ОҚыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата03.03.2017
өлшемі1,27 Mb.
#5594
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 
 
 
 
УДК 
ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ 
БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
 
Сайбирова Т.Қ. -магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Еліміздегі  білім  беру  саласындағы  басты  да,  негізгі  мақсат  ол  үш  тілдік  білім 
беру  программасын  қамту  мен  дайындау  екені  белгілі,  соған  байланысты  беріліп 
отырған  ғылыми-зерттеу  жұмыстың  негізгі  ҿзегі  шет  тілдегі  материалдар  мен   шет 
елдерде  қолданылған  ҽдістер  мен  методиканы  немесе  жалпы  білім  беретін  орта 
мектептегі  орта  тапта  жобалау  ҽдісін  сыныптан  тыс  ағылшын  сабақтарында  қолдану 
ҽдістерін  мектептерде  ендіру  мен  жүзеге  асыру.  Тағы  бір  маңызы,  белгілі  бір  білім 
жиынтығына ие болуды болжайтын жҽне жобалау іс-ҽрекеті арқылы  шешімін табуды 

131 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
алдын-ала  ескеретін  мҽселелерге  деген  оқушылардың  қызығушылығын  ынталандыру, 
алған  білімдерін  тҽжірибе  жүзінде  қолдана  білу  икемділігін,  рефлекторлық  ойлауды 
(сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Жобалар ҽдісі  біріншіден – қандай да бір мҽселені 
шешуді,  екіншіден  – нҽтижеге  қол  жеткізуді  болжайды.  Қоршаған  ортадағы, 
 ҽлеуметтегі  ҿзгерістерге байланысты сабақ беру тҽсілі , ҽдісі методикасы бірге ҿзгеріп 
отырады. Тек сонда ғана тҽрбие мен сабақ үрдісі ҿнімді, нҽтижелі болады.
 
Жобалау – «proicere» деген латын сҿзі. Бұл сҿз «жоспарлау, дайындау» сияқты 
мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді.  «Жоба»  ұғымы педагогика 
саласында  ғана   емес  экономика,  басқару,  зерттеу  салаларында  да  кеңінен 
қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б. 
Жобалау әдісі деп – сабақтың ҿткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау ҽдісі – 
оқушы  мен  ұстаздың    бірігіп,  белгілі  бір  мҽселені  шешуге  жҽне  қорытынды  жасауға  
негізделген  оқу  немесе  басқа  да  ҽрекеттерін  айтуға  болады.  Мектеп  мұғалімдерінің 
арасында жобалау жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, 
жобалық  жұмыстар  т.б   тіркестер  қолданылып  жүр.  Жобалық  жұмыстар  орындалу 
мерзіміне  қарай  ұзақ,  орташа  жҽне  қысқа  мерзімді  болып  бҿлінеді.  Қазір  мектеп 
оқушылары  мен  мұғалімдері  бірігіп  ұзақ  мерзімді  ғылыми  жобаларды  орындап, 
қорытындысы бойынша қала, республика кҿлемінде белгілі ғалымдардың қатысуымен 
ҿткізілетін  конференцияларда  келелі  мҽселелердің  шешілу  жолдары  туралы  ойларын  
ортаға  салып,  кҿпшілікті  мҽселелерді  шешу  жҿніндегі  ұсыныстары   таң  қалдырып 
жүргені бҽрімізге белгілі. 
Осы  жобалау  ҽдісінің  тарихына  шолу  жасасақ,  жобалау  ҽдісі  20  ғасырдың 
басынан  басталады.  Бұл  ҽдістің  ғылыми  негізін  қалаушылар:   Д.Дьюи,  Девей
Килпатрак,  Снедден,  Ричардс.   Сол  кездің  ҿзінде  АҚШ  ғалымдарының  арасында 
жобалық  жұмыстарды  –  жұмыс  техникасына  немесе  дидактикалық  концепцияға 
жатқызу   туралы   мҽселе  пікірталас  туғызған.  болатын.  Танымдық  прагматизм 
философиясының   ҿкілі  Девей  жобалық  жұмыстың  ғылыми  жҽне  саяси 
концепциясының  іргетасын  қаласа,  оның  ҽріптесі  Килпатрак  жобалау  ҽдісін  ауқымды 
мағынасына қарай тҽрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты 
Килпатрак жобаны «ҽлеуметтік ортада ҿткізілетін жүректен шыққан мақсатты ҽрекет» 
ретінде  қарастырады.  Девей  мен  Килпатрак  мектептен  тыс  кезде   ҿмір  мен 
ойлауды,ҽрекет  пен  білімді,  мектеп  пен  тҽжірибені   байланыстырушы  ретінде  жаңа 
дидактикалық  концепция  негізін  салмақшы  болады.   Қорыта  келе  Килпатрак 
«жоспарлы  ҽрекет  демократиялық  қоғамның  белгілі  сипатты  бҿлігі»  деп  есептейді, 
сондықтан «оны да оқу үрдісінің сипатты бҿлшегі ретінде» қарастыру керек екендігіне 
тоқталады.  Бұл  ұғым  АҚШ-тың  шығысында  ғана  қолдау  тапты.  Басқалары  мҽселені 
шешу  процесін  жобалау  ҽдісінің  ерекше  белгісі  деп  білді.  Сонымен  кез  келген  ҿз 
бетінше  шеуін  табуға  болатын  мҽселелерді  жобалық  жұмыс  деп   айтатын  болды. 
Осының  салдарынан  жобалық  жұмыс  –    мҽселені  шешудің  сызбалық   үрдіс  деңгейіне 
түсіп  кетті.  Бұл  үрдіс  барысында  мұғалім  мҽселені  ұсынушы  болса,  оқушы  оны 
шешуші болды. 
Жобалау  идеялары  Еуропада  алпысыншы,  жетпісінші  жылдары  «баламалы 
мектеп»  немесе  баламалы  оқыту  түрлерін  енгізу  туралы  пікірталас  кезінде  қолдау 
табады.  Жобалау  идеясы,  жобалау  әдісі   ең  алдымен  жалпы  білім  беретін  мектептер 
мен  жоғары  оқу  орындарындағы  дҽстүрлі  оқытуға  қарсы  бағытталған  бағдарлама 
ретінде  қарастырылды.  Бұл  идея  кҿптеген  ғалымдардың  (Пиаже,  Эбли)  (Высоцкий, 
Леонтьев,  Гальперин)  қолдауымен  жобалау  ҽдісінің  негізін  қалауға  себеп  болды. 
     Осы  жобалау  ҽдісі  Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі  соңғы 
жылдары ғана қолданыла бастады. 
Дегенмен  де, 
жобалау  әдісі
  -  оқу  үрдісін  ерекше  етіп  тұратын кешенді  оқыту  
тҽсілдері  жиынтығы.  Бұл  ҽдіс  -  оқушыларға  ҽрекеттерін   ҿз  бетінше  жоспарлауға, 
ұйымдастыруға жҽне бақылауға мүмкіндік береді.  Жобалау ҽдісі оқушыларға тақырып 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
132 
таңдауда, мҽліметтердің дереккҿздерін жинауда жҽне презентация жасауда ҿз бетінше 
жұмыс  істеуге  жағдай  жасайды.  Бұл  ҽдіс  қарым-қатынастың  жаңа  түрін  үлгілеуге 
арналған.  Жобалау  оқушының  ҿз  бетінше  ойластырып,  жүзеге  асыруға  арналған 
жұмысы.  Зерттеу  барысында  оқушының  бойында  жұмысына  қажетті  тҿмендегідей 
біліктер қалыптасады: 

 
ҿзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады; 

 
алдына  қойған  міндетіне  қарай  жұмыстың  мазмұнына  ҿз  бетінше  талдау  жасай 
алады; 

 
ҿз бетінше алдына қойған мақсатына жету жҽне жүзеге асыру жолдарын іздестіреді; 

 
мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге жҽне дамытуға жағдай жасайды;  

 
мҽліметтерді жинап, жүйелеп жҽне сыни ойлауға  үйренеді; 

 
ҽдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді ҽдісті таңдай алады; 

 
аудиторияның  алдында  сҿйлеуге,  ойын  дҽлелді  жҽне  логикалық    жүйелікпен 
жеткізуге, аудиторияны ҿзіне қарата білуге дағдыланады; 

 
ҿзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен ҿткізуге дағдыланады; 

 
шешімі қиын сұрақтарды  ҿз бетінше шеше  біледі; 

 
ҿз  кҿзқарасын  дҽлелдеп,  шешімінің  дұрыстығына  тыңдаушылардың  кҿзін  жеткізуге 
тырысады; 

 
іскерлік кҽсіби жағдайда тез жол таба білу; 

 
ұжым мүшелерімен арадағы сыйластық, топпен жұмыс істей білу; 

 
жұмысқа шығармашылықпен қарау. 
 Жобалау   арқылы  оқушының  интеллектуалды  эмоционалды  контексті  сҿйлесуі 
іштей  басқа  ҽрекеттермен  бірлікте  жүреді.  Басқа  ҽрекеттер  деп  отырғанымыз, 
жоспарын  жүзеге  асыру  үшін  құжаттар,  сауалнама,  кесте,  бейнеролик  т.б. 
дайындалады. Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Оқушылар ҿздері үшін 
маңызды  болып  саналатын  мҽселені  анықтау  үшін  ҿз  беттерінше  немесе  мұғалімнің 
жетекшілігімен ізденуге кіріседі. Бұл студенттердің ҿз бетінше білімдерін, дағдыларын 
жҽне  біліктерін  жаңа  контексте  пайдалануға  кҿмектеседі.  Бұлай  іздену  олардың 
ағылшын  тілінде  сҿйлеуіне,   табиғи  жҽне  еркін  түрде  үйренуіне  ықпал  етеді.  Ҽрине, 
мұндай  жағдайда  жобаға  қатысушылардың  ҿздерінің  ынтасын  тілдік  сауаттылығына 
емес,  айтылатын  ойдың  мазмұнына  аударған  дұрыс.  Жобалау  кезінде  оқушы  ҿте 
белсенді  болады,  ол  ҿзінің  шығармашылықпен  жұмыс  істей  алатынын  кҿрсетеді. 
Жобамен  жұмыс  істеу  барысында  сҿйлеу  жағынан  нашарлау  жҽне  психологиялық 
жағынан белсенділігі тҿмендеу оқушының ҿзі де ҿзінің қиялдауына, белсенділігін жҽне 
ҿз бетінше жұмыс істей алатынын кҿрсетуіне мүмкіндіктері ҿте мол. 
Жобалау  жұмысы  тіл  үйренудің  формалдық  сипатын  жоюға,  тілді  үйренудің 
тҽжірибелік нҽтиже беруіне ықпал етеді. Жоба оқушы мен мұғалімнің функционалдық 
міндеттерін  ҿзгертеді.  Оқушы  ағылшын  тілін  оқытудың  нақты  бір  сабағының 
мазмұнын  таңдауда,  ұйымдастыруда,  құрастыруда  белсенді  қатысса,  мұғалім  кеңесші, 
кҿмектесуші немесе ойынға қатысушы ретінде ғана кҿрінеді. 
        Сонымен,  жобалау  жұмысы  қазіргі  оқытудың  талабына  сай  жеке  тұлғаға 
бағытталғанымен  сипатталады.  Ағылшын  тілінде  сҿйлеуге   үйрену  процесінің  негізгі 
сипаты  тілді  аутентті  тілдік  контексте  табиғи  түрде  меңгеруге  жақындайды. 
Жобалау  жұмыстарын  бір  сабаққа  немесе  бір  аптаға  арналған  шағын  жобалау 
жұмыстары  жҽне  бір-екі  айға  немесе  бір  тоқсанға  арналған  үлкен  кҿлемді  жобалау 
жұмыстары  деп  бҿлуге  болады.  Бұлай  бҿлу  оқушының  жоспарлаған  жұмыстарына 
байланысты.  
Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады: 

 
Мақсат қою; 

 
Жоспарлау; 

 
Бағдарламаны жүзеге асырудың ҽдісін таңдау 

 
Орындау; 

133 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 

 
Бағдарламаны қорғау. 
 
Жобалау жұмысының міндеті:
 
І кезең. Бір немесе бірнеше мҽселенің тақырыбын анықтау, жұмыс тобын құру; 
ІІ кезең. Мҽселені талдау,  жоспар құру; 
ІІІ кезең. Қабылдаған жобаны талдау. Ақпаратты қайдан алуға болатынын    талқылау. 
ІV кезең. Қажетті ақпараттарды іздеу. Жобаны жүзеге асыру. 
V кезең. Жобаның қорытындысын ұсыну. Қорытындыны бағалау. 
Студенттердің алдында тұрған негізгі мақсат:
 

 
тілдегі жаңа құрылымдарды үйрену үшін, қатысымдық мақсатта қолдану; 

 
алға қойған мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істеу; 

 
ҿзінің ойы мен тҽжірибесін жеткізе білу. 

 
cтуденттердің  кҽсіби  сҿйлеу  құзыретін  қалыптастыру  мақсатында 
жүргізілетін жобалау жұмысын түсіну. 
Қорыта келе айтарымыз,  жобалау  ҽдісі кҽсіби сҿйлеуге үйрену үшін жҽне оны 
дамыта отырып, кҽсіби сҿйлеу дағдысын қалыптастыру үшін қоса жүргізілетін пайдалы 
ҽдістің  бірі.  Себебі,  оқушы  дайын  материалды  меңгеруге  ғана  дағдыланбайды,  ол  ҿз 
бетінше  ізденіп,  сҿйлеу  үлгілерін  дұрыс  пайдалануға  қалыптасады.  Жобаны  қорғау 
кезінде оқушы ҿз ҽрекетін ұйымдастырып бағалай алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, 
тілді меңгеруге байланысты ҿз бойындағы кемшіліктерді жеңуге де үйренеді.  
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.Бабанский 
Ю.К. 
Проблемы 
повышения 
эффективности 
педагогических 
исследований.// Педагогика, 1982-192 с. 
2.Нұрғалиева  Г.К.  Педагогические  исследования  в  области  информатизации 
образования//. Вестник Академии пед.наук Казахстана 2005 №1.\ 
3.Рубинштейн С.Л.  О мышлений и путях его исследования. М: Педагогика, 1958-87с. 
4.Селевко  Г.К.  Опыт  системного  анализа  современных  педагогических  систем// 
Школьные технологии – 1996 - №6  - с. 3-43 
5.Жақыбаева Н. Жобалық оқыту ҽдісімен // Қазақстан мектебі журналы, 2008. №1. 
6.Тепл  Б.К.  и  Смит  А.,  Черемисина  И.А.:  Гибкие  технологии  обучения  в 
инновационном университете. Инженерное образование. №2, 2004 г., с. 82 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  дается  теоретический  анализ  об  использовании  проектной  работы  в 
системе образования и зарубежной методике. 
SUMMARY 
 
The article  deals with the theoretical analyses of using  project work in the  education 
system.  
 
 
 
УДК 
ЭРНЕСТ СЕТОН ТОМПСОН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛІ 
СӨЗДЕРДІҢ АУДАРЫЛУЫ 
 
Мырзатаева А.Т.- магистрант (Алматы қ., АЭжБ университеті) 
 
Кҿркем  аударма  мҽселесі  адам  баласын  кҿптен  толғандырып  келе  жатқан  терең 
мҽні  бар  ғылыми-теориялық  мҽселе.  Оның  ҽр  алуан  қиыншылықтарына  байланысты, 
тіпті  бір  тілде  жасалған  кҿркем  шығарманы  екінші  тілде  толық  жеткізуге  бола  ма, 
болмай  ма  деген  сұрақтың  ҿзінің  тҿңірегінде  мҽдениетті  қауым  кҿп  заманнан  бері 
айтысын  үзген  емес.  Олардың  ішінде  «шығарманың  аударылғаны  –  ҿлгені»  дейтін 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
134 
скептиктер де, «аударғанда шығарманың жалпы желісін, ұзын-ырғасын беріп қана қою 
керек,  бҽрі  бір  оның  кҿркемдік  бояуын  жеткізу  мүмкін  емес,  дейтін  енжарлар  да, 
«түпнұсқаның  ҽрбір  сҿзіне,  тыныс  белгілеріне  дейін  айнытпай  орын-орнына  дҽл 
қоймаса  болмайды»  дейтін  формалистер  де  жҽне  кҿптеген  басқа  пікірлер  де  бар. 
Кҿркем  аударма  мҽдени  жҽне  тарихи  жағынан  да,  саяси-идеялық  жағынан  да  жалпы 
мемлекеттік маңызы бар іске айналды. 
А.В.Федоров «Введение в теорию перевода» деген кітабының 1953 жылғы бірінші 
басылуында  аударма  мҽселелерін  негізінен  лингвистикалық  тұрғыдан  талдап  шыққан 
болатын.  Кҿркем  аударманы  зерттеу  мҽселесін  біз  жалпы  филология  ғылымының 
объектісі  деп  қарауымыз  керек.  Соңғы  жылдардың  ішінде  кҿркем  аударма 
мҽселелерінің кҿп талқыланып, күн тҽртібіне жиі қойылуы ғылыми қауымды осындай 
қорытындыға келтіре бастады [1, 80-б.]. 
Теңеу – мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін кҿрсетпей-ақ, оны 
басқа  затпен,  құбылыспен  салыстыра  суреттейді.  Ҽдеби  тілге  үстеме  мағына  беріп, 
оның  кҿркіне  кҿрік  қосатын,  сол  арқылы  ҽдеби  шығарманың  мазмұнын 
құнарландырып,  пішінін  ажарландыратын  кҿркемдеу  құралдарының  бірі  –  теңеу  [2, 
212-б.]. 
Эрнест Сетон Томпсон шығармаларын ағылшын тілінен орыс тіліне К.Чуковский, 
ал қазақ тіліне С.Ақтаев аударды. Эрнест Сетон Томпсонның «Бұғының ізімен» («The 
Trail of the Sandhill Stag», «По следам оленя») шығармасындағы теңеу аудармаларының 
мына мысалдарына назар аударсақ: 
Түпнұсқасы: He felt rather than saw the softness of their gaze and he stood still, as if in 
a spell. Only the sound, ―Oh, oh-h-h!‖ came from his throat [3, 76-б.]. 
Орысшасы:  Какие  необыкновенные  олени!  Взглядом  своих  кротких  глаз, 
выражение которых он скорее чувствовал, чем видел, они заставили Яна остановиться. 
Охотник понял, кто перед ним. Ведь он целые недели страстно ожидал этой встречи! И, 
несмотря  на  это,  встреча  все-таки  оказалась  неожиданной.  Все  его  планы  рассеялись, 
как дым, и он стоял пораженный. -О-о-о! – вырвался тихий вздох из груди [4, 269-б.]. 
Қазақшасы: Қандай ғажап бұғылар! Құралай кҿздерінің ҿзіне қадалып тұрғанын 
сезген Ян ақтарылып, орнынан тырп ете алмай қалды. Аңшы алдында не тұрғанын енді 
түсінді.  Апта  бойы  аласұрып  осы  кездесуді  күткен  жоқ  па  еді  бұл.  Сҿйтіп  ынтыға 
күткен  кездесудің  аяқ  астынан  болғанын  кҿрмейсің  бе.  Баяғы  жоспарлардың  бҽрі  де 
темекі түтініндей ұшып жоқ болды. Тылсым буып тастағандай тырп етпей бұл ҽлі тұр. 
О-о-о! – деп күрсінгенде, оның кҿкірегі қарс айрылғандай болды [5, 33-б.]. 
Бұл үзінді еркін тҽсілмен аударылған, себебі ойынан кҿп сҿз қосқан. Тҽжірибеде 
кҿп  кездесетін  сіреспе  аудармада  осы  еркіндік  жетіспей  жатады.  Ондай  аударманың 
иелері түпнұсқаның ықпалынан бой жаза алмай, оның ҽрбір сҿзінің тек дара тұрғандағы 
мағынасын  қуып,  сҿйлемді  сірестіріп,  ұғымын  ауырлатып  қойғанын  ҿзі  де  білмей 
қалады  немесе  «қазақшасын  жатық  етемін»  деп,  автордың  ойында,  түпнұсқаның 
қисынында жоқ сҿздерді қосып жібереді де, шығарманы қарадүрсіндікке айналдырады. 
К.Чуковскийдің бұл аудармасында еркіндік кҿбінесе түпнұсқаның ұғымдық, қисындық 
шегінен асып кетпейді. Оның ҽрі дҽл, ҽрі кҿркем болып шығуының себебі де содан. 
Бұл  мысалдағы  «if  in  a  spell»  «орысшаға  рассеялись  как  дым»  деп  сҽтті 
аударылған,  ал  қазақ  тіліне  «темекі  түтініндей  ұшып  жоқ  болды»  деп  дҽлме-дҽл 
берілген,  бҽрі  де  дұрыс,  бірақ  бұл  қазақ  ұғымына  сай  емес,  яғни  сҿзбе-сҿз 
тҽржімаланған.  Мұны  «іс-түссіз  жоқ  болды»  деп,  немесе  басқа  да  («кҿзден  бұлбұл 
ұшты») баламалармен беруге болатын еді. Түпнұсқасындағы «the softness of their gaze» 
орысшаға  «взглядом  своих  кротких  глаз»  деп  аударылған,  ҿте  қонымды  ҽрі  бұғы 
кҿзінің ҽдемілігін жақсы беретін теңеуді  қолданған. Ал қазақша нұсқасында  «құралай 
кҿздер»  деп  қазақ  ұғымына  сай  тіркесті  келтірген.  Орыс  тіліндегі  «какие 
необыкновенные  олени»  түпнұсқада  жоқ,  ойдан  қосылған.  «He  stood  still»  (он  не 

135 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
двигался) тіркесін орыс тіліне жай ғана «он стоял пораженный» деп берсе, қазақ тіліне 
«тылсым  буып  тастағандай  тырп  етпей  бұл  ҽлі  тұр»  деп  дҽл  жҽне  кҿркем  теңеуді 
қолданған. 
Енді тағы бір мысалға назар аударайық: 
Түпнұсқасы: And as he rose, there also rose, only fifteen feet away, a pair of wonderful 
antlers of bronze and ivory, a royal head and a noble form behind it. At last they stood face to 
face, - Yan and the Sandhill stag. At last – at last, the life of the stag was in Yan‘s hands. But 
the stag did not turn away. He stood still and gazed at Yan with his sad, truthful eyes [3, 31-
б.]. 
Орысшасы:  Два  великолепных  темных  глаза  смотрели  на  Яна.  Ветвистые  рога 
венчали  большую  красивую  голову.  Стройное  тело  было  неподвижно,  словно 
окаменело. 
Ян  и  олень  Песчаных  холмов  встретились  наконец  лицом  к  лицу.  Жизнь  оленя  была 
теперь в руках Яна.Олень стоял, как изваяние. Он стоял и смотрел прямо в глаза Яну 
своими большими, правдивыми глазами [4, 284-б.]. 
         Қазақшасы: Бұғының танадай мҿлдіреген екі кҿзі Янға қадалып жаудырай қалған. 
Сұп-сұлу сүйкімді басын тармақ-тармақ қарағай мүйізі онан ҽрі сымбаттандырып тұр. 
Тас мүсіндей сұлу сұңғақ денесі керіле түсіп, кҿздің жауын алады. Янның қолындағы 
мылтық  қозғалып  кетті.  Мылтығын  кҿтерді  де,  ол  қайта  түсірді.  Түсірмеске  бұғының 
ҿзіне  қадалған  жаутаң  кҿзі  қояр  емес.  Қимыл-қарекетсіз,  жануар  бұған  қарап, 
жаудыраған да қалған [5, 33-б.]. 
Аударманың екі нұсқасында да ешбір бұрмалаушылық, еркін кетушілік жоқ. Тілі 
кҿркем,  ҽрі  жатық.  Аудармалар  түпнұсқаның  рухын  сақтап,  ұлттық  сипатын,  ҿзіндік 
мҽнерін,  ҽрі  кҿркемдік  ерекшеліктерін  дҽл  жеткізген.  Орысша  нұсқасы  да,  қазақша 
нұсқасы  да  ҿте  сҽтті  шыққан.  Ҽсіресе,  қазақша  тҽржімасындағы  «танадай  мөлдіреген 
екі көзі», «сұп-сұлу сүйкімді басы», «тас мүсіндей сұлу сұңғақ денесі», «көздің жауын 
алады»  тіркестері  ұтымды  жҽне  қазақ  ұғымына  сай  берілген.  Сондай-ақ,  ұғымдық 
қисыны  да  жойылмаған.  Қорыта  айтқанда,  түпнұсқа,  орысша,  қазақша  нұсқаларын 
оқысақ та, үш мҽтіннің бір-бірінде ешқандай айырмашылық жоқ, үшеуін де бір  автор 
жазған сияқты. 
Иҽ,  аудармашылық  шеберлік  білімдікті,  тіл  білушілікті,  ел  танушылықты  талап 
етеді. Осы қасиеттерді бойына сіңірген С.Ақтаев шебер аударма үлгісін жасап шықты. 
Сонымен,  тоқсан  ауыз  сҿздің  тобықтай  түйінін  айтсақ,  С.Ақтаев  сынды  дарынды 
қаламгерлер кемде-кем. Жҽне де қазақ тіліне бір де бір рет аударылмаған аса кҿрнекті 
С.Томпсонның  ҽңгімелерін  аудару  ҿте  жауапты  іс.  Ал  осы  істі  тыңғылықты  орындау 
бҽрінің қолынан келе бермейді. Оны тек дарынды аудармашылар ғана орындайды. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.Сатыбалдиев Ҽ. Рухани қазына. – А.: Жазушы,1984. 
2.Қабдолов З. Сҿз ҿнері. – А.: Қазақ университеті, 1992. 
3.Томпсон С. Рассказы о животных. – М.: Детгиз, 1955. 
4.Томпсон С. Рассказы о животных. – А.: Қазақ энциклопедиясы, 1994. 
5.Томпсон С. Тарпаң жорға. – А.: Жазушы, 1974. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  перевод  образов  С.Томпсона,  а  также  переводческий 
опыт С.Актаева. 
 
SUMMARY 
This article describes the translation of images in  S.Thompson‘s stories and translation 
experience of S.Aktayev. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
136 
УДК 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ 
КОММУНИКАТИВТІК БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Науанова Г.Н.- магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Жалпы  коммуникативтік  біліктілік  ұғымының  мағынасы  не  жҽне  ол  қандай 
түсінік  береді,  сондай-ақ  оның  шетел  тілін  оқыту  ҽдістемесіндегі  алатын  орны  мен 
маңыздылығы  қандай деген  сұрақтар  туындайды.  Бүгінгі  таңда  шетел  тілін  оқытудың 
негізгі  мақсаты  коммуникативтік  біліктілікті  қалыптастыру  болып  табылады.  Осы 
негізде  «коммуника-тивтілік»  ұғымының  мағынасын  қарастырамыз.  Мұндай  мҽселелі 
сұрақтарға  танымал  ҽдіскер  ғылымдар  пікірлері  мен  ұсынған  ұстанымдарына 
тоқталатын болсақ,  И.А.Зимняяның айтуынша, тілдік құбылыс жеке тұлғаның сҿйлеу 
ҽрекеті  бойынша  оқытудың  басты  объектісі  ретінде  қарастырылады  [1].  Ең  алдымен 
адамның коммуникативтік ҽрекетте сҿйлеу ҽрекетінің орны мен рҿлі анықталады. 
        И.А.Зимняяның  пікірінше,  адам  ҽрекетінің  жалпы  құрылысы  ҿзіне  тек  қана 
қоғамдық-ҿндірістік  пен  танымдықты  ғана  қабылдап  қоймай,  сонымен  қатар  сҿйлеу 
ҽрекетін  оқытудағы  ортақ  білік  пен  ережені  қабылдай  отырып,  қоғамдық 
коммуникативтік ҽрекетті де іс жүзіне асырады.  
         Шетелдік  ҽдістемеде  коммуникативтік  деген  сипаттамаға  үш  талап  қойылады. 
Олар:  біріншіден бұл  ҽрекет түрін ұйымдастыру барысында қарым-қатынас процесіне 
ерекше  мҽн  беріліп,  сҿйлеушінің  білім  деңгейі  қатар  қолданылуы  қажет.  Екіншіден, 
сҿйлеушінің  тілдік  форманы  немесе  арнайы  ақпарат  тарату  үшін  тілдік  құрылымды 
таңдауға мүмкіншілігі болуы керек. Үшіншіден қарым-қатынастың ҿз мақсатына жетті 
ме,  жоқ  па,  соны  талдау  керек,  яғни  байланыстың  болуы.  Сондай-ақ  коммуникативті 
ҽдістеме  материалдың  түпнұсқасын,  ҽртүрлі  ҽдіс-тҽсілдермен  тапсырмаларды  қажет 
деп санайды. 
         Коммуникативтілік 
–  ҽңгімелесушіге  бағытталған  амал.  Қазіргі  кезде 
коммуникативті  амал  шетел  тілін  оқыту  барысында  шетел  тілінің  негізгі  мақсаты  – 
коммуникативтілік  біліктіліктің  қалыптасуын  талап  ететін  мҽдениетаралық  қарым- 
қатынастың  дамуында  қабілеттілікті  арттыру  болып  табылады.  Сҿйлеу  –  оқытудың 
мақсаты.  Сҿйлеу  –  ҿте    кҿп  аспектілі  жҽне  күрделі  құбылыс.  Біріншіден,  ол  адам 
ҿмірінде  қарым-қатынас  құралының  қызметін  атқарады.  Мұғалімге  ең  алдымен 
оқытуда табысқа жету үшін оның қалайша жүзеге асатынын түсінуі қажет. Екіншіден, 
сҿйлеу  –  бұл  қызмет,  адам  қызметінің  бір  түрі.  Үшіншіден,  сҿйлеу  қызметінің 
нҽтижесінде  оның  ҿнімі  –  пікір  айту  пайда  болады.  Сҿйлеу  –  қарым-қатынас  құралы. 
Қарым-қатынас  ауызша,  жазбаша  түрде  де  жүзеге  асырыла  береді.  Бірінші  жағдайда 
сҿздік  қызметтің  түрлері  ретінде  адам  қарым-  қатынастың  екі  құралын,  сҿйлеу  мен 
тыңдап-түсінуді,  екінші  жағдайда  жазу  мен  оқи  білуді  меңгеруі  қажет.  Сондықтан, 
сҿйлеу  –  сҿздік  қызметтің  түрі  ретінде  қарым-  қатынастың  құралдарының  бірі  болып 
табылады.  Кҿптеген  шетел  ҽдіскерлерінің  пікірінше  бұл  ҽдіс  қазірге  дейін  кҿптеген 
елдерде  ағылшын  тілін  оқыту  жүйесінде  басым  болып  есептеледі.  Осы  тҽсілге  орай 
үйренушілер  ҽртүрлі  күрделіліктегі  мҽтіндерді  оқуға,  жаттығулар  орындауға,  тестер 
мен  эсселер  жазуға  кҿп  кҿңіл  бҿледі.  Сҿйлеу  тілін  дамытуда  үйренушілер  диалог-
үлгілерді тыңдап, оларды қайталауға, жаттауға ыңғайланады. 
Тілдегі  болып  жатқан  ҿзгерістерге  сҽйкес  тілдік  материалды  оқыту  да  ҿзгерді. 
Ағылшын тілін оқытудың дҽстүрлі түрлері аясында оны шетел тілі ретінде қарастыруда 
«контексті  тҽсілді»  атауға  болады.  Мұнда  барлық  грамматикалық  ережелер  нақты 
контекстерден  алынған  –  ауызша  жҽне  жазбаша  ҽртүрлі  қызметтік  түрлерде 
мысалдармен  безендіріледі.  Мысалдардан  берілген  тілдік  құбылыс  ҽртүрлі  контексте, 
тіл  иелерінің  сҽйкес  коммуникативті  жағдайларда  тіл  бірліктерін  қалай  қолдануына 

137 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
байланысты  алынғанын  кҿруге  болады.  Бұл  контекстер  тіл  үйренуші  берілген  форма 
қашан жҽне қайда қолдануы туралы ҿзі қорытынды жасай алатындай таңдалуы тиіс. 
 Қазіргі  танда  «қарым-қатынас»  ұғымы  бір-біріне  арнайы  белгі  арқылы  сҿйлеу  ҽрекеті 
барысында  адамдардың  ҿзара  бірлескен  ҽрекеттерінің  белсенділігі  деп  түсіндіріледі. 
Осы  жағдайда  қарым-қатынас  арнайы  мақсатқа  жету  үшін    бағытталған  қарапайым  
ақпарат алмастыру ғана емес, кҿбінесе тілдік емес сипатқа ие болған сҿйлеу ҽрекетіне 
қатысушылардың ҿзара белсенді ҽрекеті. 
            Сонымен  қатар  ҽдістемеде  күрделі  міндеттердің  бірі  коммуникативтік 
біліктіліктің  компоненттерін  анықтау  болып  табылады.  Оқытуда  коммуникативті 
біліктіліктің  бірнеше  тҽсілдері  пайдаланылады.  Г.П.Мильруд  пен  И.К.Максимова 
коммуникативтілік 
біліктілік 
грамматикалық, 
ҽлеуметтік-лингвистикалық, 
дискурсивтік    жҽне  стратегиялық  біліктерді  құрамына  енгізеді  деп  кҿрсетеді. 
П.Г.Козлов    ҿз  мақаласында  коммуникативтік    белсенділіктің    лингвистикалық, 
ҽлеуметтік  -лингвистикалық,  дискурсивтік,  стратегиялық,  ҽлеуметтік-мҽдени  жҽне 
ҽлеуметтік компоненттеріне назар  аударады. 
           Г.П.Мильруд 
пен  И.Г.Максимова  ҿз  зерттеулерінде  коммуникативтік  
біліктіліктің негізгі компоненттері деп шетел тілінде сҿйлейтін сҿйлеу-ойлау ҽрекетінің 
қаруы болып табылатын біліктілікті санайды [2]. 
 Ал  Е.И.Пассов  ҿз  зерттеу  жұмысында  коммуникативтік  біліктілікті  арнайы 
ұйымдастырған  оқу  үрдісіндегі  жеке  тұлғаның  сҿйлеу  ҽрекетінің  нақты  сапасы  деп 
кҿрсетеді [3].  Е.И.Пассовтың  пікірінше,  біріншіден,  коммуникативтілік  оқыту 
үрдісінде  сҿйлеу  бағытын  болжайды.  Екіншіден,  коммуникативтілік  сҿйлеу  ҽрекетін 
оқытудың жекелігін қарастырады, яғни кез келген студентті  жеке тұлға ретінде қарай 
отырып,  сҿйлеу  ҽрекетін  оқытады,  ҽрі  оның  сҿйлеу  дағдысын  қалыптастыра  отырып, 
оқуға деген қабілеттілігін арттырады. 
           Қазіргі кезде тілді меңгеруде тек теориялық емес, сол сияқты ҽрекетшілдік білім 
қажет  екенін  жаңашыл  заман  ғылымы  кҿрсетіп  отыр,  оның  астарында  қоғамдағы 
адамдардың  ҽлеуметтік  жағдайдағы  қызметі  формальды  емес  жеке  қатынасы 
адамдардың бір  – бірімен ҿзара  ҽрекеттесе алатын қабілеттілігіне байланысты. Шетел 
тілін дамытуда коммуникативті бағытталған міндеттерді шешу барысында тіл білімінің 
ҽрекеті  ерекше  мағынаға  ие.  Коммуникативтік  мҽдениет  тануға  бағытталған  оқып-
үйренудің  мақсаты  –  лингвистикалық  (тілдік),  дискурсивтік  (сҿйлеу),  мҽдени-
ҽлеуметтік    жҽне  стратегиялық  компоненттерден  тұратын  күрделі  интрегративтік 
тұтастық болып саналады.  
          Шет  тілін  оқыту  ҽдістемесінің  ең  маңызды  мҽселесінің  бірі,  ҽсіресе  техникалық 
жоғарғы  оқу  орындарында  оқушылардың  коммуникативтік  біліктіліктілігін  арттыру 
болып табылады. Ол  шетел тілінде жылдам жҽне тез сҿйлеуге жҽне сұхбат жүргізушіні 
түсіну.  
           Лингвистикалық  компоненттің  мазмұны  –  оқып  үйренетін  тілдің  лексикалық, 
грамматикалық  құбылыстары  жҽне  сол  тілдің  заңдылықтарын  студенттердің  кҽсіби 
коммуникативтік ҽрекетіндде қлдана білуі. 
          Дискурсивтік  компоненттің  мазмұны  –  нақтылы  мҽдени-ҽлеуметтік  контексте 
тауып  айтылған  тілдік  жҽне  тілдік  емес  құралдармен  берген  нақтылы  серіктес,  ҿзге 
мҽдениет ҿкілімен коммуникативті ниетті іске асыра білудің іскерлігін болжайды. 
 Коммуникативтік  стратегия  –  нақтылы  сҿйлеу  жағдаятында  сҿйлеу-ойлау  үрдісінде 
бейімделу. Бұл стратегияға тҿмендегілер кіреді: 
-ҽңгімелесушінің кҿңілін аулау; 
-
 
ҽңгімелесушіні түсінуге жағдай жасау; 
-
 
сҿз қорын байыту, тіл байлығын жетілдіру; 
 -грамматикалық жетіспеушілік мҽселелерін шешу, қателерін дер кезінде ҿзі түзету;  
 -сҿйлеу барысында тақырыпқа байланысты қарым-қатынас жасап отырған адамға 
қолдау кҿрсету. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
138 
           Коммуникативтік  біліктілік  –  коммуникативті  ойлау  ҽрекетінде  дайындықты 
кҿрсетеді, яғни ойлау құралы болып табылады. 
Ағылшын  тілін қарым-қатынас тілі ретінде барынша ерте қолдану ―Community 
Language  Learning‖ нұсқасында ұсынылады.  Бұл  тҽсіл  ағылшын тілін үйренуші  ересек 
адамға тҽн барынша аз қобалжу мен тынышсыздықты туғызбай, кез келген тақырыпта 
қызығушылық  тудыратын  ҽңгіме  жүргізуде  қолданылады.  Үйренушілер  бір-біріне 
қарама-қарсы  отырады  да  оқытушы  олардың  артында  тұрады.  Егер  үйренушінің  бірі 
бірнҽрсе айтқысы келсе ол оқытушыға белгі беріп шақырады да оған ҿз ойы туралы ана 
тілінде жҽй айтады. Оқытушы ол фразаны ағылшын тіліне аударып, сыбырлап айтады. 
Үйренуші  фразаны  бірнеше  рет  қайталайды  да,  оны  дұрыс  айтуға  машықтанады.  Аз 
уақыттан  кейін,  яғни  сҿйлем  жеткілікті  дұрыс  айтылғанда,  үйренуші  оны  дауыстап 
айтады.  Бұл  сҿйлем  бір  уақытта,  мысалы,  таспаға  жазылып  отырады.  Егер  ҽңгімені 
жалғастыру керек болса осы үлгі  қайталанады. Осылайша барлық  талқылау жҽй жҽне 
біртіндеп  құрастырылады  да  жазылып  отырады.  Араға  аз  уақыт  салып  талқылауға 
үзіліс жасалады да, осы диалогта кездесетін тілдік құбылыстарды түсіндіру басталады, 
оның ішінде грамматикалық ереже жҽне құрылымдар, лексикалық бірліктер талданып, 
қарастырылады. 
Коммуникативті-бағдарлы  білімі  жоғарырақ  деңгейдегі  үйренушілер  үшін  
―Task-Based Learning‖ тҽсілі қолданылады, яғни, күнделікті ҿмірге керек жҽне қажетті 
ептілікті  қамтитын  жұмыс  түрінің  негізінде  оқыту  тҽсілі  алынуы  мүмкін. 
Коммуникативті  міндеттер  осындай  тапсырмаларға  дайындық  кезінде,  оларды 
орындауда  жҽне  оны  жан-жақты  талдауда  шешіледі.  Сырттай  қарағанда  бұл  тҽсіл 
жобалы  ҽдістемені еске түсіреді, бірақ мұнда шешілетін міндеттер барынша қарапайым 
– мысалы, балалар мерекесін ұйымдастыру жҽне т.б. [4]. 
Жоғарыда  келтірілген  ҽдістемелерге  шолу  ағылшын  тілін  оқытудың  тҽсілдері 
толық  жҽне  жеткілікті  емес  екендігін  кҿрсетеді.  Қазіргі  уақытта  ағылшын  тілін 
оқытудың  жобалы  жҽне  ҽлеуметті-мҽдениетті  ҽдістері,  құзырлылық  ҽдістері 
қолданылып  жүр.  Дегенмен  ағылшын  тілін  оқыту  ҽдістемесінде  білім  мен  қазіргі 
заманғы  тенденцияларды  қолдану  оқытушы  жұмысын  қызықтырақ  етіп,  түрлендіре 
түседі. 
Дҽстүрлі  оқытудан  кейін  ілесе  пайда  болған  «Коммуникативті  оқыту»  тҽсілі 
ағылшын  тілін  оқытуда  маңызды  орын  алады.  Үйренушілерге  тиімділігі  жҿнінен  бұл 
тҽсіл  барлық  сҿйлеу  ҽрекеті  түрлерінде  қатынас  дағдыларын  игеру  туралы  мақсатты 
кҿздейді Білімді, ептілік пен дағдыны анықтауды,    қалыптастыру ҽдістерін, бақылау 
мен  бағалауды  қамтиды.  Шетел  тілдерін  оқытудағы  бұл  жетілген  жүйе  бұрын  да 
педагогикалық  қоғамдастықпен  қабылданған  болатын  жҽне  қазір  де  оның  бір  бҿлігі 
болып саналады [5]. 
Ағылшын  тілін  үйретуде  коммуникативті-бағдарлы  оқыту  тҽсілін  тҽжірибеге 
енгізу  қарқынды  хабарламалармен  алмасуға,  ғылым  мен  техника  саласындағы  жаңа 
ойлар  мен  пікірлерді  қарастыруға,  мҽдениет  саласындағы  үлкен  жетістіктермен 
алмасуға ҽкелді. Ҽр түрлі іс-ҽрекет ҿрісіндегі мамандармен алмасу қарқыны ҿсті. 
 
  ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:  
1.Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке. – 
М.: Просвещение, 1978. 
2.Мильруд Г.П.,Максимова И.К. Современные концептуальные принципы 
коммуникативных обучения иностранным языкам // ИЯШ. – 2000 №4. 
3.Пассов Е.И. Основы коммуникативной методике обучения иноязычному общению.  – 
М.: Русский язык, 1989. 
4.Scrivener J. Learning Teaching. A. Guidebook for English Language teachers. 
5.Миролюбов  А.А.,  История  отечественной  методики  иностранным  языкам.  М: 
СТУПЕНИ, ИНФРА-М, 2002. -448p. 

139 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  вопрос  о  формирований  коммуникативных  навыков 
учащихся в обучении иностранному языку. 
 
SUMMARY 
           The article deals with the forming of students‘ communicative competence in teaching 
foreign language. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет