайым  болса  да,  байқалады  әрі 
қызмет етеді. Ал, екінші форма-қастандық деструктивтілік, яғни қоршаған ортаға жауыздық, жағымсыз 
ауыртпалық  жасайтын  мінез-құлық.  Жек  көру,  ашу-ыза,  сотқарлық,  кекшілдік  т.б.  өзін-өзі  қорғау 
формасы болуы мүмкін, алайда бұл теріс әрекеттер көптеген жекелік мәселелерді туындатады және 
бұдан  айналасындағыдар  да  зардап  шегеді.  Қастандық  деструктивтілік,  деструктивтілік  емес 
агрессияға  қарағанда  туыла  сала  көрінбейді.  Бірақ-та,  оны  өндіретін  және  мобилдендіретін 
механизмдер  баланың  өмірінің    бастапқы  сатысынан-ақ  бар  болады.  Қастандық  деструктивтілік  өте 
күшті  жағымсыз  уайымдаулардан  (қатты  ауыртпалық,  дистрес)  туындап,  жанданады.  Адамның  бүкіл 
эмоционалдық  өмірі  агрессияның  екі  формасының  да  ықпалында  болады.  Олар  көп  мазалайды, 
өйткені  жеткіншектің  тәжірибесін  қалыптастырады,  әсіресе,  олардың  жеке  тұлғалық  қарым-
қатынасынан көрінеді. Бірінші типтегі агрессия сөзсіз қажет, тіршілік үшін және жетістікке жету үшін де 
керек.  Екінші  типтегі  агрессия  теріс  сапаларына  қарамастан,  өз  уақытында  өзін-өзі  қорғауға  және 
бейімделуге  де  қажет  болуы  мүмкін  [8,  12  б.].  Г.Паренстің  пікірінше,  психологтың  міндеті-
жеткіншектерге  өзіне,  айналасндағыларға  деген  қажетсіз  өшпенділіктен,  қастандықтан  құтылуға 
көмектесу.  Жеткіншектер  өз  өмірін  ішкі  кикілжіңдерімен,  кінә  және  ұялу  сезімімен  қиындатпау  үшін, 
өзін-өзі  өзгелерді  құрметтеп,  сыйлау  үшін,  өзінің  әлеуметтік  жауапкершілігіне  ие  болу  үшін,  
айналасындағылармен  жақсы  қарым-қатынаста  болу  үшін  бұл  көмек  өте  қажет.  Эмоционалдық 
уайымдауларға  және  тітіркенушілікке,  сонымен  қоса  адам  өзі  меңгеретін  өмірлік  тәжірибеге  деген 
табиғи    бейімділік,  міне,  осылар  адамның  өзінің  жақын  адамдарына  деген  қатынасын  анықтайды. 
Бірінші кезекте, балаларға қиындықтардың көбеюін жеңе білуге үйретуіміз қажет. Г.Паренстің пікірінше 
мұны  біз  балаларды  агрессивтілікті  жеңе  білуге  үйрету  арқылы  жүзеге  асыра  аламыз.  Агрессивтілік 
уақытысы келгенде көрініс беретін инстинкт емес. 
З.Фрейдтің  психоаналитикалық  бағыт  тұжырымның  негізін  қалаушы  белгілі  психолог  екендігі 
баршамызға мәлім. Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа түскендігінде 
білеміз.  З.Фрейд  еңбегінің  арқасында  агрессия  және  агрессивтілік  моральдық  тақырыптың  ой 
тартысы,  ғылыми  сараптаманың  негізгі  объектісіне  айналды  З.Фрейдтің  бастапқы  зерттеулерінің 
тұжырымы  бойынша  бүкіл  адамзат  әрекеті  бұл  тікелей  болмаса  жанама  «эростың»  ағыны,    өмір 
инстинкті,  өмірдің  сақталып,  мықтылануына  бағытталған  энергия  көзі  ретінде  қарастырылады. 
Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыла алмайтын өмірдің бір бөлігі. Бері келе заманға сай 
көптеген  оқулықтарда  көрсетілгендей  агрессияның  деректемесінің  тәртібін  психоанлитикалық 
анықтамада-«Танатос»  деп  көрсетеді.  «Танатос»-өлім  мен  талқандауға  деген  инстинкті 
қызығушылық,  ұмтылыс.  З.Фрейдтің  ұғымы  бойынша  танатос  бұл  өмірге  ұмтылыс,  танатостың 
энергиясы  жарық  өмірдің  аяқталып,  талқандалуына  бағытталған.  Үлкен  қарама-қайшылықтың  бір 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
200
бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы, ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының 
мақсатты,  бағытталуы,  өзімнен  бой  алып,  өзіме  бағыттау  [9,  31  б.].  З.Фрейдтің  тұжырымы  бойынша 
бүкіл  адазат  әрекеті  эрос  пен  танатостың  арасындағы  өзара  қарым-қатынасы  мен  тартыс  күшінің 
нәтижесі.  Осылай  танатос  жанама  себепкер  болу  арқылы  агрессия  сыртқа  шығарылып,  өзге  біреуге 
бағытталады. 
 
Агрессияның өзгеге бағытталуы 
                                   
 
Австрия оқымыстысы Конрад Лоренц агрессия-бұл ұзақ эволюциялық даму деп қарастырады. 
К.Лоренцтің  ойы  бойынша  агрессия-бұл  біткен  инстинк,  өмір  сүру  үшін  күресу,  бүкіл  адамдарға  және 
жануарларға  тән  қасиет.  К.Лоренцтің  пайымдауы  бойынша  бүкіл  тіршілік  иелерінде  туа  біткен 
инстинкті  тартыстан  басқа,  ол  өзінің  ұмтылысын  үстем  ұстайтын  мүмкіндікке  ие  және  бұл  мүмкіндік 
өзінің  құрбанына  қиянат  әкелетін  әрекетке  тиеселі.  К.Лоренц  осылай  тұжырымдай  келе  агрессияны 
құтыла  алмайтын  туа  біткен  күш  деп  қарстырады.  Сондай-ақ  оның  айтуы  бойынша  адам  әртүрлі 
әрекеттер  жасау  арқылы,  біреуге  қиянат  келтірмейтін  жағдайлар,  агрессия  энергиясының  қауіпті 
деңгейге  дейін  жинақталуын  жеңілдетеді. Лоренцтің  тұжырымы  бойнша-достық  жылы  қарым-қатынас 
махаббат ашық агрессияның ушығуын жауып жеңілдетуі мүмкін. 
Э.Фромның агрессияға көзқарасы: Агрессия бұл өлімге, қайғыға ұмтылыс. Э.Фромм зорлықтың 
бірнеше  формасын  көрсетеді:  ойын  арқылы  зорлық,  біреуден  кек  алу  үшін,  сеніміне  жай  түскендей 
болған  кезде,  біреу-біреуді  өз  билігіне  жүгіндіруі,  оны  қорғансыз  объектіге  айналдыру,  оған  ойына 
келгенін жасау, балағаттап, қорлау негізгі мақсат-қайғыруға мәжбүр ету. Адам өзі жаңа нәрсені біліп, 
шығара  алмаған  кезде,  ол  өз  күшін  талқандауға  жұмсайды.  Яғни  адам,  дегені  болмаған  кезде,  
зорлыққа,  агрессияға  жол  береді.  Адам  бойындағы  қайырымдылыққа,  махаббатқа,  сенімге  көңілі 
қалған  жағдайда  талқандауға  кіріседі.  Көңілі  қалу  өмірді  жек  көруге  әкеліп  соқтырады.  Зорлық-
зомбылық  талқандауға  бағытталса,  ал  өмірді  қорғауға  бағытталған-агрессия    бұл  басқаша  түсінік. 
Э.Фромм агрессияны өз өмірін қамтамсыз ететін биологиялық бейімделушілік, өмірді сақтауға қатысы 
жоқ зарарсыз агрессияны қатерлі агрессиядан бөліп қарастырды. Біріншіден, «зарарсыз агрессия» 
жайлы 
ой 
өрбітеді. 
Биологиялық 
бейімделу 
агрессиясы-бұл 
индивидтің 
витальдық 
қызығушылықтарына  деген  қауіпке  жауапты  реакция;  ол  филогенезде  негізін  салған.  Ол  адамдарға 
да,  жануарларға  да  тән. Мұндай  агрессия  жарылғыш  тәрізді  кенеттен  қауіп-қатерге  жауап  береді;  ал 
оның  салдары-төніп  тұрған  қауіп-қатердің  өзін  не  болмаса  себептерін  жою  болып  табылады.                              
Биологиялық  бейімделмеген,  қатерлі  агрессивтілік  (басқаша  айтқанда,  деструктивтілік, 
қатыгездік)  шабуылдан  немесе  қауіп-қатерден  қорғану  болып  табылмайды;  ол  филогенезде 
қаланбаған.  Бұл  агрессияның  түрі  тек  адамға  ғана  тән.  Оның  негізгі  көрініністері-өлтіру  және 
қатыгездік  зорлық-зомбылық  көрсетудің-рахаттанудан,  ләзаттанудан  басқа  ешқандай  мақсаты  жоқ. 
Сонмен  қатар  бұл  әрекеттер  тек  жәбірленушіге  ғана  емес  агрессордың  өзіне  де  зиянын  тигізеді. 
Қатерлі агрессияның негізінде инстинкт емес, адамның өзінінің тіршілік ету жағдайларына байланысты 
терең тамыр алған, қандай да бір адами потенциал жатыр [10, 427 б.].  
Негізгінен  Э.Фромның  идеясы  мына  тұжырымға  келіп  тіреледі,  қатыгездік  пен  деструктивтілікті 
жануарлардан  тұқымқуалаушылық  арқылы  берілген  талқандаушы  инстинктен  емес,  адамдарды 
жануар  тектес  арғы  тектерінен  өзгешелеп  тұратын  факторлардан  іздестіру  қажет.  Қаншалықты 
адамның  ерекше  өмір  сүруі  жағадйлары  онда    қинап-зорлауды,  жәбірлеуді  және  өлтіруді    қалауына, 
аңсауына  жауапты,  сондай-ақ  оның  осы  әрекеттен  ләззат  алу  сипаты  мен  қарқындылығы    неге 
байланысты екенін анықтау-маңызды меселе болып табылмақ.  
Дж. Доллардтың теориясының  негізгі  екі  болжамы  бар: 
1.Фрустрация  әрдайым  агрессияның  қандай да  бір  формасына  әкеледі. 
2.Агрессия  үнемі  фрустрацияның  нәтижесі  болып  табылады. 
Осыған  қоса,  қосымша  аспектілер бар. Агрессияға  түрткі  болатын  маңызды  үш фактор бар: 
Мен 
Танатос 
Талқандау 
Сақтау 
Эрос 
Агрессияның өзгелерге бағытталуы 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
201
бірінші,  болашақта  мақсатқа  жетуден  күтілген  қанағаттану дәрежесі, екінші, мақсатқа жету жолын-
дағы  кедергілер  жолы, үшіншіден, жүйелі  фрустрацияның саны. Дж.Доллард кейіннен агрессияны  
баяулататын факторларды зерттеуге  көшті. Агрессияның кез келген актісінде  баяулау  дәрежесі  осы  
әрекеттен  кейін  жүзеге асатын  жазалау  ауыртпалығына  қарай  тікелей  сәйкестеніп  түрленеді-деді. 
Альберт Бандура, «әлеуметтік оқыту теориясының» негізін қалаушы. Бұл адамның үлгіге қарап 
бағдарлануынан  үйренуі.  Бұл  жерде  үлгі  тұлғааралық  қарым-қатынастың  құралы  ретінде,  яғни  адам 
әрекетінің  құрылымы,  өзгерісі,  қатынасы  осыған  байланысты.  Сондықтан  да  бұл  жерде  әлеуметтік 
қатынастың  бастапқы  әсерін  анықтап,  үйренуі-бұл  ата-ананың  бала  тәрбиесіндегі  агрессияға 
қатынасы. Дәлел бойынша ата-ана әрекеті, агрессияның ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-
ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Бұл теорияның негізін қалаушы  А.Бандура [11, 25 б.] агрессивтілік 
әректке үш жағдайды негіздеді: 
- әрекеттерді меңгеру тәсілдері; 
- олардың көрінуіне себеп болатын факторлар; 
 - оларды нақтылайтын жағдайлар. 
Аталған  теорияның  түсіндіруі  бойынша  адам  агрессивтілік  әректті  көп  қолданған  жағдайда,  ол 
оның  әрбір  іс-әрекетінің  бір  бөлігі  болып  қалады.  Агрессивтілік  әрекеттің  маңыздылығы  мен 
табыстылығы  артқан  сайын  жетістікке  жетуі,  агрессияның  бой  көрсетуінде  оның  мотивация  күшінің 
едәуір  көтерілуі,  әрдайым  табыссыздықтың  қайталануы-теденция  күшінің  тежелуіне  әкеледі.  Бұл 
теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады.  
Жеткіншектік шақ жас шақтарының ішіндегілердің аса кризистілерінің бірі болып табылады. Бұл  
жыныстық  жетілуге  байланысты  күшті  физиологиялық  пертурбация  арқылы  жиі  күрделене  түсетін  
жеке  тұлғаның  барлық  компоненттерінің  толыққанды  дамуымен  түсіндіріледі.    Жеткіншектің  бойына 
тән  жеке  тұлғалық  ерекшеліктердің  ішінде  әсіресе  ересектік  сезімінің  және  «Мен-концепциясының»  
қалыптасуымен  ерекше  байқалады.  Ересектік  сезімі-өзін-өзі  танудың  ерекше формасы. Ол  қоршаған 
ортадағы  адамдардың  жеткіншекке  қатынасының  оларға  кішкентай  бала  сияқты  емес,  ересек  адам  
сияқты  қарауын  қалауынан  өз  көрінісін  табады.  Ол  өзінің  ересек  позициясында  тұрып,  ересектермен  
қатынаста тең құқыққа ие болуын қамтамасыз етуге тырысады. Сонымен қатар бұл сезім өзбеттілікке 
ұмтылыстан,  өз  өмірінің  кей  қырларын  ата-анасының  араласуынан  шектеуге  деген  қалаудың 
болуынан көрініс табады. Бұл сырт келбетке, қатынасқа, оқуға қатысты болып келеді. Ересектік  сезімі  
кіші жеткіншектің жаңа түзілістерінің ішінде бастыларының бірі. Ал жеткіншектік шақтың аяғына қарай, 
шамалап  15  жаста,  жеткіншек  өзінің  жеке  тұлғалық  дамуында  тағы  бір  қадам  жасайды.  Өзін  
іздегеннен  кейін-«Мен»  образдарының,  өзі  жайында  түсініктердің  іштей  келісімді  жүйесі-«Мен-
концепциясы»  қалыптасады.  Әдетте  жеткіншек  бойында  қызулық  және  қозғыштық  сияқты 
ерекшеліктер  кездеседі.  Физиологтар  мұны  осы  жас  шағына  тән  жыныстық  жетілуге  байланысты 
дейді. Бұл кезеңде қыздарда көңіл-күй  өзгерісі, көп жылау, өкпелегіштік әрекеттері байқалады. Ұлдар 
болса  қозғалғыш  әрі  тынымсыз  болады.  Жеткіншектік  шақта  агрессивтілік  қатыгездік  және  садизм  
сияқты  ауытқулар  байқалады.  Мұндай  әрекет-қылық  жеткіншектің  психикасының  тұрақсыздығы  және  
тәрбиесіндегі  дефекттермен  байланысты.  Балаларды  зерттеу  практикасы  мұндай  әрекет-қылықтың  
негізінде отбасы тәрбиесінің  дұрыс болмауынан деп көрсетті. 
Қазіргі кезде жеткіншектердің агрессиясы екі жағдайда көрініс табады:  
  агрессияны  ашық  түрде  көрсету,  таяқ    жеу  және  өмірлік  тәжірибе  алу-осы  жолмен  жүре  
отырып,  ол  не  бедел  (авторитет),  престиж,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  жетеді,  немесе  психикалық 
тұрғыдан бұзылады, тіпті оның соңы суицидке дейін де баруы ықтимал; 
  агрессияны  тығады,  басады,  тұншықтырады.  Өмірде  ерекше  ештемеге  жетпесе  де,  
энергиясының бір бөлігін жоғалтады. Бастырылып тасталған энергияның сырт көрінісі  невроз  түрінде  
де  немесе  басқа  бір психосоматикалық сырқат түрінде де байқалады. 
Жеткіншектерде агрессивтіліктің өсуіне итермелейтін факторлардың бірнешеуін атап көрсетуге  
болады: 
1.Эндокринді жарылыс, жыныстық гормондардың кенеттен өсіпкетуі: ең бірінші,  агрессивтіліктің  
өсуіне алғышарт болып табылатын ұл балалардағы тестостерон; 
2. Бас миындағы органикалық сырқаттар-травмалар,  менингиттер, арахноидиттер және т.с.с.;  
3.Агрессивтілікті  дамыта  түсетін  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  кино,  бейне  жазбалар, 
компьютерлік технологиялар; 
4. Ересектер қатынасы-мектеп, ата-аналар. 
Бұл  біріншіден,  өсіп  келе  жатқан  адмдарға  қойылатын  жаңа    талаптарға  сәйкес,  техника-
технологиялық  түзілестердің  қарқыны  мен  ритммен  тікелей  байланысты.  Екіншіден,  анық  өмірлік 
позициясы  қалыптаспаған  жеткіншекке  қатты  әсерін  тигізетін,  «шу»  тудыратын  ақпараттың  толық  
сипатымен байланысты. Үшіншіден, балада үмітсіздік сезімін және үлкендердің  оларға осындай  мұра  
қалдырғаны  үшін  ызашылдық  сезімін  тудыратын,  біздің  қоғамда  орын  алған  экологиялық  және  
экономикалық дағдарыспен байланысты. 
Жеткіншектер 
бойында 
агрессивтіліктің 
дамуына 
итермелейтін 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының  қызметі,  сонымен  қатар  жеткіншек  бойында  агрессивтілікті  тәрбиелейтін  өтірік,  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет