Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақ грамматикасы. - Астана,  2002, 556-564-бб. 
2. Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991, 362-395-бб.  

 
138 
3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007, 350-371-
бб. 
4.  Оразбаева  Ф.Ш.,  Сағидолда  Г.,  Қасым  Б.,Қобыланова  А  және  т.б. 
Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005, 383-394-бб.  
5. Төлеуов Ә . Сөз таптары. - А., 2002. 
6.  Әміров 
Р.  Қазақ  тіліндегі  жалғаулықтар.  –  А.,  1959.                          
7. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. // Қазақстан мектебі. №9. 1962. 
8.  Шақаман  Ы.  Демеулік  шылаулардың  зат  есімге  тіркесі  мен 
қолданылу аясы. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1967, № 9, 77-80 бб. 
9.Сарыбаев Ш. Междометия в казахском языке. – А., 1959.  
10.Қалыбаева  А.  Оралбаева  Н.  Қазіргі  қазақ  тілінің  морфемалар 
жүйесі . – А, 1986,136-185бб. 
Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма. Сөйлемдердегі шылауларды түрлеріне топтап, 
мағынасына қарай жазыңыз. 
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. 
(Б.Момышұлы.)  Өмір  де  мысал  өлең  секілді:  ұзақтығымен 
өлшенбейді,  мазмұнымен  өлшенеді.  (Сенека.)  Адамдардың  бір—
бірінен  айырмашылығы  мынада:  біреулері  нені  айтуға,  не  істеуге 
әуелі  ойлап  алады,  енді  біреулері  айтарын  айтып,  істерін  істеп 
алғаннан  кейні  барып  ойланады.  (Горький.)  Адамда  екі  түрлі 
қылықтың  жолы  бар:  бірі  -  тіршілік  қамы,  бірі  -  адамшылық  қамы. 
(М.Әуезов.)  Жалған  намыс  қасиет  емес,  ар  сақтаған  қасиет  (М 
Әуезов.) Ерлік әдетте жұмсақ мінезді серік етеді, сондықтан ер жүрек 
адам  қайырымдылық  жасауға  басқадан  гөрі  қабілетті  келеді. 
(Н.В.Шелгунов.) 
2-тапсырма. Сөйлемдердегі шылаулардың қандай сөз табына, 
қандай тұлғалы сөзге тіркесіп тұрғанын көрсетіңіз. 
Дүниеге  сәби  келді.  Неге  екенін  кім  білсін,  сол  арада  қас  қағым 
сәт өтті ме, өтпеді ме, ол әлжуаз жанары өзі келген осынау жап-жарық 
әлемді, шеті мен шегіне көз жетпейтін көк аспанды көре сала қолды-
аяққа  тұрмай  шырқырап  жылай  жөнелді.  Біресе  соншалықты  нәзік, 
соншалықты  дәрменсіз,  титімдей  аяқ-қолын  ербеңдетіп,  біресе 
шалқалақтап,  шегі  үзілердей  ұзақ-ұзақ  шырылдайды  да,  енді  бірде 
тағдырына,  шарасыздығына  мойынсұнған  кейіппен  солығын  басып, 
жұдырықтай  ғана  қызыл  шақа  көкірегі  баяу  солқылдап  тып-тыныш 
бола  қалды.  Сосын  әлгі  бір  аянышты  дауыспен  тағы  да,  қайта-қайта 
шырылдап  келіп  жылай  бастайды.  О,  Құдірет-ай  десеңші,  сол  сәби 
сонда  күні  ертең  алдында  күтіп  жатқан  өмірдің  қиқалаңы  мен 
бұралаңын,  кесапаты  мен  шарапатын,  удай  ащысы  мен  бал  татыған 
шырын  шағын  кезек  тартып,  тіпті  кей-кейде  оп-оңай  келе  қалған 
болмашы  бақытқа  да  жылата  салатын  опасыздығын  білгендей-ақ 

 
139 
екен-ау.  Ол,  соған  қарамастан  ақиретке  аттанарда  да  сол  опасыз 
жалғанда  әлі  де  алажағы  бардай  қимай,  қия  алмай,  тағы  да  көп 
қиналып оңашада өксіп-өксіп жылап алатын болды. Құнекеңнің ақын 
баласы  адам  баласының  осынау  тұтас  бар  өмірін  данышпандықпен: 
«Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең,  Өлеңмен  жер  қойнына  кірер 
денең», - деп, екі-ақ жолға сыйғызып суреттеп беріпті. (М.Кенжебай.) 
3-тапсырма. Бекіту сұрақтары 
Шылау дегеніміз не? 
Шылаудың грамматикалық қызметі қандай? 
Шылаудың түрлері 
Септеулік шылаудың түрлері 
Жалғаулық шылаудың түрлері 
Демеулік шылаудың түрлері  
4-тапсырма. Бекіту тестісі 
1.Шылау дегеніміз.... 
А) Өз алдына жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын , толық 
мағынасы жоқ, тек негізгі етістіктермен , есім сөздермен тіркесіп қана 
қолданылатын сөздер. 
Б)  Лексикалық  мағынасынан  айрыла  бастап,сөйлемде  екінші  бір 
сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер 
С)Толық  лексикалық  мағынасы  жоқ,бірақ  сөз  бен  сөзді,  сөйлем 
мен  сөйлемді  байланыстыратын  немесе  сөзге  қосымша  мән  үстеп 
тұратын көмекші сөздер. 
Д)  Табиғатта  заттардың  қозғалуы  ,  бір  бірімен  қақтығысуы  , 
соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал әрекеттің нәтижесінде пайда 
болған дыбыстарға еліктеу арқылы жасалатын сөздер 
2.Шылаулы сөйлемді тап. 
А)  Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін,  жоқты  барды  ертегіні 
термек үшін 
Б) Бір күні хан нөкерлерін ертіп серуенге аттаныпты. 
С) Көзі мөлдңреген аруға Ботагөз деп ат қойған. 
Д)  Шоқпардай  кекілі  бар  қамыс  құлақ,Қой  мойынды,  қоян  жақ, 
бөкен қабақ. 
3.Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар? 
А) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды 
Б) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды 
С) Шылаулар түрленбейді 
Д) Берілген жауаптың бәрі дұрыс 
4.Шылаудың  басқа  сөз  таптарынан  неше  айырмашылығы  бар? 
А) Екі. Б) Үш. С) Төрт. Д) Бес 
5.Лексикалық  мағынасынан  айырылу  нәтижесінде  пайда  болған 
сөздер.... 

 
140 
А) Одағай. Б) Есім сөздер. С) Еліктеу. Д) Шылау 
6.Шылау  сөзде  білдіретін  мәні  мен  сөйлемде  атқаратын 
қызметіне қарай нешеге бөлінеді? 
А) Екі. Б) Үш. С) Төрт. Д) Бес 
     7.Шылаулы сөйлемді тап. 
А) Әскери тұтқындар лагері Днепр маңындағы Хоцко селосында 
болатын. 
Б)  Қаусаған  арбаның  дөңгелектері  кетіп  ,  көпті  көрген  көне  жол 
үстінде баяу ғана сықырлайды. 
С)  Жамырай  шапқан  жүздікті  сегіз  зеңбірек  пен  үш  жүз  мерген 
жалп  беріп  қарсы  алады  да,содан  қалғандарын  казактар  турап 
тастамақ. 
Д) Жерден ауыр дегенім ақыл-білім дегенім. 
8.Септеулік шылаулар қатарын тап 
А) Арқылы, жайлы, сияқты. Б) Шейін, қарай,дегенмен. 
С) Бірге, соң, және. Д) Кейін, туралы, менен. 
9.Септеулік шылаулар сөйлемде неше қымет атқарады? 
А) Екі. Б) Үш. С) Төрт. Д) Бес 
10.Септік  тұлғадағы  толық  мағыналы  сөзбен  тіркесіп  келіп, 
оған  қосымша  мән  үстеп,  оны  екінші  бір  сөзбен  байланыстыратын 
шылау 
А) Септеулік. Б) Демеулік. С) Жалғаулық. Д) Жауап дұрыс емес 
 
4.9 Одағай 
 
Одағай,  түрлері,  грамматикалық  ерекшеліктер.  Қазіргі  таңда 
тілімізде (қазақ тілінде) қолданылып жүрген сөздер табиғи, қоғамдық 
құбылыстарды тілмен суреттеу үшін қажет. Тіліміздегі сөздердің бір 
тобы  зат  не  құбылыс  атаулары,  олардың  түрлі  сындық,  қимылдық 
атаулары  секілді  ұғымдарды  беріп,  нәтижесінде  әр  алуан  сөз 
таптарына  жатады.  Осы  сөздік  құрамда  қолданылып  жүрген  одағай 
сөздер – басқа сөз таптарынан өзіндік лексикалық әрі грамматикалық 
ерекшелігі  бар  сөз  табы.  Біріншіден,  одағайға  жататын  сөздер  тобы 
басқа  сөз  таптары  секілді  атауыштық  қызметте,  яғни  не  зат,  сын, 
қимыл  т.б.  атаулары  емес,  олар  адамның  сезім  көңіл-күйлеріне, 
психологиясына 
байланысты 
тұлғалар 
болады. 
Екіншіден, 
одағайлардың  және  бір  өзіндік  ерекшелігі  –  грамматикалық 
формалары 
жоқ 
болуынан, 
атауыштық 
қызметте 
жұмсалмайтындықтан  басқа  сөздермен  грамматикалық  қатынасқа 
түсе  алмайды.  Міне,  сондықтан  одағай  сөздер  сөйлем  құрамында 
басқа  сөздерге  қарағанда  оқшауланып  тұратындықтан,  оларды 
үтірмен  ажыратып  отырады.  Үшіншіден,  одағай  сөздер  басқа  сөз 

 
141 
таптарымен  (сирек  жағдайда  болмаса)  грамматикалық  қарым-
қатынасқа  түсе  алмай  қалыпты,    тұрақты  мүше  бола  алмағанымен, 
олар  сөйлемде  қабаттаса  қолданылатын  жанама,  яғни  жарыспалы 
сөйлем бола алады. Төртіншіден, одағайлар көп мағыналы болып келе 
береді.  Негізінен  алғанда  қайсыбір  одағайлар  жеке  қолданысында, 
басқа  сөздер,  сөйлемдермен  қарым-қатынассыз  алсақ,  оның  қай 
мағынада жұмсалып тұрғанын дәл айту қиын. Мәселен, ой, мә, уай, ә, 
ау  т.б.  одағайлары  кейде  таңдану,  өкіну,  қорқу,  сасқалақтау  секілді 
сезімдерді  білдіре  алады.  Ал,  оның  сөйлемде  осы  мағыналардың  
немесе басқа қай мағыналарда жұмсалып отырғаны сөйлемнің негізгі 
мағынасымен ашылады.  
Одағай  түрлері,  грамматикалық  ерекшеліктері.  Одағайлардың 
семантикалық  құбылмалығы  әр  түрлі.  Олардың  бірқатары  контексте 
бір-ақ мәнде қолданылса, енді бірқатары екі-үш не одан да көп мәнде 
жұмсалады.  Осыған  байланысты  А.Ысқақов  өз  еңбегінің  380-бетінде 
былай  дейді:  «Одағайлардың  дәлді  мағынасын  нақтылы  сөйлеу 
жағдайларымен  байланысты  контексте  айқындалады,  өйткені  бір 
одағай сөздің өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай, әр сөйлемде әр түрлі 
мағына  береді.  Демек,  бір  одағайдың  өзі  бірде  таңырқау,  бірде 
сүйсіну,  бірде  налу,  бірде  аяу,  бірде  ызалану,  бірде  ұнату,  бірде 
ұнатпау,  бірде  күдіктену,  бірде  мысқылдау,  бірде  назар  аудартып 
қарату  сияқты  жай-күйлерді  білдіріп  ауысып  отырады.  Мысалы:  Әй, 
сол  ма,  тәйірі!  (Ғ.Сланов);  Әй,  байғұсым-ай,  басын  бастаса,  түсіне 
кетесің-ау! (С.Мұқанов); Әй, сен өзің әрі кетші! (С.Мұқанов)». 
Кейде олардың бойынан энантиосемиялық құбылыс та (бір-біріне 
қарама-қарсы  мағынада  жұмсалатыны)  байқалып  отырады.  Осыған 
орай одағайларды үлкен екі топқа бөлуге болады: 
1) Бір мағыналы одағайлар. Бұл топқа одағайлар қай ситуацияда 
айтылмасын,  қай  контекске  түспесін,  қандай  интонациямен 
айтылмасын үнемі бір-ақ мәнде жұмсалады. Алақай! Ура! Сөздері тек 
шаттану,  қуану  сезімін  білдіру  үшінжұмсалса,  қап!  әттең!  әттең-ай! 
Сөздері  әр  уақытта  өкіну  мағынасында  жұмсалады.  Жердің  жүзін 
бейне ұжмаққа теңейтін, алақай-ау, алақай-ау, жаз келді (Майлин). Е, 
алақай,  біздің  тайынша!  –  деп  баласы  тайыншаның  мойнынан 
құшақтады  (Аймауытов).  Әттеген-ай,  неғып  біз  бұлай  қалдық  деген 
ой  әрқайсымызды  қинады  (Сейфуллин).  Әттең,  арбасына  сыймай 
сорлады  ғой,  әйтпесе  мұнысын  да  Қытайына  ала  кетер  еді 
(Жармағамбетов). 
2)  Көп  мәнді  одағайлар.  Бұл  топқа  екі-үш  не  одан  да  көп  мәнде 
жұмсалатын  сөздер  жатады.  Пәлі//бәлі  одағайы  үш  түрлі  мәнде 
қолданылады:  а)  Біреудің  іс-әрекетіне  не  сөзіне  риза  болып,  оны 
қоштау,  қолпаштау,  көтермелеу  мақсатымен  айтылатын,  шаттық, 

 
142 
қуаныш,  таңдану  мәнінде  жұмсалады.  Уа,  пәлі,  нағыз  әнші  мұнан 
шықты (Нұрпейісов). Іс шықса, Баршагүлден шығады демеп пе едім? 
Иә, иә, пәлі, қарағым! (Сланов).  
ә)  Біреудің  сөзін  жақтырмай,  наразылық  мағынасында 
жұмсалады.  –  Жарайды,  аңшы-ақ  екенсің!  Осындай  тоқ  итпен  аңға 
шыға ма екен?!  
- Көп тоқ емес-ті! 
- Бәлі, мынау не? Бүйірін қарашы! (Әуезов). 
Одағай  сөздердің  интонациялық  ерекшеліктері.  Одағай  сөздер 
басқа  сөз  таптарымен  салыстырғанда,  әуезділікке,  ырғаққа, 
эмоционалдық  құбылмалылыққа,  интонацияға  өте  бай.  Олар  көркем 
шығарма  тілінде  (әсіресе  диалогтерде)  көп  кездеседі.  Ал 
публицистика,  ғылыми  стильде  жазылған  шығармаларда  сирек 
қолданылады.  Одағайлар  кейде  бір  ғана  дыбыстан  да  тұрады.  Қазақ 
тіліндегі  дауысты  дыбыстардың  бәрі  бірдей  одағай  мағынасында 
жұмсала бермейді. Дауысты дыбыстардан тек ә, а, о дыбыстары ғана 
одағай  мәнінде  жұмсалады  да  ұ,  ү,  у,ө,  і  дыбыстары  одағай  жасай 
алмайды.  Ал  ы  дыбысы  одағай  қызметінде  сирек  кездеседі  (ы-ы-ы, 
солай де!). 
Грамматикалық 
ерекшеліктері. 
Одағайлар 
– 
негізінде 
түрленбейтін  сөздер  тобы.  Одағайлардың  өзіне  ған  тән  жұрнақтары 
жоқ.  Олар  субстантивтенгенде  ған  болмаса,  жалғауды  да  көп 
қабылдамайтын  сөздер.  Кейбір  одағайларға  –ла  (-ле);  -шыл  (-шіл) 
жұрнақтары  жалғанады:  ойбай-лау,  айт-айттап,  аһылап-үһілеп.  Ой, 
тәйір-айшыл  кер  кесек,  қулық,  сұмдық  не  өсек  (Абай).  Қасқырды 
жердің  елі  айтақшыл  (Мақал).  Одағайлар  бірінен  соң  бірі  дүркін-
джүркін  қайталанып,  қосарланып  айтылғанда,  сол  одағайлар  арқылы 
білдірейін деп отырған сезімнің күштілігін не ишараның, бұйрықтың 
қаттылығын,  қатаңдығын  білдіреді.  Тек-тек-тек!  бай-бай-бай-бай! 
Һай-һай-һай-һай  т.б.  Одағайлардың  қосарланып,  қайталанып 
айтылуында  белгілі  бір  заңдылық  бар.  Бір  топ  одағайлар  қосарлап 
айтуға көнбейді (тәйірі! қап! ту! бәсе! астапыралла! т.б.). Енді бір топ 
одағайлар дара күйінде де қолданыла береді. Ойбай! // ойбай, ойбай! 
тәк! / тәк, тәк! Жә! // жә, жә! Ырит соқ! // ырит соқ, ырит соқ! Әй! // 
әй, әй! т.б. 
Одағайлардың  енді  бір  тобы  тек  қана  қосар  тұлғасында 
жұмсалады  (сап-сап!  бай-бай!  әлди-әлди!  т.б.).  Малға  айтылатын 
одағайлардың  басым  көпшілігі  қосар  күйінде  айтылады.  Моһ-моһ! 
Кәуіс-кәуіс! Шөре-шөре! Көс-көс! т.б. 
Одағайлардың  құрамы.  Одағайларды  құрамы  жағынан  екі  топқа 
бөлуге  болады:  1)  түбір,  негізгі  одағайлар.  Бұл  топқа  әрі  қарай 

 
143 
бөлшектеуге  көнбейтін  А!  О!  Ә!  Ой!  Пай!  Қап!  Бәсе!  Мә!  сияқты 
одағайлар жатады. 
2)  Күрделі  одағайлар.  Бұл  топқа  бірнеше  сөзден  біріккен, 
қайталанған,  қосарланған  немесе  басқа  тілдерден  ауысқан  сөздер 
енеді. Мәссаған! Апырым-ай! Әттеген-ай! Бәрекелді! т.б.  
Ал  А.Ысқақов  болса,  одағайларды  құрамы  жағынан  негізгі  және 
туынды одағайлар деп екіге бөледі де, негізгі одағайларға: ау, па, ей, 
әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, әй, ие, аһа, ау, беу дегендерді 
жатқызады. 
Туынды 
одағайларға: 
мәссаған, 
бәрекелді, 
әттегенай, 
жаракімалла,  масқарай,  о  тоба,  астапыралла,  япырмай,  ойпырмай,  о 
дариға...  сияқтанғандар  жатады.    Бұлар  әуе-бастағы  мағыналы 
сөздерден  я  сөз  тіркестерінен  бірігіп  одағай  сөздерге  айналған. 
Мысалы,  мәссаған  деген  одағайдың  бастапқы  төркіні  –  мә,  саған; 
бәрекелді дегеннің төркіні – барақа аллаһу (алла саған бақыт берсін); 
жаракімалла дегеннің төркіні – я рақым (бер) алла; масқарай дегеннің 
түбірі – масқара-ай; о тоба дегеннің төркіні – истиғфару аллаһу (алла 
кешірсін);  япырай,  ойпырмай,  апырай  дегендердің  түбірлері  –  я, 
пірім-ай,  ой,  пірім-ай,  дегендерден  шыққан.  Ал  әттегенай  деген 
одағай  әйт  деген-ай  (айт  дегенің  -ой)  дегеннен  шыққан.  Бірақ  бұл 
сөздер  өздерінің  бастапқы  ақиқаттық  мағыналарынан  тіпті  алыстап, 
таң  қалу,  ұнату,  мадақтау,  өкіну,  шошыну  сияқты  көңіл  күйлерін 
білдіретін одағайларға айналып кеткен.  
Одағайдың  сөйлемдегі  қызметі.  Одағайлар  сөйлем  мүшесі 
ретінде қызмет атқаруы мына секілді екі жағдайға байланысты болып 
келеді.  1.Одағай  сөздер  кейде  субстантивтенуі  негізінде  әр  алуан 
қосымшаларды  қабылдап,  сөйлем  мүшелері  ретінде  қызмет  атқаруы 
ықтимал. Сен өзің ойбайдан басқа білетінің бар  ма? Ол кеше  аҺлап, 
үҺлеп  зорға  жетті.  2.Ал  кейде  одағай  сөздер  көмекші  етістікпен 
тіркесу  нәтижесінде  күрделі  мүше  құрамына  енуі  ықтимал.  Іздеуге 
ерініп,  шөре-шөре  деген  болды.  Барлығы  жиылып,  аттанар  алдында 
да  қош  десіп  жатты.  Ғалым  А.Ысқақов  еңбегінің  382-беттегі  пікірі 
бойынша  да  одағайлар  төмендегіше  екі  түрлі  жағдайда  ғана  сөйлем 
мүшесі  бола  алады,  яғни  келтірілген  мысалдар  да,  пікір  де  осы 
айтылғандармен  бір  жерде  түйіседі:  1)  Одағайлар  кейбір  көмекші 
етістіктермен  тіркесіп  күрделі  мүшенің  құрамына  енеді.  Мұндайда 
көмекші  етістік  одағайды  басқа  сөздермен  грамматикалық 
байланысқа  түсіретін  дәнекер  болып  қызмет  атқарады.  Мысалы:  Әт-
те-ге-не-ай – деді ол таңдайын қағып (С.Мұқанов); Құр-құр... рр. Әй, 
әй!  –  десті  үйдің ішінен  екі  дауыс  (бұ  да)  дегендердегі  одағайлар  де 
етістігінің  дәнекерленуімен,  қайтті?  Не  деді?  Қайтіп?  Не  деп?  Деген 
сұрауларға  жауап  болып,  сөйлемнің  мүшесі  бола  алады.  2)  Одағай 

 
144 
сөздер  субстантивтеніп,  түрлі  қосымшалар  қабылдап,  сөйлемнің 
қалыпты  мүшесі  бола  алады.  Мысалы,  Аллаңнан  ойбайым  тыныш 
(мәтел); Кешке әрі тоңып, әрі шаршап аһылап, үһілеп отырған кемпір 
өзін өлтіріп кете жаздаған кім екенін есіне алды (С.Көбеев); Қойдың 
көл жағынан шәй-шәйлеп бір бала түрегелді (Б.Майлин) т.б. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақ грамматикасы . - Астана,  2002, 564-566-бб.  
2. Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991, 354-359-бб.  
3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007,372-377-
бб. 
4.  Оразбаева  Ф.Ш.,  Сағидолда  Г.,  Қасым  Б.,Қобыланова  А  және  т.б. 
Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005, 396-406-бб.  
Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма. Одағайды сөзді тауып, олардың басқа сөз табынан 
ерекшелігін атаңыздар.  
Астапыралда!  Тіпті  намаз  оқымайтын  адамның  да  әуестенетін 
нәрсесі  емес.  –  А,  шіркін-ай,  періштедей  таза  бола  қалуын!  -  деді 
Есенжол.  Пай,пай!-  деді  әжем.  «Апыр-  ай»...-  деді    әйелдердің  бірі 
айран – асыр болып.  – Ойхой, даурен!- деді Құрман. «Ойбай, көтек, 
мынау  не  пале!..»  -  деген  апам  көрген  бетте  шошынып.  -  Ойбай-  ау, 
күнде  жазып  журген  паста  ғой.  Ойбай-ау,  рақат  болар  еді  гой!..  – 
Ойпыр-ай,  қателесіп  кеттік  дедім  ғой.  -  Апыр-ай,  сіздің  жұмысыңыз 
соншама ауыр деп ойламаппын. - Пай, пай!  Айтады – ау сабазың. – 
Туу  сен де ... Ақкөңіл, ақымақ  қазақ  тәуелсіздік  алдық  деп айқайлап 
жүргенде, билік басындагылар халықтың бар байлығын басып қалды 
емес  пе?..  -  Уh  ...  Кеттік  тез,  алқаштың  қырқы  өтіп  жатқан  жердің 
маңынан. – Ойбай, Әз-аға, мен кеттім, қазір келем... – Уh ... Қараптан 
–қарап  тұрып  қатерге  ұшырай  жаздадым.  -  Туу,  сен  де  қадалған 
жеріңнен айырылмайды екенсің. Мана айттым емес пе! (М.Мағауин) 
2-тапсырма. Одағайларды тауып, мағыналық топтарына 
ажыратыңыздар. 
–  Бәрекелді!-  деді  Қадырғали  шынымен  желпініп.    –Уа,  пәлі!  -  
деді кенет, өзі де әрең ес жиған Шәш бек. – Бәрекелді! - деді өз ойын 
құлаққа  сыбырлағандай  дәл  басқан,  бұл  тараптағы  шырғаланнан  да 
жол  тапқан,  енді  ақ  бетінің  ұшы  болмашы  қызарып,  ризашылықпен 
жымиып  отырған  Қадырғалиға  біл  іс  мәнісін  кейі  аңдап,  кейі 
аңдамаған,  жаппай  аңырған  басқа  жұртқа  бір  қарап,  қарқылдаған 
күлкіден әрең тежелген, қатты масаттанған  Ораз-Мұхамед. «Шіркін-
ай,  бұрынңы  асыл  текті  хақ  патшамыздың  бел  баласы  Царевич  
Дмитрий  тірі  болса»  -  деп  аh  ұрған  аңғал  қауым.  О,  Дариға-ай, 
қиындық  күнде  таңдап  сүйіскен,  қосылмай  жатып,  қапамен 
айрылысқан екі ғашық екі жас жай ғашық, жай емес, саулетті патша 

 
145 
мен  салтанатты  ханымның  қайта  табысуы  –  оңаша  емес,  көбінің 
көңілінде күман бар жүз мың әскердің, керек десеңіз бүкіл патшалық, 
жарты  жалғанның  алдында  құшақтасып  көрісуі  кімді  болмасын 
елжіреткендей өзгеше оқиға емес пе! (М.Мағауин) 
3-тапсырма. Бекіту сұрақтары 
Одағай дегеніміз не? 
Одағайдың құрамдық түрлері? 
Одагайдың түрлері? 
Одағайдың мағыналық түрлері? 
4-тапсырма. Бекіту тестісі 
1.Сөйлемде  лексикалық  мағынасы  жоқ  және  басқа  сөздермен 
грамматикалық байланысқа түспей оқшау айтылатын, сөйлем мүшесі 
бола алмайтын сөз табы. 
А) Шылау. Б)Одағай. С) Етіс. Д) Есімдік 
2.Одағайдың  толық анықтамасы 
А)  Айналадағы  әр  түрлі  құбылыстардың  дыбыстарына  ,қимыл 
әрекеттеріне  еліктеумен  немесе  олардың  бейнелерімен  байланысты 
туған сөздер ! 
Б) Айналадағы заттардың күйін көру арқылы сипаттайтын сөздер 
С) Адамның көңіл –күй, сезімін білдіретін сөздер. 
Д) Толық мағынасы жоқ , сондықтан затты, құбылысты, әрекетті 
нақты білдірмей , тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін 
немесе жан –жануарларға қаратылып айтылатын сөздер 
3.Одағайлы сөйлемді тап  
А) Аухау-аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді! 
Б) Әйгерімнің жалтылдаған жанары Абайды еріксіз елтіп әкетті
С) Жарқ етпес қара көңілім не қылса да; 
Д) Балам-ау! Мұның не? 
4.«Апыр-ай!,-деді  іштей  Ақан,-мына  казак  –орыстарды  тек 
жамбасына  салақтатып  қылыш  таққан  әумесер  ,ұр  да  жық 
әпербақандар ма десем ,тұла бойы тұнып тұрған өнерлі жігіттер екен 
–ау!» Сөйлемге одағай қандай мән үстеп тұр? 
А) Өкіну. Б) Шаттану. С) Ренжу. Д) Таңырқау 
5.Одағайдың неше түрі бар? 
А) Екі. Б) Үш. С) Төрт. Д) Бес 
6.Өкіну,шошыну, ренжу қай одағай түріне жатады? 
А) Көңіл –күй. Б) Жекіру. С) Шақыру. Д) Бұйыру 
7.Уһ,аһ,еһе қай одағайға жатады? 
А) Көңіл күй. Б) Жекіру. С) Шақыру. Д) Ақыру 
8.Қош-қош,пырс қай одағай түріне жатады? 
А) Көңіл күй. Б) Жекіру. С) Шақыру. Д) Ақыру 
9.Одағай сөйлемде қалай қолданылады? 

 
146 
А) Сөйлемнің басында. Б) Сөйлемнің ортасында. 
С) Сөйлемнің соңында. Д) Барлық жауап дұрыс 
10.Пай-пай....  Шіркін  қазақтың  келіндері  –ай.....  Көпнүкте 
қойылған жерде қандай тыныс белгісі қойылуы керек? 
А) Нүкте;Леп белгісі; Б) Нүктелі үтір;Леп белгісі; 
С) Леп белгісі,леп белгісі; Д) Леп белгісі, нүкте. 
 
4.10 Қазақ тіліндегі модаль сөздер 
 
Модаль  сөз  сөйлемнің  мазмұнына  сөйлеушінің  көзқарасын 
білдіреді.  Грамматикада  модаль  сөз  бөлек  қарастырылғанымен, 
қазіргі  функционалды  –  семантикада  модальділікті  білдірудің  бір 
құралы  саналады.  Модальділік  етістік  райлары,  қыстырма  сөздер, 
демеулік  шылаулар  арқылы  көрінеді.  Модаль  сөз  тұлғалық 
құрылымына  қарай  есімді  (керек,  қажет,  тиіс,  сияқты,  сықылды, 
тәрізді,  секілді,  бар,  жоқ,  т.б)  және  етістікті  (екен,  шығар,  болар, 
дейді, көрінеді, білем, т.б) болып бөлінеді. Модаль сөздің модальділік 
мәні  әр  түрлі.  Кейбір  сөздердің  лексикалық  мағынасының  өзі 
модальды болады, ал білем, көрінеді сияқты сөздері негізгі мағынамен 
қатар  модальділікті  де  білдіреді.  Мысалы,  Өрістегі  мал  осы  жерден 
жақсы  көрінеді.  Мен  оны  беске  білем.  деген  сөйлемдерде  көрінеді, 
білем  сөздері  тура  мағынасында  тұрса,  Астық  биыл  мол  көрінеді. 
Үйіне  жетті  білем  дегенде  модаль  сөз  қызметінде  жұмсалған. 
Модальділік  өрістер  қатарына  мүмкіндік,  қажеттілік,  қалаулық, 
болжалдық,  міндеттілік,  бұйрықтық  мағыналар  жатқызылады. 
Сөйлемде  модаль  сөз  келер  шақ  баяндауышының  құрамында 
кездеседі, қыстырма сөздер қызметінде де қолданылады. 
«Модаль»  термині  латынның  «мере»  деген  сөзінен  алынған. 
Айналада үнемі болып отыратын әр алуан құбылыстар, өмірдегі сан–
сала  болмыс  түрлері,  белгілі  бір  заттың  сын  қимылы,  іс–әрекеті 
сөйлемде  жалпы  жалаң  хабар  түрінде  ғана  айтыла  салмайды. 
Сөйлеушінің  осы  хабар  туралы  пікірі,  яғни  сөйлем  мазмұнының 
ақиқат  шындыққа  қатынасы  жөніндегі  оның  көзқарасы,  әдетте,  қоса 
беріліп  отырады.  Сөйлем  мазмұнының  ақиқат  шындыққа  қатынасы 
және сөйлеушінің ол жөніндегі пікірі тіл білімінде, әдетте, сөйлемнің 
модальділігі деп аталады. Сөйлемнің модальділігі тіл білімінде жалпы 
объективті  модальділік  және  субъективтік  модальділік  деп  екі 
тұрғыдан  қарастырылады.  Мысалы,  сөйлем  мазмұнының  ақиқат 
шындықпен  сәйкестігі  объективтік  модальділік  деп  аталады.  Бұл 
көбінесе  райлар  арқылы  беріледі.  Субъективтік  модальділік  сөйлем 
мазмұнының  ақиқат  шындыққа  қатынасы  жөніндегі  сөйлеуші 
көзқарас  пікірін  айтады.  Бұл  модальділік  арнаулы  жеке  сөздер 

 
147 
арқылы  беріледі.  Сөйлемнің  модальділігі  әр  алуан...  Ол,  әсіресе, 
экспресивті, эмоциялық мағыналармен де ұқсас келеді. Модаль сөздер 
төркіні соңғы кезде ғана сөз болып жүр. Е.И.Убрятова, Н.А.Баспанов, 
Н.Ж.Дмитриев, А.Н.Кононов, В.В.Виноградов т.б ғалымдар сөйлеуші 
адамның пікірін білдіретін сөздерді жеке тақырыпша етіп алып, бөлек 
талдайды.  Модальдық  реңк  одағайларда  да,  қыстырма  сөздерде  де, 
сұраулық шылауларда да кездеседі.  
Сөйлем  мазмұнының  ақиқат  шындыққа  қатынасы  жөніндегі 
сөйлеушінің  пікірін  білдіретін  мұндай  арнаулы  сөздерді  модаль 
сөздер дейді (пікірлеуші сөздер деуге де болады). Сөйлеуші адамның 
сөйлеу  мазмұны  жөніндегі  пікірін  білдіру  үшін  қолданылатын 
осындай  арнаулы  модаль  сөздер  өздерінің  құрамы  жағынан  түрлі–
түрлі  болып  келеді.  Модаль  сөздер  өздерінің  лексикалық  және 
грамматикалық  белгілеріне  қарай  есім  сөз  табынан  да,  етістіктен  де, 
көмекші  сөзден  де  кейбір  басқа  сөз  таптарынан  да  бола  береді. 
Мысалы,  мүмкін,  шамасы,  рас,  әрине,  тәрізді,  зайыры,  әлбетте, 
бәлкім  –  синтаксистік  функциясы  жағынан  қыстырма  сөздер.  Ал, 
мағыналық  ерекшелігі  жағынан,  яғни  сөйлемдегі  ой  жөнінде 
сөйлеушінің  пікірі  қандай  –  мақұлдай  немесе  күдіктене  не  біржола 
айта ма, әлде нық сенімділік білдіре ме – осы тұрғыдан алғанда бұлар 
–  модаль  сөздер.  Өйткені  кейінгі  жылдардағы  көптеген 
лингвистикалық  әдебиеттерде  сөйлеуші  адамның  сөйлеу  мазмұны, 
яғни  ондағы  айтылған  ой  жөніндегі  күдігін  я  болжамын,  мақұлдау 
пікірін  не  қалауын,  не  оның  нық  сенімін  осылар  тәрізді  басқа  да 
пікірін  білдіретін  сөздерді  модаль  сөздерге  жатқызады.  Модаль 
сөздер қазіргі қазақ  тілінде сан жағынан оншалықты көп емес. Бірақ 
олар өздерінің қолдану ерекшеліктеріне қарай әр алуан болып келеді. 
Мысалы,  білем,  көрінеді,  керек,  тәрізді  біраз  сөздер  күнделікті 
қолдану 
процесінде 
бірте–бірте 
грамматикалицазияланып, 
лексикалық  мағынасының  сыртында  модальдық  мағынаны  да 
білдіреді.  Бұлардың  модальдық  мағынасы  әуелгі  лексикалық 
мағынасының  негізінде  кейіннен  қалыптасқан.  Мысалы,  мен  оны 
көптен  білем  –  мені  оятқан  сен,  білем.  Бұл  жерден  ауыл  анық 
көрінеді  –  Мұны  істеген  Асқар  көрінеді.  Маған  кітап  керек  –  төргі 
үйдегілер  қонақтар  болу  керек.  –  ол  ендігі  шықса  керек.  Сияқты 
модаль сөзінің синонимі ретінде тілімізде тәрізді, әлпетті, сықылды, 
секілді  сөздері  де  қолданылады.  Соңғы  екеуі  фонетикалық  тұрғыдан 
екі  вариантта  айтылғанымен  негізінде,  бір–ақ  модаль  сөз.  Сияқты, 
тәрізді,  сықылды  модаль  сөздері  өздерінің  негізгі  лексикалық 
мағынасында  қолданылғанда  адамдардың,  басқа  да  әр  түрлі 
заттардың  арасында  болатын  өзара  ұқсастықтықты  білдіреді.  Яғни 
салыстыру  мағынасында  айтылатын  –  дай,  -  дей  қосымшасының 

 
148 
қызметін атқарады. Бұл сөздер кейде әр түрлі етістік қосымшаларын 
да  қабылдайды.  Бұлармен  тақылетті,  реуішті,  мәзімді,  іспетті 
сөздері де мағыналас. Тақылетті сөзі өзінің лексикалық мағынасында 
да,  сондай–ақ  модальдық  мағынада  да  қолданылады.  Басқалары 
модальдылық  мағынада  жұмсалмайды.  Керек  сөзі  де  екі  мағынада: 
1.Негізгі  лексикалық  мағынасы  –  баяндауыш,  анықтауыш  болады. 
2.Модальдық  мағына  –  көмекші  сөз  есебінде  қолданылады.  Керек 
сөзінің  2  түрлі  модальдық  мағынасы  бар:  1.Міндеттілік  мағынасы 
2.Болжамдылық мағынасы. Керек сөзімен қажет, тиіс -  синонимдес. 
Шамасы,  тәрізді,  зады  –  сөйлемде  қыстырма  сөз  позициясында 
қолданылады.  Модальдылық  мағына  біреу–ақ.  Сөйлеуші  адамның 
сөйлемде  айтылған  хабар  жөніндегі  болжамын  білдіреді.  Бұлармен 
кейде  сірә,  тегі  сөздері  де  қолданылады:  мүмкін,  бәлкім,  әрине, 
әлбетте,  рас,  екен,  болар,  білем.  Модаль  сөздер  синтаксистік 
қызметіне  қарай  екіге  бөлінеді:  1.Әртарап  сөздер  (бар,  жоқ,  аз,  көп, 
қажет,  керек,  тиіс,  мүмкін)  2.Бейтарап  сөздер  (бәлки,  әрине,  бәсе, 
әйтеуір,  әлбетте,  бәлкім,  сірә,  тегі).  Әртарап  сөздердің  сөйлемдегі 
қызметі:  Бастауыш  қызметін  атқарады  (Көп  қорқытады.)  Баяндауыш 
қызметін  атқарады  (Байдалыға  соларды  салу  қажет).  Толықтауыш 
қызметін  атқарады  (Бұл  нәрсе  бір  керекке  жарар).  Анықтауыш 
қызметін  атқарады  (Маған  керек  кітап  бітіп  қалыпты).  Пысықтауыш 
қызметін  атқарады  (Жиналысқа  студенттер  көп  жиналды).  Көмекші 
сөздер қызметін атқарады (айтылған жоқ, алуға тиіс, бастамақ керек). 
Модаль 
сөздердің 
лексика-грамматикалық 
ерекшеліктері. 
Модаль  сөздер  тілдегі  модальдылық  және  предикаттылық 
құбылыспен тығыз байланысты. Предикаттылық сөйлем мазмұнының 
ақиқат  шындықпен  жалпы  арақатынастылығын  білдіреді.  Ал 
сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальдық 
қатынас  болып  табылады.  Яғни  сөйлеуші  өзінің  бұл  хабарын  қалай 
түсінеді,  өз  тарапынан  оған  қандай  сипаттама  береді,  ақиқат 
шындыққа  қалай  қарайды  –  модальдық  қатынастың  мәні,  міне, 
осында.  Ал  предикаттылық  –  ең  алдымен,  ойды  тіл  заңдылықтары 
мен  ережелеріне  сәйкес  қалыптап  көрсетуге  қатысты  сипаты.  Қазақ 
тілінде лексикалық мағынасының өзі таза модальді сөздермен қоса, өз 
алдына  дербес  лексикалық  мағынасының  үстіне  модальдық  мағына 
білдіретін де жеке сөздер бар. Модаль сөздер, әдетте, модальдылықты 
білдіретін фонологиялық (интонациялық), морфологиялық (етістіктің 
райлары  және  олардың  аналитикалық  формалары),  синтаксистік  (әр 
түрлі  сөйлем  типтері)  сияқты  барлық  амал–тәсілдермен  тығыз 
байланыста  жұмсалады.  Модаль  сөздер,  басқа  барлық  көмекші  сөз 
таптары  сияқты,  ұзақ  уақытқы  лексика–  грамматикалық  даму 
процесінде  дербес  сөз  таптарына  дараланып  шықты.  Бұған  мысалы, 

 
149 
білем,  кім  біледі,  әлпеті,  сияғы(сиқы)  сөздерінің  мына  бір 
қолданыстарын  көру арқылы да біршама көз жеткізуге болады.  
Модаль  сөздер  сондай–ақ  заттық  мәнін  диалогта  предикаттық 
функциясын  жоғалтқан  бағыныңқы  сөйлемнің  баяндауышынан  да 
пайда болады. Модаль сөз тіркестері де сол модаль сөздердің жасалу 
жолымен  пайда  болады.  Модаль  сөз  тіркестері  шартты  бағыныңқы 
сөйлемдердің 
келтеленуінен 
көп 
жасалады. 
Ол 
қыстырма 
сөйлемдердің редукциялану нәтижесінде де қалыптасады. Сол сияқты 
қазақ  тіліндегі  әлпеті  модаль  сөзі  «сөз  әлпетіне  қарағанда»  дейтін 
қыстырма сөйлемнің редукциялануынан келіп шыққан деуге болады. 
Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды: грамматикалық, мысалы, 
модальдық  мағыналардың  әр  алуан  типтерінің  пайда  болу  және 
жетілу  процесін  эволюциялық  тұрғыда  түсіну  керек.  Себебі, 
модальдылық  тілдің  коммуникативтік  функциясының  жемісі, 
туылымы 
болып 
табылады. 
Осыдан 
келіп 
морфологияда 
модальдылықты  білдіретін  әр  түрлі  амал–тәсілдер  пайда  болады. 
Олардың  ішіндегі  ең  басты  әрі  жетекші  роль  атқаратын  түрі  ол  – 
неғұрлым  көбірек  абстракцияланған  және  неғұрлым  жинақты  сипат 
алған модальдылық мағынасы бар рай категориясы.  
Модальдылық  мағынасы  бар  әр  алуан  грамматикаланған 
тіркестер  тек  жеке  сөздермен  ғана  емес,  сонымен  қоса  күрделі 
құрамды  сөздерден  де  тұратын,  тұтастай  алғанда  көмекші  сөз  табы 
ретінде  тілдік  модальдылықты  білдірудің  бай  құралы  саналатын 
модаль сөздер құрамына кіреді. Сөз таптарының жалпы категориялық 
мағынасын  жеке  сөздің  лексикалық  семантикасымен  шатастыруға 
болмайды. Өйткені жалпы категориялық мағына – сөз таптарын бір–
бірінен ажыратудың, ара жігін, шегін анықтаудың алғы, бас белгісі.  
Модаль  сөздердің  айрықша  бір  синтаксистік  ерекшілігі  –  олар 
диалогта  келгенде  жеке  лексема  күйінің  өзінде  сырт  формасы  және 
айтылу  интонациясы  жағынан  өз  алдына  тұтас  бір  тиянақты  сөйлем 
қызметін  атқарып  тұрады.  Синтаксистік  сипаттағы  мұндай  модаль 
сөздер  сөйлем  мүшелерімен  дағдылы  грамматикалық  байланысқа 
түспейді, сөз тіркестерін жасауға қатыспайды. 
Модаль  сөздердің  қалыптасу  көздері.  Жалпы  модальдық 
құбылысты,  бұл  ретте,  әсіресе,  лексикалық,  грамматикалық  және 
модальдық  мағыналардың  өзара  ортақ  тұсын,  арақатынасын, 
айырмашылығын  неғұрлым  нақты,  терең  тани  түсінудің  бір  маңызы 
шарты  мүмкін  болғанша  тіліміздегі  модаль  сөздердің  шығу,  даму 
жолдарын анықтап алу. Ал олардың бұл төркін–тегін, морфологиялық 
құрылымын  анықтау  мәселесі  белгілі  дәрежеде  этимологиялық 
зерттеуді  қажет  етеді.  Себебі,  қазақ  тіліндегі  модаль  сөздер  деп 

 
150 
жүргеніміздің  біразы  –  шын  мәнінде  бөтен  текті,  кірме  құбылыстар 
немесе тілдің даму барысында басқа сөз таптарынан ауысқан сөздер.  
Сияқты  модаль  сөзі  тарихи  тұрғыдан  алғанда  араб  тілінде 
«форма,  вид,  формальност,  формула»  ұғымын  білдіретін  сыйах  – 
сиакъ зат есіміне барып саяды. Сияқты модаль сөзінің бұл этимондық 
нұсқасы  кейбір  түркі  тілдерінде  қазір  де  қолданылады.  Осы  орайда, 
«қазақ  тілінің  диалектологиялық  сөздігіндегі»  (1969)  мына  бір  тіл 
құбылысы  да  көңіл  аудартады:  «сыйқыл,  сияқты,  ұқсас».  Бұл  тіл 
құбылысы өзінің қолданылу аясы жағынан локальдық сипатқа ие. Ол 
өзінің  семантикасы  және  қызметі  жөнінен  жоғарыдағы  сияқты  – 
сиықты  –  сияқатты  –  сиқатты  модаль  сөздерімен  синонимдес 
болып келеді. Өзінің сөздігінде түбір қалпында бұл сөзді Л.З.Будагов 
та  келтіреді.  Бұл  айтылғандарға  қарағанда,  жоғарыдағы  сықылды 
модаль  сөзінің  осы  сықыл  түбіріне  –ды  жұрнағы  жалғану  арқылы 
жасалғаны айқын аңғарылады. 
Тәрізі,  тәрізді  модаль  сөздері  тарихи  тұрғыдан  тәріз  түбірінен 
барып саяды. Мұның, яғни  тәріз лексемасының шығуы басқы, түпкі 
ұғымы әлде бір заттың немесе әрекеттің белгісімен, сырт тұрпатымен, 
формасымен тығыз байланысты боп келеді. Тәріз де өзінің шығу тегі 
жағынан  жалпы  араб  сөзі.  Тәрізі,  тәрізді  қазақ  тілінде  де  таза  түбір 
қалпында  қолданады.  Мұндайда  ол  дағдылы  модальдық  мәнінен 
ажырайды. 
Осы  орайда,  тақылетті  сөзіне  де  қысқаша  тоқтала  кетуге  тура 
келеді.  Бұл  –  түбірі  тақылет  араб  тілінен  енген  сөз.  Мағынасы 
жағынан  жоғарыдағы  сияқты,  сықылды,  тәрізді,  секілді,  сынды 
модаль  сөздерімен  синонимдес.  Қазақ  тілінде  модальдық  болжал 
мағынада  қолданылатын  бұл  аталғандардан  басқа  жекелеген 
лексемалар  бар.  Олар  –  іспетті,  рәуішті  сөздері.  Бұлар  негізінен 
белгілі  бір  аймақта  ғана  қолданылатын,  локальды  сипаттағы  тіл 
құбылыстары. Рәуіш+ті=рәуішті, іспет+ті=іспетті. Рәуіш – парсы сөзі, 
іспет – араб сөзі.  
Қазақ  тілінде  модаль  сөздер  қатарына  әлпетті  лексемасын  да 
жатқызуға  болады.  Бірақ  бұл  жоғарыда  талданған  модаль  сөздермен 
салыстырғанда модальдық қызметте біршама сиректеу қолданылады, 
кейбір  жазушылардың  шығармаларында  ғана  кездеседі.  Мысалы, 
Түрлері  бұзылған.  Асынғаны  көкбеңбек  темір.  Бірдеңе  пәле  іздеп 
келген  әлпетті.  (М.Әуезов).  Аталмыш  модаль  сөздің  түбірі  әлпе 
тұлғасы тілімізде кейде өз алдына дербес қалпында –ті жұрнағынсыз 
да  қолданылады.  Қазақ  тіліндегі  әлбетте  мен  әлпеті,  әлпет,  әлпеті 
дегендер генетикалық жағынан бір–бірімен тығыз байланысты.  
Ал  зайыр  сөзі  республикамыздың  барлық  өңірінде  емес,  кейбір 
төңірегінде  ғана  қолданылады.  Бұл  лексемада  қазақ  тіліне  араб 

 
151 
тілінен  енген.  Атап  айтқанда,  заһір  –  видный,  очевидный.  Зайыр 
модаль  сөзі  қазақ  тілінде  осы  мағыналарды  түгел  дерлік  сақтаған 
деуге  болады.  Мысалы,  ол  сөйлеушінің  айтылған  хабар  жөніндегі 
болжамын  білдіргенде  қыстырма  мүше  ретінде  синтаксистік 
позицияда зайыры түрінде қолданылады.  
Зайыр  қазақ  тілінде  сондай–ақ  «ясный,  ясно,  очевидно»  тәрізді 
мағынада  да  кейде  қолданылады.  Мысалы,  Даладағы  құптанның, 
үйдегі  құптанның  малман  салмағын,  қою  қара  тынысын  ішінен,  іш 
тереңінен  зайыр  сезген  (Сүлейменов).  Ал  осы  сөздің,  яғни  зайыр 
есімінің мына бір мағынасы тіптен ала бөтен. Оның бұл арада қандай 
мәнде  қолданылып  тұрғанын  ажырату  да  қиын:  Зорлықтан  зәресі 
ұшқан  сорлы  ауылдың,  Сонда  өшкен  зайырынан  зар  менен  мұң. 
(Мусин) 
Зайыр бұл өлеңде «ес, сана, ой» деген тәріздес мағына білдіретін 
сияқты.  Тіліміздегі  зайыры  сөзінің  модальдық  семантикасын 
неғұрлым  нақтырақ  әрі  толығырақ  тани  түсу  үшін  оның  әр  аймақта, 
әр алуан жазба нұсқаларда білдіретін әр түрлі мағыналық реңктерінен 
әдейі осылай кеңірек тоқталып отырмын.  
Қазіргі  түркі  тілдерінің  қай–қайсында  да,  солардың  қатарында 
қазақ  тілінде  де  модаль  сөз  қатарында  қаралып  жүрген  керек  
лексемасы  көне  түркі  ескерткіштерінде  өзінің  осы  күнгі  белгілі 
«қажет»  мағынасынан  мүлдем  өзгерек  мәнде  келтіріледі:  інім  тігін 
кдrgдк  болты.  Мой  младший  брат  Кюль  –  Тегин  скончался.  Кдrgдк 
нужное; кдrgдк конец (смерть, судьба), кдrgдкsiz без конца (Малов).  
Бұл  жерде  жоғарыдағы  «қажет»  мәніндегі  кдrgдк  пен  ақыры, 
соңғы,  біткен  ұғымындағы  кдrgдк  араларындағы  мағыналық 
алшақтық  елеулі  болғанымен,  екеуі  генетикалық  жақтан  түбі  бір 
құбылыс болар–ау деген ой келеді.  
Қазақ 
тіліндегі 
модаль 
сөздердің 
функционалды– 
семантикасының берілу тәсілдері.  Модальділік  категориясы әлемнің  
көптеген тілдерінде рай категориясымен қатар, модаль сөздер арқылы  
берілетіндігі анық. Рай категориясы объективті модальділіктің «кіндік 
тұлғасын» («ядро») Қ.Т.Рысалдының термині ал модаль  сөздер тобы 
субъективті  модальділіктің  кіндік тұлғасын құрайды.  
Адам  баласы  өз  ойын  жеткізуде  тек  жалаң  фактіге  сүйенбейді. 
мақұлдай/мақұлдамау модальдігі функционалды-семантикалық өрісін 
жалпы, күмәнді және түпілікті (абсалютті)  шағын өрістері деп үшке 
бөледі.  
Жалпы  мақұлдай/мақұлдамау  модальділігі  функционалды-
семантикалық  шағын  өрісінің  кіндік  тұлғасы  ия  және  жоқ  әртарап 
сөздері болып табылады. Мысалы: - Кәлен аға, сені жауға бермейміз. 

 
152 
–  Жоқ,  қалқам,  сендер  араласпаңдар.  Бұл  өзім  бастаған  іс  еді  өзім 
аяқтайын (Ә.Нұрпейісов).  
Жалпы  мақұлдау/мақұлдамау  модальділігі  функционалды-
семантикалық  шағын  өрісінің  шеткері  аймағына  (перифериясына) 
төмендегі тілдік бірліктерді жатқызады: 
1)
 
Жалпы  мақұлдау  модальділігі    модаль  мағыналы  сөздер 
арқылы  анықталады.  Мысалы:  -  Балам,  патшаның  өз  басы  әңгімелі 
болып жатыр деген не? – деді Мөңке. – Рас, ақсақал (Ә.Нұрпейісов); - 
Жарайды,  мырза,  өтінішіңді  орындайын.  Өзің  де  менің  өтінішімді,... 
дей  бергенде,  Тәңірберген  сөзінің  арғы  жағын  айтқызбай:  -  Мақұл! 
Уәде  осы  болсын,  -  деп,  алақанына  шарт  еткізіп  соғып  қалды 
(Ә.Нұрпейісов).  2)  Жалпы  мақұлдау  модальділігі  интонация  арқылы  
беріледі.  Мысалы:  -  Апа,  апа,  кетпеші.  –  Кетпеймін  ...  айна-ла-йын. 
Ендігі  жерде  не  көрсем  де  сендермен  бірдей  көрем  (Ә.Нұрпейісов). 
Бұл сөйлеушінің тыңдаушы жақтың мақұлдайтындығы (кетпейтіндігі) 
сөйленімде айналайын сөзінің созылыңқы айтылуы арқылы қимастық 
сөзімімен  қоса  білдіріп  тұр.  3)  Жалпы  мақұлдау  модальділігі 
сөйленімдегі  алдыңғы  репликадағы  немесе  сөйленімдегі  жекелеген 
сөздерді  қайталау  арқылы  білдіріледі.  Мысалы:  -  Адмирал  мырза, 
менің  армиямның  жағдайын  ескерткен  боларсыз,  -  деді  Чернов 
мейлінше салқын қанды болуға тырысып. – Есіттім (Ә.Нұрпейісов). 4) 
Жалпы  мақұлдамау  модальділігі  кейбір  бірліктердің  болымсыз 
тұлғада  немесе  болымсыздық  элементтерінің  тіркесіп  қолданылуы 
арқылы  білдіріледі.  Мысалы:  -  Құдықтық  бар  –  жоғын  жергілікті 
халықтан сұрау керек. Мен қайдан білемін,- деді. – сен проводниксің. 
–  білмеймін.  Мырза,  мұның  жарамайды.  Дұрыс  сөзіңді  айт
(Ә.Нұрпейісов).  
Күмәнді  мақұлдау/мақұлдамау  модальділігінің  функционалды– 
семантикалық  шағын  өрісі  көпорталықты  (полицентричный)  болып 
табылады:  1)Күмәнді  мақұлдау  модальділігі  етістік  негізді  күмәнді 
мағыналы  модаль  сөздер  сен  сөз  тіркестері  арқылы  танылады. 
Мысалы: - Нөкістен кейінгі Омбы үкіметіндегі мықты – осы бикеш. – 
болса  болар  (Ә.Нұрпейісов).  2)  Күмәнді  мақұлдау/мақұлдамау 
модальділігі модаль мағыналы сөйлемдер арқылы беріледі. Мысалы: - 
Ендеше,  Еламанды  ауылына  жіберем.  Жерлестерін  жмнап  әкеледі.  – 
Мейлің  білсін  (Ә.Нұрпейісов).  3)  Күмәнді  мақұлдау/мақұлдамау 
модальділігі  жоқ  сөзінің  сөйленімде  дауыстың  созылуы  арқылы 
айтылуы  немесе  «жұмсарту»  реңкі  басым  сипатқа  ие  бола  отырып 
анықталады.  Мысалы:  -  Жарайды.  Тек  артынан  ақылдасып  істемедің 
деп...  –  Жо  –  жоқ,  дегенің  білсін  (Ә.Нұрпейісов).  Түпкілікті 
мақұлдау/мақұлдамау  модальділігінің  функционалды–семантикалық 
шағын  өрісінің  кіндік  тұлғасын  әрине,  әлбетте  модаль  сөздері  және 

 
153 
жоқ  әртарап  сөзі  құрайды.  Мысалы:  -  Жолымыз  болар.  Саған 
кездескенімізді  айтсайшы.  –  Әрине..  кездескеніміз  жақсы  болды 
(Ә.Нұрпейісов).  –  Айғаншажан-ай,  шаршадың  ғой,  азырақ  дем 
алсаңшы.- жоқ, жоқ, апа... (Ә.Нұрпейісов). 
Түпкілікті  мақұлдау/мақұлдамау  модальділігі  функционалды– 
семантикалық шағын өрісінің шеткері аймағын құрайтын құралдар:  
1)  Түпкілікті  мақұлдау  модальділігі  мақұлдау  мағыналы  екі 
немесе  одан  да  көп  бірліктің  біріге  отырып  келуі  арқылы  беріледі. 
Мысалы:  -  Жөн  көрсеңдер,  ағайын,  суыртпақ  жібін  бойымызға 
жапсырмасақ  деймін...  жөн,  дұрыс!  –  Айтқаның  орынды 
(Ә.Нұрпейісов).  2)  Түпкілікті  мақұлдау  модальділігі  мақұлдау 
мағыналы  бір  ғана  тілдік  бірліктің  немесе  алғашқы  сөйлемдегі  рема 
(«тірек»)  сөзінің  қайталануы  арқылы  көрінеді.  Мысалы:  -  иә,  мен... 
менмін.  -  көз  ж–сым  саған  жеткен  екен  ғой...  –иә,  иә, 
жетті...(Ә.Нұрпейісов). 
3)Түпкілікті 
мақұлдау/мақұлдамау 
модальділігі одағай сөздер арқылы да көрініс табады. Мысалы: - Енді 
төсек  жаңғыртатын  шығарсыз?  ...Осы  тұста  ол  шұғыл  жадырады. 
Тақылдап қоймай отырған Ебейсінге енді өзі тап беріп: - Е, бәрекелді. 
Мына  сөзің  құлағыма  жағып  кетті  ғой  (Ә.Нұрпейісов).  – 
Жалғызымның  көзі  едің...  деп  күйікті  ана  үйреншікті  көй  –  көйіне 
салып  жатқанда,  Сүйеу  қарт:  -  Тәйт!  Тәйт,  найсап!  –  деп  зәрін  зекіп 
тыйып тастады 4) Түпкілікті мақұлдау модальділігі модаль мағыналы 
сөйлемдер  арқылы  да  танылады.  Мысалы:  -...  «Е,  жарайды,  болсам 
болайын»  дедім.  Ал,  Аха,  Тәңірбергеннің  арқасында  тақымың  атқа 
тиді.  Жүрімің  ұзарды.  –  Сөз  барма?!  (Ә.Нұрпейісов).    5)  Түпкілікті 
мақұлдамау  модальділігі  болымсыз  мағынлаы  етістіктер  арқылы 
беріледі.  Мысалы:  -  Ау,  жарқыным,  әлі  де  айтар  сөзім  бар,  әуелі 
тыңдап алсаңшы. – Жоқ!... Жоқ!... Тыңдамаймын. – Қой, Сүйеу, сені 
де  жөн  демеймін  (Ә.Нұрпейісов).  6)  Түпкілікті  мақұлдамау 
модальділігі  синтаксистік  құрылым  арқылы  көрінеді.  Бірінші 
сөйленімдегі  тыйым  салу  мағынасындағы  қолданылған  қой 
болымсыздық  формасы  екінші  сөйленімдегі  неге  сұрау  есімдігі 
арқылы түпкілікті мақұлдамау мағынасын өте жақсы ашып көрсетеді. 
Мысалы:  ...жарқыным,  бұл  қай  қылығың.  Уа,  қой  енді!  – 
Қоймаймын...  Неге  қоям.  Ортаңа  ойбай  салам.  Ошағыңның  күлін 
шашам  (Ә.Нұрпейісов).  7)  Түпкілікті  мақұлдамау  модальділігі 
интонация  арқылы  беріледі.  Мысалы:  -  Е,  енді  еселеп  жейміз  де! 
Жерсің...  жерсің...  деп  Сүйеу  қарт  Ебейсіннің  көнмен  қаптағандай 
тобарсыған бетін көзімен атып отырды да, кенет: - Ал!... Ал!... – деп 
ащы даусы оқыс шаңқ етті. – Ал!... Ал!... Ақ қой за болса, қара қойды 
қосып  ал!  Қосақтап  ал!...  –  деді  де  тыйылды  (Ә.Нұрпейісов).  Бұл 
сөйленімдегі  модальдік  мағынаны  табу  үшін  бүкіл  сөйленімнің 

 
154 
(немесе кіші мән - мәтіннің) пропозициялық мазмұнына үңілу қажет. 
Осындағы  қою  әріппен  берген  ал  сөзі  сөйленімнің  негізгі  модальдік 
мағынасын  беріп  тұр.  Тілдік  модальділік  жайлы  сөз  болғанда,  ең 
алдымен, осы категорияны білдірудің бір жолы болып саналатын рай 
категориясының  маңыздылығы  айтылады.  Рай  категориясы  әлемнің 
көптеген  тілдерінде  модальділік  функционалды–семантикалық 
тұтастығының  парадигмаға  түскен  морфологиялық  көрсеткіші 
есебінде  түсіндіріледі.  Қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушы 
А.Байтұрсынұлы  етістік  райының  он  бес  түрін  көрсетеді:  тұйық, 
билік,  ашық,  шарты,  ереуіл,  реніш,  қалау,  сенімді,  сенімсіз,  болжал, 
мұң,  көніс,  қайрау,  азалы,  теріс.  Біздің  ойымызша,  ғалым  жекелеген 
модальділік  мағыналарды  реңктеріне  қарай  жіктеп,  оларды  рай 
категориясы  ретінде  қарастырған.  Біз  ғалымның  рай  түрлерін 
көрсетуге негізінен олардың мазмұнына көңіл аударғанын аңғарамыз. 
Ал  мұның  өзі  функционалды  грамматиканың  негізгі  зерттеу  әдісінің 
бірі  болып  табылады.  Модальділік  мағыналарды  білдіруде  рай 
категориясымен  қатар  модаль  сөздер  де  ерекше  қызмет  атқарады. 
Е.Жанпейісов  қазақ  тіліндегі,  тіпті  тіл  білімінде  модаль  сөздердің 
тілдік 
табиғатына 
арнаған 
кандидаттық 
диссертациясында 
баяндаудың қайдан, кімнен алынғанын көрсетеді. Қуанышты, ренішті 
және  жеке  сөйленімдердің  арасындағы  қатынасты  білдіретін 
(ақырында,  қысқаша)  тілдік  фактілерге  әңгімелесушісінің  назарын 
аудару  үшін  қолданылатын  сөздер  мен  сөз  тіркестері  (естіген 
боларсыз,  байқайсыз  ба)  сөйлеушінің  баяндауға  қатынасын 
білдірмейді  деп  есептейді.  Бұл  еңбек  түркі  тіл  білімінде  рай 
категориясына,  модальділікке  арналған  еңбектердің  бастауы  болды 
десек артық айтқандық емес. С.Исаевтың еңбегінде алғаш рет модаль 
сөздер  сөз  табы  ретінде  көрсетілсе,  2002  жылы  шыққан  «Қазақ 
грамматикасында» оған толық түсінік берілген. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет