УДК
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕГІ РӨЛІ
Шынтасова Қ.К.- оқытушы (Оңтүстік Қазақстан обл; Мардан Сапарбаев
атындағы гуманитарлық университеті)
Бүгінгі ҿркениетті қоғамда ғылым мен техника жоғары қарқынмен дамып
отырған кезеңде халықтың сҿйлеу мҽдениетін арттыру мҽселесінің маңызы зор. Олай
болса, біріншіден,тіл мҽдениеті, шешендік сҿйлеу мҽдениеті мҽселелеріне тоқталып
ҿтелік.
Тіл - адам болмысының айнасы. «Тіл қаруы – сҿз, сҿз қаруы - ой», - деп қазақ
халқы бекер айтпаса керек. Сҿз арқылы адамның ақыл – ойы, мінез - құлқы, рухани
жан дүниесі танылады. «Аңдамай сҿйлеген ауырмай ҿледі», «Ойнап сҿйлесең де, ойлап
сҿйле» деп дана халқымыз ежелден жҿнсіз, ретсіз, бейберекет сҿйлеуге тыйым салып
отырған, мҽнді де мағыналы, жүйелі сҿйлеуге тҽрбиелеген.Тіл – қоғамда адамдардың
бір - бірімен ҿзара қарым – қатынас жасау, пікірлесу, түсінісу қызметін атқарады.
Сондықтан тілді оймен байланыстырып, ҿткір құрал ретінде жұмсай білу үшін оның
даму заңдылығына, қазіргі жағдайына, тіл байлығына, оның негізгі қағидаларына
қанық болу керек.
Олай болса, сөйлеу дегеніміз – сҿйлеуші адамның айтайын деген ойының
мазмұнын дыбыс арқылы немесе графикалық белгілер арқылы жеткізуі. Сҿйлеу -
қоғамдық - тарихи сипаттамаларға ие. Адамдар ҽрқашан қоғамда бірлесіп, белгілі бір
ұжымда ҿмір сүреді.
Қоғамдық ҿмір жҽне адамдардың бірлескен іс - ҽрекеті үнемі бір – бірімен ҿзара
қарым - қатынас жасап, тұрақты байланыста болуды қажет етеді. Бұл қарым - қатынас
сҿйлеу арқылы жүзеге асады. Сҿйлеу нҽтижесінде адамдар бір - бірімен пікір алысып,
ҿзіндік білім деңгейін танытып, ҿзіндік кҿзқарасы мен ой - пікірін жеткізіп, қуанышы
мен ренжісін білдіреседі. Адамдар бір - бірімен тілдік қарым - қатынас жасау үшін
сҿзді жҽне белгілі бір тілдік грамматикалық тұлға формаларын қолданады.
Ал тіл дегеніміз - қарым - қатынастық белгілер жүйесі жҽне ой қаруы. Тіл
мағыналы сҿздерден, сҿз тіркестері мен сҿйлемдер жҽне ережелер жиынтығынан
құралады. Ҽрбір сҿздің ҿзіндік мағынасы болады. Тіл мен сҿйлеу ҿзара тығыз
байланысты. Ҽрбір халық тілі адамның сҿйлеу үрдісінің нҽтижесінде, ҿзара қарым -
қатынас жасауынан пайда болып, дамиды. Яғни тілдің қызметіне тоқталсақ, біріншіден,
ол - ұрпақтан - ұрпаққа берілетін адамзат мҽдениеті, ғылымы мен ҿнерін болашақ
жастарға жеткізу болып саналады. Ал, екіншіден, тілдің маңызды қызметі - сҿйлеу,
ойлау құралы. Сҿйлеу - тек адамға тҽн қасиет, яғни сҿйлеу- ойлаудың сыртқа шығуы.
Алғашында ойлау мен сҿйлеу үрдістері жҿнінде, оның мазмұны, кҿлемі жайлы
бірнеше пікірлер болған. Адамның ойлауы – кҿлемді ҽрі күрделі құбылыс, ал сҿйлеу –
оның жарыққа шығарылу процесі.
Алғашында адам ҿзінің ойын сҿйлеу арқылы еш уақытта жеткізе алмайды деген
пікірлер болған. Ойлау мен сҿйлеу ҿзара байланыссыз, екі басқа процесс ретінде
қарастырылған. Кейіннен ойлау мен сҿйлеу кҿлемі бір, сҿйлеу - ойлау үрдісінің
мазмұны, екеуін бір деңгейде қарастыру керек деген қорытынды жасалды. Сҿйлеу -
ойлаудың мазмұнды құралы бола тұра,басқа танымдық процестермен де қарым-
қатынаста ҽсері үлкен.
Олай болса, сҿйлеу түрлеріне тоқталайық: олар - адамның сҿйлеу тілінің ҽр түрлі
жағдайға сҽйкес ҿзіндік ерекшеліктерінің болуы. Осыған байланысты сҿйлеудің
бірнеше түрлерін анықтауға болады. Яғни, сҿйлеу – сыртқы, іштей, ауызша жҽне
жазбаша болып бҿлінеді, оның ішінде ауызшаның ҿзі - монологты, диалогты деп
бҿлінеді.Тілдік шындық құбылыстарды жалпыланған жҽне дерексіздендірілген
111
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012
сигналдық қоғамдық жүйе ретінде игере отырып, адам, сонымен бірге, сҿйлеуге
қатысты ойлаудың барлық логикалық формалары мен операцияларын меңгереді.
Сҿйлеудің ықпалымен сыртқы белгілері бойынша біріктірілген, тек адамдарға тҽн
түсіну мен қабылдаудың интеллектуализациясы жүреді.
Сҿйлеу процесі жайлы психологтар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн «Ойлау -
сҿйлеу процесінде қалыптасып қана қоймай, осы процесте жүзеге асады» деп ҿз пікірін
білдірген болатын. Сҿйлеу - тек адамға ғана тҽн тіл қатынасының ең жетілген формасы.
Айтушы ойды жеткізуге қажет болған сҿздерді іріктеп, оларды грамматика ережелеріне
сай байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосып, дыбыстайды. Тыңдаушы сҿзді
қабылдап, кҿркем тілмен ҿрнектелген ойды түсінуге ҽрекет жасайды. Айтушы мен
тыңдаушы арасындағы сҿз түсіністігі мен белгілі бір ойды қабылдау үшін сол ойды
ҿрнектеуге бағытталған екі тұлғаға да ортақ сҿздерді жүйелеу құралы мен ережелері
болуы шарт. Сҿйлеу - ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынастық -
ҽрекеттік қолданылымы. Сҿйлеу дегеніміз - қоғамның рухани ҿмірінде объективті
түрде ҿмір сүретін құбылыс, сҿйлеу құралдарының қалыптасқан жүйелі қалыпқа
келтірілген түрі.
Сҿйлеу негізінен екі түрлі қызмет атқарады:
1.Коммуникативтік;
2.Сигнативтік.
Осы қызметтеріне орай сҿз- тілдесу құралы жҽне ой мен сана кҿрінісінің
формасы болып табылады. Сҿздің негізгі сипаты оның мағынасында жҽне
семантикалық мазмұнында екені белгілі. Сҿйлеу тілі, жазба тіл қолданыстарының
ҿнегелі үлгілері, сауаттылық, айқын ойлылық, ізеттілік ұғымдары тіл мҽдениетіне
кіреді.
Қазіргі таңда тіл мҽдениетін дамытумен қатар тіл тазалығын сақтау үшін күрес
жүргізілуде. Олай болса, М. Горький «Тіл тазалығы үшін күрес - мҽдениет құралы үшін
күрес, бұл құрал неғұрлым ҿткір болса, ол соғұрлым нысанаға дҽл тиіп, ол соғұрлым
жеңімпаз болмақ» деген болатын.
Кез - келген адам білімді, тҽлім - тҽрбиені тіл арқылы алады, мҽдениетті, ҿнерді,
ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл - ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт
мҽдениетінің бір формасы. Сондықтан онда ҽрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің,
ойлау тҽсілінің, мінез - құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай
ерекшеліктері, мҽдениеті, ҽдет - ғұрпы, ҽдеби мұралары, оның психологиялық жан -
дүниесі тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.
Тілді меңгеру оңай жұмыс емес, ҿйткені оның шегі жоқ. Тіл адамдардың еңбек
ету процесінде, қарым - қатынас жасау тҽжірибесінде мыңдаған жылдар бойы
жасалған. Оның орасан кҿп байлықтары сол тілде сҿйлейтін халықтың бастан кешірген
ұзақ ҿміріндегі ойлау жұмысының нҽтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Біз тілді
сіресіп қатып қалған қалпында емес, үздіксіз дамып - жетілу барысында қабылдап,
үйренеміз. Сондықтан «Тіл байлықтарын түгел меңгердім, мен білмейтін ештеме
қалған жоқ, тіл ҿнерінің шыңына шықтым, болдым – толдым» деп ешкім де айта
алмайды. Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді ҿткір құрал ретінде қолдана білу -
үлкен ҿнер. «Ҿнер алды – қызыл тіл» дейді халық. Ҽрбір мҽдениетті адам сол ҿнерді –
шешендік ҿнерді, яғни кҿркем тілмен, ұшқыр оймен, «тоқсан ауыз сҿздің тобықтай
түйінін» тауып, мағыналы да мҽнді етіп сҿйлей білуге, тіл құдіретін терең меңгеруге,
кҿркем сҿздің құпиясын игеруге, үйренуге, тіл мҽдениетін арттыруға талпынуы керек.
Ұлы Абайша айтсақ: «Алыстан сермеп, жүректен тербеп, шымырлап бойға жайылған,
қиуадан шауып, қисынын тауып, тағыны жетіп қайырған » сҿз құдіретін терең игеруі
тиіс.
Тіл мҽдениетінің басты мҽселесі - тілдік құралдардың кҿмегімен қарым - қатынас
жасау барысында адамдарға ықпал ету. Яғни, тілдің эстетикалық, этикалық ҽсер етуіне
басты назар аударылуы қажет. Демек, ҽркімнің жүріс - тұрысында, жалпы болмысында
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011.
112
мҽдениетті болуының қажеттігі сияқты сҿйлеу, жазу үстінде де адамның ҽр сҿзді, сҿз
тіркесі мен сҿйлемді тиісті мағынасында ғана емес, соған қоса тартымды, ҽсерлі
қолдана білуі кең мағынадағы рухани мҽдениеттіліктің бір саласы ретінде қаралуы тиіс
[1]. Осы орайда, Ж.Аймауытов «Тҽрбиеге жетекші» еңбегінде: «Ана тілі – халық болып
жаралғаннан бергі жан-дүниесінің айнасы, ҿсіп, ҿніп, түрлене беретін мҽңгі
құламайтын бҽйтерек.... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын
тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі», - деген.
Ал А.Байтұрсынов: «Тілі жоғалған жұрттың ҿзі де жоғалады. Ҿз ұлтына басқа
жұртты қосамын дегендер ҽуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»,- деген
болатын [2].
19 ғасыр ортасында Ш.Уҽлиханов «Бір ой ҽр тілде ҽр түрлі бейнеленеді» деп
айтқан, бұл - ҿз кезегінде этнопсихологиялық білімнің негізгі қайнар кҿзі. «Тіл
дүниетанымды,
ҽрекетті,
ойлауды
анықтайды»
деген
пікір
Б.Л.Уорфтың
лингвистикалық қатынастылық гипотезасында айтылады. Оның «Ҽр түрлі тілдер ойды
жеткізуде түрлі талаптар қояды» деген ойы дұрыс боп саналады. Дегенмен, ол тілдің
этникалық ерекшеліктерінің себебін түсіндірмеген.
Я. Хаиская концепциясында «Тіл – дайын сҿз, сҿйлемдер суммасы емес,
тудырушы үрдіс, сонымен бірге тілдік қабілеттілік түсінігі бұл - нақты тілді меңгеру, ал
психологиялық тұрғыда бұл бҿлім - тілге деген жалпы қабілеттілік» деп түсіндірілген.
Тілді меңгеру психологиясының басқа да ҽдіснамалық жағдайы түрлі
ғалымдардың теорияларында айтылғандай, «тілдің коммуникативті функцияны
атқаруға бағдарлануы» (Л.В.Щербо), «кез келген тіл нақты кҿзқарасты бейнелейді»
(В.Гумбольд, М.Алексеев), «тіл қоғамдық құбылыс болғанымен, ҽр адамда
индивидуалды түрде болады» (В.Ю.Розенцвий, Л.М.Умон), сондай-ақ этника аралық
қарым-қатынастың интенсификациясының маңызды факторы – тіл болып табылады [3].
2001-2010 жылға арналған тілді функциялау жҽне дамыту бағдарламасы
мемлекеттің тіл мҽселесін шешуге қолдау кҿрсету қажеттілігін анықтайды. Бұл
бағдарламада тілді функциялау жҽне дамытудың негізгі 3 мақсаты кҿрсетілген:
мемлекеттік тілдің ҽлеуметтік коммуникативті функциясын кеңейту жҽне нығайту,
орыс тілінің жалпы мҽдени функциясын сақтау, этникалық топтардың тілдерін дамыту.
Қазақстандағы тіл құрылысының ұзақ уақыттық перспективасының негізгі
тапсырмалары, басымдылық бағыттары мен оларды жүзеге асыру механизмдері
бейнеленген.
Тіл-қоғамдық қажетті жҽне тарихи қалыптасқан, белгілі қоғам адамдарына тҽн,
ҽлеуметтік - психикалық құбылыс. Ана тілі – ұлттық сананы кҿрсету тҽсілі, тұлғаның
азаматтық кешенденуінің басты белгісі. Бұл ұлттық салт-дҽстүр, ҽдет-ғұрыпты,
стереотиптерді ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап, жеткізу құралы.
Ғасырлар бойы «мың ҿліп, мың тірілген» қазақ халқы қасиетті тілін бүгінгі
ұрпағына аманат етіп жеткізді, қазіргі таңда ҿркениетті қоғамға бет бұрар шақта
«Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде!» деп Елбасы Н.Ҽ.Назарбаев
айтқандай, қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретінде демократиялық қоғамымыздың жарқын
кҿрінісі болып қалмақ, алайда қазақ тілі мемлекеттік тіл деңгейіне кҿтеріле алмауда,
тілдің сҿйлеу мҽдениетін толық жүзеге асыра алмауда. Осы орайда жастарға ұлағатты
тҽлім - тҽрбие беруде шешендік ҿнердің мҽні ерекше.
Шешендік сҿздер терең ой, ұтқыр шешім, тапқыр логикаға құрылады. Халық
мақалдарында «Таяқ еттен ҿтеді, сҿз сүйектен ҿтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек
жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді», «Аталы сҿзге арсыз ғана
тоқтамайды» деп сҿзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойылған.
Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сҿз. Оның аузынан шыққан «дуалы» сҿз
тыңдаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бҿлеген. Сҿз туралы Бҿлтірік шешен:
«Сҿзден тҽтті нҽрсе жоқ. Сҿзден ащы нҽрсе жоқ. Сҿзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа
113
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012
билет. Ақылыңды, сҿзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай
кезде, қалай сҿйлейтініңді біл» болатын [4] – деп толғайды.
Ендеше, ел басқаратын, қоғам болашағы үшін елге қызмет жасайтын ҽрбір жас
ҿзінің ана тілін ерекше құрметтеп, тіл тазалығын сақтап, кҽсіби тұрғыда мҽдениетті
сҿйлей білуі - қазіргі заман талабы жҽне ҽрбір азаматтың міндеті екенін ескеруіміз
қажет.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Аймағамбетова О.Х. Методы этнопсихологического исследования этнических
стереотип Мат. Респ. Науч-теор. К-ции «Актуальные проблемы современной
психолого-педагогической науки». Алматы: КазНУ. 2004г.
2.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. Алматы: Ана тілі, 1992 ж.
3.Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы: Жалын, 1991ж.
4.Кҽкiшев Т. Түгел сҿздiң түбi бiр. II Билер сҿзi. Алматы: Қазақ университетi,1992 ж.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается роль особенности ораторского искусства в культуре
речи, высказывания о красноречии в традиционной культуре, а также прямое
отношение ораторского искусства к государственному языку в современном обществе.
SUMMARY
The article deals with the speaking culture and its relationship with the speaker‘s art in
the modern society.
М А Г И С Т Р А Т У Р А
УДК
ШЫҒЫС ЖӘНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РУБАИ ЖАНРЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ
Ажибекова З.- магистрант (Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ)
Ҽдебиетіміздің қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінде ұлттық сипатын сақтай, бірақ
сырттан келген шығармашылық ықпалдарды да қабылдау жағдайларымен толыға,
толыса дамуын ҽдебиеттану ғылымының зҽру мҽселесі ретінде қарастырудың ҿзектілгі
айқын. Ҽсіресе, қазақ поэзиясына шығыстың классикалық ҽдебиеті ықпалы мҽселесін
ғылыми-теориялық бағалау зҽрулігі ерекше байқалады. XX ғ. 20-90 жылдар арасында
ҽдебиеттану ғылымында Шығыстың жҽне оның қазақ ҽдебиетімен байланыстарының
жекелеген мҽселелері туралы еңбек жазылды. М.Ҽуезовтың, С.Мұқановтың,
Ғ.Мүсіреповтың,
Ҽ.Марғұланның,
Б.Кенжебаевтың,
Ҽ.Қоңыратбаевтың,
Х.Сүйіншҽлиевтің, С.Қирабаевтың, Р.Бердібаевтың, Н.Ғабдулиннің, З.Ахметовтың,
Ш.Сҽтбаеваның,
М.Жолдасбековтың,
С.Қасқабасовтың,
Н.Келімбетовтың,
Ҽ.Дербісҽлиевтің,
М.Жармұхамедовтың,
Ҿ.Күмісбаевтың,
С.Мақпыровтың,
А.Қыраубаеваның,
Б.Ҽбілқасымовтың,
С.Негимовтың,
З.Бисенғалидың,
Б.Мамырбаевтың,
А.Егеубаевтың,
С.Дҽуітұлының,
Б.Ҽбдіғазиұлының,
З.Сейітжанұлының жҽне т.б. ғалымдардың пікірін айтамыз. Сонымен бірге жас
зерттеуші- ғалымдар Г.Есіркепованың, Д.Сатемировалардың еңбектерін ерекше атауға
болады.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011.
114
Бізге белгілі шығыс классик ҽдебиетінің негізгі түрі ҿлең болып, шығыс
шайырлары бұл жолда шабыт жҽне шеберлікпен еңбек еткен. Ақындар адамзат
тағдыры, ҿмір ҿткелдері туралы пікірлерін ҽр түрлі лирикалық жанрларға бай. Бұл
жанрлар мазмұны жағынан болсын, құрылысы жағынан болсын, ҿзіне тҽн
ерекшеліктеріне ие. Олардың тҽсілдері, образдар жүйесі жағынан бір-бірінен
ерекшеленетін қырлары да кҿп.
Рубаи – ҽдеби мұрада ерекшеленіп тұратын жанр. Оның дүние жүзіне танылуы,
ҽрине, Омар Хайям атымен тікелей байланысты. Шығыс ҽдебиетіндегі рубаи,
ертеректен келе жатқан ҿлең түрі болса да, оның шарықтау шегіне жеткізген Ҽлішер
Науаи жҽне Бабыр болатын. Бірақ осыған дейін бұл жанр ҿте ұзақ жҽне қиын
эволюциялық жағдайды басынан кешіреді.
Рубаи поэтикасы жҽне зерттеу жұмыстары бойынша, ҿзбек ҽдебиеттанушы
ғалымдары мейлінше кҿп тер тҿкті. Атап айтқанда Х.Зарифов, Х.Екубов,
А.Хайитметов, М.Юнусов, А.Қаюмов, Е.Исхоков, И.Хаккулов, Р.Орзибековтардың
монография жҽне ғылыми еңбектер жазды.
Бірақ рубаи поэтикасы жҽне оның Шығыс жҽне түркі поэзиясындағы алатын орны
туралы дҽл айтарлықтай еңбек жарық кҿре қойған жоқ. Осы ғылыми жұмысты
жазудағы мақсатымызда, осы жұмысты іске асыру болатын. Академик
А.Н.Веселовский ҽдеби жанр тарихын тексерудің ең тиімді жолы – оның теориясын
жақсылап тексеру дейді. Біз осы принципке сүйене отырып, осы жұмысымыздың
рубаидың тарихын, жанрдың теориялық мҽселелерін зертттеуді жҿн кҿрдік.Зерттеуші
А.Аминовтың пікірінше, рубаи – шағын кҿлемді философиялық трактат немесе поэма
тҽрізді ол товтологияны жаратпайды. Рубаида айтылар ой байыппен, тұжырыммен, ҽрі
бейнелі болып беріліп отыруы керек.
Сонымен бірге зерттеуші Н.Г.Леонтьевтің «батыс сонеті рубаимен салыстырғанда
кҿп сҿзді болып кҿрінеді»[1;2] деген пікірі рубаидың аз сҿзбен үлкен танымдық
мҽселелерді асқан ұтқырлықпен жеткізетін ҿлең екенін нақтылай түседі.Тҿрттағанның
тҿркіні Шығыс жҽне түркі поэзиясына барып тіреледі.
Парсы-тҽжік ҽдебиетінде де, түркі ҽдебиетінде де рубаиға ұқсас тҿрт тармақты
ҿлеңдер ҿте ерте кездерде пайда болған. Парсы-тҽжік ҽдебиетінде рубаи жанрын
қолдана отырып, оның ары қарай дамуына бағыт сілтеген белгілі ақын, парсы-тҽжік
ҽдебиетінің кҿшбастаушысы – Абу Абдаллах Рудаки болды. Ал осы жанрды шарықтау
шегіне жеткізіп, танымал еткен ақын Омар Хайям екені белгілі. Орта ғасыр түркі
ақындарының шығармашылығында да рубаи дамудың биік шыңына кҿтеріле алды.
Аталмыш жанрға Лютфи тҽрізді ақындар ҿз үлестерін қосып, кемелденген рубаи
тудыруға ҿзіндік бір белес, алғы шарт рҿлін атқарды. Мазмұны жағынан болсын
формальды белгілері жағынан болсын рубаи жанрын түркілік ортада шарықтау шегіне
жеткізіп, артына мол мұра ретінде мінсіз тҿрттағандар қалдырған Ҽлішер Науаи мен
Захираддин Бабыр еді[1;115б].
Түркі ҽлемінде рубаидың түрленуі жҽне шығу тарихы ҽлі де толық зерттелмен.
Бұл мҽселе бойынша ғалымдардың пікірлері бірдей емес. И.С.Брагинский, Р.Ходизода,
Р.Амонов, А.Хакимов сияқты тҽжік ҽдебиеттанушылары рубаи формасы пасры-тҽжік
фольклорында пайда болған деген пікір білдереді. Мұндай пікір ағылшан
шығыстанушысы Э.Браун тарапынан да айтылған. Е.Э.Бертельс бұл туралы былай
дейді: «Ҽдетте орта ғасыр дарий тілі ҽдебиетінде ұйқастың пайда болуы – араб
ҽдебиетінің ҽсерінен» дейді. Шүбҽсіз, араб халифатының қол астындағы халықтарға
араб тілі жҽне ҽдебиетінің таралуы, ҽр халықтың ҽдебиетіне ҿз ҽсерін тигізіп отырады.
Бірақ жұптық ұқсастықтар(яғни тҿрт тармағыда үйлескен), арабтарға мҽлім емес,
оларға рубаи да сол сияқты мҽлім емес. Рубаи ерте заманнан бері Орта Азиядағы түркі
халықтар фольклорының сүйікті жанры болып саналып келген.
Ғалым ҿз пікірін жҽне де тереңдетіп анық дҽлелдермен толықтырып отырады.
«Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік» сҿздігі XІ ғасырдың екінші
115
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012
жартысында жазылған. Ҽдеби мұрадағы ҿлеңдер, эпикалық шығармалардан үзінділер
ұйқаспен жазылған. Енді мынадай сұрақ туады: Иран халықтарында осы екі ҽдебиеттің
кҿбірек таралғаны қайсысы? Араб ҽдебиеті ме немесе түркі халықтарының ауызекі
ҽдебиеті ме? Біздің ойымызша, жауап біреу анық сияқты: араб тілі Орта Азия
халықтарының арасына толық сіңе алмаған. Ол ҽрдайым ҿзге тіл болып қалған. Түрлі
түркі халықтар тілдері тҽжік аймағы арасында кең таралғаны мҽлім. Бұл ерте
замандарға барып тірелетін тамырларға ие деп есептеу керек»[2;52б].
Б.Э.Бертельс бұл жерде бар ақиқатты айқын кҿрсеткен. Сондықтан оның
пікірлері, кейінгі ғылыми зерттеулерде бекітіліп, жаңа фактілермен байытылған. Бұл
жағынан
филология
ғылымдарының
докторлары
Э.Рустамов,
М.Юнусов,
М.Хамраевтардың жұмыстары ерекше. Біздіңше, Е.Э.Бертельстің алға сүрген тезисі
дұрыс.
Парсы-тҽжік ҽдебиетінің қасида (қасыда), қыта, мҽснҽуи сияқты ҿлең формалары
X ғасырда парсы-тҽжік ауызекі жҽне жазба ҽдебиетінде қалай еді? Тҽжік
ҽдебиеттанушылары бұл сұраққа анық жауап беру қиын екендігін айтады. Олардың
рубаи ІX ғасырдан алдын парсы-тҽжік ҽдебиетінде рубаи формасы кезікпейді. Түркі
халықтар ауызекі поэзиясында ерте кездерде-ақ рубаиға ұқсас ҿлең ҿрнектері болған,
ал парсы-тҽжік ҽдебиетіне бұл ҿлең ҿрнектері кейін жеткен. Бұған, ҽрине, Е.Э.Бертельс
айтқандай, түркі фольклорының ҽсері болған. Түркі халықтар фольклорында рубаи
формасының ең ескі үлгілері бізге дейін Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік»
атты еңбегі арқылы жеткен. Демек, рубаи формасы түркі халықтар ҽдебиетінде
ертенден келе жатқан дҽстүр болып табылады.
Шығыстың классикалық ҽдебиеті ұғымын араб, парсы, үнді, түркі, ауған, жапон,
қытай, кҽріс т.б. халықтардың сҿз ҿнері мұралары құрайды. Ҽрқайсысының қалыптасу
кезеңдерінің ҽртүрлілігіне қарамастан олардағы бір-біріне араласа, кҿбінесе үндесе
даму қозғалыстарының жүріп жататыны тарихи шындық. Ҽрине, Шығыс халықтары
сҿз ҿнері мұраларының ҿзара араласу, сіңісу қозғалыстарына себепкер тарихи
оқиғалардың, ықпалды дҽстүрлердің болғандығы да мҽлім. Ҽлем халықтары
ҽдебиетінің ҿзара араласуының нҽтижесінде сҿз ҿнері жанрларының ҽрбір ұлттық
мҽдениеттерді байыту жүзеге асырылады. Ҽсіресе, араб, парсы, түркі халықтары
ҽдебиеттерінің ҿзара тығыз араласуына XІ- XІІ ғ. ислам дінінің аталған халықтарға
кеңінен таралуының себебі болды.
Классикалық Шығыс ҽдебиеттеріне кең таралып ортақтық сипаттарын да, ҽрбір
ұлттық ортадағы ҿзгешіліктерін де танытатын қасида, рубаи, ғазал, нақыл ҿлең, насихат
ҿлең, апалогат(астарлы ҽңгіме немесе ҿлең), мысал, қисса-дастан жҽне т.б. жанрларды
айтамыз.
Араб ҽдебиетінің ықпалы қазақ поэзиясына парсылық қосындылармен бірге жетті.
Қасида (қасыда), ғазал, рубаи (тҿрттаған), қисса-дастан, мысал-хикая жанрларының
арабтық, парсылық синтездік үлгілері Орта Азиядағы туысқан түркі тілдес халықтар
ҽдебиеттерімен бірге қазақ поэзиясына да белгілі бір дҽрежеде ықпал етті. Аталған
жанрлардың қолданылуы үлгілерін XІX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы ақындар
шығармашылығынан кездестіреміз. Мысалы, Омар Һҽйямның, Шҽмсҽддин Хафиздің,
Ҽбдірахман Жҽмидің рубаилары (тҿрттағандары) сынды ҿлеңдерді осы ақындар
мұраларын оқып-үйренген қазақ ақындары шығармашылығынан кҿреміз[16;32б].
Біздің ғылыми жұмысымыздың негізгі нысаны «Науаи жҽне Бабыр рубаиларының
үндестігі» болғандықтан, рубаидың шығу тарихына тоқталайық. Рубаи араб тілінен
алынған «тҿрртік» немесе тҿрттармақты ҿлең деген мағынаны білдіреді. Оның екі түрі
бар:
1.Оддий рубаи немесе Рубаи хаса
2.Таранаи рубаи
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011.
116
Тҿрттармақтың құрылысы жағынан а-а-б-а, а-а-а-а үлгісінде ұйқасады. А-а-б-а түрінде
яғни бірінші, екінші, тҿртінші тармақтар ұйқасып, үшінші тармағы ұйқастан тыс қалған
рубаи Оддий рубаи немесе Рубаи хаса деп аталады.
Рубаи ҿзішіне ҽртүрлі тақырыптарды қамти отырып, негізінен тҽлім-тҽрбие,
философиялық, ҽлеуметтік, кҿңіл-күй, саяси тұрғыдан жазылған оған мысал ретінде
Рудакидың рубаи сын келтірейік:
О, перизат, сүйдім сені, адастырдың ақылдан
Рудаки, қуант сен де жүзіңді ашып шалқыған
Бетіңді бер, бір ҿбейін дүниені таңқылып,
Азаптауың оп-оңайма, мазамды алдың мҽңгілік[3; 189б].
Рубаи дҽстүрі сүйіспеншілік тақырыбына арналған. Тҿрттағанның құрылысы а-а-б-а
үлгісінде үйлескен. Мұндай рубаиға Кабул Мухаммад «таранаирубаи», ал Ҽлішер
Науаи «рубаия» деп атаған[4;7б]. Е.Э.Бертельстің пайымдауынша, ертеректе рубаи
ҿлеңдерінің ҽуендік музыкалық мүмкіндіктері зор болған[5]. Рубаида ҽуенге қосып ҽнге
ұқсатып айту үрдісі кең етек жайған дҽуірде, (яғни тҿрт тармақтың дамуының алғашқ
кезеңдерінде) оны «тарона» деп атаған.
Белгілі ғалым М.Хаккулов рубаиды тақырыптық жағынан үш түрге бҿледі:
1.Философиялық рубаилар;
2.Сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы рубаилар;
3.Тҽлім-тҽрбиелік, ҽдептілік тақырыбындағы рубаилар[4;21б].
Адам ҿмірі, оның күрделі тағдыры жҽне ҿмірдегі орны – бұл барлық дҽуірде де
философияның актив проблемасы болып есептелген. Философиялық рубаиларда
осылар туралы айтылған. Оған Омар Хайямның тҿрттағанын мысал келтірейік:
Оқы да ерінбестен намазыңды
Жұртшылық пен бҿліскін кҿп-азыңды
Біреудің қастық қылмай мал жанына
Іше бер шамаң келсе шарабыңды[6;19б].
Рубаи философиялық тұрғыдан жазылған. Бірінші мисрада (тармақта) Намазды
ерінбей оқу керектігін, екінші мисрада жұртшылықпен кҿп-азыңды бҿлісу керектігін,
тҿртінші емисрада осылардың бҽрін орындай алсаң, шарабыңды іше бердеген ой
түйіндейді. Ҽрине, тҿртінші мисрада үлкен философиялық ой жатыр. Ақын оны қандай
мақсатта айтқаны бізге белгісіз. Сопылық поэзиядан хабары бар ақынның мұндай ойды
тура мағынада айтуы мүмкін емес сияқты. Тҿрт таған рубаи хаса деп аталады.
Хаккуловтың пікірінше, ертеректе «шарапты» ақындар детал ретінде ҿз ҿлеңдерінде
алып отырған екен. Омар Хайям ҿз тҿрттағанында мүмкін шарапты басқа нҽрсе
орнында алған болар.
Рубаи – шығыстың аталған ұлы ақындары шығармашылығында тұрақты
жарланған жанр. Ҽсіресе, Омар Хайямның, Хожа Хафиздың рубаилары ізімен қазақ
ақындары да тҿрттағандар жазған. Ҽрине, рубаилардың жанрлық табиғаты қазақтың
халық ҽдебиетіндегі қара ҿлеңнің мазмұн мен пішіні тұтастығымен үндеседі.
Классикалық Шығыс ҽдебиетінің бұл үлгісі қазақтың XІX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы
жазба ақындық поэзиясында (Мҽшһүр Жүсіп, Тұрмағанбет, Омар жҽне т.б.)
жалғастырыла жырланады.
Қорыта келгенде айтарымыз, Шығыстың классикалық ҽдебиет – ҽлемдегі ежелгі
жҽне орта ғасырлардағы дамыған кемел ҿркениеттер жетістіктерін бойына сіңіре
қалыптасқан дамыған ҿнернама биіктігі. Түркі ҿркениеті мен ислам мҽдениеті тоғысқан
синтез қосылымының нҽтижесінде VІІІ- XІІ ғ. Шығыс мҽдениетінің классикалық
тұрғысында ҿсу, шарықтау тағылымы бүкіл дүние жүзінде танылды. Ал, қазақ
поэзиясының қалыптасу, даму процесінде, ҽсіресе, XVІІІ- XІX ғ. мен XX ғ. бас
кезіндегі ҽдеби дамуда классикалық ҽдебиетке сҽйкес шығармашылық ҿнеге деңгейі,
кҿрсеткіштері ешқашан да ҿркениет керуенінен қара үзген жоқ, дамудың заңдылығы
жүйесімен ілгерілей берді. Бұл ілгерілеу жолы қазақ поэзиясының да ұлттық
117
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012
классикалық тұрпатын қалыптастырады. Қазақтың классикалық поэзиясы сипатындағы
туындыларымыз – біздің ҽлемдік ҿркениеттегі мҽңгілік тұғырымызды аласартпайтын
рухани қазынамыз. Түркілік ортада Науаиға дейін рубаи заңдарына толық сүйеніп
жазған ақын болған емес. Ал Науаидан кейін бұл жанрды дамытып, ҿрбіткен
Захираддин Бабыр еді. Бабыр ҿз рубаиларында Науаи традицияларын жалғастырушы
талантты ірі тұлға болған.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Достарыңызбен бөлісу: |