29
шамасы, физиологиялық жүйелердің өзгеріссіз белсенділік пен
өзара реакция
деңгейінің тиянақтылығы, дене жəне ой еңбегіне
жұмысқа қабілеттілігінің толық қайта жасалуы, олардың қосымша
факторларға төзімділігі, хронология ауытқуларына орнықтылығы,
организмнің иммундық
белсенділігін қалпына келтіру, ұрпақ
жаңғырту қасиеттері жатады.
Күнделікті тіршілік жағдайларында, дене жүктемелерінің əсер
етуі кезінде организм мүшелері мен ұлпаларында үнемі қоректік
заттар
мен су тапшылығы, оттегі жетіспеушілігі, температуралық
ауытқулар, газдардың парциалдық қысымының өзгерістері
байқалады. Осы өзгерістер жəне оларды реттеуші жүйелер қалыпты
физиологиялық механизмдер арқылы
организмнің бейімделуінің
негізін жасайды. Жоғарыдағы мəліметтер мен əртүрлі жағдайларға
бейімделу мəселелері Х. Қ. Сəтпаева (1995) еңбегінде толығымен
баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: