Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет25/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80

259 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Следовательно, традиционная методология западной и отечес-

твенной науки должна быть подвергнута критике – в силу её од-

носторонности,  партикулярного  мировоззрения,  составляющего 

основу  научного  познания.  Методология,  основанная  на  логике, 

лишённой антропологического содержания, изживает себя, долж-

на быть заменена на целостное мировоззрение, новую, недуальную 

логику, на такое субъект-объектное отношение, которое есть сущ-

ностный срез отношения «Человек-Мир», т. е. целое, целостное.

Такая трактовка познания требует переосмысления других но-

вовременных  парадигм,  например,  отношения  к  предрассудкам, 

суевериям, заблуждениям. Если Ф. Бэкон и Р. Декарт призывали 

отказаться от этих познавательных феноменов средневековой куль-

туры, рассматривали истину как ясное, непротиворечивое знание, 

то методология неклассической науки показывает, что такое отбра-

сывание разрывает традиции, связь эпох, связь культур, и, по мне-

нию Гадамера, приводит к разрыву со смысловой непрерывностью 

традиции. Изменилось и отношение к здравому смыслу, который 

Гадамером рассматривается как основа всякого взаимопонимания. 

Герменевтика иначе понимает диалектику, чем это представлено в 

истории диалектики. Она выступает не только диалектикой выска-

зывания, но и диалектикой вопрошания, диалога, в которой язык 

не подчинён логосу, а обладает важной бытийственностью. Особая 

экзистенция языка меняет суть познания, которое предстаёт как по-

нимание, толкование, включающее в себя и опыт мира, и знание 

истины, и знание человеческой духовности, души. Целостное от-

ношение к миру, обращение к восточному мировоззрению, вклю-

чение  в  духовный  мир  Запада  и  нашего  отечества  методологии 

казахских  мыслителей,  особенно  Абая,  меняют  основы  научной 

методологии, делая её более гибкой, терпимой, многообразной, что 

только положительно сказывается на бытие науки.

Литература

Боннар А. Греческая цивилизация. Т. 2. – М., 1959. 

2 Цит. по: Волков Г.Н. Истоки и горизонты прогресса. – М., 1976.

Соловьева Г.Г. Восточные мотивы в современной западной мето-

дологии науки // Методология науки в контексте взаимодействия вос-

точной и западной культур. – Алматы, 1998.



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

260 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ҚАЗІРГІ ТАРИХИ ТАНЫМ ӘДІСНАМАСЫНЫҢ 

ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

Бақытжан САТЕРШИНОВ

(Алматы)

Қазіргі заман адамының тарихи санасында болашақ дамудың 

нұсқаларын  іздестіру  оның  өткеннің  тарихи  таңдауын  дұрыс 

бағалай білуіне байланысты болып келеді. XX–XXI ғасырлардың 

аралығындағы  ғаламдық  өзгерістер,  соңғы  онжылдықтардағы 

қоғамымыз  бастан  өткерген  әлеуметтік  үдерістер,  саясат  пен 

экономикадағы,  қоғам  мен  мәдениеттегі  модернизациялық 

үрдістер  тарихты  сипаттаудың  тілі  мен  теориялық  тәсілдеріне, 

жалпы  тарихи-теориялық  ойдың  дамуына  өзінің  үлкен  әсерін 

тигізді.  Әлемдік  және  отандық  тарих  ғылымдарында  соңғы 

кездері  жаппай  орын  алған  баламалылық  идеяларының  бой 

көрсетуі,  историософиялық  және  әдіснамалық  идеялардың 

жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптауы, міне осының бәрі 

әлеуметтік  теориялардың  ойлы  концептуалды  тұстарының  да, 

даулы риторлық тұстарының да тарихи сана мен тарихи танымға 

зор ықпал ететінін аңғартып тұр. 

Тарихнама  саласында  әр  алуан  радикалды  жобалар 

жүзеге  асырыла  бастады.  Бір  зерттеушілер  тарихи  зерттеудің 

негізқұраушы ұстыны ретінде өркениеттік тәсілді ұсынып, іргелі 

тарихи ұғымдардың мазмұны мен отандық тарихтың уақыттық-

кеңістіктік  өлшемдерін  осы  әдіске  қарай  бейімдейді.  Енді  бірі 

әлеуметтік тәртіптің трансформациясындағы флуктуациялардың 

рөлі  туралы  синергетиканың  идеяларымен  қаруланып,  тари-

хи  үдерістерді  «коэволюция»,  «аттрактор»,  «құрылымдық 

конгруэнттілік»,  «бифуркация»  ұғымдарының  көмегімен 

түсіндіруге  шақырады.  Үшіншілері  тарихнамалық  мәселелерді 

шешудің  кілтін  дискурсивті  талдаудың  құралдарын  иеленуден 

көрсе,  қалғандары  тарихи  талдаудың  интегралдық  парадигма-

сын басшылыққа алады. Әрқайсысы өздерінше бір әдіснамалық 

ақиқатқа  ұмтылған  әлемдік  және  отандық  тарихты  қайта 

құрудың  бәсекелес  рецептерін,  тарихты  сипаттаудың  осындай 


I Казахстанский философский Конгресс 

261 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

қарама  қайшылықты  жобаларын,  әдіснамалық  пікірталастарды 

бір ымыраға келтіру үлкен қиындық туғызып отыр. 

Аталмыш  мәселелер  қазақстандық  тарих  ғылымында  бала-

малы  тарихты  сипаттау  тұрғысында  кеңінен  орын  алғанымен, 

ғылыми әдіснамалық пікірталастардың толқынын туғыза қойған 

жоқ. Ал Батыстың, сондай-ақ көршілес Ресейдің философиялық-

тарихи  ойында  соңғы  онжылдықтарда  көптеген  идеялар  мен 

тұжырымдамалар  пайда  болды.  Олардың  болашақта  тұтастай 

алғандағы  әлеуметтік-гуманитарлық  білімдегі  күре  бағыттың 

біріне  айналатындай  ғылыми  әлеуетке  ие  екендігін  теріске 

шығаруға болмайды. 

Тарихнамада  қалыптасқан  бұл  ахуалды  орыс  философы  әрі 

тарихшысы  М.А.  Баргтың  «тарихнамалық  төңкеріс»  деп  ата-

ды.  Орыс  ғалымдарынан  ертеректе  бұл  мәселеге  американдық 

зерттеушілер  де  назар  аударды.  Т.С.  Хеймроу  бұл  төңкерістің 

түбірін біз өмір сүріп отырған әлемді түсінуге тарихтың дәстүрлі 

әдіснамасының  лайық  келмейтінінен,  соның  салдарынан 

қоғамның тарих кәсібіне деген сенімнен айрылғанынан көреді. 

Сол себепті «көптеген тарихшылар басқа әлеуметтік ғылымдарға 

лап қойды да, бұл тарихты «өз шекпенінен» шығуға мәжбүр етті. 

Нәтижесінде  осыдан  2000  жылдан  бұрын  тарих  пайда  болған 

кездегіден де үлкен төңкеріс тарих ғылымында орын алды. Келесі 

бір көрнекті американдық тарихшы М. Кеммен бұл төңкерістің 

мәнін  жұмсартып  көрсетеді:  «әрине,  төңкеріс  әдіснамалық  са-

нада  болып  өтті  және  бұл  тарихи  білімнің  эпистемологиялық 

мәселелеріне  деген  ерекше  қызығушылықтан  және  тарихтың 

әдіснамасының  өзін  ерекше  пән  ретінде  мойындаудан  көрініс 

тапты». 

Батыстық  әлеуметтанудың  қазіргі  заманғы  классигі  Ч.  Тилли-

дің  айтуынша,  әр  алуан  әлеуметтік  ғылымдарда,  әсіресе 

әлеуметтануда тарихқа деген қызығушылық өсе түсті, «тарихи 

ойлау мен тарихи зерттеулердің ұлы қайта түлеуі» үдерісі жүрді. 

Бұл  американдық  зерттеушінің  пікіріне  сай,  1960-жылдарға 

дейін әлеуметтанудың қорында қайта жаңғыруға жеткілікті бо-

латындай тарихтың салмағы өте аз болатын» [1, 131 б.]. 

ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  интеллектуалдық 

ізденістердің  барлығына  дерлік  «әлеуметтілік»  ұғымы  тән  бо-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

262 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

лып  келіп,  олар  әлеуметтік  теориялармен  байланысты  болды. 

«Әлеуметтілік»  парадигмасының  гуманитарлық  ғылымдар 

кешенінде  XIX–XX  ғасыр  аралағында  пайда  болғанын  айта 

кету  керек.  Адам  болмысының  «деңгейлерін»  білдіретін  бұл 

ұғым  бұқаралық  қоғамдық  қозғалыстар  мен  дүмпулер  қанат 

жайған  кезеңде  орнығып,  ол  К.  Маркс,  М.  Вебер,  Э.  Дюрк-

гейм  әлеуметтануының,  ғылымдағы  позитивизмнің  әсерімен 

жайылған  «Анналдар»  қозғалысының  жетекшілігімен  сипат-

талатын  әлеуметтік  тарихтың  жаңа  жобасын  дүниеге  әкелді. 

Жоғарыдағы  қайта  түлеу,  жаңғыртылу  үдерісінің  бастауы  осы 

болатын. 

Келесі бір көрнекті американдық әлеуметтанушы Р. Коллинз 

де осы ойды айқындай түседі. «1960-жылдардың ортасынан бас-

талып,  қазірге  дейін  жалғасып  отырған  зерттеулер  кезеңін,  – 

деп  жазады  ол,  –  Макротарихтың  Алтын  ғасыры  деп  лайықты 

түрде  атауға  болады.  Бұл  кезеңнің  талдау  стилі  маркстік  және 

веберлік  идеялардың  өзара  әсері  мен  әрекеті  болып  табыла-

ды.  Ал  оның  мәні  тарихтың  әлеуметтанулық  теориялар  үшін 

макроскопқа,  яғни  саяси  және  экономикалық  құрылымдарды 

зерттеудің құралына айналуынан аңғарылады» [2, 72 б.]. Алай-

да  бұл  тарихтың  болашақта  әлеуметтануға  сіңіп  кетпейтінін 

білдірмейді.  Бұл  тарихнамалық  төңкерістің  тек  тарихтың 

пәнаралық  мәртебесін  бекіте  түскенін  ғана  байқатса  керек. 

Көптеген тарихшылардың әлеуметтік ғылымдарға тарпа бас са-

луы тарихтың «өз шекпенінен тысқа шығуға» мәжбүр еткені рас, 

бірақ  бұл  өз  зерттеу  пәнінің  құрылымындағы  көзқарастардың 

күрт өзгерісіне сай қазіргі ғылымдардың бүкіл жүйесінде жүзеге 

асып  жатқан  жаңашылдықтарға  сәйкес  өз  зерттеушілік  тәсілі 

мен құралдарын жаңартып, қарқынды даму үстіндегі бүгінгі та-

рих  ғылымында  қалыптасқан  әдіснамалық  рефлексияға  деген 

қажеттілікті ғана білдіреді. 

Қазіргі  заманғы  тарихнамалық  ахуалдың  бір  белгісін 

мексикандық тарихшы К.А. Аггире Рохас көрсетіп береді және 

оған  «тарихнамалық  және  мәдени  жаңашылдықтардың  пай-

да  болуындағы  полицентризм»  деген  анықтама  береді.  Егер,  – 

дейді ол, – 1900 жылы немістілді тарихнама, 1950 жылы фран-

цуз тілді тарихнама үстемдік етсе, онда 1990 жылы немесе 2000 



I Казахстанский философский Конгресс 

263 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

жылы қандай тарихнама жетекшілікке ие болады деген сұраққа 

ешқандай  деп  жауап  беруге  тура  келеді.  Өйткені  1990  немесе 

2001 жылы енді ешқандай тарихнамалық гегемония болмайды, 

итальяндық микротарих та, «Анналдардың» төртінші буыны да, 

британдық  әлеуметтік  тарих  та,  «әлемдік  жүйелік  талдаудың» 

сыни келешегі де, ресейлік антропология да, латынамерикандық 

аймақтық тарих та немесе немістің «жаңа әлеуметтік тарихы» да 

үстем емес, әрқайсысы өз бетінше маңызды» [3, 28 б.]. 

Тарихи таным назары құрылымдардан, әсіресе экономикалық 

құрылымнан  уақыт  ағымындағы  адамның  ішкі  әлеміне,  оның 

әлеуметтік  байланыстарындағы,  ойлары  мен  сезімдеріндегі 

күнделікті  әрекетін  зерттеуге,  адами  тұлғаны  түсінуге  ауысты. 

Ю.М. Лотман мұны, басқаша айтқанда, күрделі психологиялық 

және интеллектуалдық құрылым деп атайды және бұл сана мен 

әрекеттің  дәуірлік,  таптық,  топтық  және  индивидуалды-дара 

үлгілерінің  қиылысуы  барысында  жүзеге  асып,  соның  нәтиже-

сінде кез келген тарихи және әлеуметтік үдерістер өздерін адам 

арқылы іске асырады [4, 230 б.]. Бұл «антропологиялық бетбұрыс» 

пәнаралық (әдіснамалық) синтез мәселесін өзектілендіріп, оның 

тарихнамалық практика саласына енуіне ықпал етті. 

Бұл  синтездің  бастапқы  кезеңінде  тарих  ғылымының  күні 

батқаны  туралы  да  әңгімелер  қозғалды.  Алайда  бұл  тарихтағы 

әдіснамалық синтез мәселелерін дұрыс түсінбеуден туындап еді. 

Мәселе  тарихшылардың  өз  кәсіби  дербестігін  сақтай  отырып, 

өздерінің зерттеушілік практикасына көмегін тигізетін әлеуметтік 

теорияларды таңдауында болып отыр. Олар нақты зерттеушілік 

міндеттерді  шешу  үшін  әртүрлі  әлеуметтік  теорияларға 

жүгініп,  оларды  тиімді  пайдалануға  тырысады.  Тарихтың  өз 

зерттеушілік  міндеттерін  шешу  барысында  өзіндік  әдіснамаға 

сүйенетін  дербес  ғылыми  пән  екені  рас,  бірақ  бұл  міндеттерді 

шешудің  тиімділігі  басқа  пәндермен  ынтымақтасуға,  олардың 

әдіснамалық  құралдарын  қолдануға  байланысты  болып  келеді. 

Тарихтың зерттеу аймағы қарқынды кеңейген сайын, оның тек 

әлеуметтік қана емес, басқа да пәндермен ынтымақтастығы да 

кеңіп, әр алуан бола түседі. 

Тарихи  зерттеулердің  қарқыны  артқан  сайын  жаңа  гума-

нитарлық  пәндер  де  кеңейе  түсті.  Мысалы,  Батыста  әлеумет-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

264 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

танудың  дамуы  барысында  АҚШ-та  теориялық  тарих  қалып-

тасты.  Бұл  пәннің  анықтамасын  осы  саладағы  көрнекті  маман 

Н.С.  Розов  береді:  «теориялық  тарих  өзінің  кең  мағынасында 

әлеуметтік және тарихи ғылымдарды – тарихи әлеуметтану, та-

рихи  психология,  макроәлеуметтану,  әлемдік  жүйелік  талдау, 

әлеуметтік  мәдениеттану  және  басқаларын  білдіреді,  ал  тар 

мағынасында  бір  мезетте  екеуіне  де  тиесілі  ғылымдардың  бірі 

болып табылады» [5, 41 б.]. 

Теориялық  тарихты  қалыптастыру  дәстүрлі,  эмпирикалық 

тарихтың (әлеуметтанулық, экономикалық, демографиялық тал-

дау әдістерімен байытылса да) айғақтық материалдары негізінде 

әрқилы әлеуметтік ғылымдардың теориялары мен түсіндірмелік 

әдістерін пайдаланатын тарих пен әлеуметтанудың арасындағы 

пәнаралық  синтезге  кең  мүмкіндіктер  ашады.  Бұдан  өзінің  на-

зарын тарихи диахронияға түсіріп, сонымен бірге өз жаратылы-

сы  жағынан  интегративті  болатын  теориялық  тарихтың  пәндік 

ерекшелігі  келіп  шығады.  Осылайша  ол  әлеуметтік  өмірдің 

барлық қырларын зерттейтін мейлінше әр алуан пәндерге жүгіне 

алатындай  тарихи  танымда  тиімді  пайдаланылатын  пәнаралық 

сипатқа ие болады. 

Мұндай  сипат  тарихшыны  тарих  философиясымен  жақын-

дастырады.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  теориялық  тарих  дәстүрлі 

эмпирикалық тарих пен тарих философиясының арасын байла-

ныстырушы  буын  болып  табылады  немесе  оны  эмпирикалық 

тарихтың миы деп бағалауға болады. Бүгінгідей тарихнамалық 

төңкеріс  заманында  теориялық  білім  қазіргі  тарихнамалық 

практиканың  қажетті  компонентін  құрайды.  Оның  үстіне, 

тарихтағы әдіснамалық синтез мәселесінің өзі теориялық мәсе-

ле болып табылады. 

Тарихшылардың өз ғылымының теориялық мәселелеріне де-

ген  қызығушылығының  өсуін  өткен  ғасырдың  80-ші  және  90-

шы жылдардағы ғаламдық (жаhандық) тарих деп аталатын жаңа 

бағыттың пайда болуы да дәлелдейді. Тарихи ойдың дамуындағы 

бұл  феномен  Тарихи  ғылымдардың  XIX  Халықаралық  конгре-

сінде  (Осло,  2000  жыл)  кеңінен  талқыланды.  Бұл  да  болса 

тарихнамалық төңкеріске тән үрдісті, тарих ғылымында жүзеге 

асып жатқан интегративті үдерісті аңғартса керек.



I Казахстанский философский Конгресс 

265 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Ғаламдық  тарих  мәселелеріне  өркениеттердің  қазіргі  тео-

риялары  мағыналық  жағынан  жақын  келеді.  Бұл  теориялар  да 

тарих ғылымындағы сияқты тарихи рухани өзіндік пен өзгелік, 

жалпылық  пен  жалқылық,  жалпыәлемдік  тарихи  даму  мен 

тарихи  үдерістің  локальды  нұсқасы,  микротарих  пен  макро-

тарих  сияқты  үлгілерді  біріктіруге  ұқсас  болып  келеді.  Осы-

лайша,  тарих  ғылымының  біртұтас  тәнін  бөліп  қарастыратын 

бұрынғы оппозициялар шешіліп қана қоймай, оның тұтастығын 

әрқилы  бағыттар  мен  әдіснамалық  тәсілдерді  (классикалық, 

постмодернистік,  синергетикалық  және  т.б.)  интеграциялау 

жолымен  қайта  қалпына  келтірудің  бағдарламалары  да  бой 

көрсетуде. Осылайша, әдіснамалық синтез мәселесі қазіргі тари-

хи ойдың негізгі үрдістерінің бірі болып табылады. 

Тарих  ғылымы  қоғамның  рухани  интенцияларын  білдірген-

діктен,  оның  ғылым  алдындағы  да,  қоғам  алдындағы  да  жауап-

кершілігін  естен  шығармау  керек.  Бір  уақыттарда  Френсис 

Фукуяманың  «тарихтың  ақыры»  мен  Самюэль  Хантингтонның 

«Өркениеттер  қақтығысының»  сәнге  айналғаны  бар.  Ол  ойды 

жоғарыда аты аталған мексикандық тарихшы К.А. Агирре Рохас 

былай  деп  түйіндейді:  «адамзат  тарихи  бифуркация  нүктесінен 

өтеді және тек тарихнаманың немесе тіпті мәдениеттің ғана емес, 

жаhандық ауқымдағы бүкіл адамзаттың өмір сүруінің мүлдем бас-

қа тәсілдеріне әкелетіндей өзгерістердің алдында тұр» [3, 29 б.]. 

Тарих  ғылымындағы  трансформациялық  үдерістер  үде-

мелі  болған  сайын,  оның  теориялық-әдіснамалық  негіздері 

тұрақсыз  бола  түседі,  тарихтың  бейнесін  қалыптастырудағы 

басымдылықтар  тез  құбылады.  Осыдан  тарих  ғылымының 

бұлыңғыр  болашағын,  апокалипсистік  келешегін  тудыратын 

әдіснамалық  хаос  әсері  қалыптасады.  Бұл  бей-берекет  ретсіз-

дікті пайдаланып, біздің ғылыми және қоғамдық өмірімізде та-

рихи  көсемсөзден  (публицистикадан)  айқын  аңғарылатын  folk-



history деп аталатын кейбір үрдістер орын алады.  Оның  мыса-

лын Ресейдегі академик А.Т. Фоменко мен оның ізбасарларының 

көптиражды басылымдарынан, біздің еліміздегі «балама» тарих-

тардан байқауға болады. 

Тарихтың  осылайша  коммерциялануының  тарихи  білім 

үшін  және  ең  алдымен,  қоғамның  ғылыми  тарихи  санасын 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

266 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

қалыптастыру үшін қауіпті екенін ескеру қажет. Ғылыми және 

әлеуметтік маңызы бар бұл пәнді шоу-бизнеске айналдыру не-

месе оны қандай да бір конъюнктураға – саяси немесе нарықтық, 

әсіре  ұлтшылдық  конъюнктураға  айналдыру  тарих  ғылымына 

тән эпистемологиялық оптимизмге кереғар келеді. 

Мұндай  үрдістерден  қазақстандық  қоғам  мен  ғылым  да 

тыс  қалып  отырған  жоқ.  Ұлттық  және  тарихи  өзіндік  сананың 

жаппай  оянуының  аясында  біздің  еліміздің  тарих  және 

гуманитарлық  ғылымдарында  жағымды  да,  жағымсыз  да 

құбылыстар  орын  алды.  Жекелеген  нақты  тарихи  айғақтарды 

жалпылама объективті түйіндеу үшін де терең теориялық пайым 

мен ғылыми салмақтылық керек. Әрбір ұлт пен ұлыстың тари-

хы мен мәдениетін, тарихи тұлғаларының өмір жолын зерделеу-

де бүкіладамзаттық метатарихтың мән-мағынасын түсіне білген 

жөн.  Әрқилы  қалыптасқан  халықтардың  мәдени  қалыптасуы 

мен дамуы жалпы адами дамудың белгілі бір көрінісі болып та-

былады.


Аталмыш  мәселенің  бай  тарихы  болғанымен,  ғылыми 

талдаудың жаңа бағыты біздің елімізде де, шетелде де әлі толық 

қалыптаспағанын  айта  кету  керек.  «Дамудың  баламалылығы», 

«көпөрістілік»,  «тарихтың  көпнұсқалылығы»,  «альтерна-

вистика»,  «ретроальтернативистика»,  «ретропрогностика», 

«тылсымдық  (виртуалды)  тарих»,  «қалыптаспаған  тарих», 

«контрайғақтық үлгілеу» сынды ұғымдар пайдаланылады. «Та-

рихи ықтималдық», «тарихи мүмкіндік», «тарихи кездейсоқтық», 

«таңдау еркіндігі» сияқты түсініктер барлық жерде қолданылады, 

бірақ  теориялық  тұрғыда  жеткіліксіз  пайымдалып,  әдістемелік 

тұрғыда  толық  игерілмейді.  Яғни  мәселенің  маңыздылығымен 

қатар, күрделілігі себепті де оның әдіснамалық шешімі әлі толық 

табылған жоқ. 

Жаһандану  заманындағы  ұлттық  тарихты  зерттеудің  кейбір 

мәселелері  2013  жылдың  7  маусымында  Л.  Гумилев  атындағы 

Еуразия  Ұлттық  университетінде  Мемлекеттік  хатшы  Ма-

рат Тәжиннің төрағалығымен өткен ҚР ұлттық тарихын оқыту 

жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген мәжі-

лісінде сөз болды. XXI ғасыр басындағы тарихи ой дамуының 

басты  әрі  аса  маңызды  үрдістерінің  бірі  тарихтың  әлеуметтік 



I Казахстанский философский Конгресс 

267 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

белсенділігін, тарихи сананы тәрбиелеуден бастап мемлекеттік 

саясаттың ғылыми негіздерін қалыптастыруға дейінгі қоғамдық-

саяси  өмірге  оның  қуатты  әрі  жан-жақты  ықпалын  арттыру 

қажеттілігін  сезіну  болып  табылады.  Ал,  мұндай  ықпалдың 

тиімділігінің ең маңызды алғышарты тарих философиясының өз 

ғылыми мәртебесін нық бекітуі мен оны қоғамның мойындауы 

болып саналады. 



Әдебиеттер 

1 Тилли Ч. Будущая история // Время мира. Альманах современных 

исследований по теоретической истории, макросоциологии, геополити-

ке, анализу мировых систем и цивилизаций. Новосибирск, 2000. – Вып. 

1. – С. 130–141.

2 Коллинз Р. Золотой век макроисторической социологии // Время 

мира. Альманах современных исследований по теоретической истории, 

макросоциологии, геополитике, анализу мировых систем и цивилиза-

ций. – Новосибирск, 2000. – Вып. 1. – С. 69–78.

3 Аггире Рохас К. Западная историография XX века в свете концеп-

ции  longueduree  //  Диалог  со  временем.  Альманах  интеллектуальной 

истории. – М., 2002. – Вып. 9. – С. 21–35.

4 Лотман Ю.М. Биография – живое лицо // Новый мир. – 1985. – № 

2. – С. 228–237.

5 Розов Н.С. Философия и теория истории. Кн. 1. Пролегомены. – 

М.: Логос, 2002. – 656 с.



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

268 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

СУЩНОСТЬ ЧЕЛОВЕКА И ЕГО ПРЕДНАЗНАЧЕНИЕ

Сергей БОЯРИНОВ

(Семей)

В  философском  мире  принято  полагать  сущность  человека 

двухаспектно: в качестве субстанции или в качестве ее субстра-

та, точнее выражаясь, либо как структуру, либо как ее функцию. 

В одном значении сущность человека состоит в его социаль-

ности, в другом – в его естественности. То есть, если субстанци-

ально человек есть социальное существо, общественное живот-

ное, то и его естество или природа тоже социальна: она преобра-

зована, переведена из «сырого» состояния в «вареное», другими 

словами, окультурена. 

Если  же  человек  понимается  субстратно,  как  естественное, 

природное  существо,  то  его  социальность  есть  лишь  функция 

этой естественности как живой структуры. 

Иначе выражаясь, можно сказать, что то новое, что появля-

ется в мире с человеком, либо есть нечто внеприродное, что мы 

называем  духовным,  либо  есть  новый  уровень  развития  самой 

природы.

В последнем случае человеческая новизна носит феноменаль-

ный характер разумности самой природы, в человеке нашедшей 

своего  разумного  носителя.  Тогда  как  в  первом  случае  мы  по-

лагаем человека свободным существом, в самом себе находящем 

основание своей существенности. В себе как в каком существе? 

Если мы ориентированы в мышлении не спекулятивно, а соци-

ологически, т. е. не столько думаем, сколько познаем, то суще-

ственность  человека  будет  пониматься  в  качестве  социальной. 

Человек есть не натуральное, природное, а социальное существо. 

Я думаю, что в XXI веке рассуждать о человеке как естествен-

ном существе – анахронично и просто философски безграмотно. 

Вот как быть с толкованием сущности человека, как социального 

существа? Вряд ли кто-нибудь из «умных материалистов», а, тем 

более, идеалистов, будет спорить с тем, что человек есть чело-

век в обществе. Но как понимать его социальность? И можно ли 



I Казахстанский философский Конгресс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет