Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет36/54
Дата21.02.2017
өлшемі7,26 Mb.
#4640
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54

Кіріспе 

Шошқа малы біздің елімізде өсірілетін ауылшаруашылық малдарының бірі болып 

табылады.  Қазіргі  таңда  шошқа  шаруашылығының  даму  қарқынын  тежеп  отырған 

себептердің  бірі  ретінде    инвазиялық  ауруларын  атауға  болады.  Көптеген  паразитарлық 

аурулар  малдың  өсіп-жетілуін  тежеп,  өлімге  ұшыратып,  шаруашылыққа  ауқымды 

экономикалық зиян келтіреді. Осындай аурулардың бірі  - эймериоз.  

Шошқа эймериозы – жіті, жітілеу жəне созылмалы түрде өтетін, ішектердің кілегейлі 

қабығының қабынуымен, іш өтуімен, арықтауымен жəне мал өлімімен сипатталатын ауру 

[1].  Солтүстік  жəне  Шығыс  Қазақстан  облысында  шошқаларды  эймериозге  зерттеу 

нəтижесінде  зақымдалу 67,5% құраған [2]. Ал  Алматы  облысының  шошқа 

шаруашылықтарынан  эймерийлердің 5 түрін  жəне  изоспораның 2 түрін  тіркеген [3]. 

Қазақстанның  кейбір  аймақтарында  зерттеу  жұмыстарын  жүргізгенде  эймерийлердің 8 

түрін анықтаған [4]. Ғалымдардың айтуынша эймериозды жұқтыру көзі болып шошқалар 

тұрған  қора  едені,  науалар,  серуендеу  алаңдары,  жайылымдықтар,  азық,  су  жəне 

шаруашылық  маңы  табылады [5].В.А.Дзержинский  жəне  О.Беркінбай  шошқаларды 

тəжірибе  түрінде  зақымдап,  малдың  тірі  салмағын  жоғалтуын,  жүрек  соғысы  мен  тыныс 

алуының  жиілеуін,  дене  қызуының  көтерілуін  байқаған [6].Ғылым  жəне  тəжірибемен 


275

 

 



айналысатын  мамандардың  көптеп  күш  салысып  айналысуына  қарамастан  эймериозбен 

күресу шаралары кейбір жағдайларда оң нəтиже бермей келеді. 

Біздің  зерттеуіміздің  мақсаты  Алматы  облысы  Ескелді  ауданындағы  шошқа  

эймериозы бойынша індеттік ахуалға талдау жасау жəне ауру малдағы эймериоздың тəнді 

клиникалық белгілерін анықтау болып табылды. 

Зерттеу материалдары мен əдістемелері  

Жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университетінің паразитология зертханасында жəне 

Алматы облысы Ескелді ауданының жеке шошқа шаруа серіктестігіндежүргізілді.  

Жұмыста жалпы клиникалық жəне паразитологиялық зерттеу əдістері қолданылды. 

Эймерийлердің  түрлерін  анықтап,  бір-бірінен  ажыратқанда  С.К.Сванбаев  жəне  т.б. 

авторлармен  кестелерін  пайдаландық.  Зерттеу  барысында  эймерий  ооцисталарының 

пішініне,  көлеміне,  түсіне,  сыртқы  қабықтарының  құрылымына,  споруляция  мерзімінің 

ұзақтылығына,  полярлық  түйіршіктерінің  жəне  микропилесінің  бар-жоғына  көңіл 

аудардық. Əрбір шошқадан жекелеп алынған нəжіс сынамаларын гельминтоовоскопиялық 

Дарлинг əдісімен зерттедік.  

Эймериоздың эпизоотологиялық жағдайын анықтағанда инвазияның мерзімділігін, 

малдың жасына байланысты эймериозға шалдығу  интен-сивтілігін, экстенсивтілігін ескере 

отырып, жұмыс жүргіздік.  

Зерттеу нəтижелері жəне талдау  

2013-2014  жылдар  арасында  Алматы  облысы  Ескелді  ауданы  шаруашылықтарда 

шошқа  эймериозының  ауру  белгілері  зерттелді.  Зерттеу  жұмыстары  жүргізілген  шошқа 

шаруашылықтарының  екеуінде де эймериоздың жіті, жітілеу түрі тіркелді. Эймериоздың 

бұл түрінде торайлардың дене қызуы 41,1˚С көтеріледі, тəбеті төмендейді. Тамыр соғысы 

жиілейді,  қимыл-қозғалыс  белсенділігі  төмендейді  жəне  шырыш  пен  қан  аралас  іш  өту 

байқалады.  Көзге  көрінетін  кілегей  қабықтары  бозарады,  тыныс  алуы  қиындайды  жəне 

жиілейді. Аурудың 7-8 күндері жабырқау жағдайы тереңдей түседі, торайлар көбінесе жата 

береді.  Көзге  көрінетін  кілегей  қабықтарынан  қаназдық  белгілері  байқалады.  Торайлар 

титықтап, қатты арықтайды.  

Эймериоздың осы жіті түрі зерттеу жұмыстары жүргізілген Малагровка, Қарабұлақ 

ауылдарына  қарасты  шошқа  шаруашылықтарында  барлық  тексерілген 1-3 айлық 

торайлардың 38,7% кездесті. Ауру жоғарыда сипатталған ауру белгілерімен өтті.  

Копрологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында  ауырған  торайлардан 

микроскоптың 1 көру алаңынан 1-25 ооциста анықталды. Ал ИЭ 48% тең болды.  

Жітілеу түрі 4-6 айлық шошқалар арасында кездеседі. Ауру барысы бұл кезде жіті 

түрге қарағанда сəл бəсеңірек дамиды. Азыққа тəбеті төмендейді, салмағы азаяды, кейде іш 

өтеді, ал кей жағдайда іш қатады. Шошқалардың жалпы жағдайы жабырқау, қимыл-əрекет 

белсенділігі төмендейді. Зерттелген шаруашылықтарда өсірілетін шошқалардың арасында 

эймериоздың жітілеу түрі де тіркелді. Ауырған шошқалар сау малға қарағанда əлсіз, салмақ 

қосуы  төмен,  азыққа  тəбеті  нашар,  көбінесе  жата  береді.  Копрологиялық  зерттеу 

жұмыстарының нəтижесінде микроскоптың 1 көру алаңында 2-45 ооциста анықталды. Осы 

ретте ИЭ 55-67,5% болды.  

Дегенмен,  көп  жағдайларда  эймериоздың  созылмалы  түрі  жиі  тіркеледі. 

Эймериоздың бұл түрі ересек шошқалар арасында кездеседі. Шошқалар арықтаған, оқтын-

оқтын  іш өту байқалады. Кейде іш қату пайда болады. Жа-нуарлар жабырқау, азыққа тəбеті 

төмен, көзге көрінетін кілегей қабықтары бозарған.  

Жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  нəтижесінде  əртүрлі  жастағы  шошқалар 

арасында  ауруға  шалдығу  қарқыны  мен  ауру  барысы  арасында  келесідей  байланыстар 

анықталды ( 1 кесте). 

 

 

 



276

 

 



1 – кесте. Шошқалардың эймерийлермен зақымдалу қарқыны мен ауру барысы. 

 

Жасы 



Зақымдалу қарқыны 

Ауру барысы 

1-3 айлық 

Микроскоптың 1 көру 

алаңында 1-10 ооциста. 

Микроскоптың 1 көру 

алаңында 10-20 ооциста. 

Микроскоптың 1 көру 

алаңында 30-45 ооциста. 

Микроскоптың 1 көру 

алаңында 45-65 ооциста 

Эймериозге 

тəн 

ауру 


белгілері жоқ. 

Созылмалы. 

 

Жітілеу. 



 

Жіті түрі.  

4-6 айлық 

Микроскоптың 1 көру 

алаңында 1-20 ооциста. 

Микроскоптың 1 көру 

алаңында 20-60 ооциста. 

Ауру 


белгілері 

байқалмайды. 

 

Созылмалы. 



Ересектер 

Микроскоптың 1 көру 

алаңында 1-20 ооциста.  

Микроскоптың 1 көру 

алаңында 20-50 ооциста 

Тасымалдаушы түрінде. 

 

Созылмалы. 



 

1 - кестеде көрсетілгендей 1-3 айлық торайлар арасында ИИ 1-10 ооциста болғанда 

ауру  белгілері  байқалмайды.  Ал  микроскоптың 1 көру  алаңында  ооцисталар  саны 10-20 

болса, инвазия созылмалы түрде өтеді. Торайлардың өсуі мен жетілу қарқыны төмендеген. 

Ал  ооциста  саны  микроскоптың 1 көру  алаңында 30- 45 жеткен  жағдайда  эймериоздың 

жітілеу түрі тіркеледі. Егер микроскоптың 1 көру алаңында ооциста саны 65 жетсе, онда 

аурудың жіті түрі жайлы айтамыз.  

 

 



 

1-сурет. Сынамалар алу. 

 

4-6  айлық  шошқаларда  ооцисталар  саны  микроскоптың 1 көру  алаңында 1-20 



аспайтын  болса,  ауру  белгілері  айқындалмайды.  Ал  ооцисталар  саны 60 жетсе,  ондай 

жағдайда эймериоз созылмалы түрде өтеді. Шошқалар арасында салмақ қосу төмен, азыққа 

тəбет  нашар,  дегенмен  жалпы  жағдайы  орташа.  ИИ 60-115 ооцистаға  теңелген  жағдайда 

жітілеу түрі тіркеледі. Шошқаларда іш өту, өсуінің тежелуі жəне жабырқау байқалады (2 

сурет).  

 


277

 

 



 

 

2-сурет.Эймериоздың жітілеу түрі 



 

Ересек шошқалар арсында ИИ 1-20 ооцистаға тең болған жағдайда олар эймериоз 

қоздырғыштарын тасымалдаушылар ретінде қарастырылады. Ал егер микроскоптың 1 көру 

алаңында  ооцисталар  саны 50 жетсе,  онда  эймериоздың  созылмалы  түріне  тəн  ауру 

белгілері пайда болады, яғни шошқалар арықтаған, оқтын-оқтын  іш өту байқалады. Кейде 

іш  қату  пайда  болады.  Жалпы  жағдайы  күйзелген,  азыққа  тəбеті  төмен,  көзге  көрінетін 

кілегей қабықтары бозарған. 

 

        



 

 

1-сурет. Спорланған эймерия ооцисталары  



Eimeria debliecki 

 

Сонымен, клиникалық, гельминтоовоскопиялық зерттеулердің нəтижесінде Алматы 



облысы  Ескелді  ауданының    шаруашылықтарындағы  шошқалардың  эймериялармен 

зақымданғаны  белгілі  болып  отыр.  Сондықтан,  шошқа  эймериозы  бойынша  індеттік 

жағдайға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыру қажет. 

Қорытынды 

Жүргізілген  зерттеулердің  нəтижесінде  Алматы  облысы  Ескелді  ауданының  

шаруашылықтарындағы  шошқалардың  эймериялармен  зақымданғаны  белгілі  болды. 

Шошқа  эймериозының    жіті,  жітілеу  жəне  созылмалы  түрде  өтетіні  анықталды. 

Эймериозбен ауырған шошқадағы тəнді клиникалық белгілеріне талдау жасалынды.  


278

 

 



Əдебиеттер  

 

1.

 



Шабдарбаева  Г.С.  Ветеринариялық  протозоология  жəне  арахноэнтомология. 

Оқулық. Алматы. 2011. - 181 бет. 

2.

 

Искаков  М.М.  Эймериоз  овец  и  ангорских  коз,  меры  борьбы:  Дисс.док.  наук. - 



Алма-Ата, 1997. 

3.

 



Пайчук  Н.Г.  Материалы  к  фауне  кокцидий,  возрастная  и  сезонная  динамики 

заражения кокцидиями свиней в Казахстане: Автореф.канд.дисс. -  Алма-Ата, 1950.- С.16. 

4.

 

Сванбаев  С.К.  Кокцидиозы  сельскохозяйственных  животных. -Алма-Ата:  Наука, 



1977. - С.94-111.  

5.

 



Сафиуллин Р.Т. Эффективность байкокса при изоспорозе и эймериозе молодняка 

//Ветеринария. – М., 2000.- №4.- С.28-32. 

6.

 

Дзержинский В.А., Беркинбаев О. Диагностика, терапия и профилактика паразитов 



свиней на свиноводческих комплексах  Казахстана //Рекомендации. – А-А, 1988.- С.12. 

 

Розямов А.Р., Ахметова Г.Д. 



 

КЛИНИЧЕСКИЕ ПРИЗНАКИЭЙМЕРИОЗА, ДИАГНОСТИРОВАННОЙ У СВИНЕЙ В 

СВИНОВОДЧЕСКИХ ХОЗЯЙСТВАХ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ 

ЕСКЕЛЬДИНСКОГО РАЙОНА 

 

В результате проведенных исследований в свиноводческих хозяйствах Алматинской 



области  Ескельдинского  района  определены  клинические  признаки  у  больных  свиней, 

специфичные  к  данному  заболеванию.Было  выявлено,  что  эймериоз  свиней  протекает  в 

остром, подостром и храническом течениях.    

Ключевые слова: 

эймерия, эймериоз, ооциста, овоскопия, копрология, микроскопия, 

кокцидиоз. 

 

Rozyamov A, Akhmetova G. 



 

THECLINICALSIGNS OFEIMERIOSIS, DIAGNOSED IN SWINE, IN THE SWINE 

FARMS OF ALMATY REGIONESKELDI DISTRICT 

 

 The research work presents the information of the swine farminthe Almaty regionEskeldi 



district, where clinical symptoms were found specific for indicated disease. At the same time 

eimeriosis proceeds in acute, sub-acute and chronicflows. 



Keywords: 

Emery, eimeriosis, oocyst, candling, scatology, microscopy, coccidiosis. 

 

 

 



 

 

279

 

 



ƏОЖ:611.08:57.089.36:618.46(045) 

 

Сахария Л.,  Аймаков О., Əбдірахманов Т.Ж. 

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 

 

ҰЛПАЛЫ ПРЕПАРАТТЫҢ ФИЗИКО – ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМДАРЫН ЗЕРТТЕУ 



НƏТИЖЕСІ 

 

         Аңдатпа 



         

Мақалада сиырлардың шуының кешеуілдеуін алдын алу мақсатында амнион 

қабатынан дайындалған ұлпалы препараттың физико – химиялық құрамы анықталғаны 

көрсетілген. 

         Кілттік сөздер: сиыр, шу, амнион, ұлпалы препарат, биохимиялық көрсеткіштер.   

         Кіріспе 

         Мал  шаруашылығын  өркендетудің  негізгі  міндеті  мал  өнімдері  бағасын  жоғарлату 

жəне  сиырлардың  репродуктивті  қызметін  белсендіріп  мал  басын  көбейтіп,  сапасын 

жақсарту.  Сиырлардың  өндіру  қызметі  нашарланған  кезде,  қысырлық  пен  бедеулік 

байқалып, олардың төл əкелуі төмендейді. Қазіргі кезде мал шаруашылығында көп шығын 

тудыратын,  бірқатар  аурулар  кездеседі,  оның  ішінде  біз  қарастырып  отырған  шудың 

кешеуілдеуіне  тоқталар  болсақ,  олар  көптеп  кездесіп,  үлкен  экономикалық  шығын 

тудырады [1,2].  

        Бұрынғы  ірі  малшаруашылық  кешендерінің  таралуы,  олардың  орнына  əр  түрлі 

акционерлік  қоғамдар  жəне  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестердің  пайда  болуы  тəрізді 

көріністердің бой алуы ветеринарлық қызметтердің де ұсақталуына, тиісінше емдік алдын 

алу жұмыстарының тиісті деңгейлерде өткізілмеуіне əкеліп соқты. Нəтижесінде ауруларға 

қарсы,  атап  айтқанда  біз  қарастырып  отырған  шудың  кешеуілдеуіне  қарсы  шаралар 

уақыттында  жүргізілмейді, сиырлар ауруға шалдығады. 

        Шудың  кешеуілдеуі    көптеген  төлдеуден  кейінгі  асқынуларды  сонымен  қатар 

бедеулікке  бастайтын,  төлдің  шығуына  қиындық  келтіретін,  сүт  өнімділігінің  кемуіне 

кедергі келтіретін бірден-бір  маңызды факторы болып табылады. Шудың кешеуілдеуі – 

төлдеуден    кейін 6-8 сағатта  төл  қабығының  бөлінбей  қалуы.  Бұл  орта  есеппен 5% 

сиырларда, ал өндіріс жағдайында шудың кешеуілдеуі жалпы туу санынан 30 % жиілікті, 

түсік  тастау  ретінде  60%-ды  көрсетеді.  Шудың  кешеуілдеуінен  кейін 55-85% сиырлар  

эндометритке шалдығады. Төлдеу мен ұрықтандыру  мерзімі 140 күнге созылады, себебі 

төлдегеннен кейнгі ауруды ұзақ жəне интенсивті емдеу үлкен қаржылық шығынды талап 

етеді [3,9]. 

        Сүтті бағыттағы мал шаруашылығына кедергі келтіретін тағы бір себеб ол туу кезіндегі 

жəне  туудан  кейінгі  аурулар,  соның  ішінде  жиі  кездесетіндері  шудың  кешеуілдеуі, 

эндометриттер,  жатрдың  субинволюциясы  сияқты  аурулар  экономикалық  шығынға 

ұшыратады.  Сондықтан  сиырлардың  акушерлік  гинекологиялық  патологияларына  əсіресе 

буаздылық кезінде жəне төлдеу кезінде профилактикалық шаралар жүргізіп отыру аса маңызды 

рөлді алып отыр [4 , 5]. 

       Осы таңда биологиялық белсенді ұлпалы препаратты қолданудың маңызы артып 

келеді. Ол өз кезегінде жануарлар ағзасының тұрақты резистенттілігін арттырып отыр. 

 Біздің зерттеу  мақсатымыз ретінде ұлпалы препаратың физико – химиялық құрамын  

анықтау болып табылады. Соған орай келесі мəселелер қойылды. 

      1.Ұлпалы препаратты хромотографиялық əдіс арқылы зерттеу. 

      2.Ұлпалы препараттағы биохимиялық көрсеткіштерін анықтау. 

         


280

 

 



 Зерттеу материалдары мен əдістері.

   


         Ғылыми жұмыс 2015жылы  С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ  «Ветеринарлық 

медицина» кафедрасының  зертханасында жəне Физика жəне химия кафедрасының 

"Биологиялық белсенді заттарды физика - химиялық зерттеу əдістері" ғылыми - зерттеу 

зертханасында, сонымен қатар биотехнологиялық орталығында жүргізілді 



        

Ұлпалы  препаратты  дайындау  үшін  плацента  амнион  қабаты  алынды.  Даярлау  əдісі 

«Ветеринарлық  медицина»  кафедрасының  ғалымдары  ұсынған  əдісті  қолданып 

дайындалады. Дайын болған ұлпалы препараттың  физико - химиялық құрамын анықтау 

үшін  электрофорез  жəне  хроматография  əдістері  қолданылды.  Сондай  ақ  ұлпалы 

препараттың ph  анықтап,  тышқандарға  улылығы  мен  зиянсыздығына  тексердік. 

Препараттың pH  көрсеткіші 7  бейтарап  орта  екені  анықталды.  Зиянсыздығын  анықтау 

үшін 5 ақ  тышқандарға 0,5мл  дозада    əрқайсысының  құрсақ  қуысына  амниотикалық  

препаратты  енгіздік.  Нəтижесінде  егілген  зертханалық  тышқандардың  бесеуіде  сау  жəне 

жарып – сою барысында ешқандай патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. 

           Амнион қабатынан жасалған препарттың ақуыздық құрылымын  жəне молекулярлық 

массасын анықтау үшін тікелей электрофорез  12,5 %  полиакриламидті гелде жүргізілді. 

Нəтижесінде 55кДа молекулярлық масса анықталды.  

          Зерттеу нəтижелері жəне талдау    

          Ұлпалы  препараттың  құрамында  қандай  заттардың  бар  екендігін  анықтау  үшін 

зертханалық  жағдайда  экстракция  хроматография  əдістерін  қолдана  отырып  əртүрлі 

химиялық реагенттерді пайдаланып оларды бірнеше фракцияларға бөлініп алынды. Бөлініп 

алынған фракциялардан анықталған амин қышқылдары төмендегі 1- кестеде көрсетілген.       

                                                                                                  

   

 Кесте 1.Ұлпалы препаратты хроматографиялық зерттеу кезіндегі нəтижесі 



 

№  Аминқышқылдарының

Атауы 

Аминқышқыл 



белгілеуіштер

Ұлпалы 


препаратта 

анықталған 

аминқышқылдары 

1. 


Аспарагин  

0,23 


2. 


Глутамин  

0,25 


0,25 

3.   Пролин  

0,25 

0,25 


4. 

Лизин  


0,30 

5. 



Гистидин  

0,36 


6. 


Аргинин  

0,43 


7. 


Триптофан  

0,56 


8. 


Треонин  

0,59 


9. 


Аланин  

0,61 


10.  Серин  

0,62 



11.  Аспаргин қышқылы 0,68 



0,67 

12.  Цистеин  

0,70 

0,73 


13.  Глутамин қышқылы 0,75 

14.  Валин  



0,81 

0,80 


15.  Метионин  

0,93 


16.  Изолейцин  

0,95 

0,95 


17.  Лейцин  

0,98 


18.  Фенилаланин  

0,99 



          



281

 

 



 Жұқа  қабатты  хроматография  жүргізудің  нəтижесінде  жоғарыдағы    кестеде 

көрсетілген  аминқышқылдарының  ішінде  ұлпалы  препараттың  құрамынан  глутамин, 

пролин, аспаргин қышқылы, цистеин, валин жəне изолейцин аминқышқылдары анықталды.  

 

           Ұлпалы  препараттың  құрамындағы  биохимиялық  көрсеткіштерін  автоматты 



биохимиялық анализатормен ( BioChem FC-200 )  анықтадық. 

                                                                                                              

 

 

       



Кесте 2. Ұлпалы препараттың құрамындағы биохимиялық көрсеткіштер 

 

Элементтің толық атауы 



Элементтің көрсеткіші 

Өлшем бірлігі 

Жалпы белок 6 

г/л 


АЛТ(аланинаминотрансфераза) 2 

ӨБ/л 


АСТ( аспартатаминотрансфераза)

ӨБ/л 



Жалпы билирубин 0,00 

Мкмоль/л 

Тікелей билирубин 0,5 

Мкмоль/л 

Магний 0,2 

Моль/л 


Кальций  

0,2 


Моль/л 

Креатинин  

423 

Ммоль/л 


Несеп қышқылы 40 

Ммоль/л 


Глюкоза  

1,1 


Моль/л 

Холестерин  

0,2 

Моль/л 


Несеп азоты 4,0 

Моль/л 


Сілтілік фосфатаза 7 

ӨБ/л 


 

 Кестені  талдайтын  болсақ  ұлпалы  препараттың  құрамында  жалпы  белоктың 6 г/л, 

магний 0,2 ммоль/л,  кальцийдың 0,2ммоль/л,  кератинин 423 г/моль,  несеп  қышқылының 

40г/моль, глюкозаның 1,1ммоль бар екені анықталды. 

        Қорытынды 

        Қорытындылай  келе      амнион  қабатынан  жасалған    ұлпалы  препараттың  химиялық 

жəне биохимиялық құрамы анықталды. Сонымен қатар олардың организмге тигізер əсері 

зерттелуде. 

 

Əдебиеттер 

 

1.

 



Əбдірахманов  Т.Ж.  Сиырлардың  репрадуктивті    органдарының  аурулары / 

Астана,2009.- 29 бет/ 

2.

 

Баталин Ю.Е. Особенности патологии воспроизводства крупного рогатого скота // 



Материалы Всеросс. науч.метод. конф. Патологоанатомов ветеринарной медицины. Омск 

,2000.- с 171-172. 

3.

 

Колчина А.Ф.   Применение нового средства на основе глицеролата кремния для 



лечения коров при задержании последа // Аграрный вестник Урала.-2011.-№12.-С.26-287 

4.

 



Джакупов  И.Т.,  Есжанова  Г.Т.,  Жамантаев  Д.С.  Причины  снижения 

воспроизводительной функции коровзависимых пород в условях Северного Казакстана // 

Инновации – путь к новому этапу развития АПК: материалы Междунар. науч.-практ. конф., 

посвящ. 100-летию проф. М.И. Гендельмана. – Астана ,2013. – С. 52-55  

5.

 

И.Н.  Зюбин  мен  М.Ф.  Зюбина.  Взятие  проб  из  матки  для  гистологического    и 



бактериологического  исследований //Сибирский  вестник  сельскохозяйственной  науки. - 

2004. - №3. - С. 97-98 . - ISSN 0370-8799  

6.

 

Шкуратова  И.А.  Коррекция  иммунного  статуса  высокопродуктивных  коров // 



Ветеринария . -2008. -№2. – С. 11-12. 

282

 

 



7.

 

Алексеев А.П. Сравнительная эффективность различных способов отделения 



задержания последа у коров: автореф. дис. . канд. вет. наук / А.П. Алексеев Саратов, 2003. 

- 14 с.  

8.

 

Багманов М.А. Микрофлора матки коров после нормальных и патологических 



родов / М.А. Багманов // Актуальные проблемы и достижения в области репродукции и 

биотехнологии : сб. науч. тр. Ставрополь, 1998. - С. 179-181.  

9.

 

Долженков Ю.А. Фармакопрофилактика задержания последа и послеродовых 



эндометритов у коров селеносодержащими препаратами: автореф. дис. . канд. вет. наук. / 

Ю.А. Долженков. Краснодар, 2010. - 29 с.  

 

 

        В статье приведены  данные  по  исследованию тканевого препарата при задержании 



последа коров. В приготовленный тканевом препарате изучены физико – химические 

показатели  путем методами хроматографии и электрофореза. Установлено, что в составе 

тканевого препарата выявлены аминокислоты и белки, которые оказывают благоприятные 

воздействие на организм больного животного, что позволяет получить терапевтических 

эффектов. 

 

      This article presents data on tissue specimen research at retention of cows’ placenta. It is 



studied the physical - chemical parameters in the prepared tissue specimen, by chromatography 

and elektrofarez it is found that amino acids and proteins are in the composition of tissue specimen

which have a beneficial impact on a sick animal organism to provide a therapeutic effect. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет