Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет30/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80

309 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

жаһандық проблемалар ендігі қазақ тағдырының айнымас серігі 

болатыны сөзсіз. Демек техника философиясы аясында туатын 

проблемалар да біз үшін тұрақты мәдени-әлеуметтік феноменге 

айналатыны талас тудырмайды. 

Әдебиеттер

1 Сарсенбаева З.Н. Соотношение технической и человеческой целе-

сообразности в проектах по экологии // Отчуждение и проблемы эко-

логии (на материалах Казахстана). – Алматы: Институт философии и 

политологии МОН РК, 2002. – С. 141.

Гүлен Ф. Ғұмырлық өлшемдер. – Алматы: Көкжиек-Б, 2008. – 240 б.

3  Сатершинов  Б.М.  Қазақстан  мәдениетінің  тарихы  мен 

теориясының кейбір мәселелері. – Алматы, 2007. – 71 б.

Нұрадин Г.Б. Өркениет: дәстүр және сабақтастық. – Алматы, «Из-

дательский дом «АСА». – 54 б. 

Печчеи А. Человеческие качества. – М., 1985.

6 Захаров А.А. Федерализм и глобализация // Полис, 2002. – № 6. – 

С. 116.

Әлжан Қ. Глобализация и становление государственности Респу-



блики  Казахстан  //  Казахстан  в  условиях  глобализации:  философско-

политологический анализ. – Алматы: Институт философии и полито-

логии. – С. 230–231.


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

310 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ФИЛОСОФИЯ УПРАВЛЕНИЯ: 

ЭТИКО-ГНОСЕОЛОГИЧЕСКИЕ ОСНОВАНИЯ 

ИССЛЕДОВАНИЯ

Дмитрий РЫМАНОВ

(Семей)

Особенность теории управления такова, что, с одной стороны, 

это  –  молодая  наука,  наиболее  известная  как  менеджмент.  А  с 

другой – это такая область человеческой жизни, которая появи-

лась в момент зарождения общества, когда понадобилось коорди-

нировать действия охотников на первобытной охоте, делить до-

бычу между охотниками и их семьями, регулировать отношения 

в племени, связанные с половозрастными и иными особенностя-

ми его членов. Таким образом, управление можно рассматривать 

как нечто неразрывно связанное с человеком и обществом. Итак, 

с одной стороны – это молодая наука, а, с другой – некая область 

деятельности людей. 

Менеджмент, как и многие другие науки, нуждается в фило-

софском  осмыслении,  которое  способствует  дальнейшему  раз-

витию, появлению новых направлений и рассмотрению достиг-

нутых  результатов  с  гносеологических  и  этических  позиций.  С 

момента  становления  философского  знания,  формирования  его 

основных  категорий,  одним  из  центральных  направлений  ста-

новится  этика.  Развитие  фундаментальных  понятий,  таких,  как 

справедливость, благо, добро, зло, долг, совесть, ответственность, 

честь и многих других влияет не только на философию, в рамках 

которой они рассматриваются, но и на общество в целом, и от-

дельных его индивидов. Представления о морали и нравственно-

сти человека уходят вглубь веков и часто являются еще дофило-

софскими знаниями. Обретя философские рамки, они становятся 

не  только  и  не  столько  отражением  действительности,  некими 

сводами действий, но теоретизируются, формализуются, приоб-

ретая тем самым фундаментальный характер этических учений. 

Такое положение, безусловно, положительно сказывается на из-

учении столь сложных этических категорий. В XX веке появля-



I Казахстанский философский Конгресс 

311 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ется  такое  направление,  как  прикладная  этика,  это  событие  не 

однозначно воспринимается в философских кругах, однако сле-

дует отметить, что появилась такая неоценимая возможность, как 

рассмотрение менеджмента с позиций этики, а, точнее, появление 

такого направления, как этика менеджмента. К примеру, сегодня 

широко используется биоэтика, в рамках которой уже достигнуты 

результаты общечеловеческого значения. Вероятно, этика управ-

ления также нуждается в подобном рассмотрении, кроме того, к 

ее изучению нужно подходить с позиций разных наук, что, в свою 

очередь,  усложняет  исследование,  ведь  менеджмент  по  своей 

природе есть междисциплинарное явление.

Безусловно, теория управления – сложный объект для рассмо-

трения, и не только по причине ее междисциплинарного характе-

ра, а потому, что на всех уровнях преобладают субъект-субъект-

ные отношения, в которых экономическая составляющая – только 

видимая  часть  айсберга.  При  более  пристальном  рассмотрении 

без труда можно увидеть этические категории в действии, если 

провести  аналогию  с  биологическим  миром,  то  категории  вы-

ступают в качестве бактерий попавших в благодатную среду, под 

средой нужно понимать сам процесс управления и все те управ-

ленческие ситуации, которые возникают на каждом шагу. Перед 

исследователем в области этики открывается масса возможностей 

не только на уровне наблюдения, но даже экспериментирования.

Основная гносеологическая схема анализа познания включа-

ет субъекта, наделенного сознанием и волей, и противостоящий 

ему объект природы, независимый от сознания и воли субъекта 

и связанный с ним только познавательным (или праксеопознава-

тельным) отношением. В гносеологии важны такие отношения, 

как субъект – объект и субъект – субъект. Для теории управления 

важно и то, и другое. В роли субъекта выступает участник управ-

ленческих отношений (человек), а в роли объекта – организация. 

Обе стороны находятся в постоянном познавательном процессе, 

руководство стремится выявить и использовать нужные ему ка-

чества у рабочего, а тот, в свою очередь, познает систему, в кото-

рой работает.

Поскольку  познавательный  процесс  в  любой  области  дея-

тельности  человека  происходит  зачастую  эмпирически,  то  нам 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

312 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

важна  именно  эта  сторона  вопроса.  В  управлении  к  практике 

менеджера  относят  принятие  решений  –  важнейший  элемент 

менеджмента,  его  также  называют  продуктом  управления,  тем 

самым подчеркивая значимость в управленческом процессе. Од-

нако, насколько «принятие решений» значимо, настолько оно и 

многозначно в своих определениях. Истоки термина «принятия 

решения»  восходят  к  психологии,  в  которой  суть  объяснений 

сводится к волевым актам и последовательности действий, на-

правленных на достижение какой-либо цели. Или, в рамках той 

же психологии, принятие решения рассматривается как ответ на 

вызов внешней среды, под которой нужно понимать сложившу-

юся ситуацию, требующую вмешательства или преобразования 

со стороны субъекта познания. Ныне данное понятие вышло да-

леко за рамки психологии, его можно встретить во многих есте-

ственных и гуманитарных науках, тем самым, такое положение 

дает основание считать его междисциплинарным образованием. 

Кроме  того,  необходимо  отметить  гносеологический  характер 

«принятия решений», а, точнее, тот факт, что вне зависимости от 

той области, в которой применяется данное понятие, оно оста-

ется в поле зрения комплекса проблем и вопросов теории позна-

ния. Оно является своеобразным звеном, связывающим теорию 

и практику, субъект познает объект, используя все доступные ему 

способы и методы, тем самым, минимизирует риски и пытается 

максимально избежать неопределенных ситуаций, на этом этапе 

он,  безусловно,  встречается  с  фундаментальными  гносеологи-

ческими  вопросами,  связанными  с  истинным  знанием,  вернее, 

тем что считает за истинное знание, как его приобрести, как из-

бежать ложных суждений, получить адекватные знания к пред-

мету или процессу, в отношении которого он собирается принять 

решение. 


I Казахстанский философский Конгресс 

313 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

2.3. КУЛЬТУРНЫЕ КОДЫ

НАЦИОНАЛЬНОЙ ФИЛОСОФИИ

ЖАҢА ӘЛЕМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Серік НҰРМҰРАТОВ

(Алматы)

Әлем  адамзат  тарихында  үнемі  дамуда,  өзгерісте  болғаны 

белгілі.  Ал  дүниедегі  өзгерістердің  барлығы  бірдей  даму  деп 

қабылданбауы да заңды. Дүниенің үнемі жаңғырып, өзгеріп жа-

татын ерекше қасиетін байқаған әрбір халықтың өкілдері ежел-

ден өздерінің осы құбылысқа деген қатынасын қалыптастырып, 

жүйелеп,  тұжырымдап  отырған.  Осы  әмбебаптанған  үрдіске 

философиялық пайымдаулар жасау рухани мәдениеттің белгілі 

бір  деңгейін  танытады.  Философиялық  таным  әлемге  де-

ген  ерекше  рухани  қатынас  ретінде  өзінің  эволюциясына  ие 

болғанын атап өтуге болады. Осы үдеріске басқа рухани әлемдер 

сияқты өзінің үлесін қосатын салаға қазақ философиялық ойын 

жатқызуға  болады.  Еліміздің  қазіргі  кезеңдегі  Еуразиялық 

кеңістіктегі  ерекше  халық  ретіндегі  этникалық  сипатының, 

басқа халықтар алдындағы құрметінің асқақтай түсуі үшін оның 

философиялық  тәжірибесін  сараптаудан  өткізу  қажет.  Өйткені, 

өзінің ұлттық және рухани құндылықтарын аялаған, оны үнемі 

өрбіткен ел ғана және оған жаңа заманда өзіндік жаңғырту си-

паттарын  берген  халық  қана  адамзаттың  тұтастай  алғандағы 

Тарихының ауқымында шынайы түрде бағаланады.

Әрине,  әлемді  рухани  зерделеудің  өзіндік  көрінісі  болып 

табылатын  қазақ  халқының  философиялық  ойы  жайлы  еліміз 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

314 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері қазақ және орыс тілдерінде 

бірталай еңбектер жарық көргені белгілі. Олардың кейбірі жеке 

монографиялар болса, біршамасы оқулық немесе оқу құралдары 

сипатында  көрініс  тапты.  Бірақ  олардың  баспадан  шығу  да-

налары  да,  таралу  ауқымы  да  жоғары  оқу  орындарындағы 

күннен  күнге  ұлғайып  келе  жатқан  интеллектуалдық  рухани 

байлыққа деген сұраныстары мен мұқтаждықтарын толығымен 

қанағаттандыра алмасы да анық. Оның үстіне философиялық ой-

лау тарихына деген сараптамалық көзқарас біржақты, монолог-

ты сипатта болмауы тиіс, ол әртүрлі түсініктердің сұхбатынан, 

олардың  өзара  байланысынан  қалыптасқаны  тиімді.  Сонда 

ғана қазіргі жас ұрпақтың шығармашылыққа деген талпынысы 

күшейе түседі, күрделі тарихымыздағы көптеген мәселелері мен 

тарихи  тұлғалардың  дүниетанымдық  жүйелері  бойынша  және 

олардың құндылықтық басымдылықтары бойынша соны ойлары 

туындайды.

Жалпы философияның өзі адамдардың өзіндік санасын өрбіту 

арқылы ұтымды және дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастыруға 

бағытталған  ілім.  Оның  құрылымынан  догмалық  түрде  қатып 

қалған  көзқарастарды,  түсініктерді  іздеу  жаңсақтық.  Ол  үнемі 

ағып жатқан өзендей жаңғырып, жетіліп отырылуы тиіс. Тек тота-

литарлық қоғамда ғана философияның аясы тарылып, белгілі бір 

идеологиялық  қалыптардың  ауқымдарымен  шектеліп  қалады. 

Әрине, ол дегеніңіз әлемді философиялық нұсқада бейнелеудегі, 

тұжырымдаудағы  белгілі  бір  іргелі  ұғымдар  болмайды  деген 

сөз емес. Қазақ дүниетанымы үшін ондай базалық негіз болған 

әмбебап  ұғымдар  бар  екені  белгілі.  Мәселен,  қазақтың  тари-

хи  дүниетанымдық  әлемі  этикалық  принциптерді,  гуманистік 

ұстанымдарды  негізінен  адамаралық  қатынастарда,  әлеуметтік 

болмыста  асқар  биікке  көтеріп,  оны  барлық  құндылықтық 

бағдарлардан, маңыздылықтардан жоғары қоятындығын ұлттық 

құндылық  ретінде  бағалауға  болады  және  осы  ұстаным  қазақ 

философиясы  тарихы  бойынша  зерттеулердің  басымдылық 

танытатын  ғылыми  негіздеріне,  теориялық-методологиялық 

қағидасына айналғаны жөн.

Дегенмен,  философиялық  бастауларды  іздегенде  әлемді 

рухани  игерудің  рационалдық  түрлерімен  шектелмеуіміз  ке-



I Казахстанский философский Конгресс 

315 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

рек, адамзат тарихының сан қырлы мүмкіндіктерін айшықтай 

түсіп  қана  оның  бойындағы  тылсым  қуаты  мен  күшін,  ора-

сан  зор  шығармашылығын  аша  түсеміз.  Міне  осы  тұрғыдан 

алғанда  түркілік  философиялық  ойлар  өзіндік  тарихи 

ерекшеліктері  бар  дүние  және  ол  көркем  бейнелерді  жан-

дандыра түсетін, белгілі бір жүйеге бағынатын құрылым бо-

лып  табылады.  Қазақтың  әлемді  қабылдауы,  рухани  игеруі, 

түсінуі  мен  түсіндіруі  батыстық  үлгілерден  айрықша  прин-

циптерге  негізделген.  Бұл  да  өзінше  алғанда  философиялық 

зерделеудің,  пайымдаудың  тарихи  ерекше  түрі  болып  табы-

лады.  Ол  даналықты  басқа  типтегі  қатынастардан  жоғары 

қоюшы жүйе десе де болғандай. 

Ал  қазақ  халқының  даналық  тағылымдары  аталған  тари-

хи  үлгіні,  мәдени  парадигманы  сабақтастықпен  жалғастырып 

келе  жатқан  бірегей  мәдениет  болып  табылады.  Қазіргі 

кезеңдегі  елімізде  жүзеге  асырылып,  насихатталып  жатқан 

«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  көрсетілген  ерек-

шелікті,  ұлттық  даралылығымызды  барынша  екшей  түсетініне 

сенімдіміз.  Жоғары  оқу  орындарындарындағы  студенттер  мен 

магистранттарға, аспиранттар мен докторанттарға ұсынылатын 

философиялық  шығармалар  жалпы  мазмұны  да  осы  жетекші 

идеяға  қызмет  етеді  және  оқырманды  тарихи  оқиғалардың 

желісімен  бойлата  отырып  философиялық  сұхбатқа,  даналық 

әлеміне шақырады деген ойдамыз.

Қазіргі  заманғы  мәдени-тарихи  болмыс  әлемдегі  барлық 

халықтар  үшін  өзінің  әсерін  тигізіп,  ұлттық  төлтумалық 

келбеттің  бедерсіздене  бастауына  әсер  етіп  отыр.  Сондықтан 

объективті  түрде  өрбіп  жатқан  ақпараттар  ағынын  қабылдай 

отырып,  әрбір  этникалық  мәдениет  өзінің  бірегейлігін,  дара-

лылығын  білдіретін  құндылықтар  жүйесіне  көңіл  аударғаны, 

оны сақтағаны, әрі қарай дамытқаны абзал. Сонда ғана әлемдік 

мәдениет өзінің көптүрлілігін, қайталанбас байлығын ұрпақтан 

ұрпаққа  бере  алады,  дәстүрді  жалғастырады.  Қазақ  философи-

ясы әлемдік философиялық ойдың құрамдас бөлігі ретінде осы 

процестен сыртта қала алмайды және қалуға тиісті емес.

Шығыстық  ділге  сәйкес  келетін  ерекшеліктер  мен  Батыс-

тық  өркениеттік  сипаттардың  жетістіктерін  синтездеу  арқылы 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

316 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

еліміздің өзгешелігіне сай келетін ұлттық идеяны, құндылықтық 

бағдарларды  анықтау  мәселесі  тұр.  Бұл  мақсатқа  қоғамды 

іштей біріктіру, ешкімді дүниетанымына қарай алаламау, әрбір 

адамның,  азаматтың  Әлемдегі  құндылығын  бағалау  сияқты 

теориялық  іргетастарға,  ұстанымдарға  негізделген  жағдайда 

ғана  ғылыми  ізденістер  қисынында  белгілі  бір  табыстарға  қол 

жеткізуге және алға қарай жемісті қадамдар жасауға болады. 

Қазіргі кезеңде Қазақстан өзінің болашағын анықтау үстінде, 

сонымен  бірге  әрбір  қазақстандықтың  көңілінде  жатқан 

көптеген  сұрақтардың  шешімі  табыла  бастауы  мүмкін.  Ал, 

енді  экономиканы,  әлеуметтік  мәселелерді  бір  жүйеге  келтіру 

арқылы  ғана  қоғамға  тиімді  ұлттық  рухани  құндылықтар 

жүйесін қалыптастыруға болады деген үстірт пікір бар. Себебі, 

руханилық  қолайлылықтан,  пайда  іздеуден  туындамайды. 

Керісінше, ол қиындықты адамдар жұмыла отырып бірге жеңе 

білуге  үйренуден,  ешкімді  шыққан  тегі  мен  түр-түсіне,  өмір 

сүру салтына қарамай шеттетпеуден басталады. Ал, руханилық 

орныға бастаған қоғамда құндылықтар әлемі өзінің нағыз шы-

найы бейнесінде, өз формасында болмысын көрсетеді және адам 

үшін қызмет етеді, жеке тұлғаны бұл өмірде бақыттылыққа қарай 

жетелейді. 

Әрбір  ұлттың  ғасырлар  бойы  жинақтаған,  қордалаған  ру-

хани байлығы діни құндылықтармен де астасып жатады. Діни 

модельдің өмірде жүзеге аспауына кедергі жасалатын негіздер 

ұлттық  құндылықтарда  емес,  ол  әрбір  адамның  бойында 

көбінесе  жетекші  рөл  атқаруға  бейім  тұратын  эго-эмоциялық 

сезімдердің қалыптан тыс ауқымды қамтуында болып тұр. Бұл 

тарихи  процесте  діннің  өзіндік  гуманистік  мәнін  өзгертуіне, 

оның  әлеуметтік  болмыста  реакциялық  сипатта  байқалуына 

себепкер  болды.  Ал,  шын  мәнінде  нағыз  рухани  дамудың 

жолындағы  субъект  діни  ұстанымдарды,  прицниптерді, 

бағдарларды жоққа шығара алмайды.

Тарихи  процестің  бірлігін  қамтамасыз  ететін,  рухани 

сабақтастыққа,  ынтымақтастыққа  негіз  болатын  әмбебап-

адамдық рухани құндылықтар еркіндік пен шығармашылықтың, 

қайырымдылық  пен  ізгіліктің  арқасында  қалыптасады  және 

дамиды.  Адамның  әлемге  қатынасын  айқындаушы  фактор-



I Казахстанский философский Конгресс 

317 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

лар  Ақиқаттың  заңдылығымен,  оның  үйлесімділік  толы 

ұстанымдарымен  астасып  жатады.  Сондықтан  әрбір  әмбебап 

ұлттық  құндылықты  қалыптастырушы,  дамытушы  болған 

шығармашылық  субъек-тісі  өз  тарапынан  жалпы  Ғаламдық 

процестердің жетіле түсуіне, адамның өмірінің мәндене түсуіне 

өз үлесін қосады. 

Көшпелі  мәдениетке  сай  қоғамдық  құндылықтар  жүйесі 

өзінің  табиғатпен  үйлесімділігімен  ерекшеленеді.  Дәстүрлі 

қоғамның  рухани  құндылығы  көбінесе  адамды  тұрақтылыққа, 

әсемдікке жетелейді, оның бойындағы бояулар нәзік лирикамен 

көмкерілген, техногендік прагматизмнен алыстау болып келеді. 

Сондықтан  қазіргі  заманның  өркениетті  бағдарлары  біршама 

түлей  түсу  үшін  дәстүрлі  қоғамның  рухани  бай-лығын  жоққа 

шығармауы  тиіс,  рухани  құндылықтардың  інжу-маржандарын 

сақтауға тырысқаны жөн. 

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі ұлттық құндылықтар 

жүйесі  көптеген  өзгерістерге  еніп  жатқаны  белгілі.  Бұл  жер-

де  дәстүрлілік  пен  жаңашылдықтың  қатынасындағы  белгілі 

бір  баланс  сақталса  ғана  әлеуметтік,  рухани  ауытқулар  мен 

жаңылысулар болмайтыны белгілі. Ескі мен жаңаның күресі кез 

келген  мәдениеттің  құрылымындағы  процесс.  Тек  бұл  ахуал-

дың  негізгі  критериі,  өлшемі  руханилыққа,  Ақиқат  пен  гума-

низм  принципіне  сүйенген  кезде  ғана  өзінің  оңды  нәтижесін 

береді деген ойдамыз. 

Қазіргі  замандағы  модернизациялану  кезеңінде  филосо-

фияның,  жалпы  гуманитарлық  білімнің  негізгі  субъектісі 

болып  адам  есептеледі.  Сондықтан  қоғамдағы  ұлттық  ру-

хани  құндылықтар  тек  адамның  жетілуіне,  кемелденуіне, 

үйлесімді  өмір  сүруіне  қызмет  етуі  тиіс.  Бұл  үшін  әлеуметтік 

философияның  талдауындағы  әрбір  құбылыс  осы  ұстаным-

дар  тұрғысынан  қарастырылуы  абзал.  Әрине,  зерттеушінің 

еркі  өз  қолында,  бағыт-бағдарды  айқындаудың  бастауы 

дүниетанымдық  ұстанымдарында,  бағдарларында.  Дегенмен-

де  мәдени  құндылықтардың  маңыздылығын  айқындаудағы 

жауапкершілік  зор.  Бұл  ізденістердің  нәтижелері  қоғамның 

іргетасын не нығайта түседі, не шайқалта бастайды. Сондықтан 

ізденуші үнемі Ақиқат іздеу жолында болуы шарт. Бұл рухани 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

318 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

қалыптарды,  құндылықтарды  қалыптастырудың,  дамытудың 

іргетасы, ұлттық дүниетанымның негізі.

Ұлттық  құндылықтардың  қалыптасуы  мен  дамуының 

біршама  тұстары  қамтылды.  Бірақ  әлі  де  кең  зерттеуді  қажет 

ететін  мәселелер  бар  екенін  жасыруға  болмайды.  Соның 

қатарында  Қазақстанға  шет  елдерден  келіп  жатқан  оралман-

дар арасында сақталған ерекше ұлттық рухани құндылықтарын 

әлеуметтік  философиялық  сараптаудан  өткізу,  мүмкіндігі  кел-

генше қазақ диаспорасы тараған жердегі этникалық мәдениеттің 

төлтумалық  үлгілерін  зерттеу  мәселелері  тұр.  Бұнымен  қоса 

өзіміздің  қазақ  жеріндегі  рухани  мәдениеттің  құндылықтары 

толық сұрыптаудан өте қойған жоқ, рухани бағдарларымыздың 

жүйелі  түрде  тұжырымдала  түскені  тиімді.  Ал,  енді  ұлттық 

қауіпсіздіктің қайнар көзі болатын Қазақстан халқының рухани 

бірлігі мәселесі осы ұлттық рухани құндылықтар құбылысымен 

астасып жататыны күмән туғызбайды. 

Қазақ философиясы адамзат тарихында ғасырлар бойы қалып-

тасқан  әлемдік  философияның  ажырамас  құрамдас  бөлігі  екені 

белгілі. Күні кешеге дейін бұл тақырыппен байланысты мәселе-

лердің барлығы мұқият бақылауда болып, көбісі тыйым салынған 

дүниелер  қатарында  келгені  баршаға  аян.  Өйткені,  социа-

лизмнің  принциптері  тек  бір  коммунистік  идеяның  төңірегіне 

шоғырланғандықтан оған сәйкес келмейтін басқаша түсініктердің 

барлығын жоққа шығарып отырды. Тіптен, бұл тақырыппен ай-

налысамын  деген  зерттеушілердің  әрекеттеріне  өткен  қоғам 

«ұлтшылдықтың жалауын көтеру» деген үстірт бағалаулар беруге 

асыққаны рас. Тоталитарлық қоғам қазақ философиясымен айна-

лысамын деген азаматтардың осы мақсатта ұлттық ойлау жүйесін 

жандандыруға  ұмтылғандарын  да  осындай  бағалаулармен  шек-

теп отырды. Міне, осындай идеологиялық тұмшалаудың арқасын-

да  тарих  сахнасында  әр  түрлі  рухани  тереңдіктердегі  өздерінің 

даналыққа  толы  тұжырымдарын  бұқара  халыққа  жеткізген 

ойшылдардың  шығармаларының  мәтін  түрінде  қоғамда  кең  та-

рамай  және  ғылыми  зерттеулер  түрінде  өз  бағалауларын  алмай 

ондаған жылдар бойы уақыт өткізгені белгілі.

Енді,  міне  қазіргі  уақытта  жаңа  заманның  тарихи  кезеңі 

келді, рухани дүние де жаһандану жағдайында демократиялана 



I Казахстанский философский Конгресс 

319 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

бастады,  яғни  ойлау  еркіндігінің  принциптері  қоғамдық  сана-

да қиындықтар арқылы беки түсуде. Сөйтіп, бұл басқа мәдени, 

саяси  дәуір  орыстың  философиялық  даналығының,  қазақ 

халқының  және  басқа  да  халықтардың  ой-тұжырымдарының 

тарих  доңғалығының  астында  жоғалып  кетпей  олар  халықтың 

рухының  терең  тамырларында  бойлай  орналасқанын,  өмір 

сүргенін байқатты. Мәңгіге жабылған шығар, енді олар Ақиқат 

әлемінен  орын  теппес  деген  тарихтың  «ақ  таңдақтары»  бірте-

бірте ғылыми кеңістікте мамандар үшін ізденістер ауқымы, ны-

саны ретінде күн санап ашылу үстінде. Сол рухани күштердің, 

тарихи  деректердің  еркіндікке  шығу  кереметін,  яғни  басқаша 

айтқанда халық рухының шабыттық асқақтауын қазіргі заманда 

өз көзімізбен көріп, оның куәсі болып отырмыз. Бұл құбылыстар 

шын мәнінде қазіргі тарихи кезеңнің дәуірлік, шынайы тарихи 

сипаттамасы  болып  табылады,  этникалық    жаңғыруымыздың  

бастамасы болары хақ. 

Шыныменде,  егер  қазіргі  замандағы  «шынайы»  фило-

софияның  өлшемі  ретінде  тек  батыстық  модельді  алатын 

болсақ,  онда  оған  ұқсамайтын,  сәйкес  келмейтін  барлық  ұлт-

тық  философиялар  «философия»  деп  аталудан  қалады.  Олар 

неміс  класикалық  философиясындай  гносеологиялық  және 

логикалық  мазмұнның,  теориялық  құралдардың  және  катего-

риялық  безендірудің  жоқ  екенін  желеу  етеді.  Бірақ  бұндай 

дәйектеудің түп негізі күйреген. Өйткені әлемді рухани игеру-

де, зерделеуде қатып қалған бір ғана философиялық үлгі болуы 

мүмкін  емес.  Жалпы  адамзаттың  рухани  әлемінде  Ақиқатқа 

қарай  ұмтылудың  даналыққа  толы  пайымдаулары  сан  түрлі 

формада  көрініс  бермей  ой-саналық  даму  туралы  жартымды 

сөз қозғау болмасы анық. Сондықтан әрбір халықта өзіндік фи-

лософия қалыптасқан және бар деген жөн. Олар болашақта әр 

қайсысы өз шамасы келгенше адамзаттың жалпы мәдениетіне 

шығармашылық тұрғыдан өз үлестерін қоса беретініне күмән 

келтіруге  болмайды.  Бұл  тұжырымдарды  толығымен  кешегі 

түркілік заманнан бастау алған қазақ философиясына да байла-

нысты айтуға болады.

Ал, енді қазақ философиясының толыққанды зерттелуі үшін 

және  оған  қатысты  ғылыми  ізденістердің  өрбуі  үшін  елімізде 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет