баяу жүретін білім алушыларда кездесетін мәселелер ойдың бірізділігін сақтаумен
байланысты болатыны негізделді. Жазылым жұмысын орындау барысында білім
алушыларда туындайтын сөйлем синтаксисінің, грамматикалық құрылымның қателіктері
мәселелері оқыту үдерісіндегі тілдік мақсаттардың жүзеге асырылмауы мен немқұрайлылық
салдарынан пайда болады.
Білім алушылардың жазылым жұмысындағы логикалық және стилистикалық бояудың
жеткіліксіздігі олардың тілдік білімдеріндегі олқылықтарға байланысты орын алып отыр.
Сонымен қатар, лексикалық қордың деңгейге сай болмауы орындалатын лексикалық
жаттығулардың аздығымен сипатталады. Аталған мәселелерді шешу мақсатында білім
алушыларға бірнеше әдеби шығармаларды оқып, ауызша және жазбаша талдау жасау
ұсынылды.[2, 163] Тілдік деңгейлерінің әртүрлілігіне байланысты “The Fisherman and his
soul”, “The picture of Dorian Gray” және “1984” атты шығармалардың бөлімдері берілді. Білім
алушылар өздігінен талдаған мәтіндерге ауызша дискурс жасауда көп қиналмайды, өйткені
шағын жауаптар беріледі. Бірақ жазылым барысында ойдың логикалық бірізділігін сақтауда
кідіріс пайда болады, себебі мәтін мазмұнын жазу көлемі кең. Мазмұнды жазылым жұмысы
негізінде ұсынудағы лексикалық қордың жеткіліксіз болуын тудырмау мақсатында әртүрлі
тақырыптық сөздіктер құрастырылып, білім алушылармен ойын элементтерін қолдану
арқылы жұмыстар атқарылды.
Жазылым дағдысын қалыптастыруда білім алушыларда кездесетін мәселелерді шешу
қатаң саралау жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Оларды жою үшін қолданылатын шаралар
қатарына оқытуды алдын-ала жоспарлау, білім алушының мүмкіндіктерін ескере отырып,
жеке жұмыс жоспарын құрып, тақырыптарды шынжырлы әдіспен меңгерту кіреді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, білім алушыларға әдеби шығармалармен жұмыс жүргізу,
саралау тапсырмаларын тереңдету арқылы жазылым дағдысын қалыптастыруда жетістікке
жетуге болатындығы көрінді. Қолданылған эксперименттік тәсілдерді дамытып, жазылым
дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдістемелік кешенді құру жоғарғы сынып
оқушыларында кездесетін жазылым мәселелерін шешуде тиімді құрал бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: