299
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
мәдениеті мен рухани байлықтарының артуына жағдай жасап,
мазмұнын байыта түсетіндігі сөзсіз.
Қоғам өмiрiнiң негiзi адамдардың тiршiлiк ортасы және
қайнар көзi болып табылатын қоршаған табиғатқа бағытталған
материалдық-өзгертушiлiк қызметi болып табылады. Адамның
табиғатты түрлендiруi объективтi шындықтың заңдары бойын-
ша жүзеге асырылады. Адамның сыртқы дүниемен өзара қарым-
қатынасқа түсуiне түрткi болатын, оның қызметiнiң қозғаушысы
болатын нәрсе – адам мұқтаждылығы. Адамның табиғатты
өзгертуге ұмтылуының себебi оның қажетті мұқтаждарына ай-
нала қоршаған ортаның табиғи жағдайының сәйкес келмеуiнен
болады. Сондықтан адам табиғатпен материалдық бiрлiкте бо-
лумен бiрге, мақсатты еңбек процесiнде оны реттеп, бақылап,
алыс-берiс жасап тұрады.
Техникалық құралдарды жасаушы өнер иесіне тән қасиеттер
қажетті мүмкіндіктерді алдын-ала көре білу мен сұңғылалық
пен есептеуден туындайтын пайымдауға, аңғарымпаздыққа,
ептілікке негізделген. Ептілік – техникалық тұрғыда туын-
дату мен өсуге мүмкіндік беруде емес, оның жасай алуы мен
икемділігіне, шеберлігіне адам ақыл ойының «айлакерлігіне»
негізделген. Бұл өз ретінде табиғи күштерді табиғаттың өзіне
қарсы қолдана отырып, табиғи заңдылықтар арқылы табиғатты
бағындыруға жетелейді, ал осы басымдылық түптеп келгенде
білімге негізделген.
Неміс зерттеушісі экзистенциализмнің өкілі К. Ясперстің ай-
туынша, «білім дегеніміз – билік» деуге болады [1]. Табиғатқа
билік жүргізу адамның қандай мақсатқа қол жеткізуге, айтайық,
тіршілік тауқыметін жеңілдету, күнделікті өмірге қажетті іс-
әрекет ауқымын азайту, бос уақыт пен қолайлы өмір сүру
деңгейін арттыруға талпынған кезінде ғана жағымды мәнге ие
болады. Адам тіршілігі барынша ашық, абсолютті динамикаға
толы. Тіршілік ету – потенция, ол мүмкіндік. Болашақ –
тіршілікке ұмтылатын бақыт. Ендеше, адам өмірі – оның
иелігіндегі және оның өміріне мән беретін нәрселерінде, адам
«рационалды тіршілік иесі», жаңалық ашу және жүзеге асы-
ру үстіндегі динамикалық процестің иесі. Экзистенциализм
философиясының өкілі М. Хайдеггер білім мәселесін қарастыр-
I Қазақстандық философиялық Конгресс
300
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ғанда, адамның нақты болмысының жағдайын сипаттаудан
туындайтындығын ескеріп, әңгімені идеядан емес, адамның
нақты жағдайынан, оның тіршілігінен бастау қажет деп есептейді
[2]. Техниканың түпкі мәні – адамды табиғат билігінен азат ету, ал
мақсаты – адамды табиғи апаттардан басқа да толып жатқан үрей
мен қатерден құтқару болып табылды. Еңбек құралдарын жасау,
жетілдіре түсу мәселесі адамның өзін қоршаған ортаны танып,
шекарасын үнемі кеңейте беру идеясына бағынып, нәтижесінде
жасалған техникалық құралдар қажеттілікті өтеп қана қоймай,
оны сыртқы ортамен біте қайнасқан үйлесім, әсемдікті сезінген
күйді де туғызады. Бұл өзінің шынайы келбетін, өз болмы-
сын, сыртқы ортаны, сыртқы әлемді қаншалықты кеңейте тани
алғандығын айғақтайды. Сөйтіп, К. Дессауэр айтқандай, тех-
ника тек қана алға қойған мақсатқа жетіп, құрал жасаумен ғана
шектеліп қалмай, нәтижесін бастапқыда ешкім толыққанды
сезіне де қоймаған соны жаңалықтар ашуға себепші болады.
Сондықтан, техникалық жаңалық ашуға алып келетін әрекеттер
мен ізденістер алға шығып, әр қоғамның сұранысына сай жаңа
еңбек құралдары жасалады немесе жетілдірілетін болады.
Америкалық прагматизм идеясының өкілі Дж. Дьюи ғылыми-
практикалық тәжірибені «жоғары технологиялардың» ғылыми
әдістерін пайдаланудың және оны жетілдірудің өзекті құралы
деп санады. Оның пікірінше, әдіс – білім алудың және игерілген
білімнің адам өміріне қажетінің тәртібі, ал міндеттері адамның
көздеген мақсатына төте әрі дұрыс жолмен жетуге жағдай жасау
[3]. Демек, ғылыми әдіс – адам әрекетінің табысты болуының,
мақсатқа жетуінің құралы. Сонымен қоса, ол ғылыми әдістің
әрекеті мен шешу жолдарын, онда болуға тиіс белгілер мен
қойылатын талаптарды айқындайды. Дж. Дьюи қоғам мәселесі
және мораль туралы ілімнің негізгі қағидаларын талдай келіп,
адамзат атаулыда мақсаттар мен игіліктер плюрализмінің
барлығын ескеріп, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықты жеңу
үшін білім беру мен мәдениетті үйретуде ғылыми-практикалық
әдістерді, тәжірибені түрлендіре жетілдіріп, жоғарғы техника-
лар мен жаңа өндірістік технологияны ретті қолдануға мән беру
керектігін ескертеді және қоғамға әлеуметтік реконструкция жа-
сауды ұсынды.
I Казахстанский философский Конгресс
301
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
Неміс философы, профессор Ф. Рапптың жазуы бойын-
ша, батыс еуропалық ғылымда инженердің техникалық ой-
лау ерекшелігінің теориялық бағыттылығына мән береді
[4]. Ойлаудың бұл түрі – математиканың және жаратылы-
стану ғылымдарының жетістіктерін бірге қолдана отырып,
экономикалық процестердің тиімділігін арттыратын Еуропадан
әлемнің бүкіл елдеріне тараған қазіргі заманғы жаңа техни-
ка үлгілерін мүмкін етті. Сонымен қоса, мұнда бұрын тежел-
ген теориялық рефлекцияның белсенді тәжірибелік іс-әрекет
алдындағы беделдігі де сақталады. Сондықтан, теориялық
ұғынудан пайда болған техника және технология олардың
практикалық құндылығы таным пәніне жататын боп шығады.
Кең мағынада айтар болсақ, Батыс Еуропа философиялық
дәстүрінің рухымен туындаған – қазіргі заманғы техника және
технологияның дамуы адамға, қоғамға әсер етудің шынайы күші
философиялық зерттеулердің негізделген позетивті бағытына
айналып отыр.
Ал, техниканың мәні, техника философиясының ең көрнекті
өкілі М. Хайдеггер айтқандай, тек қана техниканың өзімен
ғана байланысты емес, сонымен бірге адамның табиғатқа де-
ген қатынасымен және жасаған техникасының адамдарға
әртүрлі (жағымды, жағымсыз) әсерімен тығыз байланы-
сты [5]. Техниканың мәні мен оның әрі қарай дамуы туралы
әртүрлі және қарама-қарсы көзқарастарды талдау кезінде, бір
жағынан, техниканың практикалық қызметінің әртүрлі жақтары
ғылыммен, инженерлік қызметпен, құрастыра жобалаумен,
мәдениет дәстүрлерімен, идеялогиямен, адам құндылықтарымен,
өмір салтымен байланысты анықталынатындығы байқалады.
Сондықтан, бұған жан-жақты кең ауқымды зерттеулер керек,
яғни техникалық және ғылыми ойлау дамуының белестерін
нақты анықтап, ақырғы мақсат пен қоғамның құндылықтарын
толық ескеруді қажет етеді.
Елiмiздi дамыту үшін, ғылыми-техникалық прогрестiң
шешушi салаларында ең алғы шепке шығу үшін информатика
мен есептеу техникасын, халық шаруашылығын электрлендiру
мен роботтандыру, роторлы және роторлы-конвейрлiк желiлердi,
бионанотехнологияны, ғаламтор интернетті, осы заманғы
I Қазақстандық философиялық Конгресс
302
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ғылым мен техниканың басқа да бiрқатар жетiстiктерiн бiрге
қолдану қажеттiлiгi туындады. Техниканы алдағы уақытта да-
мыту, бұрынғы және қазiргi кездегiдей, индустриалды қоғам
дамуының заңдарымен анықталатын болады. Адамзат қоғамы
жүйесiнде қызмет атқаратын техниканың бионика, психология
заңдарының iске асып, сондай-ақ ЭЕМ-мен, компьютермен, жаңа
медициналық әр түрлi автоматты құрылғылармен жабдықталған
соңғы «адам-машина» жүйелерiн одан әрi жетiлдiре түсетiнi
сөзсiз. Өзiн-өзi басқарып, ұйымдастыра алатын техникалардың
пайда болуы, синэнергетика ілімінің іске асуымен бірге адамзат
қызметi және жеке алғанда жалпы ғылыми нәтижелер сапалылық
жағынан өз дамуының жаңа белесiне өрлейдi деп күтілуде.
Техникалық білімнің пәні табиғилықтан жасандылыққа,
әлеуметтілікке өту процесінде қалыптасып, адамның белсенді
іс-әрекетінде әрі қарай дамып, оның мұқтаж-мүдделеріне
қызмет ететін қондырғылар жиынтығын құрайды. Техникалық
объектілерге сондықтан да екі жақты сипат, жасандылық пен
табиғилықтың бірлігі тән болады. Қорыта айтқанда, ғылыми-
техникалық таным өз объектісі, пәні, зерттеу әдістері, даму
заңдылықтары бар, мәдени-әлеуметтік маңызы зор адам
танымының салыстырмалы дербес бір саласы екендігі, оны
философиялық ой елегінен өткізгенде диалектикалық логика
принциптеріне сүйеніп, техниканы, ғылыми-техникалық таным-
ды мәдени-әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру қажеттілігі
айқындала түседі.
Әдебиеттер
1 Ясперс К. Современная техника // Новая технократическая волна
на Западе. – М.: Прогресс, 1986. – С. 119–146.
2 Хайдеггер М. Вопрос о технике // Новая технократическая волна
на Западе. – М.: Прогресс, 1986. – С. 45–66.
3 Печчеи А. Человеческие качества. – М.: Прогресс, 1980. – С. 63.
4 Рапп Ф. Многоаспектность современной техники // Вопросы фи-
лософии . – 1999. – № 2. – С. 163–166.
5 Хайдеггер М. Что такое философия // Вопросы философии. – 1993.
– № 8. – С. 118.
I Казахстанский философский Конгресс
303
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
ТЕХНОГЕНДІК ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТ
Өмірбек БЕКЕЖАН,
Сағынгерей АЙМҰРАТОВ (Атырау)
Елімізде техниканың пайда болуы кенже қалған құбылыс
ретінде саналғанымен, бізде көшпелі мәдениет жағдайында
туған өз технологиямыз болғаны тарихи шындық. Әрине, оны
қазіргі заманауи техникамен салыстыру мүмкін емес. Ол кезге
тән нәрсе таза шаруашылық технологиясының өзі де әлдебір
наным элементінсіз «жұмыс істемейтін». Қазақ мәдениетіндегі
ұсталықпен, жалпы құралдармен байланысты дүниетанымның,
наным-сенімнің ерекшелігі туралы көп жазылып жүргені де
осының куәсі деуге болады. Осы айтылып отырған мәселе аста-
рында Қазақстандық зерттеуші З. Сәрсенбаева былай дейді:
«Дәстүрлі және ғылымға негізделген технологияларды айыруға
болады. Дәстүрлі технологияларға сол қоғам тұрғысынан ба-
рынша рационалды әрі тиімді ритуалдармен орныққан және
мирасқорлықпен беріліп отыратын табиғи ортаға ықпал ету
әдістері мен жолдары және алдын ала берілген нәтижені
алуға арналған материалдардың жиынтығы жатады Ғылымға
негізделген технологиялар дәстүрлі-өндірістік, несиелік-
қаржылық және ғылыми-практикалық қызметтердің синтезі бо-
лып табылады» [1, 141 б].
Қазақтар көшпелі мәдениеттің өкілдері әрі мирасқоры
болғандықтан оның дәстүрлі техникасы мен технология-
сы көшпелі жағдайда өмір сүрумен және дәстүрлі көшпелі
шаруашылық түрімен тығыз байланысты. Себебі әрі қыста суық,
боранды жазда аптап ыстық жағдайындағы континентальдық
климатта өмір сүрген қазақтарға отырықшылардан мүлдем
өзгеше технологияларды ойлап табуға, оны ұрпақтан ұрпаққа
беруге, сақтап қалуға тура келді. Дәстүрлі технология кітәби,
жазбаша жолмен емес, ұрпақтан ұрпаққа тікелей беру арқылы
мирасқорлық үлгісімен сабақтастық тауып отырды. Қазақ
дәстүрлі көшпелі мәдениетіндегі технологияларды бірнеше
бағытқа айырып қарауға болады. Олар: көшіп жүруге бейімделген
I Қазақстандық философиялық Конгресс
304
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
үй-киіз үйді жасау және құру, киіз басу технологиясы, көшпелі
өмір салтымен байланысты тамақты бұзылмайтын етіп сақтау
үшін өңдеу, алып жүру, пісіру технологиясы, ат ер-тұрмандарын
соның ішінде қайыстарды дайындау, ағаш өңдеу технологи-
ясы, құдық (әсіресе шыңырау) қазу және шегендеу жолдары,
жоғарыда айтылып өткен ұсталық технологиясы, көрік ұстау
және көрік басу, музыка аспаптарын жасау және аңшылық, бүркіт
ұстау, жалпы саятшылдық технологиялары болды. Көшпелі
үшін ең бастысы әрине, мал, сондықтан мал бағу, табиғат
құбылыстарын білу, малды күтудің де өзіндік күрделі, ғасырлар
бойы қалыптасқан технологиясы болғаны сөзсіз. Сонымен қатар
магияның, шамандықтың, бақсылықтың, сынық салудың өзіне
тән қазақы технологиялары болғанын да ешкім жоққа шығара
алмас деп ойлаймыз. Қазақ оның бәрін «өнер» деп атады.
Қазақтарда «homo faber» ұлт тіршілігін анықтаушы қасиет
болған жоқ, бірақ «homo symbolicus, home ludens» қасиеттері
мәдениетте зор рөл атқарды. Қазір өкінішке орай біз экономика
адамы, құрал жасаушы адам қасиеттерін толықтай игерудеміз.
Шамасы мәдени-әлеуметтік кеңістікте заттың көбеюі рухани
дүниенің азаюына әкелетін сияқты. Шығыстық ой дағдысын
қатты сақтайтын Ф. Гүленнің айтуынша «Өркениетті тек табиғат
ғылымдары мен түрлі жаратылыстану саласында көш ілгері
кету, кеме, пойыз, ұшақ сияқты заманауи мүмкіндіктерге ие
болу, кең даңғылдар мен зәулім үйлерде өмір сүруден тұрады
деп ойламау керек. Иманды және тура адамдар үшін өркениеттің
кейбір себептері ғана болып табылатын ғылыми – техникалық
жетістіктерді өркениеттің нағыз өзі деп ойлау – алдану мен
адасудың нақ өзі» [2, 43 б].
Қазақтар әрине, кеңес үкіметінің ұжымдық жоспарлы еңбек
дәстүрін игерді, бірақ дүниеге сезімдік қабылдаушылық қасиет
қалды, адами-рухан дүние кешу мен пессимистік психология
сақталды. Тек жаңа, нарықтық экономикалық қатынасқа көшу
ғана халықты сілкіндірді, нарықтық психология ұлт бойындағы
кейбір жағымсыз қасиеттер оянуына, ал ұлттық дәстүрдің
материалдық тұрғыдан шектен шығар сипат алуына әкелді. Өз
өмірлерінде бұрын-соңды болмаған материалдық игіліктердің
кенеттен молынан пайда болуы, оларды алу үшін қаражат табуға
I Казахстанский философский Конгресс
305
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
мүмкіндік пайда болуы халықта белгілі бір жағдайда ашкөздікті,
материалдыққа бас ұруды туғызды. Бұрынғы әр нәрсе қастерлі,
құнды, жанұялық реликвия сияқты болса, қазір олар тек зат
қана. Олардың дәстүрлі фетиштік қасиеті жойылды. Бұл орта
сондықтан жаңа ұрпақтың ортасы.
Кітәби мәдениетте тәрбиеленген ұрпақ жаңа үрдістерге
қиналып бейімделуде болса, жаңа ұрпақ оның бәрін тез
қабылдауда және дәстүрді бұза отырып үлкендер жастардан
үйренуге мәжбүр.Ұялы телефон, компьютер, интернет, күрделі
ойындар, жаңа ұғымдар, сленг, символика осының бәрі ұлттық
мәдениет өкілі балалардың ғаламдық бұқаралық мәдениетке
көбірек бейімдігін дәлелдеуші фактілер. Бүгінгі жас ұрпақ
қазақстанның жоғары технологиялық елге айналуының негізі
болып табылады, бұлар оқушыдан көрушіге айналған ұрпақ,
өкінішке орай техникалық жетістікті моралдық құндылықтан
жоғары қоюда олардың өмірлік ұстанымына айналып кету қаупі
жоқ емес. Қазақ баласының соңғы жүз жылдықтағы тағдырына
жазған нәрсе біресе адамгершіліктен саяси идеология жоғары
болып шығады болмаса компьютер мен жоғарғы технология
адамгершілік нормаларынан да жоғары болып шығады.
Қазақ мәдениетін зерттеуші Б. Сатершиновтың өткір айтқан
мынандай пікірімен келіспеу мүмкін емес: «өркениеттік қауым-
дастыққа ену» деген лозунгінің астында электронды технокра-
тизм әсерінен мәңгүрттену үрдісі онан әрі қарай күшейе түсуде»
[3, 71 б.]. Оған қосымша ретінде мәдениет пен өркениеттің
қайшылығы қазіргі қазақ өмірінде анық көрініп жатқанын айту
керек, сондықтан өркениет мәселесін зерттеуші ғалымның мына
пікірін келтіре кеткен жөн сияқты. «... бір халық өмірінің барлық
жақтарын өзіне сіңіріп алатын өркениет, әрқашан техногендік
сипатта болады. Ал мәдениет болса, көбіне ұлттық мәселелерді
тереңінен қарастырады. Өркениетті өзінің құндылықтарын
өндіретін адам ғана қызықтырады, ал бұл дегеніңіз байлықты
көбейтуге немесе қорландыруға мүмкіндігі бар жоғары біліктілік.
Мәдениет адамның ішкі, тұлғалық, өзіндік сапаларын дамыта-
ды, ол адамның талғамын және жақсы қасиеттерін көрсетеді.
Мәдениеттің мақсаты – адамның рухани шарықтауы. Мәдени
процесс кезінде құндылықтардың сабақтастық жүйесі бұзылмай,
I Қазақстандық философиялық Конгресс
306
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
тұтас күйінде сақталса, өркениеттік кезеңде бұл ереже орындал-
майды» [4, 54 б].
Екі автордың ойын түйіндесек баяғы О. Шпенглерден бастау
алған өркениеттің жағымсыз сипаттарының қазақ мәдениетінің
қазіргі жай-күйінде көрініс тауып жатқанына куә боламыз. Сол
себептен болар өркениеттік деңгейге жеткен, ойлау өрісі басқаша
адамдар тобы ұлттық – мәдени құндылықтарға үрке немесе
ашық нигилизммен қарайды, бұл да заман туғызған шындық
және Б. Сатершинов байқаған мәңгүрттіктің анық дәлелі. Ұлт
тұрғысынан қарасақ ең бірінші факт техника – ұлттан тыс, бөлек
тұрған феномен. Сондықтан ол үшін ұлт деген құбылыс рөл
атқармайды. Бұл жалпы адамзаттық процесс, бірақ жоғарыда
қарастырғанымыздай ұлт оған бір жақты қарамайды, ең болмаса
алғашқы тарау кезінде оны қабылдау тұрғысынан сұрақтар туып
отырады. Оған әртүрлі антитехникалық, алармистік көзқарастар
куә.
Ұлт техниканың арқасында даму мүмкіншілігін алады, ол
техникалық жетістіктерді ұтымды қолдана алған жағдайда
өзінің әлемдік қоғамдастықта орнын алуына тетік табады. Со-
нымен қатар ұлт өкілі этно-мәдени кеңістіктен шығып кету,
әлдебір космополиттену қауіпі де туады. «Бүгінгі ғылым-
біліммен және техногендік мәдениеттің жетістіктерімен өрістеу
кезіндегі өскелең ұрпақтың жүректеріне аз да болса махаббат
(Жаратушыға) отын сыйламаса, олар тән құмарынан ары аса ал-
май, әрдайым кемелдіктен кенде қалады» [2, 69 б.]. Өкінішке орай
қазіргі бұқаралық мәдениетті жайлап алған анайы құмарлықты
уағыздайтын фильмдер, шоу-бағдарламалар, интернет-сайттар
ұлтқа төнген осы қауіпті ұлғайта түседі.
Еуропалық гуманизм ұлт мүддесіне назар аудармайды, ол
үшін әрбір ұлт өкілінің мүддесі жоғары. А. Печчеи өзінің белгілі
кітабында осы туралы айтады, ол жаһандану үрдісінің кең жайы-
лып келе жатқаны туралы алғашқылардың бірі болып айта оты-
рып, адамзаттың болашағы біртұтас жаһандық қоғамда деп санай-
ды, осыған байланысты дүниеде белең алып бара жатқан ұлттық
мемлекеттердің тәуелсіздік алу (ол ұлттық мемлекеттердің
суверендігі қағидасы деген ұғым қолданады) процесі тоқтау
қажет екенін айта келіп аймақтық, субаймақтық және аймақтық
I Казахстанский философский Конгресс
307
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
одақтар мен коалициялар құрудың арықшылығына назар ауда-
рады. Әлемдік көкейтесті мәселелерді тек бірлесіп және ұлттық
мүддеден жалпыадамзаттық мүддені жоғары қойғанда ғана ше-
шуге болады. Печеи техникалық революцияны тізгіндеу үшін
адамның өзі, оның сапасы өзгеру қажет екенін алға тартып
бірнеше қағиданы іске асыруды ұсынады: негізгі мәні тұтас жеке
адам болатын жаңа гуманизм, әлемнің бірлігі және адамзаттың
тұтастығы, ұлттық мемлекеттің суверендігі (егемендігі)
қағидасынан бас тарту, ұлттық және аймақтық ұзақ мерзімді жо-
спарларды әлемдік контексте қарау [5, 12 б].
Осыған ұқсас өзіндік ойды атақты Ф. Фукуяма да айтады.
Оның тұжырымдауынша либерализмнің жеңісімен әлемдегі ірі
тартыстар аяқталады, ол «посттарихи» деп атайтын әлемде тек
ірі либералдық елдердің билігі болады. Ұлттық жанжалдарға не-
месе басқа идеологияларға орын болмайды. Себебі оларда ли-
берализмнен басқа балама жолдың өзі шектеледі. Адамзаттың
дамуы тек ол ұсынып отырған бағытпен байланысты екен. Ал ол
жол-батыстық либеральдық капитализм ұстанатын бағыт. Оның
теориясында ұлттарға, ұлттық мемлекеттерге деген салқындық,
көзге ілмеушілік байқалады. Жаһандану жағдайындағы ұлттық
егемендік мәселесін зерттеген А. Захаров мынандай пікір
білдіреді: «Жаһандану дәстүрлі мағынасындағы ұлттық еге-
мендікті (суверенитет) фактілік түрде жойды...Бірақ сонымен
қатар дәстүрлі мемлекет әлі де ескінің көзіне айналуға дайын
емес (әлі ұзақ уақыт дайын болмайтын шығар). Ол өзін сақтап
қалуға ұмтылуда, тіпті жаһанданған әлем жағдайында аман
қалуға тырысуда» [6, 116 б].
Ұлттық мемлекеттердің технотектік өркениет заманындағы
орны туралы тағы бір теорияның авторы О. Тоффлер адамзаттың
соңғы 300–400 жылы әлемді ақ нәсілдің билеуімен өтті, сондықтан
оны «ақ интермедия» деп атауға болады дейді. Сонымен қатар ол
адамдарды бұрынғыша тек бірнеше нәсілдік белгілер бойынша
айыру жеткіліксіз деп есептеп, генетика дамыған сайын диф-
ференциация жасаудың жаңа өлшемдері, мысалы, адамдардың
ауруына қарай сияқты пайда болуы мүмкін деген пікір айта-
ды. Ол тарихи тұрғыдан Екінші толқын кезіндегі ақ нәсілдің ақ
емес нәсілдерді жаулап алуын индустриализм экспансиясымен
I Қазақстандық философиялық Конгресс
308
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
түсіндіреді. Назар аударатын қызық топшылау ол 1904 жылғы
жапондардың орыстарды тойтаруын ақ нәсілдің алғашқы жеңі-
лісі ретінде қарап, әлемдік нәсілдер қатынасындағы маңызды
оқиға түрғысында бағалайды. Бұл жапондардың өнеркәсіптік
дамуының нәтижесі екеніне назар аударады. Тоффлер соңғы
жылдардағы (кітап 1981 жылы жарық көрген) азиялық елдердегі
экономикалық күрт өзгерістерге сүйене отырып енді батыстық
емес мәдениет батыстың ойлау жүйесіне әсер етуі мүмкіндігін
алға тартады.
Қазақстандық ғалым Қ. Әлжан жаһанданудың ұлттық мемле-
кеттерге ықпалы жөнінде екі пікір қалыптасқанын атап кетеді.
«Бір жағында жаһандануды бірегей экономикалық, саяси-
құқықтық, ақпараттық-коммуникативтық, ғылыми-білім беруші
кеңістіктегі, бірегей гомогендік, космополиттік мәдениетті,
трансұлттық саяси таптық және азаматтық қоғамды жаңа типтегі
өркениет қалыптасуының игі процессін көретін концепция-
лар тұр... Бұл процесс, әрине ұлттық мемлекеттердің мәніне,
қызметіне, құрылымына, институттарына ықпал етеді. Сыңайы,
жаңа ақпараттық технологиялар және әлемдік компьютер
желілері интерактивтік коммуникацияда адамдар арасын бай-
ланыстырушы ретінде мемлекеттің ролін минимумға жеткізетін
сияқты» [7, 230–231 б]. Жалпы батыстық зерттеушілердің
техногендік қоғам дәуірлеуіне қатысты қазіргі көптеген ұлттар,
ұлттық мемлекеттер орнына әлдебір әлемдік ұлт немесе әлемдік
ортақ мемлекет, қала берді жаһандық корпаративтік құрылым
келеді деген болжам жасауға бейім екенін көреміз. Мүмкін бұл
ескірген көзқарас шығар, қазіргі әлемдік процесстер керісінше
тәуелсіз мемлекеттердің көбейіп отырғанын көрсетеді егер О.
Тоффлер байқағандай 1955–1965 жылдары Үшінші толқынның
Америкада басталуы әлемдегі деколонизация процестеріне тап
келсе өткен мыңжылдықтың аяғы бұрынғы социалистік жүйенің
тарауымен тағы да тәуелсіз елдердің жаңа тобының тарих сах-
насына шығуына әкелді, бұл жолы тәуелсіздік шығыс еуропа,
орталық азияны қамтыды. Мұның өзі ақпарат ағымының күшін,
жаһанданумен қатар парадоксті түрде децентрализацияның да
белең алып бара жатқанын байқатады. Техникалық өркениет пен
оның жетістіктері және ол тудырған һәм әлі де тудыра беретін
I Казахстанский философский Конгресс
Достарыңызбен бөлісу: |