Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

7.  –Тын,  -тін  тұлғалы  есімшеден  жасалып,  іс-әрекетті  заттың 
тұрақты,  қалыпты  сапасы,  қасиеті  ретінде  атайтын  баяндауыштың 
болымсыз формасы –ма, -ме жұрнағы арқылы жасалды: сөйлемейтін, 
іздемейтін. 
8.  –Тын,  -тін  тұлғалы  есімшеден  жасалып  іс-әрекеттің 
потенциялық  қалпын  білдіретін  баяндауыштардың  болымсыз 
формасы емес сөзінің қатысуымен жасалады: келетін – келетін емес, 
ашатын – ашатын емес. 
9.  Есім  сөздерден  болған  баяндауыштардың  болымсыз  түрі  емес 
көмекші етістігінің қатысуымен жұмсалады: үлкен емес, тыс емес т.б. 
10. Болымсыз баяндауыш ретінде  жоқ сөзі дара жұмсалып, жоқ 
субъекттің 
болмысқа 
қатысын 
(бар-жоқтығын) 
білдіреді. 
Омбылайтын қалың қар жоқ. 
11.  Тілімізде  тек  жоқ  сөзінен  болымсыз  сөйлем  құралып 
жұмсалатыны  бар.  Бұл  толық  құрамдағы  сөйлемнің  орнына  жүретін 
эллипсис  сөйлем  және  ол  көбіне  диалогта  екінші  жауап  реплик 
ретінде жұмсалады. 
-
 
 Бәйгеге қосып көрдің бе? - Жоқ (Ә.Н.) 
12.  Болымсыз  ұғымды  білдіретін  сөздер:  ешкім,  ешқашан, 
ешнәрсе, сол сияқты, еш адам, еш кісі, еш колхозшы еш құрылысшы, 
еш үй т.т. Бұл сөздер тек болымсыз сөйлемнің құрамында жұмсалып, 
оның  болымсыздық  мағынасын  күшейте  түседі.  Қарашаш  кіріп  еді, 
кісілер қозғалмады –  Қарашаш  кіріп еді, ешкім қозғалмады. 
13.Тілімізде болымсыздық ұғымды білдіретін –сыз, -сіз жұрнақты 
сөздер    болымды  сөздерге  қарсы  сыңар  ретінде  жүреді:  орманды-
ормансыз,  алқапты-алқапсыз.  Кейбір  зерттеулерде  –сыз,  -сіз 
жұрнақты  сөздер  баяндауыш  ретінде  қатысса,  сөйлемдер  болымсыз 
сөйлемдер қатарына жатқызылады. 
Біздің ойымызша, -лы, -лі, -сыз, -сіз жұрнақтары арқылы жасалған 
сын есімдер белгілі сын туралы ұғымды атайды. Бұл сын есім сөздер 
баяндауыш  ретінде  қатысқан  сөйлемдер  субъектіде  осы  сынның 
предикаттық  қатынасын  білдіреді.  Сондықтан  да  бұндай  лексикалық 
құрамдағы сөйлемдер болымды сөйлем деп аталады.  
14.  Болымды,  болымсыз  сөйлемдерің  функциялық  қарым-
қатынаста  келуін  бастауышы-  болымсыз  есімше  -  баяндауышы  -жоқ 
болып құралған сөйлемдерден де көруге болады: Айтпайтыны жоқ – 
Бәрін айтады. Есітпегенім жоқ – Бәрін есіттім. 
Бұл  сөйлемдер  –  форма,  синтаксистік  мағынасы  жағынан  нағыз 
болымсыз сөйлемдер.   
 
 
 

 
203 
4.4 Атаулы сөйлемдер 
 
Сөйлемдер  ылғи  бастауыш-баяндауыш  қатынасында  құрыла 
бермейді.  Тілімізде  грамматикалық  жағынан  ерекшеболып  келетін 
атаулы  сөйлемдер  бар.  Бұл  сөйлемдер  құбылыстың,  заттың  атауы 
ретінде  жұмсалады.  Жаз.  Тымырсық  ыстық.  Атау  сөз  сөйлемде 
негізгі  тірек  мүше  болады.  Негізгі  мүше  ретінде  зат  есім,  сын  есім, 
есімше  (-ған,  -ген,  -қан,  -кен,  -тын,  -  тін  формалары),  тұйық    рай 
тұлғалы етістік жұмсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі мүшелер 
бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді:  Жаздың 
ыстығы-ай!  Күтпеген  жерден  жолығуы-ай!  Атаулы  сөйлемнің 
негізгі  мүшесі  ретінде  сын  есім,  есімше  жұмсалғанда,  олар 
субстантивтеніп    олар  септік  тұлғаға  ие  бола  алады.  Негізгі  мүше 
көбіне атау тұлғада тұрады, бірақ сын есім, тұйық етістік негізгі мүше 
қызметін  табыс  септік  формасында  тұрып  та  атқара  алады.  Жаздың 
ыстығын! Күтпеген жерден келуін! 
Атаулы  сөйлемдерде  бастауыш-баяндауыш  болып  құралатын 
предикативтік  қатынас  болмағанмен,  предикаттың  өзі  яғни,  хабар, 
информация  бар.     
Атаулы  сөйлемдерге  тиянақты    синтаксистік  мағына    беретін 
форма  –  интонация,  контекст.  Атаулы  сөйлемдер  сөйлемге  тән 
интонация  алып,  дара  тиянақты  формада  тұрады.  Шақтық  мағынасы 
көрші  сөйлемдер  арқылы  білдіріледі.  Таңертең  келе  жатыр  едім, 
алдымнан шыға келгені! 
Атаулы  сөйлемдер  арнаулы  коммуникативтік  мақсаттың 
қажетімен  қалыптасады.  Бұл  сөйлемдер  төңіректі,  жағдайды  үнемді 
жолмен  суреттеу  үшін  және  пікірді  эмоциялы  етіп  білдірудің  амалы 
ретінде жұмсалады. Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдер   үш топқа 
бөлінеді:    
1) Бейнелеуіш  атаулы сөйлемдер: Түн. Шалқыған-ай. 
2) Эмоциялы атаулы сөйлемдер: Күлуін!  
3)  Сөгіс,  тілек  мағыналы  атаулы  сөйлемдер.  Қаңғыған  неме! 
Өркенің өскір! 
Функциясы  жағынан  атаулы  сөйлемдер  мен  екі  бас  мүшелі 
сөйлемдер мағына жағынан бірдей болып келе береді, бірақ олардың 
арасында    қызмет  ерекшелігі  болады:  Мезгіл  жаз  еді.  Ай  жарқырап 
тұрған – Жаз. Жарқыраған ай. Структура жағынан  бұл екі  түрдегі 
сөйлемдерді  бір  түрден  екінші  түрге  ауыстырып,  құрылысын 
өзгертуге келеді: Жаз ыстық – жаздың ыстығы-ай! 
Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты – жайылуы, кеңеюі, 
морфологиялық  тұрпаты,    қай  сөз  табынан  болуына,  қай  формадағы 
сөз болуына байланысты. Тасадан шыға келгенім! Шыжыған ыстық! 

 
204 
Сондықтан  атаулы  сөйлемдерді  негізгі  мүшенің  грамматикалық  түр-
тұрпатына  қарай:    негізгі  мүшесі  атау  тұлғалы  зат  есімнен  болған 
атаулы сөйлем, негізгі мүшесі сын есімнен болған атаулы сөйлем деп   
бөлінеді:  Түннің  қараңғысы-ай!  Ту,  қараңғысы-ай  даланың!  –  деді 
Әбиев (С.Мұрат). Тіліңмен орақ орғышың-ай сенің (Ж.Е.). 
Сонымен  қатар  негізгі  мүшесі  –ған,  -ген,  -тын,  -тін  тұлғалы 
есімшеден  болған  атаулы  сөйлем,  негізгі  мүшесі  тұйық  етістіктен 
болған  атаулы  сөйлем,  негізгі  мүшесі  табыс  септіктегі  сөзден  (зат, 
сын есім, есімше, тұйық етістік) болған атаулы сөйлем деп топталады.    
Бұл  атаулы  сөйлемдер  құбылысты,  затты  эмоциялы  түрде    атау 
үшін  жұмсалады.  Шіркіннің  күлкісі-ай!  (Б.М.).  Шіркін  осы  ауылдың 
жастары-ай! Ойын-сауық десе жанып кетеді (С.Мұрат). 
Негізгі мүше қызметіндегі сын есім тәуелді формада тұрады. Бұл 
–  субъектілік  мағыналы  сөз  бен  анықтауыштың  байланысуы  үшін 
туған жағдай: Менің оқығаным-ай! Сенің келгішің-ай! 
Негізгі  мүшесі  –ғыр,  -гір,  -қыр,  -кір  жұрнағы  арқылы  жасалған 
сын  есімнен  болған  атаулы  сөйлемдер  тілеу,  сөгіс  білдіру  амалы 
болып жұмсалады. Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой 
десем, жаудың табанына салып бермек (Б.М.). 
Негізгі  мүшесі  –ған,  -ген,  -қан,  -кен,  -тын,  -тін  тұлғалы 
есімшеден  болған  атаулы  сөйлемдер  іс-әрекет  туралы  пікірді 
эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. 
Күні бойы сарылып үйде отырғаны! Жай отырмайды, бірдемені 
жазып отырады (Б.Т.).Сенің-ақ сағына беретінің-ай (Б.М.). Тоба-ай, 
сенің түсінбейтінің-ай (Б.М.). 
Негізгі  мүшесі  тұйық  етістіктен  болған  атаулы  сөйлемдер  іс-
қимылды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. 
Тіпті, мынаның шешенсіп сөйлеуі-ай  (Б.М.). 
Негізгі  мүшесі  табыс  септіктегі  сөзден  (зат  есім,  сын  есім, 
есімше)  болған  атаулы  сөйлемдер  де  пікірді  эмоциямен  білдіреді. 
Мына  жердің  тауын-ай!  Жүктің  ауырын!  Мүләйімсуін!  Балаларға 
қорған болған кісімсіп тұрғанын (М.Ә.). 
Негізгі  мүшесі  атау  септіктегі  сөзден  болған  атаулы  сөйлем  мен 
табыс  сөзден  болған  атаулы  сөйлемдердің  жасалуында  үлкен 
алшақтық жоқ. Соңғы сөйлемдер – тарихи өзгерістің нәтижесі. 
Бұл атаулы сөйлемдердің негізгі мүшесі кейде –шы, ші жұрнағын 
үстеген күйде жұмсалады. Сұрының жаманыншы! (І.Ж.). 
Атаулы  сөйлемнің  мүшесінің  құрамына  -шы,  ші  жұрнағының 
қатысуы  оның  басқа  ұқсас  формаларға  еліктеуінен  (аналогия  заңы) 
болған. 
 
 

 
205 
4.5 Оқшау сөздер мен оқшау сөйлемдер 
 
Сөйлемдердің  құрамында  қыстырма  ретінде  кірігіп  жұмсалатын 
компоненттер  болады.  Олардың  қыстырма  компонент  болып 
бөлінуіне  бірнеше  себеп  бар.  Біріншіден,  олар  сөйлемнің  негізгі 
грамматикалық  жүйесіне  қатыспай,  одан  оқшау  тұрады.  Екіншіден, 
грамматикалық оқшаулануы интонациядан да көрінеді. 
Грамматикалық  жүйеден  оқшауланғанымен,  бұлар  сөйлемнің 
коммуникативтік  мақсатымен,  мазмұнымен  тығыз  байланысты. 
Оқшау  компоненттер  сипаты,  сапасы  жағынан  оқшау  сөз,  оқшау  сөз 
тіркесі ретінде де, оқшау сөйлем ретінде де қатысады. 
Оқшау  сөз,  сөйлемдер  негізгі  сөйлемге  қатысы,  атқаратын 
қызметіне қарай былай бөлінеді: 
1) Үндеу амалы ретінде жұмсалатын оқшау сөздер.  
2) Қыстырма сөз, сөйлемдер.  
Сөйлемнің мазмұны тек пікір білдірумен ғана тынбайды, сөйлем 
сөйлеушінің  түрлі  эмоциясын  қосып  атайды.  Сондай-ақ,  сөйлемнің 
мазмұнына тыңдаушының назарын аудару, үндеу, яғни, оған  контакт 
жасау да кіреді. Осыған орай, К.Бюлер тіл үш түрлі қызмет атқарады 
деп  көрсетеді: «пікірді хабарлау, эмоцияны білдіру және үндеу».  
Тілдің  негізгі  қызметі  –  пікірді  хабарлау.  Үндеу,  сөз  жоқ,  тілдің 
қосымша  атқаратын  қызметі.  Үндеу  осы  пікірдің  тыңдаушыға 
нәтижелі, анық жеткізілуі үшін жәрдемдеседі. 
Тілдің  үндеу  қызметі  ылғи  көріне  бермейді,  ол  ауызекі  сөзде 
көбірек көрінеді. Ауызекі сөзді тыңдаушы тікелей естиді. Сондықтан 
сөйлеуші  сөзі  түсінікті,  дәл  жету  үшін  тыңдаушының  назарын 
аударып алады. 
Үндеу  қызметін  атқаратын  сөздер  сөйлем  құрамында  қаратпа 
сөздер  мен  тыңдаушының  назарын  аудару  үшін  қызмет  ететін 
қыстырма  сөздер  (айтпақшы,  немесе  т.б.)  ойға  байланысты 
ассоциация тудыруға  жұмсалады. 
Қаратпа сөз – үндеу амалдарының бірі. Олар:  
1. Жалқы есімдер. 
2. Туыстық қатынасты білдіретін сөздер (бала, келін, құда, т.б.) 
3. Кісілерді жас, жыныс, әлеуметтік ерекшелігіне  қарай атайтын 
(батыр, жігіттер, т.б.) сөздер. 
4. Лақап атты білдіретін сөздер (төрежан, тетелес т.б.) 
5.  Қаратпа  сөз  ретінде  тілек  істі  білдіретін  зат  есім,  сын  есім 
сөздер, эмоцияны білдіретін басқа да сөздер жұмсалады. Әй, өркенің 
өскір,  айтар  сөзіңді  ашып  айт.  Ит-ау,  солай  құшақта  деппін  бе 
(Б.М.). 
Беу, дарылдақ-ақ, зекпірімді жаңылтпашы (Б.М.). 

 
206 
6. Одағай сөздер. Ау, сен неге жайластың (Б.М.).  
Қаратпа  сөздер  анықтауыш,  айқындауышты  қатыстырып  іргесін 
кеңейте алады. Әй, атаңа нәлет байлар, салып едің ылаңды (Б.М.). 
Қаратпа  сөз  сөйлемнің  коммуникативтік  талабына  сай  түрліше 
мағыналық  өң  алады,  сонысына  сай  лексикалық,  грамматикалық, 
интонациялық  түрге    енеді.    Ол  бірде  сөзді  қатал,  суық,  сұсты  етіп 
көрсетуге қызмет етсе, бірде сыпайылықты білдіру үшін қызмет етеді. 
Мұндайда ол өзіне түрлі демеулік сөздерді үстейді.  
Кісі  атын  білдіретін  жалқы  есімдер  тәуелденіп,  қаратпа  сөз 
ретінде  жұмсалғанда,  сөйлеушінің  үстем,  өктем,  кекетіп  сөйлеуін 
білдіреді.  «Жарайсың,  Бәйімбетім»  деді  де,  Байболат  ұмтылып 
барып оны арқаға қақты (С.О.). 
Қаратпа  сөздер  сөйлем  құрамында  негізгі  қызметімен    қатар 
актуализация үшін де жұмсалады. Қаратпа сөздің орны көп жағдайда 
сөйлемнің  ой  екпінін  түсіретін  мүшесінің  жанында  тұрып 
актуализациаланады.  Қосымша  қызмет  жүктелуіне  байланысты  бір 
сөйлемде  бір  емес,  екі  қаратпа  сөздер  қоса  енгізіледі.  Тұр,  құда, 
аяғыңды  жи.  Шалжиып  жата  бергенше,  басыңды  көтерсеңші 
(Б.М.).    Көкетайлар-ау,  біреуің  тұр  дейсің,  біреуің  тұрма  дейсің, 
қайсыңның  тіліңді  алайын.  Дұрысын  айтыңдаршы,  көкетайлар! 
(Б.М.). 
Мұндайда  қаратпа  сөздің  біріншісі  үндеу  үшін  қызмет  етсе, 
екіншісі актуализация міндетін атқару үшін енгізіледі.  
Қаратпа  сөздің  жұмсалуы  кейде  үндеу  қызметінен  гөрі, 
поэтикалық  әсер  туғызуға  байланысты  болады.  Куә  бол,  айым,  куә 
бол, Алатауым! 
Үндеу  үшін  сөйлем  құрамында  немене,  қалай,  қане,  ал  деген 
сөздер  қыстырма  ретінде  кірігіп  қызмет  атқарады.  Бұл  сөздердің 
жұмсалу  ерекшелігі  бар.  Немене,  қалай  сұраулы  сөйлем  құрамында 
жұмсалады.   
Қане  үндеу  амалы  ретінде  бұйрық  мағыналы  сөйлемдердің 
құрамында  жұмсалады.  Қане,  алатын  болсаң,  тез  ал,  әйтпесе  қазір 
қалаға жүретін кісілер бар, содан беріп жіберемін (Б.М.). 
Үндеу амалы ретінде ал сөзі сөйлемнің барлық түріне қатысады. 
Ал, енді жиналып не істемек едіңдер (Б.М.).    
Үндеу  амалы  ретінде  қой  етістігі  де  жұмсалады.    Қой,  мен 
кетейін.   
Бұл етістік көбіне болымсыз сөйлемдердің құрамында жұмсалып, 
екінші  жақтың  сөзіне  қарсылықты  немесе  әңгіменің  тиылғанын 
білдіреді. 
Айтпақшы  тыңдаушыға  тосыннан  ескертетін  сөзді  айту  үстінде 
жұмсалады.  Айтпақшы, сен қашан қайтып ораласың. 

 
207 
Толымсыз  сұраулы  сөйлемдер  (естідің  бе,  білесің  бе  т.б.) 
қыстырма  ретінде  жұмсалып  үндеу  қызметін  атқарады.  Қулық  жоқ 
қой, білдіңіз бе, қулық болса, бітпейтін дүние жоқ (Б.М.). 
 
4.6
 
Сөйлем мүшелері 
Сөйлемдер  синтаксистік  мағынаны  білдіреді.  Синтаксистік 
мағына  сөйлемнің  құрамына  енген  сөздердің  функциялық 
қатынасынан туады.  
Пікірдің  құрамына  сай  сөйлемнің  құрылысында  да  тиісті 
синтаксистік  единицалар  болады.  Ол  –  сөйлем  мүшелері.  Сөйлем 
мүшелері  –  сөйлем  құрауда  қалыптасқан  қатынастың  компоненті. 
Сөйлем мүшелерінің белгілері  мынандай:  
1.Сөйлем  мүшесі  болатын  сөздің  толық  лексикалық  мағынасы 
болады;  
2.  Әрбір  сөйлем  мүшесі  басқа  сөзбен  мағыналық  жағынан 
синтаксистік қатынаста, яғни матасып, қиысып, қабысып, меңгеріліп, 
жанасып байлаулы тұруы тиіс;  
3.  Сөйлем  мүшесі  болатын  сөз  синтаксистік  байланыс  арқылы 
белгіілі бір сұраққа жауап беруі тиіс;  
4. Сөйлем  мүшесі болатын сөз белгілі бір сөз табынан  жасалуы  
тиіс.  Мысалы,  Машина  көпірге  тоқтады.  Оспан  өзеннен  келді.  Ол 
жолмен жүрді. 
Осы  үш  сөйлемдегі  сөздер  бірыңғай  қатынаста  тұр.  Машина, 
Оспан,  Ол  –  бастауыш  ретінде  тоқтады,  келді,  жүрді  деген 
сөздермен  функциялық  қатынасқа  түсіп  тұр.  Бұл  екі  топ  сөздердің 
синтаксистік  қызметі  олардың  өзара  предикативтік  қатынастың 
компоненті  болуына  байланысты.  Предикативтік  қатынастың  бір 
компоненті – бастауыш, екінші компоненті – баяндауыш. Ал көпірге, 
өзеннен,  жолмен  деген  сөздер  мекен  –  предикаттық   емес  қатынаста    
мекенді білдіретін компонент.    
1.  Сөйлем  мүшелері  –  сөздердің  сөйлем  құрамындағы  негізгі 
функциялық  қызметін    білдіреді.  Сөйлемдегі  ойдың  субьектісі  - 
бастаушысы,  қимылы-  баяндауышы-предикаты  қосылып,  ойдың 
негізгі  айтайын  деген  өзегін  білдіреді.  Тұрлаусыз  мүшелер  – 
объектінің формасы, ойды толықтырып, анықтап, пысықтап жеткізеді.     
Сөйлем  мүшелері  негізінен  сөйлем  құрылысының  элементі 
ретінде  қалыптысты.  Сөйлем  мүшелерінің  жұмсалуы  сөйлемге 
мазмұн болып отырған пікірдің мүшелеріне сайма-сай келе бермейді: 
Мен  оқығанмын  –Менің  оқығаным  бар.  Мен  оқығанмын  деген 
сөйлемдерде  пікірдің  құрамы  мен  сөйлем  мүшелері  біріне-бірі  сай 
келіп  тұр:  Мен  – бастауыш  мүше,  субъектіні  атап тұр,  Оқығанмын – 
баяндауыш  мүше,  предикативтік  істі  атап  тұр.  Менің  оқығаным  бар 

 
208 
деген  сөйлемнің  сөйлем  мүшелері  пікірдің  құрамындағы  мүшелерге 
сай келмейді.   
2. Сөздердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы оның лексикалық, 
грамматикалық сапасына бағынышты.  
Зат  есімдер  заттық  атау  ретінде  септік,  жіктік  формаларының 
негізінде бастауыш, баяндауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалады, 
анықтауыш  қызметінде  жұмсалмайды,  пысықтауыш  ретінде  де 
талғанып  жұмсалады,  ол  көбіне  мекен  пысықтауыш  ретінде 
жұмсалады.  Зат  есімдер  сөйлем  мүшесі  қызметін  атқаруда  іштей  де 
саралатыны  байқалады.  Мысалы,  антропонимдер  (кісіге  байланысты 
есім  сөздер)  бастауыш,  баяндауыш,  толықтауыш,  анықтауыш 
қызметінде жүреді. 
3.  Сөйлем  мүшелерінің  қызметін  тиісті  тұрақталған  формалар 
атқарады.  Сөйлем  мүшелері  формаларының  түрі,  саны  жағынан 
бірдей емес. Мысалы, бастауыш мүше негізінен атау септік формасы 
арқылы  көрінсе,  толықтауыш  мүшенің  алатын  формасы  –  атау  мен  
іліктен басқа септік жалғаулары.  
4.  Сөздердің  синтаксистік  қызметі  (сөйлем  мүшесі  қызметін 
атқаруы)  тек  өз  мағынасына,  өз  формасына  ғана  бағынышты  емес, 
онысы қатынасқа түсетін сыңарына да тәуелді: мысалы, Жақсы  бала 
жақсы    оқиды.  Жақсы  бала    -  анықтауыш,  өйткені  затты    анықтап 
тұр.  Жақсы  оқиды  -  пысықтауыш, өйткені қимылды  анықтап тұр.        
Бастауыш. Бастауышқа түрлі анықтама беріліп жүр. Орта мектеп 
граматтикасында: «Сөйлемде атау септігінде тұрып басқа мүшелерге 
бағынбайтын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз»  деп берілген. 1953 
ж.  шыққан  «Қазіргі  қазақ  тілінде»:  «Сөйлемде  айтылатын  ойға  негіз 
болатын,  баяндауыш  арқылы  айтылған  қимылдың  не  басқа  сапаның 
иесі болатын мүшені бастауыш дейміз» делінген.  Екі   анықтама  да   
бастауыштың негізгі белгілерін дұрыс атаған.     
1.  Бастауыш  сөйлем  арқылы  айтылған  ойдың  кім,  не  туралы 
екенін    яғни,    субъектіні  білдіретін  мүше.  Субъектіні  атау,  соны 
білдіру  - бастауыш мүшенің ең бастапқы, әрі   негізгі қызметі.  Менің 
анда-санда ән айтатыным да болатын. Мұнара тік қойылды.   
2.  Бастауыш  -    баяндауышпен  синтаксистік  байланысқа  түсіп, 
предикативтік қатынасқа негіз болатын мүшенің бірі. 
3.  Бастауыш  –  грамматикалық  бітімі  жағынан  басқа  сөйлем 
мүшелеріне тәуелсіз мүше. 
4.  Бастауыш  мүше  көбіне  атау  септіктегі  зат  есімнен  жасалады. 
Бұлай болуы  -  субъектінің атауы болуына байланысты. Сын есім, сан 
есім, 
есімше 
бастауыш 
қызметін 
атқару 
үшін 
алдымен 
субстантивтенуі  (заттануы)  керек.  Қорғары  жоқ  болған  соң, 
басынғаны ғой (С.Мұрат.). 

 
209 
5.  Бастауыш  мүшелер  құрамы  жағынан  дара,  күрделі,  үйірлі 
болып болып бөлінеді. Қара кер озып келді. Үйдің іші қараңғы.Білегі  
жуан  бірді  жығады,   білімі  жуан   мыңды  жығады. (мақал)  
Күрделі, үйірлі бастауыштар мына түрде құралады:  
1)
 
Күрделі  сын  есім,  сан  есім,  есімшелер  бастауыш  ретінде 
жұмсалады. 
Қара кер озып келді.  
2)
 
Зат есім мен көмекші есімдер (алды, жаны, кіші, маңы т.т) 
матаса  бірігіп  күрделі  бастауыш  ретінде  жұмсалады:  Қораның  іші. 
Есімбектің аулының сырты ызың-шу, қым-қуат (Б.М.). 
3)
 
Зат  есім,  жіктеу  есімдіктері  мен  өз  есімдігі  матаса  бірігіп 
күрделі  бастауыш  ретінде  жұмсалады:  Інімнің  өзі  (інім  өзі),  сен  өзің. 
Бұндай  құрамдағы бастауыш екі түрлі мағынада жұмсалады:  
а) субъектінің предикативтік іске қатысын айқындап білдіру үшін 
– інімнің өзі айтты.  
ә)  Субъектіні  ерекшелеп, екпін  түсіріп  атау үшін:  Далада  қалған 
шөптің өзі бір әкелуге жетер ме екен (С.Ж.). 
Бұл  қызметте  бастауыш  ретінде  өзі  болып  та  құрала  береді: 
Сүйтіп келгенше, көзіңді біржолата жоғалтқаныңның өзі жақсы еді 
ғой (А.Ш.). 
 4)  Зат  есім  есімдік  және  жинақтау  сан  есімдер  (Сен  екеуміз, 
жолдасым екеуміз) немесе зат есім мен деген сөзінің тіркесуі арқылы 
күрделі  бастауыш  жасалады.  Айнабай  деген  бірді-бірге  соғып… 
жүретін бір қызыл көзді бәле (Б.М.). Ой деген таусылмайтын ораулы 
жік сияқты (С.Мұрат.). 
5)  Күрделі  мекеме  атаулары  күрделі  бастауыш  ретінде 
жұмсалады. Қазақ ССР Министрлер Советі қаулы шығарды.  
Баяндауыш. Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем 
мүшесін  баяндауыш  дейміз.  Баяндауыш-грамматикалық  формасы 
жағынан  бастауышқа  бағынышты  мүше.  Сөйлемді  қалыптастыратын 
предикативтік форма осы баяндауыш бойынан табылады.  
Сөздің  баяндауыш  қызметі  ең  алдымен  оның  предикативтік 
қатынасынан  көрінеді.  Мысалы:  Кісі  кеше  келген  -  Кеше  келген  кісі 
(осында  отыр).  Келген  бірінші  сөйлемде  баяндауыш  ретінде 
жұмсалып тұрса, екінші сөйлемде-анықтауыш. 
Сөздің  баяндауыштық  қызметін  анық  танытатын  аффикстер-
жіктік жалғаулар. 
Мен көрдім                 Мен кезекшімін 
Сен көрдің                  Сен кезекшісің 
Ол көрді                      Ол кезекші 
Жіктік  жалғау  қатыспаған  жағдайда  сөздің  баяндауыштық 
қызметін тануға контекст, позициясы жәрдемші болады. 

 
210 
Баяндауыш ретінде барлық  сөз таптары жұмсалады.     Дегенмен 
өзінің  семантикасы  жағынан  осы  қызметке  ең  бейім  сөздер  - 
етістіктер.  
Олар  предикативтік құрауға қатысатын  формаларды ( шақ, жақ, 
модальдық т. т. ) өзінің морфологиялық тұлғасы етіп алады.    
Көбіне  баяндауыш  қызметінде  –дыкі,  -ныкі,  -тыкі  жұрнақтарын 
жалғаған сөздер жұмсалады: Із арбанікі 
Баяндауыштар  құрамы  жағынан  дара,  күрделі  және    үйірлі   
болып  бөлінеді. 
Баяндауыш  мүшенің   басты  белгілері: 
1.Баяндауыш  мүше  предикативті  білдіретін  мүше  болғандықтан, 
ол  қай  сөз  табынан        жасалса  да,  шақтық  мағынаны  білдіруге  тиіс. 
Өйткені  шақтық  мағына-айтылатын  оқиғаның    болмысқа  қатысын 
анықтайтын  басты  компонент.  Осылай  болғандықтан  есім  сөздер 
баяндауыш  қызметінде  жұмсалғанда,  шақтық  мағына  арнаулы 
синтаксистік  амалдар  арқылы  үстеліп,  дербес  баяндауыштық  
формалар құралады: Ол – техник - Ол техник еді -Ол техник болады.  
2.  Баяндауыш  мүше  формаға  бай  келеді.  Сөйлемнің  стильдік 
түрленуі,  эмоциялық  мағына  үстеуі  көбіне  баяндауыштық  форма 
арқылы жүзеге асырылады.  Ол сөздердің морфологиялық тұлғаларын 
өздігінше  жұмсап  (Ол  шықсашы  үйден)  немесе  аналитикалық 
амалдарды  қатыстыру  арқылы  (жауды  дейсің,  келмек  түгіл  келеді) 
өздігінше дербес баяндауыштық формалар құрайды:  а) Егер көмекші 
компоненттердің 
тіркесуі 
негізгі 
сөздің 
морфологиялық, 
грамматикалық табиғатынан ерекше мағына үстеп тұрса. Мысалыкең 
еді,  кең  екен…  баяндауыш  құрамындағы  еді    көмекші    сөзі    шақтық 
мағына  үстеп  тұр.  Шақтық  мағына  есім  сөздерге  тән  емес.  Олай 
болса,  еді  көмекші  етістігінің  бұл  жұмсалуы  есім  сөздің 
баяндауыштық  қызметіне  байланысты.  ә)  Көмекші  етістіктер  мен  
есімдер  сөз  табын  талғамай,  тек  сөздің  баяндауыштық  қызметінің 
ыңғайына  қарай  тіркесетін  болса.  Мысалы:  келген  білем,  жас  білем, 
қөрген екен, мол екен, алады екен, келейін деді, алып келді т.б. Мұндай 
жай,  әсіресе  модальдық  мағына  тудыратын  қөмекші  сөздердің 
жұмсалуына  тән.  б)  Көмекші  сөз  негізгі  сөз  сияқты  баяндауыштық 
тұлғада тұрып, соның үстіне  көмекшілік  қызмет  атқарса,   бұл  оның  
баяндауыштық  форма  болғаны:  көрді  болды,  көрді  боп  шықты, 
айтты  қылды,  өлеңдетті  дейсің  т.б.  в)  Баяндауыштық  форма 
қатарына  бір  сөздің  синтаксистік  тіркесу  тәсілімен  қайталанып 
жасалған түрі  жатады:  қөруі  қөрді, келгенім  келген, айтудай айтты. 
т.б.         

 
211 
3.  Дара  және  күрделі  сөздердің  баяндауыш  ретінде  жұмсалуы
Шөп көгерді, қөгере бастады, қөгеріп жатыр. Дала ақ сор (сор) т.т. 
сарқырады дейсің, жауды кеп, айтуы айтты, келгенді шығарды.   
4.  Баяндауыштың  формалары  алуан  түрлі,  әрі  көп  болғанмен,  
олардың көпшілігі бір негізгі мағынаны түрліше білдіру үшін қызмет 
етеді.  Сондықтан  баяндауыштарды  атқаратын  қызметіне,  білдіретін 
мағынасына қарай топтап тану керек.    
1.  Іс-әрекетті,  сапаны  болмысқа  шақ  жөнінен  қатынасын 
білдіретін баяндауыштар: келе жатыр, келді, (жүк) ауыр т.т. 
2.  Іс-әрекеттің  қарқынын  білдіретін  баяндауыштар  (жүгірді-ай 
кеп т.т.). 
3.  Іс-әрекетті  қалпына  қарай  атайтын  баяндауыштар:  өсейін  деді 
(деп тұр), өсетін, өсуші еді т.т.  
4. Іс-әрекетті субъектінің қалауы ретінде атайтын баяндауыштар: 
келмекші (келгелі жүр, тұр, отыр ), белгісі бар. 
5. 
Іс-әрекетті 
субъектінің 
бұйрығы 
ретінде 
атайтын 
баяндауыштар: көр, көрсін, көр деген соң көр, көрмейсің т.т. 
6.  Іс-әрекетті  міндеттеу,  ұсыныс  ретінде  атайтын  баяндауыштар: 
оруы керек, оруы тиіс, оруың ғой т.т. 
7.  Іс-әрекетті  субъектінің  пайымдауы  тұрғысынан  атайтын 
(модальдық) баяндауыштар: келген сияқты, келді білем, келген болды, 
келгенді-ау деймін.  
Предикативтік  мағынаның  компоненті  болып  қалыптасқан  шақ 
формалары түгелдей баяндауыш құрамында ғана көріне алады.  
Шана жолмен келе жатыр. Боран қарды жол үстінен сыпырып 
тастапты. Жолаушы ауылға сәскеде жетеді. 
Көмекші  етістік  еді  өзі  тіркесетін  сөздің  грамматикалық 
сипатына,  оның  синтаксистік  қызметіне  қарай  кірігуі  түрлі  сапада 
қөрінеді.  Баяндауыш  қызметіндегі  есім  сөзбен  тіркесіп,  ол 
баяндауыштық форма құрайды. Есім сөзден құралған атаулы сөйлем 
құрамында  ол  шақтық  мағына  қосатын  факультативті  элемент: 
Жаздың шілдесі - Жаздың шілдесі еді. 
сөзге  түрлі  мәнер,  өң  беру  үшін  жедел  өткен  шақ  мағыналы 
баяндауыштардың  қатарында  бөтен  морфологиялық  тұлғаларға 
сүйеніп  жасалған  түрлері  жұмсалады:  айтпаймын  ба,  шалқасынан 
түссін. 
Күтіп  отыр  екен  деп  келмеймін  бе.  Ол  осыны  естігенде 
шалқасынан 
түссін. 
Іс-әрекеттің 
қарқынын 
білдіретін  
баяндауыштардың  көбі  тек  істің  қарқынын  білдіріп  қоймайды, 
сөйлеушінің  эмоциялық  сезімін  қоса  білдіреді.Мысалы,    жатып 
таласты, жатып кеп таласты,   ал кеп сөйледі.  

 
212 
Анықтауыш.  Сөйлемде  зат  есім,  есімдік  немесе  зат  есім  орнына 
жүрген  есімше  сөздермен  байланысып,  олардың  түрлі  сынын, 
сапасын  білдіретін  сөйлем  мүшелері  анықтауыш  деп  аталады. 
Көкорай  шалғын  адамның  тізесінен  келеді.  Анықтауыш  мүше 
қызметінде сын есім, зат есім, сан есім, сілтеу есімдіктері жұмсалады. 
Анықтауыш  мүшелер  құрамы  жағынан  дара,  күрделі,  үйірлі 
болып үш түрге бөлінеді. 
Сын  есімнен  болған  анықтауыштар  анықталатын  сөздермен 
қабыса  байланысып,  оның  түр-түсін,  сынын,  көлемін  және  басқа 
сапалық  белгілерін  білдіреді.  Күндер  өтіп  жатты.  Сары  жаз 
жылыстап қоңыр күзге ауысты. (Т.Ә). 
Сын  есімдер  анықтауыш  қызметінде  дара  келіп  те  немесе 
өлшемдік  мағынада  жұмсалатын  зат  есімдермен  бірігіп  келіп 
анықтауыш  қызметін  атқарады.  Бір  сабақ  жіп,  бір  сүйем  жер,  екі 
көйлектік мата, үш үй т.т. 
Сан  есімдермен  бірігіп  қана  өлшемдік  мағына  беретін  зат  есім 
сөздер  бар.  Олар  етістік  сөзден  –ым,  -ім,  -м  жұрнақтары  арқылы 
жасалады:  жұтым,  қайнатым,  салым,  тілім,  үзім.  Сол  сияқты 
шақырым,  километр,  сабақ  деген  сөздер  де  сан  есіммен  бірігіп 
анықтауыш қызметін атқарады. Бір жұтым су, екі қайнатым шай, бір 
сабақ жіп т.т. 
 Сілтеу  есімдіктер  анықтауыш  өзі  қатысқан  затты  нұсқау 
мағынаксында жұмсалады. Сол өрістегі малға кісі шаптырды. (Т.Ә). 
Заттың,  қимылдың  сапасын  білдіру  үшін  анықтауыш  ретінде 
есімшелер  жұмсалады.  Бұл  қызметте  көбіне  –ған,  -ген,  -қан,  -кен,  -
тын,  -тін  тұлғалы  есімшелер  жүреді.  Бақыт  қораны  айналып, 
сауыншылар  жататын  үйге  қарай  кетті.  (С.Мұрат).  Аталған 
есімшелер  анықтауыш  қызметінде  де  шақтық  мағынасын  жоғалтпай, 
өзара осы мағынасы арқылы дараланып жұмсалады.  
-  Ар,  -ер  тұлғалы  есімше  анықтауыш  ретінде  сирек  жұмсалады. 
Ол  анықтауыш  ретінде  келгенде  келер  шақтық  қимыл  сынды  атап,  -
тын,  -тін  тұлғалы  есімше  анықтауышқа  параллель  амал  болып 
жұмсалады.  Бірақ  ол  кез  келген  кезде  жұмсалмайды,  сөзге  өң  беріп 
жаңарту амалы ретінде жұмсалады.  
Толықтауыш.  Етістіктен,  есімнен  болған  мүшемен  байланысып, 
істің,  сапаның,  заттың  объектісін  білдіретін  сөйлем  мүшесін 
толықтауыш  дейміз.  Мысалы:  Ол  күректі  алды.    Мен  осы  үйірмеге 
мүшемін.  
Толықтауыш  салт  және  сабақты    етістіктермен  меңгеріле  
байланысуына  қарай  тура  және  жанама  толықтауыш  болып  екіге 
бөлінеді.  Тура  толықтауыштар  іс-қимылдың  әрекетіне  түскен  объект 
ретіндегі  затты  атайды.  Бұл  сөйлем  мүшесі  сабақты  етістіктермен 

 
213 
табыс  септігі  формасында  байланысады.  Тура  толықтауыштар 
сөйлемде  екі  формада  көрінеді  –  табыс  септік  формасы  мен  атау 
септік формасында. 
Тура  толықтауыш  қызметіндегі  сөздің  формасы    екі  жағдайға 
байланысты: 
1. 
Сөйлеушінің 
коммуникативтік 
мақсатымен, 
яғни 
толықтауышқа  логикалық  екпін  түсіру,  түсірмеуіне  байланысты. 
Мысалы:  Бала  сиыр  қайырып  жүр  –  Бала  сиырды  қайырып    жүр; 
жолаушы су ішті – Суды жолаушы ішті.       
2.  Толықтауыш  болатын  сөздің    грамматикалық    сипатына 
байланысты. 
Мына  лексика-грамматикалық  сипаттағы  сөздер  толықтауыш 
қызметінде тек табыс септік формасында жұмсалады. 
А)  Сын  есім,  сан  есім,  есімшелер,  есімдіктер.  Сонда  сөйлескенін 
еске алды. 
Ә)  Тәуелдік  жалғаулы  сөздер.  Бірен-саран    жатып    қалған  
кемпірлер шапандарын  жамылып келіп өлең тыңдасты  (Б.М.). 
Б)  Жалқы  есімдер.  Әбдірахманды  пристав  дуанға алып кетті 
(Б.М.).   
3. Контекске  байланысты. 
Тура  толықтауыш пен  басыңқы   сөздің  арасына   сөз түссе, ол  
тек  табыс  септікте  жұмсалады.  Малды  қораға  қамап  жүр.  Ол  мал 
қамап жүр. 
 4.  Тура  толықтауышқа  сілтеу  есімдіктен,  -ғы,  -гі  жұрнақты    сын  
есімнен  болған    анықтауыштар  ілесіп    тұрса  толықтауыш    табыс 
септікте жұмсалады. Сол өлеңді айтып берді. Күзгі қорықты сақтап, 
көшпей отыр.   
Жанама  толықтауыштар  деп  іс-қимылға  түрлі  объект    ретінде 
қатысатын затты білдіріп, сөйлемде атау, ілік, табыстан басқа септік 
жалғау    формасында  жұмсалатын  толықтауыштың  түрін  атаймыз. 
Ағасына жақындады,қаламмен жазды. 
Барыс  септік  формасындағы  жанама  толықтауыштар:  а)  іс-
қимылдың    кімге,  неге  арналғанын,  бағытталғанын    білдіреді.  Жүр 
ағаңа, - деді бұйырып. Ол білуге құштар. Қазыққа байлады. Белдеуге 
қыстырды. Шегеге ілді. ә)  етістік  сөз объектілік қатынасқа  екі түрлі  
формада – тұйық рай және есімше формасында – тұрып түседі: білуге 
құштар, білуге құштар. Бұл екі форманың сөйлеу үстіндегі талғануы 
сөзге  стильдік  өң беру мақсатына байланысты. б) іс-әрекетке, сапаға 
қатысты  объектілерді    білдіреді.  Қуатқа  толды,  шөпке  бітік,  сөзге 
жүйрік. 
Шығыс  септік  формасындағы  жанама  толықтауыштар:  а)  іс-
қимылға  жасалған  материалды  білдіреді:  Күйген    кірпіштен    үй 

 
214 
салды.  ә)  іс-қимылдың  әрекетіне  түсетін  объектілерді  білдіреді.  Бұл 
тура толықтауыш  мағыналы  мүшенің табыс  септік формада тұрмай, 
шығыс  септік  жалғауын    қабылдауы  бөлшектік    объект    ретінде 
аталуына    байланысты.  Күніне  екі-үш  хаттан  жазатын  (С.Мұрат.). 
б)  іс-әрекеттің  шығу  объектісін,  тегі,  тобы  ретінде  көрінетін 
объектісін,  салыстыру  объектісін  білдіреді.  Сөйлеуден  қашты. 
Оспаннан келді. Есімбектен жығылды. Инженерден сұрады. Жолдан 
адасты.  Хабар  сол  баладан  тарады.  Жұлдыздан  көп.  Малдан  тек 
бұзаулы қоңыр сиыры бар (С.Мұрат.).  
Көмектес  септік  формасындағы  жанама  толықтауыштар 
мынандай  мағыналарды  білдіреді:  а)  іске  бірлестік  қатынастағы 
объектіні:  Ол    Жанаймен  фермаға  беттеді.  ә)  іс-қимылдың  құралы 
ретіндегі объектілерді: Балалар шөпті  қолдарымен  кеуледі  білдіреді.  
Жатыс  жалғау    формасындағы  жанама  толықтауыштар  іс-
әрекетке, 
сапаға 
тұрақ 
ретіндегі 
объектілерді 
білдіреді. 
Машинисткада қағаз көп. Кітап сенде жүрген болу керек.  
Толықтауыш    мүшенің    стильдік  формалары    және  олардың 
жұмсалуы.  Негізгі  толықтауыш  форма  стильдік  ая  талғамай  есім, 
етістік  сөздердің    септік  жалғаулы  (атау,  іліктен  басқасы) 
тұлғаларынан жасалады.  Бұларға синоним ретінде  жұмсалатын  үш 
эмоциялы  форма  бар, олар көбіне ауызекі  сөйлеу тілінде ұшырайды. 
1.  Бірі  –  бала  екеш  баланы  тәрізді  құрылған  форма.  Бұл 
эмоциялық    құрамның  жасалуы  баяндауыш  мүшелерге  байланысты  
ілгеріде айтылған. Баяндауыш, толықтауыш мүшелер эмоция тудыру 
үшін  бір  амалды  пайдаланғанын  байқатады.  Сен  қоян  екеш  қоянды 
ұстай алмайсың (С.М.). Аталған форма объектіні менсінбей, кемсітіп 
атау үшін жұмсалады. 
2.  Ауызекі  сөйлеу  тіліне  тән  форманың  тағы  бірі  «негізгі  сөз  - 
өзін»  (келудің  өзін)  тәрізді  болып  құрылады.  Өз  сөзі  мұнда  да 
эмоциялық тудыратын көмекші компонент ретінде қатысады. Есімдік 
негізгі  сөзбен  матасып  байланысады.  Мұндай  сөзді  Ербосын 
сияқтымен сөйлесудің өзін  ар деп білді. (Б.М.). 
3.  Есім  сөз  -  дегенді,  тұйық  рай  (есімше)  -дегенді  (көл  дегенді
болып  құралатын  толықтауыш  мүшелер  де  объектінің  тосын,  таныс 
еместігін білдіру үшін немесе менсінбей атау үшін жұмсалады.  
Баяғыда, жас күнімізде ердің бетінен алу дегенді білмейтін едік 
(Б.М.). 
Пысықтауыш.  Етістіктен  болған  сөйлем  мүшесіне  қатысты    іс–
қимылдың  түрлі  сапасын,  мезгілін,  мекенін  білдіретін  мүшені 
пысықтауыш  дейміз.  Жанай  ақырын  ғана,  тықырсыз  өз  бөлмесіне 
өтті. (С.Мұрат) 

 
215 
Пысықтауыш қызметінде үстеулер,  сын есім, сан есім, атау, ілік, 
табыстан басқа септік формасындағы зат есімдер жұмсалады. 
Пысықтауыштар    мағынасына    қарай    5-ке    бөлінеді.    Олардың  
жасалу  жолдары төмендегідей.   
Мезгіл пысықтауыштар. 1.Мезгіл пысықтауыштар көбіне мезгіл  
мағыналы үстеулерден  жасалады: кеше,  бүгін,  былтыр,  жазда  т.б. 
2.  Зат  есім  сөздер  жатыс,  барыс  септікте  мезгілдік  мағына  алып 
мезгіл  пысықтауыш  ретінде  жұмсалады.  Кеңшілікте  еркін  отырып 
әңгімелесті.    
3.  Сын  есім  сөздер  субстантивтеніп,  жатыс  септік  формасында 
келіп мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады. Қараңғыда жолды әзер 
тапты. Осы суықта жолға шықты
4.  Есімшелер  жатыс  септікте  келіп,  мезгіл  пысықтауыш  ретінде 
жұмсалады. Келеріңде соны ерте кел. Барғанда хабарлай сал. 
5.  Бірқатар  мезгілдік  ұғымды  білдіретін  зат  есімдер  (кез,  уақыт, 
мезет,  күн)  атау  немесе  жатыс  сепік  формасында  тұрып,  әрі  алдына 
анықтауыш  салып  мезгіл  пысықтауыш  қызметін  атқарады.  Сол 
уақытта поезд да келіп еді. Алдыңғы  күні  жұмысшылар мая салды. 
6.  Атау,  барыс,  шығыс  септіктегі  зат  есімдер,  есімшелер    кейін, 
соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші  сөздермен бірігіп мезгіл 
пысықтауыш  ретінде  жұмсалады.  Күні  бойы  жұмыс  істеп,  шаршап 
келгенде  ыстық  пештің  жалыны  бет  шарпып  қарсы  алса  қандай 
рақат.( С.Мұрат) 
7.  Зат  есім  мен  –а,  -е,  -й  тұлғалы  көсемшелер  бастауыштық-
баяндауыштық байланыста келіп үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды. 
Жолаушылар ел орынға отыра қалаға кіреді. 
8.  –Ғалы,  -гелі  формалы  көсемшелер  мезгіл  пысықтауыш 
қызметінде жұмсалады. Келгелі осы жұмыспен айналысып жатыр. 
Мекен пысықтауыштар. Іс – әрекеттің орнын, бет алысын, шығу 
мекенін  білдіретін    пысықтауыштың    түрі    мекен  пысықтауыш    деп  
аталады.   
1.  Мекен  пысықтауыш  қызметінде    көбіне    мекен  үстеулер   
жұмсалады: Шаң шудаланып ілгері жылжыды. 
2.  Зат  есімдер  барыс,  жатыс,  көмектес  септікте  тұрып  мекен 
пысықтауыш  ретінде  жұмсалады.  Бірақ  зат  есімдердің  бұл 
формасының  пысықтауыш  қызметін  толықтауыштан  айыруда  көп 
қиындық  бар.  Мысалы:    Көшемен  келді.  –  Пойыздан  түсті,  Қойда 
жүр, Үстіне киді, Суға шомылды т.т. 
Мекен пысықтауыш болатындар – мекендік мағынасы бар сөздер. 
Олардың  мекендік  мағынасы  етістік  сөздермен  тіркесте  анық 
көрінеді. Қалаға барды. Көлге шомылды. Аспанға көтерілді.  Бұтаққа 
қонды, Сәуле терезеден түсті.  

 
216 
Ал  мына  сөйлемдердегі  тұрлаусыз  мүшелер  мағына,  тұлға 
жағынан  ілгерілерге  ұқсас  болғанмен,  обьектілік  белгісі  басым: 
Үстінен шешті, Басына киді, Тұтқадан ұстады т.т 
3.  Зат  есім,  есімдік,  есімшелер,  көмекші  есім,  септеуліктермен 
тіркесіп мекен пысықтауыш қызметін атқарады. Бәріміз сол нұсқаған 
жаққа қарадық. Қанаттың жанына бір топ бала жиналды. 
Сын–қимыл  пысықтауыштар.  Сөйлемде  іс-әрекеттің  сынын, 
тәсілін білдіретін пысықтауыш сын-қимыл пысықтауыш деп аталады. 
Пысықтауыштың бұл түрінің қызметінде мына сөздер жұмсалады: 
1.  Сын  (бейне)  күшейту,  топтау  мағынасындағы  үстеулер: 
шалқасынан, етпетінен, беталды, зорға, алдын–ала, тосыннан т.т Ол 
бірден  бастырмалата  сөйледі.  Бір  кесе  ыстық  сүтті  ішіп  ап, 
шешінбестен қисая кетті. 
2.  Еліктеуіш  сөздер:  Кратердің  табаны  бұрқ-бұрқ  қайнап 
жатыр. 
3.  –Ып,  -іп,  -а,  -е,  -й  тұлғалы  көсемшелер:  Жанай  тістеніп 
отырды да қойды. Жанай ұмтыла, оқтала қарады. 
4.  Сын  есімдер  қимыл–сын    пысықтауыш    жасайды:  Тоқтаусыз 
жүріп  отырады.  Жеңіл  киінді.  Кең  қамтыды.  Сын  есімдер  көбіне 
пысықтауыш ретінде талғаммен, қалыпты дәстүрмен ғана жұмсалады 
және  олар  белгілі  бір  етістіктер  тұсында  қатысады.  Пысықтауыш 
ретінде еркін жұмсалатын сапалық сын есімдер өте аз. 
5. Пысықтауыш ретінде -сыз, -сіз, -дай, -дей жұрнақтары арқылы 
жасалған туынды сын есімдер жиі  жұмсалады. 
6.  Сан  есімдер  жеке  немесе  мөлшер  мағыналы  зат  есімдермен  
бірігіп сын -қимыл пысықтауыш ретінде жұмсалады: екі келді, үш рет 
келді, екі құшақ алды т.т 
7.– Ған, -ген формалы есімше мен күйі (келген күйі) сөзі тіркесіп 
сын–  қимыл  пысықтауыш  қызметін  атқарады.  Әкесі  сол  тісін 
шұқыған күйі терезеден сыртқа қарап отыр екен. 
8. Абстрактілі зат есім сөздер көмектес септік формасында келіп 
сын– қимыл пысықтауыш ретінде жұмсалады.  Қатқыл үнмен жауап 
қайтарды. Жылы жүзбен шығарып салды. 
9. Зат есім, есімше сөздер құрлы шылауымен бірігіп (бала құюлы, 
кеген құрлы) сын–қимыл пысықтауыш кызметін атқарады. Лақ құрлы 
бақырмай, өлгенім бе, ойпырмай! 
Мақсат  пысықтауыштар.  Іс–әрекет,  қимылдың  мақсатын 
білдіретін пысықтауыш  мақсат пысықтауыш деп аталады.   
1. Мақсат пысықтауыш мақсат мағыналы  үстеулерден  жасалады: 
әдейі,  арнайы,  жорта,  қасақана  т.т.    Абай  үншіл  домбыраны  әдейі 
Әйгерім үшін тартатын. 

 
217 
2.  –  Ғалы,  -гелі  тұлғалы  көсемшелерден    жасалады:    Анықтап 
байқағалы келіп тұрмын. 
3. Бұйрық райлы етістік деп көмекші етістігімен бірігіп құралған 
тұлғалардан    жасалады:    Осы  қалың  шиді  орайын  деп  бүгін  ерте 
қамданды. 
 4.  –У  үшін  (тұйық  рай  етістік  –  үшін)  тұлғалы  етістіктерден 
жасалады:  Ерте жету үшін бүгін шыққанымыз жөн.  
5. Барыс септігіндегі тұйық райлы етістіктерден  жасалады: 
(оқуға  алдым)  Сені  ғой  бүгін  міне,  отарбайдың  орнына  шөп 
тартуға жіберді. 
Себеп  пысықтауыштар.  Қимылдың  іс–әрекеттің  себебін 
білдіретін пысықтауыштар себеп пысықтауыш деп аталады.    
1. Себеп пысықтауыштар өткен шақтық  есімшелерге –дықтан, -
діктен қосымшаларын жалғап себеп пысықтауыш қызметін атқарады: 
Кешіккендіктен жолыға алмады. 
2.  Өткен  шақ  есімшелер  шығыс  жалғауын  жалғап  себеп 
пысықтауыш  ретінде  жұмсалады:    Ол  құрығырды  қай  жетіскеннен 
айтады дейсің. 
3. Кесір, ыза, суық, қуаныш, жел, көңілшектік, жалқаулық тәрізді 
зат  есім  сөздер  шығыс  септікте  тұрып  себеп  пысықтауыш  ретінде 
жұмсалады:    Осы    қырқылжыңның  бәрі  сол  Бақыттың  кесірінен 
болғалы отыр. Жаңбырдан ой – шұңқыр түгел суға толды. 
4.  Өткен  шақтық    есімшелер  соң,  кейін  шылауларымен  тіркесіп  
(келген  соң,  айтқан  соң)  себеп  пысықтауыш  ретінде  жұмсалады: 
Қатарың болған соң Күләннің көзінше беделіңді түсірмейін дедім. 
5.  Абстрактілі  зат  есім,  өткен  шақтық    есімшелер  үшін 
шылауымен  тіркесіп  себеп  пысықтауыш  қызметінде  жұмсалады:  Ол 
сенің  кегенің  үшін  риза  болды.    Абайламай    сөйлеген  сөзің  үшін 
ұрысты . 
Пысықтауыш  мүшелердің  стильдік  түрлері  және  олардың 
жұмсалуы.  Пысықтауыш  мүшелердің  стиль  таңдауда  бейтарап 
келетін  негізгі  формалары,  сонымен    қатар  тілдің  үнемділікке 
талпыну  талабына,  сөзді  түрлендіріп  айту,  эмоциялы  құру  талабына 
сай шыққан, синоним формалары     бар. Пысықтауыштың бұл түрлері 
былай жасалады: 
1.Есімше, есім сөздердің септік тұлғасы арқылы жасалған мезгіл, 
мекен  мағыналы  пысықтауыштармен  (кегенде,  қалада)  қатар  өзінде 
есімдігін  қосқан  синоним  форма  жұмсалады:  келгеннің  өзінде, 
қаланың өзінде. 
Пысықтауыштың 
бұл 
эмоциялы 
форманы 
 
құрайтын 
компоненттері  өзара  матасып  байланысады.  Синтаксистік  форма 
беретін  жалғау  есімдікке  жалғанады.  Осы  келгеннің  өзінде  де 

 
218 
Тымақбайдың  атын  сұрап  жегіп  келіп  отырмыз,  -  деді  көзін 
жаутаңдатып. 
2.  Зат  есім,    есімдік  -    болып  түрінде  құрылған  пысықтауыш 
мүшелер  іс  -әрекетке  қатысушылардың  мөлшерін  көрсетеді.  Орта 
мектепті бітірген соң бұлар бүкіл класс болып колхозда қалды. 
3.  Кейде  зат  есім  (субстантивтенген  сын  есім)  –  болып  түрінде 
құралған  синтаксистік  мүше  сөйлемге  бастауыш  мүше  телінген 
қыстырма  ретінде  кірігіп  субьектілердің  құрамын  саралап  көрсету 
үшін жұмсалады. Солдаттысы, арбалысы болып, бізді бір көш жерге 
дейін  көп  достар  шығарып  салды.    Осындай  грамматикалық 
субьектінің  жанында  тетелес  жұмсалудың    нәтижесінде    «зат  есім  - 
болып»    тәрізді  пысықтауыштардың  субьектіні  білдірудің  бір  амалы 
ретінде  жұмсалатыны  бар:    Пұшарбай,  Сабырбай,  Мұңсызбайлар 
болып Майбасарға мықтап дүре соқты
4.  Субьектіні  пысықтауыш  мүше  формасында  білдіру  –  сөзді 
үйреншікті ережеден шығарып, түрлендіріп құраудың бір амалы және 
бұл амал негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән. 
5.  «Зат  есім  -  болып»  түрінде  құралған  пысықтауышың  тағы  бір 
өзгеше мағынасы - ол іс–қимылдың ұқсастық сапасын білдіреді: үлкен 
кісі болып сөйледі, сиыр болып сүйкенді, қасқыр болып ұлыды. 
6.  Ауызекі  сөйлеу  тілінде  алғанын  алғанша,  түскенін  түскенше  
тәрізді 
ұйымдасқан 
пысықтауыштың 
түрі 
жұмсалады. 
Пысықтауыштар  іс–қимылдың  қарқындық  сапасын  білдіреді. 
Құрылысшылар тақтайды түскенін түкенше жаратып жатыр. Мен 
айтқандарыңды табылғанын табылғанынша жібергенмін. 
Бұл  жерде  пысықтауыш  бір  сөзді  қайталау  негізінде  құрылған. 
Басты  компонент  табыс  септік  тұлғалы  есімше  сөз  де  –  ша,  -  ше 
тұлғалы компонент қайталау ретінде қатысып тұр. Осылай құрылған 
пысықтауыш мүше іс–әрекеттің қарқынын білдіреді. 
7. 
Айтқанын 
айтдай, 
естігенін 
естігендей 
тәрізді  
пысықтауыштар  да  осы  ыңғаймен  құрылған,  мағынасы  да  бірдей. 
Соңғы  компонент  –дай,  -дей  тұлғалы  сын  есім  ретінде  қатысады. 
Пысықтауыштың бұл түрі негізгі компонент ретінде зат есім сөзді де 
қатыстыра  алады:    астықты  астықтай,  ақшаны  ақшадай  (алды). 
Асқар  көргенін  көргендей  күнделігіне  жазып  отырды.  Бұл  ашқарақ 
етті еттей, майды майдай жей береді. 
8.  «Есім  сөз  –  демей»  ретінде  құралған  пысықтауыштық  форма 
ауызекі  сөйлеу  тілінде  жұмсалып,  эмоциялықты  білдіреді.  Бұның 
эмоциялығы  ритм  тудыратын  қосақта  жұмсалуынан  да  көрінеді.  Ол 
кісі кәрі демей, жас демей қалжыңдаса береді. 
9. «Есім сөз – үшін» тәрізді құрылған себеп пысықтауыштарымен 
қатар  оған  синоним  ретінде  «  барыс  септік    тұлғалы  есім  –  бола» 

 
219 
түрінде  құрылған  пысықтауыш  форма  жұмсалады:  сен  үшін  –  саған 
бола.  Сонғы  вариант  қимылдвң  себебін  менсңнбей,  төмен  көрсетіп 
атау үшін жұмсалатын форма. 
Қой әрі, соған бола соттап !  
Сонымен  қатар  бұл  пысықтауыш  қимыл–әрекеттің  себебін 
ерекшелеп  атау  үшін  де  жұмсалады.  Бұл  мағына  ілгергі  эмоциялық 
мағынасына тығыз байланысты. 
10.  Ауызекі  сөйлеу  тілінде  бірқатар  пысықтауыштық  формалар 
қысқартылып  жұмсалады.  Бұл  сөзді  үнемі  құрау  талабынан  пайда 
болған. Қысқартылған вариантты пысықтауыштар мыналар: 
А)  Мезгіл  мағыналы  көктемде,  жазда,  күзде,  қыста  тәрізді 
пысықтауыш  сөздерге  септік  жалғауы  түсіріліп  айтылады:  Қыс 
қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады
Ә)  Топтау  сан  есімдердің  шығыс  септік  жалғаулы  түрінен 
жасалған пысықтауыш мүшелер септік жалғауын түсіріп айта алады. 
Кісілер бесеу – бесеу бөлініп қос тікті. Кәрі–құтаң шалдар, кемпірлер 
екеу – екеу көлеңкеде отыр. 
Б)  «есім  -  кезінен»,  «есім  ішінен»  түрінде  құралған  пысықтауыш 
мүшелер  көмекші  компоненттерін  түсіріп  айта  береді.  Септік 
жалғауын  негізгі  сөз  қабылдайды.  Жас  кезінен  –  жасынан, 
балаларының  ішінен-  балаларынан  т.  т.  Әй  Алдеке  –  ай  күшігінен 
қолда    өсігесін  дәріптей  бересіз  ғой,  әйтпесе  Аламойнақ  дегенің  де 
ала күшік емес пе? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет