Е. О. Алауханов (гылыми редактор)



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата28.02.2017
өлшемі2,71 Mb.
#5046
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37

Литература: 
 
Засорина Т., Федосова Н. Профессия –  
журналист.   - Ростов н/Д: Изд.Феникс, 1999. - 
С. 264. 
Бухарцев Р.Г. Творческий потенциал журнали- 
ста. - М.: Мысль, 1985. - С. 26. 

Шишкина  М.А.  Радиовещание  в  системе 
экономического 
информирования 
крупного 
промышленного  центра:  Автореф...  канд.  филол.н.  - 
Минск, 1991. - С.9. 
4  Кенже  Татиля.  Точка  невозврата.  Почему  падает 
качество  подготовки  журналистов?  //  Central  Asia 
Monitor. - 17-23 февраля 2012. 
 
Мақала авторы журналистік шеберлікті жақсартудың теориялық және практикалық мәселелерін, атап айтқанда, іскерлік 
және  экономикалық  баспасөзде  қызмет  істейтін  журналистердің  мәселелерін  қарастырады.  Журналистерді  даярлау 
мәселелері туралы 2011 жылы қараша айында Алматы қаласында өткен IV Медиа Құрылтайда айтылған болатын. 
«ҚазМұнайГаз»,  «ҚазХРОМ»,  «Қазақстандық  қор  биржасы»,  «Казкоммерциялық  банк»  сияқты  ірі  компания  өкілдері 
мен журналистер т.б. дөңгелек үстел басында болашақтағы ынтымактастыщ мәселелерін талқылады. 
The author of article considers theoretical and practical questions of increase ofjournalistic skill, in particular, the journalists 
working in a business and economic press. There was a conversation   on IV Media Kurultae passing in Almaty in November, 2011, 
about problems of preparation of journalists. 
Journalists  and  representatives  of  the  largest  companies,  such  as  «KazMunajGaz»,  «KazHrom»,  «the  Kazakhstan  stock 
exchange», «Kazkommertsbank», etc. behind a round table have discussed problems of the further cooperation. 
 
Қ. Мысаева 
Ғылыми журналистиканы оқытудың негізгі мәселелері 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
 
УДК 316.77:001.8; 070:001.8 
Аңдатпа.  Мақалада  ғылым  тақырыбына  ақпараттар  дайындау  үшін  қолданылатын  ғылыми  журналистиканың 
ерекшеліктері қарастырылады. Жалпы алғанда, ғылыми журналистика дегеніміз ғылыми зерттеулерді ғылыми тілден 
қарапайым  тілге  мағынасын  жоғалтпай  «аудару»  болып  табылады.  Соңғы  жылдары  ғылымның  қарқынды  дамуына 
байланысты  ғылыми  ақпараттар  көлемі  артып,  қоғам  өмірінде  ерекше  маңызға  ие  болуда  және  ғылыми  ортамен 
бұқаралық ақпарат құралдарының өзара байланысы нығаюда. 

Ш. Нургожина 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
98 
ISSN 1563-0242 
 
Кеңейтілген және ғылыми ақпарат. 
 
Соңғы  жылдары  қоғамда  ғылымның  маңызды 
рөл  атқаруына  байланысты  ғылыми  жаңалықтар 
саны қарқынды өсуде және ғылыми бірлестіктер мен 
бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыс 
артып  отыр.  Қоғамның  негізгі  осы  екі  «тірегінің» 
әдістемесі 
арасындағы 
айырмашылық, 
атап 
айтқанда,  олар-ды  шынайы  түрде  дамыту  жолдары 
біршама 
қиыншылықтарға 
әкеліп 
соқты. 
Журналистика  таңғажайып  және  қызығушылық 
теорияға 
жақын 
болса, 
ғылым 
факті 
мен 
эмпирикалық өлшемдерге баса назар аударады. 
Ғылыми  журналистика  қоғамдық  форумға 
арналған  тақырыптағы  ғылым  туралы  ақпаратты 
беру 
үшін 
есептілік 
өнерін 
пайдаланатын 
журналистиканың  филиалы  болып  есептеледі. 
Ғылым  жайлы  білімдердің  бұқаралық  ақпарат 
құралдары арқылы байланысы қазіргі таңда жаңадан 
дамып  келе  жатқан  ғылым  әлемі  мен  бұқаралық 
ақпарат  құралдары  арасындағы  ерекше  қарым-
қатынасты  талап  етеді.  Бұл  -  ғалымдар  мен 
жаһандық  коммуникацияның  жалпы  мақсатты 
аудитория  арасындағы  жаңа  қарым-қатынастарын 
қалыптастыру. Бұл үшін жаңа басымдылық дәстүрлі 
маркетингпен  салыс-тырғандағы  айырмашылығы 
тарту маркетингіне жуық келеді. 
Ғылыми  журналистиканың  басты  міндеті  -
ғалымдармен  белгілі  бір  формада  дайындалған 
нақты,  кеңейтілген  және  ғылыми  ақпаратты  беру, 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  тұрақты  орташа 
тұтынушыларын  ақпаратпен  танысты-ру  арқылы 
оны  түсіндіру  және  бағалау.  Ғылым  тақырыбында 
жазатын көптеген журналистер өздері өткен ғылыми 
пәндерді  толығымен  қамтамасыз  етпейді.  Олардың 
кейбіреуі  журналист  болғанға  дейін  ғылым 
саласында  білім  алған  немесе  ғылыми  пәндер 
туралы  жазбаша  фор-мада  таланттарын  танытқан 
болу  керек.  Соған  қарамастан,  сұхбатқа  жақсы 
дайындалу  керек  екенін  ұмытып  кетеді  немесе 
«Адамдар  үшін  көше  қандай  мағына  береді»  деген 
секілді  қарапайым  сауалдар  жалпы  мақсатты 
аудиторияға арналған материалдарда қолданылады. 
Ғылым 
саласында 
жазатын 
журналис-тер 
ғылыми  жаңалықтар  туралы  жалған  ақ-парат  береді 
деген сынға жиі ұшырайды. Мә-селен, әлемдегі ауа-
райының  өзгеруі  туралы  жарияланған  материалдар 
мен  ғылыми  бір-лестіктер  арасындағы  қарама-
қайшылық  шы-найы  өмірдегі  жағдайдан  да  зор. 
Ғылыми  зерт-теу  деректері,  тестілеуге  арналған 
және  ол  дәлелденбеген  қағида  емес,  сондықтан 
пікір-лердің туындауы заңды көрініс. 
Ғылым  саласына  жаңадан  келген  журналистер 
алғашқы 
тәжірибеден 
кейін-ақ 
оған 
деген 
қызығушылықтары  оянады:  мәселен,  өкпе  ауруына 
қарсы  ойлап  табылған  жаңа  дәрі  туралы  естіген 
журналисте  мен  бұл  туралы  жазуым керек деген ой 
туындауы  заңдылық.  Жаңа  оқиға  -  қызықтыратын 
құпия.  Ғылым туралы  сәтті материал жазу қызықты 
тақырып  табумен  шектелмейді.  Күрделі  мәсе-
лелерді  түсіну  және  оны  мазмұнына  сәйкес  беру 
қажет,  себебі  кейбір  ғалымдар  қара-пайым  ғана 
сұхбат  бере  алмауы  мүмкін.  Журналистика  қоғам 
өмірінде ерекше рөл атқарушы маңызды кәсіп болып 
табылады.  Сондықтан  журналист  қызметі  фермер, 
саясат-кер,  дәрігер  немесе  ғалым  секілді  өте 
маңызды. 
Қызметтің 
әртүрлілігіне 
байланысты 
ба-
сымдылықтар  да  әртүрлі  болып  келеді.  Сондықтан 
әрдайым  ғылым  саласына  жа-затын  журналист 
ғалым  емес  журналист  екенін  естен  шығармағаны 
абзал. Сонымен  қатар  журналистің аудиторияға көп 
нәрсені  түсіндіруі  қажет  екеніне  қарамастан,  оның 
қызметі  мұғалім  емес  екенін  ескеру  керек. 
Журналист  оқырман  көңілінен  шығатындай  етіп 
жазуы  қажет  болғанымен,  әдеби  қаламгер  емес 
екенін  ұмытпауы  тиіс.  Журналистің  міндеті 
аудиторияны  тиімді  және  қолайлы  тәсілдер  арқылы 
ақпараттармен  қамтамасыз  ету,  даулы  мәселелерге 
талдау  жасау,  яғни  «журналистиканың  қоғамның 
қырағы  иті»  қызметін  атқару.  Мұнда  журналистің 
редакция-да  тұрақты  жұмыс  істеуі  немесе  штаттан 
тыс тілші  немесе редактор, басшы не  болмаса  тілші 
қызметін  атқаруына  қарамастан  кәсіби  журналист 
ретінде қоғамға маңызды қызмет көрсетуі қажет. 
Егер  ақпарат  рыногын  қызықтыра  алма-са 
таңғаларлық  оқиғаның  өзі  жақсы  қабыл-данбайды. 
Ғылым 
саласына 
жаңадан 
жазып 
жүрген 
журналистер 
редакторға 
жариялауға 
ақпарат 
нарығының  сұранысына  ие  емес  немесе  бұл 
жарияланымға қатысы жоқ тақы-рыптарды ұсынады. 
Көп  жағдайларда  терең  зерттелген  ғылыми 
жұмыстың 
нәтижесі 
мер-зімді 
басылымдарда 
жарияланған немесе әуе толқынынан берілген болуы 
мүмкін. Сон-дықтан осы тақырыпқа қатысты қандай 
жаңа-лықтар  жарияланғанын  анықтау  керек.  Егер 
жарияланған  болса  ол  материалдардан  қалайша 
ерекшелендіруге  болады?  Ақпарат  жай  жаңалық 
ретінде ғана берілген бе, жоқ пікірталас түрінде ме? 

Қ. Мысаева 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
99 
ISSN 1563-0242 
Журналист,  сонымен  қатар  мақаланы  қандай 
түрде  дайындау  керек  немесе  эфирге  қалай  беру 
керек  екенін  ойластыру  керек.  Егер  журналист  жай 
ғана ақпарат түрінде немесе әңгімелей отырып, оның 
мазмұнына  сәйкес  беру  форма-сын  таңдаса 
жаңалықтар  ең  тиімді  формат  бо-лады.  Егер 
журналистің  айтары  қысқа  ақпарат  шеңберінен 
артылып 
жатса, 
оны 
қосымша 
көркемдеп, 
толықтырып  берсе  оқырман  көңі-лінен  шығары 
сөзсіз.  Егер  журналисте  субъек-тивті  пікір  болса, 
оны  комментарий  жанрын-да  беруге  болады.  Радио 
мен  телевидение  әртүрлі  форматтарды  береді: 
сұхбат,  клиптер,  деректі  фильмдерден  сұхбат-
репортаж.  Журналист  жоспары  жаңалықтарды  беру 
талабына,  яғни  іздеу,  оқу,  көру,  әңгімені  тыңдау 
секілді таңдап алған форматқа сай келетініне сенімді 
болу  керек.  Журналист  материалды  жариялау  үшін 
кім  редактор  екеніне  де  назар  аударғаны  жөн. 
Ғылыми  тақырыпқа  журналист  алдын  ала  олардың 
қызығушылығын  тудыра  білсе,  осыған  дейінгі 
жарияланымдарымен  таныс  болса,  оны  жылы 
қабылдауы  мүмкін.  Журналисте  нақты  сюжет 
жасағаннан  кейінгі  алғашқы  «қадамы»  -  редактор. 
Алдын  ала  электронды  поштамен  хабарласқаннан 
гөрі  бетпе-бет  жүздесудің  тиім-ділігін  ескере 
отырып, редакторға телефон ша-лып, бұл кездесудің 
неге өзекті екенін түсіндіру керек. 
Қысқаша  очерк  ұсыну  арқылы  қалай  әрекет  ету 
жолдарын  кеңесе  отырып,  келісетініңізге  сенімді 
болғаны 
дұрыс. 
Егер 
журналист 
сұх-батты 
электронды  пошта  немесе  телефон  арқылы  алуды 
шешсе  композициясымен  алдын  ала  мұқият  жұмыс 
істеген  дұрыс  деп  ойлаймын.  Ғылым  тақырыбын 
жазатын  журналистің  ре-дактормен  қызметтік 
қарым-қатынас  орнатқаны  өте  маңызды.  Зерттеуді 
бастай  салысымен  ре-дактормен  байланыста  болу 
керек.  Егер  қандай  да  бір  өзгерістер  енгізілсе, 
міндетті  түрде  ре-дакторды  хабардар  етіп  отыру 
маңызды,  алай-да  редактордың  әрдайым  қолы 
тимейтінін  және  журналистердің  қосымша  жұмыс 
тудырғанын  қаламайтынын  еске  ұстау  керек. 
Мейлінше  аз  байланыс  жасап,  зерттеуді  қашан 
аяқтайтынды  редакторға  ескерту  керек.  Келісілген 
мерзімде  жазуға  сенімді  болған  дұрыс.  Егер 
қосымша ақпараттар болса оны келесі оқиғаға арқау 
ету  керек.  Журналист  редактор  тексергеннен  кейін 
мақаланы  қайта  қарауға  даяр  болуы  ке-рек. 
Редакторлардың 
өзіндік 
пікірлері 
бар, 
ал 
кейбіреулері  қосымша  жұмысты  талап  ететін 
көптеген  өзгерістер  мен  түзетулер  енгізуі  мүмкін. 
Алайда  материалдың  негізгі  мазмұнын  сақта-ғанын 
тексеру  қажет.  Әрине,  кейбір  редакторлар  жақсы 
материалды  өте  жақсыға  немесе  жаманға  өзгертуі 
мүмкін.  Әртүрлі  редакторлармен  жұ-мыс  істеу 
журналисті көп нәрсеге үйретеді. Егер редактор көп 
өзгерістер  жасаса  алаңдамай  оны  қайтадан  қарауға 
немесе  талқылауға  болады.  Бұл  -  редакцияның 
стандартты  тәжірибесі.  Алайда  жақсы  редактор 
енгізген  өзгерістерге  мұқият  болу  қажет.  Бұл  - 
дербес кәсіби біліктілігі жоғары журналист болудың 
тиімді жолы. 
Ғылыми жаңалықтардың жалпы мақсатты 
аудиториясы кім екенін нақты білу маңызды. Олар 
ғылым туралы тұрақты оқиды ма? Немесе бұл басқа 
да көптеген тақырыптардың бірі ме? Ол жартылай 
ғана қызығушылық тудырады ма? (Бұл көбінесе 
радиода кездеседі). Оқиғаны дұрыс қабылдату үшін 
өзіндік стильмен беру ке-рек. Ғылыми 
жаңалықтардың негізгі аудитория-сын зерттеу 
барысында ақпараттың ғалымдарға арнап беріліп 
отырғаны туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Себебі 
ғылыми жаңалықтар тек ғалымдарды емес
көпшілікті қызықтыратынын естен шығармау керек. 
Журналистер аудитория қызығушылығын тудыру 
үшін ғылымды наси-хаттауы керек. Алайда ғылыми 
журналистика халыққа біздің біліміміздің және 
ғылымымыз-дың даму шегі қандай деңгейде екенін 
көр-сетеді. Әрине, мәселе сапалы журналистік 
зерттеу туралы болмақ. Қоғамның саясат, эко-
номика, денсаулық сақтау секілді басқа да 
салаларындағы ғылым мәселелеріне қатысты 
ғылыми жаңалықтар сауатты берілуі тиіс. Соны-мен 
қатар ғалымдар мен басқа да мамандардың қажет 
болған жағдайда сынына да назар аудару керек. 
Ғылым қаншалықты терең зерттеуді та-лап ететінін 
және қолданылатын әдістер туралы ойланған жөн. 
Кей жағдайда зерттеудің себеп-салдары маңызды 
болғанымен, кейде ғылымның өзі өте өзекті болып 
табылады. 
Ғылым  тақырыбында  жазғанда  бірнеше  ақпарат 
көзінен  ақпарат  жинау  қажет.  Кей  жағдайда  тек 
ғалыммен сөйлесу жеткіліксіз. Журналист үкіметтік 
емес  ұйымдардың  мүше-лерімен,  саясаткерлермен, 
осы  мәселеге  тікелей  қатысы  бар  компания  және 
жеке 
адамдармен 
немесе 
тұрақты 
тұтынушыларымен  сөйлесе  алады.  Қатысушыларды 
мүмкіндігінше  көптеп  тартқан  тиімді.  Алайда 
журналистің  тиімді  жұмыс  істеуі  қажет  екенін 

Қ. Мысаева 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
100 
ISSN 1563-0242 
ұмытпауымыз  керек.  Журналист  зерттеуіне  көмегі 
шамалы  ақпарат  көздері  мен  мәселелерге  назар 
аудармаған  жөн,  ғылым  туралы  жаңалықты  әртүрлі 
ақпарат  көздеріне  қарай  таңдау  жасап,  негізгі 
ақпаратты  әртүрлі  сарапшылардың  көмегімен 
тексеру  ке-рек.  Бірақ  қолданылған  ақпарат  көзі 
туралы  сұраған  жөн.  Сарапшылардан  осы  сала 
бойынша басқа да сарапшылар туралы сұрау арқылы 
кімдермен  жұмыс  істейтінді  білуге  болады. 
Болжамдарды  дамытуды  және  оларға  сұрақтар 
қоюға  тырысу  керек.  Қажет  болған  жағдайда  іс-
әрекет  жоспарын  өзгертуге  дайын  болған  жөн. 
«Үкімді  зерттеумен»  жұмыс  істеу  әдістері. 
Оқиғаны  түсіну  үшін  жасаған  алғашқы  қадам  бір 
сөйлем  жазудан  басталуы  мүмкін.  Бұл  зерттеуі 
жоспарлауға,  сондай-ақ  қолжазба  құрылымын 
жасауға және өз жазу стилін табуға көмектеседі. 
Келесі  өте  маңызды  мәселе:  «Мен  журналис-тік 
зерттеуімнен 
кейін 
бұл 
мәселеге 
басқаша 
көзқарастамын».  Идея  «ғылыми-ұсынысқа»  келіп 
тіреледі,  оны  ауызша  дауыстап  айту  неме-се  хатқа 
түсіру  қажет.  Оқиғаға  қатысты  айтылған  үкім 
әрдайым  біржақты  немесе  пайымдама  болу  керек. 
Бұл 
журналистің 
жеке 
көзқарасын 
немесе 
комментарийді  баса  көрсетуді  білдірмейді.  Бұл 
дегеніміз  қарапайым  ғана  журналистік  зерттеу-ге 
жете  назар  аудару  және  «камераны»  дұрыс 
орналастыру  қажет  екенін  білдіреді.  Ғылыми-
ұсынысты  пайдаланудың  журналист  үшін  мына 
жағдайларда көмегі болады: 

 
оқиғаны  баяндауда  қай  аспектілері  ма-ңызды, 
қайсылары  маңызды  емес  екенін  алдын  ала 
нақтылап,  шешу  қажет;  Бұл  әдісті  зерттеуді  бастар 
алдында  қолдануға  болады.  Әрбір  азат  жолдың 
оқиғаға  қатысы  болуы  қажет  екенін  білу  керек. 
Журналист  жазған  әрбір  сөйлем  зерттеу  бағытына 
сәйкес жазылуы керек, не болмаса оның ең маңызды 
қырына назар аударуы тиіс

 
әрине,  журналистикада  журналистің  жеке 
болжамдары белгілі бір рөлге ие. 
Сондықтан  егер  қажеттілік  туындаса  зерттеу 
барысында  өзгеріс  енгізуге  әрдайым  дайын  болу 
керек.  Бұрынғы  зерттеу  нысанынан  бас  тартуға 
немесе жаңа нұсқасын ұсынуға болады. 
Ғылыми  тақырыптағы  материалды  жазбас-тан 
бұрын  оны  жоспарлау  үшін  уақыт  керек.  Бір  бет 
қағазға  оқиғаның  жоспарын  толығымен  жазып, 
оқырманды  қызықтыру  үшін  кіріспені  жан-жақты 
ойластыру  керек.  Көп  жағдайда  ең  бастысы,  бірден 
оқырманға  қажетті  ақпаратты  кең  және  толық 
көлемде  берген  дұрыс.  Жақсы  жазылған  материал 
әлсіздеу 
факторларды 
бай-ланыстырып 
қана 
қоймайды,  сонымен  қатар  «қызыл  сызықты» 
анықтайды.  Оқиғаның  бірі-нен  кейін  бірінің 
жалғасуы оқырманға түсінікті болуы керек. Жазуды 
бастағаннан  кейін мақаланың  құрылымын өзгертуге 
болады.  Десек  те  алғаш  жасалған  жоспар  жұмыс 
істеуге  пай-далы  және  ол  мақаланың  немен 
аяқталатынын  білу  үшін  пайдалы.  Жақсы  ғылыми 
репортер  оқырманға  қандай  деңгейде  ақпарат  беру 
қажет  екенін  біледі.  Себебі  ғылым  саласын-да 
жазатын журналист өздері білетін барлық ақпаратты 
оқырманға толығымен ұсынуды емес, аудиторияның 
сұранысына сай ақпарат беруге  талдау  жасауы  тиіс. 
Жоспарлау  мен  материалды  жазу  барысында 
оқиғаның  ең  маңызды  тұстарын  бөлімдерге  бөліп 
беруге және ортасында сәл жеңілдеу тауармақтарды 
енгізуге  болады.  Соны-мен  қоса  міндетті  түрде 
журналистің 
редактор-мен 
келісімі 
жайлы 
ұмытпағаны  жөн.  Ғылыми  жазбалар  өте  мұқият 
таңдауды  талап  ететінін  ұмытпау  керек.  Тақырып 
кешенді  түрде  берілуі  керек.  Сондықтан  қай 
аспектілерін  қарапайым  тілмен  және  қандай 
мәселелерді  толықтай  түсіндіру  қажет  екенін  және 
өте  қысқа  шолу  жасауды  талап  ететін  элементтерді 
анықтау маңызды. Сонда ғана журналист ақпаратты 
беру нысаны мен көзқарас «камерасын» қалай орна-
ластыру немесе ғылыми-зерттеу ұсыныстарды нақты 
айқындау арқылы дұрыс шешім қабылдай алады. 
Егер  мақала  жеке  тұлға  туралы  әңгімелеуден 
басталса,  оқырманның  бірден  оған  деген  қызығу-
шылығы  артуы  мүмкін.  Бірақ  бұл  тақырыптың 
негізгі идеясымен сай келген жағдайда сәтті бо-луы 
мүмкін. 
Журналист  ғылым  тақырыбындағы  мақа-ланы 
жоспарлау,  зерттеу  және  жазу  барысында  ескеретін 
бірнеше  қағидаларға  қысқаша  тоқ-талып  көрейік. 
Ғылыми  журналистикада  ескеруі тиіс  қағидалар өте 
көп,  соның  ішінде  ең  ма-ңыздылары  ретінде 
төмендегілерді ұсынуға бо-лады: 
-  егер  берілген  ықшам-ақпарат  шынайылыққа 
сәйкес келмесе, міндетті түрде оны ескерту ке- 
рек; 
-
 
журналистік  зерттеу  нәтижелері  ғалым-ның 
немесе дәрігердің көңілінен шығу керек деп ойламау 
керек.  Журналист  олардың  өкілі  емес  және  олар 
негізгі аудитория болып табылмайды; 

Қ. Мысаева 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
101 
ISSN 1563-0242 
-
 
журналист  ғалымның  сұхбатын  берген-де 
қоғаммен 
байланыс 
пен 
журналистиканың 
арасындағы айырмашылықты түсіндіруі тиіс; 
-
 
журналиске  оқиғаны  екі  немесе  одан  да  көп 
қырынан  тануы  үшін  бірнеше  ғалымнан  сұхбат  алу 
оқиғаны  екі  немесе  одан  да  көп  қырынан  тануға 
мүмкіндік береді; 
-
 
журналист  мәселені  толық  анықтауы  үшін 
ақпаратты  бірнеше  университеттен  не-месе  бірнеше 
ғылыми-зерттеу институтынан жинақтауы керек; 
-
 
журналист  ақпаратты  жедел  тарату  үшін 
жаңалықтың мазмұнын асыра  көрсетуге  тырысудың 
қажеті жоқ, ақпарат мазмұнға сай болуы керек
-
 
журналист  мақалаға  қажет  емес  ақпаратты 
енгізудің  қажеті  жоқ,  журналистикада  ақпаратты 
мысқылдап  жинақтап,  кеңінен  тарату  туралы 
қағиданы ұмытпаған жөн; 
-
 
журналист  ақпарат  алу  кезінде  тосын 
сұрақтар  беруден  қорықпауы  керек,  бұл  журналист 
шығармашылығының  бір  бөлігі  болып  табылады 
және аудиториядан тосын  сұрақтың жауабын білуге 
қызығатындар  табылады.  Журналистің  ғалымға  өзі 
түсінбеген  жайды  «Мен  сіздің  не  туралы  айтып 
тұрғаныңызды  білмеймін»,  -  деп  ғылыми  зерттеуге 
түсініктеме беруін сұраудан қысылудың қажеті жоқ. 
Ғылым  тарихындағы  жаңалықтардың  идеясы 
әртүрлі  ақпарат  көздерінен  алынуы  мүмкін,  жур-
налист  пайдаланатын  әрбір  ақпарат  көзі  алынған 
ресурстарға  соның  ішінде  интернет  ресурстары-на 
қол  жетімділікке  тікелей  байланысты.  Негізгі 
ақпарат  көзі  сізге  ақпаратты  баяндаушы  адамдар 
болып  есептеледі,  ол  зерттеу  жүргізуші  ғалым 
немесе клиникалық сынақтарға қатысушы, емделуші 
болуы  мүмкін.  Олар  не  болғаны  жайлы  толық 
өзіндік есебін береді. Екінші ақпарат көзі журналист 
пен  бірінші  ақпарат  көзі  арасындағы  электрондық 
немесе басқа да бұқаралық ақпарат құралдары болып 
табылады. Олар тек журналис-тер үшін ғана емес, ол 
ғылым тарихы үшін де маңызды ақпарат көзі болуы 
мүмкін. 
Негізгі ақпарат көздері: 

 
ғалымдарға арналған журналдар: саясат-
керлерге, көршілерге, басқа да журналистерге 
арналған болу керек; 

 
ғалымдармен және басқа да ғылыми са-
рапшылармен көзбе-көз сұхбат алу; 

 
Баспасөз-конференциялары. 
Қосымша ақпарат көздері: 

 
Басқа да БАҚ; 

 
Баспасөз-парақшалары; 

 
Электрондық бюллетендер; 

 
Пікірталас форумдары; 

 
Ғылыми  ұйымдар  мен  компаниялардың 
сайттары; 

 
Жарияланымдар,  мысалы,  ғылыми  зерттеу 
жұмыстарының алғашқы нәтижелері. 
Журналист ақпарат көзін таңдау барысында 
оқиғаның түрлеріне байланысты таңдау жасауы 
мүмкін. 
Ғылыми 
тақырыпқа 
жазатын 
журналист 
күнделікті   өмірдің   жақсы   ғылыми   оқиғаға арқау 
болатынын  есте  сақтағаны  дұрыс.  Ол  достарыңнан, 
отбасы,  көршілерден,  базарда  кез-дескен  адамдар 
немесе  басқа  да  журналистер-ден  естіген  ақпарат 
болуы  мүмкін.  Күнделікті  тұрмыстық  мәселелер, 
мысалы,  балаларға  арналған  тамақтар  туралы 
айтқанда оны ана сүтімен қоректендірудің балаларға 
арналған  тамақтардан      ерекшелігі        немесе    
балаларға 
қант, 
гидрогенделген 
майлар, 
ароматтандыру  мен  басқа  да  қоспалар  қосылған 
тамақтардың  қауіпсіздігі  мен  маңыздылығы  туралы 
ескеру  қажет.  Кез  келген  мәселе  адамдардың 
күнделікті  қажеттілігінен  туындаған  жағдайда 
журна-листер жедел әрі  шынайы  түрде ғылымды өз 
оқырмандары  мен  тыңдармандарының  өмірімен 
байланыстыра алады. 
 
 
В статье рассматриваются особенности научной журналистики, которая используется для создания информации на на-
учные темы. В общем виде научная журналистика рассматривается как «перевод» научного исследования с научного языка 
на обыденный без искажения смысла. В последние годы объём научных новостей быстро развивается вместе с наукой, играя 
всё более главную роль в жизни общества, взаимодействие между научными кругами и средствами массовой информации 
усиливается. 
In  the  article  of  K.N.  Myssayeva  «The  main  problems  learning  science  journalism»  the  particular  qualities  of  science 
journalism of usage to generate information on scientific topics. In general, science journalism is seen as a «translation» of scientific 
research on the sample language without distorting the meaning. Special attention is given to the scientific news has grown rapidly, 
and science playing an increasingly role in society, and the interaction between academia and the media has intensified. 

 
© 2012 al-Farabi Kazakh National University 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет