Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет3/54
Дата21.02.2017
өлшемі7,26 Mb.
#4640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Қорытынды  

Кез  келген  бизнестің  табысы  мен  гүлденуі  мемлекеттегі  қоғамдық-саяси 

тұрақтылыққа,  мемлекеттің  жоспарлаған  іс-əрекетінің  орындалуына,  заңдық  негізінің 

дəлділігіне,  кəсіпкерлік  бастамашыларына  көрсетілетін  қолдауға  байланысты.  Дəл  осы 

салаға еліміздің əр түрлі секторында қызмет ететін шетелдік инвесторларын қызықтырсақ 

іс  жүреді.  Осылайша  Қазақстанның  агротуризмі  үлкен  потенциалға  ие  болады  жəне 

келешектегі табысты сфераға айналады. Қазақстанның таңдаған ашық экономика саясаты 

жоғары  өміршеңдік  қабілетті  көрсетіп  отыр.  Агротуризм – экономика  бизнес  үшін 

тартымды  идея.  Бұл  бəсекеге  қабілетті  жəне  заманауи  адам  капиталы  мен  мемлекет 

экономикасының  негізін  қалауға  септігін  тигізеді.  Ең  бастысы,  ауыл  халқының  тұрмыс 

деңгейі  мен  əл-ауқатының    өсуіне  көмектеседі.  Қазір  елімізде  бұл  сала  өте  баяу  дамып 

келеді.  Егер  агротуризмді  дамытатын  болсақ,  сол  өңірдің  жағдайы  жақсарып,  халқының 

əлеуметтік-экономикалық  əл-ауқаты  көтеріледі.  Жергілікті  халықты  жұмыспен  қамту 

мəселесі  де  шешілген  болар  еді.  Еліміздің  алдында  тұрған  тағы  бір  үлкен  міндет – 2017 

жылы  өткізілетін  «ЕХРО-2017»  халықаралық  көрмесін  жоғары  дəрежеде  өткізу  арқылы, 

жалпы туризм мен агротуризм салаларын дамытуға мол мүмкіндік алу. Қазақ елі тарихи, 

мəдени ескерткіштерге бай өлке. Сондықтан да  қазір де , алдағы уақытта да шетелдік əрі 

отандық  туристердің  мəдени,  экзотикалық  қызығушылығын  оята  аларымызға  толық 

сенімдімін. 



Əдебиеттер 

1

 



.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауы «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» // Егемен Қазақстан. – 2014. – 11 қараша.  

2

 

. Агротуризм:  мировой  опыт  и  развитие  в  РК,  Борбасова  З.Н. // Вестн.



Международная академия. Серия экономическая. – 2012. - №5. – С. 31-52 

3. Қазақстан 2015 жылы: Статистикалық жылнамалығы / Бас редактор Ə.А.Смайылов,

– Астана: Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі, 2015.

Алимбеков Д.А., Жолманова Н.Ж. 

АГРОТУРИЗМ КАК ПЕРСПЕКТИВНОЕ НАПРАВЛЕНИЕ СОЦИАЛЬНО-

ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКИХ ТЕРРИТОРИЙ РЕСПУБЛИКИ 

КАЗАХСТАН 

В  статье  рассмотрены  возможности  развития  агропромышленных  предприятий  в 

условиях экономического кризиса путем взаимодействия с агротуризмом и промышленным 

туризмом.  Выявлена  и  обоснована  необходимость  использования  зарубежного  опыта 

агротуризма и промышленного туризма в стране 

Alimbekov D.A., Zholmanova N.Z. 

AGROTOURISM AS A PERSPECTIVE DIRECTION OF SOCIAL AND ECONOMIC 

DEVELOPMENT OF RURAL AREAS OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 

The article describes the possibilities of development of agro-industries during the economic 

crisis through interaction with agro-tourism and industrial tourism. Identified the necessity of 

using the industrial and agro tourism experience of foreign countries. 


19

 

ƏОЖ 631.15: 338 



Балтабай Г. 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ТЕТІКТЕРІН 

ЖЕТІЛДІРУ 

          Аңдатпа 

          Мақалада Қазақстан Республикасында жер ресурстарын бағалау тетіктерін жетілдіру 

жазылған.  Ауылшаруашылығында  пайдаланылатын  жерлердің  топырақ  құнарлығы 

талдалған.Жер ресурстарын бағалау тетіктерін жетілдіру ұсыныстары берілген. 



 Кілт  сөздер:  ауылшаруашылық  жерлерін    бағалау,  топырақ  құнарлығы,  жер 

ресурстарын ұтымды пайдалану, егістік жерлерді қорғау, бағалау шкалалары, бағалаудың 

базистік көрсеткіштері. 

Кіріспе 

Жер  ресурстарын  ұқыпты  да  тиімді  пайдалану  жəне  бағалау    Ата  Заңымыздың 38 

бабында  атап  көрсетілген  "Қазақстан  Республикасының  азаматтары  табиғатты  сақтауға 

жəне табиғат байлықтарына ұқыпты қорғауға міндетті" [1]. Жер ресурстар қорғау жəне оны 

тиімді  де  ұтымды  пайдалану  адамзат  баласы  үшін  маңызды  жəне  оның  қажеттілігі  арта 

береді.  Əсіресе  жер  иесінің  өзгеруі,  оған  деген  көзқарастың  кеңеюі,  жаңа  экономикалық 

саясат  (ЖЭС)  кезіндетұрғындардың  əлеуметтік-экономикалық  жағдайына  жақсаруына 

əкелген.  Тіпті XX ғасырдың  бас  кезінде  Б.Д.Бруцкус,  А.В.Чаянов,  Н.Д.Кондратьев 

шаруалардың  шаруашылық  жағдайының  жетістігі    "жекеменшік  пен  білімнің" 

кооперациясы  негізінде дамитындығын айтқан болатын [2, 3].Аталған инновация бүгінгі 

таңдағы ауылшаруашылық жерлерін қорғау мен топырақ құнарлығын зерттеуді дамытуды 

қажеттігін  қойып  отыр.  Көртеген  елдерде  топырақ  құнарлығы  жел,  су,  егістікті  ұдайы  

интенсивті  механикалық  өңдеуден  топырақтың  тығыздануынан    ауылшаруашылық 

айналымыныан  жылына 10 млн га, ал зерттеу болжаулары  бойынша 2050 жылға қарай 

барлық жердің 30 % эрозияға ұшырайдыҚазақстан Республикасы  Еуразиялық Одақ (170 

млн. халық саны) жəне ДСҰ  толық мүшесі болып отырған кезде жер ресурстарын қорғау 

жəне топырақ құнарлығын арттыру шараларын жетілдірудің  механизмдерін жетілдірудің 

маңыздылығы  одан сайын арта береді.Əсіресе отандық  ғалымдардың топырақ құнарлығын 

арттыруға бағытталған  инновациялық технологияларын  толық пайдалануға,  баса көңіл 

аударып,  еліміздегі 180 мыңнан  астам  ауыл  шаруашылық  құрылымдарында  жан-жақты 

қолдануына мүмкіндік жасауды қолға алуға тиіспіз. Осы бағыт еліміздің ауыл шаруашылық 

дамуының    тиімді  де  ұтымды  жолы  болуға  тиіс.Топырақ  құнарлығын  сақтау  ауыл 

шаруашылығында дақылдардың түсімін  арттыруда шешуші рөл атқаратын болады жəне 

оған  негіз  болушы    инновациялық  технологияны  енгізу,  жер  ресурстарын  қорғауды 

жетілдіру  болып  табылады.  Жерді  бағалауды  зерттеушілердің  егістік  жерлерді  бағалау 

əдістемесінде  біркелкі  қалыптасқан  пікірлердің  жоқтығына  көз  жеткізуге  болады.  Жер 

сапасының  табиғи  белгілерін  бағалау  агроклиматтық,  топырақтық-агрохимиялық, 

геоботаникалық жəне басқа мəліметтер негізінде жүргізіледі. Оны пайдалану арқылы жер-

бағалық аудандарға бөлу жүйесі мен жерді сапалы топтау қалыптасады. Бағалау шкалалары 

жер-бағалау аудандарына жеке құрылады. Бағалаудың базистік көрсеткіштер жүйесі жерді 

бағалаудың  сапалы  топтары  арқылы  өңделеді,  оның  негізінде  жер  учаскелерінің  бағалау 

көрсеткіштері мен əкімшілік аумақтық бірліктер есептеледі. 

Елімізде  ауыл шаруашылық жерлерін бағалау келесі мақсаттарға сəйкес жүргізіледі: 

нысаналы мақсатты ескере отырып, жер учаскелерін пайдалану тиімділігін анықтау; жер 



20

 

учсаскесін  кепілдікке  беру  арқылы  несие  алу;  салық  салу,  жерді  жалға  алу  төлемдерін 



анықтау;  мемлекеттік  мүдделер  үшін  жер  учаскелерін  алып  қою  кезінде;  жер  телімдерін  

пайдалану  немесе  құқығын  сату  кезінде  оның  бағасын  білу.  Жерді  бағалау  үшін  жер 

бағалық  аудандау  өткізіледі.  Содан  кейін,  сол  жерлердің  шекараларынада  топырақ 

бонитировкасы  жəне  жердің  экономикалық  бағалау  жүргізіледі.  Жерді  экономикалық 

бағалау 2-ге  бөлінеді:жалпы  бағалау-жалпы  ауылшаруашылық  дақылдары  бойынша 

бағаланады;  жеке  бағалау-жеке  ауыспалы  егістіктер  бойынша  бағаланады.Бағалау 

көрсеткіштері:өнім  құндылығы  (ӨҚ);  шығын  қайтарымы  (ШҚ).  Сапасы  бір  жерлерді 

түрліше пайдалануға болады. Тіпті жақсы жерге қарағанда, нашар жерді дұрыс жəне тиімді 

пайдалану  негізінде  алаң  бірлігіне  шаққанда  жоғары  өнім  алуға  болатын  жағдайлар 

кездеседі.  Бұған  жерге  қосымша  қаржы  мен  еңбекті  жұмсау,  жерді  игеру  мəдениетінің 

жоғары деңгейі арқасында қол жетеді.   Сондықтан шығын мен агротехниканы есепке алмай 

шыққан  өнім  бойынша,  яғни  өндірісті  жүргізу  деңгейінде  ғана  жер  сапасын  объективті 

бағалауға  болмайды.  Республикада  ауыл  шаруашылығы  жерлерін  бағалау  жалпы 

төмендегідей  мақсаттарда  жүргізіледі:  мақсатты  белгілеумен  жер  учаскелерін  пайдалану 

тиімділігін анықтау;  жер учаскесін кепілге қойып, банкіден несие алу; салық салу, жалдық 

төлемдерді  анықтау;  реквизиция  жағдайында  мемлекет  қажеттілігіне  жер  учаскелерін 

мəжбүрлеп  алуда  сотпен  сатып  алу  бағасы  мен  төлем көлемін  анықтау;  жер учаскелерін 

шаруа серіктестіктерінің жарғылық қорына жарна, не болмаса өндіріс кооперативтеріне пай 

ретінде  беруде;  жер  учаскесін  немесе  жерді  пайдалану  құқығын  сатуда.Жылдан-жылға 

топырақ құнарлығы төмендеп жатыр, осыған орай егістік құнарлығын қорғау жəне арттыру 

жөніндегі шараларды жүзеге асыру кезек күттірмейтін мемлекеттік  басты мəселе қатарына 

жатады.  Ең  бастысы    жер  ресурстарының  құнарлығын  арттыру  бағытында  жоғары 

экономикалық,  экологиялық  жəне  агрохимиялық    тиімдікке  қол  жеткізу  керек.ҚР 

ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлердің топырақ құнарлығы 1 кестеде берілген. 



Зерттеу əдістері 

1 кесте - ҚР ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлердің топырақ құнарлығы 

Топырақ түрлері 

Ауданы 


млн. га

%

Құба, сұрғылт-құба топырақтар



97,9

44

Күрең топырақтар



73,4 

33

Қара топырақтар



24,0 

9

Таулы жəне тау етегі



31,2 

14

Ескерту   автордың есептеулері 



       Егістік жерлердің топырақ құнарлығының жағдайы, 2 кестеде берілген, 1990 жылы 

егістік ауданы-35000 мың га болса, 25 жылда азайып 2015 жылы 21190 мың га құрап 

отырғанын есептеулер көрсетті. Ал осы егістік жерлердің топырақ құнарлығын талдайтын 

болсақ: 4 % төмен - 1990 жылы -56,3 % (19705 мың га), ал  2015жылы 63,1% (13370 мың 

га), яғни 6,8 % немесе 6335 мың га азайған; орташа 4-6 %  - 1990 жылы -40,5 % (14175 

мың га), ал  2015 жылы 34 % (7205 мың га), яғни 6,5 % немесе 6970 мың га қысқарған;6 % 

жоғары- 1990 жылы -3,2 % (1120 мың га), ал  2015 жылы 2,9% (615 мың га), яғни 0,3 % 

немесе 505 мың га азайған. 



21

 

 



2 кесте - ҚР егістік жерлердің топырақ құнарлығының жағдайы 

 

Жылдар 



Егістік 

ауданы, 


мың га 

Топырақ құнарлығы 

4 % төмен 

орташа 4-6 % 

6 % жоғары 

мың га %  мың га % мың га 



1990 35000  56,3 

19705 


40,5 14175 3,2 1120 

2015 21190  63,1 

13370 34  7205 2,9 615 

Ескерту   автордың есептеулері 

 

Жер ресурстарын қорғау жəне топырақ құнарлығын көтеру арқылы ауылшаруашылық 



дақылдарын терең өңдеуге қол жеткізе отырып, отандық сапалы да экологиялық таза азық-

түлікті  молынан  экспорттау  мүмкіндігіне  қол  жеткіземіз.Ауылдық  жерлердің  өмір  сүру 

деңгейін  аграрлық  саясаттың  шараларымен  белгілі  бір  деңгейде  немесе  одан  жоғары 

(Израиль, Норвегия). Бүгінгі даму жағдайында ауылдық жерлерге кəсіби мамандарды тарту 

өте күрделі [3, 4].Отандық топырақтанушы ғалымдардың  зерттеулеріне сүйенсек , елімізде 

5 жазықтық табиғи зона, 3 таужиектік биіктік белдеу жəне 2 таулық аймақта,  əр зонаға, əр 

белдеуге, əр аймаққа тəн 1,5 мың  топырақ  түрлері  бар [5, 6].  

 Зерттеу  нəтижелері  анықтағандай,  жер  ресурстарын  ұтымды  пайдалануға  теріс 

əсерін  тигізетін  келесі  факторларды  атап  көрсетуге  тиіспіз:агроклиматтық  əлеуеттің 

төменгі  деңгейі  (топырақ  құрамыныңдағы  қарашірінді);  ауа  райының  тұрақсыздығы 

(құрғақшылық);  АӨК  инновациялық  технологиялардың  мардымсыз  қолданылуы; 

ауылшаруашылық  техникаларының  моральдық  жағынан  тозуы;  егістік  жерлерді  қорғау 

жəне 

топырақ 


құнарлығын 

арттыру 


шараларының 

жоспарлы 

түрде 

жүргізілмеуі;инфрақұрылымының  өз  деңгейінде  болмауы  (суғару  жүйелері,  байланыс 



құралдары т.б.);жер ресурстарының еріген қар суы жəне нөсермен топырақты шайып кетуі 

үдей  түскен;су  жинағыш  шекараларының  көрсетілмеуі;топырақты  шайып  кетудің 

жиынтығы  мəліметтерінің  жиналмауы;танаптарға  ауыспалы  егістіктің  кеңінен 

қолданылмауы;топырақты  қорғау  шараларының  тұрақты  түрде  енгізілмеуі;деградацияға 

ұшыраған  жерлерді  қорғау  шараларының  жүйелі  түрде  жоспарланбауы;жыралар,  тау 

беткейлерін  қорғау  шараларында  өнімді  өсімдік  өсіру  арқылы  топырақтың  шымдануы 

қарастырылмаған;жабайы  жануарлар  микоқорықшаларын  құруды  жобалау  (жергілікті 

жердің  табиғатын, жеке өсімдіктер, жануарлар түрін табиғи қажеттілікті үнемі қорғауға 

бөлінген 

шағын 


территориялар) 

қарастырылмаған;орнитафауна 

(белгілі 

бір 


территорияларды 

мекендейтін 

құстарды 

қорғайтын) 

микроқорықшалары 

жобаланбаған;этномологиялық  микроқорықшаралар    (бунақ  денелі  жəндіктерді  

қорғайтын)  құрылмаған;экотон  (өтпелі  алқап)  жобаланбаған;  жерлердің  шаруашылық 

айналымынан  шығып  калып,  керексіз  қалдық  ретінде  тұрып  қалуы;табиғи  орта 

қасиеттерінің  кейбірінің  өзгеріске  ұшырауы  салдарынан  нашарлауы;қоршаған  орта 

қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, əсер етуінің өмір сүру жағдайларының қысқаруы;еңбек 

өнімділігі  көрсеткіштерінің  төмендеуі;жерлердің  тақырға  айналуынан  ауыл  аумақтардың 

халқының демалыс-рекреация аймақтарының азаюы. 



Қорытынды  

Жер  ресурстарын  бағалау  тетіктерін  жетілдірудің  маңызы  зор,  себебі  аймақтардың 

дамуы ондағы өзгерістер өндіргіш күштердің жəне тұрғындардың жағдайына тікелей əсер 

жасайды. Жерлердің санатындағы өзгерістерді есепке ала отырғанда ғана жер ресурстарын 

пайдалану  тиімділігін  жоғарлата  аламыз.  Жерді  ғылыми  негізде  бағалау    мемлекеттің 

нығаюы мен дамуындағы атқаратын қызметі өте зор. Дегенмен əлемнің дамыған елдерінің 

жер  ресурстарын  бағалау  тəжірибесін  зерттей  отыра,  еліміздің  аймақтарының  аумақтық 

ерекшеліктерін зерттеудің жерге орналастыру ғылымына қосатын үлесі қомақты болады.  

Аймақтарда жер ресурстарын бағалауу мəселесінің тиімділігі: бəсекеге қабілетті  дамыған 


22

 

 



елдерінің    деңгейіне  дейін  көтеріледі;  экономикалық  өсудің  басты  көрсеткіші  жер 

ресурстарын  пайдалану  тиімділігі  артады;  еңбек  ресурстарын  дұрыс  орналастыруға 

мүмкіндігі  кеңейеді;  аймақтың  экономикасының  тұрақты  дамуына  қол  жетеді, 

ауылшаруашылық  жерлеріне  отандық  жəне  шет  елдік  инвестиция  кедергісіз  келеді; 

инфрақұрылым дамиды, жер ресурстары нарық айналымына түседі т.б. 

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



Қазақстан Республикасының Конституциясы –Астана: Елорда, 2008-56 б. 

2.

 



Чаянов А.В. Основные идеи и формы сельскохозяйственной кооперации –М.: 

Книгосоюз, 1927 –С.20 

3.

 

Протопопов И.В. Информационный образ аграрного сектора США –США Канада 



экономика-политика-культура, 2007, №8 –С.109  

4.

 



Буздалов И. Сельское хозяйство России: взглядь сквозь призму концепции 

устойчивого развития//АПК экономика, управление, №8, 2015 – С.111 

5.

 

Мирзадинов Р.А., Дуйсенбеков С.Л. Қазақстан топырақтары Алматы; ҚазККА, 



2008 – Б.2 

6.

 



Орынбеков М., Байдулдинова А.Н. Оценка земли-Алматы, 2013-744 с. 

 

Балтабай Г. 



 

СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ МЕХАНИЗМОВ ОЦЕНКИ ЗЕМЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ В 

РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН 

 

В статье написано осовершенствовании механизмов оценки земельных ресурсов в 



Республике Казахстан. Проанализировано состояние плодородия почв и земель 

используемых в сельском хозяйстве. Предлагаются рекомендации по совершенствованию 

механизмов оценки земельных ресурсов. 

Ключевые  слова:  оценка  сельскохозяйственных  земель,  плодородие  почв, 

рациональное  использование  земельных  ресурсов,  охрана  пашни,  оценочные  шкалы, 

базисные показатели оценки 

 

Baltabay G. 



 

IMPROVING MECHANISMS FOR EVALUATING LAND RESOURCES IN THE 

REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 

 

In the article improving mechanisms for evaluating land resources in the Republic of 



Kazakhstan are considered. Soil fertility of agricultural lands is analysed. Suggestions to improve 

land resources are defined. 



Keywords: evaluation of agricultural lands, soil fertility, beneficial use of land resources

evaluation scales, basis indicator of evaluation. 

 

 

 



 

23

 

UDC 636.5 



Bykova E. Y. 

OE «Belarusian State Agricultural Technical University» 

THE ASSESSMENT AND ANALYSIS OF THE IMPACT OF THE PRODUCTION AND 

ECONOMIC FACTORS ON THE DEVELOPMENT OF THE POULTRY INDUSTRY IN 

THE AGRICULTURAL ORGANIZATIONS OF THE MINSK REGION 



Annotation 

Approaches to the factorial analysis of development of the organizations of poultry-farming 

branch of Belarus are presented in article. The technique of carrying out production and financial 

is considered as a fundamental factor of strategic development, recommendations about adaptation 

of the organizations of poultry-farming branch to the changing environment factors taking into 

account the existing and perspective strategy are reflected. With use of correlation and regression 

model and scenario approach the forecast of the most significant indicators of poultry farming for 

according to three scenarios of development – slowed down, moderate and intensive is made. 

Approaches to optimization of the main directions of development of the poultry-farming 

organizations of the Minsk region which consider conditions of the increasing competition in the 

domestic and foreign markets are offered. 

Keywords: poultry farming, management, factorial analysis, correlation and regression 

model, scenarios of development. 



Introduction 

The significant place at a choice of the strategic branch line is played by key factors

including for poultry-farming branch which depend on an economic, technical characteristics of 

branch, means of competitive fight used in branch. Therefore, optimization of strategy of 

development of the poultry-farming organizations requires use of a set of the factors characterizing 

productive and economic activity with possibility of their application for development of expected 

scenarios of development of poultry-farming branch. Thus indicators of a kormoobespechennost, 

capital productivity and diversification of production of poultry farming as fundamental factors of 

development of the organizations in the highly competitive market have special value.  

Materials and methods 

For the purpose of identification of influence of productive and economic, technological and 

organizational indicators of an assessment of the organizations on total efficiency of poultry-

farming branch the following organizations are analysed in dynamics in 5 years: KSUP 

«Plemtitsezavod «Belarusian», JSC «Dzerzhinsky Agrocombine», JSC «1st Minsk poultry farm», 

JSC «Smolevichi Broyler».  

In this case use of a method of the multiple-factor correlation and regression analysis 

allowing to estimate extent of change of a productive sign under the influence of set of concrete 

factors is supposed. The method is based on a parcel that average changes of one of the 

interconnected phenomena lead to average changes of other phenomenon. 

Profitability of fixed assets is chosen as total (fondorentabelnost) which is defined by the 

relation of net profit of the organization to the average annual cost of fixed assets. She allows to 

estimate objectively degree and efficiency of use of the available fixed business assets isn't 

dependent on the size of the organization. As the productive indicator is relative, and all factorial 

(cost) indicators should be considered in the relation to the cost of the fixed business assets. [1] 

Taking into account check the following significant factors are allocated for importance of 

communication: 

1

х  — the cost of revolving funds to a unit of value of the fixed business assets; 



24

 

2



х  — the cost of production of gross output to a unit of value of the fixed business assets; 

3

х  — the cost of production of poultry-farming production to a unit of value of the fixed 

business assets; 

4

х  — the cost of purchased forages for production of poultry-farming production to a unit 

of value of the fixed business assets; 

5

х  — expenses of work of employees of poultry-farming branch to a unit of value of the 

fixed business assets. 

By means of calculation of correlation models it is carried out in the program Microsoft 

Excel environment and it is received models of formation of a fondorentabelnost of the poultry-

farming organizations: 

5

4

3



2

1

546



,

1

95



,

1

647



,

0

146



,

0

679



,

0

182



,

0

х



х

х

х

х

y

x





(1) 


R=0,974

R²=95%


F=33,2 

High stability of parameters of correlation model allows to estimate degree of efficiency of 

use of resources at branches of poultry farming depending on three options of development of 

branch — slowed down, moderate, intensive. 

Proceeding from model it should be noted considerable influence of level of compensation 

of employees of poultry-farming branch on total of a fondorentabelnost of the organizations. The 

negative moment is existence of purchased forages that is caused by considerable weight in 

structure of cost of production of poultry farming in the studied organizations of purchased 

forages, in this case at the available capacities and the farmland it is necessary to pass to own 

forage production. 

Results of researches 

For each factor forecasts for 2016-2018 are constructed, and on the basis of the equation of 

regression the most probable expected values of a productive sign are calculated. The forecast for 

factorial signs was carried out proceeding from compliance of the enterprises to this or that group 

and taking into account these last years (table 1). 

Table 1 — The forecast of a fondorentabelnost of the organizations of poultry-farming 

branch for 2016-2018, % 

Name of the 

organizations 

Замедленный уровень Moderate 

level 

Интенсивный 



уровень  

2016 y.  2017 y.  2018 y. 2016 y. 2017 y. 2018 y. 2016 y.  2017y. 2018 y.

JSC 

«Dzerzhinsky 



Agrocombine» 

5,87 7,21 9,16 9,29 10,37 12,74 13,99 

14,17 

14,23


JSC «1st Minsk 

poultry farm» 

0,0002 0,0003 0,0003 0,0012 0,0041 0,0073 0,12  0,13  0,15 

KSUP 


«Plemtitsezavod 

«Belarusian» 

0,0008 0,0009 0,0012

0,02  0,04  0,07  0,023  0,047  0,097

JSC «Smolevichi 

Broyler» 

4,99 5,37 7,10 19,17 

21,71 23,03 27,31 

31,15 

37,30


25

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет