РЕЗЮМЕ
В
статье
рассматриваются
определение
направления
развития
экологического туризма в Казахстане, и развитие его в будущем как самого
прибыльного вида туризма.
336.2
Қ 30
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ: ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ
Қалыбекова Д.Б.- аға оқытушы. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Абдибеков С.У. – э.ғ.к., доцент (Алматы қ., Д.А.Қонаев ат. университет)
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау орта және
шағын бизнестің дамуына кӛптеген жағдай жасайтын, олардың қызметтерін
ынталандыруға мүмкіндік тударытан экономикалық құқықтық жағдай жасауды,
сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және
қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кӛптеген кәсіпкерлердің кӛзқарасы
бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның
тиімділігі, тәуекелділік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың
қорғалуы сияқты діттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қаржыландырып
қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің кӛзқарасы бойынша кәсіпкер ең
жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық
байлықтың ӛсуіне, жұмысбастылық мәселесін шешуге, ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)
Мемлекет пен шағын бизнес ӛкілдерінің мақсаттары мен мүдделерін
түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүгізілуі тиіс.
Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық
қатынастар кӛрсетіп отырғандай ӛндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және
тұрақты экономикалық ӛсуге қол жеткізу бәсекеге тӛтеп бере алатын шағын
экономиканың дамуына және солар кӛтеретін бастамаларға негізделуі қажет.
Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы перспективасы жоқ ӛндірістен
қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар
экономикалық кӛтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың негізгі кілті болуы
тиіс./1/
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
219
Тауарлар мен қызметті кӛбейтуге мүмкіндік беретін және осы негізде
орталықтандырылған қаржылық ресурстары қорларын құруға, оның ішінде
мемлекеттік бюджетті қалыптастыру құралы болып табылатын мемлекеттің салық
саясаты кәсіпкерлікте негізгі роль атқаратыны сӛзсіз. Нарықтық экономика
кезінде
салық
саясаты
шаруашылық
жүргізудің
тиімді нысандарын
ынталандырып отыруы қажет және ӛндіріс деңгейін кӛтеруге, оның
пайдалылығын жоғарылатуға жағдай жасауы шарт.
Салық жүйесі салықтық қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін
институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын
алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамдас бӛлігі. Мемлекет салық
жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі
қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, ӛзінің ішкі сыртқы қызметтерін
жүзеге асыру үшін жұмсайды.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бӛлуде, қоғамдық
экономикалық құрылымын қалыптастыруда, ӛндіргіш күштерді жетілдіруде
маңызды рӛл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаларды
жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау
күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті
органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе
мақсатты қорлардың тӛлемдерінен құралады.
Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық негізін ұлттық табыс құрайды,
мұны бӛлу және қайта бӛлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады.
Мұндай қайта бӛлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары-салықтар,
мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған тӛлемдер.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты кӛзі-салықтар. Ӛнеркәсібі
дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент. Қазіргі кездігі
салықтардың маңызы мен рӛлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің
басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рӛлі артып келеді, мұны
Жалпы Ұлттық Ӛнімнің кӛлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан кӛруге болады.
Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы ӛндіріс процесіне
әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал
кӛп бағытта жүргізілуде. Табысқа салық салу арқылы манипуляция жасап,
мемлекет капиталының қорлану процесіне айтарлықтай әсер етеді.
Салық салу арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін
ынталандыруға,
капиталдың
қорлануына
қолайлы
жағдай
жасауға,
корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы
мақсатта түрлі салық жеңілдіктерін беру қажет. Салықтық жеңілдіктер беру
арқыла мемлекет ӛндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрлым
объектілерін салуға және тағы басқалары арқылы айтарлықтай әсер ете алады.
Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен
қатар барлық шаруашылық конъюнктураға ықпал етеді. Экономикалық
тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен
күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға
жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. /2/
Қазіргі кезде нарықтық экономиканың белсенді қатысушылары-
кәсіпкерлер, іскер адамдар немесе бизнесмендер.
Кәсіпкерлік туралы кӛзқарас мыңдаған жылдар бойы ӛндіргіш күштің
дамуымен меншік қатынастарымен, Ғылыми-техникалық прогресстің және
қоғамдағы ӛндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай
ӛзгеріп тұратынын атап ӛту қажет.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
220
Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік кӛптеген қоғамдық
қатынастарды камтиды. Кәсіпкерліктің тамыра адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні-ӛндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық
объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында ӛндіріс факторларын
тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік қызметтің ӛркениетті дамуы үшін мемлекет
тарапынан жағдай жасалуы қажет. Сондықтан да, Қазақстан Республикасында
шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге
асырудың салықтық аспектілері деген актуалды және маңызы зор мәселе болып
тұр.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму проблемалары мен
оларды мемлекет тарапынан салықтық реттеудің оңтайландырылған жүйесі -
арнаулы салық режимін қолдану механизмін қарасырып, оның тиімділігіне баға
беру жолдары. /3/
Қойылған мақсатқа жету үшін тӛмендегі сұрақтар қарастырылды:
- Қазақстанда кәсіпкерлік бизнесті дамытудың әлеуметтік-экономикалық алғы
шарттары;
- кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тетігі ретіндегі салық жүйесінің
атқаратын ролі;
- бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік
қызметке қолданылатын арнаулық салық режимінің ерекшеліктері;
- кәсіпкерлерге салық салуды жетілдіру бағыттары.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Томпиев М.К.‖Малое предпринимательства и ее проблемы‖ Алматы, 2003г.
2.
Ваксян И.М. ―Эффективные методы и приемы налогового контроля в
отношении малых предприятий‖. Налоговый эксперт, №1 2002 г.
3.
Туржанов. С. О состоянии малого бизнеса г.Алматы и некоторых проблемах
развития малого предпринимательства/ Вестник пердпринимателя, 2007г. №1
ст.5-10
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада салықтық реформа жағдайында шағын және орта бизнесті
қолдаумен байланысты бірқатар сұрақтар қаралады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются ряд вопросов связанных с поддержкой малого
и среднего бизнеса в условиях налоговых реформ.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
221
336Қ 59
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА КӨШКЕН КЕЗДЕГІ ЕСЕП
САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Қойшыбаева М.А.-аға оқытушы, Каримова М.Д.- аға оқытушы
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазіргі таңда біздің еліміздің есеп жүйесін халықаралық стандартқа кӛшіру,
сондай – ақ мұның дәрежесімен мазмұнын халықаралық деңгейге кӛтеру
мақсатында карана, прагма, эдиет атты халықаралық корпорациялар қызмет
атқарып келеді.
ХҚЕС, қаржы есептілігін баршамызға ортақ және бірдей ұғынуға қажетті
осы заманғы стиль ретінде, капиталды ықпалдастыру, экономиканы шапшаң
дамыту үшін негіздеме қызметін атқарады, Қазақстан экономикасының ӛзекті
негізі болып табылады.
Қазақстанда бухгалтерлік есеп пен есептелікті қалыптастыру мен біртіндеп
ХҚЕС-ына кӛшу тәуелсіздікке ие болуымыздан және ҚР Президентінің 1995
жылғы желтоқсан айында «Бухгалтерлік есепке алу туралы» Жарлығына қол
қоюынан басталды. Кейіннен халықаралық бухгалтерлік есептің стандартына
жақын немесе негізделген Қазақстан бухгалтерлік есебі стандартының (ҚБЕС)
қабылдануы «есеп жүргізушілердің» ойлары мен бухгалтерлік кәсібінің жаңа
философиясына бейімделуін қайта құруының негізгі қызметін атқарады. Мынаны
атап кӛрсету керек: ҚБЕС нарықтық экономикаға кӛшу кезеңінде белгілі бір рӛл
атқарды. Алайда, елдің экономикасын кӛтеру мен бағалы қағаздар нарығының
шарттары, сондай-ақ қалыптасқан әлемдік үрдістер ХҚЕС-ын толық және сӛзсіз
қабылдау қажеттігін кӛрсетіп отыр. Халықаралық стандарттарға кӛшу ұйымдарға
басқару мен ішкі бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады, капиталға қол
жеткізуді
жеңілдетеді,
сондай-ақ
ішкі,
сонымен
бірге
сыртқы
пайдаланушылардың сапалы, сенімді және салыстырмалы хабарламамен
қамтамасыз етеді. Жаңа стандартқа кӛшу сонымен бірге қаржылық және қор
нарығының дамуына қосымша серпін берелі, ӛйткені әлуетті инвесторлар, сондай-
ақ кредиторлар да ұйымдардың экономикалық қызметінің нақты жағдайын
сипаттайтын және оның тиімділігін осы заманғы әдістемелерге сәйкес бағалау
мүмкіндігін беретін хабарламалар беруге мүдделі болып отыр.
Қаржы есептемесінің Халықаралық стандарттарын қолдану Есеп
саясатындағы ӛзгерістер сияқты бірінші рет талқыланды және 8 «Таза табыс
(залал), Есеп саясатындағы негізгі қателер мен ӛзгерістер» Халықаралық
стандарттарының талаптарына сәйкес реттеліп отырады.
8 «Таза табыс (залал), Есеп саясатындағы негізгі қателер мен ӛзгерістер»
Халықаралық стандартына сәйкес Есеп саясатының ӛзгеруі ретроспективті немесе
перспективті тәсілдемесі бойынша жүзеге асуы мүмкін.
8 «Таза табыс (залал) , Есеп саясатындағы негізгі қателер мен ӛзгерістер»
ХҚЕС-на сәйкес есеп саясатының ӛзгеруі
Ретроспективті тәсілдеме
Перспективті тәсілдеме
Егерде жаңа Есеп саясаты қалайда
әрқашан қолданылатын болса, жаңа
Есеп саясаты осындай баптардың
туындаған сәтінен бастап, барлық
баптарда қолдануы тиіс
Есеп саясатының ӛзгерген күнінен
бастап
жаңа
Есеп
саясаты
мәмілелерде
немесе
оқиғаларда
қолданылады
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
222
ХҚЕС бойынша ӛз кіріс баласында кәсіпорын қолданатын Есеп саясаты
бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарын қолдана отырып, сол күнгі
пайдалануымен ерекшкленеді.
ХҚЕС стандартының бір рұқсат еткен айрықшалықтары:
Бизнестің бірігуі;
Бастапқы құн ретінде қайта бағаланған құн немесе әділ құн;
Қызметкерлерге сыйақы;
Жинақталған бағам айырмалары;
Құрамдастырылған қаржы құралдары;
Еншілес, бірлескен және қауымдастырылған компаниялардың активтері мен
міндеттемелері.
22 «Бизнестің бірігуі» ХҚЕС-на сәйкес бизнесті құрамдастыру жолымен
сатып алынған сәйкестендірілген активтер мен міндеттемелердің әділ құнын
анықтайды. Сәйкестендірілген активтер мен міндеттемелердің әділ құны бизнесті
біріктірген кезде олардың анықталған сәтінде болған жағдайдың кӛрінісін беру
қажет.
Негізгі ұүрал-жабдықтардың бастапқы бағалануы есептегі осы объектінің
әділ құны ретінде анықтауы керек. Осы талаптарды іске асырудың күрделі екенін
ескере отырып, ХҚЕС-та келесі айрықшалықтар қарастырылған.
Осы айрықшалықтар мынаған қатысты қолдануы мүмкін:
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар, егер ұйым ӛзіндік құн бойынша
ХҚЕС 40 (LAS) қолданған кезде бағалау үлгісінің пайдаланылуын таңдайды;
ХҚЕС 38 «Материалдық емес активтерге» сәйкес танылған және ХҚЕС-на
сәйкес қайта бағалау критерийдеріне жауап беретіндер.
ХҚЕС-тарын бірінші рет пайдаланып жүрген ұйым сол сәтке дейін немесе
ХҚЕС-щна кӛшу сәтінде есепке алудың бұрынғы ұлттық ережелері бойынша
ӛткендегі қайта бағаланған негізгі құрал-жабдық объектілерін таңдай алады. Онда
да қайта бағаланған құн мыналармен салыстырымды болса:
Әділ құнмен;
ХҚЕС-на сәйкес есептелген немесе амортизацияланған құнмен және бағаның
жалпы немесе арнайы индексіне ӛзгертулер енгізілгенімен.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы бағалануы
Әділ құны
Бухгалтерлік
есеп
жүргізудің
қазақстандық стандарты бойынша
ӛткендегі қайта бағаланған құн
Егер қайта бағаланған құн әділ
құнмен салыстырымды болса
Егер қайта бағаланған ХҚЕС-на
сәйкес есептелген құнмен немесе
амортизацияланған құнмен және
бағаның жалпы немесе арнайы
индексіне ӛзгертулер енгізілген
Егер әділ құн белгіленген күнде мынадай оқиғаларға байланысты
анықталса: жекешелендіру немесе акциялардың кӛпшілік шығарылымын
бастағанда
Бағалануы ӛзгеруі мүмкін активтер мен міндеттемелер:
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
223
Қаржы құралдары, оның ішінде дебиторлық берешек және несиелер /39-
ХБЕС/;
Шетелдік компанияға инвестициялар /21-ХБЕС/;
Кейінге қалдырылған салықтар/12-ХБЕС/;
Резервтер /37-ХБЕС/;
Негізігі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы /36-
ХБЕС/
Кіріс /18-ХБЕС/;
Сыйақы бойынша міндеттемелер /19-ХБЕС/;
Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру тек қана жоғарыда
айтылған
мәселелерге ғана байланысты болмай, еліміздегі нарықтық қатынастардың
тұрақты дамуымен тығыз байланыста болғаны жӛн. Біздер бір жағынан
халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мазмұнын екінші жақтан
Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары мазмұнын терең түсініп, отандық
бухгалтерлік есеп мәселелеріне баса назар аударуымыз керек.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары негізінде отандық бухгалтерлік
есеп жүйесін ары қарай жетілдірудің негізгі мәселелерінің бірі – ұйымдарда күні
бүгінге дейін екі бағытта жүргізіліп келе жатқан қаржылық және салық есебін
біріктіріп үндестіру, сондай – ақ есептің үндестірілген жаңа моделін құру болып
табылады. Егер қаржылық есептің үндестірілген жаңа моделі құрылған жағдайда
есеп жүргізудің еңбек шығындары біршама азаяды. Сонымен қатар екі түрлі
есептің орнына кӛп мағыналы қаржылық есеп құрылып, мұның ӛзі салық есебіне
тән есептеулер жӛніндегі ақпараттар даярлауды қамтамасыз етеді.
Отандық бухгалтерлік есепті женілдендіру мен ары қарай дамыту және
ХҚЕС негізіне қарай қолайлы үйлесімді бағытқа салу үшін тӛмендегі шараларды
іске асырған жӛн:
- ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижесін барынша қарапайым және сенімді
түрде кӛрсету;
- мүмкіндікке қарай Қазақстандық ұйымдардың қаржылық жағдайын шетелдік
компаниялардың қаржылық жағдайы мен салыстыру кезінде ұзақ мерзімді
нарықтық қатынастарды шетелдік әріптестермен бірге құру.
ХҚЕС бойынша ұйымның алғашқы қаржы есептемесі:
1.Тӛмендегі келтірілген екі күнде ХҚЕС-на, сондай-ақ, меншікті капитал
есебінің бұрынғы ұлттық ережелеріне сәйкес ұсынылған меншікті
капиталды салыстыру:
ХҚЕС-на кӛшу күніне;
Есеп жүргізудің бұрынғы ұлттық тәртібіне сәйкес ұйым ӛзінің қаржы
есептемесін ұсынған соңғы кезеңнің аяғы.
2.Дәл сол кезеңде ХҚЕС-на сәйкес, сондай-ақ соңғы кезеңдегі пайда мен
залалды есепке алудың бұрынғы ұлттық ережелеріне сәйкес ұсынылған
пайда мен залалды салыстыру.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.ҚР –ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме» туралы 2007 жылғы
ақпан айының 28 жұлдызындағы Заңы. № 234-III
2.Э.О.Нурпейсов, Д.Э.Нурпейсов МСФО в Казахстане принципы перехода и
применения. LEM, Алматы,2006г.
3.Э.О.Нурпейсов «Бухгалтерский учет в организациях», Алматы, 2007
4.2-ҰҚЕС.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
224
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Қазақстан Республикасындағы қаржы есептемесінің халықаралық
стандартына кӛшуі мен оны қщлдану жолдары қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются вопросы перехода и применения международного
стандарта финансовой отчетности в Республике Казахстан.
УДК 330.190.2
Т.89
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Турунтаев А.А.-оқытушы, Асылханқызы А.-ізденуші. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Кәсіпкерлік туралы ойлар ертеден бастау алады. Мысалы, кәсіпкерлік Рим
құқығында іс, қызмет, әсіресе коммерңиялық іс түрінде карастырылады.
Кәсіпкерлікті шынайы қабылдап, қызыққандардың бірі А.Смит деп саналады.
Бірақ оған дейін 10 жыл бүрын осы мәселелермен Р. Кантильон да айналысқан
болатын. Кәсіпкерлікті ғылыми зерттеуде В. Зомбарт, Ж.Пилевский Л, Мизес,
Ф.Хайектің және И Шумпетерлердің еңбектерін атап ӛтуге болады.
В.И. Даль кәсіпкерлік туралы ең қарапайым әрі кең мағыналы түсінік
береді. Оның жазуынша «кәсіпкер» түсінігі «жана істі ойлап табу, жаңа істі іске
асыру шешімі, мәнді бір істі жүзеге асыруға ұмтылу» дегенді білдіреді: осыдан
шығатыны «кәсіпкер» - «іске асырушы».
Кәсіпкерлік анықтамалары:
-
максималды пайда табуға бағытгалған қызмет;
-
тауар ӛндіру мен қызмет кӛрсетудің нәтижесі пайда болатын кәсіпкерлердің
инциативалық қызметі;
-
ұйымдастырушылық инновация үрдісі;
-
жекеменшікті ӛткізудің тікелей функциясы;
-
капиталды ӛсіру мен ӛндірісті дамьггуға бағытгалған іс-әрекеттер;
-
кәсіпорын мен қоғам ӛміріндегі болатын ӛзгерістерді іздеу мен осы
ӛзгерістерді әрдайым іске асырып отыруға бағытталған қызметтің арнайы бір
түрі;
-
шаруашылық жүргізу стильі;
-
нарық жағдайында қызмеггі ұйымдастырып, іске асыру үрдісі;
-
нарық субъектілерінің озара катынастары және т.б.
Осылайша, кәсіпкерлік - бұл шаруашылык қызметтің ерекше бір түрі,
нарық тепе-теңдігінің бұзылуы арқылы бәсекелестік артықшылықтарды жеңіп
алуға бағытталған, нарықтық алмастыру жолымен қоғам мүшелерінің нақты
қажеттіліктеріне қарай қоғам сүранысын қанағаттандыру.
Кәсіпкерлік ерекшелігі шаруашылық болмыстағы операциялардың үзіліссіз,
кезекпен ауыспалы түрде іске асырылуымен айқындалады. Қабылданған ӛндіріс
үрдісінің күрылымына сәйкес 4 маңызды кәсіпкерлік саласы бар, олар:
ӛндірістік, коммерңиялық, каржылық және тұтыну саласы. Кәсіпкерлік мазмүны,
онын орындалу шегі кәсіпкерлік қызмсттің формаларымен және түрлерімен
тығыз байланысты.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
225
Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке
ғана жүктемейді. Ӛтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің
бірі кәсіпкерлік құрылымдарды құру. Оларды біз масштабы бойынша шартты
түрде - шағын, орташа және ірі кәсіпкерліктерге бӛлеміз.
Кәсіпкерлікті құрудың ӛзекті мәселесі мемлекеттік меншікті иемденуден алу
жекешелендіру т. б. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана
қоймайды. Сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады.
Сондықтан да республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы
маңызды міндеттердің бірі - шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар
экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың
сұранысына жедел әрекет етеді. Шағын кәсіпорындарды азаматтар, мемлекеттік,
ұжымдар, біріккен кәсіпорындар, шаруашылық ассоциациялары,мемлекеттік
органдар құрады. Шағын кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден ӛткен күннен бастап
занды тұлға статусына ие болады. Кәсіпорын шаруашылык қызметін жүргізуде,
шығарған ӛнімге, міндетті тӛлемдерді тӛленгеннен кейінгі қалған пайдаға тәуелсіз
иелік етеді. Қазакстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты
әлеуметтік проблема, ол халықтын ӛмірін жақсарту проблемасын шешуге
бағытталған. Ол үшін экономиканы «тұтынушыға қызмет ету» режиміне
ауыстыру кажет. Әлемдік тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа
экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі
белгілері: батыл инициатива, толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық
коньюнктурасын бақылау мен қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен
инвестициялау мәселелерін талдау.
Қазіргі таңда республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына
кажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды
қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалған.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау
кӛрсету мәселелеріне айрықша кӛңіл бӛлуде,
оның «Шағын кәсіпкерлікті
дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жӛніндегі
шаралар туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқьқтық
және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды
шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл
мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде
қарастырып отыр.Оның бірден – бір айғағы ӛткен жылы шағын кәсіпкерлікке
жағдай жасау мақсатында мароторий жариялануын атап айтуға болады. Шағын
бизнесті дамыту мемлекеттік маңызы бар, күрделі іс болып саналады. Бұл арада
халықпен тығыз байланыс жасамай, онын қолдануына сүйенбей ілгері басу
мүмкін емес. Жеке және шағын бизнестің дамуына заңдық база жасалуы керек.
Барлық кәсіби дамыған елдерде кіші кәсіпкерлікке үкімет қолдауы кӛрсетіледі.
Кәсіпкерлікке Мемлекет тарапынан қолдау кӛрсетілмейтін елдерде кӛбінесе кӛше
кәсіпкерлігі дамыған.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік кӛптеген түрде
дамуда. Мемлекеттік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын кәсіпкерлікті мемлекет
тарапынан қолдау түрі кең ауқымды жүріп жатыр.
Нарықтың әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және кӛптеген елдердегі
шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта ӛркендеуі, экрномиканың осы сферасының
шаруашылық жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау ұлттық
экономикадағы ролі мен орнын анықтауда қызығушылық туғызады.
Халықаралық банктің мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу кӛрсеткіштерінің саны 50– ден асады. Соның
ішінде кӛп қолданылатыны – жұмыс істейтіндердің орташа саны, жылдық
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
226
айналым, активтер шамасы. Бірақ барлық дамыған елдерде негізгі кӛрсеткіш
ретінде жұмыс істейтіндер саны алынады.
Құрамына экономикасы жоғары дамыған елдер кіретін халықаралық
экономикалық байланыс және даму ұйымы (ОЭСР) саны 19 – ға дейін – «ӛте
шағын», 99 – ға дейін – «шағын» ретінде, 100 ден 499 адамға дейін – «орташа»
және 500 – ден аса – «ірі» деп кәсіпорындарды анықтайды.
Қазақстан Республикасының «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы» Заңына сәйкес Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар
және қызметкерлернің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын активтердің
жалпы саны алпыс мың еселенген есептік кӛрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік
субъектілері болып табылады. Яғни шағын кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий
бойынша анықталады: жұмыскерлердің орташа саны және активтердің жалпы
құны.
Шағын
кәсіпкерлік
субъектілері
шаруашылық
кешеннің
барлық
салаларында және республика ӛңірлерінде құрылып, қызмет етеді. Олардың
кӛпшілігі тұтынатын әр түрлі тауарларды ӛндірумен айналысады, қызметтердің
кең спекторын кӛрсетеді, сауда делдалдық, коммерциялық, және қаржылық
қызметпен айналысады.
Нарықтық жағдайда шағын кәсіпкерліктің орны зор. Қазіргі кезде ірі
компаниялардан шағын кәсіпкерлік жетекшілігіне ауысу тенденциясы
қарастырылуда. Негізінен 3 тенденция байқалуда:
1)
Компъютерлер мен электронды техникалық енгізілуі шағын кәсіпорындарға
ірі кәсіпорын секілді жұмыс жасауға мүмкіндік берді;
2)
Қызметкерлердің кӛбі ірі фирмаларды тастап, ӛз кәсіптерін, қызметтерін
ашуда;
3)
Шағын кәсіпкерлікте әйелдердің үлкен ағымы.
Әлемдік тәжірибе кӛрсеткендей, шағын кәсіпкерлік әр елдің, соның ішінде
дамыған елдердің экономикасында да елеулі роль атқарады. Себебі оған тән
артықшылықтар бар:
-
шаруашылықтың жергілікті жағдайларына тез бейімделу;
-
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің істі жүргізу тәуелсіздігі;
-
шешімдер қабылдауда және оларды шешудегі иілімділік пен оперативтілік;
-
қызметін іске асыруда шығындардың жоғары болмауы, әсіресе басқаруға
жіберілген шығындар;
-
ӛзінің идеяларын іске асырудағы, қабілеттілігін кӛрсетудегі жеке адам
үшін үлкен мүмкіндіктің бар болуы;
-
алғашқы капиталға тӛмен қажеттілік және жергілікті нарық талаптарына
сай ӛнімне және ӛндіріс процесінге тез ӛзгеріс енгізу қабілеттілігі;
-
меншік капиталының жоғары айналымдылығы.
Сонымен, Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында былай деп
берілген: шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындарға қарағанда әлдеқайда кӛбірек
бәсекелестік артықшылықтарды иеленеді, 1 жұмыскерге есептегенде аз капитал
салымдарын қажет етеді, жергілікті материалды және еңбек ресурстарын кең
қолданады.
Шағын кәсіпорындар иелері қор жинауға және инвестицияға бейім болып
келеді, оларға табыстарға жетуде үнемі жеке ынталандыру, басқаша айтқанда,
жеке мотивация жоғары деңгейде болады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері
жергілікті нарықтағы сұраныс деңгейін жақсы біледі, тұтынушылардың белгілі
тобының тапсырыстары бойынша тауарлар ӛндіру жиі кездеседі, жалдамалы
қызметкерлердің санының жоғары болуына мүмкіндік береді. Ең бастысы, шағын
кәсіпкерліктің қызметіне инновациялық бағыт тән. Антибиотиктер, инсуллин,
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.
227
пестицидтер, тік ұшақтар, кондиционерлер, оттегі конвенторлары, целлофан,
микрокомпъютерлер тәрізді маңызды жаңалықтарды бірінші болып шағын
фирмалар дайындады және игерді.
Яғни шағын кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық
экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген
қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін қауіппен және
тәуеклділікпен жанасатын, табыс алу мақсатында ӛндіріс факторларын
қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің ӛндіріс пен басқару процесіне және
қатысуын талап ететін, ӛзін - ӛзі ұйымдастыру және ӛзін - ӛзі жаңарту процесі.
Шағын кәсіпкерліктің рӛлі туралы айтатын болсақ, шет ел тәжірибесіне
сүйене отырып, шағын кәсіпкерлік дамуы келесі мәселелерді сәтті шешудің
маңызды факторы болып табылады:
-
тұрғындардың тауарға (жұмысқа, қызметке) деген қажеттілігін жақсы
қамтамасыз етілуіне әсерін тигізетін бәсекелестік ӛркениетті нарықтық
қатынастар құру;
-
ассортиментті кеңейту мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасын кӛтеру.
Тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруға талпына отырып, шағын
кәсіпкерлік тауарлар сапасының және қызмет кӛрсету мәдениетінің
кӛтерілуіне септігін тигізеді;
-
тауарлар ӛндіру мен қызмет кӛрсетудің нақты тұтынушыларға жақындауы;
-
экономиканың құрылымдық қайта құрылуына себеп болу, шағын кәсіпкерлік
экономикаға иілімділік, мобильдік, моневрлік сипат береді;
-
ӛндірісті дамытуға тұрғындардың ӛз қаржысын тарту, шағын кәсіпорындарда
сыбайластар ірі компанияларға қарағанда іске үлкен қызығушылықпен
салады;
-
қосымша жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту;
-
ірі ӛндіріс белгілі шектеулер қоятын тұрғындардың бӛлек топтарын, атап
айтқанда зейнеткерлерді, мүгедектер, оқып жүргендер, үйде отырған
әйелдерді еңбекке жұмылдыру;
-
ғылыми – техникалық прогресті жетілдіру;
-
жергілікті шикізат кӛздері мен ірі ӛндіріс қалдықтарын игеру және пайдалану;
-
ірі кәсіпорындар қызметіне жабдықтаушы ұйымдар, остнаскалар шығару
мен қосымша және қызмет кӛрсететін ӛндірістер құруға кӛмектесу;
-
мемлекетті рентабельділігі тӛмен және шығынды кәсіпорындардан олрды
жалға алу мен сатып алу есебімен бастау.
Шағын кәсіпкерліктің осы және тағы басқа экономикалық, әлеуметтік
функциялары оның дамуын мемлекеттің маңызды мәселелері қатарына қояды.
Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар дамып, экономикадағы позицияларды
жеңіп алуда, ірі бизнестің серіктері болды. Бұл инновациялық ұғым – кластерге
тән. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын
қолдау мен ынталандыруда.
Экономикасы дамыған және дамушы елдерде шағын кәсіпкерлік ең
алдымен экономиканың маңызды сфераларының бірі, ал қоғамда ӛтетін барлық
процестермен кешенді дамуы, орташа және ірі кәсіпкерлікпен тығыз байланысты.
Берілген елдер Үкіметі, әр түрлі формаларда және түрлерде кӛрінетін, шағын
кәсіпкерліктің дамуына белсенді қолдау кӛрсетеді.
Елде отандық кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін инновациялық қызметті
енгізу мен, ӛнім экспортымен байланысты. ШКС жеңілдетілген несиелеу сияқты
қолдау түрін әрі қарай дамыту және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін
құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті, субмердігерлік және лизингті
белсенді қолдау үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде
шағын кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рольді атқара бастайды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (4), 2009.
228
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Томпиев М.К.‖Малое предпринимательства и ее проблемы‖ Алматы, 2003г.
2.
Ваксян И.М. ―Эффективные методы и приемы налогового контроля в
отношении малых предприятий‖. Налоговый эксперт, №1 2002 г.
3.
Туржанов. С. О состоянии малого бизнеса г.Алматы и некоторых проблемах
развития малого предпринимательства/ Вестник пердпринимателя, 2007г. №1
ст.5-10
Достарыңызбен бөлісу: |